Бауыржан Байбек бүгінде немен айналысады ?

Алматының бұрынғы әкімі және «Нұр Отан» партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жеке секторда жұмысын жалғастырып келеді. Бұл жөнінде оның әпкесі Айгүл Байбек хабарлады, деп жазады Altyn-orda.kz Skifnews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Orda.kz

Айгүл Байбектің айтуынша, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерден кеткен соң Бауыржан Байбек екі жылдан астам уақыт Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрған. Ол жерде оқыған, жұмыс істеген және қазақстандық жобаларға шетелдік инвестициялар тартумен айналысқан. Соңғы бір жарым жыл ішінде ол Жапонияда еңбек етіп жүр, онда жапон капиталы мен технологияларының қатысуымен инновациялық жобаларды дамытып жатыр.

Сондай-ақ 2022 жылдың наурыз айынан бастап Байбек онлайн-форматта Ақмола облысында неміс технологияларын қолдана отырып қайта өңдеу өндірісін құруға инвестиция салып жатқан Qazaq Kaolin компаниясына кеңес беріп келеді.

Altyn-orda.kz