Диплом 12 жылдық білім беру жүйесінде мектеп оқушыларына құқықтық білім мен тәрбие беру
Түйін
12 жылдық білім беру жүйесінде мектеп оқушыларына құқықтық білім мен тәрбие берудің аспектілері. Бұл диплом жұмысында 12 жылдық білім беру ерекшеліктері мен оқушыларға құқықтық білім беру мен тәрбие беру жолдары қамтылған.
Аннотация
Основные аспекты обучение правовым знаниям и воспиание учащихся школ в системе 12 летнего обучения. В дипломной работе рассмотрены особенности 12-летнего образования и пути правового обучения и воспитания учащихся.
МАЗМҰНЫ
|
|
|
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………..3-8
1 12 жылдық білім беру жүйесінде мектеп оқушыларына құқықтық білім мен тәрбие берудің негізгі аспектілері
1.1 12 жылдық жалпы орта білім берудегі негізгі күтілетін нәтижелері……………………………………………………………………………………………..9-16
1.2 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттілігіне байланысты негіздемелер…………………………………………………………………………………………16-24
1.3 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушылардың тәрбие жүйесінің дамуы………………………………………………………………………………….24-32
2 12 жылдық мектепте құқықтық білім берудің ерекшеліктері
2.1 Мектептің оқу процесінде оқушыларға құқықтық білімді қалыптастыру……………………………………………………………………………………….33-38
2.2 Мектеп оқушыларына құқықтық білім мен мәдениетті қалыптастырудың маңызы ……………………………………………………………………………………………….38-45
2.3 «Құқық негіздері» оқулығы бойынша оқушыларға құқықтық тәрбие беруді ұйымдастырудың негізгі бағыты………………………………………………..45-50
3 Мектепте жүргізілетін құқықтық тәрбие жұмыстарының жүйесі
3.1 Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде оқушылардың сана сезімдерін қалыптастыру жолдары………………………………………………………………………..51-56
3.2 Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні мен танымдық сипаты…………..56-65
Қорытынды………………………………………………………………………………………..
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………..
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде елімізде 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жан-жақты талқыдан өтуде.Ондағы басты ұстаным — тұлғаның жеке дамуына негізделген, құқықтық білім мен тәрбиені жан-жақты зерделеп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын анықтау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын іске асыру. 12 жылдық білім беру сатысына көшу-қоғамдағы елеулі жаңалықтар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарқынды дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздейді және мақсат етеді. Әлемдік білім жүйесіндегі оқытудың озық технологияларын қамтумен қатар, оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.
12 жылдық оқытудағы басты мақсаты төмендегідей:
- жылдам дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілеттілігі;
- жеке тұлға өзін-өзі дамытуы, шыңдалуы;
- жеке тұлғаның өз ойын еркін, нақты айта білуі;
- өз еркімен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейімділігі;
- жоғары білімді, білікті шығармашыл дамыған тұлға ретінде болуы.
Жалпы білім беретін мектептерге құқықтық тәрбиемен қатар, құқықтық білім беру жұмыстары да жүргізіліп келеді. «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы мұғалім деп ұлы қаламгер Ғ.Мүсірепов айтпақшы, «Мектептің тірегі де, жүрегі де-мұғалім»
Сондықтан мұғалім, баланың оның жеке қабілеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, баланың танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, әрбір мұғалімнің қасиетті борышы мен міндеті. Құқықтық білім беру мен тәрбие алудың ең негізгі ережелері Республикадағы заңдарды оқып үйрену және қоғамдағы тәртіпті сақтау болып табылды. Құқықты оқу арқылы кез-келген бала өзінің қоғамдағы орнын, құқығы мен міндеттерін, бостандығын түсіне алады. Құқық негіздері пәні оқушыларды адамгершілік идеясын тәрбиелеп, жоғарғы мәдениетті, тәрбиелі, парасатты азамат болып шығуға тәрбиелейді. Әрбір ұстаз оқушы бойына мынандай қасиеттерді қалыптастыра білу керек. Жеке тұлғаның күш-қуат, талант мүмкіндіктерін ашу, әрбір оқушының ой-жүйесін кеңейте түсуге қолайлы жағдай жасау, азаматтың қоғам алдындағы жеке адамдардың құқықтары мен міндеттерін білу, туған жерін, Отанын, өскен елін, ата-атанасын сүюге тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты, тілді, дінді құрметтеу, қоғамның мәдени экологиялық және саяси өміріне белсене қатысуға тәрбиелеу. Құқықтық білім, тәрбие – құқықтық сауаттылықтан басталады. Азаматтарға құқықтық білім беруге құқықтық қарым – қатынас мынандай жолдармен іске асырылады:
- қарым қатынас
- қарым қатынастағы мұғалімнің жылулық сезімі
- оқушымен (жеке тұлғамен пікірлес болуы)
Құқықтық білім берудің реформалауына ҚР–ның Конститутциясы, ҚР білім беру туралы заңы, Мемлекеттік білім бағдарламасы, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, балалардың құқығы туралы конвенция, білім туралы концепция және басқа құқықтық нормативтік актілер негізі болады. Концепцияның негізгі мақсаты — білім беру жүйесін жаңарту болса, Конвенцияның негізі – бала құқығын қорғау болып табылады. Еліміз құқықтық мемлекет құруға кірісті. Бұл іс – шараның басты принциптерінің бірі – құқықтың білім берудің сапасын арттыру. Құқықтық білім – адамға да, қоғамға да қажет. Өйткені, Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кіріскен уақытта, біздің қоғамымызға жан – жақты білімді, халықтың мүддесін қорғай алатын, егеменді елімізге өз үлестерін қосатын нағыз ұлтжанды азаматтар қажет. Мұндай азаматты мектеп, дәлірек айтсақ, ұстаз тәрбиелейді. Өйткені «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Ал, құқық пәнін оқыту барысында әрбір ұстаз оқушылардың өмірлік тәжірибелерін, сенімдерін қалыптастырып, олрдың адамгершілік, ізгілік, демократияшыл, ынтымақтастық, ұлтжандылық мұраттарына дұрыс бағыт беріп отыру керек.
12 жылдық білім беруге көшу қажеттігі еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруді көздейді.
Білім мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру, болашақ кәсіби бағдарын айқындауға игі ықпал ету болып табылады.
Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Ел Президенті өзінің 2010 жылғы кезекті Жолдауында 2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуіне жағдай жасау керектігін атап көрсетті.
Әлемдік және Отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесіне сәйкес білім беру жүйесінде әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:
- қоғам дамуының қарқындылығы;
- қоғамның демократиялануы;
- экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
- адам капиталы мәнінің артуы;
- постиндустриялдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдени аралысу өзара қатынас ауқымының кеңеюі;
12 жылдыққа байланысты көптеген ғалымдар біраз ұсыныстар жасады:
-мұғалімнің құзіреттілігін, жалақысын көбейту;
-жаңа типтегі мұғалімдерге сұраныс пен қабылдауда әділеттілік болуы.
-ұсынысын білім моделін жасау, дене тәрбиесі, салауаттылық, имандылықты уағыздау;
-қазақ тілін өз деңгейіне көтеру;
Қазіргі таңда білім беру саласында мынандай жұмыстар атқарылып келеді:
-балаларды мектеп жасына дейінгі оқумен және тәрбиемен қамтамасыз етуін арттыруға бағытталған «Болашақ» арнайы бағдарламасы іске-асырылуда.
-2015 жылға қарай ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020ж. енгізілген талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс.
-2020ж. қарай 2020ж. орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін қажет.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр.
Ал 12 жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейіндеп оқыту арқылы өзіндік талабын қанағаттандыруды, оның жеке тұлға ретінде дербес қалыптасуына игі ықпал етуді мақсат етеді.
12 жылдық білім беру жүйесіндегі басты артықшылық – баланың тек қана білім алып қана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуы.
12 жылдық білім беру жүйесінің енгізілуіне байланысты ұйымдастырылып жатқан іс-шараларды атап өтетін болсақ: біріншіден, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі және жоспарлы өтіп жатыр.
А.К.Марковтың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі.
Жалпы кәсіптік жұмыста мұғалім үшін зерттеушілік іскерліктер мен дағдыларды меңгеру маңызды орын алады. Ол кез-келген әдіс-тәсілді оқу-тәрбие процесінде кәсіби тұрғыдан жүзеге асырумен қатар әрбір оқушыны ата-анасымен, құрдастарымен қарым-қатынасын анықтап отыру, мұғалімнің педагогикалық тұрғыдан білімінің зеректігін көрсетеді. 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі 3 компонентпен таныс болуы тиіс. Олар:
—профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру;
-инварианттық компонент – мемлекетттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру;
-тұлғалық компонент – оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.
Жаңа үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек деген сұраққа оның кәсіби шеберлігі жөнінде, жаңа реформалау үлгідегі талаптарды орындауы. Сонымен, білім реформасы инновациялық – дидактикалық іс-әрекетті, инновациялық әдістерді және технологияларды, педагогикалық іс-әрекет субъектісінің дамуы мен өздігінен дамуына жол ашады.
Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдің тұрақты өзгерістерді ескерте отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орат білімді дамытудың қарқынды арттыру қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызы зор. [1].
Тұжырымдаманың мақсаты – 12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары ме дамыту стратегиясын айқындау.
Тұжырымдаманың міндеттері:
- 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету;
- 12 жылдық білім беру көшудің қаржылық-эконоикалық негіздемесін дайындау.
- Осы Тұжырымдадаманың күтілетін нәтижелерін анықтау;
Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:
- Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибе сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.
- 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
- Жалпы орта білім беру құрылымы.
- Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
- Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
- Педагогикалық кадрлар.
- Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
- Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.
- 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.
12 жылдық мектептің педагогигы қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін игеруге міндетті:
Арнайы құзіреттілік – өзінің кәсәби қызметпен жоғары деңгейде
айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жлбалай білетін қабілет;
Әлеуметтік құзіреттілік бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде қабылдаған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу.
Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуыныа ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
12 жылдық мектепте психологтың түзету-дамыту жұмыстары мен жеке тұлғаның қалыптасуының түрлі жастағы мөлшеріне бағдарланған ағарту жұмыстарына бағытталуға тиіс қызметіне зор көңіл бөлінеді. Осыған сәйкес психолог психодиагностикалаудың, кеңес берудің түзету мен түсіндірудің қажетті әдістерін білуі тиіс.
Мектепті басқару білім берудің сапасын үнемі өзіндік бағалауды қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады. Жаңа жағдайда сапалы білім беру білім алушылырдың түрлі саладағы қызметте проблемаларды өз бітімен шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін олардыңбілімдік және жеке жетістіктері деп түсіндіріледі.
Тұтастай алғанда қазақстандық жалпы орта білім беру мемлекеттің даму міндеттерімен сәйкес келуі тиіс және қазіргі замандағы бәсекелестікті қамтамасыз етуі қажет. Білім беру сапасын арттырудың ықпалы мынадай болуы тиіс:
1)есеп беру және басшылық, басқару,тиісті құжаттарды әзірлеу жүйесін жетілдіру:
2)білім сапасын диагностикалаумен маниторингтеу мектеп қызметінің жүйесіне:
3)тұлғалық-қызметтік, құзыреттілік тәсілдерне негізделген оқытудың әдістемелік жүйесіне;
4)ойластырылған әкімшілік орталықтандыруды, мектептерді басқаруды жүзеге асыруға;
5)әр түрлі қажеттіліктермен бірге балаларды ерте жастан диагностикалау үшін отбасыы мен мектепке дейінгі ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға және оларды дамыту үшін білім беру орталарын құру;
6)білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік жүйесін еңгізуге;
Білім беру ұйымдары білім беру процесіндегі өзін өзі дамытуға көшуіне ықпал ететін жетекші технологияларды игеру тиіс.
1992 жылы Қазақстанда қабылданған «Білім туралы» Заңы бойынша «Міндетті, тегін 9 жылдық білім», деп атап көрсетілген. Бірақ араға бір жыл толмай сол заңға түзетулер енгізді. 1999 жылы заң қайта жазылды. Ондағы негізгі мәселе міндетті, тегін 9 жылдық білімді 11 жылдыққа созылды. Оның себебі 9 сыныпты бітіргендер, ары қарай оқысы келмегендер көше қыдырып, құқық бұзушылар санын көбейтті. Кәсіби – техникалық оқу орындарынан көпшілігі жабылып, жұмыссыздардың саны артқан кез болатын.
Бүгінде Өзбекістанда 1000-нан аса кәсіби орта оқу орындары бар. Онда 9 сыныптарды бітіргендердің 70 пайызы оқуларын жалғастырады, мамандық алады. Оқу орындарының материалдық базасы жаман емес: керекті құрал-жабдықтармен қаруланған, кадр мәселесі жеткілікті. Сонымен қатар өзбек ағайындардың балалары еңбекқор, жоқ дегенде нан пісіріп, сауда саттықпен айналысады.
Институт ұстаздары ҚР білімді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жобасына да толықтыру енгізіп, ұсыныстар береді.Мәселен:
- бейінді мектептерде пәндерді тереңдетіп оқыту үрдісі;
- Республикадағы 60 пайызды құрайтын шағын комплектті мектептерге бірнеше пәндерден сабақ бере алатын әмбебап оқытушыларды даярлау;
- 12 жылдық жоғарғы мектептерге арнайы мамандар даярлау;
- Шағын комплктті мектеп оқушыларын 12 жылдыққа тарту үшін, солардың ішінде жақсы оқитындарын іріктеп аудан орталықтарынан 12 жылдық мектеп – интернаттар ашып, оны қаржыландыруды мемлекет есебіне жүргізу;
- Аймақтық педагогикалық оқу орындарының жанында балабақша, мектеп, колледж комплексін ашу;
- Аймақтық университеттерде грантқа оқып бітіргендерді міндетті түрде үш жақты (университет – департамент — мектеп) келісімімен жұмысқа орналастыру.
Зерттеудің нысаны: 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие берудің негізгі аспектілері мен жолдарын қарастыру.
Зерттеудің пәні: Мектеп оқушыларының бойына құқықтық білім мен тәрбие беруді қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: жалпы білім стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін іс жүзінде көрсетуге, өзін-өзі шыңдауға және кәсіби білім беру жобаларын игеруге дайын, өз мүддесін іскерлікпен ұштастыра білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және құқықтық тәрбие беруде баланың жеке тұлғасын қалыптастыра отырып, олардың бойына жоғары адамгершілік идеялык қасиеттерін ашу арқылы жастарды заңды құрметтеуге тәрбиелеу.
Зерттеудің болжамы: Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну — адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.
Зерттеудің міндеттері:
— 12 жылдық білім беруде мектеп оқушыларына құқықтық білім мен құқықтық тәрбие беру үдерістерін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;
— құқықтық білім және құқықтық тәрбие беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық және мазмұндық үлгісін құру;
— құқықтық білім және құқықтық тәрбие беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың әдістемелік тиімділігін анықтау.
Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ маманның кәсіби құқықтық білімі мен құқықтық тәрбиені ақпараттандыру жағдайында жоғары және жаңа деңгейде жетілдіру ғылыми-педагогикалық тұрғыдан маңызды мәселе, себебі мектептерде құқықтық білім мен құқықтық тәрбие беру, үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру жоғары деңгейге болуы қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: құқықтық білім мен тәрбие берудің іс-әрекетін жүзеге асыру, мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру заңдылықтарын, сондай-ақ, педагогикалық үдерістегі ақпараттың әлеуметтік рөлі туралы ережені ашып беретін қазіргі заманғы педагогикалық тұжырымдамаларды айқындау. [2].
- 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері
Республикамыздағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болған да осы жаңа білім беру стандартына көшу негізі болып отыр. Осыған дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің 3 съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау қажет» деп жан-жақты талдап айтқан. Осының өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын айғақтайды.Бүгінде 12 жылдық білім берудің методологиялық негіздеріне сәйкес, мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары мына негіздерден тұрады:
— мектепте білім берудің мазмұнын қазіргі қоғам сұранысына сай білім құрылымымен сәйкестігі;
— оқушылардың өз бетінше білім алуға және оны практикада қолдануға, оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін ашуға , жан-жақты бейімделуі;
— болашақ ұрпақ кезеңіндегі негізгі педагогикалық жаңа құрылымдарды қалыптастыру барысында оқу үрдісін жоғары деңгейге көтеру;
— оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде тарту, негізгі мотивациялық үрдістерді айқындайтын оқу ахуалдарын кеңінен қолдану арқылы тәрбиелеу.
Бүгінгі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет бұру мынадай міндеттерді жіктейді:
— оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субъектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына толық жағдай жасау;
Тұлғаның жан-жақты дамуы білім берудің ғаламдық мақсаты болумен қатар, педагогикада білім берудің негізін, оның мазмұны мен құрылымын анықтауға қазірігі заманғы адам тұжырымдамасының тұрғысынан келу көзқарасы берік қалыптасумен қатар, жүргізілген зерттеулер тұлғаның қалыптасу моделінің компоненттерінің мынадай үш тобын қамтитынын анықтайды: психиканың функционалдық тетіктері, тұлғаның тәжірибесі, тұлғаның жинақталған типологиялық қасиеттері. Компоненттердің осы топтары адам қызметінің жалпы құрылымының және зерттеу объектілерінің құрылымымен бірге 12 жылдық мектептің жалпы білім беру стандарттары мен базалық оқу пәндерін жасаудың теориялық негізі қалануда. [3].
Білім жүйесінде 12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты, әрбір жас сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктерне қарай жан-жақты қарастырылады.
Бұл тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:
- Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибелерге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.
- 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
- Жалпы орта білім беру құрылымы.
- Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
- Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
- Педагогикалық кадрлар мәселесі.
- Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
- Жалпы орта білім беру жүйесін басқару негіздері.
- Білім беруде 12 жылдық жалпы тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары, еліміздің жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертумен қатар, білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалынуда, олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстары қолға алынуда.Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмаумен қатар, білім берудің негізі толық қолға алынбаған.
Еліміздің білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай негіздер қалыптасып отыр:
- Оқушының оқуға қызығушылығын білім мазмұнының төмендететін және денсаулығына кері ықпал ететін ақпараттық сипатының басымдығы мен жетістігі жан-жақты қарастырылуда.
- Орта білім беру жүйесінде негізгі идеялар мен мақсаттардың болмауы.
- Жеке тұлғаның дамуына білім берудің негізгі нәтижелерінің бағдарлануы және саралануы.
- Оқушыны оқу жетістіктерін бағалауда қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы жеке тұлғаға теріс әсерін тигізеді.
- Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі кәсіби анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезіну деңгейінің төмен болуы.
Сурет №1 12 жылдық білім берудің негізгі мақсаттары
12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады
1-саты – жалпы бастауыш білім беру ( 1-4- сыныптар – бастауыш мектеп)
2-саты – негізгі орта білім беру (5-10-сыныптар – негізгі мектеп)
3-саты – жалпы орта білім беру (11-12-сыныптар – жоғарғы мектеп)
Бастауыш мектепте оқытудың ұзақтығы – 4 жыл. Бастауыш мектеп жалпы бастауыш білім беруді қамтамасыз етеді және балалар 6 жастан бастап қабылданады,алты жас – баланың ақыл-ойының дамуының және әлеуметтік дайындығының ең бір қолайлы (сензитивті) кезеңі болып табылады.
Осындай мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, іске асырмаса бала бойындағы қасиеттері толық көлемде ашылмай қалуы мүмкін.
Бастауыш мектептің басты міндеті – баланың қабілеттерін ашуды, жеке тұлғасын, оқуға деген ынтасын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оқу, жазу, санау, қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын меңгеруіне көмектесу.
Бастауыш мектепте оқытудың басты мақсаттары мыналар болып табылады:
- Жеке тұлғаның жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, оны тұлға ретінде үйлесімді түрде дамыту, білім беру және тәрбиелеу жүйесін арттырумен қатар саналы турбие беру;
- Негізгі оқу әрекеттерін меңгерту және бақылау, өзіндік бақылауды жүзеге асыру және шығармашылыққа баулу;
- Жеке тұлғаны азаматтық, рухани және адамгершілік, танымдық іс-әрекетке, өз бетімен оқуға және өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру;
- Білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына жету жолында оқу әрекеттерін игерумен қатар– бастауыш мектептің негізгі міндетіне айналды.
1-саты. Жалпы орта білім беру (1-4 сыныптар)
Оқуды бастау жасы — 6 жас болып табылады
Оқытудың ұзақтығы — 4 жыл болып есептеледі
Негізгі бағдар – оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, және оқытудың келесі салаларына қажетті танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға жан-жақты жағдай жасау.
Жеке тұлғаның тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз етумен қатар, бастауыш мектепте қажетті біліктер дағдыларды игеруге, оқу және жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін қарастыру.
2-саты. Жалпы орта білім беру (5-10 сыныптар)
Оқыту ұзақтығы – 6 жыл болып есептелінеді.
2-саты бойынша – негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін сақтап, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне, зерттеу дағдысының қалыптасуына ықпал ететін оқу әрекетін дамыту.
Мектеп негізгі оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылумен қатар, бұл сатының ерекшелігі оқушының үшінші сатыдағы бейіналды дайындықтың мектеп қызметінің оқушының болашақ бағдарын саналы таңдауына жағдай жасау, дайындығына игі ықпал ететін педагогикалық, психололгиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық жүйені іске асыру.
3-саты. Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар)
Оқыту ұзақтығы — 2 жыл болып есептелінеді
Орта білім берудің жалпы соңғы кезеңі болып табылатын үшінші сатының негізгі мақсаты оқытудың саралануы мен даралануы бағдарланған жалпы орта білім беру, оқушулардың болашақ кәсіби қызметіне саналы да жауапты таңдау жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасау, іс-әрекеттің мәнін түсіну. Бейіндік оқыту жаратылыстану — математикалық, әлеуметтік -гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырумен қатар, бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып анықталып, негізге қалануы тиіс
Қазіргі таңда бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылумен қатар, бейіндік оқыту кеңінен қолға алынуда. [6].
Күнделікті өмірде, білім беру саласында материалдық-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік оқыту төмендегі ұйымдастыру нысандары бойынша мына нысандар бойынша құрылады:
- Бір бейінді мектеп – бір бейінді оқытуды іске асыру және ұйымдастыру;
- Көп бейінді мектеп – бірнеше бейінді оқытуды іске асыруға негіздейді.
Білім берудің басым бағыты 12 жылдық жүйеде – педагогикалық іс-әрекеттің жеке тұлғаға бағытталуы. Тұлғаға бағытталған көзқарас – педагогикалық іс-әрекеттің методологиялық жаңа бағыты өзара қатынас нормаларын нығайтуға негізделеді.
Қазіргі қоғамының геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім беру жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етумен қатар, өз білімінің басты байлығы мен құнарлығын жеткізе білу керек.
Бүгінгі таңда 12 жылдық мектепте есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты бойынша, өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді қалыптастыру және тұлғаны дамыту. Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықтама беріледі:
- Бағдарлы құзыреттілік – оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілетті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің ролін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы мен қатар,бұл құзіреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз ететін тәсіл болып табылады. Ең бастысы, өзінің туған Отанының патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу,және қарым-қатынас жеке тұлғаның сана-сезімін қалыптастыру.
Жеке тұлға санасының психологиялық табиғатын, оның субъектілік тәжірибесін оқыту материалын игеруде пайдалану туралы Л.С.Выготский: «тұлғаның бойында жаңа реакциялық өзгерістер жасай алатын бірден бір тәрбиеші – организмнің өзіндік тәжірибесі, тек қана өз тәжірибесінде басынан өткізгендер ғана сыртқы байланыс жасай алады, сондықтан оқушының жеке тәжірибесін ескеруге бағытталмаған, оны жоққа шығаратын, сөйтіп мұғалімді жоғары санайтын көзқарас өте жалған екенін ғылыми психологтар дәлелдеді. Тәрбиелеу үрдісі оқушыны жан-жақты тәрбиелеуге емес, оқушы өзін-өзі тәрбиелеуге әкелетін үрдіс болуға тиіс», — деп қарастырған.
Жеке тұлғаның өзіндік дамуы өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеру оның «көптің бірі» немесе «көптің ең жақсысы» болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігімен, субъектілік тәжірибесінің ерекшелігімен қатар, қайталанбайтын тұлғалық құндылығымен маңызды болып сипатталады. Бұл жердегі «субъектілік» ұғымы өз сансының иесі, өзіндік таным мен өзіндік бағытталуға, өз идеялары мен қажеттіліктерін жүзеге асыруға қабілетті тұлға дегенді білдірумен қатар, тұлғаның субъектілік сипаты қоршаған ортамен ұстамдылық қарым-қатынасынан, өз көзқарасынан, оқу материалдарын игерудегі өзіндік әрекеттерінің қалыптасқандығымен айқындалады. Субъектінің тәжірибесі бұл – тұлғаның өзінің басынан өткергендері негізінде құрылатын жеке тәжірибесіне сәйкес білім беру – «бұл тек оқыту емес оқу, ал оқу оқушының жеке субъектілік тәжірибесі» болып есептелінеді. Оның мәні – тұлғаның өзінің әрекеттеріне талдау жасауға, өзі үшін маңызды мәселелерді анықтай алуға және шешу жолдарын таба білуге бағыттаумен қатар, бір-бірімен демократиялық қарым-қатынасқа үлкен көңіл аударылады, сөйтіп өмірлік тәжірибеге геізделген өз білімін оқушының да, мұғалімнің де пайдалана білуі іске асырылады, сондықтан, жаңа үрдісті тәжірибеде ендіруде мұғалімдердің сыртқы форманы ғана басшылыққа алмауы үшін оның философиясын ұғыну маңызды. Өйткені, оқытудың басты мақсаты – алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білуі емес, бүгінгі алған білімін өмрілік қажеттіктеріне сай пайдаға асыра білуіне, соған сәйкес бейнелеу мен зерделеуді қалыптастыру. [7].
Бірлескен жұмыста нәтижені орындаудың барысы, жолдары мен тәсілдері талданып, объективті баға беріледі және үрдіс пен нәтижеге баға беру мұғалім тұрғысынан ған емес, оқушы тарапынан оның өзіндік бақылауы мен бағалауы арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда өзіндік түзету, коррекциялау, өз әрекетіне өзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігі қамтамасыз етіледі, сөйтіп баланың құндылық көзқарасы мен өзіндік бағасын дұрыс қалыптастыруға қолайлы орта жасай білу керек.
- Әрекеттер барысында рефлекциялық оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады және бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады, өз ерекшелігі мен деңгейін танып, біледі.
- Рефлексиялық тәсілдердің қолданылуы интерактивтік, диалогтік, сабақ үрдісіне қатысушылардың белсенділігін, қызығушылығын, әдістемелік танымын арттырады және оның дәстүрлі оқытудан тиімділігін жақсартады.
- Тұлғаның танымдық қызығушылығы кері байланыс нәтижессінде, күрделі ойлау қабілеті, қоршаған ортаға көзқарасы, өмірдегі өзінің орны туралы ой-пікірінде өзгерістерге ықпал етеді.
- Ұжымдық ойлау мен жұмыс істеу тәжірибе жүзінде меңгерген, қарым-қатынас жасау дағдыларын, ұжымдық ұстанымдарды бағалау әрекеттерін өзінің білім алу әрекеттері мен кәсіби педагогикалық қызметінде пайдаланып, модельдей алатындай және әрбір адамның жан дүниесін, сауатын ашады.
Оқыту үрдісін 12 жылдық мектептегі тұлғалық бағдарлы мазмұнда жүргізудің мұғалімдер үшін мынадай ерекшеліктері қамтылған:
- білім беру үрдісі ізгіліктік және демократиялық заңдылықтарға негізделіп, қалыптасады;
- оқу үрдісінде барлық деңгейдегі педагогикалық әрекеттер оқушылардың шаршатуын болдырмауды көздейді, оларға қолайлы жағдай жасайды;
- педагогикалық қызметтің тиімділігі қажетті құрал-жабдықтарды жаңартудан емес, субъектаралық қатынастардың жаңаша ұйымдастырылуына, жаңаша әдістерінен байқалады;
- білім берудің тұлғалық бағдарлы мазмұны оқыту үрдісіндегі тұлғалардың – оқушы, мұғалім, тәрбиеші, ата-ана — өөзіндік дамуын қамтамасыз ететін жаңа әдістемелер арқылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
- мұғалім өз әрекетінде қандай өзгерістердің қажет екенін сезіне алады, өз қызметінің бүгінгі күн талабымен, қоғам сұранысына сай сәйкестігін біледі;
- тұлғалық бағдарлы білім беру бағытында жаңалықтар ендіруге ұмтылу, авторлық, адаптивтік бағдарламалар құру, тәжірибеде бар жаңалықты өз тұрғысынан өзгерте алу және өз бойына жинақтау.
Білім беру оқушы тұлғасына шоғырланған мұғалім тарапынан әр оқушының өзіндік жақын даму аймағында дербес қабілетін дамытуға түрткі болу, оларды оқыту мен оқу құндылықтары қатар жүретін практикалық әрекеттерге баулу, баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу және баға беру болып табылады.
Білім беру жүйесінде білім берудің тұлғалық бағдарлы мазмұны болып жатқан өзгерістер адамгершілік пен рухани құндылықтар негізінде тұлғалық, ұжымдық және рефлексиялық әрекеттердің үнемі дамып отыруын көздейді сонымен қатар аталған қарым-қатынастық шарттарды игеру 12 жылдық білім беру барысында тұлғаның субъектілік қызметтерін кеңейту, орындаушылық ролін өз әрекетін ұйымдастырушы ролімен алмастыру, белгілі бір әрекеттерді өз бетімен орындауға жағдай жасайды.
1.2 12 жылдық оқу жүйесіне ауысу қажеттілігіне байланысты негіздемелер
Болашақ мамандардың 12 жылдық білім берудің әдіснамасын, оның теориялық және практикалық негіздерін қазірден бастап жан-жақты үйренуі аса маңызды әрі өзекті мәселе. Осы орайда, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың жалпы ед агогик а курсы ерекше орын алады. 12 жылдық білім берудің басым бағыты-педагогикалық іс-әрекеттің жеке тұлғаға бағытталуы. Тұлғаға бағытталған көзқарас-педагогикалық іс-әрекеттің методологиялық жаңа бағыты басты негіздемелер бойынша айқындалады.Сол негіздемелерге тоқтала кетсек:
1-негіздеме. Білім беру парадигмасының өзгеруі.
Қазіргі білім беру тұлғалық-бағдарланған стратегиясын іске асыруға бағытталған. Оның негізгі идеясы-оқушыларға механикалық түрде білім беру емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар аудара отырып өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең мүмкіндіктер жасайтын білім кеңіcтігін құру.
2-негіздеме. Оқушылардың денсаулығын сақтау.
Бірінші сыныпта оқушылар аптасына белгіленген 20 сағаттың орнына 22 сағат, жоғары сынып оқушылары 38 сағаттың орнына 40-42 сағат оқу жүктемесін орындайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, республикада 2 миллионнан астам бала 66% әр түрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрады. Мектепте оқыту кезеңінде балалар арасында тыныс алу мүшелерінің, көз, асқорыту, жүйке-психикалық, тірек-қозғалыс аппараттарының зақымдануы сияқты т.б. аурулар ондаған есеге артып отыр.
12 жылдық оқу мерзіміне көшу жағдайында белгіленген күнделікті оқу жүктемесін азайту, оқушылардың әртүрлі үйірмелерге қатысуларына, бос уақыттарын өз мүдделеріне сай өткізулеріне мүмкіндік жасайды.
3-негіздеме. Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету.
Дәстүрлі 11 жылдық жалпы орта білім беру нарығының қажеттіліктеріне орай оқытудың тәжірибелік бағытына сәйкес кәсіптік бағдарды қамтамасыз ете алмайды. 12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.
4-негіздеме. Оқу сапасын арттыру.
12 жылдық білім беруге көшу күнделікті оқу жүктемесін төмендету есебінен жалпы орта білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Білім сапасын арттыру оқу материалдарын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптары деңгейіне сай меңгеруге, сырттай және іштей саралаудың тиімді тепе-теңдігін құруға кепілдік беретін педагогикалық жаңартпашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде жүзеге асырылады.
5-негіздеме. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі әлемдік іс-тәжірибелер.
Баспасөз беттерінде педагогикалық 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық, оның мақсаты туралы пікірталастар көп қозғалуда, яғни ХХІ ғасырдың табалдырығында мектеп алдына қойылған жаңа мәселелердің шешімі мектеп үрдісін, оқыту формаларын және әдістерін жаңартуды талап етуге, осыған байланысты білім беру процесінде қазіргі қоғам талабына сай арнайы білім енгізу қажеттілігі енгізілуде. Оқу үрдісінде дамудың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі – оқушылардың зерттеулік ізденісі мен білімі қарастырылып, осы бағытта білім алып отырған әрбір жас жеткіншек, қоршаған ортамен оның салаларын әр қырынан зерттей отырып, өз бетінше білім жинақтап, оны тәжірибе жүзінде өмірде қолдана білуі қажет. Өйткені, еліміздегі педагогтардың басым бөлігі оқушылардың өздігінен білім алу әрекеттеріне осы кезге дейін немқұрайлықпен қарады. [8].
Білім беру жүйесінде дәстүрлі оқу бағдарламалары оқушы әрекетінің репродуктивті әдістеріне жүгінетін болсақ, зерттеу арқылы оқыту идеялары білім беру процесінде осы уақытқа дейін көрініс тапқанымен, іс жүзінде өз дәрежесінде қолданылмады, себебі — қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың өздігінен білім алуы үшін арнайы зерттеушілік білім беру мәселесі маңызды орын алуда. Осындай мәселелердің алдын алу үшін оқушыларды зерттеулік ізденістеріне қатысты білік пен дағдыларды қалыптастыру (проблемаларды анықтаудан ұсынуға дейін және алынған қорытындыларды қорғау) проблемасы әдістеме ғылымына тапсырылады,соған орай, оқушыларға зерттеу ұғымын кеңінен түсіндіру және олардың зерттеу қабілеттерін дамыта білу педагогтардың кәсіби шеберліктерін қажет деп санайды.
Оқушыларға шығармашылық іс-әрекет дағдыларын меңгерте отырып, педагог әр баланың зерттеу қабілеттерінің жеке дара екенін ұмытпауымыз керек, осы тұрғыда қабілеттерін дамыта отырып, жетістіктерге жеткізуге септігін тигізумен қатар, психология ғылымдарының докторы, профессор А.И.Савенков ұсынысы бойынша оқушының зерттеу қабілеттерін дамытуға арналған әдістемелік құралдарына сүйене отырып, ізденіс белсенділігін былай көрсетуге болады.
Зерттеу қабiлетi жүйесiнiң моделiн төмендегi үш құрамдас бөлiктің кешені ретінде құрастыруға болады:
- iзденiс белсендiлiгiнің жоғары болуы;
- ойлау деңгейiнің дивергентті ойлауда сана – сезімінің жоғары болуы;
- конвергенттi ойлау деңгейінде шығармашылықтың дамуы ;
Бұл өзара қатынасты мынадай үлгіде көрсетуге болады:
Сурет №2 Зерттеу қабілеттерінің құрылымдық моделі
Зерттеу әрекетінің «ізденіс белсенділігінің» өлшемі — басты қайнар көзі және негізгі қозғаушы күші ретінде роль атқарумен қатар- бұл зерттеу қабілетінің мотивациялық құрамдас бөлігін сипаттайды және ізденіс белсенділігіне деген талпыныс биологиялық қасиет болғанымен, кейде сыртқы факторлардың әсерінен де дамуы мүмкін. Жоғары мақсаттылық (мотивация), қызығушылық, сезіммен берілу – «ізденіс белсенділігіне» бағытталған зерттеу әрекетінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.
Дивергенттi нәтижелiлiк немесе дивергенттi ойлау қабiлетi мен бейiмдiлiк зерттеу мiнез құлқы жағдайындағы аса маңызды қасиет болып табылады,себебi ол проблеманы көру және оны шешу варианттарын iздеу (гипотеза) этапында үлкен роль атқарумен қатар,дивергенттi ойлаудың нәтижелiк, өзгешелiк, ойлау икемдiлiгi, идеяларды өңдеу қабiлеттiлiгi деген сияқты маңызды сипаттамалары зерттеу iс-әрекетiн табысты жүзеге асырудың мiндеттi шарттары болып есептелінеді.
Зерттеу әрекетін қажет ететiн нақты жағдайларда жоғары дамыған конвергенттi ойлау қабiлетi болмаса, дивергенттi ойлаудың да, iздену белсендiлiгiнiң де пайдасы жеткiлiксiз, себебi, конвергенттi ойлау – проблеманы талдау мен синтездей білу қабілеттері арқылы қисынды алгоритмдер негізінде мәселені шешу дағдысымен тығыз байланысты болғандықтан, бұл сатыларда жағдайды саралау мен бағалау, ойлар мен тұжырымдар жасаған маңызды болады. Бұл зерттеу объектісін табысты дайындау және жетілдірудің, берілген ақпараттың, бағалаудың және рефлексияның басты жағдайы болып табылғандықтан білімділікке жету мүмкіндіктерін ашады.
Оқу үрдісінде қорытындылау мен ой бекiтудi қалыптастыру, зерттеу объектiсiн сәттi талдау және жетiлдiру, табылған ақпараттарды бағалау, өзін-өзі тану, өз-өзіне әсер беру сияқты маңызды шарттармен негізделеді.
Оқушының жеке шығармашылығына бағытталған әрекет — зерттеу әрекеті, сондықтан — мұндай әрекет оқушының жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мүмкіндік береді, себебі оқушыларда арнайы бiлімдi қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы зерттеулiк iзденiске қажет бiлiк пен дағдыны дамытуға қажеттi бағдарламаны өңдеу қағидаларын талдауға болады.
Баланың танымдық іс әрекетін табысты жүргізу үшін А.И.Савенков әдістемесі бойынша зерттеу қабілеттерін дамыту бағдарламасын өңдейтін
5 қағидатты ажыратып көрсеткен:
“Зерттеу” ұғымын кеңiнен түсiндiру қағидасы бұл — зерттеулiк оқыту жағдайында “зерттеу” ұғымын тек эмпирикалық таныммен шектемей, оны максималды кең ашу неғұрлым нәтижелi болатыны сөзсiз анықталған,осыған байланысты кейбiр аспектiлер жеке пәндердi оқыту әдiстемесiнде қарастырылған. Тарих және құқық пәндерi бойынша көптеген зерттеулер мен бақылауларды өткiзу әдiстемелерi өңделіп шығуына байланысты, бұл оқушылар үшiн өте құнды екенi рас, бiрақ зерттеулiк iзденiс дағдылары, бiлiк, арнайы бiлiм мұнымен байланысты.
Мұндай байланыстардың бiрнеше себептерi бар, оның бiрi – “зерттеу” ұғымын жете түсiнбеу сияқты, мысалы көптеген әдiскерлер, пән мұғалiмдерi, “зерттеу” ұғымын тек эмпирикамен шектелетiндiгiне сенiмдi, нәтижесiнде олар зерттеулiк бiлiк пен дағдыға тек соның көлемiндегi тәжiрибелi танымға тiкелей қатыстыларды жатқызады. Ал одан тыс тұрғандарды, мысалы: проблемаларды көре бiлу, өзiндiк iзденiс нәтижесiнде материалдарды жинақтай бiлу, тiптi басқалармен жазылған мәтiндердi анализдеу кезiнде түпкiлiктi жаңа ақпарат таба бiлуге негізделген.
Оқытуда зерттеулік баланың жалпы зерттеу бiлiмдерi мен дағдыларын дамыту мәселесi жеке танымдық iс-әрекетi емес, өмiрдiң ерекше стилiн қалыптастырудың негiзгi жолы ретiнде танылады, өйткені мұндай өмiр сүру стилiнде iздену белсендiлiгi алдыңғы жүргiзушi орында болады.
