«Болашақ» бағдарламасының түлегі мемлекеттік қызметкерлерге курс өткізді

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Халықтың саяси мәдениетін арттыруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізу» жобасы аясында мемлекеттік қызметкерлерге арналған курстар өтті. Әр аудандағы курстарға әртүрлі тақырыптар бекітілді. Курстарды PhD докторы, Тұран Университетінің профессоры, «Болашақ бағдарламасы» бойынша Квинисланд университетінің (Аустралия) түлегі, саясаттанушы, 24kz, Anewz (Әзербайжан) CGTV (Қытай) арналарының тұрақты саяси сарапшысы Нұрболат Нышанбаев жүргізді.
Курс мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің жоспарлау, коммуникация, заманауи басқару әдістері және цифрлық технологияларды пайдалану дағдыларын жетілдіру. Курс қатысушыларды заманауи басқару үлгілерін тиімді қолдануға, қоғаммен сенімді диалог құруға және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бейімдеуді үйретті. Қатысушыларға интерактивті дәрістер, семинарлар мен топтық талқылаулар, практикалық workshop және кейс-стади, рөлдік ойындар және симуляциялар, жеке және топтық жобалар қорғау ұсынылды. Қатысушылар әр модуль соңында практикалық тапсырмаларды орындап, соңында жеке жобасын қорғап, сарапшылардан кері байланыс алды.

Айта кетейік курстарды Social project management орталығы ұйымдастырды.










