Диплом Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және бизнес» факультеті
«Есеп және аудит» кафедрасы
Бизнесті бағалау мамандығы
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау
тақырыбына жазылған диплом жұмысына түсініктеме
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….
Шаруашылық техникалық-экономикалық сипаттамасы……………………………
1- тарау. Бағалау жұмысын ұйымдастыру және реттеу……………………………..
1.1. Бағалаудың мақсаты және құнның түрлері………………………………………..
1.2. Бағалау жұмысын ұйымдастыру және құқығын реттеу……………………….
1.3. Бағалау қызметін лицензиялау тәртібі………………………………………………..
2- тарау. Кәсіпорынның қаржы жағдайы және бизнес ретінде
келешекте дамуы…………………………………………………………………………..
2.1. Талдамалық жұмысқа әдістемелік көзқарас…………………………………………
2.2. Бухгалтерлік есептің негізі және қаржылық есептілікті жасау……………..
2.3. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау………………………………………………
3- тарау. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдау………………………………..
3.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты…………………..
3.2. Баланстың активі мен міндеттемелерінің көрсеткіштерін талдау………….
3.3. Баланс өтімділігін талдау…………………………………………………………………….
3.4. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау……………………………………………..
Қорытынды………………………………………………………………………………………………..
Пайдалынған әдебиет…………………………………………………………………………………
Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономикалық қатынастарға көшу барысында, кәсіпорындардың экономикалық және құқықтық жауапкершілігі өсуде. Шарушылық субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні тез ұлғаюда. Бұның барлығы олардың қаржылық жағдайын талдаудың, ақша қаражаттарын қолдану және орналастыру ролін елеулі жоғарлатып отыр. Бұндай талдаудың нәтижесі ең алдымен меншік иелеріне, сондай – ақ кредиторларға, инвесторларға, менеджерлерге және салық органдарына қажет.
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жақсару жолында» Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылдың 18 ақпанындағы жыл сайынғы жолдауында “шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек” делінген. Экономикамыздың тіреуі болып табылатын, орта және шағын бизнеске қолайлы жағдай туғызып қана қоймай, оның тұрақтылығын қамтамасыз етуіміз керек. Кәсіпорынның аяғында нық тұруы, оның дамуы республикамыздың экономикасының әл- аухатын жақсарту үшін маңызы зор.[1]
Бұл жұмыстың басты мақсаты – «Алаугаз» АҚ қаржылық жағдайын зерттеу, қаржылық қызметінің негізгі проблемаларын анықтап, қаржылық жағдайын бағалау және басқару үшін ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсат бойынша келесі мәселелерді шешу керек:
- балансқа шолу жасап, оның өтімділігін талдау;
- кәсіпорынның мүлкінің сипаттамасы: негізгі және айналымдағы қаражаты және оның айналымдығын, проблемаларын анықтау;
- қаржылық тұрақтылығын бағалау;
- пайда және рентабельділгін талдау.
Зерттеу объектісі «Алаугаз» акционерлік қоғамы болып табылады. Зерттеу пәні – кәсіпорынның қаржылық процесі және оның шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесі.
Талдау жүргізу барысында келесі тәсілдер мен әдістер қолданылды:
- көлденең талдау, тікелей талдау;
- коэффициенттерді талдау:
- салыстырмалы талдау.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъекті ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдерінің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталғаны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай – күйінің орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатынын еркін алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағадайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту үшін басшылыққа алынатын нақты ұсыныстар жасауға болады.
Шаруашылық техникалық-экономикалық сипаттамасы.
«ТұранӘлем» Банкі республикадағы ең алғашқы банктердің бірі, оның тарихы 1925 жылдан басталады. Қазіргі таңда Банктің акционерлер құрамында мынадай ірі халықаралық қаржылық институттар кіреді: Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕБРР), австриялық Райффайзен Централ Банк, Германиялық инвестициялық DEG компаниясы, Халқаралық қаржылық корпорация, Голландық даму банкі.
