АЛТЫНОРДА
АймақтарБасты жаңалықтар

«Бақытым, байлығым, барым әкімім»: Семейлік екі асабаның әкімге арнап айтқан әні жұрттың талқысына түсті (ВИДЕО)

Семейде екі асабаның Абай облысының әкімі Берік Уәлиді мақтап, оған арнап ән орындаған видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Осыған байланысты облыс әкімінің баспасөз хатшысы Азамат Қасым бейнежазбаның түсірілуіне әкімдіктің қатысы жоқ екенін мәлімдеді,деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, видео 25 қараша күні кешке Instagram мен TikTok желілерінде жарияланған. Жазбаны көргеннен кейін оны әлеуметтік желілерден өшіру туралы талап қойылған. Нәтижесінде авторлар видеоны өз парақшаларынан алып тастаған. Алайда оған дейін бейнежазбаның көшірмелері жасалып, WhatsApp пен басқа да ақпараттық арналар арқылы тарап кеткен.

Азамат Қасымның сөзінше, видеоны түсірген азаматтар мемлекеттік органдардың немесе мәдениет мекемелерінің қызметкерлері емес. Олар мұны жеке бастамасымен жасаған. Облыс әкімдігі тарапынан мұндай мазмұндағы бейнежазбаны түсіруге не таратуға ешқандай тапсырма берілмеген.

Баспасөз хатшысы мемлекеттік органдар мен ресми тұлғалардың атын жеке бастамалармен байланыстырар кезде ақпараттың анықтығы мен шынайылығына мән беру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын расталмаған мәліметтер мен жаңсақ пікірлерді таратпауға шақырды.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kerekemes (@kerekemes_kz)

видео kerekemes_kz инстаграм парақшасынан алынды