Баянауылда аязда тоңып қалған қос аққу құтқарылды(ВИДЕО )

Баянауылда қыстың қақаған аязында мұзға қатып қалған екі аққу аман алып қалынды. Құстарды жергілікті тұрғын Бауыржан Жақыпов пен оның әкесі құтқарған деп хабарлайды Altyn-orda.kz

Оқиға туралы Бауыржан Жақыпов Instagram парақшасында хабарлады. Бейнежазбада аналық аққудың аяғы мұзға жабысып, қозғала алмай қалғаны көрінеді. Ал аталық аққу оны тастамай, жылы жаққа ұшып кетпей, жанында қалған.

Алдымен мұз үстінде жалғыз жүрген аққуды байқаған әке мен бала кейін жағалаудан қозғала алмай қалған екінші аққуды көреді.

Жанашыр азаматтардың көмегімен қос аққу да аман қалып, қауіпсіз жерге жеткізілді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Бауыржан Жакупов (@jakupov_baurjan)

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Бауыржан Жакупов (@jakupov_baurjan)