Жалпы зерттеу бiлiктiлiгi мен дағдылары табиғаттың қандай-да бiр қарапайым заңды iс-әрекеттерiн көрсетуге ғана емес, қазiргi динамикалы өмiрге сәйкес жеке тұлғаның үнемi ауыспалы қоршаған ортаға бейiмделуiнiң маңызды тәсiлi ретiнде кеңінен қарастырылып, зерттелуде.
Пәнаралық байланыс қағидасы- бұл әртүрлі ғылымдардың пәндерi әртүрлi болатыны ақиқат, себебі- зерттеу әдiстерiнiң мазмұнынан әр ғылым жеке өзiне керек бөлiгiн ғана алумен қатар, мәселен, тарихта қолданылатын әдiстердiң өнертануда пайдасы аз, керiсiнше социологтардың қолданатын әдiстерi көлемiнде жүргiзiлетiн iс-әрекетке пайдалылығы әлдеқалай тиімді.
Сондықтан жеке ғылымда қолданылатын зерттеулiк әдiстер мен олар талап ететiн зерттеу бiлiктiгi мен дағдыларының өзiндiк ерекшелiгi — оларды бiр ғана ғылыми пәнге жүктеп қою идеясын болдырмау. Оқушылардың жалпы зерттеу iзденiсiнiң бiлiктерi мен дағдыларын дамыту бiр пәннiң төңiрегiнде бүкiл зерттеулiк әдiстеме қорын қолдануға мүмкiндiк бермейдi. Зерттеулiк iзденiстiң жалпы бiлiк пен дағдыларын дамыту мәселесiн тек бiр пәнмен байланыстыру қате шешiм деп есептейді.
Сабақтарда тренингтерге сүйену қағидасына негізделеді- бұл баланың когнитивтi өрiсiн арнайы бiлiмдермен байыту, оның зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдыларын дамыту жұмысында дәстүрлi бiлiм беруден өздігінше дербес, арнайы тренингтiк сабақтар өткiзу неғұрлым нәтижелi болады себебі, мұндай сабақтар зерттеулiк iзденiс ситуацияларын қажет ететiн арнайы бiлiм алуға, барлық зерттеулiк iзденiстер мен дағдыларды өңдеп, жүзеге асыруға жол ашады.
Оқу үрдісіндегі импровизация қағидасы – бұл балаларды арнайы бiлiммен оқытуға, олардың зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдыларын дамытуға бағытталған сабақтарды жоспарлап жүргiзу кезiнде мұны қатаң, алдын-ала өңделген алгоритм бойынша жасау мүмкiн емес екенiн ескерумен қатар, зерттеу iс-әрекетi – шығармашылық iс-әрекет, ол икемдiлiктi, жоғары мобильдiктi қажет етедi, сондықтан да, мұнда импровизация сәттерiнiң болғаны дұрыс деп есептелінеді.
Әр сыныптың өзіндік ерекшелiктерi, құндылықтары және қалаулары болады, әр уақытта сыртқы факторлардың әсерiнен олардың қызығушылықтары бiр құбылыстан екiншi бiреуiне ауысуы мүмкiн, яғни бiр бiлiмдi әр бала әр түрлi қабылдауына байланысты. Оларда зерттеулiк iзденiстiң әр түрлi бiлiктерi мен дағдылары көрiнiс тауып, қалыптасуы мүмкiн,сондықтан педагог балалардың осы ерекшелiктерiне икемделуі керек, бұл үшiн ол өз жоспарларын әрқашан өзгертуге және оларды қайта туындаған жағдайларға сәйкес түзету жүргiзуге әр уақытта дайын болуы қажет .
Қазіргі заманғы білім беру практикасында балаларды зерттеп оқытудың маңызы арта түсуде, себебі оқушыны оқыту барысында кез-келген пән бойынша зерттеу ізденістері көптеген мектептерде қолға алынуда. Осыған орай Әр облыстарда да өңірлік орталықтың ұйымдастыруымен оқушылардың зерттеулік білім деңгейі мен барысын анықтау мақсатында ғылыми зерттеу жұмыстарының байқаулары өткізіліп келеді, оның маңызы — байқаулардың көрсеткіштері бойынша оқушылардың проблеманы көре білу қабілеттілігі, танымдық құндылығы, ой қорыту деңгейі және өз жұмыстарын мазмұндау ерекшелігі бағаланып, сонымен қатар педагогтардың оқушылармен ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру сапасы анықталды. Мұғалімнің зерттеу мәдениеті жоғары болған жағдайда ғана оқушының зерттеулік білімді тосқауылсыз жоғары дәрежеде меңгеруіне толық мүмкіндігі болады.
Оқушы білімді терең қабылдау үшін, мұғалім мен оқушы арасында қандай біріккен іс-әрекет болуы керек?
- Білім жеке тұлғаны дамыту үшін, саналы түрде қабылдануы қажет. Сабақты оқыту процесінде жаңа кең деңгейге – пәндік тақырыпты түсіндіру шеңберінен шығып, оқушының өмірлік бағыттарын оқу пәнімен кең көлемде байланыстыру арқылы – пәнаралық жаңа әдіске, қорытындылауға, заңдылықтарға, жүйелерге, жалпыадамдық құндылықтарға және проблемаларға шығу қажет. Бұл теориялық ойлау қабілетін дамыту арқылы мүмкін болатын құбылыс.
- Пәннің жүйелік сапасы бұл теориялық ойлау арқылы– құндылығы, мағынасы мен мәні танылады, сондықтан, оқушының ойлау әрекетін дамыта оқыту; оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығын ұйымдастыру; әртүрлі көзқарастарды салыстыру, аргументтеу, негіздеу; топтық, ұжымдық жұмыс түрлерін, ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жетілдіру керек. Оқушының ойлау әрекетін ұйымдастырғанда, проблеманы қайта тұжырымдап айту арқылы мағынасын өзгертуге болады,өйткені мағыналық реттестірудің тағы бір формасы – белсенді әдістер арқылы реттеледі. Оқытудың белсенді әдістері оқушының танымдық әрекеттерін жандандыратын эффективті тәсілдердің бірі, себебі, оқушылар «қайраткерлерге», «ойшылдарға» айналып, іс-әрекетке қатысушылар болып табылады. Ойлау – диалогтік құбылыс, өйткені ол топта, пікірталаста, айтыста қаралыды.
- Оқушының мотивтерімен жұмысы бұл- ой басқа ойдан емес, біздің санамыздың мотивациялық өрісінен туындайды,себебі- оқушының ойлау әрекетін ұйымдастырғанда оқу мотивациясы сырттан болмау керек: мәжбүрлеу, күштеу көптеген оқушыларға кері әсер етеді өйткені баланың ішкі мотивациясы болғаны жөн: өз себептері, орындаған әрекеттеріне қанағаттану, өзін-өзі сыйлау арқылы қажеттіліктер және мүмкіншіліктер – белсенділік көзі болғандықтан оқушының құзырлы адам болуға талпынысын дамыту керек. Мұғалімнің кері байланысы бақылау және бағалау түрінде емес, нақты және хабарлы түрде болғаны жөн [9].
- Жеке тұлғаға білім беру технология арқылы емес, кімге білім беріп тұрғаныңды түсіну арқылы болады, сондықтан педагогтың өзінің түсінісудің тұлғааралық «механизмдерімен» жұмыс істеуінің маңызы ерекше- бұл оның мынадай қабілеттерімен ерекшеленеді:
- Децентрация бұл — өзін оқушының орнына қойып, әлемге баланың көзімен қарай білу, яғни оқушының пікірін қабылдау, оның пікірі мен тәртібіне теріс әсер болдырмау,оны пікірімен санасу.
- рефлексия — әртүрлі көзқарастар айтылған диалог кезінде, бірге талқылау, бірге шешім қабылдау кезінде мұғалім сырт көзге қалай көрінетінін түсіне білу,өзара қарым-қатынас.
- эмпатия – оқушының жан дүниесін, ойлары мен сезімдерін түсіне білу, бұл мұғалімнің оқушыға жақындығынан, оң көзқарасынан,пікірін түсіну мен ерекшеленеді.
- Оқушылардың сұрақтары пәннің тақырыбы туралы емес, «мен үшін оның қандай маңызы бар?», яғни «маған сәйкес келе ме?» деген сөзімен,сабақтың, тақырыптың, әдістің бала қажеттілігі мен мүмкіншілігіне сәйкестігі оның көңіл-күйінен көрінеді себебі; егер жағдай балаға сәйкес келмесе, теріс көңіл –күй пайда болса, онда фрустрация (ренжу, қорқу, түңілу), агрессия, ойлау туындайды сондықтан, сабақтың проблемалы жағдайында бала көзқарасы, бағытына қайшылық пайда болғанда, теріс көңіл-күй пайда болады. Бұл жағдайда эмоция баланың өзіне, мұғалімге немесе өзінің әңгімесіне бағытталуы мүмкін. Бірінші жағдайда – фрустрация, екіншіде – агрессия, үшіншіде – ойлау пайда болады. Бірінші және екінші жағдайда мұғалімнің кері байланысы бақылау түрінде болып, оқушыны ойлауға, сезінуге, бір нақты үлгі бойынша өзін ұстауға мәжбүрлеп тұр, яғни оқытудың сыртқы мотивациясы туындады, ал үшінші жағдайда кері әсер хабар түрінде беріліп, таңдау бостандығы сақталып, ішкі мотивация пайда болады.
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», — деген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлықты сөзі – оны іске асырушы мамандарға бағдарламалық сілтеме. Елімізде мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін, тәжірибесін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күйінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологияларды іздестіруге және оларды қолдануға бағытталып отыр.
Қазақстан Республикасы Білім беру стандартында қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа математикалық білім мазмұнын жасау және онымен үйлесімді оқытуды ұйымдастыру түрлерін анықтау қажеттілігі жан-жақты айқындалған.
Ғылыми зерттеулер және біздің тәжірибеміз көрсеткендей баланы тұлға ретінде қалыптастыру үшін, қазіргі дидактикалық көкейтесті мәселесі – мектеп пәндерін, соның ішінде құқық мектеп пәнін педагогика ғылымына сай әдістемелік жаңарту, білім беру жүйесін технологияландыру керек екенін атап көрсетілген. [10].
Әрбір жеке тұлға мектепке білім алуды мақсат етіп келетіні аян,бірақ нарықтық қатынас жағдайында оқушының білім алуға деген ынтасының төмендеп кеткендігі бізді қатты алаңдатады себебі, дәстүрлі оқытуда мұғалімдердің мүмкіндіктері шектелген, өйткені:
- біріншіден, мұғалімдердің көпшілігінің жіберетін кемшіліктері оқушыны жеке зерделенетін тақырыптар бойынша толық тексеруге мүмкіндігі болмайды;
- екіншіден, типті мұғалімнің әрбір өтілген тақырып бойынша тексеріп үлгірсе де, оқушының біліміндегі ақауларын түзеуге, жоюға уақыты жетпейді;
- үшіншіден, мұғалім математика пәні бойынша қызығушылығын ескеріп, қабілетіне сәйкес танымдық жұмыс ұйымдастыруға үлгермейді;
- төртіншіден, дәстүрлі оқуда мұғалімнің тәрбиелеу мүмкіншілігі де шектелген;
- бесіншіден, ең бастысы, мұғалім оқушылардың берілген материалды түгелдей толық меңгеруіне кепілдік бере алмайды.
Ал «Білім туралы» заңның 41-бабының талаптарына сәйкес мұғалім міндетті түрде мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес білім деңгейін көрсетуін қамтамасыз етуі тиіс делінген, олай болса, айтылған түйінді мәселелердің шешімін таппайынша біз ХХІ ғасырдың білім көшінде өзге елдермен тереземізді теңестіре алмай қалуымыз мүмкін. «Ел мен елді теңестіретін — білім» екенін ұмытпауымыз қажет.
Дәстүрлі оқытуда жіберілген кемшіліктерді жою үшін біз сіздерге «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданып оқытуды ұсынамыз.
Оқушылардың қабылдауының кейбір көрсеткіштері мына салалар:
- оқуға зейінділігі;
- тез және берік есте сақтауы;
- ойлау қабілетінің жоғары болуы;
- тапқырлығы;
- ұшқыр қиялдығы;
- жұмыс үстіндегі дербестігі және оның жақсы нәтижелілігі екенін ескерсек, сын тұрғысынан ойлау технологиясы қазіргі заман талабына сай жан-жақты, білімді, дүниетанымы кең жеке тұлғаны қалыптастыруда тиімді өйткені,
тиімді оқытудың негізгі мақсаты – білімнің мазмұнын дәл, тиянақты анықтау себебі,-негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға тәрбиелеу .
Нақты тапсырмалар бұл – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше, оқушының білімін, мүмкіндігіне, сұранысы мен қаблетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі болғандықтан Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі басты құндылығын атап өтеміз:
1) оқушы өз ойын ашық және толық айта алады;
2) жоғары деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды баланы таңдауға мүмкіндік береді;
3) жоғары ұпай жинау арқылы оқушының ынтасын арттыру;
4) оқушы материалды өзі меңгереді, ал мұғалім өз пәнінен жұмыс дәптерін жасайды;
5) педагогикалық технология орта мектеп жүйесін ақпараттандыру принципін сақтай отырып жүргізеді.
Бұл оқыту технологиясы бойынша жасалған зерттеу жұмыс дәптерінің құндылығы, дәстүрлі оқытудағы жоғары деңгейдегі тапсырманы орындаса да, төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаса да жоғары бағаны қою кемшіліктерін жояды яғни бала өзін-өзі бағалайды.
12 жылдық білім беру жағдайында мұғалімнің өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдалана отырып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың алуан түрлі әдістерін, өз бойындағы бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ұйымдастыру мүмкін болады дей аламыз себебі, оқушының өзіндік тәжірибесінің даму сатылары оның рефлекциялық талдау жасай алуы, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіріп отыру және рефлекциялық қажеттіліктің тұрақталуы сияқты кезеңдерден тұрады және оның соңғы нәтижесі ретінде тұлғаның субъектілік тәжірибесінің құрылымы қалыптасады. Осылайша қарастыру негізінде 12 жылдық білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субъектілігі тәрізді тұлғалық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады.
- Зерттеулік қабілеттерді дамыту әдістемесі еліміздің барлық өңірлерінде қамтылса, ұстаздар тарапынан нақты қолдауына ие болса;
- Республика көлеміндегі оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстары баспасөз беттерінде жүйелі түрде жарияланса;
- Оқушыларға арналған зерттеу әдістемелік құралдары және бағдармаларымен қамтамасыз етілсе.
1.3 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушыларды тәрбиелеу жүйесінің даму перспективасы
Қазіргі таңда Республикада 12 жылдық білім беруге көшу кезеңінде қоғам дамуында орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық түбірлі өзгерістер, ынталы бастамалар, мектепте жалпы білімнен таңдаулы білімге көшу және болашақ жасөспірімдерді ғылыми техникалық прогресс талабына сай тәрбиелеу мәселесі оқу мақсатын, мазмұнын, түрін, әдісін қарастырып, тәрбие үрдісіне көптеген өзгерістер енгізуді талап етеді [11].
Біз тәрбие мен білімді егіз дүние деп келеміз яғни -бұл екекуі бір арнада, бір мақсатта әрекеттескенде ғана оңды нәтиже бере алады және ғылыми негіздерге сүйенсек, адам тәрбиесі методологиясын екіге бөліп қарастыруға болады. Бірінші биологиялық индивид, екінші сананы жетілдіру сатысы болып табылады.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Қазіргі заманғы электронды оқулық басылымдарын әзірлеуге, жалпы білім беретін мектептің негізгі пәндері бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыру және оларды дәстүрлі оқыту құралдарымен кіріктіруді жүзеге асыру керек. 12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
12 жылдық білім берудегі оқушылар қызметінің мақсаты:
— жеке білім беру траекториясын қоя білуге берілген мүмкіндікті қолдану (оқу материалын игеру деңгейі, қарқыны) ;өз дәрежесінде болуы.
— әрекет ету әдістерін, тәсілдерін,біліктілігін оқу мен әлеуметтік құзыреттіліктің құрамдық бөлігі ретінде игеруге байланысты;
— оқу жағдайларын шешуге немесе құзыреттіліктің пайда болуына арналған жұмыстардың әдістері әдістері мен тәсілдерін, біліктері мен дағдыларын кіріктіру;
— жалпы орта білім беретін мектептегі білім беру мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы (оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, мультимедиалық бағдарламалар, қашықтан оқыту технологиялары, Интернет желісі т.б) берілген мүмкіндікті қолдану.
Өзара қарым-қатынас тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес, оның адамдық болмысын да шыңдайды, атап айтқанда — ізгіліктің негізін ұжымдық әрекеттердегі қатынастар қалай алады, тұлғаның белсенділігі, өзін-өзі үнемі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайларда емес, өзге адамдармен диалогтік қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Бұл – білімді ізгілендіру болып табылады, яғни білім беруде баланы ең жоғары құндылық деп тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесінде оқушының танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру, оқу, ойын, еңбек, қоғамдық істерде оқушының субъект деп қарастыру болып табылады.
12 жылдық білім беруге көшу – бұл барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол «жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзыретті тұлғаны қалыптастыруды және дамытуды» талап етеді. (Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасының жобасы)
Білім берудің адамға, тұлғаға бағытталуы, білім мазмұнының демократиялылығы, заман талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің гуманистік сипаты – 12 жылдық оқытудың методологиялық негізі ретінде қызмет етумен қатар, оқытудың оқушыға бағытталған мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін, одан туындайтын ұстанымдары мен шарттарын жүйелеу арқылы қазіргі ұлттық білім берудің философиялық тұғырнамасын, әдіснамалық және әдістемелік негіздерін жасайды, себебі онсыз мектептер мен білім беру мекемелеріндегі ұлттық идеяны көздейтін тұжырымдамалық тұтастықты қамтамасыз ету мүмкін емес. [12].
Бүгінгі білім жүйесінде Д.Дьюи атап өткендей, «үлкен өзгерістер байқалуда — ол маңызы жағынан, Н.Коперниктің жаңалығына тең болып отыр, яғни, оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырланатыны сөзсіз».
Білім беру – шын мәнінде, баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына, жақсы көруі мен қорғанушылығын еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына, жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызуы, өйткені, оқушының өзін тануы үшін ғылыми және өмірлік проблемаларды шешудің бірден бір тәсілі — өзін -өзі рефлексиялық басқаруды жүзеге асырады. Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде бастауыш және орта білім кезеңінен –ақ демократиялық қарым-қатынастарды орнықтыруды көздейді, ол үшін оқытудың мынадай басты ерекшеліктерін дағдыға айналдырудың маңызы ерекше;
- өз тәжірибесін пайдалана отырып жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымдықты қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу және оған бағыттау;
- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтижеге жету;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын қарастыру:
Жеке тұлғаның өз білімі мен тәжірибесін, қоршаған ортаны «зерттеу» әрекеттері арқылы қалыптастыруды: мысалы, тақырып бойынша түрлі сызбалар, үлгілер құрастыру, сарамандық тәжірибе жасап, одан түйін шығару, даулы мәселелерге жауап іздеу, т.б. бұлардың барлығы да танымның индуктивтік әдісіне, жекеден жалпыға өтуде жатады және педагогикалық концепция ретінде «инструменталдық педагогика» деп аталады яғни, осы тұжырымдаманы мына бағытта көрсетуге болады:
- бала өзінің онтогенезінде адамзаттың танымдық жолын қайталайды;
- білімді игеру ерік пен жігерге негізделеген процесте де, ұйымдастырылған әрекетте де жүргізіледі;
- бала жаңа материалды тек жай ғана тыңдау, көру, сезіну арқылы емес, оқытудың субъекті ретінде өзіндік білім алуға қажеттік пайда болғанда ғана игереді .
Оқытуды өзектілендірудің әдістемелік тәсілдерінің ерекшеліктері:
- мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша қайшылыққа әкеліп, оны шешудің жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы;
- қайшылықты практикалық іс-әрекетте көрсете білу;
- бір сұрақты жан-жақты қамтитын бірнеше жауаптар ұсына алуы;
- құбылысты әртүрлі позициядан қарастыруды тапсыруы;
- мұғалім оқушыға ұқсастықтар мен қайшылықтарды өз беттерімен салыстыруға, қорытуға, түйіндеуге жағдай туғызады;
- нақты сұрақтар қояды және жауап алады;
- тапсырмаларды бірігіп орындайды.
Оқушы тұлғасын басты орынға қоя оқыту педагогикалық үрдіс субъектілерінің өзара қарым-қатынастарының мазмұнына негізделіп, оны жүзеге асырудың мүмкіндіктерін сан алуан тұрғыдан қарастыруда осы үрдісті ұйымдастыру негізінен басқаруға қатысты болғандықтан оны педагогикалық шарттар негізінде «қарым-қатынастық» тұрғыдан зерттеуге болады. Бұл жағдайда оқушы білім берудің субъектісі ретінде қарастырылады, ал мұғалімнің мақсаты оқушының өз тәжірибесіне сүйене отырып, оны ізденіске жетелейді себебі, оқушының бұған дейінгі алған білім, білік, дағдылары білім алудың құралдары мен тәсілдері ретінде жаңа білімді игеруге қызмет етеді.
Осындай жағдайда «оқушы дайын білімді игеруші» түсінігі орнына «адам – шындықты танушы тұлға» түсінігі қалыптасумен бірге, бұл үрдіске қатысушылар «орындаушылар» емес «әрекетті жүзеге асырушылар» болып есептеледі, сөйтіп, оқушы мен мұғалім өзара диалогтік, ынтымақтастық, бірлескен шығармашылық негізінде өзара байланысты әрекеттер орнатылады. Сөйтіп:
- оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру – адамның қалыптасуы, оның өз бейнесін табуы, даралық, руханилық, шығармашылық бастамасы – тұлғаның өз мәдениетінің субъектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйретуге бағыттайды;
- оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру сырттан келген тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу, оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі қорғауға, өзін-өзі тәрбиелеуге жетелейді;
- оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру — адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, ол – тұлғаны түсіну, өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалайды;
- оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамытуы үшін, өз өмірінің субъектісі болуы үшін жағдай туғызуға негізделеді.
Сөйтіп, оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру гуманистік және демократиялық әдістер негізінде жаңа ақпаратты талдай отырып, оны терең меңгеруіне, өзі үшін маңыздылығын анықтай алуына мүмкіндік жасау жасау арқылы жүзеге асырылады.
2 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Мектептің оқу процесінде оқушыларға құқықтық білімді қалыптастыру
Қазақстан Республикасының Конституциясында — Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлкекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі болғандықтан, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1–бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», — деп атап көрсетілген.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының мәдениеті сондықтан, адам құқықтары туралы ақпаратпен жүйелі қамтамасыз етудің қажеттілігі маңызды екенін ескерсек, онда бұл салада адам құқығы мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі – білім беру ұжымдары десек қателеспейміз.
«Адам құқығы мен бостандығы көп қырлы, күрделі құбылыс ретінде қоғамдық санада жан — жақты жоспарлы түрде бейнелеумен қоса, адам бостандықтары, оның құқықтары мен міндеттері әрбір тарихи кезеңге сәйкес өзіндік сипатқа ие болып отырды. Қазіргі таңда адам құқығы біртіндеп қалыптасты: алдымен құқықтар мен бостандықтар, содан кейін пайда болған жаңа құқықтар (эволюциялық және революциялық жолдармен) қоғам тарапынан танылды .
«Адам құқығы туралы айтқан кезде бүгін біз адам мен мемлекеттің арасындағы өзара қатынасын айтамыз, — дейді М.Новицкий». Заңгер ғалымдарымыз: «Адам құқығы – адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін іс-әрекеттің (мінез-құлықтың) өлшемі (шамасы)» — деп анықтама берумен қатар, адамның құқықтары мен бостандықтары табиғи және оған тумысынан берілген, ажырамайтын, табиғи ретінде танылады және ең жоғары әлеуметтік құндылық болып табылатындығы баршаға аян.
Тұлға мен мемлекеттің қарым – қатынасы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам концепциясына сәйкес дамуда өйткені, мемлекет пен адам құқығының арасындағы өзара байланыстылығы және өзара негізділігі құқықтық мемлекеттің басты мақсаты адам және азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету болып табылатындығынан көруге болады.
Қоғам тәртіпке негізделіп, қалыптасып, өмір сүреді жалпы қоғамдағы тәртіп түрлі әлеуметтік нормалардың, адамдардың мінез — құлқын реттейтін қағидалардың әсерімен, яғни күшімен орнатылған атап айтсақ, құқықтық нормаларды қолдану нәтижесінде құқықтық тәртіп орнығатыны, ал құқытық нормалар негізінен заңнан нәр алып белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейтіні анық. Республикамыздың заңдарын сақтау, оған мойынсыну — жауапкершілікті, түсіністікті, заңдарды білуді және соған сәйкес мінез-құлық пен іс-әрекеттерді үйлестіруді жүктейді.
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу болғандықтан, бұны бүгінгі таңда барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар мен ата-аналар, азаматтар да ұғынуда. Құқық бұзушылық жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі», — деп көрсетілгендей, қоғамда тәртіп орнамаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да кездеседі және бұл — құқық бұзушылықтың орын алуына әкеп соқтырады, сондықтан құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән қауіпті дерт болып табылады .
Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты ықылым заманнан осы күнге дейін әр түрлі пікірлер айтылуда, солардың ішінде құқықтық нормаларды бұзуына ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқауға болады. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын, атсалысатын субъектілердің бірі — оқу орындары болып табылады өйткені, оқу орнында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық т.б. қасиеттерін дамыту және қалыптастыру процесі жүзеге асырылумен бірге, бұл ұжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді. [13].
Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде өскелең ұрпаққа құқытық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндірудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан — жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы. «Құқықтық тәрбие мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу», — деп тұжырымдалған.
Бүгінгі «Білім туралы» Заңның талаптарын орындау әлі де көптеген экономикалық – материалдық, құқықтық – нормативтік базаны нығайтуды, құқытық тәрбиені шығармашылықпен ұйымдастыруды, жаңа технологияларды тәрбие жұмысында кеңінен қолдануды, шеберлікті қажет етеді сондықтан, мұғалім жаңа заңдылықтармен танысып, оны жұмыс барысында басшылыққа алып пайдалануды, оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды, тиімді, мақсатты қолдану жолдарын, тәрбиенің әдістерін, түрлі формаларын біліп, жаңа технологияларды кеңінен қолдануы тиіс.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына көмектеседі.
«Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқықтық тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді. Сөздік-ақпараттық топқа: лекция, әңгіме, әңгімелеу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару әдістері болып тармақталады.
Бұл әдістердің тиімділігі нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде мазмұндай білуге байланысты осының нәтижесінде, оқушылардың ұғымы дамиды, әр түрлі іс-әрекетіне қызығушылығы артады.
Ұқтыру, машықтандыру тобына кіретін әдістер: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап және тапсырма беру.
Бұл әдістер оқушылардың іс-әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына мүмкіншілік туғызады және қызығушылығын оятады.
Ынталандару және тежелу әдістер тобы: ынталандыру әдістері; тежелу әдістері.
Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие беру біздің баршамызға міндет екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр, сондықтан, құқықтық тәрбиені ұстаздар қауымы оқушымен қатар ата – аналармен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, салауаттылық және денсаулық сақтау мекемелерімен, спорттық ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, тәрбиенің өзге түрлерімен байланыстырып жүйелі жүргізер болса, жемісін бермек.
Қоғамдық орындар мен отбасында балалар әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы дағдыларын қалыптастырып адамгершілік, әдеп, заңды мінез-құлық, орынды әрекет- қылық, құқықтық нормаларын меңгереді. Жалпы әлеуметтік нормалардың негізгі маңызды түрі болып табылатын әдептік нормалардың құқытық сипаты болмағанымен, оның ережелеріне сусындап өскен бала әрине қоғамға зиян келтірмейді, керісінше, өмірдегі өзінің орнын тауып, елжанды, саналы азамат болып қалыптасады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға негіз, арқау болып, белгілі бір дәрежеде адамның ар-ұятын, намысын қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға ұйтқы болады. «Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттілік, адамгершілік мәні жоғары болады» .
Ізгілікті адам концепциясының айшықты көрінісі ХХ ғасырдың ұлы гуманисі А.Швейцердің өмірді қастерлеу туралы ілімінде көрініс тапқан. Ол: «Адам өзінің ішкі ұмтылысында өмірге қолынан келгенше көмектесуге тырысқанда ғана, кез-келген тірі нәрсеге зиян келтірмеуді ұстанғанда ғана нағыз адамгершілігімен көрінеді. Ол үшін өмір қасиетті. Ол ағаштың жапырағын жұлмайды, бірде — бір гүлді үзбейді, бірде — бір жәндікті басып кетпейді. Жазғы түнде шаммен жұмыс істеп отырғанда, отқа ұмтылған көбелек қанатының күйгенін көрмес үшін терезені жауып, қапырықта отырғанды дұрыс көреді» — деп адамгершілік қасиетті бағалайды.
Демократияны дамыту мемлекеттің және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді екені белгілі. Бұл процесс мемлекеттік маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Соның бірі – жеке адамның, бүкіл жұрттың мәдениетін көтеру, қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халықты жұмылдыру.
Қоғамның мәдениеті бірнеше түрлерге бөлінеді: саяси, құқықтық, әлеуметтік, парасаттылық т.б. мәдениет жүйе — салалары. Олар қоғамның әр саласындағы қатынастарды реттеп, басқара отырып, қоғамның әлеуметтік — экономикалық жағдайын жақсартуға, нығайтуға ықпал етеді. Мәдениет ұғымына «Мәдениет – адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы», — деп түсінік берілген. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі – халықтың құқықтық мәдениетінің болуы. Құқықтық мәдениет қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Ол екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет. Адамның жалпы мәдениеті мен құқықтық мәдениет, құқықтық мәдениет пен құқықтық сана өзара тығыз байланысты. Құқықтық мәдениет құқықтық санамен салыстырғанда әлдеқайда кең ұғым. Азаматтардың құқықтық мәдениеті олардың қолданыстағы заңдар жөніндегі білімінен байқалады. Барлық заңдарды білу қажеттілігі мүмкін емес болса да, негізгі қоғамдық қатынастарды реттейтін заң талаптарын әрине әрбір азамат білгені жөн. Азаматтар өздерінің негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін біліп, оны өзгелердің және мемлекеттің мүддесіне қайшы келтірмей түсініп саналы орындауы, мемлекет алдындағы өз жауапкершілігін сезіне білуі құптарлық іс. Заңгерлер Ғ.Сапарғалиев және А.Ибраева өз еңбектерінде «Тұлғаның құқықтық мәдениеті – құқықты білу, ұғыну (түсіну) және құрметтеуден тұрады. Ал мұның өзі құқықтық ұйғарымдарды жете түсініп барып орындаудан білінеді (көрінеді)» — деп атап көрсеткен .
Құқықтық демократия құрып жатқан Қазақстан Республикасы үшін, оның ішінде құқықтық реформаның басты субъектісі болып отырған қазақ халқы үшін ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрлі құқықтық құндылықтардың ұлт менталитетінде алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде философиялық әдебиеттерде құқықтың мазмұны мен табиғатын ашуға тұрақты екі көзқарас қалыптасқан. Бірінші, тыйым салу немесе дәстүрлі құқық. Екіншісі, либералдық, яғни адамның табиғи құқы мен бостандығын паш ететін көзқарас. Дәстүрлі, көзқараста құқық пен заң бір деп қарастырылады және олардың арасында айырмашылық жоқ. Құқық адамдардың мінез-құлқын реттейтін, мемлекет тарапынан үнемі қолдау тауып отыратын жүйе. Бұл жүйені бұзғандар жауапқа тартылып жазасын алады. Бір ауыз өсзбен айтсақ «рұқсат етілмегендердің бәріне тыйым салынады». Екінші көзқарас ХVIII ғасырда ағартылушылық философия шеңберінде пайда болды. Бұл бағыттың өкілдері И. Кагт, Ш. Монтескье, Ж..Ж. Руссо, Ч.Беккария, т.б .
Олардың ойынша, құқықта бірінші тыйым салу немесе жазалау, адамның іс-әрекетін шектеу емес, керісінше адамның еркіндікке, бостандыққа деген құқығы. Құқық ұғымының алғашқы мәні: адамның өмір сүруге, меншікке, қауіпсіздікке, ар бостандығына, сөзге, көшіп-қонуға құқылы деді. Табиғи қарапайым құқыққа мемелекет ешқандай шек қоймауы керек [12].
Либерталдық көзқарас адамдардың тәуелсіздігін басты құндылық деп жариялай отырып, «тыйым салғаннң бәріне рұқсат»- қағидасын алға тартады. Сонымен ұқық мәселесіне екі методологиялық көзқарас пайда болды, біріншісі адамдардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына тыйым салу арқылы қоғамда тыныштық пен тәртіп сақтау, екіншісі, жеке бастың еркіндікке құқығы болғандықтан, бұл екі көзқарастар бірімен-бірі тығыз байланысты, дегенмен де, бүгінде құқықтың мемелекет құру либерталдық құндылықтар негізінде іске асады.
Еліміздің төл конституциясы Қазақстан Республикасын құқықтың мемлекет деп жарияландғаны баршаға аян, сондықтан, құқықтың мемлекет құру үшін қоғаның құқықтық әдиниеті болуы керек, өйткені, құқықтық мәдиниет- халықтың заң білімін білуінің деңгейі, құқықты сақтауы, рухани сана сезімінің жақсартады, құқықтық мемлекет құру жастардан басталады, өйткені болашық қоғам солардың қолында.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтің Жолдауында Қазақстан 2030 жылға қарай Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп жариялауы, еңсесі түсіп бара жатқан халқты бір серпілтіп тастады. Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған, себебі, әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады, осындай жұлдыз мемлекетке де қажет, өйткені біз де өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолна сеніп, қиын уақытта оны бағадарға алып әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз қажет.
2.2 Оқушыларға құқықтық білім мен мәдениетті қалыптастырудың маңызы
Құқықтық мәдениет дегеніміз — бұл құқықтық сананың құқықтық және өмір шындығының құбылыстарын тұғырнамалық түрде бейнелеп, бағалайтын заңдық ұғымдарды, принциптерді, теорияны құрайтын жоғарғы қабаты болып есептелінеді. Адамның күнделікті тәжірибесіне сыйып кететін құқықтық шындықтарды әдетте, сезімдік қабылдауға ұқсас құқықтық психологиядан айырмашылығы – құқықтық идеология бейне бір құқықтық бағалаудың рационалдық деңгейіне сәйкес келеді, құқық мен мемлекет құбылыстарын ой елегінен неғұрлым терең өткізуді анықтайды.
Құқықтық мәдениетке құқықты қоғам қажеттеріне сай келетін идеологиялық жағынан жетілген мәдени-тарихи доктрина етіп көрсету үшін оның мәнін, әлеуметтік құндылғын ашып беруге ұмтылыс тән. Бұған табиғи құқықтық концепциясы,норматившілдік теория, құқық пен мемлекеттің марксистік доктринасы дәлел бола алады.
ХХІ ғасырдың табалдырығында Қазақстан принципті түрде жаңа әлеуметтік-тарихи және геосаяси жағдайда отырды. Мемлекеттік құықтық реформа бағдарламасын (1993ж.) негізінен орындағаннан кейін оған да Қазақстанның мемлекеті мен азаматтары үшін Республика Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиясынан туындайтын және оны мемлекеттік-құқықтық салада нығайтатын жаңа құқықтық идеология керек болмай қоймайды. Бұл құқықтық идеологияның концептуалды параметрлері:
- Құқықтық білім Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттары үшін өткендегі және қазіргі дүниежүзілік юристпруденцияның заң теориясы мен тәжірибесінен сындарлы және пайдалы дегеннің бәрін алуға тиіс.
- Құқықтық мәдениет Қазақстан қоғамы дамуының тұрақтылығы мен саяси топтасқандығына жәрдемдесуге тиіс.
- Құқықтық білім жеке адамның рөлі мен құқықтарын мемлекетке алуға және кемітуге, қоғам мен мемлекетке қатынасы жөнінен егемендіруге емес, жеке даралық әлеуметтілік арқылы ғана болуы мүмкін объективті шындыққа негіделіп құрылуға тиіс. Адам мен азаматтың міндеттерін өзінің жаралатысы бойынша әлеуметтік мәні болғандықтан, адам құқықтары туралы пайымдауларға араластырып жібермеу керек. [13].
- Құқықтық мәдениет Қазақстан Республикасының егемендігі мен ауматтық тұтастығын нығайту, жан-жақты ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету қажеттігін негізге алуға тиіс. 1995 жылғы Конституцияда негізгі қаланған саяси биліктің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі негізінде кәсіби күшті және тиімді мемлекеттілікті дамытуға мүмкіндік туғызу керек.
Құқықтық сана құқықтық реттеу механизмімен тығыз байланысты. Біріншіден, ол заң нормаларын жасаудың алдынды жүреді, өйткені ол нормалар әрқашанда субъектінің санасы мен еркіне тәуелді; екіншіден, олармен қоса өне бойы іс-әрекет жасалады, өйткені құқық нормалары әрқашанда оларды субъектінің түсінуіне оның сансы мен еркіне есептелген; үшіншіден, құқықтық сана құқықтағы оқылықтарды түсіндірумен анықталады, заңдарды жетілдіру мен дамытуды қамтамасыз етеді.
Құқық теориясында құқықтық сана өзара байланысты 3 міндетке: танымдық, бағалаушылық, реттеушілік міндеттерге бөлінеді.
Танымдық міндет құқықтық шындық құбылыстарын субъектінің құқықтағы мәнділігі мен тиістілігі туралы түсініктері тұрғысынан ой елегінен өткізуден тұрады. Бағалушылық міндет құқықтық шындық құбылыстарын ұқсастыруда, оларды реттеудің нақты ережелерімен сәйкестендіруде болып табылады.
Құқықтық сананы иеленушіге байланысты құқықтық сананың жеке,топтық (ұжымдық) және қоғамдық құқықтық сана түрлері туралы айтуға болады.
Жеке құқықтық сана адам күнделікті қатысатын алуан-түрлі әлеуметтік байланыстары мен қатынастардың ықпалымен, сондай-ақ өзінің психикалық-физиологиялық ерекшеліктерінің әсерімен қалыптасады. Жеке адамның мәдениеті мен білімі деңгейінің әртүрлі болуы, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен қабілетінің бірдей болмауы жеке құқықтық сана деңгейінің әртүрлі болуына себепші болады. Құқықтық сана деңгейін көтеру үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқына нысаналы идеологиялық ықпал жасаудың, азаматтарға құқықтық тәрбие берудің де маңызы аз емес.
Топтық құқықтық сана тиісті әлеуметтік топтар мен оларға кіретін жеке адамдардың ерекшеліктерімен анықталады. Құқықтық құндылықтар әрбір топта бірдей танылмайды. Олардың ішінде топтық құқықтық сана заңдылық пен әділеттік идеяларын мүлде құрметтейтіндерінде топтық құқықтық сананың әлеуметсізденуі, қоғамда бар құқықтық идеологиядан шеттеу, құқықтық нигилизмнің ескі түрін консервациялау, тіпті криминогендік жағдайлардың қалыптасуы мүмкін.
Қоғамдық құқықтық сана құқыққа және құқықтық өмір шындығының жалпы қоғамда қалыптасқан құбылыстарына көзқарасты бейнелейді. Қоғамдық құқықтқы санада қоғамда жеке адамның бостандығына және жеке меншікке ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік бере алатын теңгесі жоқ әлеуметтік құндылық ретінде құқық түсінігі орнығады. Құқық болмайынша, оның екеуі де жоқ.
Заңдардағы барлық уақытта дер кезінде жаңартыла бермейтін жаңсақтықтар мен жетілмегендіктің қоғамдық құқықтық санадағы құқық бейнесінің көрінуіне теріс әсер етеді. Тыйым салушы нормалар мен қызметтік көзқарастың басым болуы оған білдірушілік ықпал етеді. Соның салдарынан қоғамдық құқықтық санада құқықтың мәнің қажеттілік пен әділеттіктің шоғырланған көрінісі ретінде емес, қайта күштеу ретінде қабылдау мен түсіну сақталып келеді. Сондықтан да құқық нормаларын сақтауға азаматтан гөрі, мемлекет көбірек мүдделі деген пікір таралып кеткен.
