ДЕРЕК КӨЗДЕРІНЕ ЖӘНЕ ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ….

 

 

 

Кіріспе …………………………………………………………………………….

 

 

 

І-ТАРАУ. ДЕРЕК КӨЗДЕРІНЕ ЖӘНЕ ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ….

 

 

 

ІІ-ТАРАУ ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУЫ КЕЗІНДЕГІ САЯСАТ……………………………………………………….

 

 

 

ІІІ-ТАРАУ. ВИЗАНТИЯ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ………………………………………

 

 

 

ІV-ТАРАУ. РИМ ПАПАСЫМЕН ЖӘНЕ ФРАНК МЕМЛЕКЕТІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС…………………………..

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Орта ғасырлардағы сыртқы саясат феодалдық мемлекеттердің даму кезеңдеріне лайықты орнатылып, сол кезеңдердің ерекшеліктерін дәлме-дәл бейнеленеді.

Алдымен ол қатынастар бұрынғы Рим империясының қалдығындағы және Орталық, Солтүстік пен Шығыс Европада орнап, феодалдана бастаған варварлық державалардың мақсат-мүддесіне қызмет етті. Ақыры ірі феодалдық-абсолюттік монархиялардың өмірге келуіне байланысты орта ғасырлық дипломатия сол монархиялардың біріктіру саясатының құрамына айналды.

Ортағасырлық құрылыстың негізін крепостниктік қатынастар қалады. Бұл қатынастар оның алдындағы құл иеленушілік қатынастармен салыстырғанда едәуір озық қатынас болды. Феодалдық-крепостниктік қатынастар сонау ерте орта ғасырлардағы варварлық мемлекеттерде қалыптаса бастаған болатын. Бұл мемлекеттердің сыртқы саясаты да феодалдық-крепостниктік мақсат-мүддеге бағынышты болды. Неғұрлым көп жер басып алуға, әскери олжа түсіруге, тырысып, варварлық мемлекеттер бір-бірімен тынымсыз соғыстар жүргізді. Олар бұрынғы ұлы Рим державасының бір сынығы-шығыс Рим империясымен де қақтығысып отырды.

Дегенмен варварлық мемлекеттер өз сыртқы саясаттарын реттеу үшін өз ара да, көршілермен де еріксіз келісім жасауға мәжбүр болатын. Ерте орта ғасырлардағы жаңа саяси бірлестіктердің өте қарапайым түрін бейнелейтін дипломатия осылай туа бастайды.

Жас варварлық мемлекеттердің дипломатиялық қатынастарына кейінгі римдік империясының дипломатиялық дәстүрлерін ұстанған византия зор ықпал етті.

Бұл шығыстық дипломатияның өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы, оның салтанатты рәсімі айлакерлігі мен қулық-сұмдығы, қиыннан қисынын тапқыштығы, қарсыластарды татуластыру шеберлігі, өз мақсатына жету жолында сауда-саттық, мәдени және діни байланыстарын пайдалана білу-осының бәрі орта ғасырлық дипломатияға үлкен әсерін тигізді.

Орта ғасырлық дипломатияға римдік дәстүрдің ықпалын күшейтудің басқа құралының бірі – күрделі халықаралық байланысы қалыптасқан, папалық жүзіндегі шіркеу болды. Папалық тек діни ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік те күш болды, өзінің территориясына арқа сүйей отырып, өте бай материалдық қоры мен қалың тыңшылары жүйесін пайдаланып, папство өзінің бірлігі мен халықаралық беделін Европада қайнап жатқан бытыраңқылық пен өзара қырқысқа қарсы қойып отырды.

Папалық өз үстемдігін нығайта түсу мақсатында ол қырқыстарды онан әрі өршіте түсуге бағытталған белсенді дипломатиялық әрекет жасап отырды. Осы жолда папа Римнің ұлыдержавалық саясатындағы әдістерінен бастап, шіркеуден аластау, сатқындық, тыңшылық және құпия қастандық сияқты қолынан келетін барлық амалдар мен тәсіл-құралдарды кеңінен пайдаланды. Мәселе орта ғасырлық қоғам негізінде натуралдық шаруашылық жүйесінің жатқандығында еді. Ол жүйе нашар дамыған өндіріс құрал-жабдықтармен бірге Европадағы экономикалық байланыс-тардың қалыптасуына кедергі жасап, саяси бытыраңқылықтың басты бір себебі болды. Жаулап алу негізінде құрылған мемлекеттік бірлестіктер берік болмай, оңай ыдырап кетіп жатты. Варварлық корольдіктер тағдыры осылай болды. Ерте ортағасырлық ірі мемлекеттік бірлестіктер: батыстағы Ұлы Карл Империясы мен Шығыстағы Рюриковичтер державасының ақыры да солай болды. Кейініректегі дүниежүзілік папа державасын, қасиетті Рим империясын құру әрекеттерінің сәтсіздіктері де сол себептермен түсіндіріледі.

Ортағасырлық Еуропадағы бытыраңқылық кезінің дипломатиясы қалыптасқан феодалдық-крепостниктік құрылыстың болмысын бейнелей-ді. Бұл кезде Еуроап көптеген ұсақ дербес мемлекет-сымақтарға бөлініп кетті. Сеньорлық-мемлекетке теңестірілді. Ірі жер иесі-тақсыр, ал мемлекет – оның вотчинасы болды. Мемлекет пен жеке иелік арасындағы шекара жойылды, жеке бас құқы мен көпшілік құқы арасындағы айырмашылық та жойылды. Осындай жағдайда жеке бастар арасы мен халықаралық қатынастар арасындағы айырмашылықтар да мәнісін жоғалтты.

Сюзерендер мен вассалдар қатынасын анықтайтын бағыныштылық жүйесіне қарамастан, әрбір ірі сеньория азды-көпті тәуелсіз сыртқы саясат жүргізді. Жеке бастар соғыс құқы жарияланды. Сүйтіп, құқ күшпен алмастырылды.

Бұл кездегі дипломатияның қызметі вотчинниктердің арасындағы көршісінің жерін, халқын жаулап алу үшін жүргізген қақтығысын тоқтатуға, айтыс-тартыс, дау-дамайды шешуге бағытталды. Кейде ол қызмет ірі мәселелерді, айталық, тақсыр-вотчиниктердің арасындағы ортақ жауға қарсы күресте (Батыс Еуропадағы мұсылмандар қаупі, феодалдық руське-татар-қыпшақ қаупі төнгендігі) туған айтыстарды, қайшылықтарды шешуге де бағытталатын. Мұндай дипломатияның үлгісін феодалдық Русь кезіндегі князьдік қатынастардан айқын көруге болады.

Дегенмен бытыраңқы феодалдық қоғам ішінде орталықтануға итермелейтін күштер де болды. Өндіргіш күштердің өсуі шаруашылық байланыстарының нығаюымен бірге жүрді, еңбек бөлінісі күннен-күнге дами түсті, ақша-товар қатынастары дамып келе жатты, ұлттар қалыптаса бастады, жаңа тап-буржуазия қалыптаса бастаған қалалар қатары өсті. Бұл буржуазия ұлттық рынокпен бір орталыққа бағындырылған өкіметтің құрылуына мүдделі болды. Бір орталыққа бағындырылған күшті өкіметтің құрылуына ірі феодалдар қыспағынан құтылуға тырысқан, өздерінің таптық үстемдігін нығайтып, шаруаларды қанауды күшейтуді көздеген ұсақ феодалдар да мүдделі болды. Нығая бастаған феодалдық монархияның одақтасы-шіркеу болды. Ол жергілікті сеньор билігінен құтылуға ұмтылды, ол саудаға тартыла бастады.

Франция, Англия, Испания мен Киев сияқты ірі феодалдық монархиялардың сыртқы саясаты мен дипломатиясы феодалдық бытыраңқылықты тоқтатуға, мемлекет территориясын біріктіріп, онан әрі кеңейтуге, қарсыластарынан әскери күш пен сауда жағынан қуаттылығын асыруға, одақтастар табуға бағытталды. Мұндай жағдайда дипломатиялық қызмет маңызды мемлекеттік іске айналды.

Оны ұйымдастыру мен қабылдауда жаңа заман дипломатиясына жақын белгілер көріне бастады.

Орта ғасырлық Еуропа дипломатиясында әсіресе Италия қалалары өте үлкен маңызды роль атқарды. Италияда басқа елдердегіден бұрын капиталисттік қатынастар қалыптаса бастады. Онда сауда мен қол-өнері дамыған Венеция, Генуя, Турин, Пьемонт, Флоренция сияқты тәуелсіз, дербес қалалар үздіксіз бақталастыққа болып, сыртқы рынок үшін күрес жүргізді. Олардың ешқайсысында – да қарсыластарын жеңіп, өзіне бағындырып, біртұтас Итальян монархиясын құруға жеткілікті күш болмады. Мұндай біругіге папа мемлекеті кедергі жасап бақты. Ватикан өте қарқынды сыртқы саудамен айналысатын Италия қалаларының сыртқы қатынастарын реттеу қажеттігі шебер ұйымдастырылған дипломатияны туғызды. Ол дипломатияда шығыс дәстүрі, оның ішінде Византия дипломатиясының дәстүрі, басым болды. Ал Итальян қалаларының дипломатиясы өз кезінде Европада қалыптаса бастаған абсолюттік монархиялардың дипломатиялық практикасына зор ықпалын тигізді.

Византия империясы мың жылдан астам уақыт өмір сүрді. Сол кезде оның сыртқы саясатының озық үлгісі жасалды. Ол үлгі тек Византияға қарыздар славян халықтары ғана емес, тәуелсіздік алғанына жиырма жыл да толмаған бұрынғы Кеңес Одағының республикалары үшін де өте пайдалы. Себебі Византияның сыртқы саясатындағы жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді білу, ескерту бүгінгіге сабақ, болашаққа бағдар бола алады. Сондықтанда Византия дипломатиясын терең зерттеп, оның озық үлгілерін меңгеру жас Қазақстан Республикасы үшін өте маңызды мәселе деп санаймыз.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Осындай маңыздылығына қарамастан Византияның сыртқы саясаты мәселесі біздің елде зерттелмей келеді. Сол себепті де біз диплом жұмысымызды әрі қызықты, әлі зерттелмеген осы мәселеге арнадық. Аталмыш мәселе славян елдерінде (Болгария, Ресей, т.б.) біраз зерттелген. Біз ол зерттеулерге диплом жұмысымыздың бірінші тарауында толығырақ тоқталамыз.

Тақырыптың деректік негіздері. Диплом жұмысымызды жазуда латын, грек тілдерінен орыс тіліне аударылған дерек көздеріне сүйендік. Олар «Юстинианның құқ жинақтары», «Эклога», «Егіншілік заңы», «Василики» деген құқтар жинағы, «прохирон» деген заңдар жинағы, «Эпанагога» деген жарғы, Анна Комнинаның «Алексиадасы», Прокопий Кесарийскийдің «Война с готами» деген еңбегі, т.б. Бұл деректерге сипаттама диплом жұмысымыздың бірінші тарауында берілді.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысын жазу барысында ерте орта ғасырларда ең қуатты болған, бірақ дамыған феодализм дәуірінде құлдырай бастаған «Византия» деп аталып кеткен Шығыс Рим империясының сыртқы саясатындағы жетістіктер мен кемшіліктерді ашып көрсету мақсатын көздедім. Ол мақсатқа үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек болды:

— Византия империясының құрылуын анықтау;

— жаңа империясының халықаралық жағдайын саралау;

— империяның халықаралық аренадағы көздеген мақсатын, оны жүзеге асыру жолдарындағы әдіс-тәсілдерін талдау.

Бұл мақсат, міндеттерді орындап шығу үшін тарих ғылымында қалыптасқан талдау, салыстыру, статистика, т.б. әдістерін қолдандым.

Диплом жұмысының құрылымы. Алға қойылған мақсат міндеттерге сай диплом жұмысымыз кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде таңдап алынған тақырыптың маңыздылығы ашып көрсетілген, диплом жұмысының мақсат-міндеттері мен зерттеу әдістері, зерттелу деңгейі баяндалған. Бірінші тарауда дерек көздеріне және Византия империясының тарихына қысқаша шолу жасалған. Екінші тарауда халықтардың ұлы қоныс аударуы кезіндегі сыртқы саясатқа талдау жасадық. Үшінші тарауда Византия дипломатиясының принциптері баяндалады. Соңғы, сөртінші тарау Рим папасымен және франктер мемлекетімен қарым-қатынас кезіндегі саясаттың әдіс-тәсілдеріне арналды.

