Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы

Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы

 

  1. Құқықты қорғау

 

  Сөздiң кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол берiлмейтiндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртiбiн мемлекеттiң қолдауын айтамыз.

  Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтiрудi қамтамасыз ету принципi, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негiзгi бастауы ретiнде айтылады (АК-тiң 2-бабы).

  Қатысушылардың қарауындағы субьективтi азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиiс емес, сонымен бiрге олар субьективтiк құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтiрудi бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкiндiктер бередi. Бұл тұрғыдан проф. В.П. Грибановтың мынадай пiкiрi көңiлге қонады: “Құқық қорғау сипатының мүмкiндiгi оның құқық өкiлеттiгi ретiнде субьективтiк материалдық талаптар мазмұнының өзiмен белгiленедi.

  Демек кез келген субьективтi азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бiрге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегiмен оны қорғауға тиiстi құқықты еншiлейдi.

  1. Азаматтық құқықтарды қорғау тәсiлдерi. Азаматтық кодекстiң 15-тарауының шеңберiнде азаматтық құқықтағы қорғануды кең мағынадағы меншiк иесiнiң мүддесiн қорғаудан айыра бiлу керек. Кең мағынада меншiк иесiнiң мүддесiн қорғау екi негiзгi нысанға бөлiнедi: юрисдикциялық және юрисдикциялық емес.

  Қорғаудың юрисдикциялық түрi субьективтi құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкiлеттi мемлекеттiк органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесi бұзылған тұлға мемлекеттiк немесе басқа да құзыреттi органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т.б.) шағынады, әлгi аталған органдар өз кезегiнде бұзылған құқықты қалпына келтiру және бұзушылықты жою үшiн  өкiлеттiгiне сай қажеттi шараларды қолданады.

  Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртiбiн белгiлейдi. Жалпы тәртiпке сәйкес заңмен қорғалатын азаматтық құқықтардың мүддесiн қорғау сот (төрелiк немесе аралық сот) арқылы жүзеге асады.

  Азаматтық кодекстiң 9-бабы жалпы тәртiппен қатар әкiмшiлiк тәртiбiн де қарастырған. Әкiмшiлiк тәртiппен жүзеге асырылатын мнешiк иесiнiң құқығын қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық нәтижесiнде зардап шеккен құқық иесi мүддесiн қорғауға орай тиiстi өкiлеттi органға берiледi.

  Кейбiр заңдарда аралас, яғни меншiк құқығы мен басқа да заттық құқық қорғаудың әкiмшiлiк сот тәртiбiн қолданады. Мұндай жағдайда мүлiктiң меншiк иесi мен иеленушiсi сотқа шағымбас бұрын мемлекеттiк басқару органына шағымданады.

  Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншiк иесi мен оны иеленушiсiнiң мемлекеттiк және басқа құзыреттi органдарға бармай-ақ өз бетiмен қорғануын бiлдiредi. Азаматтық кодекстiң тұжырымдарында аталған әрекеттер “азаматтық құқықтардың өзiн-өзi қорғауы” ұғымымен байланысты (АК-тың 9-бабы) және меншiк құқығы мен басқа да заттық құқықтарды қорғаудың бiр әдiсi ретiнде қаралады.

  Азаматтық құқықтың өзiн-өзi қорғауы өзiнiң заңдық табиғатында құқық қорғау әдiсi болып табылмайтын өзiндiк нысанын еншiлейдi деген пiкiр де бар. Мәселен, проф. А.П. Сергеев қорғанудың дербес түрiнде өзiн-өзi қорғау құқығы сот және әкiмшiлiк нысандарымен бiрдей қаралуы керек едi. Бiздiң де пiкiрiзше өзiн-өзi қорғау құқығына ешкiмнiң тиiспейтiндiгiн қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтiрiп, оның салдарын жоюға бағытталған өкiлеттi тұлғаның заң немесе шарт негiзiнде әрекет етуге жол берiлген азаматтық құқықты қорғаудың дебес нысаны болып табылады.

