Болат Назарбаевтың өлімі: Тоқаев жаназаға қатыспайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Назарбаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, Тоқаев жерлеу рәсіміне қатыса алмайды

«Мемлекет басшысы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеуге қатыспайды», – деп мәлімдеді Берік Уәли.

Айта кетейік, бұған дейін экс-президенттің інісі ауыр жағдайды ауруханаға түскені туралы хабарлаған едік. Ақпарат бойынша, Болат Назарбаев 3 қараша, жұма күні кешке миокард инфарктінің қайталануы деген диагнозбен орталық қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізілген. “Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр және тұрақсыз, бүйрек жеткіліксіздігі көрсеткіштері нашарлаған” делінген болатын. 

Ал бүгін Болат Назарбаевтың 71 жасына қараған шағында көз жұмғаны хабарланды.