 

І-ТАРАУ. ДЕРЕК КӨЗДЕРІНЕ ЖӘНЕ ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ

 

Византия империясының оның сыртқы саясатының негізі болып табылатын әлеуметтік экономикалық қоғамдық құрылысы туралы біраз құнды дерекнамалар біздің заманымызға дейін сақталып жеткен. Солардың ең алғашқылардың бірі – Юстинианның азаматтық құқ жинақтары. Ол 529 жылы жазылып біткен, 534 жарияланған, 3 бөлімнен тұрады.

І бөлім – Дигесталар (лат. «собранное») 50 кітаптан тұрады. Оларда атақты Рим заңгерлерінің еңбектерінен алынған ережелер мен қағидалар келтірілген. Дигесталар кейінгі Рим мен Византияның империясы жайлы өте құнды деректер кездестірді. Олардың негізгі жеке бас құқының мәселелері құрайды. Мұрагерлік өсиет, неке – отбасы, мүлік, өзара айырбас, сауда-саттық, қарыз алу, беру мәселелері қамтылған.

Сондай-ақ қылмыстық құқ пен іс жүргізу көптеген халықаралық құқ мәселелерін де қарастырған. Бұл құжаттық ескерткіш ІҮ-ҮІ ғасырлардағы қоғамдық қатынастардың даму барысын көрсетеді.

Жинақтың ІІ бөлімі Юстиниан кодексі. Ол құқ мәселелерінің кең шеберін қамтиды. Басты назар жеке бас құқына аударылған, әкімшілік қылмыстық құқыққа аз мән берілген. Кодексте құқықтың негізі мен жоғарғы әкімдердің, ұлықтардың міндеттері ерекше атап көрсетілген. Юстиниан кодексінің кең көлемді мазмұны оны өте құнды тарихи дерекке айналдырған. ІІІ бөлімнің Юстиниан институциялары құрайды. Ол Рим құқын пайдалануға басшылық материал. Өзінің заңды бұлжытпай орындау жөніндегі нұсқауларында Юстиниан жаңа қабылданып жатқан заңдардың мәні-маңызын, бұрынғы заңдармен байланысын көрсетеді. Бұл құжат ҮІ ғасырдың ІІ жартсында жазылған. Сол кездегі Византиядағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірді зерттеуде өте құнды дерек боп табылады. 169 Юстиниан новеллалары дәл сол күйінде сақталған. Олар грек тілінде жазылған.

Новеллалар бойынша неке және мұрагерлік құқтарын елеулі өзгерістер енгізілген. Құлдардың, колондардың және еріктілердің жағдайында жаңа өзгерістер болды. Новелларларда шіркеу істеріне, үстемдік етуші дінді қорғауға көп көңіл бөлінген.

Көптеген новеллалар өкімет басшылығындағы өзгерістерге арналған. Жаңа басып алынған жерлердегі азаматтық және әскери билік мәселелеріне ерекше новеллалар арналған.

Византия империясының қалаларындағы қоғамдық құрылыс туралы құнды дерек Х ғасырдың басында жазылған. «Эпарх кітабы». Ол қалалық басқарманың шығарғын жинағы. Қолөнер мен сауда корпорацияларға біріккен. Корпорацияға қосылмаған қолөнершілер ешқандай артықшылықтармен пайдаланбаған және өкімет тарапынан сүйеушілік көрмеген. Ондай қолқнершілер корпорация тарапынан қуғынға ұшырайтын. Қолөнершілерден гөрі саудагерлер корпорациялары көп жеңілдіктермен пайдаланған. Кейбір ауқатты шеберлер құл еңбегңн, сол сияқты жалдамалы қызметкерлер – мистилер еңбегін пайдаланатын болған. Корпорациялар өздеріне заказ беретін өкіметке тікелей тәуелді болды. Мемлекет корпорациялардың ұсақ-түйек мәселелеріне шейін кірісетін және оларға қазымырлықпен бақылау жасайтын.

Өндірістің аумағы, шеберханалардың көлемі және шикізат запасы, сауда жасайтын орын мен уақыт бәрі-бәрін корпорациялар емес, қалалалық эпархтың чиновниктері белгілейтін және оны мемлекеттік қазынаның мүддесімен ұштастырып отыратын. Осы кезеңдегі константинопольдік корпорацияларда батыс европалық цехтармен біршама ұқсастық байқалатын еді.

Келесі құнды дерекнамалардың бірі – «Эклога». Ол 726 жылы император ІІІ-Лев Исаврийский басып шығарған қысқа заңдар жиынтығы. Жинақтың мақсаты – жеке меншіктік принципін нығайту болды. Бірақ эклогада семья басшысының билігі шектелді.

Сүйтіп ол патронимияның беделін төмендетті. Кіші, шағын семьяны қолдады. Бұл әрекет славяндар ықпалының нәтижесі еді. ІҮ-ҮІ ғасырлардағы көп сөз болатын тәуелді шаруалар колондар туралы эклогада ештеңе айтылмаған. «Эклоганың» кейбір статьялары сол кездегі саяси жайғдай талабын – халифатпен соғыс кезіндегі мұқтаждықты бейнелейді. Жауға қарсы соғысқа қатысқан құлдарға бостандық берілетін болды; соғыста түскен олжаны бөлу тәртібі белгіленді.

«Эклога» орталық басқару жүйесін нығайтуды да көздеді. Оның кіріспе бөлімінде төрешілердің халықтан пара алмауы ескертіледі. Құдайдан безгендерді жазалау шаралары белгіленген. Әсіресе манихейлер мен монтанистер қатаң қудаланды.

ІХ ғасырдағы Византия империясының қоғамдық құрылысы туралы құнды дерекнама – «Эпанагога». Ол 880 жылдары император І-Василийдің (867-886) атынан құрастырылған византиялық құқтар жинағы. Кейін Василийдің балалары ҮІ Лев (886-912) пен Александр (912-913) бұл жинақты толықтырған. Эпанагоганың көп бөлігі компилятивті сипатта құрылған. Ол көптеген Прохирон мен Эклога нормаларын қамтыған. Біраз жаңа ережелер де енгізілген. Мысалы патриарх билігі туралы дінбасылардың құқы жөнінде «Патриарх билігі император билігін толықтырады» деп көрсетілді.

Византия империясының қоғамдық құрылысы жөніндегі ең құнды дерекнамалардың бірі «Егіншілік заңы». Ол ауылдық жердегі құқ қатынастардың белгілейтін қысқаша юридистикалық жинақ. Кіші Азияда ҮІІ ғасырдың аяғы, ҮІІІ ғасырдың басында құрастырылған болса керек. Кәдімгі құқты Рим құқтық нормалармен, библиялық қағидалармен ұштастыра отырып жазылған. ҮІІ ғасырдағы Византияға славян және басқа халықтардың келіп қосылуынан кейінгі деревняны зерттеу жөніндегі өте құнды дерек. Ол византиялық шаруалардың күнделікті өмірінде басшылыққа алып отыратын құжатты. Бұл заңның нормалары Юстиниан заңдарының жинағынан кейінгі аграрлық қатынастардағы өзгерістерді көрсетеді.

Византия империясы 395 жылы құрылды. Сол жылы император Федосий-І қайтыс болды. Ол өлер алдында империясының Батыс бөлігін үлкен ұлы Гонорийге, Шығыс бөлігін кіші ұлы Аркадийге берген болатын. Шығыс бөлігінің астанасы Константинополь қаласы болды. Ол алғаш Византий деп аталған. Оның негізі біздің заманымызға дейінгі 660 жылы қаланған 324 жылы Рим империясының астанасы деп жарияланды. 330 жылдан бастап Константинополь деп аталды.

Бұл қала астанаға айналғаннан бастап Рим империясы жікке бөлінді. 395 жылы бұл жікшілдік бөлінумен тынды. Империяның Шығыс бөлігі көбінесе оның астанасының бұрынғы атымен Византия деп аталып кетті. Рим империясының астанасын Босфор бұғазына көшірудің экономикалық, мәдени, саяси маңызы болды. Себебі ол Европа мен Азияның арасындағы Қара теңізбен Эгей теңізі арасындағы жолдарының қиылысатын жерінде болды. Ол Шығыс пен Батыс аралығындағы «Алтын көпір» деп аталады. Константинополь құрғақтан да, судан да жақсы қоршалған әскери-стратегиялық орталық болды.

408 жылы 1 мамырда император Аркадий-ІІ өлді. Енді таққа жасы кәмелетке жетпеген «Кіші» ІІ-Феодосий отырды. (408-450). Билік тізгіні бұрынғысынша Анфимидің қолында болды. Иранмен ара қатынас жақсара түсті. Осы мақсатпен император Аркадий өлер алдында парсы патшасы І-Иездегерді (399-420) өзінің артында қалып бара жатқан жас баласы Феодосийдің қамқоршысы, тәрбиешісі болуын өтініп еді.

Иездегерд келіскен. Сол себепті Персияда христиандарға деген көзқарас та өзгерді. 412 жылы оларға Персия мемлекетінің ішінде ерекше христиан шіркеуін салуға рұқсат етілді.

414 жылы өкімет билігінде елеулі өзгеріс болды. Енді билік тізгіні жас императордың әпкесі 16 жасар Пульхерияның қолына көшті. Ол өте қу, айлакер еді. Жас император толығымен Пульхерия ықпалында болатын. Сондықтанда оның әпкесі барлық билікті інісі атынан өзі жүргізді.

«Пульхерия төңірегіне пайда табуды ойлаған пысықтар құмырсқадай үймеледі. Пульхерия кезінде қандай да болса қызмет аукционнан сатылғандай таратылатын еді»*, дейді оппозициядағы тарихшылар. Константинополь провинцияларды майлы жілікше соруын бұрын соңды болып көрмеген дәрежеге жеткізді. Жергілікті кұл иеленушілерді күйзеліске ұшыратып, елді жиі-жиі ашаршылыққа ұшыратты. Әсіресе 419 жылғы ашаршылық күшті болды. 416 жылы әкімшілік аппаратта тазарту жұмысы жүргізілді. Үмітті ақтамаған, көңілден шықпаған, сенімсіздік танытқан әкімдер жұмыстан қуылды. Осы кезде Константинопольдің ктиторлар қызметті ақшаға сатып алып, қарық болып қалды.

Ерікті адамдар сауда-саттық істерінде бай адамдардың қолжаулығына айналды. Байлар солардың атынан мал-мүлік, т.б. иеліктерді сатып, немесе алып отырды. Қала тұрғындарының арасында патронций деген тарай бастады. Кейбір қолөнершілер мен саудагерлер хрисаргирден құтылу үшін бұл салықтан босатылған ақсүйектер үйінің мүшесі болып жазылуды шығарды. Бұл әрине тегін емес, бірақ ақсүйекке хрисаргирден әлдеқайда аз ақы берді.

418 жылғы 21 тамыздағы жарлық бойынша патронцийге қатаң тиым салынды.

Әскер ісінде де біраз өзгерістер болды. Енді варварларды әскерге бұрынғыдай тайпасымен, көсемімен емес, жеке-жеке алатын болды. Офицерлер негізінен грек ұлтынан дайындалды. Әскерді ұстау қымбаттай бастады. Өкімет адерация саясатын жүргізді. Бұрынғы  азық-түлікпен, мал-мүлікпен төленетін салықтар ақшалай салықпен алмастырылды.

1) Пульхерия сыбайластары Константинопольдік текті ақсүйектердің мақсат-мүддесін қорғады. Олар Константинопольдің астаналық жағдайын

__________

*История Византии. М., 1967. т.1 стр. 186

тиімді пайдаланып қалуға тырысты.

2) Бұл топқа императрица Евдоксия (ІІ-Феодосийдің әйелі) мен Кир деген префект (әкім) бастаған ктиторлар (ірі меншік иелері, шіркеу старосталары), зиялылар (интеллигенция) қарсы тұрды.