  Жоғарыда айтылған құқықтық қорғаудың кең мағынасың меншiк құқығың қорғаудың (және басқа да заттық құқықтың) арнайы құрал жүйесiнен айыра бiлу керек. Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың сипатына байланысты келедi. Меншiктiң абсолюттi құқығы немесе басқа да заттық құқығы (мысалы,мүлiктi алып қою) ретiнде тiкелей құқық бұзушылық кезiнде заттық-құқықтық сипаты бар құралдары оны қорғауға кiрiседi. Құқық бұзушы мен өкiлеттi тұлға арасында мiндеттемелiк қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта көрсетiлген мерзiмде затты меншiк иесiне қайтаруға тиiс боса) мiндеттемелiк құқықтың қорғау құралдары қолданылады. Мiндеттемелiк-құқық құралы талап қоюға тән нәрсе, ол бiрден меншiк құқығың көрiне бермейдi, азаматтық құқығың басқа институттарына негiзделедi, яғни ақыр аяғында қорғайды. Ал меншiк құқығын қорғауға тiкелей бағытталуымен сипатталуы және қандай да бiр нақты мiндеттемемен байланысты болмайды. ҚР заңдары жәбiрленушiнiң құқық бұзушыға қарсы талап қою түрiн тандау мүмкiндiгiн (айтылық, шарттық немесе заттық-құқықтық) бермейдi, бұл орайда шетелдердегi “талап қою бәсекесi” деп аталатын жағдайлары қолдамайды.

  Азаматтық құқық институттардың әр түрiнен туындайтын не заттық-құқықтық, не мiндеттемелiкке жатпайтын ерекше қорғау тобы белгiленген. Мысалы, хабар-ошарсыз кеттi деп танылған немесе өлдi деп жарияланған адамдардың меншiкке мүлiкке құқықтарын қорғау (АК-тiң 29,32-баптары), кепiл ұстаушының жауапкершiлiгi туралы және т.б. болып табылады.

  1. Азаматтық құқықты қорғаудың жаңа құралдары АК-тiң 9-10 баптарында қарастырылған. Бұл баптарда бұрын-соңды заңдарда қаралмаған жолдары көрсетiлген. Мысалы, моральдық зиянды өтеу, яғни тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес иелiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, соның iшiнде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешiрген жан азабы немесе тән азабы. Моральдық зиян ақшалай нысанда төленедi. Екiншi бiр жағдай, ол мемлекеттiк билiк органының заңдарға сай келмейтiн құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетiмен, (яки әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу механизмi енгiзiлген (9-баптың 5-тармағы).
  2. Азаматтық-құқықтық қорғаудың әдiстерi дегенiмiз:
    • Зат иесiнiң ол затты бiреудiң заңсыз иеленуiнен өзiне зат күйiнде қайтарылуын талап етуi (ликвидация);
    • Иемдену еркiнен айырмай-ақ заңды пайдалануға жасалып отырған кедергiнi жоюды талап ету (негаторлық талап);
    • Затты жойып жiберген немесе бүлдiрген жағдайда зиянның (шығынның) орнын толтыру (ақшалай құнын өтеу);
    • Басқа бiр адам негiзсiз ие болған немесе сақтап қалған, виндикция жолымен зиянның орнын толтыру арқылы қайтарып алуға болмайтын заттың құнын зат иесiне ақшалай төлеу;

Меншiк құқығын қорғаудың алғашқы екi әдiсi меншiк иесiне затты сол қалпында иемдену, пайдалану және оған билiк жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге бағытталған. Талап ету, яғни бұзылған меншiк құқығын қалпына келтiру туралы – затты иесiне қайтару немесе пайдалануға тигiзiп отырған кедергiнi жою туралы сотқа қойылған талап заттық-құқықтық талап деп аталады. Аталған әдiстердiң соңғы екеуi мiндеттемелiк құқығына жатады – мұндай жағдайда  меншiк иесiне заттың ақшалай ақысы төленедi, ал тиiстi талаптар мiндеттемелiк талаптар деп аталады.

