«Бұл не мазақ, бізге бәрібір ме»: Өзбекстанда өткен фестивальде Қазақстан туы қате бейнеленген
Өзбекстанда өткен «Бауырым, болашақ өз қолында» халықаралық жастар фестивалінде ұйымдастырушылар Қазақстан туындағы өрнектерді қате салған. Адвокат Данара Саранова Instagram парақшасында осы жағдайға көз жұмып, шараға қатысуды жалғастырды деп қазақстандық делегацияға наразылық танытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Өзбекстанда 27-29 шілде аралығында өткен «Бауырым, болашақ өз қолында» халықаралық жастар форумында болғаны белгілі болды. Фотосуретте Қазақстан туының сол жағында ою-өрнек орнында қызыл жиек салынған.
«Бұл не деген мазақ? Біз шынымен де басқа елдің туын бұрмалап жатырмыз ба? Оңтүстік Қазақстанның шенеуніктердің патриоттық сезімі қайда? Неліктен олар қымсынбай соның фонында суретке түсіп тұр? Туымыздың дұрыс салынуын талап ету керек еді. Неге жалауды түзетіп, ресми түрде жазбаша кешірім сұратпаған. Әйтпесе, делегация болып жиналып, іс-шарадан кетіп қалуға болатын еді. Әлде бізге бәрібір ме?» – деді Данара Саранова.
Адвокат фотосуретте «Аманат» партиясының Түркістан облысы «Жастар рухы», блогер Олжас Мамыр және басқа да көптеген жастар делегация құрамы бар екенін айтты.
«Өзбекстаннан келген ұйымдастырушылар қателесті. Олардың сөзбен кешірім сұрағаны анық. Бірақ туды өздігінен жабысатын лентамен түзетуге болады. Шара 3 күн болды! Баспаханалар жұмыс істемесе тіпті тудың өзін іліп қоюға болар еді” – деп жазды адвокат.
Elitar.kz қазақстандық делегацияның мүшесі Олжас Мамыр қателік бірден байқалып, ұйымдастырушылар мұндай ұят үшін кешірім сұрағанын жеткізді.
«Иә, бұл оқиғаның бірінші күні болды. Біз ашуланып, наразылық білдірдік. Ұйымдастырушылар кешірім сұрап, екінші күні бәрін жөндеп берді», — деді Олжас Мамыр.