3) Египеттің ірі саудагерлерімен тығыз байланыстағы константинопольдік іскерлер (дельцы) партиясы жоғарыда аталған 2 топқа бірдей қарсы тұрды. 425 жылы Константинопольдегі жоғарғы оқу жүйесін кеңейту жөнінде жарлық шықты.

Константинополь университетінің материалдық жағдайы нығайтылды. 429 жылы заңдар жинағын жасау комиссиясы құрылып, іске кірісті.

Ол комиссия 438 жылы ақпанда жинақты жасап шықты. Кодекс елді басқаруды, сауда-саттық қатынастардың жақсартуға үлес қосты.

413 жылы «Константинопольде Феодосий дуалдары – қабырғалары тұрғызылды». Дунай өзені бойында да қамалдар тұрғызылып, флот құрылды. Балқан жарты аралығындағы қалалардың айналасында да қабырғалар (дуалдар) салынды. 441 жылы билік Александрия патриархын ашық қолдаушы Хрисафий деген евнухтің қолына тиді. Оның саясаты константинопольдік сауда-қаржы иелерінің мүддесін көздеді. Олар Египеттен байланысты нығайтуды қалады. Хрисафий билігі кезінде 446 жылы сенаттың заң актілерін міндетті түрде 2 қайтара оқып шығып, талқылауы керектігі туралы жарлық шықты. Пульхерия бастаған топ Хрисафий билігіне қарсы тұрды.

Сарай топтарының бұл өзара кикілжіңіне цирктік ұйымдар да тартылды. Олардың арасында қарулы қақтығыстар орын ала бастады. Бұл спорттық бірлестіктер мен қоғамдардың белсенділігінің артуы Ү ғасырлардың 40 жылдарындағы гундер қаупіне байланысты болды. Осы сыртқы қауіптен қорғану мақсаты спорттық қоғамдардың саяси қоғамға айналуына себеп болды. Олар димдер деп аталды. Бастылары венеттер (ақсүйек-әкім-билерден құрылған), мен прасиндер болды. Соңғысы қолөнершілер мен саудагерлер мүддесін қорғады.

Бұл партиялар цирктерде, ипподромдарда құрылған, қазіргі фанаттар сияқты. Ойындар мен ат жарыстарының барысында жанкүйерлер партиялары қалыптасты. Ол партиялар возницалардың киімдерінің түсіне қарай бөлінді. «Венет» — көк, ал «прасиндер» — жасыл. Димдердің сайланып қойылатын басшылары болды.

Сондай-ақ қызметкерлері мен күйме артистері, қонақ үйге ұқсас үйлері, аттары, ақша қазынасы болды. Алғаш димдер таза спорт ұйымдары болды.

306-337 жылдарда билік құрған император Константин «акклимация» туралы жарлық шығарған. «Акклимация» деген – халықтың цирктерде жарияланатын үкімет қаулыларын дауыс шығарып қолдауы, немесе, керісінше, қарсы болуын білдіруі. Осы «Акклимация» иуралы жарлықтан соң ІҮ ғасырдың аяғынан бастап димдер әлеуметтік мақсат-мүддені білдіретін саяси партияларға айнала бастады. Жалпы 4 димдер болған. Бірақ бір-біріне қарсы тұрған негізгі 2 партия (венеттер мен прасиндер) болды.

Ү ғасырдың аяғында, ҮІ ғасырда венеттер мен прасиндер арасындағы бақталастық күресі күшейе түсті. Әсіресе стасиоттар деп аталған жастар отрядтары қызбалық көрсетіп отырды. Қайсыбір кездерде әлеуметтік қарама-қайшылықтар венеттер мен прасиндер партияларының қатардағы мүшелерінің бірігуіне әкеліп соқты. Олар өз басшыларына, өкіметке қарсы щығып отырды. Ең алғашқы партиялар арасындағы қантөгісті белгілі тарихшылар Марцеллин мен Иоанн Малала 445 жылға жатқызады. 40 жылдарда Хрисафидің Египетке қолдаушылық саясатын ұстанған, өкімет жағындағы партия-прасиндер болды. Венеттер партиясы, керісінше, тек Константинополь үстемдігі үшін күресті.

Цирктік партияларды нығайту қауіпті бола бастады. Пульхерияның жалдамалы варварлардан тұратын әскери отряды бар Аспар дегенмен одағы қалыптаса бастады.

Хрисафий құлатылғаннан кейін көп ұзамай кезекті бір аң аулау кезінде ІІ Феодосий апатқа ұшырап, қайтыс болды. Оның соңында ұл баласы қалмады. Аспардың күшімен таққа Пульхерия отырды. Бұл кезде Пульхерия 52 жаста еді. Оған күйеуге тию талабы қойылды. Үкімет басына келген соң Пульхерия 449 жылғы Эфес Соборінің шешіміне қарсы шықты. Бұл істе ол константинопольдік ақсүйектердің қолдануына ие болды. Патриарх Анатолий де бұрынғы египеттіктерді жақтаушылығынан тайып, Пульхерия жағына шықты.

Маркиан ІІ-Феодосий тұсындағы қызмет орнын өте қымбат бағаға сатып алуды тоқтатты. Сенаторлыққа сайлану үшін төленетін салықтың мөлшерін төмендетті.

Империяның Ү ғасырдағы ішкі және сыртқы жағдайына алдымен аграрлық қатынастардың ықпалы зор болды. Бұл кезде ыдырай бастаған құлдық қоғам негізінде ауылшаруашылығында феодалдық қатынастар тез қалыптаса бастады. Византиядағы аграрлық қатынастардың ерекшелігі – ерікті шаруалардың сақталуы. Колонаттың кең таралуы, ұзақ мерзімді аренданың қанат жаюы болды.

Сондай-ақ Батысқа қарағанда құлдарға жердің жедел үлестірілуі болды. Ол пекули деп аталды. Яғни, Батыс Рим империясына қарағанда мұнда ерікті шаруалар әлдеқайда көп болды. Сондықтан да шығыстағы жерлердің құнарлығы көп кемімеді, өнімді молырақ берді. Жалпы алғанда, Византиялық деревняда ірі құл иеленушілердің жер иеліктері ҮІІ ғасырларда ыдырай, ал кейбір жерлерде түбімен жойыла бастады. Бұрынғы ірі жер иелігінің орнына шаруалардың қауымдық жер иеліктері орнай бастады. І кезеңнің аяғына қайрай ірі жер иеліктеріндегі колондар мен құлдар еңбегі бірітіндеп ерікті шаруалар еңбегімен ығыстырыла бастады. ІҮ-Ү ғасырлардағы Византия қаласы ежелгі құл иеленуші полис қала берді.

ІҮ ғасырдың аяғынан бастап кішігірім полистер жойыла бастады. Ал Ү ғасырда пайда болған қалалар енді полистер емес, сауда-саттық, қолөнер және әкімшілік орталығы болды. Византияда Ү ғасырда тіршілігі қайнаған, халқы көп Константинополь, Антипохия сияқты ірі қалалар болды.

Сауданың, қолөнерінің, жалпы қалалалық өмірдің қызулығы жағынан Византия Батыс Европа елдерінің ең алдында болды. (Ү-ҮІІ ғасырларында). Мұнда ол кезде Батыста бұрын-соңды таныла қоймаған қолөнер түрлері: шыныдан жасалған ыдыс-аяқтар, жүн және жібек маталары, зергерлік бұйымдар, папирус өндірілді. Византия қолөнершілердің даңқы шартарапқа тарап жатты.

Византия саудагерлері Иранмен, Үндістанмен, Қытаймен сауда жасау арқылы байыды. Оларды Батыс Еуропада жақсы білетін. Олар мұнда Шығыстың қымбат товарларын әкеліп отыратын. ІҮ-Ү ғасырлардағы Византия орталықтанған әскери-бюрократиялық монархия болды. Барлық үкімет билігі императордың қолнда болды. Императордың кеңесші органы санат болды. Мемлекет шаруалар мен қолөнершілерден көп салық жинады, ал көпестерден баж салығын алды. Империя үлкен армия мен күшті флот ұстады. Осы себепті Византия өз шекараларын «варварлардан» қорғай алды, өзі де шапқыншылық соғыстарын жүргізіп отырды.

 

ІІ-ТАРАУ. ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУЫ

КЕЗІНДЕГІ СЫРТҚЫ САЯСАТ

 

ІҮ ғасырдың аяғынан бастап Рим Империясының шекарасына жинақталған қалың германдық тайпалар оның ішіне баса көктей еніп, барлық облыстарын толтырды. Құл иеленушілік қатынастардың дағдарысымен, құлдар мен коландардың күннен-күнге өсе түскен революциялық күресімен күйзеліске ұшыраған Империя оның жерінің құнарлылығына, виллалары мен қалаларының тұнып тұрған байлығына қызыққан варварлардың жаңа қарқынды тегеурініне шыдап тұра алмады.

Құл иеленушілік шаруашылықтың дағдарысы асқынып кеткен, экономикалық даму жағынан біраз артта қалған батыс империя бір облыстан соң бір облысынан айырылып жатты. Варварлардың жаңа соққыларынан Шығыс империя да ең соңғы күшін салып, әрең қорғанып жатты. 375 ж. император Валенттің1 келісімі бойынша (мәжбүр болғандықтан) Дунайдың оңтүстігіне қарай вестготтар қоныстанды. Олар 376 ж. өкімет қысымшылығына қарсы көтеріліс жасады. 378 ж. вестготтар мен оларды қолдаған империя халқының отрядтары Адрианапольде Валенттің әскерін талқандады.

379 ж. көтерілісті басыға испан-рим аристократиясының өкілі қолбасшы Феодосий басқарған әскер жіберілді.

380 ж. варварлар көсемдерінің біраз талаптарын орындау рақылы ткөтерілісті басқан соң Феодосий император деп жарияланды.

Вестготтар королі І-Алархи ()370-410 395 ж. Феодосий өлген соң Фракияға басып кіріп, Афиныны алды, Коринфты, Аргос пен Спартаны талан-таржыға салды. Шығыс Рим императоры Аркадий І-Аларихпен бітім шартын жасап, оған Иллириктегі армияның магистры деген атақ берді. Иллирикке федераттар ретінде вестготтар қоныстандырылды.

_________

1Валент Флавий (328-378) Рим империясының шығыс бөлігінің императоры

401 ж. І-Аларих Италияға шабуыл жасады. Бірақ оған Стилихон Флавий (360-408) (Рим әскери қолбасшысы мемлкеттік қайраткер. Вандал Феодосий өлген соң жас Гонорийдің (395-423жж. батыс рим империясының императоры) қамқоршысы болып тағайындалып, барлық билікті өз қолына шоғырландырды. 402ж. екі-рет Полленций мен Веронде  І-Аларихте жеңді, 406ж. Фьезол маңында Радагаис бастаған варварлар бастаған тайпасын талқандады. Сарай ішіндегі интрига нәтижесінде Гонорийдің бұйрығымен өлтірілді.) тойтарыс берді. 408 ж. І-Аларих Италияға екінші рет басып кіріп, Римді үш рет қоршады. 410 ж. 24 тамызда І-Аларих римді үш рет қоршады, оны 3 күн бойы тонауға салды. І-Аларих 410 Оңтүстік Италияда  Сицилия мен Африкаға жорыққа дайындық кезінде өлді.

Испания мен Оңтүстік Батыс Галлияда вестготтар Рим империясының территориясындағы ең бірінші варварлық мемлекет өз корольдықтарын құрды (507ж.).

Олардың артынша Вандалдар, Свевтер, Бургундар, Франктар Империяның облыстарын бірінен соң бірін басып алып жатты. Ақыры гунндар Еділден (Волга) Рейнге дейінгі аралықты басып алып, империяның шекарасына тақап келді. Олар алым-салық талап етіп, Империяның өміріне қауіп төндірді.

Батыс, Шығыс империялар варварлармен тек соғысып қана қоймай, олармен дипломатиялық қатынастар жасап та отырды. Әдетте варварлар империяға басқыншылар емес, васалдар, немесе одақтастар ретінде енетін. Себебі алғаш вассал ретінде келгендер ертесінде бүлікшілерге, тіпті жаулап алушыларға айналып отыратын. Сондықтан да олармен келісім жасау, оларды сатып алу, олардан қалайда құтылу керек  болатын. Ал олар өз кезегінде, қоныстану үшін жаңа жерлер, алтын, күміс талап етіп отырды. Мұның бәрі варварлар мен Рим империясының, дәлірек айтқанда екі рим империясы арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатудың қажеттігін туғызды.