  1. Қорғау құқығы проблемесы бұл тек материалдық құқықтың ғана проблемасы болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымында қорғау құқығы, әдетте, талап қою құқығы туралы мәселеге келiп тiреледi. Бұл орайда талап қоюға құқық туралы мәселенi шешуде айтарлықтай алшақтық туындайды.

Авторлардың бiр тобы талап қоюға берiлетiн құқық ұғымынан келiп талап қоюға «құқықты сотпен қарау құралы ғана болып табылады» деген пiкiрге тоғысады.

Мұндай көзқарастар континенталды құқықтың талап қою теориясы үшiн де сипаты жағынан сай келедi. Франция ғалымы Леон Жюлио де ла Морандьер осыған байланысты былай дейдi: «талап арыз тұлғаның нақты құқықтық жағдайын немесе жаңа заңдық жағдайды құруы үшiн сотқа сот әдiлдiгiн жүзеге асыруға жәрдемдесетiн, ерiктi, заңдық әрекет болып табылады, …талап қою дегенiмiз оны беру құқығын еншiлейтiн иеленушiнiң өзiне тиесiлi сотқа жүгiну құқығынан басқа ештеңе де емес».

Лео Розенберг (ФРГ) болса, «талап қою – сот шешiмi арқылы құқықты қорғау үшiн сотқа жүгiну» деп анықтама бередi.

Осы анықтамалардың қай-қайсысы да талап қоюды белгiлi бiр тұлғанның тиiстi мүддесiне қатысты сот шешiмiнен болатынын айқындап берген Рим құқығының анықтамасына сәйкес келедi.

Авторлардың ендi бiр тобы талап қоюға құқықты материалдық мағынада және талап қоюға құқықты iс жүргiзу мағынасында бөлiп қарау керектiгiн ұсынады. Бұл орайда талап қою құқығына қатысты проблемаларды зерттеген авторлардың талап қоюды материалдық-құқықтық және iс жүргiзу (процессуалдық) нысандарын бiрлiкте қарауы көңiлге қонады. Сондықтан да В.П. Грибанов құқықты қорғау проблемаласы тек талап қою қорғау нысанымен шектелмейтiндiгiн және талап қоюдан басқа да қорғау түрлерiнiң бар екiндiгiн көлденең тартады.

Меншiк құқығын қорғаудың тиiмдi құралын iздестiруде заңдық рәсiмдердi жеңiлдетуге деген ынта күшейе түстi. Қазақстанда талап қоюға байланысты жалпы iс жүргiзу тәртiбi өте-мөте ауқымды болғанын айта кеткен жөн. Сондықтан да азаматтық сот құқықтық рәсiмдерi арқылы iс жүргiзу, әсiресе бұйрық арқылы iс жүргiзу (Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 13-тарауы), ықшамдай түсу сотпен қорғау iсiнiң тиiмдiлiгiне жағдай жасайды. Әдебиеттерге қарағанда, көптеген елдерде бұйрық арқылы iс жүргiзу бар екендiгiн көремiз, айталық, ол көне рим, ағылшын, герман және швед үлгiлерi түрiнде кездеседi. Мысалы, рим құқығында сот бұйрығының болмысы преторлық қорғау нысанында болады, претор өтiнiш берушiнiң тiлегi бойынша қандай да бiр әрекеттердi тоқтататын, бұл орайда ол өтiнiш берушiнiң бұзылған мүддесiн ескерген. Мұнда үкiм интердиктi деп аталады. Ал герман құқығында да шарт қойылған және сөзсiз сот бұйрығы бар. Мысалы, оның соңғысы соттың бұйрығынан немесе тыйым салуынан көрiнедi, онда жауапкершiлiктiң қойылған мәселе бойынша ақталуына жол берiлмейдi. Ондай бұйрықтарды беру жауапкердi шақырмай-ақ және оның түсiндiрмесiн тыңдамай-ақ, талап қоюшының бiр жақты өтiнiшiмен жүзеге асырылады.

Бұйрық бойынша iс жүргiзу Қазан революциясына дейiнгi ресейлiк сотiсi жүргiзуiнде болған. Кейiн, РСФСР-дiң 1923 жылғы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде (210-219-баптары) сот бұйрығының рәсiмi енгiзiлген едi. Бiрақ 1964 жылы қабылданған Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде ондай институт түбегейлi алынып тасталды.

