«Бүркіттің артына жабысқан қарғаны елестеттім «:Қайрат Нұртастың анасы ұлы жайлы әңгімеге нүкте қойды

Белгілі әнші Динара Әлжан Қайрат Нұртасқа казинода көлігін бергенін айтқан болатын. Хитменнің продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова бұл ақпараттың жалған екенін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы Айдарбекова Instagram парақшасында оқырмандарының осы тақырыпқа байланысты қойған сауалына жауап берді. Желі қолданушысы продюсердің парақшасына «Динараның (Әлжан — ред.) сұхбатын көріп, Қайратты (Нұртас — ред.) ондай адам деп ойламайсың», — деп пікір қалдырған.

Ал Гүлзира Айдарбекова осыған дейін де Қайрат Нұртас жайлы түрлі ақпараттың шыққанын айтып, оқырманның бұл пікірін жауапсыз қалдырмады. «Қайрат жайлы не айтпады? Айта берсін. Ешкімнің ақшасын тартып не алдап алған жоқ. Журналист жігіт біледі ғой қалай хайп жасап, оқырмандарын көбейтетінін. Қашаннан соңына түсіп жүргенін байқап та жүрген шығарсыздар. Қайраттай болып алсын.

Қандай пиғылы болса, сол басына келсін. Оның да ұрпағы бар шығар. «Күндестің күні қоңырау, соңымнан еріп жүр әлі» деп Қайрат әнімен жеткізгендей, шегі жоқ әңгіме ғой. Жақсының артынан сөз ереді.

Бүркіттің артына жабысқан қарғаны елестеттім. Өзіне хайп жасап, жоғарыға көтерілемін деп жүріп, ауа жетпей төменге құлдырамасын. Аузын толтырып, ойдан құрап 400 мың доллар дей ме? Концерті мықты өткен сайын, «Абыройын қалай түсіремін» деп өзегі өртеніп жүр-ау. Бұл алғашқы не соңғы өсек емес. Айта берсін. Нағыз жігіт болса, «Елдің азаматы ғой» деп, ағалық ақылын айтатын еді. Қайратты шұқылаған сайын хайп болатынын біліп, азартына кіріп кетті бұл жігіт. Құдай аясын! Баяғыда мықты ата-бабамыздың түбіне осындай еркек сияғы жоқтар жеткен ғой. «Өзіңнен шыққан жау жаман» деген осы шығар», — деп жауап берді Гүлзира Айдарбекова. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші Динара Әлжан Қайрат Нұртасқа казинода көлігін бергенін айтқан болатын.

kaz.nur.kz