Білім беру саласын қаржыландыруда мемлекеттік бюджеттің алатын рөлі
|
Мазмұны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 |
Білім беру саласын қаржыландыруда мемлекеттік бюджеттің алатын рөлі |
|
1.1 |
Білім беру саласын қаржыландыруда мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы |
|
1.2 |
Білім беру жүйесін қаржыландыруда мемлекеттік бюджет шығындары және олардың экономикалық қажеттіліктері |
|
1.3 |
Білім беру жүйесінің типтері мен түрлері |
|
1.4 |
Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері |
|
1.5 |
Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі |
|
2 |
Мемлекеттік бюджеттен білім беру жүйесін дамытудаға бөлінген қаржылардың жұмсалуын талдау |
|
2.1 |
Қазақстан Республикасы бойынша мемлекеттік бюджеттен білім беру жүйесіне бөлінген қаржыландыру үлесі |
|
2.2 |
Мемлекеттік > >> бюдеттен білім беру жүйесіне бөлінген қаржыларды талдау>>>
|
|
2.3
|
Мемлекеттік бюдежеттен білім беру жүйесіне бөлінген қаржылардың құрамы мен құрылымын талдау
|
|
3 |
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін қаржыландыру және оны дамыту мәселелері |
|
3.1 |
Қазақстандағы білім беру жағдайы және болашағы |
|
3.2 |
Қазақстан Республикасында білім беру саласын қаржыландыру және оны дамыту жолдары |
|
|
|
|
|
Қорытынды |
|
|
|
|
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
|
|
|
|
«Білім жүйесін дамытудағы мемлекеттік бюджет қаражаттарының алатын рөлі» тақырыбына жазылған ОПЭ-28-1 тобының білімгері ……………………………………………………ның дипломдық жұмысына
АННОТАЦИЯ
Бірінші бөлімде білім саласын қаржыландыруда мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы және оны қаржыландыратын шығындардың экономикалық қажеттілігі , білім беру жүйесінің типтері мен түрлері және осы мекемені ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі қарастырылды.
Екінші бөлімде мемлекеттік бюджеттен білім беру жүйесін дамытуға бөлінген қаржылардың жұмсалуын талдағанда – Қазақстан Республикасы бойынша мемлекеттік бюджеттен білім беру жүйесіне бөлінген қаржылардың үлесі есептелініп қарастырылды.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін қаржыландыру және оны дамыту жолдары қарастырылады
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі сонымен қатар тіркемелерден тұрады.
Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен, 6 кестеден, 5 суреттен 60 беттен тұрады.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жасаған 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасын егжей-тегжейлі қарады.
Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы – Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың өзекті бағыттарының бірі. «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты», – деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекеттік бағдарлама жобасын ұсына отырып, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың орнықты өсімі мен азаматтардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ететін адамдық капиталды дамыту үшін түбегейлі жаңарту екендігін атап өтті. Білім беру саласын реформалау және жаңартудың негізгі бағыттары ретінде мыналар ұсынылады: қаржыландыруды жетілдіру (қаржыландырудың жан басына шаққандағы ұстанымын енгізумен), білім менеджментін жақсарту, педагогтің мәртебесін арттыру (мемлекеттік қолдауды күшейту және педагог қызметкерлердің еңбегін ынталандыру), электрондық оқыту жүйесін енгізу
(«e-learning»), мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамту («Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың баламалы желісін дамыту), орта (12-жылдық оқытуға көшу, «Назарбаевтың Зияткерлік мектептері» және «Бейіндік мектеп» аға мектептерінің желілерін дамыту), техникалық және кәсіптік (жұмыс беру-шілер жасаған Ұлттық біліктілік жүйесі және кәсіби стандарттарды жүзеге асырумен), жоғар-ғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді (Ұлттық аккредитациялық ұйымдарды халықаралық аккредитациялық желіге ықпалдастыру, Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық/кәсіптік білім мен оқу бағдарламалары стандарттарын жаңғыртумен, бірнеше мамандықтар алу үшін жағдай туғызумен, оқытудың қосарлы жүйесін жүзеге асыру арқылы кәсіптік тәжірибе үлесін ұлғайтумен, Индустрияландыру картасы жобасын жүзеге асыратын базалық кәсіпорындарға жоғары оқу орындары студенттерін бекітумен, елдің жеделдете ин-дустриялық-инновациялық даму қажеттілігіне сәйкес мемлекеттік білімге тапсырыс құрылымын өзгертумен, индустриялық-инновациялық дамудың барлық бағыттары бойынша мамандарға заманауи біліктілік талаптарын белгілеумен) одан әрі дамыту. Бұл орайда білім беру мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту көзделеді. Бағдарламаны жүзеге асыруға 2015 жылға дейінгі кезеңге ғана мемлекеттік бюджеттен 1 трлн. 180 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу көзделеді.
Қазақстанда оқитындар сапалы біліммен қамтамасыз етіліп, таңдаулы білім ресурстары мен технологияларына қол жеткізе алады. Халықаралық рейтингілердің көрсеткішінің жақсаруынан, қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттырудан басқа ел экономикасының орнықты өсу міндеттерін кадрлық қамтамасыз ету үдерісі жүзеге асырылады, Қазақстанның адам капиталының бәсекеге қабілеттілігі арттырылады. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы педагог кадрлардың еңбекақысы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуы қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік бағдарлама жобасын талқылау барысында білім беру саласын дамытудың өзекті мәселелері қозғалды және мемлекеттік бағдарламаны пысықтай түсу жөнінде ұсыныстар енгізілді. Атап айтқанда, сөз алғандар білім беру жүйесін дамыту міндеттерін жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдардың рөлін күшейту, халықаралық білім кеңістігіне ықпалдастыру, шағын комплектілі мектептердің даму мүмкіндіктерін кеңейту, электрондық оқытуды енгізу, инклюзивтік білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру кадрларын даярлау, жастарды саяси тәрбиелеу, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында орынмен қамтамасыз ету мәселелеріне баса көңіл бөлді, сондай-ақ бұл бағдарламаны білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін дамыту жоспарларымен ұштастыру қажеттігін атап өтті.
Республикадағы бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы-бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы-ол жаңа бюджеттік заңнама құру және жасау.
Нарықтық экономика қатынастардың құрылымында мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы негізінен нарықтық қатынастардың басты құрамдас құралы болып табылады. Еліміздің экономикасын дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды лайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор. Мемлекеттік бюджет кез-келген басқа экономикалық категория сияқты өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында бюджеттік қорында затталынады. Нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдалынылатын ақша қаржаттар ағымында өзінің көрінісін табады.
Бюджетті мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде қарастыруға болады. Қаржылық системаның орталықтандырылған звеносы және мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде бюджет өз кезегінде экономикалық категория болып табылады.Сондай-ақ, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық процестер бейнеленеді. Бюджет негізінен экономикалық, ғылыми, әлеуметтік және басқа да сфераларды белгілі көлемде қаржыландыруға бағытталған. Ол нақты кезеңге, әдетте бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресуртарынның шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларның жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ, қоғамдық ұдайы өндірістің айрықша рөлін анықтайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Әр аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Өйткені, облыс, аудандардың және аймақтардың өзіне тән ерекшелігі, еғбек ету дәстүрі болады. Сонымен қатар, әр деңгейдегі бюджеттердің міндеттері де әртүрлі болады.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Оны мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылықпен, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік – аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті және басқа да шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджет тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарды қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қарым-қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджеттік құқықтар жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Тақырыптың өзектілігі- бюджетт саласынан білім беру саласына бөлінетін қаражаттарды қарастыру.
1 Білім беру саласын қаржыландыруда мемлекеттік бюджеттің алатын рөлі
1.1 Білім беру саласын қаржыландыруда мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы
Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік механизм арқылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында объективтік түрде бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі болады. Бюджеттік механизм — ол бюджеттік қатынастарды ұйымдастыруға мемлекетің құрастырған және пайдаланатын арнайы формалар кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекет салалары, экономика салалары және елдің аумақтар арасында қайта бөлуді камтитын әдіс-тәсілдердің жүйесі.
Бюджеттік механизмің объективтік негізі- мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұнын кұрайтын бөлу қатынастар процестері болып табылады. Экономикалық категория ретіндегі бюджеттің өзінің ішкі құрылымы бюджеттік механизмнің ішінде әр түрлі тізбектер бар екенін дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттік механизм құрылымында кірістер, шығыстар, бюджетаралық байланыстар сияқты бюджеттік қатынастар топтары және соларға сәйкес ақша қаражаттарын қайта бөлудің әр түрлі формалары мен әдістерін енгізеді. Сол себепті бюджеттік механизмде бюджеттік қатынастар көрінісінің формаларына тәуелді келесі құрылымдык тізбектерді белуге болады, олар: ақша қаражаттарын мемлекет тарапына жұмылдыратын әдістер; әр түрлі іс-әрекет салаларына бюджеттік қаражаттар беру мен бюджет қалыптастыратын тәртіп пен формалар; ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу және олармен маневр жасайтын әдістер.
Бюджетгік механизмнің жоғары айтылған тізбектері өз алдына сәйкес элементтерден қалыптасады. Мысалы, акша қаражаттарды жұмылдыратын бюджеттік механизм салықтык және салыктық емес қаржы ресурстар түсетін әдістермен сипатталады және өздерінің әлпеттерін нақты кіріс түрлерімен (қосымша құнға салық, акдиздер, мүлік салығы және т.б.) іске асырылады. Мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарга бюджеттік қаражаттар жіберу механизмі әр түрлі принциптер негізі мен бюджеттік ақша берудің әр түрлі формарлары арқылы іске асырылады. Қаржы ресурстарының ішкі бюджеттік бөлу мен кайта бөлу механизмі бюджет жүйесінің сәйкестік буындары тарапына бюджет қаражаттарының белгілі бөлігін бекіту мен бюджеттік реттеудің әр түрлі әдістерімен сипатталады.
Мемлекеттік бюджет кез келген мемлекеттердің қызмет етуінің міндетті шарты ретінде ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын құруды, бөлуді және пайдалануды қамтамасыз ететін еліміздің негізгі қаржы жоспары болып табылады. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің басқару органдары үшін өз функцияларын орындау, товарлар мен қызмет нарықтарының, қаржы нарығының қызмет етуіне әсер ету, экономика секторында табыстарды үйлестіру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Бюджет мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатты жүргізу үшін экономиканың барлық секторына қаражаттарды жинақтау қоры болып табылады. Бюджет көмегімен жалпы ішкі өнімнің сектораралық санаралық және аймақаралық бөлістірілуі, экономиканы мемлекеттік реттеу мен ынталандыру, еліміздің ұзақ мерзімді мүддесін есепке ала отырып, әлеуметтік саясатты қаржыландаруды жүзеге асырады. Осылай бюджетке мемлекеттердің салықтық және салықтық емес қаражаттарды төлеушілермен және бюджеттік қаражаттарды қалыптастыру және жұмсау бойынша шаруашылық субъектілермен түсетін қаржылық қарым-қатынастарды бейнелейді.
Мемлекеттік бюджет-қаржы жүйесінің негізгі буыны және негізгі қаржы категориясы. Онда негізгі мемлекеттердің кірістері мен шығыстары жинақталады. Бюджет арқылы ресурстардың үздіксіз жиналуы мен оның жұмсалуы жүзеге асады. «Бюджет» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «ақшалы (ақшасы бар) қоржын, қап» дегенді білдіреді. Мемлекеттік бюджет өзімен бірге заң күші бар ағымды жылға арналған мемлекеттердің негізгі қаржы жоспарын білдіреді. Материалдық мазмұны бойынша мемлекеттік бюджет мемлекеттердің орталықтандырылған ақша қорын, ал әлеуметтік-экономикалық мәні бойынша ұлттық табысты бөлудің негізгі құралы болып табылады.
Бюджет-мемлекеттердің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттердің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Экономиканың дамуының қазіргі сатысында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқынын қамтамасыз етуге, оның салалық және аймақтық құрылымдарына жетілдіруге, экономика саласын дамыту бағдарламаларын жұргізу үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға , ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Қаржылық орталықтандыру арқасында ақша қаражаттар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын сәтті жүргізуге жағдай жасап отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың қажетті аймақтарында шоғырланады. Осылай құндылық бөлудің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет өзіндік қоғамдық мақсатты орындайды – жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырады. Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке жалпы қаржы категориясынан ерекшелейтін мына сипаттар тән: бюджеттік қатынастар бөлістірушілік сипат алады, әрқашан ақша нысанында жүзеге асады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және оларды пайдаланумен бірге жүреді. Сонымен бірге бюджеттік қатынастарға белгілі бір өзіндік сипат тән. Мемлекеттік бюджет құндық бөлуінің өзіндік сферасы ретінде келесі келесі белгілермен сипатталады.
— жалпы қоғамдық өнімнің құндарының бір бөлігін мемлекетке жинаумен және қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыруға оны пайдаланумен байланысты бөлістіруші қатынастардың ерекше экономикалық нысанын білдіреді,
— ұлттық шаруашылық саласы арасында, экономикалық секторлар, қоғамдық қызмет сферасы арасында құнды қайта бөлу үшін арналған;
— қоғамдық өнімнің қозғалысымен байланысты емес құндылық бөлуінің сатысын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет кез келген экономикалық категория ретінде өндірістік қатынастарды білдіреді және оған сәйкес материалдық заттай сипат алады: бюджеттік қатынастар мемлекеттердің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорына – бюджет қорына метериализацияланады. Осының нәтижесінде қоғамда болып жатқан бөлістіру процессі мемлекетпен жинақталатын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағынында өз көрінісін табады. Бюджеттік қор бұл құндық бөлуінің сатысынан өткен және мемлекетке ұлғаймалы ұдайы өндіріс бойынша қажеттіліктерді, тұрғындауға әлеуметтік мәдени қызмет ету, қорғаныс және басқару бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін түскен қоғамдық өнім мен ұлттық табыстардың бір бөлігінің қозғалысының нысаны.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттердің орталықтандырылған ақша қаражаттарының қорын құру және ұдайы өндіріс мақсатына оларды пайдалану жолымен қоғамдық өнімдерді бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндіріс қатысушыларының арасында пайда болатын ақша қатынастарын көрсетеді. Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі.
Мемлекеттік бюджет түсінігінің экономикалық мәні еліміздің бюджеттік қорын қалыптастыру және пайдалану бойынша бюджеттік қатынастардың жиынтығы ретінде ашылады. Бюджетті анықтауда 3 тәсіл бар:
Біріншіден, өзінің экономикалық мәні бойынша мемлекеттік бюджет өзімен бірге мемлекетке жеке және заңды тұлғаларымен пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді;
Екіншіден, бұл қатынастар экономиканы қаржыландыруға, қорғаныс, мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қанағаттандыруға, әлеуметтік-мәдени шараларды жүргізуге арналған бюджеттік қорды құру және пайдалануға байланысты ұлттық табысты бөлістіруде пайда болады;
Үшіншіден, бюджет өзіндік тәуелсіз экономикалық категория ретінде қарастыруға болады, себебі ол объективті бөлістіру қатынастарының экономикалық нысаны болып табылады.
Бюджет басты экономикалық категориялардың бірі бола отырып, өз кезегінде басқа экономикалық категорияларды (салықтар мемлекеттік шығындар және т.б.) біріктіреді, себебі бюджет арқылы ресурстардың үздіксіз жиналуы мен жұмсалуы жүреді.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте бір жылға жасалынады, бюджеттің кірісін, шығысын, орталықтандырылған қаржы ресурсатарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін анықтайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттік қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады. Ол заң бюджеттерді қалыптастыру процесінде қалыптасатын қаржы қатынастарын реттейді, республикалық бюджеттің, жергілікті бюджеттердің әзірлену, қаралу, бекітілу, атқарылу және бақылану тәртібін белгілейді.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттердің ролі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысаны мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады. Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады.
Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып оны осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны мәні мен маңызы ол орындайтын функцияларда неғұрлым көрінеді. Бюджеттің негігі функциялары:
— ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу;
— экономиканы мемлекеттік реттеу және көтермелеу;
— әлеуметтік саясатты қаржыменқаржымен қамтамасыз ету;
— ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау.
Осы түрде бюджетті пайдалана отырып, мемлекет біріншіден өндіріс сатысында да, ұлттық табысты бастапқы бөлістіру сатысында да қалыптасып пропорцияларды терең өзгерістерді енгізеді. Мемлекеттік бюджет арқылы қазіргі кезде өнеркәсібі дамыған елдерде ұлттық табыстың 40%-на дейін қайта бөлістіріледі;
Екіншіден, қазіргі таңда мемлекет экономикада дағдарыстық жағдайларды бюджеттен қаражаттарды жұмсау жолымен болдырмау үшін экономикаға араласуды жүзеге асырады. Экономиканы мемлекеттік реттеу Ι-ші дүниежүзілік соғыстардағы экономикалық дағдарыстан туындаған өнеркәсібі даму нәтижесінде пайда болды.