Батыс империя облыстарына орналасқан варварлар көп жалтақтамастан жаңа қоғамдық тәртіптерге көше бастады. Оларда таптар тез қалыптаса бастады, Король билігінің беделі өсті, мемлекеттілікке дейінгі тайпалық одақтардан мемлкеттік бірлестікке көтерілді. Құрылып жатқан корольдықтар арасындағы шекаралар дәл белгіленбеді, талас-тартыстар тек қарумен ғана емес, келіссөздер арқылы да шешіліп отырды. Варварлар корольдықтарының өз дипломатиясы қалыптаса бастады.

Римдік әлеммен варварлар қақтығысы халықаралық қатынастардың ерекше түрін туғызды. Тарихта шығыс империя сарайының Ғұндар көсемі Аттиламен дипломатиялық қатынасын суреттеген естеліктер қалған. Алдымен Аттила туралы бірер сөз. (1996ж. қарашада Әуезов атындағы академиялық драматеатрында В.Замятиннің екі бөлімді «Еділ (Аттила) патша» трагедиясы қойылды). Аттила 434-453 жж. патшалық құрған Ғұн тайпалық одағының көсемі. 445 жылға дейін Бледа деген інісімен бірге билік құрған, ал 445 ж. ол інісін өлтірткізіп, өзі жеке дара билік құрды. Шыққан жері Еділ бойы. Аттила аталуы Еділден шыққан деген мағына береді. Негізінде бұлар Орта Азия, Батыс Сібір жерлерінен шыққан, мал бағып күн көрген түркі тілдес тайпалар. Сол Ғұндар Батыс Европа елін де жаулап алған. 443, 447-448 жылдары Шығыс Рим империясына жорық жасап, салық төлеп отыруға көндірген. Соннан кейін Аттила Галлияға жорық жасап, 451 ж. Каталаун алқабында шайқаста жеңілді.

452 ж. Римге тақап келді, бірақ алымсалық алып, кейін қайтты. Аттиланың Европадағы патшалығының орталығы қазіргі Венгрия жері болған.

Гот тарихшысы Иорданның хабарлауынша Аттила ұзын бойлы, қара торы, қысық көзді, сирек қырау салған сақалды, имек мұрын, кең кеуделі, тағам қабылдауда қанағатшыл, сөзді кесіп, түйіп айтатын, өтінішпен келгендерге рахымшыл, қарапайымдылық көрсетіп, қол астына өткендерге кешірімшіл, тіпті қамқор бола білген адам. Ал Аттила ордасында Рим елшісі Прийск мәліметіне қарағанда, ол тағам талғамайтын, қонақтарына төрден орын беріп, алтын күміс табақтарға салынған ас тартылғанда, кімге бас, кімге жілік дегендей, ретімен бергізіп, қымыз шараппен сыйлайтын Аттила, өзіне келгенде тағамды ағаш табаққа салғызған, және қарапайым болған.

Екі тарихшының да пікіріне қарағанда, Аттила бойын тік ұстайтын, киімі қарапайым болғанымен сымбатты, өзіне қонымды, бірақ айбарлы қарайтын, аз сөйлеп, көп байқайтын мінезімен айналасына, тіпті басқа елдерге үрей, қорқыныш тудыратын сұсты адам болған.

Аттиланы 453 ж. Ғұнндар қаратқан Бургун королі Зигфридтің әйелі Йлдихо (Кримхильда) күйеуінің, аға-інілерінің кегін алу үшін өлтірген. (Аттиланың өз әйелінің аты Кіреуке). Аттила патша ордасының тілі түрікше болған. (Мыс., Аттила айналасындағы Ғұн көсемдерінің аттары; Берік, Ойбарыс, Мынзак… Оның әйелдері мен балаларының аттары: Ескеалма, Ұзынтұра, Елназар, Өте, Теңіз, Ернақ…). Аттила жайында түрлі аңыз, өлеңмен жазылған шығармалар кең тарап, ғасырдан ғасырға енді.

Константинополь сарайы мен Аттила арасындағы дипломатиялық қатынастар өз көзімен көрген сарай қызметкері Присктің естелігінде өте дәл бейнеленген. Оның әңгімелерінен варварлардың рим дипломатиялық қатынастарының ереже дәстүрін, салтын қалай меңгергенін байқауға болады. Империяға да варварлар дәстүріне бейімделуге тура келді. Приск шығыс императоры ІІ-Феодосийдің 433 ж. Ғұндарға жіберілген елшілігін әңгімелейді.

Ғұндар аттан түспей ақ сөйлесеміз деген ұсыныс айтты. «Рим елшілері де өз намысына тырысып, аттан түспестен мәселені шешуге кірісті» — дейді Приск. Империя үшін өте ауыр бітім жасалды: империя Ғұндарға барлық қашқындарды қайтарып беруге, жыл сайын 700 фунт алтын төлеуге міндеттенді. Соңында екі жақта, арқайсысы өз ата-бабаларының салт-дәстүрі бойынша, жасалған шартты бұзбауға ант берді.

Варварлар рим дипломатиясын меңгере отырып, одан тіпті кей кезде дерек түрінде болса да, өздері үшін пайда табуға тырысты. Империяда елшілерге сыйлық тарту дәстүрі бар болатын. Аттила Константинопольге елшілер жіберіп, қашқындарды қайтарып беруін талап етті. Елшілерге бай сыйлықтар беріліп, қашқындар жоқ деген жауаппен қайтты. Аттила ІІІ, ІҮ-рет елшіліктер жіберді «римдіктердің жомарттығын біле, олардың қалай бітім шартын бұзбауға тырысатынын ескере отырып, Аттила кімге жақсылық жасағысы келсе, соны елші етіп Римдіктерге жіберіп отырды. Сүйтіп, әртүрлі сылтау-себептер тауып, бірнеше елшіліктің сыйлық алуына мүмкіндік жасады», — дейді Приск. Аттила империямен келіссөздер жүргізуге ол тек қулық-сұмдықты игеріп қана қойған жоқ. Приск Аттиланың қасында Аэций1 жіберген Констанций деген хатшы болған дейді. Ол Аттилаға латын тіоінде грамоталар құрастырып беріп отырса керек. Келіссөздер жүргізу үшін Аттила бұл істе тәжірибесі бар Империя облыстарынан қолға түскен римдіктерді пайдаланып отырды. Приск Аттиланың 448 ж. ІІ-Феодосийге жіберген елшілігі туралы өте дәл, толық жазған. Елшілікті Ғұн Эдикон басқарды. Оның соғыстағы батырлығымен даңқы шыққан болатын. Онымен бірге жақында ғана Аттиланың қол астынан көшкен облыстарының бірінің тұрғыны Орест деген римдік (азамат) жіберілді.

Эдикон императорға таныстырылды. Ол императорға Аттиланың грамотасын тапсырды. Грамотада Ғұндар көсемі қашқындардың қайтарылмауына өкініш білдіріп, Ғұндар мен империя арасында жаңа сауда пунктерін ашуды талап етті.

Император латын тілінде жазылған грамотаны оқып шықты. Сонан соң Эдикон онда жазылғандарға өз сөзімен біраз пікірлер қосып, толықтырды. Оның өз сөздерін ғұн тілін білетін сарай қызметкері Вагилла

_________

1 Аэций Флавий (ок. 390-454), Батыс-Рим империясының әскери қолбасшысы. 451ж. ол варварлар әскерінің көмегімен Қаталаун алаңында Аттила басқарған ғұндарды талқандаған.

2 (401-28.07.450) Византия императоры. Оның тұсында мемлекетті алғаш әпкесі Пульхерия (428 ж. дейін), оннан соң әйелі Евдоксия (441 ж. дейін) ақара – Хрисафий деген евнух басқарды. ІІ-Феодосий басқарған кезде Константинополь қалың, күшті «Феодосий қабырғасымен» қоршалды; 438 ж. «Феодосий кодексі» деген заңдар жинағы қабылданды. 431, 449 ж.ж. ІІ-Феодосий әлемдік соборлар өткізді.

 

аударды.

Бұл елшіліктің тағдыры византиялық дипломатиялық қабылдау рәсімін сипаттау үшін өте құнды. Константинопольдік үкімет басылары императордың келісімімен Эдиконды Аттиланы өлтіруге үгіттеді. Ол үшін өте «көп байлық беруге» уағдаласты (уәде). Эдикон бұл ұсынысты өтіріктен қабыл алған болып келісті. Өз еліне құрамына Вагилла кірген императордың елшілігімен бірге қайтты. Вагилла ғұндар көсемін өлтіру жөніндегі ұсыныстың ең басты тұлғасы болатын. Эдикон еліне келісімен Аттилаға барлық шындықты жайып салды. Аттила императордың елшілігіне ашулана тіл қатып, Вагилланы ағашқа шаншып өлтіруге, құзғындарға жем қылуға болатынын, бірақ елшілік құқын бұзбау үшін олай істемейтіндігін айтты. Осыдан келіп, варварларда сол кездің өзінде-ақ елшілердің ешкім ешқандай жағдайда тиісе алмайтын ерекше құқтарын мойындағандығын көруге болады.

Аттила өзімен келіссөз жүргізуге жәй қарапайым қызметкерді емес, консулдық атағы бар белгілі ақсүйектерді жіберуді талап етті. Елшілер келіссөз кезінде көрнекті ақсүйектердің ғана елші болуы міндетті емес, әскери адамдарды елші етіп жібере береді деп көндірмек болған әрекеттерінен ештеңе шықпады: Аттила өз дегенінде тұрды. 449 ж. оған Анатолий және Ном деген патрицилер жіберілді. Олардың атақтарын құрметтей отырып Аттила шекарадан елшілерді қарсы алды. Алғаш Аттила елшілермен менмендікпен сөйлескенімен, кейін біраз жібіп, ақыры Константинополь үшін тиімді келісім жасады. Қоштасарда елшілерге бағалы сыйлықтар – қымбат аң терілері мен жылқылар берді. Сүйтіп, Империямен қатынас жасай отырып, варварлар бірте-бірте римдіктердің елшілік қабылдау, келіссөз жүргізу жөніндегі тәртіптері мен ережелерін, салт-дәстүрі мен рәсімдерін меңгере берді.

476 ж. Батыс Рим империясы өмір сүруін тоқтатты. Герман-варварлық

 

жасақтың көсемі Одоакр1 Батыс Рим империясының соңғы императоры Ромул Августулды2 тақтан түсірді. Италияны  басып алған Одоакрдың ең алғашқы әрекеттерінің бірі – Шығыс Рим (Византия) империясымен дипломатиялық қатынастар орнату болды. Константинопольге императорлық белгі-тәж бен алтынмен қапталған шаран жіберді. Бұл енді Батыста дербес император болмайды деген ұсынысы еді. Өзі үшін Одоакр патриции деген атақ берілуін, Италияны билеп-төстеуге рұқсат өтінді. Шығыстың императоры Зенон (474-475, 476-491) Одоакрға қарсы шытырман қастандық жолына түсті. Ол остготтардың көсемі Теодорихты3 Италияны жаулап алуға бағыттады. Оның алдында Теодорих Константинопольге қауіп төндірген болатын. Сүйтіп, екі мазасыз көрші-варварлар бір-біріне қарсы айдап салынып, империяға төнген қауіп жойылды.

Константинопольге ұзақ уақыт тұрған Теодорих византия дипломатиясының принциптерін жақсы меңгергендігін көрсетті. Толық жеңіске жете алмаған Теодорих Одакрға Италияны бірлесіп басқару жоспарын ұсынды. Ол жоспардың қабыл болу құрметіне жасалған бойда Теодорих Одакрді өз қолымен өлтірді. Зұлымдық пен сатқындық арасында Италия остготтар қолына көшті.