Венгрияда сот бұйрығы 1972 жылы енгiзiлдi, ал Чехияда ол төлем бұйрығы деп атады (АIЖК-нiң 172-174-баптары), чек және вексельдiк бұйрықтар түрiнде белгiлi болды.

Сот бұйрығы институтына жасалған талдау қорғаудың сот құрамы тұрғысынан азаматтық құқықтар мен заңмен қорғалатын қорғаудың тиiмдi құралы екендiгiн көрсетiп отыр.

Қазақстан Республикасының АIЖК-нiң 139-бабына сәйкес бұйрығы былайша айқындалады: «өндiрiп алушының ақшалай сомаларды өндiрiп алу немесе жылжымайтын мүлiктi борышкердi немесе өндiрiп алушыны олардың түсiндiрмелерiн ыңдау үшiн шақырмай-ақ және сотта iс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актiсi болып табылады».

  1. Заң бойынша қорғау объектiсi тек қана субъективтiк азаматтық құқықтар ғана емес, сонымен бiрге ол заңдармен қорғалатын мүдделердi де қамтиды. Қорғалатын мүдделер субъективтiк құқыққа байланысы жоқ дербес түрде бола алады. Мысалы, оған адамның ар-намысы мен абыройы жатады. Қорғауға жататын мүдде құқық бұзушылық нәтижесiнде субъективтiк құқықтың өзi тоқтатылған жағдай да болуы мүмкiн. Мысалы, зат жойылып кеткен кезде оған меншiк құқығын қорғау мүмкiн болма қалады. Мұндай жағдайда бұрынғы меншiк иесiнiң заңмен қорғалатын мүддесiн қорғау және мүлiктiк жағдайын қалпына келтiру мәселесi қойылуы мүмкiн. Демек, заңмен қорғалатын мүдде қорғаудың дербес объектiсi ретiнде жиi кездесетiнiн байқаймыз.

Меншiктi иелену мен меншiк құқығын қорғау

  1. Заттық құқыққа талдау жасағанда өз ерекшелiгiмен және сипатымен оқшауланатыны иеленудi қорғау жөнiндегi талап қою екендiгiн көрсетедi. Бұған теориялық дәлiлдеме ретiнде Римнiң жеке құқығы тарихында: «… затқа меншiк нақты иеленуден шыққан», — деген ұғым бар.

Ал ондай иелену қайдан шығады деген орынды сұрақ туындайды. Қоныстану да, отырықшылық та иелену терминiне балама бола алады.

Сонымен иелену мен иеленудi қорғау меншiктiң заттық құқық қасиетiн тудыруда айтарлықтай рөл атқарады.

Азаматтық-құқықтық қорғаудың көздейтiн мақсаты меншiк иесiнiң заңсыз айырылған нәрсесiн өзiне қайтару немесе өзiнiң затын пайдаланудағы кедергiлердi жою болып табылады. Затын қайтару туралы азаматтық талапты виндикациялық талап, ал затын пайдаланудағы кедергiлердi жою талабын негаторлы талап деп атайды.

Виндикация қағидасы АК-тiң 260-бабында төмендегi түрде айтылған: «меншiк иесi өзгеден заңсыз иеленген өз мүлкiн талап етуге құқылы», яғни меншiк иесi өз атын заңсыз иемденiп отырған жақтан қайтаруды талап ете алады.

Затты иемдену оның заңды иесiмен жасалған келiсiмге негiзделмесе, заңсыз иемдену деп аталады. Ал меншiкк иесiнiң затын заңды иесiнен виндикация жолымен қайтарып ала алмайтын жағдай да бар, өйткенi, заттың заңды иесi игiлiгiне аратып отырғандықтан дәлелдi себеппен қайтара алмайды. Айталық, бр азамат екiншi беруге бiр жылға өзiнiң теледидарын жалдады делiк, ал үш айдан кейiн виндикация жолымен оны қайтаруды талап етедi. Мұндай реттерде теледидарды жалдап алушв мүлiк жалдау мәмiлесi бойынша иемденiп отырғандығын айтып, жалға алу мерзiмi бiткенше затты қайтармаймын деуiне құқылы. Сондықтан бiздiң Азаматтық кодекс «заңды иеленушi», «заңсыз иеленушi», «адал ниеттi алушы», «арам ниеттi алушы» деген терминдердi қолданады.

