«Димаштың өзі олай жүрмейді»: Танымал блогер тойға барғанда күзетпен жүретін Бадықованы сынап тастады

Танымал блогер Алексей Қайықбаев тойға күзетпен келетін актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайды сынап тастады, деп хабарлайды    Altyn-orda.kz       Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып 

«Әй, не болды сонша. Сендер кімнен қорқып жүрсіңдер, қарапайым халықтан ба? Өздеріңді көтеріп жүрген қарапайым халықтан қорқып жүрсіңдер ме? Күзет, СОБР дегендер қоршап не болды сонша. Кішкене қарапайым болу керек қой. Әлемді мойындатқан Димаштық өзі олай жүрмейді ғой. Халықтың арасында қарапайым фотоға, видеоға түсіп жүреді. Дос-Мұқасан, басқа да Халық әртістері олай жүрмейді. Сендер бір фильм түсіріп, ән жазып қазірден халықтан қорқып жүрсіңдер. Халық сондай, адам болған соң фотоға түскісі келеді. Ондаймен алысқа бармайсыңдар сендер, рас айтамын», — деді блогер.