«Аузын арандай ашатын FlyArystanға жоламаңыздар» -Сауле Әбілдаханқызы

Журланист қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы  FlyArystan компаниясын сынға алып фейсбук парақшасында жазба қалтырған деп хабарлайды Altyn-orda.kz   ақпараттық сайты 

Бұдан былай Флэйарыстанмен (FlyArystan) ұшпаспын…

Сіздерге де ешқашан бұл компанияның ұшағымен ұшпауға кеңес беремін… алаяқтардың тәсілін қолданады десем, артық айтпаймын…

— Жүгіңізге қосымша ақы төлейсіз, — дейді.
— Неге? Сонда мен 10 кг жүк алып жүре алмаймын ба?
— Сіз «Стандартный пакет» алғансыз, ол билетте тегін багаж жоқ, әр келісіне 1.5 мың тг төлейсің. Комфорт-пакет алсаң, багажға төлемес едің, бла-бла-бла — деп, басымды қатырып, біраз ақшамды қағып алды.

«50 мыңға ең арзан билет жалғыз қалды» деп ұсынғанын қайтейін, сол бағаға, сол сөзге алданып алады екенсің, одан кейін ақырындап тонау басталады екен ғой…

«Стандартныйда» 10 кг багаж алып жүре алмасаң, атасының басына «стандартный» ма?..

Сонда Шымкент пен Алматы арасында ұшудың жалпы құны — 50 мың тг билет + 15 мың тг багаж = 65 мың тг болды.

Антальяға басқа әуе компаниясымен барғанда 60 мың теңгеге билет алып, 20 кг шабаданды тегін жеткізген еді… Антальяға 5 сағат 55 минут ұшасың, Шымкентке 1 сағат ұшасың…

«Онлайн-регистрация» жасағанда ұшақтағы бос орындар схемасын көрсетуші еді, өзің орын таңдайтынсың дегендей… бұлар онлайн-регистрацияны, ешқандай орын таңдауға мүмкіндік бермей, автоматом соңғы қатарларға вщть дегізді…

Қысқасы, мұнда да тонау… аузын арандай ашатын флайарыстанға жоламаңыздар…

Пысы: ұшақта тіскебасар тамақ, су, жүрегің лоблымас үшін кәмпит… ештеңе бермейді… тіпті, бір жұтым су бермейді… бәрін сатып аласың… ал қонғанда, үш тілде сайрап отырған капитан қазақшаны ұмытып қалды.. деген жазба қалтырыпты .