«Бірінші әйелін бөтен еркекпен ұстап алды»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтың отбасына қатысты бар шындықты айтты
Өнер иесінің бұл мәлімдемесіне ашуланған саясаткердің қызы Құралай Нұрқаділова Мақпал Жүнісованы ашық түрде бопсалады.
Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде оқырманға берген жауабында марқұм күйеуінің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділовамен ажырасып кетуінің себебін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Зәкең әйелін басқа еркекпен ұстап алған, көзінің тірісінде басқа байда болды. Ол да қашып құтылды. Қызы да бес байға шықты”, – деп жазған екен Мақпал Жүнісова.
Өнер иесінің бұл мәлімдемесіне ашуланған саясаткердің қызы Құралай Нұрқаділова Мақпал Жүнісованы ашық түрде бопсалады.
“Мақпалдың мәлімдемесіне қатысты жекеме көп хаттар келді. Бұл әйелдің ұяты жоқ екен. Мен барынша үндемеуге тырыстым. Бірақ айтпасқа болмады. Менің анам қанша жыл үндемей келді. Бір сұхбат берген екен. Мақпалдың мұнысы ұят болды, бекер бқлай істеді. Ол менің мінезімді біледі. Мен расымен қатты ашулануым мүмкін. Менің анам туралы бұлай айтқаны болмады. Менің анам әкемнің көзіне шөп салған екен-мыс. Бұл неткен бассыздық”, – дейді Құралай Нұрқаділова.
Заманбек Нұрқаділовтың қызы “әкесінің зейнетақысына таласты” деген сөзге де жауап берді.
“Маған зейнетақы қорынан хабарласты. Менің ешқандай мұрада шаруам жоқ. Біз әкемізден қалған мұраға бірден-бір үміткерміз. Таласатындай дүние болса да біз одан үміттенбедік. Ағам екеуіміз мұраға қызығушылық танытпадық. Сөйтіп бізге зейнетақы қорынан хабарласты. Олардың айтуынша, әкемінің атындағы ақша әр баласына тиесілі. Сондай-ақ оны қордан тек Қайрат қана алып кете алатынын айтты. Ал біз Мақпалмен араласпаймыз. Әкемнің атында шамамен 2 жарым миллион теңгедей ақша болған екен. Осы ақша үшін сонша шу көтеруге бола ма? Мен ақшаға қарайтындай жағдайда емес едім. Әкем қайтқан кезде қатты күйзелісте болдым. Оның үстіне әкем биліктегілерге қарсы шыққан адам болғандықтан ағам екеуімізде сол кездері ештеңе болмады. Ағам жұмысынан айырылды, менің ел қатарлы жұмыс істеуіме мүмкіндік бермеді. Бізде тіпті жерлеу рәсімін өткізетін ақша болмады. Біреудің отбасын бұзғаны аздай, бұл мәлімдемесі мені таңғалдырды”, – дейді Құралай Нұрқаділова.
Құралай Нұрқаділованың бұл сөздерінен кейін әнші Мақпал Жүнісова сескеніп қалды.
“Мені қорқытпаңдар, сенің маған пышақ салғаныңды білетіндер тірі. Сол кезде марқұм әкең құтқарып қалған сені, енді әкеңнің аруағын сыйла. Менің өміріме, қызыма қауіп төнген сияқты. Алла сақтасын, достарым дұғада болыңыздар”, – деп жазба қалдырды Мақпал Жүнісова.