«Бұл марапатты оның әкесі Тасқын Оқаповқа көрсеткен құрмет деп біліңдер «- журналист Әли Оқаповқа берілген марапат туралы

 

Бұл туралы жазбаны журналист Ришат Асқарбекұлы өз фейсбук парақшасында қалтырған деп хабарлайды Altyn-orda.kz

Әли Оқаповтың медаль алғанын дауға айналдырып жатқан, қазақтар! Бұл марапатты оның әкесі Тасқын Оқаповқа көрсеткен құрмет деп қарай салуға болады. Жалпы Роза апамызды Роза жасаған сол кісі деп жатады. Оны Рымбаеваның өзі де мойындайды.

Көлеңкеде жүріп, көп іс тындырған азамат өмірден ерте кеткен. Тірі болса, Әлидің кеудесіне тағылған медалді Тасқын Оқапов алып тұрар еді. Сондықтан баласы да кәсіби музыкалық білім алған, түрі мен тәрбиесі үйлескен, әнді де келістіріп айтады. Қайрат, Төрәлілер сияқты дарақы, көргенсіз, алқаш, наркоман боп аты шыққан емес.

Тек орындауындағы әндері хит болмаған соң, бағаламаймыз. Мұндай адамдардың жұлдызы әлі жанады. Сондықтан Әлидің Құрметі құтты болсын! Көреалмайтындай ештеңе жоқ. Қазақтың Розасы бытырлатып он бала тауып, солардың бәріне марапат үлестіріп жатса, сынаңдар. Өз басым қуандым — деп жазған  журналист .

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ришат Асқарбекұлы (@rishat_askarbekuly)