Чилидегі Димаштың жанкүйерлері қазақ тілінде ән айтып, қазақстандықтардың жүрегін жаулап алды

Чили елінен шыққан, Қазақстанның танымал әншісі Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері оның жаңа әні «Тау ішінде» композициясына қазақ тілінде кавер жазып, қазақстандықтардың ыстық ықыласына бөленді.
Видео әлеуметтік желілерде тез тарап, қазақстандық қолданушылар арасында үлкен қошеметке ие болды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Орындау идеясын Манэ есімді жанкүйер ұсынған.
Ол қазіргі кезде қазақ тілін үйреніп жүр. Жолдасымен бірге олар Димаштың шығармашылығына деген сүйіспеншілігін білдіру мақсатында әсерлі видео түсіріп, әнді қазақ тілінде орындаған. Бейнежазбада олар мүмкін болатын айтылым қателіктері үшін кешірім сұрап, бұл әрекетті Димашқа деген шынайы махаббатпен жасағанын атап өтті.
Қыздардың бірі тіпті домбырада әуен ойнауға тырысқан — бұл сәт қазақстандықтарды ерекше әсерге бөлеген.
Каверге қатысты көптеген жылы пікірлер жазылды:
-
«Бір адам бүкіл әлемді қазақша ән айтуға мәжбүрледі — бұл ғажап қой!»
-
«Қыздар, керемет! 100 рет «Керемет» десем де, аз болады! Рақмет!»
-
«Кереметсіңдер! Чилилік қыздар домбыра да тартып отыр!»
Көптеген қолданушылар чилилік жанкүйерлерге қазақ мәдениетіне деген ықыластары үшін алғыс айтып, Димаштың өнерінің халықаралық деңгейдегі ықпалына тәнті екенін жеткізді.
Әзірге әнші бұл орындау туралы пікір білдірмеген. Алайда бұған дейін ол «Тау ішінде» әніне түсірілген клипті Instagram парақшасында жариялап, әлемдік аудиторияның қызығушылығын тудырған болатын

Тоқаев Көктөбеде алматылықтармен кездесті (видео)
04.08.2025, 12:11Алматыдағы балалар үйінен із-түзсіз екі қыз жоғалып кетті
04.08.2025, 11:25Желтоқсан айында «Аватар 3» ұлттық дубляжбен шығатын болды
04.08.2025, 11:10
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев Көктөбеде алматылықтармен кездесті (видео)
04.08.2025, 12:11 -
Алматыдағы балалар үйінен із-түзсіз екі қыз жоғалып кетті
04.08.2025, 11:25 -
Желтоқсан айында «Аватар 3» ұлттық дубляжбен шығатын болды
04.08.2025, 11:10 -
Қазақстанда педофилдерді жаңа ережелер бойынша кастрациялайды
04.08.2025, 10:51
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru