«Ауылдағылар жалақы алған күні ішіп кетеді» – Самұрық-Қазына өкілі

Желіде Самұрық-Қазына өкілі Мәулен Айманбетовтың депутаттарға берген жауабы қызу талқыланып жатыр, деп жазады Taulik.kz.
«Тендердер ұтып алған құрылыс компанияларына сол ауылдың жастарын жұмысқа тарту мәселесі қаншалықты деңгейде талап етіледі», – деп сұрайды депутат Аманжол Әлтаев.
Бұл сұраққа Самұрық-Қазына өкілі Айманбетов «жергіліктілер бірінші айлығын алса, ішіп кететін аурулары бар» деп жауап берген.
Осы жауабы үшін Айманбетовке депутаттардың бірі ескерту жасады.