«ТұранӘлем» Банкі корпоративтік, сонымен қатар, бөлшектік жүйеге мамандандырылған және Қазақстан бойынша 23 Бөлімшесі мен 211 Есеп айырысу кассалық бөлімдерден тұратын бөлімшелік жүйесі бар Республикадағы алдыңғы қатарлы банктердің бірі болып табылады. Банктің 3 өкілділігі бар: Ресейде, Украинада және Қытайда.
Банктің рейтінгі тұрақты түрде жоғарылауда, яғни 2003 жылдың 28 мамырында халықаралық Standard & Poor’s агенттігі Банктің 225 млн.$ көлемінде долларлық кепілденген облигацияларды шығару туралы “BB” рейтінгін иемденгені жөнінде жариялады. Одан бұрын Mood’s агенттігі бұл облигацияларға Baa3 деңгейіндегі рейтингі берілген. Бұл –ТМД–ң барлық қаржылық институттары арасындағы ең жоғарғы болыптабылады, инвестициялық класстың рейтингтері.
«ТұранӘлем» Банкі АҚҚ өзінің банктік қызмет нарығындағы позициясын белсенді түрде дамыту және нығайту үстінде. Банктің тұрақтылығы бір жылдың ішінде қалыптаспайтындығы және ол өз жұмысын басқаруда қолданатын қағидалар мен анықталатындығы баршаға белгілі. «ТұранӘлем» Банкі үшін бұл қағидалар: банктің даму стратегиясын нақты жоспарлау, қызметті әмбебаптау, қызметкерлердің проффесионалдығы, банкті басқару оперативті, клиенттермен тұрақты жұмыс.
2002 жылдың нәтижелері Банктің дамуының жағымды сипатын айқын көрсетеді және болашаққа оптимистік болжам жасауға мүмкіндік береді. Банктің меншікті капталы 2001 жылмен салыстырғанда 45,7% өсіп, 290 118 млн теңгені құрады, ал банк активі сәйкесінше 43,2% өсіп, 2002 жылдың 31желтоқсанында 225 248 млн теңге болды. Жыл қорытындысы бойынша пайда 208% артып, 4 989 млн теңге құрады, ал ссудалық портфелі өскеніне қарамастан оның жалпы активтер саласындағы үлесі өткен жылғы деңгейде сақталды да, 2002 жылдың 31 жетоқсанына 61% тең болды. 2002 жыл бойы тұтынушылық несиелерінің көлемі 136% артып, 7 млрд теңгеден асып түсті. 2003 жылдың 7 ай қорытындысы бойынша «ТұранӘлем» Банкінің активтері тағы да 27,6% өсіп, 1957 млн долларды құрады және меншікті капитал 10,4% артып, ал пайда 16,2 млн долларға тең болды.
Банк қызметінің келесідей бірнеше негізгі бағыттыры бар: Қазақстан экономикасының нақты секторының дамуына үлес қосуда; клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсетуді кепілдендіре отырып, көрсетілетін қаржылық қызмет спектрін дамытады; Қазақстандық инфрақұрылым дамуына ықпал жасайды; Қазақстан Үкіметінің әлеуметтік бағдарламаларына белсенді қатысады; банктің қаржылық тұрақтылығын жоғарылатады; халық жағынан да, сонымен қатар, халықаралық институттар жағынан Қазақстанның банктік жүйесіне сенімділіктің артуына үлес қосады. Оның негізгі өнімдері болып қаржыландыру, қаржы көздерін тарту, қызмет көрсету болып табылады. Банктің қызметі корпоративтік және банктік операцияларды жүргізуден, саудалық қаржыландырудан, шағын, орта бизнес субъектілеріне және жеке тұлғаларға қызмет көрсетуден, бағалы қағаздар және валюта нарығы бойынша қызмет ұсынудан тұрады. Банк әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік компаниялардан құралатын кең диверсификациялық клиенттік базаға ие.