Затты адал ниетпен иемдеген адам деп өзiне зат сатқан адамның ол затты сатуға құқығы жоқтығын, яғни оның өзi сатып отырған заттың иесi емес екендiгiн немесе меншiк иесiнiң өкiлi емес екендiгiн бiлмеген және бiлуге тиiстi емес адамды айтамыз. Зат иесi затын виндикация жолымен қайтарып алғанда адал алушының адалдығы өзiн қорғап қалады. Айталық, меншiк иесi шарт бойынша өз затын бiреуге қарызға бердi делiк, ал алған адам ол затты үшiншi бiр адамға сатып жiбердi, ол үшiншi адам затты сатқан адамды оның иесi деп ойлап, адал қателестi. Мұндай жағдайда меншiк иесi затты оны сатып алған адамнан айтарып берудi талап етуге құқысы жоқ, бiрақ ол затты қарызға алған адамнан шығынын өтеудi (заттың ақшалай құнын) талап ете алады.

Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегiн алынып, алушы мұны бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса (адам алушы), мүлiктi меншiк иесi немесе мүлiктi иеленушi берген адам жоғалтқан не мұның екеуiнен де ұрланған, не олардың иеленуiнен бұлардың еркiнен тыс өзге жолмен шыып қалған ретте ғана меншiк иесi бұл мүлiктi алушыдан талап етуге құқылы.

Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы жоқ адамнан тегiн алынса, меншiк иесi барлық ретте мүлiктi талап етiп, алдыруға құқылы (АК-тiң 261-бабының 1,2-тармақтары).

Егер мүлiк сот шешiмдерiн атқару үшiн белгiленген тәртiп бойынша сатылған болса, АК-тiң 261-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша мүлiктi талап етiп алдыруға жол берiлмейтiн.

Меншiк иесi болмағымен, шарашылық жүргiзу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негiзбен мүлiктi иеленушiнiң де АК-тiң 259-264 баптарында көзделген құқықтары болады. Бұл адамның өз иелiгiн меншiк иесiнен де қорғауға құқығы бар (АК-тiң 265-бабы).

Ақшаны немесе бағалы қағаздарды, айталық, мемлекеттiк ұтыс заемының облигацияларын, ақшалай-заттай лотерея билеттерiн адал ниетпен алған адамдар әлдеқайда кең көлемде қорғалады. Оларды адал ниетпен алған адамнан меншiк иесi ұрлатқан немесе ол жоғалтып алған жағдайда да қайтарып берудi талап етуге болмайды. Оның себебi мынада, ұсынушы арқылы мен бағалы қағаздар қолдан қолға тез ауысып кете алады, ал мұның өзi оларды басқа бiр адамдның меншiгiне берген адамның оған құқылы екендiгiн және дұрыстығын тексеруге мүмкiндiгiн бермейдi.

Виндикация әдетте тараптардың өзара есептесуiмен қатар жүредi. Меншiк иесi виндикация негiзiнде өз мүлкiн талап ете отырып, арам ниеттi иеленушiден бүiл иеленген кезiнде өзi алған немесе алуға тиiс болған табыстардың бәрiн қайтаруды немесе өтеудi талап етуге құқылы. Ол адал иеленушiден оның заңсыз иеленудi бiлген немесе бiлуге тиiс болған, сондай-ақ мүлiктi қайтару туралы талап қоюхабарламасын алған кезiнен бастап алынған немесе алуға тиiс болған табыстардың бәрiн талап етуге де құқылы. Адал иеленушi өз кезегiнде меншiк иесiнен мүлiктен табыс есептелетiн уақыттан бастап ол мүлiкке жұмсалған қажеттi шығындарды меншiк иесiнiң өтеуiн талап етуге құқылы. Арам ниеттi иеленушi мұндай өтемдi иеленушiнiңгiздi деп тапқан реттерде толық немесе iшiнара алуға құқылы.

