Депутаттар Ермұрат Бапи, Ринат Зайытов және Мақсат Толықбайдың ереуілге шыққан мұнайшылар алдына шыққан видеосы тарады .

Әлеуметтік желіде жаңа сайланған депутаттар Ермұрат Бапи, Ринат Зайытов және Мақсат Толықбайдың Астана қаласында наразылық жасаған жаңаөзендіктермен сөйлескен видеосы тарады деп хабарлайды qamshy.media инстаграм  парақшасына сілтеме жасаған  altyn-orda.kz 

Журналистің «Жаңаөзендіктер кешеден бері пикет өткізді. Неге кешеден бері келмедіңіздер? Не себепті бүгін ғана келіп отырсыздар?» деген сұрағына Ермұрат Бапи жауап берді. 

«Біз ертерек келгенде шаруа шешіліп кетер ме еді? Жаңаөзендіктердің келгенін түстен кейін ғана естідім», деді Ермұрат Бапи. 

Ал Ринат Зайытов болса «Мәселе мына жерде шешілмейді, кабинетте шешіледі, жігіттер. Негізінде кабинетте шешілуі керек. Ал талап етушілердің осы әрекеті процесті әлдеқайда жеделдетеді»- деді .

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Qamshy.kz (@qamshy.media)