Үшіншіден, аса маңызды мәнді мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік функциясын алады. Шетелдік өнеркәсәбі дамыған елдердің бюджетінде жұмысшы күшті ұдайы өндірумен байланысты шығындардың өсуі байқалады: білім беру денсаулық сақтауға, әлеуметтік сақатндыру мен қамсыздандыруға кеткен шығындар.
Төртіншіден, бюджеттердің бақылау функциясы мемлекеттің бюджеттік құрылғысы мемлекеттегі барлық қаржы ағымдарын құру мен оның қозғалысына Парламент пен Қаржы Министрлігі жағынан бюджеттік бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін беруінде туындайды.
Айта кеткен жөн бюджеттің функциясын жүзеге асыруға инфляция, бюджет тапшылығы, бюджетті уақытылы бекітпеу, қаражаттарды әртүрлі деңгейлі бюджеттер арасында қаражаттарды бөлістірудегі қайшылықтар сияқты экономика мен қаржы жүйесіндегі кері жағдайлар кедергі жасайды.
Осы түрде «мемлекеттік бюджет» түсінігін келесідей топтауға болады:
— өзіндік тәуелсіз экономикалық категория ретінде;
— мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде;
— экономикаға әсер ету құралы ретінде;
— мемлекеттердің негізгі қаржы жоспары ретінде;
— мемлекеттердің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде;
— құқықтың заң ретінде, оның ережесі қоғамның мүшесі мен қатынастарға қатысушылардың орындау міндетті болып табылады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Бюджет арқылы жалпы ішкі өнімнің үштен біріне жуығы бөлінеді. Бюджет қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика және мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып, слааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлеуметті арттыруға, мемлекеттік дамуды тездетуге бағытталуы тиіс.
Мемлекеттік бюджет бірлік, толықтылығы, дербестігі, нақтылығы және жариялылығы қағидаларына негізделеді.
Бюджеттердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен, Қаржы Министрлігі бекітетін бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы нысананың бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттылығымен, ақша жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің дербестігі әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің арасынан кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражаттарының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттің толықтылығы ҚР-ның салық және бюджет заңнамасында белгіленетін барлық түсімдерді соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толық тізбесінің және шығыстарының бюджеттерінде міндетті және толық көрсетілуін қамтамасыз етіледі. Бюджет нақтылығына ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауына сәйкес олардыҚР-ның әлеуметтік экономикалық даму индикативтілік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшеміне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Бюджеттердің жариялылығы бектілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық шартты капитал мен товарлардың еркін қозғалысын, ұдайы өндірістік процесстердің натуралды және құндылық пропорцияларға қатысушылардың арасындағы қатынастардың қалыптасуын білдіреді. Сонымен бірге жекеменшіктегі капитал әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген мәселелерін шеше алмайды. Осыған байланысты мемлекет тікелей және жанама реттеу қаржы және неисе саясаты арқылы жүргізіледі. Оны жүргізуде басты ролді мемлекеттік бюджет алады. Салық салуда мемлекеттік араласуының тетіктігі болып өндіріс көлеміне әсер ететін салық ставкалары мен жеңілдіктері, жеке товрлар мен қызмет түрлеріне деген сұраныс пен ұсыныс табылады. Бюджеттің экономикаға жағымды әсері тұрғындар мен кәсіпорындарға тиімді салық салу негізінде экономикалық өсу үшін, экономикалық циклдарының өзгеруіне сенімді бақылау үшін, өндірістердің тұрақтылығы мен материалдық деңгей мен тұрғындардың өмір жағдайын көтеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін мемлекеттік шығыстар көлемі мен құрылымы негізінде бюджеттік ресурстарды жұмсау және кірістерді құрудың тиімді механизмін қалыптастыруды білдіреді.
1.2 Білім беру жүйесін қаржыландыруда мемлекеттік бюджеттің шығындары және олардың экономикалық қажеттіліктері
Бюджет кірісін ең алдымен әлеуметтік топтар мен қызмет түрінің табыстылық деңгейіне араласу арқылы жиынтық тұтынуға әсер ететін фактор ретінде қарастыру керек. Сонымен бірге бюджет кірісінін алу шарттық қызмет барысында құрылатын жинақтауды пайдалану бағытын таңдауға әсер етуге аяққы тұтыну құрылымы мен сұранысты реттеуге мүмкіндік береді. Кірістер шаруашылық белсенділікке, шығарылатын өнім көлемі мен өндірісінің техникалық жабдықталуына, бағаның теңдігі мен икемділігінің жағдайына, инвестицияның салалық және аймақтық орналастырылуына әсер етеді. Нәтижесінде олар экономикалық дамудағы циклдық ауытқулары жеңілдету мүмкіндігін, құндық макроэкономикалық проаорционалды реттеу, әлеуметтік даму қарқынын жөңдеу жөңдеу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Бюджет кірісінің реттеушілік мүмкіндіктерінің белгілі бір шегі бар. Кәсіпорындар мен тұрғындардан ақша қаражаттарын алудың үлкен деңгейі шаруашылық белсенділіктің құлдырауына, тұтыну нарықтарының тарылуына, нарықтағы жиынтық сұраныстың төмендеуіне, сәйкесінше шығарылатын өнім көлемнің азаюына, бағаның жоғарлауына, ЖҰӨ азаюына, нәтижесінде мемлекеттердің өздерінің кірістерінің азаюына әкеледі, ал төмен деңгейдегі бекіту бюджет кірістерін азайтады, нәтижесінде мемлекеттік реттеу мүмкіндіктерінің көлемін қысқартады (тарылтады).
Бюджеттердің қызмет етуінің екінші нысаны – бюджет шығыстары арқылы жұмысқа қабілетсіздіктердің кірістері құрылады және басқа да әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға қолдау көрсетіледі. Көрсетілген төлемдер көлеміне әсер етуінің өзі қоғамның экономикалық мүмкіндігіне сәйкес тұрғындардың осы топтарының тұтыну шегін реттейді. Бюджеттік шығыстар экономикалық өсуінің жаңа сапасын қалыптастыруға белсенді әсер етеді. Ғылыми зерттеуді басымырақ қаржыландыру, прогрессивті салаларды дамыту, материалдық өндіріс құрылым оптимизациялау – мұнда да бюджет шығысының реттеушілік ролі өз көрінісін табады. Олар жалпы мақсаттағы нарықтық инфрақұрылымның өмір сүрудің негізі болып табылады. Жалпы, бюджеттік араласуда мемлекеттердің өзінің қаржы базасы мен ұдайы өндірісінің басқа да субъектілерінің иелігінде қалатын ақша ресурсын реттеу процессі мүмкін болады. Әлеуметтік экономикалық процестерге бюджеттік қаражаттарда жинау мен жұмсау нақты нысанасы, принципі мен әдістері әсер етеді.
Бюджет кірістері мемлекеттік кіріспен салыстырғанда тар мағына, себебі мемлекеттік кірістерге бюджеттен тыс қорлардың кірістері мен мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың кірісткрі де кіреді.
Өздерінің материалдық заттай белгісі бойынша бюджет кірісі мемлекеттік билік органдары мен жергілікті басқару органдарының иелігін елдегі бюджет және салық заңдарына сәйкес қайтарылмайтын негізге түсетін ақша қаражаттары.
Бюджет кірістері салықтардан, алымдар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын өзге де түсімдердің, сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі.
Кірістердің қалыптасуының негізгі көзі болып ұлттық табыс табылады, бюджеттік қайта бөлу сфераларына таза ұлттық өнімді бастапқы бөлу нәтижесінде алынған шаруашылық субъектілердің кірістері түседі. Оларға:
— кәсіпкерліктен түсетін кіріс;
— материалдық және материалдық емес өндіріс сфераларының жұмысшыларының еңбек ақылары;
— жалға жұмыс істемейтін тұлғалардың табысы;
— жер иелерінің рентасы;
— ссудалық пайыз жатады.
Бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы қоғамдық өнім көлемі мен және ұлттық табыстарының көлемі мен байланысты және мемлекеттің қаржы саясатымен анықталады. Бюджет кірістері тек алу әдісі бойынша ғана сыныптарға бөлінбейді, басқа да белгілер бойынша бөлнеді, мысалы:
— елдегі мемлекеттік құрылғыға байланысты;
а) унитарлы мемлекетке – мемлекеттік (республикалық) бюджет және жергілікті бюджеттер кірісінен тұрады;
б) федеративті мемлекетке – федералды бюджет кірістері, федерация мүшесінің бюджеттерінің кірістері мен жергілкті бюджеттердің кірістерінен тұрады;
— бюджет жүйесінің деңгейіне байланысты, олар меншікті және реттеуші болып бөлінеді;
— құрылу көздері бойынша заңды тұлғалардан және халықтан тұрғындардан түсетін кірістер болып бөлінеді;
— салық салынатын субъектілердің азаматтығына байланысты резиденттермен және резидент еместерден төленетін кірістер;
— салық салудың нақта объектілеріне байланысты мүліктерден немесе табыстан алынатын;
— нақты түрі бойынша – тікелей жанама салықтар болып бөлінеді.
Мемлекеттік бюджет құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және 7 бөлімнен тұрады:
- I. Кірістер
- II. Алынған ресми трансферттер (гранттар)
III. Бюджеттен бұрын берілген несиелерді өтеу
- IV. Шығыстар
- V. Несиелендіру
- VI. Бюджет тапшылығы (профициті)
VII. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профоципті пайдалану).
Өз кезегінде кірістер мыналарға бөлінеді:
— салықтық түсімдер
— салық емес түсімдер
— капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін крістер.
Бюджет түсімдерінің осы негізгі үш категориясы алынған ресми трансферттермен (гранттар) толықтырылады.
Бюджеттен берілген несиелерді өтеу категориясы өзімен бірге бюджеттік несиелер бойынша мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің жағынан ақаш қаражаттарының түсуін білдіреді.
Бюджеттік сыныптама бұл мемлекеттердің қаржы органдарының барлық бюджет қызметтерінің негізі каланған бірыңғай белгілері бойынша кірістер мен шығыстарды топтау. Бұл бюджеттің мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен және жинақ сметаларымен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді.
Бюджет кірістерінде өзінің қаржылық мәні бойынша 2-ші болып мемлекеттік займдар саналады. Займдарға мемлекет бюджет тапшылығы жағдайында жүгінеді. Елдегі қаржылай қақтығыстарының күшеюі және тапшылықтардың ұлғаю шегі бойынша мемлекет зайымдарды кеңінен қолданады. Зайымдарды алудың екі жолы бар:
1-шісі тұрғындардан мемлекетік облигациялармен басқа да құнды қағаздарды оларға сату жолымен;
2-шіден орталық және комерциялық банктерден (мемлекет) құнды қағаздарды мемлекеттік кепілдендіру қамтамасыз ету жолымен. Мемлекеттердің несиелік операцияларының көлемінің ұлғаюы мемлекеттердің қарыздарының өсуіне әкеледі.
Мемлекеттік қарыз салықтармен тығыз байланысты. Зайымды өтеу, олар бойынша пайыздарды төлеу қосымша салықтық төлемдер немесе жаңа зайымды шығару есебінен жүзеге асрылады. Салықтық төлемдер зайымдарды алу қиын болған жағдайда мемлекет қағаз ақшаларды эмиссиялауға (шығаруға) дейін барады. Бұл әдіс ең күрделі, себебі ақша массасының сәйкес товарлық қамтамасыз етілмей өсуі инфляциялық процестерінің күшеюіне әкеледі.
Мемлекеттік бюджетке ірі ақша қаражаттарын шоғырландыру мемлекеттердің тиімді қаржы саясатын жүзеге асыруының қажетті шарты болып табылады. Бұл үкімерке милитаризмге көп қаражаттарды жұмсауға, мемлекеттік басқару аппараттарын ұстауға, мемлекеттік займдар бойынша пайыздарды төлеуге және мемлекеттік қарызды өтеуге, әлеуметтік басқада шығындарды жүргізуге мүмкіндік береді. Ресурстарды орталықтандыру экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымның басым салаларын қаржыландыруға жұмсауға мүмкіндік береді.
Бюджет шығыстары, жалпы мемлекеттік шығыстардың маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, жалпы мемлекеттік ақша қоры қаражаттарын пайдаланумен байланысты туындайтын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Осы қатынастардың көріну нысаны ретінде бюджет шығыстарының нақты түрі табылды, олардың көп түрлілігі көптеген факторлардың әрекетімен байланысты: мемлекеттің табиғаты және функциясымен, елдердің әлеуметтік функциясымен, елдердің әлеуметтік экономикалық даму деңгейімен, мемлекеттің әкімшілік аймақтық құрылғысымен және т.б. бюджет шығыстары өзімен бірге мемлекеттің өзінің функцияларын орындаумен байланысты пайда болатын шығындарды білдіреді. Бұл экономикалық шығыстардың мәні көптеген түрде көрінеді. Шығыстардың әртүрлі сапалық және сандық сипаттамадан тұрады. Сонымен бірге сапалық сипаттама құрылысының экономикалық табиғатын бейнелей отырып, бюджет шығыстарының мақсатын, ал санның оның мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бюджет шығыстарының экономикалық өмірдегі ролі мен мәнін анықтау үшін оларды белгілі бір белгілер бойынша сыныптарға бөлінеді. Қаржы теориясы мен тәжірибесінде шығыстарды сыныптарға бөлудің бірнеше белгілер бар. ең алдымен бюджет шығыстары ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіне әсері бойынша бөлінеді. Бұл жағдайда ағымды және каптиалды (күрделі) бюджет шығысы болып бөлінеді. Ағымды шығыстар заңды тұлғаға алды ұстауға және техникалық қажеттіліктерін жабу үшін берумен байланысты. Бұл шығыстарға мемлекеттік тұтыну шығындары (экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды, халық шаруашылық мемлекеттік салаларын ұстау, азаматтықжәне әскери сипаттағы товарлар мен қызметтерді сатып алу мемлекеттік мекемелердің ағымды шығыны), төменгі билік органдарына берілетін, мемлекеттік және жеке кәсіпорындарға берілетін ағымды субсидиялар, көліктік төлемдер, мемлекеттік қарыз бойынша пайызды төлеу және ағымды шығыстар кіреді. Бұл шығыстар жай бюджетке немесе ағымды шығыстар мен кірістер бюджетінде бейнеленетін шығыстарға сәйкес келеді.
Күрделі шығыстар өзімен бірге негізгі капиталға салым салумен және запастардың өсуімен байланысты ақша шығындары білдіреді. Олар бюджет есебінен халық шаруашылығының әртүрлі салаларына капитал салудан, инвестициялық субсидиялар мен мемлекеттік және жеке кәсіпорындарға және жергілікті билік органдарына берілетін ұзақ мерзімді бюджеттік несиеден тұрады. Шығыстардың бұл тобы мемлекеттердің бұл тобы мемлекеттердің күрделі шығыстары мен кіріс бюджетінде көрініс табады.
Бюджет шығысын сыныптарға бөлудің маңызды белгісі заттық. Сонымен қатар мұнда барлық шығыстар бірнеше ірі топқа бөлінеді:
- Халық шаруашылығын қаржыландыру;
- Әлеуметтік мәдени шаруаларды қаржыландыру;
- Ғылымды қаржыландыру;
- Қорғанысты қаржыландыру;
- Құқықтық қорғау органдары мен мемлекеттік билік және басқару органдарын ұстау;
- Сыртқы экономикалық қызмет боцынша шығыстар;
- Резервтік қорды құру;
- Мемлекеттік қарызды өтеу бойынша шығыстар;
- Басқа да шығыстар мен төлемдер.
Мұнда мемлекеттің қоғамдық өмірінің әртүрлі саласындағы ролі айқын көрінеді. Көрсетілген шығыстар тобына қосымша басымырақ жалпы мемлекеттік бағдарламаларды орындау шығындары кіреді
Салалар негізінде шығыстарды экономиканы салаларға және қызмет түрлеріне бөлуге болады. Осыған байланысты материалдық өндірісте шығыстар шаруашылықтың келесі саласы бойынша топталады.: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс және т.б. Материалдық емес өндірісте халыққа білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, тұрғындарға әлеуметтік қолдау, мемлекеттік басқару және т.б. шығыстарға бөлінеді. Бюджет шығыстары осылайша бөлу қоғамдық өндірістің құрылымдық жаңару мақсатында мемлекеттік ресурстарда қайта бөлуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Шығыстар ведомстволық және мақсатты белгілері бойынша да ерекшелінеді. Ведомстволық белгі шығыстардың әр тобында сәйкес министрлік мекеме немесе заңды тұлғаны анықтауға, яғни бюджет қаражаттарын алушыларды білуге мүмкіндік береді.