Заңсыз иеленушi өзi жасаған жақсартулаоды, егер олар затқа зақым келтiрмей бөлуге келсе, өзiнде қалдыруға құқылы. Егер жақсартулпрды бұлайша бөлу мүмкiн болмаса, адал иеленушi жақсартуға жұмсалған шығындардын өтеудi талап етуге құқылы, бiрақ бұл зат құқығының ұлғайтылған мөлшерiнен аспауы керек. Ал арам ниеттi иеленушiнiң мұндай құқығы жоқ.

Виндикацияның объектiсi барлық жағдайда бәз қалпында сақталған тек дербес күйiндегi белгiлi бiр зат қана бола алады. Мұндай талап қоюды тек бiр мәрте болатын белгiлерi бар заттарға(мысалы, бiртектi тауарларды белгiлi бiр мөлшерде талап ету туралы) немесе бәз қалпында сақталиағанда( құрылыстың нақты иеленушiсi жай ғана жөндеп қоймай, сонымен қатар түбiрiмен қайта салуға қатысты)байланысты виндикциялауға болмайды. Өйткенi, оның мазмұны оны басқа мүлiкпен ауыстыру немесе сондай тектегi әрi сападағы затпен ауыстыру жөнiнде емес, нақты мүлiктi иеленудi қалпына келтiру туралы талаптан туындайды.

Егер меншiк иесi өзiнiң затын иелену құқығын бұзышының тiкелей иелiгiнде екендiгiн көрсе, ол жоғарыда аталған талаптарды қоюға құқылы. Бiрақ мұндай жағдайда меншiк иесiнен немесе уәкiлеттi тұлғаның иелiгiнен шығын  кеткен зат тек бұзышының ғана емес, затты заңсыз иеленген бұзышының, басқа тұлғаның қарауында болғанда iс күрделене түседi. Бұл арада меншiк иесi  немесе иеленушiнiң мүдделерiне сәйкес екi жағдай есепке алынады:бiрiншiден, аталған талап қою ьойынша мүлiктi иелену сипаты, екiншiден, меншiк иесiнiң иеленуiнен мүлiктi шығару әдiсi.

Мұндай жағдайлар меншiк иесiнiң талап қоюын қанағаттандырудағы негiзгi шарты болады. Виндикациялық талап қою бойынша затты талап етуге меншiк құқығы айтарлықтай дәрежеде заңсыз иеленушiнi адал ниеттi немесе адал емес деп тануға байланысты брлады.

Жоғарыда айтылғандай, адал иеленушiден мүлiк екi жағдайда талап етiледi: бiрiншiден, ол аталған мүлiктi ақысыз иеленсе( затты керi алу оған мүлiктiк залал келтiрмеiдi), екiншiден, ақысыз затты иелену жайдайында меншiк иесiнен немесе басқа да заңды иеленушiден  шығару тәсiлi  қолданылса.

Егер бастапқы мүлiк меншiк иесiнен оның еркiмен шықса( мысалы, жалдауға беру, сосын заңсыз үшiншi тұлғаға жалдап алушы арқылы сатылу), ол адал иеленушiден оны талап ете алмайды. Өйткенi, соңғысы нағыз меншiк иесiне қарағанда контрагенттi таңдауда салақтық, жауапсыздық танытада. Әрине, меншiк иесi адал    ниеттi емес жақтың  әкелген залалының орның толтыруды талап ете алады. Егер мүлiк оның меншiк иесiнiң иелiгiнен еркiнен тыс шығып кетсе(мысалы, ұрлату, жоғалту және т.б.), ол адал ниеттi де әрекетi әлгi айтқан иеленушiнiң әрекетi сияқты сипат алады, бiрақ объективтi иеленушi адал иеленушi бола  тұрса да заңсыз иеленушi болып есептеледi. Әрине, мұндай жағдайда, адал иеленушi үшiн бөтенге ьерiоген мүлiктен оған келген залалдың орны толтырылады.

