«Біз ұйықтағанды ұнатамыз»: Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Алматыда дауыс берушілер санының неліктен аз екенін айтты

Алматы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова сайлау кезінде алматылықтардың белсендігі неліктен төмен екенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Алматыда азаматтардың тек 24,17%-ы ғана сайлау учаскесіне барған.
«Сіздер білесіздер ғой, біз ұйықтағанды ұнатамыз, түскі уақыта оянып, 12:00-де шәй ішеміз. Сосын асықпай көшеге шығамыз. Мен осылай ойлаймын. Білмеймін, кешке дейін азаматтардың белсенділігін байқаймыз. Бүгін ауа райы салқын, жаңбыр жауды, қазір күн ашыла түсті. Азаматтардың барлығын дауыс беруге шақырамын», — деді ол журналистердің сұрағына жауап беріп.
Айта кетейік, 14:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда дауыс беруге құқылы азаматтардың 50%-дан астамы сайлауға қатысқан. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.