Мақсатты белгілері бойынша бюджет шығыстары шығынның нақты түрлеріне бөлінеді. Мақсатты бағыты бойынша шығыстарды сыныптарға бөлу бюджеттік қаражаттарды ұтымды пайдалану үшін алғы шарттарды жасайды, бюджеттік қаржылардың пайдалануына тиімді бақылау жүргізу үшін қажетті база болып табылады. Қазіргі кезде Ресейде 19 бағыт бойынша шығыстарды топтау қолданылады:
- еңбекақы;
- еңбекақыға үстемақылар;
- кеңселік және шаруашылық шығындар;
- іссапарлар;
- шәкірақылар;
- тамаққа кететін шығындар;
- медикаменттер мен тоңу құралын сатып алу;
- жабдықтар мен мүліктерді сатып алу;
- жұмсақ жиһаздарды сатып алу;
10) мемлекеттік күрделі салымдар;
11) күрделі жөндеу;
12) көркейту ғимараттарын ұстау;
13) геологиялық барлау жұмыстары;
14) жобалау;
15) мемлекеттік дотация;
16) операциялық шығындар;
17) ссудалар бойынша төлемдер;
18) баға арасындағы айырмашылықтың орнын толтыру;
19) басқа да шығындар.
Шығыстарды сыныптарға бөлудің соңғы белгісіне аймақтық жатады. Басқару деңгейі бойынша, яғни елді әкімшілік аумақтық бөлуге байланысты бюджет шығыстары унитарлы мемлекеттерде орталық бюджет шығыстары мен жергілікті бюджет шығыстарына, ал федеративті елдерде – федералды бюджет шығыстарына, федерация субъектілерінің бюджеттерінің шығыстары мен жергілікті бюджеттер шығыстарына жатады:
— бюджеттік ресурстарды пайдаланудан ең үлкен әсер алу, ол сәйкес шығыстарды нормалауды, сонымен қатар алынатын нәтижеге қатысты мемлекеттік шығыстарды біртіндеп азайтуды білдіреді. Ал, әсерді, бір жағынан елдердің әлеуметтік экономикалық дамуы әртүрлі мәселелерін шешуде, 2-ші жағынан, бюджет қаражаттары алушылардың табыстарының өсуі есебінен бюджет қорының ресурстарын ұлғайтуда қарастыруға болады.;
— бюджет ресурстарын пайдаланудың мақсатты сипаты бюджет қаражаттырын беру бекітілген бюджетке сәйкес қатаң мақсатты бағыттар бойынша жүзеге асырылатынын білдіреді. Егер елдердің осы негізгі қаржы жоспарын жасау барысында мемлекет қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру басымдылықты мен көлемін белгілейтін болса, онда бюджеттік ресурстарды мақсатты пайдалану бюджеттік шығыстардың тиімділігінің жоғарылауына көмектеседі;
— қызметтік өндірістік және басқа да көрсеткіштерін орындау негізінде бюджет қаражаттарын бөлу шығындарды азайтуға көмектеседі;
— бюджеттік қаражаттардың негізгі бөлігінің қайтарылмайтындығы және тегін берілуі.
Бюджеттік әлеуметтік функциясы да маңызды мәнге ие. Мемлекеттік бюджет жұмысшы күшінің ұдайы өндірісінің элементіне айналды. Дамыған нарықты экономикасы бар елдердің мемлекеттік бюджеттерінің кірісіне келесі 5 топ кіреді.; әскери, экономикаға аралсу, мемлекеттік басқару аппаратын ұстау, әлеуметтік мақсаттар, дамушы елдерге субсидиялар мен неселерді беру.
Мемлекеттік шығыстар елдің экономикасының дамуына ынталандырушы әсер етеді. Экономикаға аралсу бойынша шығындарға ғылыми зерттеу, конструкторлық өңдеулер, экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым шығындары ауыл шығынын қолдау, экономикалық мемлекеттік саласын қаржыландыру, елдегі шаруашылық жеке саласын жұмыс бастылықпен қамтамасыз ету шығыны жатады.
Әлеуметтік мақсаттарға жататын шығындар білім беруге денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру шығындарынан тұрады.
Кейбір мемлекеттерде мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігін ағымды шығыстар бюджеті мен даму бюджетіне бөлу тәжірибесі қолданылады. Даму бюджетіне инвестициялық және иновациялық қызметті қаржыландыруға бөлінген қаражаттар кіреді. Ағым бюджетте әлеуметтік қамтамасыз етуінің нормалары мен деңгейінен туындайтын барлық шығыстар шоғырланған. Ол бюджетте жинақталатын тұрғындардан түсетін түсімдер мен ақша жинақтарының өсімі есебінен теңестіоіледі. Даму бюджетінде жаңа әлеуметтік экономикалық іс-шараларды орталықтан қаржыландырумен, ұлғаймалы ұдай өндірісінің қажеттіліктерімен байланысы шығындары жинақталған.; даму бюджетінің құрамдас бөліктерін талдау мемлекеттің қосымша ьалдау мемлекеттің қосымша жаңа шығындарына салмақты қарауға мүмкіндік береді. Мұнда мына принцип жүзеге асырылуы керек: қажеттіліктерді алынатын қаржы шегінде ғана қаржыландыру.
ҚР-ның мемлекеттік бюджетінің шығыстары бөлінеді:
— ұдайы өндіріс процесіндегі ролі бойынша – материалдық өндірісті қаржыландырумен және өндірістік емес сфераны ұстаумен байланысты шығындарға;
— функционалды мақсаты бойынша – халық шаруашылық қаржыландыру шығындарына, әлеуметтік мәдени іс-шараларды, қорғаныс басқару аппаратын ұстау, құқық қорғау қызметі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындарына және т.б. шығындарға.
Нарықтық қатынастарға өту кезінде мемлекеттік бюджет шығыстарының құрылымы әжептеуір өзгерістерге ұшырады халық шаруашылық бөлінетін бюджет қаражаттарын күрт қысқартты.
Халықаралық қатынастардағы терең өзгерістерге байланысты дамыған батыс елдерде қазіргі күннің өзінде әскери шығындар ең негізгіәлеуметтік мәдени іс-шараларға кететін шығыстар мемлекет пен оның әлеуметтік функцияларды орындаумен байланысты. Бұл шығыстар келесі негізгі топтарға бөлінеді:
— халыққа білім беру және кадрларды кәсіби орындау;
— мәдениет, өнер және бұқара ақпатар құралы;
— денсаулық сақтау;
— денешынықтыру және спорт;
— әлеуметтік қамсыздандыру.
Бюджеттік нормалар негізінде шығындар сметасы жасалады. Ол әлеуметтік мәдени сфераның мекемелерінің қаржы жоспары болып табылады. Сметада кіріс бөлімі жоқ, ол мекеменің шығындары көлемі мен мақсаты бойынша қаражаттардың түсуі болып табылады. Сметалар негізінде қаржы органы ағымды жыл бюджетінің құрамына кіретін әлеуметтік мәдени қажеттіліктеріне кететін шығындар көлемін анықтайды. Бюджет шығыстарының жеке топтары болып ғылымда қаржыландыру табады. Бюджеттен қаражаттар маңызды перспективті зерттеулер бойынша және жалпы мемлекеттік мақсатты ғылыми техникалық басқармалар бойынша жұмыстарға жұмсалады
1.3 Білім беру жүйесінің типтері мен түрлері
Азаматтардың білім алу құқы Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілденген және 1999 жылы маусым айының 7 жұлдызында қабылданған «Білім беру туралы» Заңмен реттледі. Осы құқықты мемлекет тиісті әлеуметті-экономикалық шарттар жасап, білім беру жүйесін дамыту арқылы қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекет ақысыз жалпы орта мен алғашқы кәсіби білім және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес конксурстық негізде ақысыз орта кәсіби, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды кепілдейді, егерде азамат осы әрбір деңгей бойы білімді алғашқы рет алып отырса.
Оқитындарға білім алудың ақысыздығы мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру немесе білім беру мекемелерінен білім беру қызметтерін сатып алуды бюджеттен төлеу немесе мемлекеттік гранттар беру арқылы іске асырылады.
Білім беру аумағындағы заңнамалар мемлекеттік саясаттың принциптерін анықтайды, азаматтардың білім алу құқын қамтамасыз етеді, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өтемақыларын шектейді, білім беру процесінің субъектілері арасындағы қатынастарды реттейді, олардың құқықтарын, міндеттерін, уәкілеттерін және жауапкершіліктерін белгілейді.
Білім беру аумағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері болып келесілер табылады:
- барлық азаматтардың білім алу құқықтарының теңдігі;
- әрбір азаматқа білім алудың барлық деңгейлерінің мүмкінділігі;
- білім берудің діннен тыс сипаты;
- тұлғаның білімділігін ынталандыру және дарындылықты дамыту;
- білім беру процесінің үздіксізділігі, оқыту мен тәрбиелеудің бірлестілігі;
- білім беру мекемелерінің меншік формалары, оқыту мен тәрбиелеу формалары және білім беру бағыттары бойынша әр түрлілігі;
- білім беру, ғылым және өндірістің шоғырлануы;
- оқитындарды кәсіптік бағдарлау;
- білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі маңына бір-бірімен арақатынаста болатын меншік форма, тип және түрлерінен тәуелсіз білім беру мекемелері, әр түрлі білім беру деңгейлеріне арналған білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары және білім беру бағдарламаларды іске асыру мен білім беру жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін білім беруді басқаратын органдар көрсетіледі.
Білім беру жүйесінің негізгі міндеті — ол ұлттық және жалпы-адамзаттық құндылықтар мен ғылым және тәжірибе жетістіктеріне негізделіп, тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби жаралуына бағытталған білім алу үшін қажетті шарттар жасау. Оның басымды мақсаттары болып келесілер табылады:
- білім беру бағдарламаларды игеру үшін шарттар жасау;
- тұлғаның творчествалық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, өнегелілік пен аман тұрмыс нұсқасының мығым негізін қалыптастыру;
- азаматтық пен отаншылдықты, мемлекеттік рәміздер құрметтеуді, халық дәстүрлерін қадірлеуді, конституция мен қоғамға қай-қайсы қарсылықтарға төзімсіздікті тәрбиелеу;
- тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне сезімді қатынасын және республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдениеттік өміріне қатынасуының қажеттілігін қалыптастыру;
- әлем және отан мәдениетінің жетістіктеріне қатыстыру, қазақ және республиканың басқа халықтарының тарих пен салт-дәстүрлерін оқу, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін игеру;
- білім беру мекемелерінің дербестігін ұлғайту мен басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;
- оқытудың жаңа технологияларын енгізу мен білім беруді ақпараттандыру;
- еңбек нарығындағы бәсекелікке қабілеті бар білікті жұмысшылар мен мамандарды дайындау, олардың біліктілігін жоғарлату және қайта дайындау;
- әр түрлі және көпфункционалды білім беру мекемелердің тиімді дамуына жәрдем беру.
Білім беру бағдарламалар білім берудің тиісті деңгейлері мен олардың сатыларының мазмұнын анықтайды. Республикада тікелей білім беру бағдарламалардың сипатына байланысты олардың екі түрі — жалпы білім беру (негізгі және қосымша) және кәсіби (негізгі және қосымша) бағдарламалар іске асырылып жатыр.
Жалпы білім беру бағдарламалары тұлғаның жалпы мәдениеті және оның өмір мен қоғамға икемделуі жөніндегі мақсаттарды шешуге, кәсіп пен мамандықты сезімді таңдау мен игерудің негізін жасауға бағытталған. Кәсіби бағдарламалар кәсіп пен біліктіліктерге сәйкес жұмыскерлер мен мамандарды дайындауға және оқитындардың жалпы білімдері мен кәсіби деңгейлерін тізбекті жоғарлатуға бағытталған.
Жалпы білім берудің мазмұны оның әрбір сатысы бойынша тиісті жалпы білім беру бағдарламамен анықталады және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мен орта білім беруден қалыптасады.
Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы орта білім беру — үш сатыны көздейтін 12 жылдық оқытудан құрасады: 1-саты — жалпы бастауыш білім беру; 2-саты — негізгі жалпы білім беру; 3-саты – жалпы орта білім беру.
Бұл бағдарламада кәсіптік бастауыш білім беру мен техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсіптік орта білімнің бөлігі орта білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және технологиялар мен еңбек нарығы талаптарының деңгейіндегі тиімді кәсіптік қызметке даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруге өзгертілетіні туралы да мәлімденген. Сонымен қатар, бұл арада кәсіптік орта білім берудің жекелеген бағдарламаларын іске асырудың өзі орта білімнен кейінгі білім беру арқылы жаңа деңгейге көтеріледі.
Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру тек қана жалпы орта білім беру базасында қамтамасыз етіледі және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін кәсіптік білім беру мен кадрларды даярлаудың бөлігі ретінде экономика, қүқық, экология, медицина, ақпараттық технологиялар және инновациялық менеджмент салаларында қызмет көрсету мен басқару еңбегін атқаратын орта буын мамандарын басымдылықпен даярлайды.
Жоғары кәсіптік білім беру республикада тиісті жоғары білім беру бағдарламалар негізінде университет, академия, институт және осыларға теңестірілген оқу орындары бойынша іске асырылады. Сонымен қоса, жоғары оқу орындары тиісті лицензиялары болған жағдайда орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндіктері бар.
Жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінде Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес оқу процесін үйымдастыру технологиясының дәстүрлі жүйесінің орнына оқытудың кредиттік жүйесі енгізіледі. Бүл жүйе, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, оқитындардың өз бетінше белсенді жүмыс істеуін ынталандырады, жеке білім бағытын таңдаудың болуын қамтамасыз етеді, білім туралы құжаттардың әлемдік білім беру кеңістігіне танылуына әсер етеді.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жоғары кәсіптік білім беру негізінде екі деңгейден қалыптасады — жоғары білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Жоғары білім беру — ол жоғары базалық білім беретін бакалавриат болады. Бакалавриаттың бірінші екі курсында жалпы білім беру құрамдас бөлігінің мазмұны болады, ал келесі курстарында оқыту базалық пәндер бойынша жүзеге асырылады. Барлық мамандықтар бойынша (медицина және ветеринар мамандықтарынан басқа) бакалавриатта оқытудың мерзімі 4 жылды құрайды. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасын игеру белгілі бір саладағы бакалаврдың тиісті академиялық дәрежесі берілетін қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен аяқталады. Бакалавриатты бітірген азаматтардың жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарында, яғни магистратурада өз білімін жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Магистратурада дайындық 1-2 жылдық мезімде және екі бағытта жүргізіледі — ол тереңдетілген және ғылыми-педагогикалық даярлық. Магистратурада білім беру бағдарламалардың негізгі мақсаты болып оқитындарға іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы мен ғылымның бір бағыты бойынша пәндерді тереңдетіп оқыту табылады. Магистратураны бітіргендерге магистр атты академиялық дәрежесі беріліп, олар докторантурада оқуын жалғастыруға немесе ғылыми-педагогикалық және өзге де еңбек қызметімен айналасуға қүқығы бар.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ең жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың аяқтаушы білім беру деңгейі болып докторантура есептеледі. Докторлық білім беру бағдарламалар бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды құрайды. Бұл бағдарламаларды игерген және докторлық диссертация қорғаған азаматтарға философия докторы (РҺ.Б) академиялық дәрежесі, ал бейіндік докторантураны игерген кезде — бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі.
Республика азаматтарының ақысыз жалпы орта мен техникалық және кәсіптік білім алуына мемлекеттік кепіл негізі болып мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру, ал жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың — мемлекеттік білім беру гранттары табылады.
Білім беру саласына, оның басымдылығын есептей отырып, мемлекет жыл сайын бюджеттік құралдар бөлуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік білім беру мекемелерін қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыміндетті стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес республикалық және жергілікті бюджет құралдары арқылы іске асырылады.
1.4 Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері
Білім беруге арналған шығыстар құрамы бюджеттік жіктелу бойынша арнайы функционалдық топқа сәйкес қалыптасады. Республикалық бюджетте бұл топтың үлесі жыл сайын ұлғаюда және келешекте олардың деңгейі жалпы ішкі өнімнің 4 пайызына жетуі ұйғарылуда.
Бұл функционалдық топ құрамында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш және орта білім беру, арнайы орта білім беру, кәсіптік білім беру, жоғары білім беруге мемлекеттік тапсырыс және білім беру аумағындағы басқа да қызметтер көрсетілген. Осы келтірілген білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері бойынша бюджет құралдарымен қаржыландыру іске асырылады.