Теодорихтің римдік саяси формаға берілгендігі жақсы белгілі. Өз атында жаза алмайтын бұл варвар өзінің төңірегіне рим оқымыстылары мен білімді мамандарын жинап алып, барлық әкімшілік пен елшілік ісін сол римдіктерге тапсырды. Остгот корольдігінің халықаралық жағдайы өте қиын болды. Византия императоры жаңа күшті көршісіне ұрейлене қарады. Римнің ірі жер иеленушілерінен олардың иеліктерінің үштен бірін

__________

1 Одоакр (431-15.03.493, Равенна) 476-493 ж.ж. Италияның үкімет басшысы. Германдық скирлер тайпасынан шыққан. Батыс Рим империясының армиясындағы жылдамалы германдық отрядтың қолбасшысы болатын. 476 ж. 23 тамызда Р.Августулды тақтан құлатып, өзінің «Италия королі» деп жариялады. Одоакрды остготтар көсемі Теодорих өлтірілді.

2Ромул Августул 475-476 ж.ж. 23.03. Батыс Рим империясының императоры.

3 Ұлы Теодорих (454, Паннония, 26.08.526, Равенна) 493 жылдан остготтар королі.

 

Остготтардың тартып алуы Рим аристократиясының күші наразылығын туғызды. Аристократтар Византия императорын өздерінің қорғанышы деп санап, Оны тезірек Италияны келімсектерден азат етуге шақырды. Ариандық Теодорих католик шіркеуіне төзімділікпен қарағанымен, дінбасылары Византия интервенциясын қолдап, ол (Византия) католик шіркеуінің үстемдігін қалпына келтіреді деп үміттенді. Бұл үміт Остготтардың шығыспен қарым-қатынастарын шиеленістірді. Остготтық мемлекетке батыста да варварлық мемлкеттермен де күрделі дипломатиялық ойын ойнауға тура келді. Мұндағы қауіпті көршіні жуасыту тәсілінің бірі қыз алысып, құдаласу болды. Теодорихтың бір қызы Бургундтер короліне ұзатылса, екіншісі Вестготтар короліне, ал қарындасы вандалдар короліне ұзатылды. Теодорихтың өзі франктер королінің қарындасына үйленді.

Теодорих саясатының жетекшісі атақты Кассиодор1 болды. Ол римдік дипломатияның дәстүрін жалғастырушы болды. Кассиодор дипломатияға өте зор мән берді. «Елшінің ісі үлкен өнер», деп жазды ол. Елшіні өте мұқият таңдау керек ол ақылдының ақылдысы, қудың қуы, қызыл тілдің шебері шешен болуы керек. Елші етіп ең көрнекті қоғам қайраткері, білікті ақсүйекті жіберетін. Сүйтіп бір жағынан басқа елдің басшысына құрмет көрсетілсе, екінші жағынан өз елшілігінің беделі көтерілетін. Остгот елшіліктері арқылы римдік дәстүрлер батыстық варварларда да орнығып жатты. Франктер мен вестготтар сарайларында Константинопольдік ізеттілік орнады. Варварлық корольдар императорға көрсетілетін құрмет сияқты, басын жерге жеткізе иіліп сәлем беруді талап ете бастады. Кейде батыстық варварлармен қатынаста жеңіске жету үшін әр-түрлі қулықтарға ___________

1 Кассиодор Флабиус (487 Сицилиум, калабрия-578, Вивариум) жазушы және остгот мемлекетінің қайраткері. Остготтар мен Римдіктердің жақындасу саясатын жүргізуші. Қартайған кезінде монах болды. Кассиодор 12 томдық «Готтар тарихының» авторы.

 

 

баруға тура келетін. Мысалы, Теодорих Хлодвигке1 екі елшісімен қоса әнші, күйші сазгер де жіберген. Ондағы мақсаты ән-күймен қатал Франктер королінің көңілін көтеріп, мінезін жібіту еді. Шынында да бұл елшілік сол қулық әдіспен көздеген мақсатына жетті де, табысты оралды. Варварлар арасында бірте-берте елшіліктің ерекше құқтары, ешкімнің тиісуге қақысы жоқтығы туралы түсініктері қалыптасты.

«Салич правдасының» қосымшасында елшіні өлтіргені үшін 1800 солидтік құн төлеуі керек болды. Франкті өлтірсе 200 солид, король жасақшысын өлтірсе 600 солтидтік құн төлейтін. Мұндай жарлықтар алмандық, саксондық, фриздік «Правдаларда» да кездеседі. «Правдаларда» елшілердің жолдағы баспанасы мен тамағы тегін болғандығы, бұл қаулыны бұзғандардың жазаға тартатындығы ескертілген.

Сүйтіп, ерте орта ғасырларда Византияның варварлық мемелкеттермен қарым-қатынасы кезінде Батыстағы дипломатиялық қатынастар ережелері өмірге келіп, қалыптаса бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

____________

1 І-Хлодвиг (466-27.11.511, Париж) 418ж.Сали Франктерінің королі. Меровингтер әулетінен, 486ж. Рим наместнигі Сиагридің әскерін талқандады. Франк мемлекеті құрылды. 496ж. Христиан дінін қабылдады. Парижді өз астанасына айналдырды. Король билігін әкеден балаға көшетін мұрагерлік билік етті. Оның тұсында «Сали ақиқаты» жазылды.

 

ІІІ – ТАРАУ. ВИЗАНТИЯ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.

 

Варварлар корольдықтары үшін Шығыс Рим империясы (Византия) империясының дипломатиялық қызметі үлгі болды дедік. Ескі Рим дәстүрлерін сақтай отырып, өте күрделі де қауіпті кезеңде халықаралық қатынастардың небір жаңа әдіс-тәсілдерін ойлап табуға барлық күш жігерін жұмсаған Византияның дипломатиясы ортағасырлық халықаралық қатынастарға орасан зор ықпал етті. Оның дипломатиялық салт-дәстүрлері мен әдіс-тәсілдерін батыстағы көрші Венеция табан астында меңгеріп алып отырды. Сол Венеция арқылы Византиялық салт-дәстүрлер мен әдіс-тәсілдер Италияндық мемлекеттердің тәжірибесіне, сондай-ақ жаңа замандық Батыс Европалық монархиялардың дипломатиясына орнығып, сіңіп жатты. Сол себепті де Византиялық дипломатияның принциптері де, әдіс-тәсілдері де өте мұқият көңіл бөліп, талдауды қажет етеді.

Ол принциптер мен әдістер VІ ғасырдағы көрнекті дипломаттың бірі император Юстинианның (527 — 565) қызметінде айқын көрініс тапты. Кейін Византия дипломатиясы Юстиниан салған жолдан ауытқымай, оны тек дамыта түсті. Империяны негізінен кабинеттен басқарған Юстинианның дипломатиясына өте тың да күрделі өрнекті оның жұбайы, ақылды да айлакер Феодора да қосып отырғаны күмән туғызбайды. Жастайынан патша сарайының күнделікті ойын сауық отауы болған циркте қулық – сұмдықты көріп, пайдалы жағын меңгеріп өскен Юстинианның әйелінің мемлекеттік сыртқы саясатындағы рольі өте зор болды. Ол Иран патшасы І-Хосровқа (531 — 579); «Император менімен ақылдаспайынша ешқандай шешім қабылдамайды» — деп жазған. Шет елдік елшілер Юстианға ғана емес, Феодорға да жіберілетін. Кейде тіпті алдымен Феодорға жіберілетін. Бұл сарайдың, әйелдер жағы – «гинекейдің» ықпалы Византия дипломатиясының кейінгі тарихына тән сипат.

Юстиниан патшалығы кезінде Шығыс Рим империясының халықаралық қуаты, маңызы, беделі ең жоғарғы шегіне көтерілді. Оның дипломатиялық қатынастары Қытай мен Индиядан Атлант мұқитына дейінгі, ішкі Африкадан қара теңіздің солтүстік далалық жағасына дейінгі ұланғайыр кеңістікті қамтыды. Юстиниан империясының көлемін сонау батысқа дейін ұлғайтқан дипломатиялық ойынды дәл берілген әскери соққымен шебер үйлестіре білді.

Византия барлық жағынан да үнемі қозғалыстағы, мазасыз көршілермен шектескен еді. Олардың бәрін «варварлар» деген жалпы атпен атады. Византиялықтар варварлар тайпалары туралы мәліметтерді өте мұқият жинап, жазып отырды. Олар варварлар туралы бәрін; әдет – ғұрыптарын, әскери күшін, сауда қатынастарын, өзара қатынастарын, ықпалды адамдарын, оларды бай сыйлықпен сатып алу мүмкіндігін анық білуге тырысты. Өте мұқият жинақталған осы мәліметтер негізінде «ваварларды басқару ғылымы» — византия дипломатиясы жасалды.

Византия дипломатиясының басты мақсаты варварларды империя мүддесіне пайдалану болды, яғни олардың империяға төндіретін қаупінің орнына, олардың империяны қорғау ынтасын туғызу болды. Бұл мақсатқа жетудің ең оңай жолы оларды жалдамалы әскер ретінде пайдалану болды. Варварларды Византия мүддесі үшін соғысуға сатып алып отырды. Жыл сайын Византия шекаралық тайпаларға көп қаржы шығынданып отырды. Олардың көсемдеріне византиялық атақ шен, шекпен, алтын, күміс тәждер мен қарулар сыйға тартылып отырды. Аттила империяның қолбасшысының жалақысын алып отырды. Варварларға жер де бөлініп берілетін. Олар вассалдық дәрежедегі одақтас федераттар ретінде қоныстанатын. Лангобардтар Норик пен Паннонияда, Герулер Дакияда, Ғұндар фракияда, Аварлар Саввада қоныстанды. Сүйтіп бір варварлар империяда екінші варварларға қарсы күш ретінде пайдаланылды. Варварлар князьдерін сарайға қаттырақ «байлап қоюға» күш салды. Олар Византиялық ақсүйектердің қыздарына үйлендірілетін. Констонтинопольде варварлар князьдықтарында даудамай, өзара талас тартыстарға өте мұқият көңіл бөліп, бақылап отырды. Сәтсіздікке ұшырап, жеңіліп жатқан князьдер тұқымын өз қамқорлықтарына алып, мәпелеп бағып күтті. Ондай князь әулетінің өкілін керек кезінде өздеріне тәуелді үкімет басшылығына дайындап отырды.

Мәселені осылай «бейбіт жолмен» шешу өте нәтижелі, табысты бола бермеді. Византиядан ақша алып, дәніккен варварлар ол ақшаны көптеп қайта-қайта сұрай берді. Талаптары орындалмаса империяның дұшпандары жағына шығып кететіндіктерін ескертіп отырды. Византия олардың күшейіп кетулерін қадағалай отырып, оларды бір-біріне айдап салып отырды. «Бөліп алда билей бер» деген ескі римдік ереже Византиялық саясатта кеңінен қолданылды. Көршілермен шахмат фигураларымен ойнағандай ойнау Юстиниан дипломатиясынның басты бір ерекшелігі болды. Көршілерді бір-біріне шағыстыру, айдап салу ісінің нағыз майталманы Юстиниан болды. Ол шағыстырудың күрделі жүйесін құрды. Ғұндарды, Аварларды Ғұндарға… қарсы айдап салып отырды. Вандалдарды Юстиниан Остгодтардың, ал Остгодтарды Франктердің көмегімен жеңіп отырды. Басқа елдердің ішкі ісіне әскер күшімен қол сұғу Юстиниан саясатының бір құралы болды. Бұл саясат әсіресе Юстинианның Вандалдармен және Остгодтармен соғысында айқын көрінді. Африка мен Италияда Юстиниан жерлерін Варварлар тартып алған Римдік жер иелері мен варвар ариандар үстемдігінен зардап шегіп жүрген дінбасыларының наразылықтарын шебер пайдалана білді. Юстинианның соғыстары бұл елдердегі әлеуметтік күрестермен ұласып жатты. Римдік жер иеленушілер мен дінбасылары Юстинианды қолдады.

