Белгілі әнші Сабина Алтынбековадан қомақты ақша қарызға беруін өтінді

Кентал атымен танымал қазақстандық әнші Талғат Кенжеболатов, волейболшы Сабина Алтынбекованың жазбасына қатысты пікір білдіріп ,одан қарызға  ақша сұраған .

Бұған дейін спортшы өзінің жоғары табысы туралы ақпаратқа түсініктеме берген болатын.

Кентал әзілдеп одан қарыз сұрады.

«Дүйсенбіге дейін 20 000 доллар қарызға бере тұрасың ба «, — деп жазды әнші.
Еске салайық, наурыз айында Алтынбекова өнер көрсететін БАӘ-нің «Аль-Васл» клубы ел біріншілігін жеңіп алған болатын.

Енді волейболшы Қазақстанға алты айға оралды.