Қаржыландыру көздері болып республикалық пен жергілікті бюджеттер және бюджеттен тыс құралдар табылады. Білім беру мекемелердің іс-әрекетін қаржыландыратын бір немесе бірнеше құрылтайшылар болғандықтан, мұндай білім беру мекемесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ережелеріне сәйкес коммерциялық емес ұйым деп есептеледі. Ал мемлекеттік білім беру мекемелерінің жекеменшік ретінде мемлекет атынан орталық және жергілікті басқару органдары болғандықтан, олар осы мекемелердің мемлекеттік орталық және жергілікті каржыландырудың мемлекеттік кепіл берушісі болады.
Білім беру саласын бюджеттік қаржыландырудың қажеттілігі ең алдымен білім беру қызметтің қоғамдық тауар ретіндегі қасиеттері мен елдің әлеуметті-экономикалық дамуындағы олардың рөлімен серттеседі. Ал бюджеттен бөлінетін құралдар көлемі практиканың талаптарына сәйкес анықталуы мүмкін емес. Себебі, мемлекеттік реттеудің қай-қайсысы өз алды бюджеттік қамтамасыз етуге жататын мемлекеттік тапсырыс және натуралды немесе ақшалай түрдегі әлеуметті нормативтер тағайындауды талап етеді. Мысалы, заңнамаларда білім беру жүйесі үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар контингентінің саны, мемлекеттік білім беру стандарты, бюджеттік қаржыландыру нормативі сияқты параметрлер болуы тиіс екені анықталған.
Қазіргі кезеңде білім беру мекемелерін ұстау үшін әрекеттегі қаржылық ағымдар бюджет деңгейлері бойынша жіктелінеді. Орталық республикалық деңгей бойынша бюджеттік құралдармен қамтамасыз ету үш бағытқа бөлінеді, яғни орталық республикалық бағыныштағы мекемелерді үстауға, республикалық білім беру бағдарламаларды іске асыруға және қаржылық жәрдемге мұқтажды аймақтарға трансферттер ретінде білім беру субвенция-ларға. Аймақтық және жергілікті деңгей республикалық деңгейге ұқсас, мұнда жергілікті бағыныштағы білім беру мекемелерді ұстау мен тиісті білім беру бағдармаларды іске асыруға қажетті бюджеттік құралдар қарастырылады.
Білім беру саласын басқару стратегиясының негізгі бөлігі — ол қаржылық қамтамасыз ету. Бұл мәселені жетілдіру барысында бірнеше мақсаттарды шешу қажеттігі пайда болады, олар
— дамудың басымды бағыттарын таңдау, қаржыландырудың жаңа көздерін анықтау және пайдалану, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануының ұйымдық және экономикалық механизмдерін жарату, бюджет құралдарын билеу жөніндегі өкілеттікті дәйекті үлестіру. Республикалық деңгей бойы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету қажетті білім беру дамуының басымды бағыттарын таңдау мақсаты ең алдымен білім берудің әр түрлі деңгейлері бойынша шығындардың арақатынасын анықтауға байланысты.
Бүкіл әлемдік Банк мәліметтері бойынша қазіргі қезеңде дамыған елдерде міндетті мектептік білім беруге арналған шығындар басымды шығындар болып табылады.
Қазіргі уақытта білім беруді қаржыландыру республикалық деңгейден келе-келе жергілікті деңгейге беріліп жатыр. Мұндай процесс ең алдымен кәсіптік білім беру мекемелерінің мүддесін қозғайды, себебі орталықтан қаржыландыру болған жағдайда аймақтық және жергілікті еңбек нарығына қажетті кадрлар дайындауды есептеуі өте қиын. Тағы бір себеп — ол білім беру мекемелерді кәсіпорындар мен ұйымдардың құралдары арқылы қаржыландырудың жоқтығы.
Мемлекеттің дамуының жаңа беталыстарына сәйкес білім беру саласында жеке кәсіпкерлік жүйесі орын ала бастады. Білім беру қызметінің нарығы мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз етумен бірге халық пен кәсіпорындардың әр түрлі топтарының әлеуметтік тапсырыстарына қанағаттандыруын талап етеді. Білім беру процесіне қалыптасып жатқан кәсіпкерлер іқыласымен бірге әр түрлі Қоғамдық қозғалыс пен ұйымдардың, Ұлттық бірлестіктердің, діндер Қауымдардың өкілдері қосылуда. Олардың білім беру жүйсі мүдделеріне сай көркейту жөніндегі талпыныстары мемлекеттік емес оқу орындарын ашуға және мемлекеттік мекемелерге қаржылық жәрдем жасауға ниеттендіреді. Бұл арада мемлекеттік мекемелер де өздігінен білім беру бағдарламалар таңдауды іске асыруға және халыққа төлемақы негізінде білім беру қызметінің айдынды спектрінін көрсетуге құқы бар.
Демек, білім беруді қаржыландыру қосымша көздер тартылу арқылы іске асыруы мүмкін, яғни білім беру мекеменің өзінің кәсіпкерлік іс-әрекеті және оларға демеуші болатын заңды және жеке тұлғалармен арақатынас құру. Осыған қоса, кәсіптік білім беру мекемелерінде бюджеттік құралдардан тыс қосымша ақылы қызмет көрсету формалары ретінде келесілер болуы мүмкін:
- ғылыми-зерттеулік, өнеркәсіптік, консалтингтік, сертификаттық іс-әрекет, сараптамалық, ақпараттық және басқа да қызмет көрсету;
- мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарымен, меншіктің барлық формадағы кәсіпорындар мен ұйымдармен, басқа да заңды және жеке тұлғалармен келісімшарт арқылы мемлекеттік тапсырыстан тыс кадрларды даярлау, қайта даярлау мен персоналдың біліктілігін көтеру;
- шетел студенттері, аспиранттар мен стажерларды оқытудың тиімді және табысты жүйесін қалыптастыру;
- оқу орындарының әлеуметті тинфрақұрылымдарын келе-келе ақылы пайдалануға өту.
Сонымен қатар тағы бір қаржыландыру көзі женінде айта-кетсек — ол халықаралық ұйымдардың ақысыз негізінде немесе халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларды іске асыруға білім беру мекемелерге берілетін құралдар.
Қайырымдылықтық құралдар көлемін жоспарлау мүмкін емес. Ол білім беру үдерісінің барлық қатынасушылардың — білім беру орнының ұжымы, оқитындардың ата-аналары, қоғам, шаруашылық субъектілер — жігеріне байланысты. Бұл қаржыландырудың ерекшелігі — ол ақша құралдарының пайда-лану тәртібін жәрдем алушы емес қолдаушы өзі анықтайды, ал, бұған кері, мекеме дербес коммерциялық іс-әрекетінен түскен табысты өз еркі пайдаланады.
Кадрларды кәсіби дайындау және жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа қадамы.
Қазақстан Республикасының дамуы қазіргі кезеңде білім беру саласына әсері бар өте маңызды өзгерістермен сипатталады. Олардың қатарында өсіп келе жатқан түлектерді тәрбиелеу мен оқытуға қажетті шарттар жасау мемлекеттік білім беру жүйесінің негізгі мақсаты және бұл жүйенің жас түлектердің ойдағыдай дамуына әсер ететін факторлар ішіндегі рөлі өте зор. Сондықтан білім беру аумағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттарының бірі — ол білім берудің осыған дейін жеткен деңгейін, сапасын және базалық білім алудың мүмкіндігін келешекте сақтап қалу және әрі қарай дамыту.
Бұл мақсатты шешу білім беру аумағының басымдылықтары мен олардың іс-әрекеттерін қамтамасыз ету жолдарын анықтауға байланысты. Білім беру дамуының мемлекеттік қаржылық көмекпен қамтамасыз ету қажетті басымдылық бағыттарын таңдау — ең алдымен білім берудің әр түрлі деңгейлері бойынша шығындар арасалмағын анықтауды талап етеді. Ал болашақта Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға байланысты өзгерістер болуы мүмкін, ең алдымен оқытудың сапасы мен тұрақтылығын сақтау үшін шығындардың бірталай өсуі.
2010 жылдан бастап республикада студенттік контингентті қалыптастыру жаңа үлгіге және жоғары білім беруде қаржыландыруда жаңа әдіс пайдалануға көпіу іске асырылды. Осы үлгіге сәйкес азаматтардың ақысыз жоғары білім алу мүмкіншіліктері мемлекеттік білім беру тапсырысқа енген мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру гранттар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру тапсырысқа арналған республикалық бюджет шығындарын жоспарлау жыл бойы бір студентті оқыту бағасының есебі арқылы іске асырылады. Ал мемлекеттік білім берудің тапсырыс арқылы оқып жүрген бір студентке шаққандағы шығындар мөлшері жоғары оқу орнының барлық шығындар көлемін барлық студенттердің орташа жылдық шартты контингенттіне бөлумен анықталады.
Жоғары кәсіптік білімді кадрларды даярлауға арналған шығындар құрамына келесі баптар кіреді:
- оқытушылар, қызметкерлер мен басқа да персоналдың еңбекақысы;
- қосымша ақшалай төлемдер мен еңбекақының сағаттық қоры;
- студенттердің кәсіптік практикасына арналған шығындар;
- коммуналдық шығындар;
- оқу-әдістемелік әдебиеттер алуға арналған шығындар;
- басқа да шығындар.
Студенттік контингентті қалыптастырудың жаңа үлгісі мен жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа әдісінің оң болғанымен, мемлекеттік білім беру тапсырысқа арналған шығындарды жоспарлау әдістері көбінесе түрлі бағыттар мен әр түрлі мамандықтар бойынша кадрлар даярлау процесінің ерек-шеліктерін есепке алмайды. Сонымен қоса, гранттар арқылы берілетін құралдар негізінде оқу орындарының ағымдағы шығындарын өтейді, ал олардың материалды-техникалық базаларын бекіту мен дамуын қамтамасыз етпейді.
Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындары, басқа да білім беру деңгейлері сияқты, өзінің әлеуетін сақтау мәселелері мен басымды бағыттар бойы әрі қарай даму мақсаттарын шешуде. Бұл мақсаттардың негізгілері болып жоғары білім беру мекемелер тізбектерінің құрылымын жетілдіру мен оқу орындарының әлеуметті-экономикалық ахуалын түрақтану мен көпарналы қаржыландыру механизмін дамыту табылады.
1.5 Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі
Білім беру саласының қаржылық қамтамасыз етуінің тиімділігі бюджет құралдарының нақты қажеттілігінің есептемелері мен оларды дәйекті жоспарлау тәртібіне негізделеді. «Білім беру туралы» Заңға сәйкестік мемлекет жыл сайын білім беру шығындарын қаржылындыруға бюджет құралдарын бөлуді кепіл етеді. Бұл құралдардың мөлшері бюджет жүйесіиің деңгейлері бойынша кірістер көлемімен реттеледі. Сондықтан, білім беруге арналған шығындарды бюджетке енгізу олардың қажеттілігімен қоса сол шығындарды іске асыру қаржылық мүмкіншіліктерімен анықталады.
Білім беру саласына арналған бюджет құралдары бюджеттік жіктелуге сәйкес бөлінеді. Бұл саланы үстауға арналған бюджеттік ақшаны жоспарлау тәртібі әрбір мекеме үшін іс-әрекетінің белгіленген өндірістік көрсеткіштерін есепке алуға мүмкіншілік жасайды. Мысалы, осындай көрсеткіштер болып мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үшін балалар мен топтар саны, мектеп үшін — оқушылар мен сыныптар саны табылады. Шығындарды есептеу, белгіленген формаларды пайдалана отырып, шығыстардың экономикалық жіктелу ерекшеліктері бойынша анықталады.
Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік қызметкерлер емес жұмыскерлерінің негізгілік еңбекақысына арналған шығындар есептемелерін құру үшін 02-111 және 03-111 формалары толтырылады. Бұл формаларда мамандық пен қызмет атаулары, жұмыскерлердің категориясы мен стаждары бойынша мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің айлық еңбекақы сомалары анықталады.
Білім беру мекемелерінде тамаққа арналған шығындар есебі үшін 01-131 форма толтырылады. Бүл формада бір оқушы немесе бір балалаға шаққандағы тамақ нормасы мен олардың орташа жылдық саны негізінде тамақ азықтарын алушылардың атаулары көрсетіледі. Үкімет тағайындаған нормативтер негізінде коммуналдық және электроқуатқа арналған шығындар көлемін есептеу үшін 01-141 және 01-144 формалар толтырылады. Сонымен қатар, ғимараттар, құрал-жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды ұстау, күту және жөндеуте арналған шығындар көлемін есептеу үшін 01-146 форма толтырылады.
Нәтижесінде, осындай есептемелер негізінде қажетті бюджеттік құралдар көлемі анықталып, білім беру мекемесінің қаржыландыру жоспары қалыптастырылады. Бұл құжатта мекеменің аты мен мекен-жайы және бюджеттік жіктелудің кодтары, бюджетке шамаланған кірістер түсуіне сәйкестік тоқсан сайын қаржыландыру көлемін бөлуімен экономикалық жіктелудің әрбір ерекшеліктері бойы бекітілген құралдар сомасы көрсетіледі.
Экономикалық әдебиет беттерінде білім беру мекемелерінің шығындарын есептейтін әр түрлі әдістер үсынылады. Солардың бірі, ақпараттық жалпы қаржылық көрсеткіш болып есептелетін, оқушылардың біріне шаққандағы шығындар мөлшерін пайдалануға негізделеді. Бұл көрсеткіштің мағынасын анықтағанда басқа да функционалдық көрсеткіштердің деңгейін есепке алу қажет, мысалы, мүғалімдер кадрлары мен олардың саны, оқушылардың сабақ үлгеруін, орта мектепте білім алудың мүмкіндігін, негізгі құралдардың көлемі мен жағдайын және тағы басқаларын.
Мысал ретінде экономикалық әдебиет бетінде жарияланған әдістердің бірін пайдалану мүмкіндігін қарайық. Бұл әдістің тізімінде оқушылардың біріне шаққандағы орта білім беруге арналған шығындар мөлшері алынған. Республика бойынша осы көрсеткіштің деңгейі орташа есеппен алғанда 156 АҚШ долларын құрайды. Бұл мөлшерді бастапқы (Сб) ретінде пайдаланғанда, оның жеткілікті деңгейін анықтау үшін қор коэффициентін (Кқ) енгізу қажет. Осы коэфициенттің мөлшері, макроэкономикалық көрсеткіштер өзгерістерінің негізінде білім беруге арналған шығындар сомасы объективті түрде өсу мүмкіндігін есептегенде, мысалы, 30%-ды құраса, онда 1,3-ке тең болады. Демек, орта білім беру деңгейі үшін жеткілікті шығындар мөлшерін (Сж) келесі формула арқылы анықтауға болады:/6/
Сж = Кқ * Сб = 1,3 * 156 = 202,8 АҚШ долл./адамға. (1)
Бұл нәтиже республика бойынша көрсеткіштің орташа мөлшерін көрсетеді, ал ауыл мен қала мектептері бойынша орта білім беруге арналған шығындар мәнін анықтау үшін осы есептелген көрсеткішті саралау қажет. Ауылдық мектептердің ахуалын, ауыл түрғындарының мекендеу ерекшеліктерін және барлық оқушылардың жартысына жуығы осы ауылды жерде тұратындарын есептей отырып, оқушылардың біріне шаққандағы шығындар мөлшерінің есебін әр түрлі дүрыстау коэффициенттерді (Кд) пайдалану арқылы анықтауға болады, яғни, мысалы, ауылдық жердегі мектептері үшін Кд = 1,1, ал қалалық қоныстану мектептер үшін Кд = 0,9. Демек, аймақтар бойынша орта білім беру деңгейі үшін жеткілікті шығындар көлемі (Сжр) айтылған ерекшеліктерді есептей отырып келесі формула арқылы анықталады:/6/
Сжр = Саж * Оса + Сққ * Осқ, мұнда (2)
Саж — ауылдық жердегі мектептер үшін оқушылардың біріне есептелген шығындар мөлшері;
Сққ — қалалық қоныстану мектептер үшін оқушылардың біріне есептелген шығындар мөлшері;
Оса — аймақ бойынша ауылдық жердегі мектептердегі оқушылар саны;
Осқ — аймақ бойынша қалалық қоныстану мектептердегі оқушыларының саны.
Осы әдісті қолдана отырып, республика бойынша барлық білім беруге арналған шығындар көлемін анықтауға болады. Білім беру саласын қаржыландыру көлемін жеткілікті шығындар мөлшерін есептеу арқылы анықтау аймақтар мен түрғын жер бойынша диспропорцияны жою мен әлеуметтік жағдай жасауды іске асыруға мүмкіндік береді.
