«Дәрет сындыр да, «KVZVKHSTAN»-ды тап»: Көкшетауда бар дәретханасындағы жазба желіде қызу талқыға түсті

Көкшетаудағы «Мята» барының дәретханасындағы «KVZVKHSTAN» жазуы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Қазір полиция департаменті жазбаға қатысты тексеріс бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KazTAG басылымына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде дәретханадағы постердің суреті тараған. Унитаздың жоғарғы жағындағы суретте жартылай жалаңаш әйел бейнеленген, ал денесіне «Қазақстан» деп жазылған. Сонымен қатар «дәрет сындырып, «KVZVKHSTAN»-ды тап» деп жазылған. 
Желі қолданушылары бар иелерінің бұл жазбасына қатысты наразылық білдіріп, тергеу бастауды талап еткен. Алайда мекеме өкілдері мұны жоққа шығарды. 

Полиция қазір сурет авторын анықтау жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. 

«Бұл материал арыздар мен шағымдарды тіркеу кітабына тіркелді. Сурет авторы мен Көкшетаудағы бардың дәретханасына жабыстырғандарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр», – делінген хабарламада. 

ТегтерКөкшетау