«Бізге әбден кедергісі тиді, анасы ауырды»: Ерғали Әбдірайымов бауыры Бағланның құмар ойынға салынған кезін еске алды
«Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов топ мүшесі әрі бауыры Бағлан Әбдірайымовтың құмар ойынға салынған кезін еске алды. Продюсердің айтуынша, бұл топтың жұмысына кері әсерін тигізген, деп хабарлайды БазарLike бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
«Құмар ойынының бір адамға ғана емес, бүкіл қоғамға кедергісі тиеді. Неге десеңіз, баратын жерімізге Бағлан келмей қалады. Болмаса 1-2 сағат кешігіп келеді. Казинода жүрген адамға бәрі тегін сияқты көрінеді ғой. Күн мен түнді ажырата алмай қалады. Ішімдік ішеді. Баратын жерге қызып барады. Оның ар жағында жанұясына зиянын келтіреді. Әке-шешесі, ағайын-туыстары бар. Бізге де әбден кедергісін тигізді. Машиналарынан айырылды, үйінен айырылды. Қаншама қарыз болып қалды.
Қаншама күйзеліске түсті. Соның арасында анасы да ауырып қалды. Соның бәрі азарттың кесірі. Мұның кесірі тек өзіне ғана тимейді. Қоршаған ортаға зияны тиеді. Оның бір жерде ойнап немесе ішіп отырғанын көргендер: «Ей, анау Бағлан ғой, «Жігіттердегі» дейді. Бұл менің де жүрегіме тиеді. Оның әке-шешесіне, жігіттерге кедергі. «Жігіттердің» бірі шалыс басты десе, бәріміз намысымыз қайнап, айтамыз. Сол сияқты дүние ғой…», — деді Ерғали Әбдірайымов.