Білім беру мекемелерін ағымды ұстауға арналған шығындардың негізгі бөлігін еңбекақы төлеуге жұмсалатьш шығындар құрайды. Олар педагогикалық, әкімші-шаруашылық және оқу-көмектесуші персонал бойынша анықталады. Үкімет бекіткен бірыңғай тарифтік кесте негізінде анықталған осы еңбекақы мен оған қосымша және басқа да төлемдер түрлеріне арналған шығындар қосыңцысы білім беру мекеме жұмыскерлерінің еңбекақы қоры больш табылады.
Білім беру саласының мемлекеттік мекеме жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесі Республика Үкіметінің 2009ж. бекіткен №91 «Мемлекеттік қызметкерлер және қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлері емес мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесі жөніндегі» қаулысымен реттеледі. Осы қаулыға сәйкестік білім беру мемлекеттік мекемелерде сағаттық еңбекақы жүйесі тағайындалған және осындай мекемелердің жұмыскерлері мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметтері тізілімінің санат тобына апарылған. Еңбекақы қорын анықтау маңында негізгі табыстық ақымен қоса жалпы білім беру, жоғары білім беру мен мемлекеттік ғылыми мекемелер мен қазыналық кәсіпорыыдар жұмыскерлеріне еңбектің айрықша шарттары үшін заңнамалармен тағайындалған қосымша төлемдер есептеледі. Мысалы, мектеп мүғалімдерінің еңбекақы қоры қосымша төлемдерді қоса бірыңғай тарифтік кесте негізінде есептелген педагогикалық мөлшерлемелер саны мен мүғалімнің айлық орташа мөлшерлемесі арқылы анықталады.
2 Мемлекеттік бюджеттен білім беру жүйесін дамытуға бөлінген қаржылардың жұмсалуын талдау
2.1 Қазақстан Республикасы бойынша мемлекеттік бюджеттен білім беру жүйесіне бөлінген қаржылардың үлесі
Бiлiм беру-аса күрделi әлеуметтiк – экономикалық механизм. Оның мәселелерi де сан қырлы. Қазiргi кезде республикамызда қолға алынған бiлiм беру жүйесiн реформалау iсi осы саланың экономикалық ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жоспарын түбегейлi өзгертуге бағытталған бiр тұтас кешендi шаралармен тығыз байланысты. Бiлiм беру iсiндегi жаңа үрдiстiң мән-мағанасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйектi факторлар келесiлер :
1) Қазақстан Республикасының тәуелсiз егемендi мемлекет болып қалыптасуы;
2) экономикалық нарықтың моделiн ұстанып, меншiктiң түрлi пiшiндерiн дамыту;
3) ұлттық бiлiм беру iсiнiң әлемдiк бiлiм жүйесiне кiруi болып отыр.
Нарықтың экономика жағдайында, бiлiм беру жүйесiн реформалау iсi де қарама – қайшылықтарсыз емес. Мемлекеттiк бiлiм беру жүйесi мектептерде бюджет қорынан қаржыландырса, жоғарғы білім “грант, кредит” арқылы және мемлекеттiк емес оқу орындары мен шаруашылық есептегi бiлiмгерлер халықтың қаржысынан қаржаттануда . Сондықтан да, бiлiм беру саласының бюджет қорынан қаржылануын 1-кестеде қарастырамыз.
Кесте 2.1
Бiлiм беру жүйесінің мемлекеттік бюджет қорынан қаржылануы
пайыз
Көрсеткіштер |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
Бiлiм беру жүйесiнiң, бюджет қорынан қаржылануы. |
17,6 |
23,4 |
21,4 |
18,4 |
16,8 |
14,7 |
14,0 |
14,5 |
14,5 |
14,8 |
Ескертпе- Есептеу нәтижелері арқылы анықталынған (қосымша А) |
Есептеу нәтижесі бойынша 2002-2011 жылдыр аралығында білім саласын бюджет қорынан қаржыландыру, 2002 жылдан 2004 жылға дейiн қаржыландыру 3,8 пайызға артса, 2005 жылдан, бiлiмгерлердi шаруашылық есепке қабылдауға байланысты 2005 жылдан 2010 жылға дейiн бюджеттен қаржы аз бөлiнген.
Осы мәліметтерге сүйене отырып, мемлекеттік бюджеттен білім беру саласына бөлінген қаржылардың үлесі 1- суретте қарастырамыз.
Сурет 1. Білім беру жуйесіне мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржының үлесі
Есептеу нәтижелері бойынша 2002-2011 жылдар аралығында мемлекеттік бюджеттен білім беру саласына бөлінген қаржы
Сондай-ақ бiз мемлекетіміздегі мемлекеттік және мемлекеттiк емес оқу орындарын 2.2- кестеде қарастырамыз.
Кесте 2.2
Оқу орындарының саны
Жылдар |
Мектептер саны |
Колледждер саны |
Жоғарғы оқу орындарының саны |
|||
Мемлекет- тiк |
Мемлекет- тiк емес |
Мемлекет- тiк |
Мемлекет-тiк емес |
Мемлекет-тiк |
Мемлекет- тiк емес |
|
2002-031ж. |
8552 |
66 |
264 |
19 |
111 |
66 |
2003-041ж. |
8114 |
124 |
219 |
40 |
133 |
71 |
2004-051ж. |
8104 |
180 |
246 |
71 |
144 |
88 |
2005-061ж. |
8091 |
199 |
274 |
99 |
163 |
106 |
2006-071ж. |
8153 |
153 |
293 |
117 |
170 |
112 |
2007-082ж. |
8240 |
164 |
318 |
138 |
185 |
126 |
2008-092ж. |
8160 |
170 |
335 |
158 |
177 |
127 |
2009-102ж. |
8092 |
155 |
178 |
179 |
46 |
134 |
2010-113ж. |
8069 |
147 |
174 |
211 |
51 |
130 |
Ескертпе — берiлген мәлiметтер 1)[21,115-117 б.] ; 2)[14,46-48 б.]; 3) [22,41-42 б.] |
Кестедегi мәлiметтер бойынша оқу орындарының саны 2003-2011 жылдар аралығында төмендегiдей:
— Мемлекеттiк мектептер саны 483 мектепке қысқарса, мемлекеттiк емес мектептер саны 81 мектепке көбейген.
— Мемлекеттiк колледждер саны 90 колледжге азайса, мемлекеттiк емес колледждер саны 192 колледжге көбейген;
— Жоғары оқу орындарының саны, яғни мемлекеттiк жоғарғы оқу орыны 60 санға азайса, мемлекеттiк емес жоғарғы оқу орындарының саны 64 санға көбейген;
Қорыта айтсақ, мемлекеттiк емес оқу орындарының барлығы халықтың қаржылары есебінен қаражаттандырылуда. Осы оқу орындарындары санының қозғалысын 2- суретте қарастырамыз.
Сурет 2. — Оқу орындар санының қозғалыс диаграммасы
Оқу орындары санынан байқағанымыз, мемлекеттiк мектептер саны азайып, мемлекеттiк емес мектептер саны көбейген, себебi ата – аналар терең бiлiм алу үшiн балаларын ақылы мектепке бередi, оның үстіне мемлекеттiк мектептегi оқушылардың сыныптағы саны 30 және одан жоғары оқушылардан құралса, мемлекеттiк емес мектептегi оқушылардың сыныптағы саны 10 оқушыдан болады, яғни күнделiктi оқушылардың білімділігін тексеруге мүмкiншiлiгі және сабақ жүргізу мүмкіншілігі мол.
Мемлекеттiк емес жоғарғы оқу орындары мен мемлекеттiк емес колледждер санының артуы, нарық жағдайындағы сұранысқа байланысты, ондағы шаруашылық есепте оқитын бiлiмгерлер санының өсуiнiң мақсаты- көп жағдайда бiлiмгерлердiң бiлiмділігін арттыру емес, арзан бағада тек диплом алу мақсатында оқиды. Мемлекеттiк жоғары оқу орындарымен мемлекеттік колледждердегi шаруашылық есепте оқитын бiлiмгерлер төлейтiн бiр жылдық төлем мемлекеттiк емес оқу орындарына қарағанда 1,3 есеге қымбат. Сондықтан көптеген бiлiмгерлер қазiргi кезеңдегi оқу базасының жабдықталуына қарамастан, төлемi аз мемлекеттiк емес оқу орындарына түсуде. Бірақ, жеткілікті білімсіздік-өмірге қабілетсіздік туғызары айғақ.
Нарықтық сұранысқа байланысты шаруашылық есептегi білімгерлердің қаржылары халықтардың қаржыларынан өтелетінін 3- суретте көрсетеміз.
Сурет 3. Бiлiм беру саласындағы қызметтерге халық есебінен төленген қаржылардың қозғалысы
Бiлiм беру саласы қызметiнiң негізгі бағамен шығарылу мөлшері 2004-2011 жылдар аралығында 140575,7 млн.теңгеге (227917,6-87341,9) өсті. Осы саланың бюджет қорынан қаржылануы 125140 млн.теңгеге (190748-65608,0) өскен. Жалпы бiлiм беру саласының бюджет қорынан қаржылануы 69,2 пайызды құраса, халық есебінен қаржылануы 30,8 пайызды құраған.
Нарық эволюциясының даму бағыттар бағасының қорытындылары:қоғамдық негізгі қорларды жекешелендіру процестерінің нәтижелерінде халықтың қаржы қатынастар кеңестігінің дамуындағы егелігі мен егемендігі туындады;
- нарық эволюциясы білім нарығы, денсаулық сақтау нарығы, тұрмыстық шығындар нарығын туғызып, халықтың қаржылау үнемінің экономикалық элементті туғызды;
- халықтың нарықтық экономикаға өтуіне байланысты қаржы механизмдік құрылымын жетілдірудегі жіберілген қателіктерді түзету.
Кесте 2.3
Бiлiм беру саласындағы қызметтерге халық есебінен төленген қаржылар
млн.тг
Көрсеткіш-тер |
1.01.04ж. |
1.01.05ж. |
1.01.06ж. |
1.01.07ж. |
1.01.08ж. |
1.01.09ж. |
1.01.10ж. |
1.01.11ж. |
||||||||
cома- сы |
үлес сал-ма-ғы,% |
сома- сы |
үлес сал- ма-ғы% |
сома – сы |
үлес сал-ма-ғы% |
сома – сы |
үлес салмағы,% |
сома- сы |
үлес сал-мағы,% |
сома- сы |
үлес салмағы,% |
сома -сы |
үлес сал-мағы,% |
сома- сы |
үлес салмағы,% |
|
Бiлiм беру саласының қызметiн негiзгi бағамен шығару |
87341,9 |
100,0 |
02389,1 |
100,0 |
101487,3 |
100,0 |
128736,3 |
100,0 |
141257,6 |
100,0 |
190206,2
|
100,0 |
190297,4 |
100,0 |
227917,6 |
100,0 |
Бiлiм беру саласының бюджет қорынан қаржылануы |
65608,0 |
75,1 |
73375 |
71,6 |
69462 |
68,4 |
78491 |
60,9 |
84668 |
59,9 |
106419 |
55,9 |
148941 |
78,2 |
190748 |
83,7 |
Бiлiм беру саласындағы қызметтерге халық есебінен төленген қаржылар. |
21733,9 |
24,9 |
29014,1 |
28,4 |
32025,3 |
31,6 |
50245,3 |
39,1 |
56589,6 |
40,1 |
83787,2 |
44,1 |
4135,6,4 |
21,8 |
37169,6 |
16,3 |
Ескертпе-Есепту нәтижелері арқылы аңықталаған (Қосымша Д) |
Есептеу нәтижесі бойынша бiлiм беру саласындағы қызметтерге халық есебінен төленген қаржылар 2003-2011 жылдар аралығында 8,6 пайызға (16,3-24,9) азайғанымен, білім беру саласының шаруашылық есептегі білімгерлерінің саны артуда.
2.2 Мемлекеттік бюджеттен білім беру жүйесіне бөлінген қаржыларды талдау
Өз кезегінде мемлекеттік шығыстар мемлекеттің қызметтеріне байланысты ақшалай шығындарды көрсетеді. Экономикалық категория ретінде, қоғамдық өндірісті дамыту және жетілдіру, қоғамның әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қоғамның өнімді бөлу, қайта бөлу және тұтынуға байланысты мемлекеттік шығыстар экономикалық қатынастар жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттік шығындар – бұл мемлекеттің қызмет етуімен байланысты ақша шығындары болып табылады. Экономикалық категория ретінде мемлекеттік шығындар – бұл қоғамдық өндірістің қалыптасуы және дамуы мақсатында жалпы қоғамдық өнімді бөлумен, қайта бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық категория болып табылады.
Мемлекеттік шығындардың құрамына: мемлекеттік бюджет шығындары, бюджеттен тыс қорлар шығындары, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың шығындары және өндірістік, сондай-ақ, өндірістік емес сала мекемелерінің шығындары кіреді. Мемлекеттік сектордағы кәсіпорындардың шығындары келесілерден тұрады: өндірістік және шаруашылық-эксплуатациялық қызметпен байланысты шығындар; өндірісті дамыту шығындары /негізгі және айналым қорлары/; бюджеттік және бюджеттен тыс қорларға төлемдер; ынталандыру қорлары;
Жалпы мемлекеттегі барлық бағыттағы және белгілі бір мақсаттарға арналған барлық шығындардың жиыны мемлекеттік шығындар жиынын құрайды.
Мемлекеттік шығындардың ұйымдастырылуы алдын-ала болжау бойынша жүргізіледі, сондықтан мемлекеттік шығындарды ұйымдастырудың негізгі принципі жоспарлау болып табылады.
Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты анықталатын негізгі екі әдісі бар:
- Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру жекеменшік ресурстар, банк несиелері есебінен жүргізіледі.
- Сметалық-бюджеттік қаржыландыру- бұл ретпен мәдени-әлеументтік іс-шаралар шығындары, мемлекеттік үкімет органдарының шығындары және басқару, қорғаныс шығындары қаржыландырылады, негізгі құжаты сметалардың негізінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, бюджеттік қаржыландырудың келесі әдістері қолданылады: дотация, субсидия, субвенция.
Мемлекеттік шығындар әр түрлі белгілеріне қарай жіктеледі. Экономикалық мазмұнына қарай мемлекеттік шығындар үш негізгі топқа бөлінеді: өндірістік салаға қатысты, яғни материалдық өндіріс шығындары; өндірістік емес сала шығындары; мемлекеттік резерв құруға кеткен шығындар;
Бірінші топ шығындары мемлекеттің шаруашылық қызметіне негізделген және ұлттық кірістің қалыптасуымен байланысты шығындар болып табылады.
Екінші топтағы мемлекеттік шығындар қоғамның қоғамдық қажеттіліктері үшін ұлттық кірісті тұтыну шығындары болып табылады. Өндірістік емес салаға жұмсалатын құралдар негізінен денсаулық, ғылым мен мәдениетті дамытуға, жұмыскерлерді әлеументтік сақтандыруға және барлық қоғам мүшелерін әлеументтік қамтуға бағытталады. Сонымен қатар, бұл топ шығындары бойынша мемлекет қорғанысқа, мемлекеттік аппарат және т.б. іс-шараларға, яғни мемлекеттік орган қызметтерімен байланысты іс-шараларды қаржыландыруға шығындар жасайды.
Үшінші топтағы мемлекеттік шығындар – мемлекеттік резервтерді құру және толықтыруға арналған, яғни ол өндірістік және өндірістік емес салалардың төтенше жағдайда қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған /өз кәсіпорындарында/ күйде құру тиімсіз, керісінше орталықтандырылған резервтер оларды неғұрлым тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Салалық белгісіне қарай материалдық өндіріс саласында мемлекеттік шығындар өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс, сауда; ал өндірістік емес сала бойынша білім, ғылым, денсаулық әлеументтік сақтандыру және әлеументтік қамту, қорғаныс және басқару болып бөлінеді.
Мақсатты белгісіне қарай: экономиканы қаржыландыру шығындар, әлеументтік-мәдени іс-шаралар шығындары, ғылым және т.б. болып бөлінеді.
Әлеументтік-мәдени іс-шаралар шығындары мемлекеттік шығындар ішіндегі маңызды шығындардың бірі болып табылады, яғни оған ақпараттық қызмет көрсетулер, мәдениет, өнер, денсаулық, спорт, мемлекеттік әлеументтік сақтандыру және т.б. жатады. Бұл шығындарды қаржыландырудың негізгі қайнар көзі – мемлекеттік бюджет және арнайы бюджеттен тыс қорлар болып табылады.
Мемлекеттік әлеументтік қорғау шығындары мемлекеттік және басқа да институттар арқылы жүргізілетін, азаматтарға дұрыс өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін және соған сәйкес қоғамның дамуына мүмкіндік беретін механизм жүйесі. Әлеументтік шығындар зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық, мемлекеттік зейнетақы жинақ қоры, арнайы қорлар және шаруашылық субъектілерінің тұтыну қорлары арқылы қалыптасады. Тұрғындарды және өндірістік емес саладағы шаруашылық субъектілерді қорғау органдары арқылы жүзеге асырылады.
Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру келесі объектілерден тұрады: әр түрлі ғылыми зерттеулер, жобалық өңдеулер, жаңа техника мен технологияны ендіру, өндірісті ұйымдастыру әдістері, еңбекті ұйымдастыру және өндірістік басқару шығындары. ҒТП-ті қаржыландыру орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының есебінен және банк несиелері есебінен жүргізіледі.
Сонымен қатар, әрбір мемлекет өзінің бірлігін қолдауы қажет, яғни бұл мемлекеттің маңызды бір функциясы болып табылады. Мемлекет құрылымында әскери күштердің болуы міндетті болып табылады. ҚР – ның қорғаныс Министрлігінің басшылығы және орталықтандырылған жетекшілігі уақытылы қаржы ресурстарының аударылуын талап етеді. Қорғанысты қаржылық қамтамасыз етуге келесілер жатады:
қарулы күштерді қаржыландыру; әскери техника, өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдер, қару және т.б шығындар; қорғаныс сипатындағы өңдеулер мен ғылыми зерттеулер; әскери объектілердің күрделі құрылысы; әскери қызметкерлерді міндетті мемлекеттік жеке сақтандыру.
Дотация – бұл кәсіпорындар мен ұйымдар шығындарын жабуға және төменгі бюджет органдарына бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар құралдарынан қайтарымсыз берілетін ақша құралдары.
Субвенция – тұрғындарды әлеументтік қамту бойынша іс-шаралар және бағдарламаларға берілетін мақсатты мемлекеттік қаржылық көме, егер сол берілген мақсатқа субвенция жұмсалмаса қайтарымға жатады.
Субсидия – ақшалай және натуралды формада бюджеттік және бюджеттен тыс арнайы қорлардан қайтарымсыз үлестік негізде белгілі бір іс-шараларды қаржыландыру көмегі болып табылады.
Экономиканы дамытуға кеткен шығындар – бұл өндіріс көлемінің үнемі өсіміне және оның тиімділігін жоғарлатуға бағытталған ақша құралдары. Оған келесілер жатады: капитал салымы; негізгі құралдарды жөндеу; айналым құралдарының өсімі; материалдық резервтерді құру; арнайы мақсатты қорлардың қалыптасуы. Экономика шығындары ішінде маңызды орынды капитал салымы алады, ғни ол ұлттық шаруашылықтың барлық саласындағы негізгі қорларды дамытуға бағытталған ақша, еңбек, материалдық ресурстар шығындарының жиыны болып табылады. Капитал салымының құрамына келесілер кіреді: құрылыс-монтаждық жұмыстар; құрал-жабдықтарды қалыптастыру; басқа да күрделі жұмыстар мен шығындар /геологиялық, жобалық және т.б./; кадрларды даярлау шығындары;
Кесте 2.4
Мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінен білім беру саласына жұмасалынған қаржылар
мың.тг
р/с |
Көрсеткіш-тер
|
2010 ж |
2011 ж |
Ауытқуы (+;-) |
|||||
нақты- ланған бюджет сомасы |
іс жүзін-де орын-далуы сомасы |
Ауыт-қуы (+;-) |
нақты- ланған бюджет сомасы |
іс жүзінде орын-далуы сомасы |
Ауыт қуы (+;-) |
нақты- ланған бюд-жет сомасы |
іс жүзінде орын-далуы сомасы |
||
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
Шығыстар |
1209880 |
1144003 |
-65877 |
1429436 |
1419357 |
-10079 |
219556 |
275354 |
1 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
112701 |
106842 |
-5859 |
130740 |
128518 |
-2222 |
18039 |
21676 |
2 |
Қаржылық қызмет |
11539 |
11122 |
-417 |
14065 |
13552 |
-513 |
2526 |
2430 |
3 |
Білім беру |
959726 |
902443 |
-57283 |
1121510 |
1113776 |
-7734 |
161784 |
211333 |
4 |
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру |
47710 |
46605 |
-1105 |
58665 |
58221 |
-444 |
10955 |
11616 |
5 |
Тұрғын үй коммунал-дық шаруа-шылық |
37718 |
37539 |
-179 |
21525 |
21522 |
-3 |
-16193 |
-16017 |
6 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестер |
35964 |
35551 |
-413 |
64436 |
63938 |
-498 |
28472 |
28387 |
7 |
Ауыл,су, орман,балық шаруашы-лығы, қоршаған ортаны қорғау |
5045 |
5025 |
-20 |
9566 |
10675 |
1109 |
4521 |
5650 |
8 |
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет |
1533 |
1295 |
-238 |
9048 |
8862 |
-186 |
7515 |
7567 |
9 |
Басқалары |
8694 |
7915 |
779 |
8020 |
6872 |
-1148 |
-674 |
-1043 |
Естептеу нәтижелері бойынша экономиканы жоспарлаумен болжау бөлімінің шығысындағы қаржылардың жұмсалуы 2010 -2011 жылдарындағы іс жүзіндегі орындалулардыды салыстырғанда салаларға қаржылар былтырғы жылға қарағанда 275354 мың теңгеге көп жұмсалынған себебі:
— жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер саласына 21676 мың теңгеге;
— қаржылық қызмет саласына 2430 мың теңгеге;
— білім беру саласына 211333 мың теңгеге ;
— әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек саласына 11616 мың теңгеге ;
-өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет салаларына 7567 мың теңгеге қаржылар жұмсалынған.
2.3 Мемлекеттік бюджеттен білім беру жүйесіне бөлінген қаржылардың құрамы мен құрылымын талдау
Білім беру жүйесіне бөлінген бюджеттің шығындары — қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Білім беру жүйесіндегі бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2)тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығандар — мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер — қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) заңи тұлғаларға субсидиялар — мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер — бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңи тұлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады.
Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резервті;
2) шұғыл шығындарға арналған резервті;
3) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті кіріктіреді.
Үкімет резервінің және жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде тиісінше Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын шешімдері бойынша жүзеге асырылады.
Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.
Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін Үкімет белгілейді.
Операциялық сальдо бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс операциялық сальдо, ал бюджет кірістерінің бюджет шығандарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың жалпы көлемі бюджет кірістерінің келемінен асып түспеуге тиіс.
Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар:
1) қаржы активтерін сатып алуды;
2) мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.
Қаржы активтерін сатып алу — заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер — мемлекеттік меншіктегі заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлесін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерін сатып алу мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютті және относителді тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл инфляциялық процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр.
Күрделі шығыстар өзімен бірге негізгі капиталға салым салумен және запастардың өсуімен байланысты ақша шығындары білдіреді. Олар бюджет есебінен халық шаруашылығының әртүрлі салаларына капитал салудан, инвестициялық субсидиялар мен мемлекеттік және жеке кәсіпорындарға және жергілікті билік органдарына берілетін ұзақ мерзімді бюджеттік несиеден тұрады. Шығыстардың бұл тобы мемлекеттердің бұл тобы мемлекеттердің күрделі шығыстары мен кіріс бюджетінде көрініс табады.
Бюджет шығысын сыныптарға бөлудің маңызды белгісі заттық. Сонымен қатар мұнда барлық шығыстар бірнеше ірі топқа бөлінеді:
- Халық шаруашылығын қаржыландыру;
- Әлеуметтік мәдени шаруаларды қаржыландыру;
- Ғылымды қаржыландыру;
- Қорғанысты қаржыландыру;
- Құқықтық қорғау органдары мен мемлекеттік билік және басқару органдарын ұстау;
- Сыртқы экономикалық қызмет боцынша шығыстар;
- Резервтік қорды құру;
- Мемлекеттік қарызды өтеу бойынша шығыстар;
- Басқа да шығыстар мен төлемдер.
Мұнда мемлекеттің қоғамдық өмірінің әртүрлі саласындағы ролі айқын көрінеді. Көрсетілген шығыстар тобына қосымша басымырақ жалпы мемлекеттік бағдарламаларды орындау шығындары кіреді Мақсатты бағдарламалардың жеке түрі бойынша қаражаттарды бөлу бюджет қаражаттарын шоғырландыруда және оларды басты бағыттар бойынша пайдалануды басымдылықты қамтамасыз етеді.
Салалар негізінде шығыстарды экономиканы салаларға және қызмет түрлеріне бөлуге болады. Осыған байланысты материалдық өндірісте шығыстар шаруашылықтың келесі саласы бойынша топталады.: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс және т.б. Материалдық емес өндірісте халыққа білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, тұрғындарға әлеуметтік қолдау, мемлекеттік басқару және т.б. шығыстарға бөлінеді. Бюджет шығыстары осылайша бөлу қоғамдық өндірістің құрылымдық жаңару мақсатында мемлекеттік ресурстарда қайта бөлуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Шығыстар ведомстволық және мақсатты белгілері бойынша да ерекшелінеді. Ведомстволық белгі шығыстардың әр тобында сәйкес министрлік мекеме немесе заңды тұлғаны анықтауға, яғни бюджет қаражаттарын алушыларды білуге мүмкіндік береді. Мұндай топтау бюджеттік ресурстардың жұмсалуына нақты адресті қаржылай бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Мақсатты белгілері бойынша бюджет шығыстары шығынның нақты түрлеріне бөлінеді. Мақсатты бағыты бойынша шығыстарды сыныптарға бөлу бюджеттік қаражаттарды ұтымды пайдалану үшін алғы шарттарды жасайды, бюджеттік қаржылардың пайдалануына тиімді бақылау жүргізу үшін қажетті база болып табылады. Қазіргі кезде 19 бағыт бойынша шығыстарды топтау қолданылады:
- еңбекақы;
- еңбекақыға үстемақылар;
- кеңселік және шаруашылық шығындар;
- іссапарлар;
- шәкірақылар;
- тамаққа кететін шығындар;
- медикаменттер мен тоңу құралын сатып алу;
- жабдықтар мен мүліктерді сатып алу;
- жұмсақ жиһаздарды сатып алу;
10) мемлекеттік күрделі салымдар;
11) күрделі жөндеу;
12) көркейту ғимараттарын ұстау;
13) геологиялық барлау жұмыстары;
14)жобалау;
15) мемлекеттік дотация;
16) операциялық шығындар;
17) ссудалар бойынша төлемдер;
18) баға арасындағы айырмашылықтың орнын толтыру;
19) басқа да шығындар.
Шығыстарды сыныптарға бөлудің соңғы белгісіне аймақтық жатады. Басқару деңгейі бойынша, яғни елді әкімшілік аумақтық бөлуге байланысты бюджет шығыстары унитарлы мемлекеттерде орталық бюджет шығыстары мен жергілікті бюджет шығыстарына, ал федеративті елдерде – федералды бюджет шығыстарына, федерация субъектілерінің бюджеттерінің шығыстары мен жергілікті бюджеттер шығыстарына жатады:
— бюджеттік ресурстарды пайдаланудан ең үлкен әсер алу, ол сәйкес шығыстарды нормалауды, сонымен қатар алынатын нәтижеге қатысты мемлекеттік шығыстарды біртіндеп азайтуды білдіреді. Ал, әсерді, бір жағынан елдердің әлеуметтік экономикалық дамуы әртүрлі мәселелерін шешуде, 2-ші жағынан, бюджет қаражаттары алушылардың табыстарының өсуі есебінен бюджет қорының ресурстарын ұлғайтуда қарастыруға болады.;
— бюджет ресурстарын пайдаланудың мақсатты сипаты бюджет қаражаттырын беру бекітілген бюджетке сәйкес қатаң мақсатты бағыттар бойынша жүзеге асырылатынын білдіреді. Егер елдердің осы негізгі қаржы жоспарын жасау барысында мемлекет қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру басымдылықты мен көлемін белгілейтін болса, онда бюджеттік ресурстарды мақсатты пайдалану бюджеттік шығыстардың тиімділігінің жоғарылауына көмектеседі;
— қызметтік өндірістік және басқа да көрсеткіштерін орындау негізінде бюджет қаражаттарын бөлу шығындарды азайтуға көмектеседі;
— бюджеттік қаражаттардың негізгі бөлігінің қайтарылмайтындығы және тегін берілуі.
Бюджеттен қаржыландырудың маңызды элементі болып бюджетке қаражаттарды бөлу әдістері табылады. Олардың көмегімен қаржы органдары бюджеттен қарастырылған шараларды қаржымен қамтамасыз етеді. Экономиканың дамуы үшін үлкен мәнге капиталды күрделі салымдарды қаржыландыру шығындары ие. Күрделі салымдарды шығындар болып қалуда. әскери өнеркәсіптік кешен монополиясы әскери өнімді жабдықтаушылардың әскеи тапсырыстарын жоғары баға бойынша төлеу — өз кірісін көбейтудің күшті құралы.
Мемлекеттік шығыстар елдің экономикасының дамуына ынталандырушы әсер етеді. Экономикаға аралсу бойынша шығындарға ғылыми зерттеу, конструкторлық өңдеулер, экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым шығындары ауыл шығынын қолдау, экономикалық мемлекеттік саласын қаржыландыру, елдегі шаруашылық жеке саласын жұмыс бастылықпен қамтамасыз ету шығыны жатады.
Денсаулық сақтау саласында да жеткіліксіз қаражаттар бөлінеді. АҚШ-та тұрғындардың үлкен бөлігіне сақтандыру салымын төлеу жолымен медициналық сақтандыру салымдарын төлеу жолымен медициналық сақтандыру сызығы бойынша медициналық көиек көрсетіледі. Осы елдерде аз қамсыздандырылған азаматтарға мемлекеттік көмек федералды бюджеттен қаржыландырылатын “медикер” бағдарламасы бойынша және федералды үкімет және штаттармен қаржыландырылатын “медикейд” бағдарламасы бойынша көрсетіледі.
Басқарудың мемлекеттік аппараттарының шығындары заңдылық және атқарушы билік органдарын, сот, прокоратура, полицияларды, әртүрлі министрлер мен ведомстволды ұстау шығындарынан тұрады.
Қаржыландыру бұл өндірістік және өндірістік емес мәндегі негізгі құралды техникалық қайта жарықтандыру, жаңасын құру, кеңейтуге және қайта жөндеуге ақша қаражатттарын бөлу.
Мәні бойынша 2-ші және көлемі бойынша 2-ші шығыстарға кәсіпорындарға дотациялық әртүрлі түрін төлеу жатады. Қазіргі бюджет тәжірибесінде дотациялық 2 түрі қолданылады:
1) мемлекеттік реттеуші баға бойынша сатылатын өнімге дотациялар;
2) зиянды жабу үшін кәсіпорындарға берілетін дотациялар.
Дотоцияның бірінші түрі өнімнің жеке түрін өндіретін немесе қайта өңдейтін барлық кәсіпорындар үшін қолданылады, дотациялар негізінен көмір және мал шаруашылығы өнімдері бойынша бөлінеді. Дотацияның 2-ші түрі шаруашылық қызметтен зиян шекккен мемлекеттік кәсіпорындар, ауыл шаруашылық кәсіпорындар үшін арналған. Осы бап бойынша шығыстардың негізгі бөлігі агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарына, тұрғын үй комуналдық шаруашылықққа және қалалық көлікке жұмсалады.
Шығыстар сыныптамасына қайта оралсақ, ол функцоналдық, экономикалық және ведомостволық болып бөлінеді. Функционалдық сыныптамаға сәйкес шығыстар 5 бөлімге бөлінеді: фукцоналдық топ, кіші функия, мемлекеттік мекеме бағдарламалар әкімшісі, бағдарлама, кіші бағдарлама. Мұнда қызметтің шаралардың және бюджеттік қатынастарға қатысушылардың түріне нақты сипаттама беріледі.
Кейбір мемлекеттерде мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігін ағымды шығыстар бюджеті мен даму бюджетіне бөлу тәжірибесі қолданылады. Даму бюджетіне инвестициялық және иновациялық қызметті қаржыландыруға бөлінген қаражаттар кіреді. Ағым бюджетте әлеуметтік қамтамасыз етуінің нормалары мен деңгейінен туындайтын барлық шығыстар шоғырланған. Ол бюджетте жинақталатын тұрғындардан түсетін түсімдер мен ақша жинақтарының өсімі есебінен теңестіоіледі. Даму бюджетінде жаңа әлеуметтік экономикалық іс-шараларды орталықтан қаржыландырумен, ұлғаймалы ұдай өндірісінің қажеттіліктерімен байланысы шығындары жинақталған.; даму бюджетінің құрамдас бөліктерін талдау мемлекеттің қосымша ьалдау мемлекеттің қосымша жаңа шығындарына салмақты қарауға мүмкіндік береді. Мұнда мына принцип жүзеге асырылуы керек: қажеттіліктерді алынатын қаржы шегінде ғана қаржыландыру.