Вигилий папа (537 — 555) Юстинианнан сәтсіз басталған Италияға басып кірушілікті аяғына жеткізуін жалына өтінді. Жағдайлары варварлардың арқасында жақсара түскен құлдар мен колондар қолдаған остгот корольдері жанталаса қорғанды. Юстинианның жеңісі құл иеленушілікті қайта қалпына келтіргендік болар еді. Юстиниан римдік ірі жер иеленушілерге және шіркеуге тартып алынған жерлерін қайтарып бере бастады, ал құлдар мен колондардың Гот корольдері кезінде алған жеңілдіктерін жойды. Византияның Вандалдармен, Готтармен соғысы құлдар мен колондар революциясына қарсы бағытталған интервенция еді. Егер күшті қарсыласын сатып алуға, немесе күшпен жеңуге болмайтын болса, Юстиниан оны саяси, немесе экономикалық изоляция қыспағына алатын. Византияның аса қауіпті қарсыласы І-Хосров (531 — 579) тұсында күшейген Ирандық Сасанидтер мемлекеті болды. Иранға қарсы жасалған әскери жорықтар сәтсіз болды. Юстиниан Хосровқа қарсы оның барлық көршілерін көтерді. Иранға қарсы күреске Собирлық Ғұндар, оның солтүстігіндегі, көршілері, Сирия шөлінің көшпелілері, Недеждің Бедуиндері, Иемен Арабтары мен Эфиоптық Аксум патшалығы жұмылдырылды. Юстиниан Иранның қара теңізге шығуын тежеп отырған Лазика патшасын қолдады. Иранның Индиямен, Қытаймен делдалдылығынан құтылу үшін Юстиниан бұл сауданы қызыл теңіз бен қара теңіздің солтүстігі арқылы бағыттауға тырысты.

Сауда байланысын нығайту да Византия дипломатиясының маңызды бір құралы болды. Империяның шет жағында орналасқан сауда қалалары оның саяси ықпал жүргізу орталықтары болды. Алыстағы халықтармен араласып тұратын көпестер Византияға олар туралы көп мәліметтер әкеліп отырды. Византия товарлары мен бірге Варворларға Византия ықпал тарап жататын.

Көпестерден кейін алыстағы елдерге миссионерлер аттанатын. Христиандықты тарату да Византиялық Императорлардың жүздеген жылдар бойындағы дипломатиялық құралы болды. Юстинианның миссионерлері Кавказ тауларын, қара теңіз жағалауын, Абиссияны мен сахараның оазистерін аралап, тыным таппады. 303 – 304 ж. Армян, Грузиндер христиан дінін қабылдады. Кейінірек христиандық оңтүстік славяндар арасында тез қарқынмен орныға бастады.

Батыс славяндарына ықпалын орнату үшін Моравиядағы византиялықтармен Неміс миссионерлері арасындағы қақтығыс болды. Орыстар жеріне Христиан дінінің тарауы – Византияның үлкен дипломатиялық жеңісі. Констонтинополь Царьград христиан дініне енген жаңа халықтар үшін қасиетті қала болды. Миссионерлер тек дін таратушылар ғана емес сондай-ақ византиялық ықпалды нығайтушы дипломаттар да болды. Олар князьдармен, ықпалды адамдармен, әсіресе ықпалды әйелдермен тіл табысып, шүйіркелесіп кетіп жатты.

Көптеген христиандық емес варварлар князьдерінің әйелдері христиан дініндегілер болды. Олар «діни әкелердің» ықпалымен ықтиярымен де, ықтиярынсыз да Византия мүддесіне қызмет етушілер болды. Папалық Рим әр ұлттың өз тілінде табынуына рұқсат етпеді. Византия шіркеу қызметін жергілікті ұлт тілінде жүргізуге рұқсат бере отырып, қасиетті жазуларды дінге жаңа енген халықтың тіліне аудара отырып, миссионерлердің христиан дінін таратуын жеңілдетті. Евангелие Гот, Ғұн, Абиссиния, Болгар және басқа тілдерге аударылды. Ол еңбектері зая кеткен жоқ. Христиан діні енген елдерде византия ықпалы орнықты. Византияға тәуелді дін басылары бірден-бір сауаттылар ретінде варварлық мемлекеттерде үлкен роль атқарды. Епископ гректер немесе гректердің сеніміне ие болған уәкілдер князьдер кеңесінің мүшесі болды. Мектептер түгел дерлік дінбасыларына тәуелді болды.

Византия сарайына қашан болса да Европаның, Азияның, Африканың түкпір-түкпірінен келген ала-құла ұлттық киімдер киіп, түрлі тілдерде сөйлейтін елшіліктер тобын көруге болатын. Шет елдік істер жөніндегі мекеме бірінші министірдің қарамағында болды. Ол мекеменің үлкен қызметкерлер тобы болды. Барлық тілде сөйлейтін аудармашылар болды. Елшілерді қабылдаудың күрделі тәртібін, ережесін жасады. Ол тәртіп, ережелер шет елдіктерді таңқалдыруға, византияның құдыретін күшейтіп көрсетуге бағытталды. Сонымен қатар шет елдік елшілерді қабылдау кезінде олардың Империя туралы, оның кемшіліктері мен әлсіз жақтары туралы естіп, білмеуі де ойластырылды. Елшілерді шекара да қарсы алатын. Оларды қорғаушылар деп денелі де күшті жігіттерді тыңшы етіп қоятын. Елшілерге өте көп қарулы нөкерлер ертіп жүруге рұқсат етілмеді. Себебі кейде сондай нөкерлердің Византия қамалдарын басып алған кездері де болған. Кейде елшілерді Констонтинопольге өте ұзақ та, қиын жолдармен әкелетін. Сүйтіп олардың Византия астанасына баратын жолдың өте қиын да қатерлі екендігін туралы көзқарастарын қалыптастыратын. Жолда елшілер арнаулы қойылған адамдардан тегін бас пана, тамақ ішетін. Осы қызметке қойылған адамдарға көрші елді мекеннің тұрғындары көмектесетін, жолда елшілерді қарсы алуға арналған үйлер тұрғызылатын. Констонтинопольге келген соң елшілер өздеріне арналған сарайда орналасатын. Ол сарай түрме сияқты болатын. Себебі оған бөтен адамдарды кіргізбейтін, елшілердің өздерін де бір сүйем қалмай еріп жүретін тыңшы қарауылсыз шығармайтын.

Елшілердің жергілікті халықпен әңгіме – дүкен құруына мүмкіндік берілмеді. Императордың қабылдауы кезінде елшілердің көзі жарқыраған байлықтан, әсем дүние жихаздан күнге шағылысқандай болып қалуын қарастыратын. Х-ғасырда Констонтинопольге Италия корольі Беренгарийдің елшісі болып барған Лиудпранд императордың бірінші қабылдауындағы сән-салтанат, көз тұндырарлық байлықты құшырлана жазады. Патша тағының алдында алтын ағаш тұрды, ол ағашта алтын құстар ән салып отырды. Тақтың екі жағында алтын арыстандар жатты. Олар маңғаздана ақырып, құйрықтарымен жер сабалады.

Салт бойынша Лиудпранд біраз уақыт басын патшаның алдында жерге жеткізе иіп тұрып, қайта көтергенде патша тағымен сарайдың төбесінде, басқа киіммен отырды дейді. Лиудпранд өте бай, дастарқаны тұнып тұрған тойға шақырылады. Ол тойда жонглерлер мен акробаттар таңғажайып өнер көрсетті. Оның бұл өнерге тәнті болғандығы патша мен сарай қызметкерлерінің күлкісін келтірді. Лиудпранд Констонтинопольде екінші рет Оттон императордың елшісі болып қайтты. Бұл кездегі көңіл – күйі тіпті басқаша болды. Лиудпрандтың 968 жылғы елшілік туралы есепті баяндамасы ерте ортағасырлық дипломатия тарихының өте құнды құжаты болып табылады. Елшіліктің мақсаты Византиямен достық қарым-қатынастар орнату, оны Оттонның баласы мен Византиялық принцесса Феофаноның некесімен нығайту болатын. Бұл ретте Лиудпрандтың жолы болмай, толық сәтсіздікке ұшырады. Ол өзінің бұзылған көңіл-күйін Византия астанасы мен оның тақсырын жамандап жазған есепті баяндамасында айқын көрсетті. Констонтинопольдегі бұрынғы таңқалдырған көріністер енді оның күлкісін келтіріп, мазағына айналды. Шынында да, екінші рет Лиудпрандқа өте жаман қабылдау жасалды. Оны жеке дара үйде ешкімге жуытпай, бөлек ұстады, тіпті су сұрап ішудің өзі ақырет болды. Оның сарайға атпен баруына рұқсат етілмеді; І-Оттонды император (василевс) деп атамады, тек король (рекс) деп есептеді; Германдықтарды өне бойы «варвар» деп атады.

Лиундпрандтың есепті баяндамалары: византиялықтардың шет ел елшілерін қажет болса таңдандырып, тамсандыра алатындықтарын, сондай-ақ ол елшілерді, қажет деп тапса, кекетіп, мұқатып, күлкі-мазаққа айналдыра алатындықтарын көрсетеді.

Көбінесе алдау үшін Констонтинополь елшілердің асты-үстіне түсіп мәпелейтін, көңілін көтеретін. Елшілерге Констонтинопольді аралатып, сәулетті де зәулім шіркеулерді, сарайларды, қоғамдық үйлерді көрсететін. Оларды той-думандарға шақыратын, керек болса ондай салтанатты мейрамдарды елшілер үшін әдейі ұйымдастыратын. Кейде елшілерді тек император емес, императрица да, басқа үкімет басшылары да қабылдайтын. Оларға (елшілерге) Констонтинопольдің әскери қуатын, оны қоршап тұрған қабырғалардың қалыңдығын, оның қамалдарының беріктігін әдейі көрсететін. Елшілердің алдынан әскер сап түзеп өтетін. Ол әскерді шексіз көп деп көрсету үшін киімдерін өзгертіп, бірнеше рет қайталап өткізетін. Тәнті болып басы айналған елшілер көргендері өңі ме, түсі ме екенін түсіне алмай еліне қайтатын. Оларды сырнай сазымен дабырлатып, желбіреген тулардың басын иіп шығарып салатын. Кейде кейбір ұсақ князьдерге, оларды Византияға мықтап мақтап (байлап) қою үшін, ерекше құрмет көрсетілетін. Юстинианның Лазика (VІІІ-ғасырдан Абхаз патшалығының қарамағында) патшасы мен кавказдық князьдерге көрсеткен керемет сый – құрметтері көпшілікті таңқалдырады. Императордың өз есебі бар болатын: бұл патшалар мен князьдер Ирандықтарды қара теңізге жолатпауы керек еді.

Констонтинополь сарайында елшілік ісінің рәсімдері мен ереже-тәртіптері қалыптасып жатты. Ол ережелерді Византия мен қатынастары бар елдердің бәрі сол күйінде қабылдап, өздеріне де енгізді. Елші патшаның өкілі, ол келіссөзді өзіне берілген өкілеттіліктің көлемінде ғана жүргізеді. Егер оның өкілеттілігінен тыс мәселелер туындай қалса, ол қосымша нұсқаулар сұрау керек. Өкілеттілігін асыра сілтеп қойғанда елші ауыр жазаланатын. Өте бір қысыл-таяң жағдайда ғана елшілерге өз қалаулары бойынша келіссөз жүргізуге рұқсат берілетін. Мұндай еркіндікпен Византияның даңқты қолбасшылары Велизарий мен Нарсес ғана пайдалана алды. Елшілер өте жоғары дәрежелі атағы бар ақсүйектерден тағайындалатын дедік. Егер елші болуға лайықты деп табылған үміткердің ондай атағы болмаса, дереу ол атақ берілетін. Дипломатиялық тапсырмаларды орындау үлкен сый-құрметке ашылатын қақпа сияқты болатын.

Елші сенім грамотасын тапсыруға тиіс болатын. Ондай грамоталардың біразы сақталып, біздің заманымызға дейін жеткен. Онда елшінің аты-жөні, елшіліктің мақсаты көретілген. Сенім грамотасы ең алғашқы салтанатты қабылдау кезінде тапсырылатын. Мәселелерді шешу кейінгі жеке қабылдауда қаралатын. Келіссөздер жүргізу үшін елшілер жазбаша, кейде ауызша нұсқаулар алатын. Жазбаша нұсқауларға тағы да қосымша құпия тапсырмалар ауызша беріліп жататын. Ол құпия тапсырмалар елшіліктің грамотада көрсетілген мақсатына, берілген нұсқауларға сай емес, тіпті қарама-қарсы келе де беретін. Мысалы, елшілікке берілген жаңа патшаның таққа отыруын құттықтау сияқты тапсырмамен қатар ол елдің өкімет басындағы көңіл күй мен көзқарастар, жоспарлары туралы толық мәлімет жинау жүктелетін.

