«Бүгінгі опасыздық арқамызға қадалған пышақ болды». Қадыров Пригожин жайлы
Шешен Республикасының басшысы Рамзан Кадыров «Вагнер» басшысы Евгений Пригожиннің іс-әрекетіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Путиннің үндеуінен кейін өзінің Telegram-арнасында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ол соғыс кезінде жеке басқа қатысты өкпе-ренішті шешуді қоя тұруды айтып, қазір бір-бірімен жауласатын уақыт еместігін ескерткенін атап өтті.
Достар, менің Ростовтағы, жалпы еліміздегі жағдайға дер кезінде жауап бере алмағанымның себебін айтсам, менің уақытым болмады. Түнімен шаруалармен шапқылап жүріп, енді ғана сатқындық туралы естіп, біліп отырмын. Бүгінгі опасыздық біздің арқамызға қадалған пышақ болды.
Мен оған (Пригожинді айтады, — ред) талай рет соғыс кезінде жеке басқа қатысты өкпе-ренішті шешуді қоя тұруды айтқанмын. Ол тыңдамады. Ол бүкіл мемлекетке қарсы шықты. Мен халықтың қалауымен сайланған жоғары бас қолбасшымызды қолдаймын. Бізге елдің саяси тұрақтылығы, халықтың бірлігі, отандастарымыздың қауіпсіздігі керек, – деді ол.
Қадыровтің айтуынша, Пригожиннің әрекеті жағдайды қиындатып жатыр. Мұндай әрекеттер тарихта қантөгіспен аяқталған.
Еске салсақ, 24 маусымға қараған түні Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген. Кейінірек Евгений Пригожинге қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.