ҚР-ның мемлекеттік бюджетінің шығыстары бөлінеді:
— ұдайы өндіріс процесіндегі ролі бойынша – материалдық өндірісті қаржыландырумен және өндірістік емес сфераны ұстаумен байланысты шығындарға;
— функционалды мақсаты бойынша – халық шаруашылық қаржыландыру шығындарына, әлеуметтік мәдени іс-шараларды, қорғаныс басқару аппаратын ұстау, құқық қорғау қызметі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындарына және т.б. шығындарға.
Кесте 2.5
Білім беру саласына жұмсалынған қаржылардың құрамы мен құрылымы.
мың тг
р/с |
Көрсеткіштер |
2010 жыл |
2011 жыл |
Ауытқуы (+; -) |
|||
сомасы, мың тг |
үлес салмағы % |
сомасы, мың тг |
үлес салмағы % |
сомасы, мың тг |
үлес салмағы % |
||
1. |
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту |
378914 |
41,9 |
411035 |
36,9 |
32121 |
-5,0 |
2. |
Жалпы бастауыш, жалпы негізгі бөлім, жалпы орта білім беру |
495805 |
54,9 |
566795 |
50,8 |
70990 |
-4,1 |
3. |
Білім беру саласындағы өзге де қызметтер |
116891 |
3,2 |
135946 |
12,3 |
19055 |
9,1 |
|
Барлығы |
902443 |
100,0 |
1113776 |
100,0 |
211333 |
— |
Білім беру саласының шығыстарының құрамы 3 топқа бөлінеді, яғни мектепке дейінгі тәрбие және оқыту (балабақшалар), жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім беру (мектеп, колледж т.б.), білім беру саласындағы өзге де қызметтер (кадрларды даярлау, т.б.) болып табылады. Ең көп қаржы санымен жалпы бастауыш, жалпы орта білім беру, жалпы білім беруге жұмсалған.
Есептеу мәліметтері бойынша бюджеттен білім беру саласына жұмсалынған қаржы 2010-2011 жылдардағы нақты кірістерді салыстырғанда 211333 мың теңгеге өскен, өсу себебі келесі факторларға бөлінген қаржылардың өсуіне байланысты болған:
- мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға жұмсалынатын қаржының 32121 мың теңгеге;
- -жалпы орта білім беру саласына жұмсалынған қаржыларың 70990 мың теңгеге;
- Білім беру саласындағы өзге де қызметтерге 19055 мың теңгеге өсулеріне байланысты болған.
Осы мәліметтерге сүйене отырып, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржылардың білім беру саласында жұмалынғандығын келесі 4-суретте қарастырамыз.
Сурет 4. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржылардың білім беру саласында жұмалынғандығының қозғалысы
Білім беру саласына көп қаржы бөлінуі – қазіргі таңда білім беру саласын жетілдіру маңызды мәселелердің бірі екеніне байланысты болып отыр. Елбасымыз атап өткендей, біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деген нысананы ұстауымыз қажет. Сол сияқты облысымызда білім беру саласын жетілдіру үшін көптеген шаралар атқарылуда. Атап айтсақ, педагог кадрлардың біліктігін жетілдіру, оқу — тәрбие жұмыстарын жақсарту, соңғы нәтиже үшін жауапкершілікті арттыру бойынша түбегейлі шаралар қабылдануда. Болжамдар бойынша, білім беруді дамытудың аймақтық бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2007 ж мектепке дейінгі мекемелер желісін 35 бірлікке кеңейту көзделіп отыр.
Қазіргі уақытта білім беруді қаржыландыру республикалық деңгейден келе-келе жергілікті деңгейге беріліп жатыр. Мұндай процес ең алдымен кәсіптік білім беру мекемелерінің мүддесін қозғайды, себебі орталықтан қаржыландыру болған жағдайда аймақтық және жергіліктіеңбек нарығына қажетті кадрлар дайындауды есептеуі өте қиын. Тағы бір себеп ол білім беру мекемелері кәсіпорындар мен ұйымдардың құралдары арқылы қаржыландырудың жоқтығы.
3 Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін қаржыландыру және оны дамыту мәселелері
3.1 Қазақстандағы білім беру саласының жағдайы және болашағы
ХХІ ғасыр-жаһандық жаналықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасымен деңгейін көтеруде айрықша маңызды рөл атқарады
Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту ісіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Білім берудің жаңа моделі жасалынды,білім жүйесңнде жаңа бағыттар қаплыптаса бастады Мемлекеттік стандарттар жаңартылып,оқу бағдарламалары жетілдіріліп,жаңа типтегі оқу орындары ашыла бастады. Сонымен қатар,білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болуда.
Мемлекет басшысы отандық білім беру жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жөніндегі нақты тапсырма беріп, ұлттың өресі білім нәрімен сусындағанда ғана өсетінін, білім сапасын халықаралақ дәрежеге көтеру мен әлемдік білім тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін батырып айтты.
Қазақстан жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді. Тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру жүйесі мынадай екі түрлі маңызды процесті жүзеге асыруға бағытталған:
- ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу;
- әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үндеспей отыр. Қазір білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі принциптері «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген.
Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы білім беру жүйесінің алдына білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатын қойды.
Бұл мақсатқа қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы мен үкіметі бекіткен орта білім беру жүйесін ақпараттандыру, жаңа буындағы оқулықтарды әзірлеу мен енгізу және басқа да бірқатар бағдарламаларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Алдағы кезеңінде іске асырылатын « Білім» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, оның мақсаты сапалы білім беруге кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің ұлттық моделін тиімді дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленді. Білім беру сапасы бұл ретте әлемнің дамыған елдеріндегі біліммен салыстырарлық болуға тиіс.
Білім берудің сапасын қамтамасыз етуде білім беру саласын оқу әдістемелік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
Білім беруді дамытудың сапасын арттыруды жүзеге асыру мемлекеттік білім берудің негізгі мәселесі болып табылады.
Бүгінгі күні білім беру жағдайы, күйі, болашағы жаңа кезеңге жол ашпақ. Білім беру жүйесінің тарихына оралсақ, онда сауатсыздықты жою жолымен алғашқы ағартушулық жолын көреміз. Ең бастысы ата-бабамыз кітапты оқып білуді, әріпті жаза алуды көздесе, қазіргі кезде жастарымыздың оқу сауалы жоғарлады. Көптеген оқу-орындарының оның іщінде мектептер, колледждер, университеттер, оқу негіздері ашылды. Қазіргі уақытта білім берудің мазмұнына талдау жасау өте қиын.
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алған уақыттан бастап, білім беру жүйесі жаңа кезеңге көшті. Біздің қаламыздың білім беру ұйымдарының жеткен жетістігі аз емес, дегенмен жаңа саясат яғни бағытты көздейтін жолды іздестіру керек. Білім беру департаментінің білім беру стандарттары бекітіліп, оқу-орындарының оқу құралына айналды. Білім берудің оқулықтары жаңа стандартқа сай жасалуда.
Республикамыздың білім беру деңгейінің сапалығы туралы жаңа ұсыныс кеңестер айтылып қана қойылмай жүзеге асуда. Білім беру мазмұны-жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).
Білімділік деңгейін көтеру халық өмірінің сапасын арттырудың неғұрлым маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуының аса маңызды шарты ретінде білім беру саласының серпінді дамуын сақтау және қолдау – ШҚО әкімдігі әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі. Жеке тұлғаның, қоғам мен еңбек нары-ғының сапалы және қол жететіндей білімге қажеттілігін қанағаттандыру жағ-дайларын қамтамасыз ету – білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты.
Білім беру — тәрбие және оқыту, оның мақсаты қоғамдағы тұлғалардың кәсіби негізі барысында интеллектуалды, мәдениетті және тәрбиелі дамуының жоғарғы деңгейіне жету болып табылатын үздіксіз процесс.
Халықаралық стандарт білім беру классификациясына сәйкес «білім беру» терминін білім алу барысында мақсатты және жүйелі қызмет деп түсінуге болады.
Білім беру қызметі – білім беру процесінің нәтижесі, ол осы қызметпен құрылған, ол білім алып жатқандардың қызметінің мақсатын ашады.
Білім беру қызметі – бекітілген ережелерге сәйкес категориялар мен критерийлер арқылы профессионалды деңгейге жету.
Білім беру мазмұны — жеке адамның біліктілігі мен жан-жакты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі. Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен әзірленеді [8].
Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтарға мемлекеттік білім мекемелеріне тегін орта білім алуға кепіл береді. Орта білім алу міндетті болып табылады. Тегін жоғарғы білім алу конкурстық негізде орындалады.
Білім тарихына тоқталатын болсақ, Ұлы ұстаз, мәдениет қайраткері Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер Қазақстан жеріндегі алғашқы білім және мәдениет ошақтары болды. Сонау XIX ғасыр соңында балаларды ғана емес, бүкіл қазақты көшпенділіктен отаршылыққа бейімдеп, сауатын ашып, білім мен мәдениет жолына сүрлеу салған Алтынсариннің инновациялық қызметі төл мәдениетіміздің өркендеу тарихынан үлкен орын алады [10].
Кеңес үкіметі кезеңінде республикада білімнің тиімді жүйесі қабылданған болатын. Күндізгі оқу бөлімінен басқа сырттай және кешкі оқу түрлері болған, жастар жағы жұмыс істеп жүріп толық орта білім алуға болатын.
Қазақстан Республикасын әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретiнде таныды. Тәуелсiздігінiң қысқа тарихи кезеңiнде елiмiз әлемдiк қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткiздi.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң, елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздігiнiң өлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң, адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта түседi. Қоғамдық қатынастар жүйесiндегi өзгерiстер бiлiм беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнiң болмысына барабар әрекет етудi және экономиканың даму қажеттiктерiне сай болуды талап ете отырып әсерiн тигiзедi.
Білім берудi дамыту мемлекеттiк тәуелсiздiктi қалыптастыру мен нығайтудың, елдiң пpогресшіл дамуының негiзiн құрайтын Қазақстан Реепубликасыньң бiлiм беру жүйесiн дамытудың мақсаттары мен мiндеттерiн, құрылымы мен мазмұнын және негiзгi стратегиялық бағыттарын айкқындайтын ғылыми-теориялық әдiснамалық құжат болып табылады.
Білім берудi дамыту Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 3аңына, «Fылым туралы» Қазақстан Республикасының 3аңына, «Қазақстан-2030″ стратегиясына, «Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi индустриалдық инновациялық даму стратегиясына», «Бiлiм» мемлекеттiк бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жөнiндегi конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғары бiлiмге қатысты бiлiктiлiктi тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары бiлiм жөнiндегi бүкiл дүниежүзiлiк конференцияның декларациясына, Болоньядағы Еуропа елдері бiлiм кеңесінің, Тәуелсiз мемлекеттер достастығына катысушы мемлекеттер бiлiм министрлерiнiң және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім бсру саласындағы ынтымақтастығы жөнiндегi кеңeciнің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінiң жанындағы бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы жөнiндегi кеңестің конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзipленген.
Кредиттік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат-магистратура-докторантура Ph.D) заңнамамен бекітіліп отыр. Бұл Болон декларациясының ережелері мен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Халықаралық білім беру стандарттары туралы сөз еткенде, олардың біріздендірілгендігін емес, үлгісінің жақсылығын, мамандар даярлаудың жоғары сапасы мен кәсібилігін айтады. Өйткені «білім беру стандарты» ұғымы шетелдерге біздегіден өзгеше түсіндіріледі. Білім беру стандарттары бар елдерде оқу процесіне қандай да бір регламент қойылмайды. Онда оқу орындары үлкен академиялық құқықтар мен дербестікке ие (сурет 5) [13].
Заң жобасында білім беру жүйесінің даму басымдығы, барлық азаматтар үшін сапалы білім алудың жариялылығы мен қолжетімділігі білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі принципттерінің бірі болып табылады.
Сурет 5. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
Білім беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттік және жергілікті бюджет арқылы жүргізіледі.
Білім беруді қаржыландыру жүйесі — республикалық және жергілікті бюджеттердің, басқа да кіріс көздерінің жиынтығы.
- Білім беруді қаржыландыру жүйесі:
1) тиімділік пен нәтижелілік;
2) басымдық;
3) айқындылық;
4) жауаптылық;
5) бюджеттердің барлық деңгейлерінің ара жігін ажырату мен дербестік принциптеріне негізделеді.
2009-2011 жылдары білім беру саласына республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылды (кесте 3.6).
Кесте 3.6
2009-2011 жылдарға республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру көзі
Жылдар бойынша |
Барлығы |
Республикалық бюджет. |
Жергілiкті бюджет |
2009 жыл |
51659,4 |
33825,2 |
17834,2 |
2010 жыл |
53855,9 |
32 150,8 |
21 705,1 |
2011 жыл |
57769,3 |
26216,8 |
31552,5 |
Кестеде көріп отырғандай, 2009 жылы барлығы 51659,4, соның ішінде республикалық бюджеттен, жергілікті бюджеттен – 21311,5, 2006 жылмен салыстырғанда 2094,4 төмендеді. 2011 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 2196,5 өсті.
2010 жылы бөлімнің жұмысы күрделі жөндеу жүргізу, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, қаланың білім беру жүйесін дамыту жөніндегі бағдарламаларды орындауға бағытталды.
2011 жылғы көрнекті оқиғалардың бірі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27 ақпандағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» аталатын Жолдауы болды. Соған сәйкес бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйелерін әлемдік стандарттарға жақындату міндеті қойылып отыр. Жаңа, кеңейтілген редакцияда «Білім туралы» Заң, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі қабылданды. Білім бөлімі өз жұмысында жоғарыда аталған бағдарламалық құжаттарды және«ШҚО білім беруді дамытудың 2005-2010ж бағдарламасын», «Семей өңірінде білім беру дамытудың 2010 жылға дейінгі бағдарламасын», «Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын және «Тілдерді қолданудың және дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасын, «Лицензиялау туралы» Заңды, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды басшылыққа алды.
Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына жолдауында отандық білім жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жөніндегі нақты тапсырма беріп, ұлттың өресі білім нәрімен сусындағанда ғана өсетінін, білім сапасын халықаралық дәрежегекөтеру мен әлемдік білім тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін қадап айтты.
Еңбек нарығындағы жағдайды және өндірістің өсуін түбегейлі жақсарту үшін орта буындағы білікті жұмысшы кадрлары мен мамандарды даярлау маңызды. Кәсіптік мектептер мен колледждердің болашағының сапасы жоғары даярлықты қамтамасыз ете отырып, сан алуан топтарға жататын отбасылар үшін қол жетімді, осы заман талаптарына неғұрлым барабар әлеуметтік арнаны ашуға болады.
Білім берудің болашағын дамыту үшін бюджет қаражатын барынша жұмылдыру мақсатындағы тиісті институтционалдық қолдауды қамтамасыз ету қажет.
Білім беру саласының қызметкерлерін қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жүйесінің оқу бағдарламалары уақыт талабына жауап бермейді, қоғамның қажеттерін ескермейді. Елдің болашақ мұқтаждарына сәйкессіз мамандар даярлау орын алып отыр. Абитуриенттер экономика және заң мамандықтарына басымдық береді. Инженер-техникалық мамандықтарға сұраныстың жоқтығы немесе сұраныстың аздығы болашақта мамандардың жетіспеушілігі қатерін туындатады және оларды шетелден әкелу қажеттігіне алып келеді.
Елдің жетекші университеттерінде ғылыми және инжинерлік зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастырудың нақты тетігі жоқ, сондықтан да университеттер мен ғылыми зерттеу институттарының мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлінетін зерттеушілік гранттар мен кредитттерді алуына салауатты бәсекені дамыту үшін жағдай жасалмаған.
Оқытудың сапасын қамтамасыз ету үшін білім беру қызметкерлері мен ұйымдарын материалдық ынталандыру жүйесі жоқ.
Білім беру саласының болашағының нарығы іс жүзінде жоқ, мұның өзі шығындардың қайтарымын айтарлықтай төмендетеді.
Тәрбиелеу мен оқыту бірлігінің үзіліп қалуы жастар мен жасөспірімдердің арасында есірткіні, ішімдікті және темекі өнімдерін пайдаланудың өсе түсуіне алып келеді. Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруде еңбекке баулу мен оқытудың рөлі әлсіреді.
Қазiргi кезде әлемдiк кауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елi ретінде танып отыр. Тәуелсiздiк алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан экономикада сiлкiнiс жасады, әлемдiк өркениетпен ықпалдасуда, жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда.Елдің әлеуметтiк экономикалық даму перспективалары айкындалған.
