Баянауыл ауданындағы Сұлу-сор көлінен табылған қос аққудың тағдыры белгілі болды. (видео )

Баянауыл ауданындағы Сұлу-сор көлінен табылған қос аққудың тағдыры белгілі болды.

Жапан далада құстарды кездейсоқ көріп, құтқарып қалған Бауыржан Жақыпов оларды Павлодар ауылындағы зообаққа тапсырды деп хабарлайды 24.kz

Онда құтқарылған жануарлар мен құстар уақытша паналайды. Сұлусордан жеткізілген қос аққу жаңа жерге бейімделіп, тағдырластарына үйренісіп үлгерді. Көктемде өз айдынымен қайта қауышады.

Естеріңізде болса, қауырсынына мұз қатып, бауырлап ұша  алмай қалған аққуды Баянауыл ауданының тұрғыны құтқарып қалды. Көп ұзамай ол сыңарын тапқан еді. Жылы жаққа ұша алмай қалған қос мұңлықтың тағдыры көпшілікті бей жай қалдырмады.

Нұрлан Жақыпов, Баянауыл ауданының тұрғыны: – Ондай құстарды үйде ұстауға құқым жоқ екен. Сондықтан бәріміздің міндетіміз болған соң, өз міндетімді атқарып, Жануарларды қорғау орталығына апарып тапсырдым. Әр маман өз ісімен айналысқан дұрыс деп ойлаймын.

Игорь Байромов, демалыс орталығының жетекшісі: – Аққуларды қабылдап алдық. Олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Басқа құстармен бірге тамақтанады, суын ішеді. Көктемде табиғатқа қайта жіберуді көздеп отырмыз.

24.kz