Аустралиялық музыкант домбырамен «Қазақстан» күйін орындады

Аустралиялық музыкант Марк Истон «Қазақстан» деп аталатын күйді домбырада орындап, әлеуметтік желілерде үлкен қызығушылық тудырды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz 24KZ-ке сілтеме жасап.

Марк домбыраны алғаш рет интернеттен қазақ музыкасын тыңдағаннан кейін үйрене бастаған. Кейінірек ол Қазақстанға келіп, жергілікті музыканттардан жекелей сабақ алып, олардың шеберлігінен шабыттанған.

«Қазақстан» атты күй Аустралияда жарық көрген оның авторлық альбомына енген.