«Балам тойғанын білмейді»: Ақтөбелік ана бес жасар ұлының жағдайын айтып, жылап жіберді
Ақтөбелік Мейрамгүл Жүсіпова аутизм дертіне шалдыққан бес жастағы ұлы Жанның еміне жұмада елден көмек сұрайды. Оның айтуынша, бала өзінің тойғанын білмейді, бір жерде тыныш отыра алмайды, құлағанда денесі ауырсынғанын сезбейді. Ананың арманы — ортаншы ұлын мектепке барғанша қатарға қосу, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Үш бала тәрбиелеп отырған ата-ана дүниеге сап-сау келген ұлының бұл дертке аяқасты шалдыққанын айтады.
Жан Қонысбек 2018 жылы шілде айында дүниеге келген. Мейрамгүлдің сөзінше, Жан — олардың тұңғыш қызынан кейін көптен күткен ұлы. «Төрт жыл мектепте жұмыс істедім. 2015 жылы басымызға бір қиын сынақ түсті — баспана мәселесі бойынша біреулерге алданып қалдық.
Оның кредитін 4-5 жыл төлейміз деп жүріп, басымызға екінші сынақ келді. Ұлымызға аутизм диагнозы қойылды. Сап-сау болып дүниеге келген балам бұндай жағдайға қалай тап болғанын өзіміз де білмей қалдық. Алланың сынағы шығар.
Балам сары болып туды. Бірақ дәрігерлердің салғырттығынан ба, білмедім, баламның қанындағы билирубинін тексермеген бе, алғашқы екпені салған. Кейін баламның қызуы көтеріліп, құрыспасы ұстады», — дейді ол.
Анасының айтуынша, Жан өздігінен қасық ұстап тамақ ішпейтін, бір жерде тыным тауып отыра алмайтын. Ал қазір тойынғанын білмейді екен. «Тынымсыз, ұйқы дегенді білмейтінбіз. Ақтөбе қаласында ауруханада жатқан кезде ұлым ол жерді басына көтерді. Қазір тойғанын білмейді. Күні-түні тоңазытқышты аңдумен жүреді. Құласа денесінің ауырсынғанын сезбейді», — дейді ана. Жан Қонысбек екі жылдан соң мектепке баруы керек. Анасының арманы соған дейін ұлын емдетіп, өз қатарына қосу. «Баланың емі үзілмеуі керек, біз әзірге 3 млн теңге қажет деп отырмыз. Ол 10 айлық түзету сабақтары мен нутрициологқа, сондай-ақ биологиялық белсенді қоспаларға қажет қаражат. Әрмен қарай не болады, оның бәрі бір Алланың қолында», — дейді Мейрамгүл.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бес жастағы Жан Қонысбектің еміне көмек беру үшін төменде реквизит көрсетілген.
Реквизит: Kaspi Gold 4400 4301 3961 0601 +7 705 472 1201 (Мирамгуль Ж.)