  1. Негаторлық талап( actiо negatori‑ терiске шығару талабы). Бұл талап мүлiктк иеленуден айыруға байланысты емес, мүлiктi(затты) пайдалануды кедергiлердi жою туралы талап. АК‑ тiң 264‑ бабында « меншiк иесi, өз құқықтарының бұзылуы иелiктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы» делiнген.

Негаторлық талап бойынша сот меншiк иесi мүлкiн пайдаланғанда кедергi жасайтын тәртiп бұзушының әрекетiн тоқтатуғу және ондай әрекеттердi бұдан былай қайталамауға мiндеттейтiн шешiм шығарады. Айталық, үй иесiнiң көршiсi гараждың есiгi ашылмайтындай етiп оның алдына топырақ төгiп тастаса, меншiк иесi өзiнiң автомашинасын не кiргiзе, не шығара алмаса, гараждың иесi топырақты алып тастау туралы талап қоюға құқылы.

Қазақстан құқықтану әдебиетiнде неггаторлық талап қою әлi толықтай зерттеле қойған жоқ. Мұндай талап қою түрiн егжей‑ тегжейлi зерттеу әзiрге әдебиетте кездеспейдi.

Соңғы жылдары тәжiрибеде құқық бұзушының меншiк иесiнiң өз мүлкiн ойдағыдай пайдаланып, билiк етуiне кедергi жасайтын заңсыз әрекеттерi жиi кездеседi, ал соттар мұндай талап қоюларды қараған кезде жиi қателiк жiбередi.

Негаторлық талап  етулер меншiк иесiнiң мүдделерiн қорғау жүйесiнде қолданылады: мүдде негаторлық талап қоюдың алғышарты, сондай‑ ақ азаматтық‑ құқықтық қорғаудың объектiсi болып табылады. Құқықпен белгiленген әлеуметтiк мүдделер заңды түрде маңызды мүдделер ретiнде көрiнедi немесе»заңмен қорғалатын мүдде» нысанында субъективтiк құқық нысанында танылады. Негаторлық талап етудегi меншiк иесiнiң мүддесi мүлiктк пайдалануға жағдай туғызу және оның құқықтары мен еркiндiгiн шектейтiн кедергiлердi жою болып табылады.

Негаторлық талап қоюдың проблемаларың қарай келiп ғалым цивилистер» құқықты қиянат жасап пайдалану»деген ұғыммен бетпе‑ бет келедi, ал негаторлық талап ету құқықты қиянатпен пайдалануға қарсы маңызды құрал деп есептейдi.

Негаторлық талап қоюдың негiзi, бiрiншiден, нақты шындық фактiсi болып табылады, талап арыз ьерушi соған сүйенедi( iс жүзiндегi негiз), екiншiден, талап қоюда қарыз берушi құқығы бұзылған деп есептейдi(құқықтық негiз).

АК‑ тiң 264‑ бабы нақты жағдайларда жарияланатын негаторлық талап қоюды айқындамайды, ол тек меншiк иесiнiң « бұзылған кез келген құқықтарың қалпына келтiрудi талап етудi» бекiтедi. Негаторлық талап қоюды жарияланған кезде үшiншi тұлғаның әрекетi ешқандай маңызға ие емес, бұл жерде талап қою жаоияланған сәтте бұзушылықтың бiр фактiсi болса жетiп жатыр. Егер негаторлық талап қою жарияланған сәтте заң бұзушылық тоқтатылса, талап қою жүзеге аспайды, өйткенi, заңсыз әрекет жойылады, ал меншiк иесi келтiрiлген залалдың өтелуiн мiндеттемелiк‑құқықтық талап қою арқылы талап ете алады.

Негаторлық талап қоюды беру сәтiнде меншiк иесiнiң құқық өкiлеттiгiн бұзу жалғаса берсе әрi оған зиян келсе, онда меншiк иесi иелену құқығын алумен қатар заң бұзушылықты жоюға, келген залалды өтеудi талап етуге құқылы.

Үшiншi тұлғаның заңсыз әрекетi негаторлық талап қоюдың алғашқы әрi нақты негiзi болып табылады.

