«Бұл соғысты тоқтатуымыз керек»: Трамп Путинмен кездесуге дайындалып жатқанын мәлімдеді

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп қазіргі уақытта Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайындық процесі жүріп жатқанын айтты деп хабарлайды   Altyn-orda.kz

Kaz.nur.kz ке сілтеме жасай отырып 

«Ол кездескісі келеді және біз кездесуге дайындық үстіндеміз», — деді Трамп Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясында республикашыл губернаторлармен кездесу алдында журналистерге. «Президент Путин кездесуді қалайды. Ол тіпті мұны көпшілік алдында айтты, біз бұл соғысты тоқтатуымыз керек», — деп қосты Трамп. Ол бұған дейін Украинадағы соғысты тоқтатуға бірнеше рет уәде берген, бірақ мұны нақты қалай іске асыратынын ашып айтқан жоқ. Трамп кездесудің қашан болатынын да айтпады, деп хабарлайды Reuters. Жұма, 10 қаңтарда Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге президенттермен кездесудің нақты жоспарлары әлі жоқ екенін айтты, дегенмен Мәскеу Дональд Трамптың диалогқа деген ұмтылысын құптайды. Кремль өкілі диалогқа алғышарттар қажет емес екенін, оған көшбасшылардың екеуі де қарсы болмауы керек екенін айтты. «Егер қызметке кіріскеннен кейін жоғары деңгейдегі байланыстарды қалпына келтіруге деген саяси ерік сақталса, онда, әрине, президент Путин мұны тек құптайды«, — деді ол. Еске салсақ, бұған дейін Дональд Трамп Украинадағы соғысты аяқтау үшін алты ай қажет деп есептейтінін айтқан болатын. Тағы да

Дональд Трамп. Фото: Chip Somodevilla/Getty Images