Бүгін елімізге ресми сапармен Әзербайжан президенті келеді

Бүгін Әзербайжан президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Atameken Business арнасы.

Ильхам Әлиевті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы шақырды. Екі ел басшылары Астанада шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.