Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты

 

Фото: chelseafc.com

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубы сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Altyn-Orda.kz.

17 жастағы шабуылшы Аустралияның Сидней қаласында өтіп жатқан «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесуде негізгі құрамда алаңға шықты.

Матчтың жетінші минутында Дастан командаласының берген добын пайдаланып, қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Осылайша қазақстандық футболшы есеп ашып, «Челси» жейдесіндегі алғашқы голының авторы атанды.

Бұл кездесу «Челсидің» Аустралия мен Азиядағы маусым алдындағы турнесі аясында Сиднейдегі «Аккор» стадионында өтті.

Сәтпаевтың алғашқы минуттардан-ақ нәтижелі ойын көрсетуі қазақстандық жанкүйерлер арасында үлкен қуаныш тудырды.

Дастан Сәтпаев 18 жасқа толғаннан кейін «Челси» клубына ресми түрде қосылады. Оның ағылшын клубындағы алғашқы голы жас шабуылшының Еуропадағы мансабындағы маңызды қадам болды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Chelsea FC (@chelseafc)