Елшілер келіссөз ұзаққа созылып кеткен жағдайда Констонтинопольге көрген білгендері жөнінде баяндама мәлімет жіберіп, жаңа нұсқаулар алатын. Византиялық сарайда елшілерді қабылдау ережесі қалыптасты дедік жоғарыда. Алғашқы, салтанатты қабылдау кезінде елшілер сенім грамоталары мен сыйлықтарын тапсырумен шектеледі. Әр ел өзінің қымбатты заттарын сыйлауға тырысты. Сарай да өз дәрежесіне сай сыйлық беретін. Түпкілікті жауап елшілерге ең соңғы («бүйым-тайым») қабылдау кезінде берілетін. Ол қабылдау да алғашқы қабылдау сияқты, салтанатты түрде өткізетін. Бұл екі қабылдаулардың арасында елшілер императордан кейінгі үкімет басшыларына, императрицаға барып, сәлемдесу ізетін жасайтын, сыйлықтарын тапсыратын, келген шаруаларын баяндап, жауап алатын, немесе жауап кейін берілетіндігі хабарланатын.

Император көбінесе уақтылы жауап бермей, елшілерді Констонтинопольде ұзақ уақыт та ұстап қалатын. Бұл жағдай елшілерді тұтқындаудың бір түрі сияқты болатын. Мысалы, император Аварлардың елшілерін ұзақ уақыт ұстап қалды.

Олар қайтып оралмайынша Аварлар соғыс бастамасын деген шара еді. Бірақ император қателесті Аварлар соғысты қайта жалғастырды.

Жалпы, Констонтинополь елшілерді ұзақ ұстап қалуды әдетке айналдырды. Ұлы Карл өзінің византиялық сарайға жолдаған бір грамотасында елшілерді ұзақ уақыт ұстамай, тезірек қайтаруын өтінеді.

Византиялық елшілердің шет елдерде қалай ұстаулары туралы ережелер жазылды. Ол ережелер бойынша: елші ізетті, жомарт болуы керек, шет елдік сарайда көргендерінің бәрін мақтауы керек, бірақ ол мақтау византиялық мүддеге нұқсан келтірмейтіндей болуы керек: Нақтылы жағдайға әрекет ете отырып, басқа жолмен қол жеткізуге болатын мүдделерді күш, қысым көрсету арқылы шешуден аулақ болу керек: басқа елдердің ішкі ісіне араласуына болмайды, т.с.с. бірақ бұл соңғы ереже ешқашанда сақталған емес. Византиялық елшілер шет ел сарайларында қастандықтар мен төңкерістер ұйымдастыруға белсенді араласып отырды. Ол істеріне өз өкіметінің, қолдаушылығын алып отырды. Елші жасаған келісім императордың бекітуінен өткен соң ғана қабылданатын.

Елшілердің ешкім тиіспес құқын барлық варварлық князьдіктер бірдей мойындады. Осы жағдайды пайдаланып, қауіп төнген адамдар елшілерден пана табуды әдетке айналдырды. Лангобардтар сарайында қорланып, өкпелетілген франктық принцесса франк елшісінен қорғаныс іздеді.

Елшіні өлтіру мүмкін болмады, бірақ оны кейде түрмеге қамап қоюға жол беріле беретін. Бірақ бұл шара жауапсыз қалмайтын. Мысалы: Остгот королі Теодот византиялық елшілерді зынданға тастады. Оған жауап ретінде Юстиниан өз сарайында жүрген остгот елшілерін қамауға алып, оларды византиялық елшілер бостандыққа шыққанша босатпайтынын мәлімдеді. Елшілердің ерекше жағдайы оның нөкерлеріне де жеңілдіктер туғызатын. Әдетте елшілердің нөкерлерінің көпшілігі көпестер болатын да, олар сауда-саттық істерінде біраз жеңілдіктермен пайдаланатын.

Варварлық корольдер елшіліктерінде византиялық рәсімдерден өзгеше ерекшеліктер де болғанын айта кету керек. Варварлық елшілер арасында келіссөздің жазбаша бөлігін өз бетімен алып кетуге сауаты жететін білімді адамдар аз еді. Сол себепті мәлік елшілігінде дін басылар жиі кездесетін. Ал византиялық елшілікке дін басылары араласпайтын. Каролингтер (франктер) мемлекетіндегі король (Карл) әулетінің өкілдері елшілік басында екі адам: граф, немесе герцог және онымен бірге епископ немесе аббат жіберу тәртібі қалыптасты. Елшілік құрамында нотарилер мен король кеңсесінің чиновниктері болатын.

Варварлар корольдері кейде өз елшілерімен византиялықтардың өздерінен де жақсы құрастырылған рим фомулярларынан тұратын грамоталар жіберетін. Варварлар корольдері елшілерді қабылдаудағы сән-салтанатта византиялық сарайдан қалыспауға тырысты.                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV-ТАРАУ. РИМ ПАПАСЫМЕН ЖӘНЕ ФРАНК МЕМЛЕКЕТІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС.

 

Варварлық корольдіктер арасында римдік дипломатия әдістерін, рәсім-салт-дәстүрлерін тек Византия ғана таратып қойған жоқ, ол әдістерді таратуға императорлық кеңсенің салт-дәстүрлерінің мұрагері папалық курия да көп үлес қосты. Орта ғасырлық саяси тарихтық барысына папалық дипломатияның ықпалы өте зор болды. Папалықтың өзі халықаралық күш ретінде өмір сүріп, әрекет етті. Шебер дипломатия папалықтың діни беделінен де жоғары болмаса, кем емес саяси қаруы болды. Дипломатияда папалық зорлық-зомбылық, алдау-арбау, сатқындық, айлакерлік, қулық-сұмдық арсеналдарын заирлы (светтік) мемлекеттерден де бетер асыра қолданбаса, кем қолданған жоқ. Бұл салада папалық Европаның көптеген ел басшыларының ұстазы болды.

Алдымен папа І-Лев (440 — 461) Европада өзінің табысты дипломатиясымен өте жоғары беделге ие болды. Ол Аттиланы Римге келмеуге көндірді. Сүйтіп, Аттила жорығын тоқтатып, кейін қайтты. Папаның оны қалай көндіргендігі белгісіз. Шіркеулік аңыз бұл оқиғаны таңғажайып етіп көрсетіп, папаны қасиеттілер қатарына қосты. (V ғ-ға дейін – епископтар болды. Петр, апостол; Лин (67 — 76), Клет (76 — 88), Климент І…) І-Лев басқа христиан дінбасыларының ішінде рим епископының басшылық ролі үшін күресті. Бұл күрес жолында алдау-арбауға да барды, өтірік құжат та құрастырды.

Бірінші дүние жүзілік собордың (325 ж. Никейлік) латын тіліне аударылған қаулысына ол «Рим шіркеуі әрқашанда бірінші орында болған» деген сөзді қосып жазған.

Папалықтың халықаралық беделі мен жағдайы Батыс Рим империясының құлауына, Италияда варварлар билігінің орнауына байланысты төмендей бастады. Батыстағы варварлар жаулап алушылығы кезінде католик шіркеуінің ұйымдық бірлігі жойылды. Батыста теория жүзінде рим епископының біріншілігі мойындалғанмен әрбір жергілікті шіркеу өзін-өзі басқарды.

Италиядағы остготтық король-ариандардың үстемдігі, олардың шыдамдылық танытқандығына қарамастан, папаның беделіне нұқсан келтірмей қоймады. Жоғарыда айтылғандай, папалар барлық үмітті византия императорына артты, оны Италияға басып кіруге шақырды. Батыстағы императорлық биліктің әлсіреуіне байланысты V-ғасырдың ортасынан бастап папалар Констонтинопольмен тығыз байланыс орнатты. Олар констонтинопольдік сарайда өздерінің апокрисиарилер деп аталған тұрақты өкілдерін ұстады. Таза діни-шіркеулік мәселелермен қатар ол өкілдерге византиялық сарай төңірегіндегі көңіл-күй, қал-жағдайға бақылау орнату тапсырылатын.

Апокрисиарилерді папаның шет елдердегі алғашқы елшілігі, тіпті болмаса кейінгі замандардағы тұрақты елшіліктердің бастамасы деп қарауға болады. Констонтинопольдік сарайдағы тұрақты резидиенттер –апокрисиарилерден басқа папаның легаттары (елші) де болған. Олар папаның дін, шіркеу жөніндегі тапсырмаларын да, сондай-ақ саяси тапсырмаларын да орындаушылар болды. Италияның біраз бөлігін Юстиниан басып алғаннан кейін, Апеннин жартыаралының көп бөлігін Лангобардтар жаулап алған соң римнің басшылары болып қалды.

Сөз жүзінде византия императорына тәуелді болғанымен, іс жүзінде тәуелсіз болды. Папалар лангобардтар мен Византия арасында күрделі дипломатиялық «жасырынбақ» ойынын жүргізді. Византия ықпалы біртіндеп басыла берді. Керісінше Батыста франк мемлекеті үлкен роль атқара бастады. Ол мемлекетті папа өзінің лангобардтарға қарсы күресінде тіреніш тұтты.

Франк корольдігінде қалыптасқан жағдайды ескере отырып, папалар негізінде франктердің маубас корольдерімен емес, іс жүзінде өкімет билігін қолында ұстап отырған, майордом қызметін атқаратын, қуатты Арнульфингтер әулетінің өкілдерімен байланыс орнатты.

739 ж. Папа майордом Кар Мартеллге елшілерін жіберіп, «римляндерді лангобардтар згісінен құтқаруды» өтінді. Елшілермен Карлға қасиетті Петр қабырінің кілтін жіберді. Апостолдың1 қабырінде сиқырланған бұл кілттер ауруларды жазып жіберетін күші бар деп жарияланып, папаның дипломатиясында әжептәуір роль атқарды. Папалар ол кілтті достық ниетін білдіру ретінде ең көрнекті мемлекет қайраткерлеріне жіберетін. Карл Мартелл кілтті ілтипатпен қабыл алып, орнына көп сыйлықтар берді, бірақ лангобардтарға қарсы күресуге бара алмады.

Папаларға майордомдар қандай қажет болса, папалар да майордарға сонша қажет болды. Карл Мартеллдің баласы Кысқа Пипин өзіне, өз әулетіне король атағын алғысы келді, бұл үшін ол папаның беделіне сүйенбекші болды. 751 ж. Римге елшілік жіберілді. Пападан «франктердегі король деп есептеліп, король атанып, бірақ шын мәнінде корольдік билігі жоқтар», туралы ақыл-кеңес сұралды. Захарий папа (741-752): «…Король деп биліктен айырылған адам емес, қолында билігі бар адам аталғаны жөн (жақсы)», — деп жауап беріпті – Мыс. Шіркеу пікірін қолдайтын жылнамашы «…сүйтіп, өзінің апостолдық билігінің күшімен папа Пипиннің патшалыққа отыруын бұйырды» — деп қосып қояды. Бұл жай ойдан шығарылған қыстырма пікір. Дегенмен папа қалыптасқан жағдайдан өз пайдасына ұтыс алып қалуға тырысты. Ол кейін ақыры франктердін король болған Пипинге маңызды қызмет көрсетті. Көп отпей папаға Пипиннің көмегі қажет болды.

Лангобардтер Римге шабуылын қайтарды. Жаңа папа ІІ Стефан (752-757) франк королінен көмек сұрауға өзі аттанды. Ол өте салтанатты түрде қарсы алынды. Пипин өзінің баласы Карлды – (болашақ императорды) папаның алдынан 100 миль жерден күтіп алуға жіберді. Папаны корольдің ____________________

1 Аппостол – 1) Христостың он екі шәкірттері; 2) белгілі бір ілімнің, идеяның жолын жан-тәніме ұстанушы.