Мұндай талап қоюдың екiншi негiзi меншiк иесiнiң өз құқық өкiлеттiгiн жүзеге асыруына және оған билiк етуiне мүмкiндiк бермей немесе қиындата түсетiн кедергiлер болып табылады. Мұндай кедергiлер әртүрлi болуы мүмкiн. Бiрақ кез келген жағдайда меншiк иесi өз талабын жүйелi бере бiлуi керек.

Аталған талап қоюды жариялау үшiн екi талап  ету де бiрлiкте болуы шарт, өйткенi бiрiншi негiз‑ себеп болса, екiншi‑ салдар болады.

Негаторлық талап қою негiзiнен оның  пәнiнең айырмашылығына келсек, ол жауапкер тарапынан заң бұзуы меншiк иесiнiң субъективтiк құқығы болып табылмайды,қайта бұл бұзылған құқықты түзеу немесе қалпына келтiру жөнiнде жауапкерге қойылатын талап. Бұл талап қоюдың  пәнi ақыр соңында келiп құқық бұзушылықтың сипатына байланысты болады. Егер меншiк иесi заңсыз әрекеттiң нәтижесiнде мүлкiне иелiк ету мен оны пайдалану мүмкiндiгiнен айырылса, онда оның талабы әлгi бұзушылықпен болған кемшiлiктердi түзеудi алға қояды. Б9л орада сот жауапкердi өзiнiң күшiмен, құралымен өзi жасаған кедергiнi жоюды мiндеттейдi,яғни құқық бұзылғанға дейiнгi жағдай қалпына келтiрiледi, ал қажет жағдайларға зиян өндiрiлiп алынады. Жауапкер сот жүктеген мiндеттi орындамайтын болса, талап арыз берушi өз есебiнен қалпына келтiрiп, бiрақ оған кеткен шығынды сот арқылы жауапкерден өндiртуге құқылы.

  1. Меншiк иесi болып табылмайтын иеленушiнiң құқығын қорғау. Кенестiк азаматтық заңы тек титулдық иеленуды ғана таныды.

АК‑ тiң 265‑ бабында бекiтiлген әрi АК‑ тiң 259 264‑ баптарында қаралған құқық меншiк иесi болып табылмайтын тұлғаға да жатады, бiрақ шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару, жердi тұрақты пайдалану не басқа негiзде заң актiлерiне де немесе шартпен қаралған ретте аталған тұлға мүлiктi иелену құқығына ие болады.

АК‑ тiң 265‑ бабының мазмұнынан тұлғаның меншiк иесi болмағанымен оған мүлiктi талап ету немесе ету немесе негаторлық талап қою құқығы берiлгенiн көремiз, әдетте ондай тұлға бөтеннiң мүлкiн заң немесе шарт негiзiнде иеленедi, былайша айтқанда, титулды иеленушi болып аталады. Бұл көбiне көп жалға алушы, сақтаушы және т. б. болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары бойынша титулы жоқ иеленуге АК‑ тiң нормасы жүрмейдi, яғни ол қорғауды пайдалана алмайды.

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

 

 

1.Грибанов В.П. Пределы осуществления и защиты гражданских прав. М., 1992, 96 бет

  1. Сергеев А. П. Защита гражданских прав. В кн. Гражданское право. – Учебник. М., 1996, 242‑244 беттер
  2. Свердлык Г. А., Страунин Э. Л. Понятие и юридическая природа самозащиты гражданских прав. Государство и право. № 5 ,1998, 22 бет
  3. Гражданское право. Учебник. Под ред. А. П. Сергеева, Ю. К. Толского. – Ч. 1. – М., 1997, 443 бет
  4. Советское гражданское право. – Т. 1. – М., 1979, 306 бет
  5. Вильнянский С. И. Лекции по советскому гражданскому праву. – Харьков, 1958, 179‑181
  6. Гурвич М. А. Право на иск. – М‑Л., 1949, 46‑145 беттер
  7. Иоффе А. С. Советское гражданское право. – М., 1967, 332 бет
  8. Гражданское право РК. Под ред. Тулеугалиева Г. И., Мауленова К. С. Т. 2. – Алматы, 1998, 438‑439 беттер