Мазмұнын толықтыққа жақындай деңгейіне немесе дәрежесіне қарай құқықтық сана құқық теориясында дағдылы, кәсіби (заңгерлердің құқықтық санасы) және ғылыми болып бөлінеді. [14].
Дағдылы құқықтық сана дегеніміз адамдардың жаппай түсініктері, олардың күнделікті және өмірлік тәжірибесінің ықпалымен туындайтын құқық пен заңдылық жөніндегі сезімі мен көңіл-күйі болып табылады. Бұл-құқықтық сананың ең жылжымалы түрі, толық емес және үздік-создық, фрагментарлық болған соң ол сонымен бірге құқықтағы жаңалыққа мейлінше сезімтал және құқық қолданудың кемшіліктерін байқауда « қырағы» болып келеді.
Кәсіби құқықтық сана бір түр ретінде кәсіби заңгерлер арасында қалыптасады, норма шығаруда, құқықты түсіндіруде және құқық қолдануда өзекті рөл атқарады. Ол екінің бірінде белгілі бір стеротиптермен (күдікшілік, «айыптауға бейімдік», дәлдік және формалдылық, ілеспе заң нормаларын, іс-әрекеттің секторын немесе тіпті негізгі құқықтық өрісін көру) белгіленген, жазудан ерекше стилі мен заң тілін қалыптастырады. Бұл – құқықтық сананың біршама толық түрі.
Ғылыми құқықтық сана құқықты және құқықтық өмір шындығының құбылыстарын теориялық тұрғысында ой елегінен өткізу арқылы қалыптасады, ол қоғамның құқықтық идеологиясын әзірлеуде, мемлекет пен заңдарды дамыту жолдарын негіздеуде белсенді рөл атқарады. Құқықтық сананың осы ең толық түрін иеленушілер құқықтанушы және мемлекеттанушы ғылымдар болып табылады.
Құқықтық сананың тығыз байланысты және оның туынды құбылысы құқықтық мәдениет болып табылады. Ол құқыққа белгілі бір көзқарас қана емес, қайта, құқықтық білімнің, тұрақты құндылық-құқықтық бағдардың және соларға сәйкес заң жүзінде маңызды мінез-құлықтың бірлігі ретінде көрінеді.
Құқықтық мәдениет қолданылып жүрген құқық нормалары білімнің жоғарғы деңгейімен сипатталады. Оған субъектінің құқыққа құрметтпен қарауы тән. Ол адамдардың мінез-құлқы олардың құқықтық сенімдеріне, сондай-ақ олардың басқа адамдар қылықтарын заңдылығына баға беруіне және құқықбұзушылықтың жасалуына бастамашылықпен кедергі жасауына сәйкес келуін анықтайды.
Құқық өз нормаларына сәйкес мінез-құлыққа оң көзқараста болады. Алайда егер жеке адам заңды бұзбаса, құқық нормаларын жазалаудан қорыққандықтан немесе өзінің конформизмі салдарынан, яғни жұрттың бәрі сияқты істеймін принципі бойынша бұзбайтын болса, бұл әлі де оның қажетті құқықтық мәдениеті бар екендігі білдірмейді.
Сол сияқты жеке адамның немесе топтың кез-келген құқықтық белсенділігін құқықтық мәдениетке жатқызуға болмайды. Заңдарды білуге және оларды өздері қызмет етіп жүрген мақсаттарға зиян келетіндей етіп пайдалануға болады. Өмірде құқықтарды, сөз бостандығын қоғам мүдделеріне келтіре отырып, қиянат жасау да сирек кездеспейді. Керісінше, заңсыз әдістермен ізгі мақсаттарға жетуге тырысатын кездер де болады. Демек, әлеуметтік-құқықтық оң белсенділік қана жеке адамның немесе ұжымның жеткілікті құқықтық мәдениетін компоненті деп танылуы мүмкін.
Заңды мінез-құлықты оның мотивтері бойынша әлеуметтік-құқықтық оң белсенділікке (заңды мінез-құлықтың дұрыстығы мен пайдылылығына сенуге негізделген); конформистік мінез-құлыққа (ұғынбай тұрып және құқықтық белсенділік болмай, заң нұсқауларына бағыну) және маргиналдық мінез-құлыққа (құқық нормаларын жазалаудан қорқып сақтау) жіктеумен қатар, юристпруденцияда заңды мінез-құлықты оның қоғамдық маңыздылық дәрежесіне қарай да бөлу жүргізіледі. Осы өлшем бойынша заңды қажетті мінез-құлық (мысалы, қарулы күштерде қызмет ету); заңды қалағанындай мінез-құлық (ғылыми немесе көркем шығармашылық); заңды жол берілетін мінез-құлық (діни-ғұрыптарды атқа т.б. болады.) [15].
Еліміздің Ата Заңында жазылғандай, әр адамның заңды құқы қашанда бұлжымай сақталуға тиіс. Бірақ бұл үшін, ең әуелі, сол әрбір адам құқыққа құрмет таныта алатындай заңдылықты, құқықтық тәртіпті білуі қажет. Құқықтық тәрбие жүргізілмей құқықтық мәдениетті артыру мүмкін емес. Ал, оны әлеумет мүшелерінің құқықтық санасы мен мәдениеттің қалыптастырудың, саламатты адамгершілік ахуал түзеудің жүйелі үрдісі ретінде қарау керек. Міне, осыдан барып, азаматтардың, жалпы қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру үшін оған негізделген эканомикалық, саяси ұйымдастырушылық, әкімшілік, сот, тәрбиелеу, білім беру шараларының қалыпты кешені туындайды.
Құқықтық білім мен құқықтық мәдениеттің қалыптасуы− қазір адамға да, қоғамға да қажет. Өйткені, Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кіріскен уақытта, біздің қоғамға жан− жақты білімді, халықтың мүддесін қорғай алатын, егеменді елімізге өз үлестерін қосатын нағыз отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар қажет .
Мемлекетіміздің халықтың ресми өкілі ретінде, оның еркін білдіріп игілігі үшін қызмет етуге міндетті. Мемлекет, оның органдары лазауым иелері халық үшін қызмет етіп азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы, қорғалуын қамтамасыз етуі қажет. Мемлекетіміздің заңдарымен азаматтар неғұрлым ертерек танысса, соғұрлым олар өз өмірін жеңілдетеді, заңдылықты құқықтық тәртіпті нығайтуға лайықты үлес қоса алады.
Адам құқықтары саласындығы білім беру бойынша Қазақстан Республикасы ұзақ мерзімді айқын саясат жүргізіп отыр.
1995 жылы 21 маусымда «ҚР жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар турал» ҚР Президентінің қаулысы қабылданды. Үкіметтің 2004 жылғы 24 желтоқсанындағы қаулысымен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005−2007 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы қабылданды.
Әрине, мемлекет саясатының негізгі бағыттары бойынша құқықтық насихатты құқықтық білім беру мектептері жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта аумақтық әділет органдарының деректеріне сәйкес, өңірлерде құқықтық білім беру мектептері жұмыс істейді.
Жұмысты талапқа сай ұйымдастырылуға, сабақтар өткізуге мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау, сот органдарының тәжірбиелі мамандарды, адвокаттарды, натариустарды, жоғары оқу органдарының оқытушыларын, және т.б қоғамдық ұйымдарды тарту керек. Бұл мектептегі сабақтарды дәріс, семинар,брифинг түрінде өткізілуі қоғамның түрлі институттар мен ынтымақтастыққа тарту арқылы қоғам мен жұмысты жандандыра түсу қажет деп ойлаймыз. [16].
Құқықтық жағынан түсіндіру бойынша «Әділет органдарының, прокуратураның, құқық қорғау органдарының жұмысы туралы», Халыққа қызмет көрсету орталықтары туралы, Жастар арасындағы қылмыстың алдын− алу туралы және Конституция− мемлекеттің тұраұтылығы мен дамуының кепілі, Адам саудасы− өркениеттің кері кетуі секілді тақырыптарда дәріс топтамасы ұйымдастырылады.
Мемлекет заңдары және қоғамда− өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы салалары болашақ еңбек қоғамы азаматының құқықтық мәдениеттің мәнін құрайды. Жоғары дамыған құқықтық мәдениет болмай қоғам, алдындағы міндеттерді орынды ету мүмкін емес. Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс− әрекеті, ережелері, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, бұл оның еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамның еш жерінде жасырын қалуға болмайды. Демократияны жетілдіру мемлекеттің және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді:
−заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
− заңның орындалуын бекіту;
− қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы қажет;
− жеке адамның, бүкіл жұртшылықтың мәдениетін көтеру;
− заң қызметкерінің сөз бен ісінің бірлігі, тұлғасының кіршіксіз таза болуы;
Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет бойында болу қажеттігі шығады. Қоғамның қандай екендігіне баға беру көп жағдайда адам тұлғасының құқықтық мәдениетінің деңгейімен айқындалады. Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байлааныс бар. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы азаматтық рухани медениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан да құқықтық тәрбие адамгершілікті адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз . Заңдарды білмеу− құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Әрине, қоғам өмірінде қабылданған заңдылықтардан хабардар болып, құқықтық ұғынудың жоғары деңгейі, оған сәйкес мінез− құлық жауапкершілігінен құтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық медениет оқушыдан жан− жақты құқықтық білімдерді талап етеді.
Адамның құқықтық мәдениеті мектеп жасынан бастап қалыптасатына көз жеткізу қиын емес. Осыған қарамай оқушылардың біраз бөлігі көп жағдайда қылмысқа тартылу шектеулі жас кезеңдері бар екенін біле бермейді.Қылмысты істер үшін кейде 14 жаста, кейде 16 жастан жауапқа тартылатынын сезінбейді. Оқушылардың көпшілігі заң алдындағы жауапкершілігіне кәмелетке жеткен уақыттан, яғни 18 жастан екенін біледі.
Үлкендер тарапынан кейде жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігін ата− ана, мұғалімдерден сұрау керек пікірді де кездесіруге болады. Мұның мағанасын терең үңілсек, жауапсыздық деп түсінер едік.
К.Д.Ушинский кез− келген түсіну мен кез− келген ойлаудың негізі салыстыру деген болатын. Тұлғаның құқықтық мәдениетінің негізгі тәртіп пен мінез− құлықтарын көзқарастары, сенімдер бұлар арнайы құқықтық қатынасты қалыптастырып, түрлі құқықтық жағдайларда тәртібі мен іс− әрекеті ретте леді. Сонымен,адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз− орынды тәртіп пен мінез− құлық сенімдеріне негізделген терең және жан−ақты құқықтық білімдері мен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс− әрекетінің терең бірлігі болып табылады.
Біз өзіміздің теңдік, әділеттік, ұжымшылдық негізінде құрылып жатқан қоғамға қарайтынымызды ұғынамыз. Қоғамдық санслылық, мінезқұлықты сенімдерді бекітуге көмектеседі. Осымен қатар біз құқықтық білімдер және біліктерді меңгереміз.
Неғұрлым біздің құқықтық білімдеріміз толық және терең болған сайын құқықтық мәдениетіміз соғұрлым бай болады, қоғамдық өмірде белсенді күйге ие болу мүмкіндігіміз арта түседі.
Құқықты құрметтеу әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну− адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес. Заңдылықты сезіну құқықтық межеле негізінде, ар− ұжданына сай шешім қабылдауға көмектеседі. Заңдылықты сезіну− арттықшылық. Заңдылықты сезіну мен ұяттылық мораль мен құқықтың мызғымас бірлігінен туындайды .
Оқу орындары білімді де білікті, зерделік дамыған мамандарды даярлауды көздейді және олардың парасатты, адамгершілікті әрі құқықтық мәдениетінің қалыптасуына өз міндетіне алады.
Құқықтық мәдениет қалыптастыру мақсатына жүргізілетін әр түрлі іс− шаралардың, жастардың басқа да іс−әрекеті өмірдің барлық жақтары мен тығыз байланысты екенін қаперде тұту керек.
Судент жастардың өзін басқару шараларына араласуы, саяси іс− шараларға қатысуы. Мысалы, сайлау кезінде, өндірістік еңбекке қатысуы, әр түрлі жарыстар мен байқауларға қатысуы кезінде, олар құқықтық қарым− қатынас нормаларын меңгереді.
Құқықтық мәдениет қалыптастырудың құқықтық аспектісі−қоғамдық ортада қабылданған нормалар мен ұстанымдар болып есептелінеді, қалай десекте жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың негізінде мынандай құлықтық ұстанымдар жатады:
− адамға болған сый, құрметі, адамды жоғары сый құндылық санауы, адамдардың кемшіліктеріне төзімділік пен қарау, жолдастық қарым− қатынасты, түсінуге, қиын сәттерде көмектесіп, қолдауға даяр тұру адамгершілік қасиетте; [17].
− адамға және адамгершілік мұраттарға сену, әркімнің өзіне тән адамгершілік құндылығының болуы, өмірлік мақсатының адамгершілік құндылықтары мен ұштасуы және сол адамгершілік мұрат жолында қызмет ету;
− өзіне талап қою және алдына мақсатқа ұмтылу, өз міндетін атқаруға, күш салу, қоғамның талаптарына бойсыну және тәртіп сақтауға ділгерлік;
− «Қолмен істегенді, мойын мен көтеруге дайын болуы», өз іс − қимылы мен жүріс− тұрысына жауапкершілік, қателіктерін мойындау және түзетуге ұмтылу қажет;
− табиғатты адамзаттық анасы деп тану, жер бетіндегі барлық тірі жанға саналы түрде қамқор болуы;
− халқымыздың өзінің қандай жақсылық қаласаң, басқаларға дықа соны тіле деген қанатты сөзін басты ұстаным ету, әділ адал болуға, өзіне және басқаларға талап қоюда төзімділік ережесін ұстану, адамгершілік қағидаларын сақтап, әдептілік көрсету;
− халқымыздың мықты болсаң, нәпсіңді тый−деген ережесін ұстаным ету, барлық іс−қимылы, сұрау−талаптары мен қажеттенулерін қанағаттандыруда өзін тежей білу.
Құқықтық мәдениеттің қалыптастырудың басты міндеттерін төмендегідей анықтауға болады;
− жастар заң және соған құқықтық нормалардың бар екенін шарт түзу;
− мемлекет тарапынан қабылданғанды орындау адамгершіліктің басты ережесін орындаумен бірдей екенін білу;
− күнделікті тұрмыста өзін дұрыс ұстауға ұмтылса осының өзі құқықтық мәдениеттің белгісі екенін білуі және ұмтылуы.
Құқық білім мен тәрбиесінің күнделікті іс− әрекетінде, мінез − құлықы мен жүріс − арасында құқықтық әдет дағдыларға айналуының мативтері, қажеттенуі секілді психологиялық тұстары мен оның педагогикалық тетіктері әлі күнге жеткілікті реттелмегені белгілі. Сондықтан, осы бағытта жүргізілетін кейбір іс − шаралар пайда болғаны мен, түпкі нәтижелігі белгісіз.
Өркениетті елдердің тәжірбиесіне сүйенсек, құқықтық реформалардың нәтижесі және құқықтық мәдениет деңгейі өзара байланысты, олар өздігінен пайда болмайды. Бұл орайда, мемлекеттің және қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының тығыз бірлескен іс− әрекет қажет [18].
Құқықтық насихат арқылы құқықтық медениет қалыптастыру жұмыстарының мақсаты, жүйелі бірізділік пен жүргізілмей келе жатқаны, бұқаралық ақпарат құралдарында Ресейдегі секілді «Суд идет», «Час суда», «Громкие преступление мира», т.б. көрсетулердің жеткіліксіздігі, осы жұмыстарға білікті заң қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының араласуының жеткіліксіздігі байқалады.
Осыларды ескере келіп студент жастарды жалпы адамгершілік− құқықтық нормаларды сақтауға тәрбиелеу мен қоса құқықтық білім қалыптастырудың осы күннің аса маңызды мәселерінің бірі екенін айтуға болады.
2.3 «Құқық негіздері» оқулығы бойынша оқушыларға құқықтық тәрбие беруді ұйымдастырудың негізгі бағыты
«Құқық негіздері» оқулығына қойылатын талаптарды анықтауда жалпы оқулыққа қойылатын талаптар негізге алынады. Оқулыққа қойылатын талаптарды анықтап жүйелеуде оқулық функциялары:
- білім мазмұнын тасымалдаушы;
- мазмұнды меңгеру процесін ұйымдастырушы;
- ақпараттық;
- материалды бекітушілік;
- өзін-өзі бақылау;
- өз бетімен білім алу;
- дамытушы-тәрбиелеуші
«Құқық негіздері» пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулыққа қойылатын талаптар жалпы оқулыққа қойылатын талаптар негізінде төмендегіше іріктелді:
- ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;
- бағдарламаға сәйкестігі;
- мазмұнының ғылыми мәнділігі және нақтылығы;
- әлеуметтік-мәдени және құқықтық құндылығы;
- оқушылардың физиологиялық және құқықтық ерекшеліктерінің ескерілуі;
- мазмұнының жүйелілігі, бірізділігі;
- сабақтастық принципінің сақталуы;
- құқықтық білім мен тәрбиенің ескерілуі;
- практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестілігі;
- оқушылардың жалпы құқықтық біліктерін және дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік жасауы;
- деңгейлік тапсырмалардың болуы.
Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.
«Құқық негіздері» пәнін оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар:
Құқық негіздерін оқыту әдістемесі-әрбір сынып бойынша құқық негіздерін оқып үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл әдістемелік оқу-әдістемелік кешендерді құрайтын басқа құралдарды үйлесімді пайдалануды жүзеге асыру тұрғысынан мұғалімдерге нақты көмек көрсетуді көздейді. Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы «Құқық негіздерінен» берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады. Әдістемеде «Құқық негіздерінен» білім мазмұнының сипттамасы беріледі. Оқулық пен құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану, құқықтық білімді игерудегі білім, білік, дағдыны қалыптастыру, өзіндік жұмыстарды орындау біліктілігін қалыптастыру, теориялық материалдарды қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету жайында әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі. «Құқық негіздерін» оқыту процесінде пайдаланылатын мультимедиалық үйрету программаларының, электрондық оқулықтарының өскелең өмір талабына сай дайындалып, компьютерді оқыту құралы арқылы пайдалана алатындай деңгейде болу керек. [19].
Құқықтық мәдениет қалыптастырудың басты факторларының бірі- тәрбие — құқықтық мәдениет дегеніміз — өз мемлекетінің құқықтық жүйесін, негізгі заң нормаларын білу, құқықтық нормаларды сақтауға мүдделі болу, заңға бағыну яғни, құқықтық мәдениеттің басты міндеті- құқықтық сауаттылығын қалыптастыру. Ол мыналардын тұрады: заң және құқықтық нормалардың бар екенін және оларды бұзудың заң алдында жауап беруге алып келетінін білу өйткені мұнда жалпы заң нормалары мен бірге кәсіптік заң нормаларын меңгеру және оларды сақтауға мүдделі болуына мән беру.
Жоғарғы оқу орындары, сонымен қатар мектеп оқушылары білімді де білікті, зерделік дамыған мамандарды даярлауды көздейді және олардың парасатты, адамгершілікті әрі құқықтық мәдениеттің қалыптасуын өз міндетіне алады .
Құқықтық тәрбие — оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы аса маңызды мәселе болғандықтан құқықтық ағарту немесе құқықтық білім қалыптастыру- заң ережелерін білу, оны насихаттап, күнделікті тұрмыста ұстана алатын дәрежеге жеткізу, бұл іргелі білім қалыптастыру оны жүйелі түрде жүзеге асыру, оқушылар алған білімінің күнделікті тұрмыс талаптарына сәйкестігімен адамгершілік нормаларына сабақтастығы оның негізділігінің белгісі ретінде қарастырылады. Барлық мектеп және оқу орындарында «Құқықтану» пәні оқушылардың құқықтық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталуы оларды құқықтық сана қалыптастыруға септігін тигізеді, сонымен қатар, жастар және балалармен жұмыс істейтін мамандықтардың барлығын да құқықтық әлеуметтендіру жұмыстарына даярлық осы құқықтық мәдениет қалыптастыру аясында болуы қажет.
