Алматы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова сайлау кезінде алматылықтардың белсендігі неліктен төмен екенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Алматыда азаматтардың тек 24,17%-ы ғана сайлау учаскесіне барған.
«Сіздер білесіздер ғой, біз ұйықтағанды ұнатамыз, түскі уақыта оянып, 12:00-де шәй ішеміз. Сосын асықпай көшеге шығамыз. Мен осылай ойлаймын. Білмеймін, кешке дейін азаматтардың белсенділігін байқаймыз. Бүгін ауа райы салқын, жаңбыр жауды, қазір күн ашыла түсті. Азаматтардың барлығын дауыс беруге шақырамын», — деді ол журналистердің сұрағына жауап беріп.
Айта кетейік, 14:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда дауыс беруге құқылы азаматтардың 50%-дан астамы сайлауға қатысқан. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.