Қазiргi жалпы бiлiм беретiн мектептегi оқытудың мазмұны фактология күйiнде қалып отыр, пәндiк тәсiлге негiзделген мемлекеттiк стандарттар моральдық тұрғыдан ескірген. Оқушының даралығына бағдарланған бiлiктi көз карас жоқ Мектепте оқу оқушының өмiрлiк жолын, мүдделерi мен перспективаларын таңдауына нақты дәлелдемелер бермейдi. Жоғары сынып оқушыларының тек 30%-ы ғана өздерiнiң қабiлеттерiне сәйкес келетiн кәсiби қызметтi таңдайды, Демек, бұл жоғары сынып оқушыларының 70%-ының өмiрден өз орындарын табуға мүмкіндігі аз дсген сөз.
Бiлiм беру саласында қалыптаскан ахуал республиканы дамытудың қазiргi әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларына және жоғары дамыған елдердің прогресшiл тәжiрибесiне сәйкес келеңсiз құбылыстарды болдырмау, түбегейлi ұйымдық, құрылымдық қайта құрулар, бiлiм берудiң мазмұнын жаңарту және мамандар даярлаудың сапасын жетiлдiру қажет eкeнін көрсетеді.
Білім беру жүйесіндегі басты міндет халықтың барлық деңгейлер мен сатыларда сапалы білім алуына қол жетімдігін кеңейтумен айқындалды. Осыған байланысты білім саласындағы күш жігер оның сапасын қамтамасыз ету жүйесін құруға бағытталуы тиіс. Білім беру жүйесіндегі басты міндет пен іліспе мақсат үздіксіз білім беру принціпін еңгізу болып табылады. Сапа мынадай аспектіде қарастырылады:қазіргі кезде білім беру деңгейлерінің әрбірі өздері үшін тіршілік етіп жатқандай. Келесі онжылдықтың мақсаты, бір жағынан, адамның ілгершіл дамуын қамтамасыз ететін біріңғай ұлттық білім беру жүйесін құру, екінші жағынан, білім берудің ұлттық жүйесінің жалпыәлемдік жүйемен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. Алдағы 10 жыл ішінде білім беру жүйесін адамды біліммен ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге осы білімді білікті пайдалана білу және үздіксіз оқу дағдыларына баулу жүйесі етіп қайта құру күтіп тұр.
Білім беру жүйесі экономикалық және әлеуметтік салалардан оқшау тіршілік етуін тоқтатуға тиіс. Оны үлкен әлеуметтік-экономикалық жүйенгің бір бөлігі болу және ел экономикасын адам ресурстарымен қамтамасыз ету міндеттерін шешу күтіп тұр.
Білім беру жүйесін дамытуда келесідей міндеттерді шешуді ұсынамыз:
- білім беру нәтежиелерінің сапасын арттыру;
- білімге қол жетімділіктің теңдігін қамтамасыз ететін шараларды еңгізу;
- білім беру жүйесінде әріптестілікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
- оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің бірлігін қамтамасыз ету;
- білім мен ғылымның іс жүзінде интеграциялануын қамтамасыз ету;
- ресурстарды жұмылдыру және білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруда қамтамасыз ету;
- білім беру ісін басқару жүйесін жетілдіру;
- қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыру
Білім берудің әр түрлі деңгейлері үшін бағдарламаның үйлесімділігін қамтамасыз ету арқылы білім берудің мазмұнын жаңарту маңызды болып табылады. Оның үстіне он жыл ішінде оқу процесін ұйымдастыруды қатаң стандарттаудан ұдайы жетілдіруге бағдарланған, ақылға қонымды шекте реттеліп отырған нысанға көшіруді жүзеге асыру күтіп тұр. Жаңарудың әрбір кезеңіне жеткілікті ресурстық қамтамасыз етумен қолдау көрсетілуге тиіс.
3.2 Қазақстан Республикасында білім беру саласын қаржыландыру және оны дамыту жолдары
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
- азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
- Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
- жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
- қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:
2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
3)білім берудің зайырлы сипаты;
4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;
6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
11) білім беру жүйесін ақпараттандыру;
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық (бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру. (Қосымшаны қараңыз).
Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті кәсіптік бағдарламамен белгіленеді.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.
Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудық 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сынып-тар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.
Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндеттеледі. Жалпы орта білім — үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі(6-10 сыныптар) және жоғары (10-12 сыныптар). Жалпы білімнің нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын қалыптастыруға, жалпы орта білім беретін ұйымдардық әр алуан түрлері мен үлгілерін дамытуға жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және басқаларды құру арқылы қол жеткіземіз.
Гимназия — негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей — негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицейлердің ең басты ерекшелігі — ақыл-ой (интеллектуалдық) қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында. Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін, интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде жүргізіледі, кейін де бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу сатыларынан өткізеді. Ал оны аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу құқығына ие болады. Бұл оқу орындарының басты принципі баланы дәл болашақ мамандығына сәйкес қабілетіне қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары деңгейде меңгеруіне көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өткізу болып табылады.»Мирас» халықаралық мектебінің білім беру қызметінде Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы ұлттық стандарт пен халықаралық бакалавриат бағдарламасының талаптары орынды үйлесім тапқан. Көптеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
«Болашақ» арнаулы орта мектебінде оқушылар екінші шетел тілі ретінде 3-сыныптан бастап (ағылшыннан басқа) қытай және араб тілдерін оқиды. «Болашақ» — оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жеке меншік мектептердің бірі. Оқытудық негізгі бағыттары — информатика және экономика. Сонымен бірге мектеп оқушыларға барлық пәндер бойынша жоғары деңгейлі жалпы білім беруге бағытталған.
«Ақ жол» — оқу-әдістемелік орталық. Мақсаты — білім және тәрбие беру үрдісінде балалардың дүниеге өзіндік жеке көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілетін, логикасын, коммуникативтік қасиеттерін дамыту. Қосымша білім беруде театр, хореография, қазіргі би, ырғақты гимнастика, сурет-кескіндеме өнері, бағдарламалау, психология пәндері және дене тәрбиесі қамтылған.
«Келешек» – республикалық физика-математикалық дарынды балаларға арналған мектеп. Негізгі пәндер: физика, математика, информатика, ағылшын және қазақ тілдері. «Стандартты емес олимпиадалық есептерді шешу» және «Бағдарламалау негіздері» арнайы курстары бар.
Орал қаласындағы «Талап» акционерлік қоғамы жанындағы бірінші мектеп-гимназия 1995 жылы құрылды. Гимназия жұмыс істейтін ата-аналарға ыңғайлы, балаларға барлық жағдай жасалған. Әрбір сыныпта 5-8 оқушыдан білім алады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ұзартылған күн топтары ұйымдастырылған.
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі — 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін — 4 жылға дейін болады.
Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.
Кәсіптік орта білім беру.
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі — 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады.
Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.
Кәсіптік жоғары білім беру
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім
Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім беру.Жұмысшылар мен мамандардық басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім асыру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.
Қосымша білім беру үшін денешынықтыру — сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару органдары бекітеді.
Сонымен, білім мен тәрбие беру — бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Республикада «Білім туралы» Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі — болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат — оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Қорытынды
Еліміз егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер орын алуда.Білім берудің мазмұны жаңарып өзгереді, жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Қазақстан Республикасының жаңа білім стандарты мен білім беру заңының қабылдануы, үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқыту әдістерін жаңартуды міндеттейді.
«Қазақстан – 2030» стратегиясы анықтап бергендей, республиканың ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттерінің бірі – мемлекет үшін Қазақстанның дамуына, егеменді еліміздің өсіп — өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Осы жолдауда айтылғандай, XXI ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – «адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі». Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген 55 бапта «білім сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін көрсетеді» деп айтылуы жоғары білім сапасының әлеуметтік реттеудің тетігі ретінде құқықтық, институционалдық нормаларды, сондай-ақ тұлғаның күнделікті іс — әрекет ету нормалары жүйесімен айқындалатындығын білдіреді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің «біз инновациялық экономиканы құру жолын таңдап алдық және әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің қатарына кіру стратегиялық міндетін алдымызға қойды. Бұл міндетті шешу экономиканы диверсификациялауды, өндіріске жаңа технологияларды енгізуді, бәсекеге қабілетті және сапалы өнімді шығаруды талап етеді» деп атап өтуі қазіргі түбегейлі тарихи өзгерістердегі мемлекеттің маңызын басым етеді.
Білім сапасы — әлеуметтік институт болып табылатын білімнің, қоғамның басқа да әлеуметтік институттармен өзара әрекеттестік үдерістерін әлеуметтік реттеу тәсілі, сонымен қатар білім шеңберінде білім жүйесінің барлық бөліктерінің қызметін реттеудің тетігі. Білім сапасы нормативті, құндылықты, ұйымдастыру, басқару сипаттамаларына ие.
Қоғамдағы экономиканың бағыттарын дамыту үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, ол адам ресурстарын басқаруды жетілдіру міндеттері болып мыналар табылады:
- адам капиталының мүмкіндіктерін барынша толық, әрі рационалды пайдаланылуын қамтамасыз ету;
- еңбек пен капитал арасындағы қақтығыстардың алдын алу;
- кәсіпорын персоналының кәсіби біліктілігін дамытуға жағдай жасайтын шараларды тиімді үйлестіру;
- ынталандыру мен еңбек ақының тиімді түрін анықтау.
Экономиканың қазіргі даму кезінде дүние жүзінің көптеген елдеріндегі негізгі мәселелерінің бірі – адам ресурстарымен қалай жұмыс жасау болып отыр, ол үшін мемлекеттік және шаруашылық шешімдерді мамандық саясаттың негізгі элементтерімен жүйелі түрде байланыстыру негізгі ортақ үрдіске айналыа отыр.
Қазіргі кезеңде білім сапасының негізгі сипаттамасы – білім нәтижесі және білім үдерісінен тұрады.
Білім нәтижесінің басты белгілерің бірі — іскерліктер. Іскерліктер (тәжірибе, білімді пайдалану, істі басқару, уақытты жоспардау және ұйымдастыу, үдерісті бақылай білу) қалыптастыру – білімнің міндетті және оның сапасын қамтамасыз ету мәселесі.
Білім үдерісі – адам қабілеттерін дамыту.Олай болса, қабілеттер білім, іскерлік және істі тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Білім сапасын арттырудағы — мемлекеттік саясаттың басты бағыттары мыналар;
- сапалы білім алу үшін адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру,
- білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру,
- педагог мамандығының беделін көтеру,
- білім беруді басқарудың мемлекеттік – қоғамдық жүйесін қалыптастыру,
- білім беру үдерістің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету,
- балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуың әр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету,
- жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру,
- қоғамның және экономиканың индустрияллық – инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңестігіне бірігу және т.б.
Білім сапасының көрсеткіштерінің бірі – басқару шешімдерін қабылдау дағдыларының болуы. Шешім қабылдау үшін кәсіптік даярлықтың бәрін және кәсіби дағдылардың барлығын шоғырландыру қажет.Сондықтан да алуан түрлі нарықтық жағдайда мінез – құлық стратегиясын құра білу қабілеті және дағдылары қажеттілікке айналады.
Білім – ұзақ уақыт бойы әрекет етудің факторы. Білім үдерісінің өнімі біліктілігі жоғары өз бетінше білім алуға, шығармашылық іс — әрекетке, күрделі еңбекке қабілетті жаңа сапалы жұмыс күші ретінде көрінеді.Қорыта айтқанда, білім сапасы болашақта жалақының жоғары болуына, перспективті жұмыспен қамтуды, педагог – мамандардың мамандық мәртебесін және әлеуметтік статусты қамтамасыз етуге мол мүмкіндіктер береді.
Білім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға ,жалпы білім беру мектептеріне, мектепттен тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиелеушілерге арналған арнаулы білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіптік білім беру орындарына, орта кәсіптік білім беру орындарына,жоғарғы кәсіптік білім беру орындарына, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау оқу орындарына бөлінеді.Аталған барлық шығыстар мемлекет кепілдендірілген деңгей бөлігінде бюджет ресурстары есебінен жабылады.Білім беру мекемелерін қаржыландыру бұл мекемелердің түрлері мен тұрпаты боцынша әр оқушыға анықталатын мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады. Сондықтан да бюджет саласынан білім беру саласына бөлінетін қаржылар болашақ біздің ұрпақтардың бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруіміз үшін білімді ,саналы ұрпақтар қажет. Осыған орай бюджет саласынан білім саласына бөлінетін қаржылар көлемін арттыруымыз қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі .Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодекс .Егемен Қазақстан» 2008 жылғы 5 желтоқсан, N 370-374 (25343); «РЕСМИ ГАЗЕТ» 2009 жылғы 3 қаңтар N 3
2.Қазақстан Республикасының Салық Кодексі .Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 10-ы. № 99-ІV ҚРЗ
- Қазақстан Республикасының Заңы. 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы. // Егемен Қазақстан 2008 жыл 5 желтоқсан.
4.Қазақстан Республикасының Заңы «2010 жылғы бюджеттің
орындалуы туралы», Егемен Қазақстан 2010 ж. 5-ші желтқсан №108,
3 бет.
5.Алибеков С. Т., Налоговое право Республики Казакстан – алматы: Юридическая литература, 2008 г. – 210 стр.
- 6. Арзаева М.Ж. Ермекбаева Б.Ж . Шет мемлекеттер салықтары. Алматы 2004 жыл.
7.Алданыш Нұрымов, “Налоги и финансы рыночной экономики”,- “Елорда” Астана: 2004, 89-92 бб.
- 8. Әубәкіров Я, Нәрібаев К. „Экономикалық теория негіздері ”,- 1998,126-131 бб.
- Алжанов Қ. Әшімбаев Ә. «Экономика және салық». // Егемен Қазақстан №3.наурыз.2008
- 10. Бродский Г.М. Худяков А.И. Теория налогообложения. Алматы 2003 жыл.
11.Бекболсынова А. С., Салық жүйесінің негіздері: оқу құралы – Астана: Фолиант – 2007 ж. – 120 бет, 46 бет.
12.Баймурзаева Р., Жарлыгасимов Г., Налоги в Казакстане – Алматы: Жеті жарғы – 1999 г — 416 стр.
13.Ермекбаева Б.Ж. “ Шет мемлекеттер салығы”,- Алматы: 2004, 121-125 бб.
- Жақашев Б. Қаржы нарығының негіздері. Тараз 2006 жыл.
- Найманбаев С.М. “Салықтық құқық”, — Алматы: “Жеті жарғы” 2005,
198-230 бб.
16.Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. “Налоги и налогообложение”,- Алматы: Рауан 1995, 132-134 бб.
17.Искакова З.Д. “Реформирование налоговой системы в разрешении проблемы формирования доходов государственного бюджета Казахстана”,- Вестник. Серия экономика. Алматы: №3(43) 2004, 4-9 бб.
18.Керімбек Ғ.Е. Үмбеталиев А.Д. Салық және салық салу. Алматы. Экономика. 2006 жыл.
- 19. Керімбек Ғ.Е. Салық және салық салу. Шымкент. 2004 жыл.
- 20. Құлпыбаев С. Ілиясов Қ.Қ. Қаржы. Алматы. Экономика. 2010 жыл.
21.Қазақстанның нарықтық экономикасының қаржы-несиелік проблемалары”,- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы: 2002, 248-303 бб.
22.Карагусова Г. “Сущность налогообложения”,- Алматы: 2009,22-23 бб.
23.«Қазақстан Республикасындағы салық түрлері мен саясаты». // Қаржы.№6. 2010 жыл.
24.«Қазақстан Республикасындағы акциз салықтарының мәні мен ставкалары». .// Қаржы №8. 2009 жыл.
25.Кенжебаев С. «Салықтық саясат». .// Ақиқат. №6.2008 жыл
26.Қазақстан Республикасы Президентінің қазақстан халқына арналған 2010 жылғы жолдауы.
27.Қазақстан Республикасының Салық Кодексі. Алматы 2005 жыл.
- «Жаңа салық кодексі бізге несімен тиімді?». // Егемен Қазақстан №13. қаңтар 2009.
- 29. Мельников В.Д. Ли В.Д. Қаржының жалпы курсы. Оқу құралы. Алматы 2009 жыл.
- 30. Масимов К. «Қазақстан экономикасындағы салықтың орны». .// Банки Казахстана. №3.2008 жыл
- 31. Масаимова С.Ж. „Мировой опыт налогового стимулирования развития производства” –Вестник КазЭУ 8/2008, 16-20 бб.
- 32. Романов М.В. Финансы. М.: Персепктива ЮРНИТ. 2007. год.
33.Сейдахметов Ф.С. “ Налоги в Казахстане”,- Алматы: 2006, 115-119 бб.
34.Туралыкова Е. “ Совершенствование налоговой системы РК”,- // Бухгалтер и налоги №6-2004, 31-33 бб.
35.Ғалам тор (Интернет). www.afn.kz. www.google.kz. www.government.kz