Бүгінгі оқушы — ертеңгі мұғалім, оқытушы, ұстаз осыған орай, алдымен өзі және жалпы адамның құқғына байланысты мынадай ауқымдағы білім біліктерге ие болуы керек:
— алдымен Қазақстан мемлекетінің азаматы ретінде әр оқушы азаматтық кодекс және азаматтық құқықтық өз басына қатысты тұстарын меңгеруі;
— Қазақстан Республикасы Конститутциясының өзіне және басқада азаматтарға байланысты тұстарын құқықтық нормалармен ұштастыра білуі;
— жастар туралы заң және оқушы жастарға қатысты тұстарын мазмұндық жақтан тарата отырып түсыніу;
— құқықтық нормаларды және соған байланысты заңды және оның мазмұнын меңгеруі;
— заң талаптарын орындамаудың салдарын талдай білуі;
— заң талаптарын орындауды үнемі қаперде сақтауы және іс-әрекетінде оны ескеруі;
Құқық білімі мен тәрбиенің күнделікті іс-әрекетінде мінез-құлқы мен жүріс-тұрысында құқықтық әдет-дағдыларға айналуы тиіс.
Құқықтық үгіт — бұл сөздің мәні адамды нақты бір іс-әрекетке жетелеу, түрткі беріп, қозғау салу.
Құқық мәдениетін қалыптастырудың басты құралы ретінде балалар мен жастардың құқықтық нигелизмі (құқық нормаларын жоққа шығару), салғырттық, осындай белсенді жұмыстарға араласудан бас тарту, құқық бұзушылықты көріп тұрып оған немқұрайлылық мәміле, қылмыскерлерді көрседе көрмеу секілді кері әрекеттерді болдырмаудың өзі де құқық мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді .
Құқықтық мәдениет дегеніміз — мемлекеттік құқытық жүйесіне қатысты білім, негізгі заң нормаларын білу, оларды сақтауға ұмтылу, өз Отанының парасатты азаматтарының бірі болуға ұмтылыс.
Құқықтық мәдениетті қалыптастырудың басты міндеттері:
- Жастар заң және соған сәцкес құқықтық нормалардың бар екенін білуіне шарт түзу;
- Мемлекет тарпынан қабылданған заңды бұзған адамның жауапқа тартылытанын білуі;
- Заң нормаларын орындау адамгершіліктің басты ережесін орындаумен бірдей екенін білуі;
- Күнделікті тұрмыста өзін дұрыс ұстауға ұмтылса осының өзі құқықтық мәдениеттіліктің белгісі екенін білуі және соған ұмтылуы.
Қоғам тәртіпке негізделіп қалыптасады және реттеледі заңдылық пен құқықтық тәртіп қоғамдағы қатынастардың нормативтік актілер арқылы дұрыс, уақытылы реттелуін қамтамасыз етеді, сондықтан, құқықтық тәртіп субъектілердің заң талабына сәйкес әрекет етуіне және қателікке жол бермеуге тырысады. Бұл процесті жүзеге асыруға қоғамдағы барлық әлеуметтік нормалар жұмылдырады өйткені, мақсат заңдылықтың дәйекті, нақтылы толық орындалуын талап етеді. Заңдылыққа ешбір мәселені қарсы қоюға болмайды себебі, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арналған «Қазақстан – 2030» Жолдауында заңның шексіз үстемдігін белгілеуге және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға тиіспіз деп көрсеткен. Құқықтық бұзуға негізделіп құқықтық тәртіпті әлсірететін себептердің бірі құқықтық сананың, құқықтық білімнің төмендегі, азаматтардың құқықтық білімнің төмендегі байланысты құқықтары мен бостандықтарын пайдалануды, өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыра алмайды. Құқықтық тәртіптің жоғары дәрежеде болуына септігін тигізетін құқықтық тәрбие бұл — азаматтаға құқықтық білім беріп, олардың құқықтық сана сезімін жақсарту арқылы адамдардың қоғамды реттеп басқаратын құқықтық нормалардың мазмұны жақсы біліп, жақсы түсінуін қамтамасыз етуге, заңды құқықтық тәртіпті құрметтеуге, құқық нормаларын дұрыс пайдаланып, өзіне жүктелген міндеттерінің дұрыс орындалуын жақсартуға тиіс.
Құқықтық тәрбие жұмыстарын барлық бағытта жандандыруға көңіл бөлу керек, бұл жан-жақтылықты талап ететін күделі және өте өзекті іс болғандықтан, құқықтық тәрбие демократия,бостандық, теңдік, әділеттік пен парасаттылық нормаларымен өзара тығыз байланысты әрекет етеді. Демократиялық, моральдық, әдептілік қағидаларын негізге алғанда ғана құқықтық әділеттіліктің жаршысы ретінде қабылданады.
Қоғамның экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси дамуы да құқықтық тәртіпке тікелей әсер етеді яғни, мұндай қоғам салаларының жақсаруның құқықтық тәртіп пен заңдылықтың сақталуына тигізетін әсері мол өйткені, экономикалық және әлеуметтік жағдай, саяси тұрақтылығы қашанда құқықтық тәртіптің жүзеге асырылуына әсер етеді.
Құқықтық тәрбие жұмыстарының арнайы бағдарламалар бойынша мемлекет жоспарлы түрде ұйымдастырылып отырады. Құқықтық тәртіпті нығайтуға, дамытуға байланысты мемлекет тарапынан қабылданған негізгі акт ҚР Президентінің 21.06.1995 жылы «ҚР жалпы құқықтық білімді ұйымдастыру шаралары туралы» №2347 Қаулысы. Алайда, біздің пікірімізше бұл бағдарлама өз мақсатына жетпеді. Бұған турлі объективтік және субъективтік жағдайлар себеп болды.
Жалпы құқықтық тәрбиенің ұйымдастырылуын мен жүзеге асырылуын мемлекеттік аппараттың қатаң бақылауында болуы шарт. Құқықтық тәртіпті нығайтудың бір жолы заңдылықтың қатаң сақталуы. Заңдылық мемлекеттің конституциясын, парламенттің қабылдаған заңдардың, президенттің заң күші бар жарлықтарын қатаң бақылап, оларға нышан келтіру жол бермеуімен түсіндіріледі. Заңдылық мемлекет көлемінде дамиды. Оны орындау барлық қоғамдық ұйымдардың,ұжымдардың бірлестіктердің міндеті. [20].
Құқықтық тәрбие жұмытары екі бағытты қамтиды: мемлекеттік орган қызметкерлерінің лауазымды адамдардың мамандық сапасын көтеру және жалпы халықтың, азаматтардың құқықтық деңгейін жақсарту. Құқықтық тәрбие көлемінде жүргізілетін жұмыстар мемлекеттік органдар тарапынан ғана емес қоғамдық деңгейде өрбуі қажет. Мұндай маңызды іске барлық ұйымдар, ағымдар, одақтар белсенді түрде қатысуы тиіс .
Заңның үстемдігін қамтамасыз ету, құқықты бұзушылыққа жол бермеу белгілі бір демократиялық, құқықтық идеологияға негізделіп жүргізілмесе қоғам сапалы дами алмайды. Құқықтық тәрбие мен бағытта идеология адамдардың құқықтық жауапкершілігін арттырады, өз құқықтарын түсініп пайдалануға, сондай-ақ қоғам алдындағы борышы мен мемлекет алдындағы міндеттерін бұлжытпай орындаушы негізделеді сонымен, құқықтық тәрбиені күшейту-құқықтық тәртіпті нығайтудың кепілі. Демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет қалыптастыру үшін заңдылық қағидаларын жоғары деңгейге қойып, құқықтық тәртіп мемлекеттік деңгейде ұйымдастырыплып, жүзеге асырылуы тиіс сайып келгенде, азаматтардың құқықтық сауатсыздығын жою үшін ең алдымен адамдардың көңілінде заңның салтанат құратынына және кез келген құқыққа қарсы әрекеттердің даусыз жазасын алатынына деген сенімді» орнықтыру үшін, азамат құқықты сауатты болу қажет.
Заңгерлердің, мемлекеттік органда қызмет атқаратын адамдардың және лауазымды адамдардың құқықты білімін көтеру керек сол себепті заңды дұрыс іске асыру, құқықтық тәртіпті нығайту үшін азаматтардың құқық нормаларын үйретуге деген ынтасын арттыру да маңызды іс шаралардың бірі болып табылады.
Сондай-ақ арнайы мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес құқық төңірегіндегі түрлі үгіт насихат жұмыстарын мектеп оқушылары мен жастар арасында жүргізуге қолға алған дұрыс деп ойлаймын.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеудің жақсы дамуы мемлекеттің, бірлестіктердің, саяси ұйымдардың, дұрыс әділетті жұмыс жасауының сипаттамасы, халықтың бостандығы, теңдігі дамып, жеке адамның, қоғамның мүдде-мақсаттары бірігіп қалыптасуының сипаттамасы.
Азаматтарды тәрбиелеудің әр мемлекетте тиісті жүйелері болады, оның түлері: саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық т.б. бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады бірақ бәрі бірігіп бір мүдде-мақсатты іске асыруға, орындауға үлес қосады. Ол мақсаттардың рухани сана-сезімін, психикасын, білімін, өмірлік тәжірибиесін, тәртібін, адамгершілігін көтеріп жақсарту. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептілік нормаларынан нәр алады, соларға арқа сүйейді — неғұрлым құқықтық нормаларға әдептілік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады.
Құқықтық тәрбиелеу екі бағытта жүргізіледі:
1) Азаматтарға құқықтық білім беру;
2) Олардың құқықтық сана-сезімін жақсарту.
Құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты:
- адамдардың қоғамдағы құқықтық жүйесін, оның мазмұнын жақсы түсінуін қамтамасыз ету;
- адамдардың заңға, құқықтық тәртіпке деген мінез-құлқын, іс-әрекетін жақсарту;
- адамдардың құқықтық нормаларды дұрыс қолдану, дұрыс орындау тәжірибесін жақсарту.
Құқықтық тәртіп азаматтардың тәрбиелі, нормативтік актінің талабына сай жұмыс жасау, іс-әрекетте қателікке жол берілмеуін талап етеді.
Құқықтық тәртіптің құрылымы-қоғамның саласымен байланысты тұрғыда жұмыс жасап, қатынас арқылы өздерінің мүдде-мақсатын іске асыру.
Құқықтық тәртіптің ерекшелігі-бұл қарым – қатынас құқықтық норма арқылы өмірге келіп,мемлекеттің бақылауында болады. Егерде қарым-қатынас қателіктер кетсе, оны мемлекеттік орган түзетуге тиіс.
Әскери құқықтық тәртіптің өзіне тән ерекшеліктері болады: өздерінің жеке арнаулы заңдары, ережелері болады. Барлық қарым-қатынас сол заңдармен реттеліп, басқарылады сонымен, құқықтық тәртіпті нығайту мәселесі – қоғамдағы қатынастардың жүйе салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалады.
Құқықтық тәртіпті нығайтудың мынандай кепілдіктері бар:
- Материалдық кепілдік – егер азаматтар өзара қателіктер жіберсе өздері келісімге келіп нормативтік актілі дұрыс орындалуы қажет.
- Саяси кепілдік – қоғамның саяси тұрақтылығы заңдылыққа, тәртіпке көп әсерін тигізеді.
- Моральдық кепілдік – қоғамның инабаттылық, парасаттылық деңгейі жақсы болса заңдылық, тәртіп те жақсы болуы қажет.
- Заңды кепілдік – мемлекеттің заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын арнаулы органдарының рөлі, маңызы, әсері өте зор. [21].
Құқықтық тәртіпті нығайтудың әлеуметтік маңызы:
1) Қоғамдағы өмір бірқалыпты жақсы дамиды;
2) Барлық адамдардың құқығын, бостандығын, барлық ұйымдардың, ұжымдардың мүдде-мақсатын дұрыс орындап, дамытуға мүмкіншілік туады.
Құқықтық тәртіпті жақсы дамытудың әдіс-тәсілдері:
- құқықты бұлжытпау шараларының жүйесінің сапасын жақсартады;
- кінәға сәйкес заңды жауапкершілікті қолдануды дұрыс анықтау, әділетті жаза қолдану;
- еріксіз жауапкершілікті қолдануды дұрыс пайдалану;
- заңдылыққа,құқықтық тәртіпке мемлекеттік бақылауды әділетті жүргізу.
Қоғамдық тәртіп тек қана құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз етеді. Құқықтық тәртіптің әр сала бойынша өзіндік орны,рөлі ерекше. Мәселен құқықтық тәртіп қоғамның әлеуметтік өмірінде дін зор рөл атқарады. Құқықтық нормаларда белгіленген тәртіппен білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып, оны нығайтудың т.б қажеттіліктердің заңдық шарттарын белгілейді [28].
Қазақстан Республикасының Конституциясының 39-бабында: «Адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектеулі мүмкін» деп атап көрсетілген.
Күн өткен сайын ғылым мен техника дамып, адамзат қиял жетпес ғажаптарға жол салып келеді. Өзге өркениетті мемлекеттерден қалып қоймай, білім беру саласын жетілдіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін- білім»,- деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай тәуелсіздік алған елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында әрдайым білім тұрады. XXI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда ой-өрісі кемел, зерделі, технологиялық жаңалықтармен жан-жақты таныс, азаматтық белсенділігі, қайрат-жігері мол жасты тәрбиелеу – мемлекеттің ең маңызды стратегиясы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» Заңында атап өткендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеті-бала тұлғасының рухани және дене қабілеті мүмкіндіктерін ашу, оны оқыту, тәрбиелеу мен өзіндік қабілетін дамыту барысында жағдай жасау арқылы адам ойын байыту болып табылады.
Білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту, XXI ғасырда жалпы білім беретін мектепте оқушының жеке өзін үйлесімді дамытуға бағытталған жаңа үлгісін таңдау міндеті тұр.
Тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасырында білім саласында да үлкен өзгерістер болмақ, өзіндік бағыт-бағдарын айқындап, әлемдік білім кеңістігіне шығуда жалпы білімнің жүйесі дамып, үнемі өзгеріп отырды. «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті » — деген М.Жұмабаевтің құнды пікірлерін, сондай-ақ этнопедагогика салсында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізген қазақ ғалымдары С.Қалиев, К.Ж. Қожахметовалардың еңбектері, зерттеулері, идеяларын мектептің тәрбие жүйесінің тұжырымдамасының негізіне алу керек. Бүгінгі таңдағы егеменді еліміздің білім беру жүйесінің өзекті мақсаты — өркениетті деңгейлес дамуымызға мүмкідік беретін жаңа білім беру жүйесін қалыптастыру. Ендеше, бұл орайда оқу-тәрбие үрдісін түбегейлі жаңартып оқытуда оқушы мен оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту, арттыру қажеттілігі туындайды. Қазіргі білім беру саясатындағы ірі проблемалардың бірі – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Елбасы Н.Ә. Назарбаев мұғалімдердің III съзінде сөйлеген сөзінде «Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» — деп атап көрсетті.Жаңа педагог – мұғалім – оқытушы – қазіргі таңда қоғам ұшін аса қымбат қазына болып есептелмек. Бәсекеге қабілетті Қазақстанның ғарышты экономикасы десекте, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін де ең қажеттісі – білімділік .Мұғалім қашанда білім беруден жалықпайтын, шығармашылығы мол, еңбекқор, әрі парасатты адам болған жөн. Өйткені, өз ісіне берілген асылдарын асқақтата отырып, шәкірттерінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.Қазіргі таңда сабақтарда инновациялық технологияларды қолдануының маңызы зор. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына басты рөл атқарады.Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтың және басқада көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді; өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
«Өз еңбегін талдай білетін адам ғана тәжірбиелі ұстаз бола алады», — деген В.Сухомлинский сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. [22].
Инновациялық технологияны пайдаланудың оқытуға береріне келсек:
— барлық баланы оқыту;
— оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
— білім берудің формасын оңайландыру, міндеттерін атқару;
— оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену.
Әрбір сабағымызда интерактивті әдістерді қолдануымен қатар, слайдтар, презентациялар, интерактивті тақта қолданып өткізсек, оқушылардың пәнге дегн қызығушылығы артады.
Біздің сабағымызда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын сабақта қолданамыз. Мұнда әрбір оқушының оцы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.
Сын тұрғысан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны ажырату;
- ой толғаныс.
«Қызығушылықты ояту » кезеңінде алдыңғы сабақты тексеру мақсатында
оқушының білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «топтастыру» стратегиясы арқылы, оқушылармен бірлесіп жай сөздермен емес, тақырыппен байланыстыра жаңа сабақтың атауын шығарамыз.
Мағынаны ажырату кезеңінде (ескі мен жаңа, кешегі-бүгінгі т.б. салыстыру арқылы тақырыптың мәнін ашады).
Ой толғаныс: жазбаша түрде өткізіледі, жазбаша түрінде 5-7 минуттан ЭССЕ жазуга болады. Соңында оқушыларға кері — әсер парағы таратылып, сабақтың қалай өтілгені туралы ақпарат аламыз.
Инновациялық педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімді даярлау – олардың кәсіби білімін көтеруге дайындалу аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс — әрекеттің нәтижесі.
Бүгінгі таңда білім саласы сапа жағына бақылауды күшейтуге бағытталған. Жоғарыда атап өткеніміздей, инновациялық әдіс – тәсілдерді қолданып, пәнге енгізіп жұмыс атқарады. [23].
Қазіргі мұғалімнің мақсаты – сабақтың сапасын арттыру, әдіс түрлерін жетілдіру, пәнге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, олрдың іздену таным деңгейін жоғарлату. Ол үшін үнемі іс – тәжірбиеде оқытудың жаңа технологияларын енгізіп отыру қажет. Осы орайда Елбасымыздың барша мұғалімдер алдында еліміздің білім беру қызметінің сапасын әлемдік стандарттар деңгейіне көтеру мәселесін қоюы да заңды.
Инновациялық технологияр жағдайында мұғалім әрбір технологияны өзіндік әдіс – тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және педагогикалық тәжірбиесін пайдаланып, балаларды бірлескен іс — әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін, өз бойынша бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез – құлқына – мінезі темпераменті, талабы, көзқарасы, талғамы байқалып, үнемі өзін — өзі үйретуі, өзін — өзі тәрбиелеуді, дамытуды, өзі үнемі жетілдіріп отыруын талап етеді.
Педегогтың инновациялық қызметке қатысуы, оның соңында педагогикалық жүйенің, өзіндік педагогикалық стилдің қалыптасуына өз әсерін тигізеді.
Оқытудың сапасы мен нәтижесі болуы оны ұйымдастыру әдістеріне және бастамшылыққа жаңа педагогикалық (инновациялық) әдістемелікке байланысты.
Қазіргі кезеңде білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиясы бағыт – бағдары — өмірге жаупкершілікпен қарайтын дүние танымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеті биік, инновациялық біліммен қаруланған, адамгершілік қасиеттері мол, білікті мамандардың жаңа ұрпағы қалыптасады.
3 Мектепте жүргізілетін құқықтық тәрбие жұмыстарының жүйесі
3.1 Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде оқушылардың сана сезімдерін қалыптастыру жолдары
Құқықтық тәрбие өзінің ерекшелігімен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті және құкык туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпакқа сол аркылы беріліп отырады себебі, құқықтық жетістіктердің казіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы соның арқасында болады. Мысалы, Рим кұкығының Батыс Еуропа елдерінде қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құкықтық деңгейіне байланысты оқу орындары білімді де білікті, зерделік дамыған мамандарды даярлауды көздейді және олардың парасатты, адамгершілікті әрі құқықтық білім мен мәдениеттің қалыптасуына өз міндетіне ықпал етеді.
