«Бүкіл әлем жарыма қарсы соғыс ашса, артында тұрып оғын алып беремін»: Төреғалидің әйелі даулы мәселеге пікір білдірді

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы даулы мәселеге қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Өнер иесінің жары қандай жағдай болса да күйеуін қолдайтынын айтты.

«Бүкіл әлем менің жарыма қарсы соғыс ашса, мен оның артында тұрып, оғын алып беремін» деген сөздер, менің жүрегімде жатталып қалғандай… Иә, бүкіл әлем сенің жарыңа қарсы болғанда, сезімдер тым бөлек. Бірақ Алла мені бұл сынаққа да дайындаған екен. Бұрынғы Толқын, етегі жасқа толып, миллиондаған даттауларға жүрегі жарылып, өзін қоярға жер таппай жылар еді. Ал қазір менің жүрегімдегі мейірім мен Аллаға деген сенім бұның бәрінен үстем болып тұр. Сағыңды сындармай, өзгелердің алдында иілдірмейтін Аллаға сансыз шүкірлер. Жарыңнан артық кімің бар? Ойлап қарасам, мен үшін бұл күндер — отбасы атты құндылықтың шексіз
нығмет екенін терең түсіндіре түсті. Себебі жарымды одан да қатты бағалап кеттім… Біз адамдар, сондай шүкірсізбіз… Тіпті жарымның дауысын естіп жүруім — ол да Алланың нығметі екенін сезінбеппін… Алла қосқан жан-жарыма айтылған әрбір сөздің менің жанымды да жаралап, қанжардай қадалып, жарамды тілімдей бергені рас…» — деп жазды ол.

ТегтерТөреғали