өзі отбасымен алыстан алдынан қарсы алуға барды. Атынан түсіп, далада, қардың үстінде папаның алдында тізерлеп отырып, сәлем берді. Сонан соң

король папаның атын тізгінен ұстап жүрді. Гимнді шырқап, папа кортежі корольдің вилласы Понтионға кірді. Осында папа Пипиннің алдында тізе бүгіп отырып, одан қасиетті Петр ісі мен Рим республикасын қорғауды өтінді. Пипин папаға қолынан келгенше көмекесуге уәде берді. Оған жауап ретінде папа салтанатты түрде Пипиннің патшалық құруына батасын беріп, оған және оның балаларына «рим патрицийлері» атағын берді. Осылай «алтарь мен тақ» одағы нығайтылды. Күшті франк эскортымен папа Римге оралды. Осыдан соң көп өтпей франк әскерлері Италияға басып кіріп, лангобардтарды талқандады. 754 жылғы қазан айында жасалған келісім бойынша лангобард королі Римге тиіспеуге уәде беріп қана қоймай, папаға бұрын византия иеліктері болған, кейін лангобардтар жаулап алған Равенна, Римини, Урбиноларды қоса берді. Лангобард корольінің бұл уәделерін орындатқызу үшін франк әскерінің тағы бір жорығы қажет болды. Енді Пипин жоғарыда аталған облыстардың «Рим шіркеуіне, қасиетті Петрге және римнің алғашқы священниктері мен олардың мұрагерлеріне» мәңгілік берілгендігі туралы сыйлық актісін тапсырды. Осылай папа облысы, папаның заиырлы мемлекеті құрылды (1870-1929 ж.ж. Ватикан). Византия императоры өзінің Италиядағы иеліктерінің папа қол астына көшуімен келісуге мәжбүр болды.

Бірақ енді папаның өзі франк корольіне тәуелділікке түсіп қалды. Папа бұл тәуелділікті мойындамаған болып көрінуге тырысты. Папа бұрыннан өзіне тиесілі үлесті алғандығы туралы құжат құрастырылып, өмірге келді (755 ж.). Тарихтағы атақты «Константин сыйлығы» деген жалған құжат өмірге келіп, келесі жүз жылдықтардағы папа дипломатиясында үлкен роль атқарды. Ол құжат бойынша ІV ғ. (324-337) рим императоры Константин Рим империясының Батыс бөлігіндегі Италиядағы жоғарғы өкімет билігін папа Т. Сильвестерге (314-335) беріп, өзі Шығыс бөлігіндегі, Констонтинопольге кетті. Мысалы: Ол құжаттың жалған екендігін XV ғ. Итальян ғалымы Л. Валла дәлелдеген.

Мұндай жалған құжат, тағы да басқа қулықтарға қарамастан, папа мен король арасында тығыз байланыс орнады. Екеуі де өздерінің тұрақты елшіліктерімен алмасты (бір-бірінде өз елшіліктерін ашты): византиялық, тағы да басқа сарайларға бірлескен елшіліктер жіберіп отырды. Бұл елшіліктің бәрінде папа елшілері король елшілеріне бағынышты жағдайда, тәуелділікте болды, папалар өздерінің сыртқы саясатында толық тәуелсіз бола алмады, олар франк тақсырларымен кеңесіп, келісіп отырулары керек болды. Әсіресе лангобардтар корольдігі бағындырылып, франктер иеліктері папа иеліктеріне жақындаған кезде, Ұлы Карл (768-814) тұсында папаның франк корольдігіне тәуелділігі арта түсті. Бірақ папалар франк корольдеріне бағына, тұрып, тақсырларға тәж үлестіруге құқ беретін рухани жоғарылығын сақтап қалуға тырысты. Бұл жерде Ұлы Карлдың императорлық атақты қабылдау (800) тарихы өте қызықты болып көрінеді.

Өзінің халықаралық беделін және өз еліндегі билігін нығайту құралы ретінде «император» атағын алу Карлдың көптен бергі қалыптасқан мақсаты болса керек дейді тарихшылар. Оның бұл ойын папалар құптай түсті. Олар өз сюзернінің сүйтіп даңқын асыруға тырысты. Карлды «жаңа Константин» (324-337) деп дәріптеуде. Папа коронация (тәж кию) бастамасын өзінен тарайтын етіп көрсетуге күш салып бақты. Карлдің Римде жүрген кезін пайдаланып, ол қасиетті Петр храмында құдайға табынып жатқанда, оған кенеттен тәж кигізеді. Тәж кигізу кезінде Карлді император деп дәріптеген гимн айтылды. Карл бұл әрекеттің солай өткендігіне қанағаттанбады, бірақ тәжді қабыл алды. Папа қалай болғанда да, өте жымысқы дипломатиялық қадам жасап үлгерді. «Императорлық тәжді папа берген жоқпа, ал беруші оны алушыдан жоғары емес деп кім айта алады?». Бұл аргумент кейін папалықтың зайырлы билікпен күресінде жиі алға тартылып отырды.

Ұлы Карл империясы Европадағы ең үлкен мемлекетке айналды. Онымен тек Византия империясы ғана тайталаса алатын еді. Енді Византиямен қарым-қатынас Карл дипломатиясында маңызды орын ала бастады. Алғаш Карл византия императрицасы Иринаға (797 — 802) үйлену арқылы Батыс пен Шығыс империяларын қосу жоспарын ойластырды. Бірақ Иринаның тақтан түсірілуі бұл жоспарды күйретті. Жаңа император Никифор Карлдің императорлық атағын мойындамады, сол себепті франк империясы мен Византия империясы арасындағы дипломатиялық қатынастары біраз жылдар бойы үзіліп қалды. Арабтарға, Болгарлар мен Аварларға қарсы жанталаса шайқасып жатқан Византияның ықпалы әлсіреп бара жатқан кезде батыс империясының беделі күшейе түсті. Карл шығыста біраз табыстарға жетті. Бұрын Византия императорлардың қамқорлығында болып келген Палестинадағы «қасиетті орындар» енді Карлдің қамқорлығына көшті. Ол тәж киген кезде Иерусалим патриархы оған Иерусалим кілтімен, туларымен бірге «құдай табытының» да кілтін жіберді.

Ахендегі Карл сарайында Дания, Англия, тағы да басқа елдердің елшілері ағылып келіп жатты. Оған Астурия корольі ІІ-Альфонс, Шотландия корольдері құрметті елшіліктерін жіберіп отырды. Олардың бәрі Батыстың императорымен одақтасуға, достасуға тырысып бақты.

Х-ғасырдың 80-інші жылдарында Кіші Азияда Византия үкіметіне қарсы көтеріліс болды. Византия ол көмегі үшін император ІІ-Василий Болгарабоицтің қарындасы Аннамен неке қиысуды, сүйтіп Русь пен Византия одағын бекітуді талап етті. Византия үкіметі бұл талапты қабыл алуға мәжбүр болды. Орыс әскерлері Кіші Азиядағы көтерілісті басып – жаныштады. Бірақ Византия өз уәдесін орындаудан бас тартты. Сонан соң орыс әскерлері Қырымдағы Херсонесті (989 ж.) басып алды. ІІ-Василий Владимир мен Аннаның некелесуіне келісуге тиіс болды. Бұл Византия «варварлар елі» деп санайтын Русьтің саяси жеңісі болды. Сірә 987 – 988 ж.ж. өзінде-ақ христиан дінін қабылдаған Ұлы Киев князьі Херсонесті алғаннан кейін ол дінді Русьтегі Ресми мемлекеттік дін ретінде енгізген. Христиан дінін қабылдаудың Русь үшін зор маңызы болды. Русь неғұрлым жоғарғы дәрежелі Византия мәдениетімен жақынырақ танысуға, көне заман мұрасын қабылдауға мүмкіндік алды, Киев Князьдігінің халықаралық аренадағы беделін өсірді, Русьтің басқа мемлекеттермен жақындасуына себепші болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жоғарыда айтылғандардан төмендегідей қорытынды жасауға болады.

 

  1. IV-X ғасырлардағы Византияның варварлық мемлекеттермен сыртқы саясаты орта ғасырлар тарихындағы өте маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарда қолданылып жүрген, сыртқы саясаттың басты құралы блып табылатын дипломатиялық ережелер, рәсімдер салт-дәстүрлер, әдіс-тәсілдер негіздері сонау ерте орта ғасырларда Византияның варварлық мемлекеттермен қарым-қатынастары кезінд өмірге келіп, қалыптаса бастаған болатын.
  2. Варварлық мемлекеттер дипломатиялық қарым-қатынастардың ережелерін, рәсімдерін Византиялы сарайдан үйреніп, өз ерекшеліктеріне сай онан әрі дамыта түсті. Варварлар корольдері дипломатиялық қатынастарда, әсіресе елшілерді қабылдаудағы сән-салтанатта византиялық сарайдан қалыспауға тырысты.
  3. IX-X – ғасырларда Арабтарға, Болгарлар мен Аварларға қарсы жанталаса шайқасып жатқан Византияның халықаралық қатынастардағы ықпалы әлсіреп бара жатқан кезде Батыс империяның беделі күшейе түсті.
  4. Бұл қорытындылар әлі де болса толықтыруды, анықтауды, дәлелдеуді қажет етеді. Ол үшін ерте орта ғасырларда қуатты да беделді болған мемлекет Византия империясының сыртқы саясатын, халықаралық қатынастарын зерттеуді онан әрі жалғастыру қажет.

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР

І. ДЕРЕКТЕР.

 

  1. Агафий. О царствовании Юстиниана, / Пер., статья и примеч. М.В. Левченко / М., Л., 1953.
  2. Византийская книга Эпарха. / Вступит. Статья, пер. И коммент. М.О. Сюзюмова / М., 1962.
  3. Византийский земледельческий закон. / под. ред. И.П. Медведева / Л., 1984.
  4. Константин Багрянородный. Об управлений империей. Текст, пер., коммент. / под. ред. Г.Г. Литаврина / М., 1991.
  5. Лев Диакон. История / отв. ред. Г.Г. Литаврин / М., 1989.
  6. Михаил Пселл. Хронография. Пер. Статья и примеч. Я.Н. Любарского. М., 1978.
  7. Прокопий из Кесарии. Война с готами. Пер. С.П. Концратьева. Вступит. Статья З.В. Удальцовой. М., 1950.
  8. Прокопий Кесарийский. Тайная история. / пер. С.П. Кондратьева / вестник древней истории, 1938, №4, 271-362 бб.
  9. Эклога. Византийский законодательный свод 8 века. Вступит. Статья, пер., коммент. Е.Э. Липшиц. М., 1965.
  10. Константин Порфинородный. Печенегтермен жақындасу. — Бойцов М., Шүкіров Р. Орта ғасырлар тарихы. Алматы. 1998, 119-120 бб.
  11. Бүркеншік Маврикий. Стратегикон (славяндар турлы). – Сонда, 124 б.
  12. Византия жылнамашысы. Византия патшасы І-Роман мен болгар патшасы Симеонның кездесуі туралы. – Сонда, 124-126 бб.
  13. Иордан. Ғұндардың шығу тегі мен Еуропаға келуі туралы. – Бойцов М., Шүкіров Р. Орта ғасырлар тарихы. – Алматы, 1998, 28-29 бб.
  14. Иордан. Еділ туралы. Сонда, 29-30 бб.
  15. Прокопий Кесарийский. Жібектің құпиясы. Бойцов М., Шүкіров Р. Орта ғасырлар тарихы. – Алматы. 1998, 72-73 бб.
  16. Лиутпранд патша сарайындағы қабылдау туралы (949 ж.). – Сонда, 118-119 бб.

 

ІІ. ЗЕРТТЕУЛЕР:

 

  1. Александренко В. Дипломатическое представительство пап. – «Журнал юридического общества» — СПб, 1894.
  2. Ангелов Д. Методы Византийской дипломатии в отношениях с Болгарией по данным писем Константинопольского патриарха М. Мистика / В кн: Вопросы истории славян. Вып. 1, Воронеж, 1963 с. 60-68.
  3. Дворецкая И.А. Эдикт Теодориха остготского как источник по социально – политической истории раннего средновековья / Уч. Зап. МПИ, 1964, № 217, с. 147-182.
  4. История дипломатии. – М., — Л., 1945, т. 1
  5. История Византии. В 3-х т. – М., 1973.
  6. Курбатов Г.Л., История Византии. – М., 1984, т.1.
  7. Пигулевская Н.В. Византия на рубеже VI и VIIІ вв. – М., — Л., 1946.
  8. Удальцова З.В. Италия и Византия в VI в. – М., 1959.