Еліміздің Ата Заңында жазылғандай, әр адамның заңды құқы қашанда бұлжымай сақталуға тиіс. Бірақ бұл үшін, ең әуелі, сол әрбір адам құқыққа құрмет таныта алатындай заңдылықты, құқықтық тәртіпті білуі қажет. Құқықтық тәрбие жүргізілмей құқықтық мәдениетті артыру мүмкін емес. Ал, оны әлеумет мүшелерінің құқықтық санасы мен мәдениеттің қалыптастырудың, саламатты адамгершілік ахуал түзеудің жүйелі үрдісі ретінде қарау керек. Міне, осыдан барып, азаматтардың, жалпы қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру үшін оған негізделген эканомикалық, саяси ұйымдастырушылық, әкімшілік, сот, тәрбиелеу, білім беру шараларының қалыпты кешені туындайды [24]. Құқықтық білім мен құқықтық мәдениеттің қалыптасуы− қазір адамға да, қоғамға да қажет. Өйткені, Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кіріскен уақытта, біздің қоғамға жан− жақты білімді, халықтың мүддесін қорғай алатын, егеменді елімізге өз үлестерін қосатын нағыз отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар қажет .
Мемлекетіміздің халықтың ресми өкілі ретінде, оның еркін білдіріп игілігі үшін қызмет етуге міндетті. Мемлекет, оның органдары лазауым иелері халық үшін қызмет етіп азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы, қорғалуын қамтамасыз етуі қажет. Мемлекетіміздің заңдарымен азаматтар неғұрлым ертерек танысса, соғұрлым олар өз өмірін жеңілдетеді, заңдылықты құқықтық тәртіпті нығайтуға лайықты үлес қоса алады.
Адам құқықтары саласындығы білім беру бойынша Қазақстан Республикасы ұзақ мерзімді айқын саясат жүргізіп отыр.
1995 жылы 21 маусымда «ҚР жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар турал» ҚР Президентінің қаулысы қабылданды. Үкіметтің 2004 жылғы 24 желтоқсанындағы қаулысымен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005−2007 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы қабылданды .
Әрине, мемлекет саясатының негізгі бағыттары бойынша құқықтық насихатты құқықтық білім беру мектептері жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта аумақтық әділет органдарының деректеріне сәйкес, өңірлерде құқықтық білім беру мектептері жұмыс істейді.
Жұмысты талапқа сай ұйымдастырылуға, сабақтар өткізуге мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау, сот органдарының тәжірбиелі мамандарды, адвокаттарды, натариустарды, жоғары оқу органдарының оқытушыларын, және т.б қоғамдық ұйымдарды тарту керек. Бұл мектептегі сабақтарды дәріс, семинар,брифинг түрінде өткізілуі қоғамның түрлі институттар мен ынтымақтастыққа тарту арқылы қоғам мен жұмысты жандандыра түсу қажет деп ойлаймыз. [25].
Құқықтық жағынан түсіндіру бойынша «Әділет органдарының, прокуратураның, құқық қорғау органдарының жұмысы туралы», Халыққа қызмет көрсету орталықтары туралы, Жастар арасындағы қылмыстың алдын− алу туралы және Конституция− мемлекеттің тұраұтылығы мен дамуының кепілі, Адам саудасы− өркениеттің кері кетуі секілді тақырыптарда дәріс топтамасы ұйымдастырылады.
Мемлекет заңдары және қоғамда− өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы салалары болашақ еңбек қоғамы азаматының құқықтық мәдениеттің мәнін құрайды. Жоғары дамыған құқықтық мәдениет болмай қоғам, алдындағы міндеттерді орынды ету мүмкін емес. Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс− әрекеті, ережелері, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, бұл оның еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамның еш жерінде жасырын қалуға болмайды. Демократияны жетілдіру мемлекеттің және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді:
−заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
− заңның орындалуын бекіту;
− қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы қажет;
− жеке адамның, бүкіл жұртшылықтың мәдениетін көтеру;
− заң қызметкерінің сөз бен ісінің бірлігі, тұлғасының кіршіксіз таза болуы;
Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет бойында болу қажеттігі шығады.Қоғамның қандай екендігіне баға беру көп жағдайда адам тұлғасының құқықтық мәдениетінің деңгейімен айқындалады. Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байлааныс бар. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы азаматтық рухани медениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан да құқықтық тәрбие адамгершілікті адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Заңдарды білмеу− құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Әрине, қоғам өмірінде қабылданған заңдылықтардан хабардар болып, құқықтық ұғынудың жоғары деңгейі, оған сәйкес мінез− құлық жауапкершілігінен құтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық медениет оқушыдан жан− жақты құқықтық білімдерді талап етеді.
Адамның құқықтық мәдениеті мектеп жасынан бастап қалыптасатына көз жеткізу қиын емес. Осыған қарамай оқушылардың біраз бөлігі көп жағдайда қылмысқа тартылу шектеулі жас кезеңдері бар екенін біле бермейді.Қылмысты істер үшін кейде 14 жаста, кейде 16 жастан жауапқа тартылатынын сезінбейді. Оқушылардың көпшілігі заң алдындағы жауапкершілігіне кәмелетке жеткен уақыттан, яғни 18 жастан екенін біледі.
Үлкендер тарапынан кейде жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігін ата− ана, мұғалімдерден сұрау керек пікірді де кездесіруге болады. Мұның мағанасын терең үңілсек, жауапсыздық деп түсінер едік.
К.Д.Ушинский кез− келген түсіну мен кез− келген ойлаудың негізі салыстыру деген болатын. [26].Тұлғаның құқықтық мәдениетінің негізгі тәртіп пен мінез− құлықтарын көзқарастары, сенімдер бұлар арнайы құқықтық қатынасты қалыптастырып, түрлі құқықтық жағдайларда тәртібі мен іс− әрекеті ретте леді. Сонымен,адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз− орынды тәртіп пен мінез− құлық сенімдеріне негізделген терең және жан−ақты құқықтық білімдері мен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс− әрекетінің терең бірлігі болып табылады.
Біз өзіміздің теңдік, әділеттік, ұжымшылдық негізінде құрылып жатқан қоғамға қарайтынымызды ұғынамыз. Қоғамдық санслылық, мінезқұлықты сенімдерді бекітуге көмектеседі. Осымен қатар біз құқықтық білімдер және біліктерді меңгереміз.
Неғұрлым біздің құқықтық білімдеріміз толық және терең болған сайын құқықтық мәдениетіміз соғұрлым бай болады, қоғамдық өмірде белсенді күйге ие болу мүмкіндігіміз арта түседі.
Құқықты құрметтеу әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну− адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес . Заңдылықты сезіну құқықтық межеле негізінде, ар− ұжданына сай шешім қабылдауға көмектеседі. Заңдылықты сезіну− арттықшылық. Заңдылықты сезіну мен ұяттылық мораль мен құқықтың мызғымас бірлігінен туындайды [27].
Оқу орындары білімді де білікті, зерделік дамыған мамандарды даярлауды көздейді және олардың парасатты, адамгершілікті әрі құқықтық мәдениетінің қалыптасуына өз міндетіне алады.
Құқықтық мәдениет қалыптастыру мақсатына жүргізілетін әр түрлі іс− шаралардың, жастардың басқа да іс− әрекеті өмірдің барлық жақтары мен тығыз байланысты екенін қаперде тұту керек.
Студент жастардың өзін басқару шараларына араласуы, саяси іс− шараларға қатысуы. Мысалы, сайлау кезінде, өндірістік еңбекке қатысуы, әр түрлі жарыстар мен байқауларға қатысуы кезінде, олар құқықтық қарым− қатынас нормаларын меңгереді.
Құқықтық мәдениет қалыптастырудың құлықтық аспектісі− қоғамдық ортада қабылданған нормалар мен ұстанымдар болып саналады.
Қалай десекте студент жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың негізінде мынандай құлықтық ұстанымдар жатады:
− адамға болған сый, құрметі, адамды жоғары сый құндылық санауы, адамдардың кемшіліктеріне төзімділік пен қарау, жолдастық қарым− қатынасты, түсінуге, қиын сәттерде көмектесіп, қолдауға даяр тұру адамгершілік қасиетте;
− адамға және адамгершілік мұраттарға сену, әркімнің өзіне тән адамгершілік құндылығының болуы, өмірлік мақсатының адамгершілік құндылықтары мен ұштасуы және сол адамгершілік мұрат жолында қызмет ету;
− өзіне талап қою және алдына мақсатқа ұмтылу, өз міндетін атқаруға, күш салу, қоғамның талаптарына бойсыну және тәртіп сақтауға ділгерлік;
− « Қолмен істегенді, мойын мен көтеруге дайын болуы», өз іс − қимылы мен жүріс− тұрысына жауапкершілік, қателіктерін мойындау және түзетуге ұмтыл;
− табиғатты адамзаттық анасы деп тану, жер бетіндегі барлық тірі жанға саналы түрде қамқор болуы;
− халқымыздың өзінің қандай жақсылық қаласаң, басқаларға дықа соны тіле деген қанатты сөзін басты ұстаным ету, әділ адал болуға, өзіне және басқаларға талап қоюда төзімділік ережесін ұстану, адамгершілік қағидаларын сақтап, әдептілік көрсету;
− халқымыздың мықты болсаң, нәпсіңді тый− деген ережесін ұстаным ету, барлық іс− қимылы, сұрау− талаптары мен қажеттенулерін қанағаттандыруда өзін тежей білу.
Құқықтық мәдениеттің қалыптастырудың басты міндеттерін төмендегідей анықтауға болады;
− жастар заң және соған құқықтық нормалардың бар екенін шарт түзу;
− мемлекет тарапынан қабылданғанды орындау адамгершіліктің басты ережесін орындаумен бірдей екенін білу;
− күнделікті тұрмыста өзін дұрыс ұстауға ұмтылса осының өзі құқықтық мәдениеттің белгісі екенін білуі және ұмтылуы.
Құқық білім мен тәрбиесінің күнделікті іс− әрекетінде, мінез − құлықы мен жүріс − арасында құқықтық әдет дағдыларға айналуының мативтері, қажеттенуі секілді психологиялық тұстары мен оның педагогикалық тетіктері әлі күнге жеткілікті реттелмегені белгілі. Сондықтан, осы бағытта жүргізілетін кейбір іс − шаралар пайда болғаны мен, түпкі нәтижелігі белгісіз.
Өркениетті елдердің тәжірбиесіне сүйенсек, құқықтық реформалардың нәтижесі және құқықтық мәдениет деңгейі өзара байланысты, олар өздігінен пайда болмайды.
Бұл орайда, мемлекеттің және қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының тығыз бірлескен іс− әрекет қажет.
Құқықтық насихат арқылы құқықтық медениет қалыптастыру жұмыстарының мақсаты, жүйелі бірізділік пен жүргізілмей келе жатқаны, бұқаралық ақпарат құралдарында Ресейдегі секілді «Суд идет» , «Час суда», «Громкие преступление мира» , т. б. көрсетулердің жеткіліксіздігі, осы жұмыстарға білікті заң қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының араласуының жеткіліксіздігі байқалады.
Осыларды ескере келіп студент жастарды жалпы адамгершілік− құқықтық нормаларды сақтауға тәрбиелеу мен қоса құқықтық білім қалыптастырудың осы күннің аса маңызды мәселерінің бірі екенін айтуға болады [28].
3.2 Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні мен танымдық сипаты
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс болғандықтан, құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттық рухани мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды.
Мектеп оқушыларына құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқаруына байланысты, мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау — ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады. [29].
Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр себебі, қоғамда отбасы әр түрлі: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс-керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасыларылар кездеседі осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады себебі, арамтамақтық өмірді жақсы көреді, өзімшіл болады, оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін жүргізілетін шаралар:
— тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою;
— оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
— оқу, еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
— отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспа-сөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды өткізу.
Құқықтың тәрбиенің бір үшы жыныстық тәрбиеге де байламысты екені даусыз себебі, көңілі сүйген адамына үйлену, отбасы құрау, бала сүю және оны бағып-қағуға қамқорлық, айырылысқан жағдайда балаларға жәрдем көрсету — бәрі де жастардың жете түсінуін, ұғынуын қажет ететін заңдар мен міндеттер. Бүгінгі жастар — ертеңгі маман, өндіріс жетекшісі, басшы демек, кәсіптік оқу орнын тәмамдаған оған кәсіби мамандықпен қатар құқықтың тәрбие де өте қажет. Педагогика мен тәрбиенің халықтық ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің: «өмірде де, ғылымда да барлық халықтарға бірдей тура келетін тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі әр-түрлі сонымен өз еліне басқа елдің тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес, себебі халықтардың өмір сүру моделі де, тәлім-тәрбие моделі де әр басқа» дегенін қайда қоймақпыз.
Ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда олңылықтар бар. Жастар арасындағы насихат пен құқықтың тәрбие мәселесі жөнінде жоғары ұйымдары таранынан белгіленген шаралар жүзеге асырылып, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет.
Мектептер жаңа компьютерлермен жабдықталған, құқықтық тәрбие де өз жүйесін тапқандай. Мәдени шаралар жүргізуге арналған саз, құрал-жабдықтары бар. [30].
Құқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенумен қатар, адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді. Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтың тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады. Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасында Отан қорғау мен оның қауіпсіздігіне ерекше мөн бергені мәлім. Қарулы күштерінің бір тармағы ретінде ішкі әскердің де іргетасы қаланды. Ішкі әскер барлық қазақстандықтардың, қарапайым азаматтардың мүддесін қорғаушы — құқықтың тәртіп әскері. Бұл мектеп, отбасы және қоғам жұртшылығының құқықтық тәрбие жұмысын жүргізудегі басты бағытының бірі — оқушылар арасында заң тәртібін бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізуге кең жол ашып отыр.
Құқықтың мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер. Бұған тек қана білімді болу жеткіліксіз, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардық жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші болу маңызды.
Оқушылардың мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болғандықтан, бұл жылдары адамгершілігі, дүниетінымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады. [31].
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдьщ тәртілті сақтау болғандықтан, құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қарастырылады:
- Құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетін оқушының білуі.
- Тұлғаның педагогикалық және психологиялық мәнінің құқықтық санаға әсері.
Адамның құқықтың мәдениеті күрделі болғандықтан, әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды. Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді сондықтан, мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді.
— заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
— заңның орындалуын қадағалау;
— қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азаматтың қатынасуы — бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойынында болу қажеттігі шығады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесі теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Қоғамдық қайта құру кезеңінде құқықтың мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу орын алады.
Құқық қоғам мен қоғамның өрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды.
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен қүтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді.
Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі — орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.
Сонымен, адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз — орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтың білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі. [32].
Саналы тәртіп пен мінез-құлықтарды құқықтың мәдениеттің іргетасы деп қарасақ, ол көркемөнер мәдениетімен қатынастар, сезімдер деңгейінде тікелей байланысады. Сезімдер әлемі эстетикалық қатынастарда негізгі рөл ойнайды. Әдебиет пен өнер бізге көркем бейнелерімен әсер етеді, оларды сезім арқылы қабылдаймыз. Өнердің көмегімен, әсіресе, өдебиет арқылы әлемді, қоғамдық қатынастарды танимыз.
Құқықтың мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтың білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден аулаң болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Мұны заңға мойынсүнушы-лық дейді. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш — адамның үяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана заңға мойынсұну емес, заңды қорғау үшін тұрақты белсенді әрекетке қатысуға дайын тұру.
Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну — адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес.
Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.
Құқықтың тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептердің озат тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланып, оңтайлы формалар, әдістер мен тәсілдерді іздестіру қажет. [33].
Мектептерде жоғары сыныптар оқушылары үшін құқықтық баяндамалар ұйымдастырылады. Баяндамалардың мақсаты — жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттау. Баяндамалардың жоспары бір жылға жасалып, онда баяндамалар тақырыптары көрсетіледі.
Жасөспірімдердің заң тану мектептері. Мұндай мектептерді жастар сарайы, жалпы білім беретін орта мектептердің жанынан ұйымдастыруға болады. Негізгі мақсат — жас түлектерді құқық және еңбек, азаматтық және заңдары жайлы біліммен қаруландыру. Мектептердегі құқықтық тәрбиенің басқа формалары: құқмқтық білім факультативтері, дәріс, баяндама, әңгіме, пікір-талас, олимпиада, кештер, сайыстар, т.б.
Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқықтың тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді. Сөздік ақпараттық әдістері: дәріс, әңгіме, әңгімелесу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару. Бұл әдістің тиімділігі нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде мазмұндай білуге байланысты. Ұқтыру, машықтандыру әдістері: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап. Бұл әдістер оқушылардың іс-әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Ынталандыру және тежелу әдістері тобы: ынталандыру әдістепрі, тежелу әдістері (жазалаудық түрлері) сонымен, топтарда көрсетілген әдістердің бірлігі жалпы тәрбие жүйесінде болымды нәтиже береді. Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкараста күн күнге өзгеру үстінде бұқаралық ақпарат және қарым –қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып,ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі,есірткі қолданылуы немесе әр түрлі қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде. Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы ажырап қалған,шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке қойылған фильмдердің еркіндігіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз.
Ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек, адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу-тәрбие жұмысының негізгі мақсаты себебі, жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз, оларға құқықтық білім мен тәрбие және адамгершілік-рухани жағынан нағыз азаматтықты қалыптастыру керек. Тұлғаны жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттық сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана-сезімімен, күнделікті мінез – құлықтарына қалыптастыру керек. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жанадандыру айрықша міндетті іс. Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқын -дауда В.А. Сухомлинский сөзімен айтқандай “қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мақтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шаруашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік- құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез – құлықтарына қалыптастырады” деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше. [34].
Балалардың мінез — құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайы боп есептеледі өйткені, тұлғаның жеке басының жаман — жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары — ең алдымен өздерінің ата — аналары. А.С. Макаренко сөзімен айтқандай, “Тәлім — тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді, дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым, солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан- жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысы жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.
Балалардың ата — аналары қонақта болады немесе өздері қонақ шақырады. Осының бәрі ішімдіксіз өтпейді, дастарханға ішімдікті самсатып қояды. Ал, жастардың қайсысы болмасын ересектерге еліктейді. Өздерін ересектерше ұстайды, ересектерше әрекет жасауды қалайды. Ең қауіптісі сол — бала көргенін істеп, ішімдікке бой ұрады. Ата-аналар және тағы басқа да ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде жан — жал, төбелес болғандықтан балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оқытуға ешқандай жағдай болмайды. Керісінше, мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері ішімдікпен әуес бола бастайды.
