Димаш Құдайберген БҰҰ-ның жаһандық ізгі ниет елшісі атанды

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген БҰҰ құрылымдарының бірінде жаһандық ізгі ниет елшісі болып тағайындалды. Бұл мәртебе халықаралық ұйымның ең беделді гуманитарлық миссияларының бірі саналады деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Игі ниет елшілері әлемде бейбітшілікті, адам құқықтарын, білім мен мәдениетті дамытуға атсалысатын танымал тұлғалар арасынан таңдалады. Димашқа бұл мандат оның жаһандық деңгейдегі беделі мен мәдениеттерді жақындастыруға қосқан үлесі үшін берілген.
Әнші әлеуметтік желілерде бұл жаңалықпен бөлісіп, сенім білдіргені үшін БҰҰ өкілдеріне алғыс айтты. Ол алдағы уақытта гуманитарлық жобаларға белсенді қатысып, халықаралық кампанияларға қолдау көрсететінін жеткізді.
Тағайындау рәсімінен фотолар да жарияланды.










