Бизнесті дамытуға жағдай жасалады
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына «АМАNАТ» партиясынан үміткер Талғат Дүржанов, Шахан Жолдасбаев «Шебер» сауда үйінде кездесу өткізді.
Үміткерлер сауда үйінің қызметкерлері мен келушілеріне партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, алға қойған мақсаттарға жету үшін партияның қандай шаралар атқаратынын талқылады.
– Партия алдағы бес жылда жұмыс орындарын ашып, азаматтардың лайықты табыс алуына жағдай жасайды. Жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту және жұмыс орындарын құру мақсатында жыл сайын кемінде 300 кәсіпкерлік субъектісіне қаржылық қолдау көрсетілетін болады. Сондай-ақ облыста кемінде 22 мың адам жұмыспен қамтылады. Жалақы 264,2 мың теңгеден 320 мың теңгеге дейін өседі, — деді үміткер Талғат Дүржанов.
Оның айтуынша, алдағы бес жылда облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 100 мыңға артып, бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 192 мыңға жетеді. Мұның барлығы облыс экономикасын көтерумен қатар, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталып отыр.
Талғат Дүржанов партияның сайлауалды бағдарламасында жол қозғалысы, қоғамдық көлік, азаматтардың қауіпсіздігі мен экология мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлінгенін де баса айтты.
– Партияның сайлауалды бағдарламасында өңірдің өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары қамтылған. Сондықтан 19 наурызда партияны қолдап, дауыс беріңіздер. Сіздердің дауыстарыңыз біз үшін өте маңызды, — деді ол.
Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.