Екіншіден, отбасының ынтымағының бұзылуы да сол отбасындағы жасөспірімнің мектептен қол үзіп, нашар оқуына, тура жолдан ауытқуына әсерін тигізеді. Ондай балалар қоғамдық жұмыстарға да қатыспайды. Ешбір өнерге де қызықпайды. Бос уақыттарын қызықты өткізуді білмейді. Шындығында келгенде, бұлар қоғамдық өмірден тысқара қалған адамдар болып саналады. Демек, мұндай ата-аналар өз балаларын өнер-білімге, еңбекке баулуда мектепке көмек бере алмайды, оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін бірінші кезекте қалыптасудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық санның ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіліптікті нығайту — мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты. Құқықтық тәрбие –сан қырлы,күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды.Соның ең бірінші сатысы-оқушы заңмен хабардар етіп оның жалпы білім деңгейін көтеру. [35]. Осыған орай мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай құқық негіздерін оқыту іске асуда. Мектептерде әр айдың соңғы жұмасы «құқықтық білім беруді жетілдіру күні» болып белгіленген. Мектеп залдарына құқықтық тәрбиеге байланысты көрнекіліктер ілініп, сынып бөлмелерінде бұрыштар ұйымдастырылған, сенім жәшіктері дайындалып, оқушылардан құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуды жүзеге асыруға байланысты тест сауалнамалық сұрақтарға жауап алынып отырады. 1989ж 20 қарашада Біріккен Ұлтар Ұйымы Бала құқықтары туралы конвенция қабылдады. Сол мезеттен 20 қараша күні бүкіл әлемде Бүкіләлемдік бала құқықтары күні ретінде аталып өтіледі, осыған орай 20 қазан — 20 қараша айларының аралығында «Бала құқығы-Адам құқығы» атты акция өткізілді. Акция барысында оқушылар өздерінің құқытары мен міндеттерімен жөнінде білімдерін көтерді және мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1- сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Адамның құқықтары мен міндеттері жайында баяндалған 1-бапта “Менің Отаным — Қазақстан Республикасы. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы” деген жолдардан баста, 1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданып, 1995 жылы 5 қыркүйектен күшіне енген Ата Заңның – Конституцияның мазмұнымен әрі ондағы құқықтық ұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастаған жөн себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс — тұрысын, мінез — құлқын, адамдармен, жалпы тіршлік ету ортасымен қарым — қатынасын реттейді. Бұл үшін мектебімізде «Заң және жасөспірім» атты айлықтыр шеңберінде «Мен және заң», «Жауапкершілік түрлері», «Заң бұзушылық неге алып соғуы мүмкін» тақырыптарда сынып сағаттары,дөңгелек үстел,пікірталас өткізіледі сонымен қатар, ата-атаналар мен оқушылар үшін прокуратура қызметкерлерімен, құқық қорғау органдарынын қызметкерлерімен кездесулер өткізіледі. Мектепте «Жас полицейлер» және «Жасөспірімдер» клубының жұмысы ұйымдастырылып өткізілуде. Бүгінгі таңда статистикалық мәліметтер бойынша қылмыс жасаушылардың көп бөлігі мектеп жасындағы балалар мен жастар екендігі белгілі болып отыр. Қылмыстың жастар арасында көбею себебі неде? Ата-анасының баласына уақыт бөлмеу, отбасының тәрбиесінің нашарлығы. Оқушылар мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау үшін әрбір сынып жетекшісі, әрбір мұғалім, әрбір мектеп басшылары оқушыларды жақсы тануы керек. Мектеп психологтары оқушыларға жан-жақты психологиялық зерттеулер жасап, оның нәтижесінде мектебімізде әрбір қиын оқушының психологиялық мінездемесін анықтайтын педагогикалық карталары жасалған. Құқық бұзушылыққа бейім балалардың бос уақытын тиімді өткізу, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу бағытына сәйкес мектептің іс-шаралар жоспары жасалып жұмыстар жүргізілуде. [36].
Оқу орындары білімді де білікті,зерделік дамыған мамандарды даярлауды көздейді және олардың парасатты,адамгершілікті әрі құқықтық білім мен мәдениеттің қалыптасуына өз міндетіне алады сондықтан, құқықтық тәрбие беру жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғарғы идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі көңіл бөлумен қоса, еліміздің заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және – ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі, өйткені көбінесе құқықтық сананың төмендегі, материялдық және рухани игіліктердің не екенің жөңді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады сондықтан да, әрбір жеке тұлғаың санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез – құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің негізі болып табылады.
Құқықтық білім берудің маңызы — құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылуына байланысты, моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құқықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.
Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген және тәлек ететін құқықтар көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсаттардың жиынтығы, мысалы; азаматтарды жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында болғандықтан, қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады соның нәтижесінде, мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін, сондықтан, құқықтық тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді, оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін, мұның өзі оның көбіне көп құқықтық тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.Оқушыларға құқықтық білім мен мәдениеттің қалыптасуы — қазір адамғада қоғамға да, Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кіріскен уақытта біздің қоғамға жан-жақты дамыған білімді, халақтың мүдесін қорғай алатын, егеменді елімізге өз үлестерін қосатын нағыз отан сүйгіз ұлтжанды азаматтар керек. [37].
Жақсы азамат болу — өз құқықтарын және сонымен қатар, өз міндеттерін сапалы түрде ұғыну болып табылғандықтан,оның алғы шарты – жастарға құқықтық тәрбие беру, құқықтық демократия құрып жатқан Қазақстан Республикасы үшін, оның ішінде құқықтық реформаның басты субъектісі – қазақ халқы үшін ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрлі құқықтық құндылықтардың ұлт менталитетинде алатын орны ерекше яғни, қазіргі кезде философиялық әдебиеттерде құқықтың мазмұны мен табиғатын ашуға тұрақты екі көзқарас қалыптасқан. Бірінші, тиым салу мен дәстүрлі құқық. Екінші, либералдық, яғни адамның табиғи құқығы мен бостандығын паш ететін көзқарас бұл — дәстүрлі көзқараста құқық пен заң бір деп қарастырылады және олардың арасында айырмашылық жоқ, құқық адамдарың мінез-құлқын реттейтін, мемлекет тарапынан үнемі қолдау тауып отыратын жүйе. Бұл жүйені бұзғандар жауапқа тартылып жазасын алады. Бір ауыз сөзбен айтсақ «рұқсат етілмегендердің бәріне тыйым салынады». Еліміздің төл Конституциясы Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет деп жариялағаны баршаға мәлім. Құқықтық мемлекет құру үшін қоғаның құқықтық мәдениеті болу керек. Құқықтық мәдениет — халықтың заң білімін білуінің деңгейі, құқықты сақтауы, рухани сана сезімінің жақсаруы. Құқықтық мемлекет құру жастардан басталады, өйткені болашақ қоғам солардың қолында. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауында Қазақстан 2030 жылға қарай Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп жариялауы, еңсесі түсіп бара жатқан халықты бір серпілтіп тастады. Көлемі шағын, ал мазмұны терең жатқан бұл сөзде Қазақстан мемлекетінің болашағы тарзыға салынып отыр. Сонымен, таразының бір бір жағында Президенттің жариялаған Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиясы тұрса, ал, екінші жағында Қазақстан халқының бүгінгі хал-жағдайы, болшақ ұрпақтың тәрбиесі, білімі, тұрмысы тұр.
Жасөспірімдерге құқықтық білім берудің маңызы қазіргі кезеңде өте зор, себебі, тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесі қандай еді! Сөз қадірін білетін заманда бір ауыз сөздің ішкі мағынасын жете түсініп, содан өзіне тәлім алған бабаларымыздың қасиетіне не жетсін! «Өнерлі өрге жүзеді», «Талаптыға нұр жауар», «Ерінбей еңбек етсең мұратына жетерсін», «Ата-анасын сыйлаған адал бала, отырады жұмақтың төрін ала» — деп тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бере отырып, ұрпақтарды адамгершілік пен құқықтық тәрбиеге баулыған. Сондықтан мұғалім жас баланы құқықтық мәдениет пен білімге бағыттай отырып, тәрбиелей біліп, қылмыстық істерге жібермеу керек, енді бүгінгі күннің тәртіп мәселесінде мен жалпы білім беру буынына, жасөспірімдерге бекер назар аударып отырғаным жоқ. Жасы толмағандарды қылмысқа бой ұрындырудың себептері іштей іріп-шіріген отбасында, тәрбие беру ісі ақсаған мектепте, ел басына түсіп отырған қиындықтан туындайтыны сөзсіз. Біз білім ордасында жастарға тәрбие беріп жүргендіктен, өз міндетімізді жауапкершілікпен атқаруымыз керек өйткені, тәртіп ұстанбаған жерде жауапкершіліктің болуы мүмкін емес. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық істерді болдыртпау үшін алдымен, құқықтық тәлім-тәрбиеге көп көңіл бөлген жөң себебі, кез-келген адам жастайынан жалпы құқықтық нормалардан хабардар болып, оны өз мақсаттарына сай дұрыс пайдалана білсе нұр үстіне нұр болар еді, яғни, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар құқықтық сауатты болуға, өз құқығы мен бостандығын меңгеруге, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында жұмыс жасай білуіміз керек.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі өзекті мәселелердің бірі – нағыз азамат тәрбиелеу болып табылады. Кез келген мемлекет азаматы міндетті түрде өзінің құқығы мен бостандығын, міндеттерін біліп, оларды бұлжытпай орындап, заң нормаларына қайшы келмейтін әрекеттерге баруы арқылы олардың құқықтық тұлғасы қалыптасады.Білім берудің бұл моделі әлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. [38].
Бұл – соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам қоғам өмірінің әртүрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа мазмұнның, жоғары деңгейде білім беру қажет.Осындай өзекті мәселені шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде. Ендеше біз де, әлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мәселеден шет қала алмаймыз. 12 жылдық оқытуға көшу жалпы алғанда қазақстандық білім беруді реформалаудың стратегиялық мақсатын: білім берудің ойлы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған жаңа ұлттық үлгісін дамытуға, «баршаға білім беру» үлгісінен» әрбір адамға өмір бойында білім беру» үлгісіне өтуге мүмкіндік береді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде біздің еліміздегі білім саласындағы болып жатқан реформалар жоғары оқу орындарымен қоса мектеп саласына да тікелей қатысты. 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшудегі негізгі ұстаным – орта білім берудің сапасын арттыру, оқушыларды кәсіпке баулу және мектеп мұғалімінің бүгінгі кәсіби мәртебесін одан әрі көтеру болып табылады. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз-бүгінгі мектеп оқушысының құқықтық білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу-аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Жас ұрпаққа құқықтық білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.
Қорытынды
Қазіргі «Білім туралы» Заңның талаптарын орындау әлі де көптеген экономикалық – материалдық, құқықтық – нормативтік базаны нығайтуды, құқықтық тәрбиені шығармашылықпен ұйымдастыруды, жаңа технологияларды тәрбие жұмысында кеңінен қолдануды, шеберлікті қажет етеді. Сондықтан мұғалім жаңа заңдылықтармен танысып, оны жұмыс барысында басшылыққа алып пайдалануды, оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды, тиімді, мақсатты қолдану жолдарын, тәрбиенің әдістерін, түрлі формаларын біліп, жаңа технологияларды кеңінен қолданғаны жөн.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.
Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие беру біздің баршамызға міндет екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Құқықтық тәрбиені ұстаздар қауымы оқушымен қатар ата – аналармен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, салауаттылық және денсаулық сақтау мекемелерімен, спорттық ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, тәрбиенің өзге түрлерімен байланыстырып жүйелі жүргізер болса, нәтижелі болмақ.
Оқу орны мен отбасында балалар әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы дағдыларын қалыптастырып адамгершілік, әдеп, заңды мінез-құлық, орынды әрекет- қылық, құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Әлеуметтік нормалардың негізгі маңызды түрі болып табылатын әдептік нормалардың құқытық сипаты болмағанымен, оның ережелеріне сусындап өскен бала әрине қоғамға зиян келтірмейді, керісінше, өмірдегі өзінің орнын тауып, елжанды, саналы азамат болып қалыптасады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға негіз, арқау болып, белгілі бір дәрежеде адамның ар-ұятын, намысын қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға ұйтқы болады. «Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттілік, адамгершілік мәні жоғары болады».
Ізгілікті адам концепциясының айшықты көрінісі ХХ ғасырдың ұлы гуманисі А.Швейцердің өмірді қастерлеу туралы ілімінде көрініс тапқан. Ол: «Адам өзінің ішкі ұмтылысында өмірге қолынан келгенше көмектесуге тырысқанда ғана, кез-келген тірі нәрсеге зиян келтірмеуді ұстанғанда ғана нағыз адамгершілігімен көрінеді. Ол үшін өмір қасиетті. Ол ағаштың жапырағын жұлмайды, бірде — бір гүлді үзбейді, бірде — бір жәндікті басып кетпейді. Жазғы түнде шаммен жұмыс істеп отырғанда, отқа ұмтылған көбелек қанатының күйгенін көрмес үшін терезені жауып, қапырықта отырғанды дұрыс көреді» — деп адамгершілік қасиетті бағалайды.
Демократияны дамыту мемлекеттің және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді екені белгілі. Бұл процесс мемлекеттік маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Соның бірі – жеке адамның, бүкіл жұрттың мәдениетін көтеру, қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халықты жұмылдыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтің Жолдауында Қазақстан 2030 жылға қарай Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп жариялауы, еңсесі түсіп бара жатқан халқты бір серпілтіп тастады. Көлемі Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады. Осындай жұлдыз мемлекетке де қажет. Біз де өз мемлекетіміздің жұлдызы жрық әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолна сеніп, қиын уақытта оны бағадарға алып әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз керек.
Құқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту еліміздің болашағын айқындаушы көрсеткіштердің бірі десек, өскелең ұрпаққа сапалы құқықтық білім мен саналы тәрбие беру ұстаздар қауымынан білімділікті, құқықтық білімдерін үнемі жетілдіруді, нормативтік — құықықтық құжаттармен үздіксіз танысып, жұмыс барысында оларды басшылыққа алуды үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен тығыз ынтымақтастық қарым – қатынас орнатуды және қажырлы еңбекті қажет етеді. Келелі жұмысты атқаруда бала құқығын қорғау, балаға қарым — қатынас мәдениетін көтеру, оның талабын ескеру де нәтиже береді деп ойлаймын.
Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құқықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.
Қазақстан Республикасының Конституциясында — Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлкекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1–бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», — деп баян етілген.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының мәдениеті. Адам құқықтары туралы ақпаратпен жүйелі қамтамасыз етудің қажеттілігі маңызды екенін ескерсек, онда бұл салада адам құқығы мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі – білім беру ұжымдары десек қателеспейміз.
«Адам құқығы мен бостандығы көп қырлы, күрделі құбылыс ретінде қоғамдық санада жан — жақты жоспарлы түрде бейнеленеді. Адам бостандықтары, оның құқықтары мен міндеттері әрбір тарихи кезеңге сәйкес өзіндік сипатқа ие болып отырды. Қазіргі кезеңдегі адам құқығы біртіндеп қалыптасты: алдымен құқықтар мен бостандықтар, содан кейін пайда болған жаңа құқықтар (эволюциялық және революциялық жолдармен) қоғам тарапынан танылды.
«Адам құқығы туралы айтқан кезде бүгін біз адам мен мемлекеттің арасындағы өзара қатынасын айтамыз, — дейді М.Новицкий». Заңгер ғалымдарымыз: «Адам құқығы – адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін іс-әрекеттің (мінез-құлықтың) өлшемі (шамасы)» — деп анықтама берген. Адамның құқықтары мен бостандықтары табиғи және оған тумысынан берілген, ажырамайтын, табиғи ретінде танылады және ең жоғары әлеуметтік құндылық болып табылады.
Тұлға мен мемлекеттің қарым – қатынасы құқытық мемлекет пен азаматтық қоғам концепциясына сәйкес дамуда. Мемлекет пен адам құқығының арасындағы өзара байланыстылығы және өзара негізділігі құқықтық мемлекеттің басты мақсаты адам және азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету болып табылатындығынан көруге болады.
Қоғам тәртіпке негізделіп, қалыптасып, өмір сүреді. Қоғамдағы тәртіп түрлі әлеуметтік нормалардың, адамдардың мінез — құлқын реттейтін қағидалардың әсерімен, яғни күшімен орнатылады. Құқықтық нормаларды қолдану нәтижесінде құқықтық тәртіп орнығатыны, ал құқытық нормалар негізінен заңнан нәр алып белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Еліміздің заңдарын сақтау, оған мойынсыну — жауапкершілікті, түсіністікті, заңдарды білуді және соған сәйкес мінез-құлық пен іс-әрекеттерді үйлестіруді талап етеді.
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар мен ата-аналар, азаматтар да түсінуде. Құқық бұзушылық жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі», — деп көрсетілген. Қоғамда тәртіп орнамаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да кездеседі және бұл — құқық бұзушылықтың орын алуына әкеп соқтырады, сондықтан құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән қауіпті дерт.
Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты ықылым заманнан осы күнге дейін әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Солардың ішінде құқықтық нормаларды бұзуына ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқауға болады. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын, атсалысатын субъектілердің бірі — оқу орындары болып табылады. Оқу орнында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық т.б. қасиеттерін дамыту және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді.
Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде өскелең ұрпаққа құқытық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндірудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан — жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы. «Құқықтық тәрбие мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу», — деп анықталған.
Қорыта келе, Қазақстан азаматын қалыптастырудың алға шарттарының бірі – ең бастысы тәртіп орнату, студенттерге құқықтық тәрбие мен білім беру. Заңды білу – заман талабы, өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі, заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде, заңның ең басты мақсатының бірі қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының Конституциясы.1995ж. (2007ж.21-мамырдағы №254-Заңымен енгізлген өзгертулер мен толықтырулар).
- ҚР Президентінің халыққа арналған «Қазақстан-2030» Жолдауы.
- ҚР Үкіметінің «Қазақстан Респуликасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысы 21.06.1995ж №2447.
- Жоламан Қ.Д «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық. Алматы. Жеті Жарғы 2010ж;
- Сапарғалиев Г.С , Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. «Жеті Жарғы» 2007ж;
- Сапарғалиев Ғ. «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері» Алматы. 2008 ж.
- Темірғали Ж. Заң газеті. 2009 жыл 9 қазан «Құқықтық насихаттың әлеумметтік маңызы зор».
- Құқықтық мәдениетті қалыптастырудың педагогикалық шарттары // Қазақстан мектебі 2009ж.
- Құқықтық білім беру заман талабы // Қазақстан тарихы. Әдістемелік журнал № 4. 2010ж.
- Құқықтық білімді жетілдіру //Заң газеті №63. 2011ж.
- Т.С. Садықов 12 жылдық білім методологиясы. Алматы, 2008ж.
- 12. Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптамалық журнал «12 жылдық білім беру» 2009ж №4, 5, 9, 2010ж №2,3,12.
- Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптамалық журнал «12 жылдық білім беру» 2008ж №6, 7, 9.
- Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптамалық журнал «12 жылдық білім беру» 2010ж №4, 5, 11.
- «Білім туралы» Заң 41-бап, 2007ж.
- 12 жылдық білім №1, 2006ж.
- Мемлекетiк “Мәдени мұра” бағдарламасы, Егемен Қазақстан, №311-312, 29.11.2003, №184-188, 16.08.2005.
- Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңы, А, 2008ж.
- Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасының жобасы, Білім әлемі газеті, 2008ж.
- Луначарский А.В. О воспитании и образовании, п/р А.М.Арсеньева и др, М:Педагогика, 2006г.
- Макаренко А.С. Воспитание гражданина, М:Просвещение, 2008г.
- Сухомлинский В.А. Как воспитать настоящего человека, М: Педагогика, 2004г.
- Қазақстан: Ұлттық энциклопедия, А: 2009ж. 2 том
- Смайылова М.Ж. Ұлттық мектеп бастауы. Бастауыш мектеп, А: 2011ж.
- Сәдуақасұлы Ә. Халықтық педагогика дәстүрлері арқылы қазақ мектептерінің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың педагогикалық шарттары, А, 2009ж.
- ҚР Президентінің Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», №5 (1083), 1 ақпан 2012ж.
- ҚР «Білім туралы заңы», Астана, 2010ж.
- Аймамбетова Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы, 2009ж.
- ҚР Конституциясы, 2010ж.
- Айтымбетова Б.Р. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі – Алматы, 1999ж.
- Қоянбаев Р.М. Педагогика, Алматы, 2000ж.
- Программа действия Правительства Республики Казахстан по углублению реформ на 2010-2015 гг.
- Азаматтарға құқықтық тәрбие беру және олардың білімін жетілдіру. Заң газеті, 2011ж.
- Нарикбаев М.Е. Правовая охрана детства в РК. Алматы, Дәуір, 2008ж.
- Қаратаев Н.К. «ХХІ ғасыр ұстаз бейнесі» білімдегі жаңалықтар, №4.
- 12 жылдық білім беру жүйесіндегі негізгі құндылықтар «12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық дайындаудың нормативті қамтамасыз етілуі» атты Республикалық семинардың материалдары, 27-28 наурыз, Тараз, 2009ж.
- 12 жылдық білім берудің құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері. Қазақстан мектебі №1, 2012ж.
- Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы. Алматы, 2009ж.
- ҚР білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы. Егемен Қазақстан 18.06.2010ж.
- ҚР 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативті құжаттар – Астана, 2009ж.
- Н.Қабдешов. «Оқушылардың дамуы олардың құқықтық тәрбие үрдісіне белсенді қатысуы арқылы жүзеге асыру», 2006ж.
- Г.Лашынова. «Оқыту мақсатын оқушының құқықтық танымдық қызметінің нәтижесі ретінде анықтау», 2009ж.