Банктің потенциалын дамыту және нығайту мақсатында қаржылық қызметті кеңейту үшін «ТұранӘлем» Банкінің қаржылық тобы құрылған. Бұл топ басты банкті қоса алғанда, келесі компанияларды ұсынады:
- Сақтандыру қызметінің нарығы: «БТА» Сақтандыру компаниясы, «Династия» Сақтандыру компаниясы;
- Зейнетақы қорлары: «Қазақстан» мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры, «Құрмет» мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры;
- Ломбардтық қызметтер: «Алтын-орда»;
- Ипотекалық несиелеу нарығы: «БТА Ипотека»;
- Қаржылық лизинг нарығы: «БТА Лизинг»;
- Бағалы қағаздар нарығы: «ТуранАлем Секьюритис»;
- Клирингтік қызметтер: «Алматы қалалық клирингтік палатасы»;
- Халықаралық нарықтар.
Банктің ірі клиенттеріне кіретіндер: мұнай-газ, телекоммуникациялық компаниялар, тау-кен, тамақ, метталлургия, өңдеу, ауыл шаруашылығы өнеркәсіптік мекемелері, көтерме-бөлшек сауда, қызмет көрсету компаниялары. 2003 жылдың 1 қаңтарына Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша Банктің рыноктағы үлесі келесідей көрсетілген:
- Меншікті капитал бойынша -13,4% (екінші банк);
- Несие-нетто бойынша -18,4% (екінші банк);
- Депозит бойынша -17,7% (үшінші банк);
Банктің менеджментінің жоғары мамандандырылған потенциалы, оның даму тенденциясы сақталғандығы деп санауға негіз болады. Негізгі міндет –активтер мен пассивтерді барынша сенімді және тиімді қаржылық құралдарға мобильді және оптималды түрде орнықтыру. «ТұранӘлем» Банкі қызметінің тұрақтылығы клиенттерге персоналды қызмет көрсетуге қатынасты және жұмыстардың негізгі бағыттарын белсенді дамытуды: жедел депозиттерді тартуды, халыққа несие беру көлемін арттыруды, төлем карточкаларын пайдалану сферасын дамытуды қарастырады.
БТА «Славинвестбанк» ресейлік еншілес банк арқылы 100 млн доллардан аса мөлшерде ресейлік мекемелерді несиелендіруді 2003 жылдың мамырына БТА сыртқы қаржылық нарықтарға 225 млн доллар көлеміндегі 7 жылдық еурооблигацияларды орналастыруды аяқтады. Бұл қаражаттар Қазақстандық орта және ірі компанияларды несиелеуге бағытталған. 2003 жылдың 1 тамызында Лондонда БТА-ға 245 млн доллар мөлшеріндегі жедел займ ұсыну туралы «БТА» ААҚ мен Citigroup және Deutsche Bank AG London арасында келісімге қол қойылды. Қаражаттар нақты сауда келісім –шарты қарымқатынастарға бағытталды. “Dealogic” ақпараттық агенттігі бұл келісімді Қазақстандық банктер және ТМД –ның жеке банктері үшін синдицияланған займдар аясындағы ең ірісі деп атады. Бұл займның ерекшелігі оның 18 ай өтеу мерзімінде. [2]
1 тарау. Бағалау жұмысын ұйымдастыру және реттеу
- Бағалаудың мақсаты және құнның түрлері.
Кәсіпорынның құнын бағалау – кәсіпорынның нарықтық бағасын есептеу және негіздеу болып табылады.
Кәсіпорынды бағалау – өзіндік мақсатқа емес, нақты мәселені шешуге бағытталады. Бағалаушыға бағалау жүргізудің мақсатын білу керек, сонда ғана ол дұрыс әдістемелік құрал таңдай алады.
Кәсіпорын құнын бағалау қажеттігі келесі себептерге байланысты туындайды:
- кәсіпорынды сату;
- кәсіпорын мүлкінің бөлігін сату (жер учаскесі, ғимарат, құрылғы);
- қайта ұйымдастыру (қосылу, бөліну және т.б.) және кәсіпорынның жойылуы, яғни меншік иелерінің және арбитраждық сот шешімі бойынша кәсіпорын болған кезінде;
- құнды қағаздар нарығында кәсіпорын акцияларын сату-сатып алу (акционерлік меншіктегі кәсіпорынды сатып алу немесе оның бөлігі);
- серіктестік немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі жарғылық капитал үлесін сату-сатып алу (үлесі ақшалай бірлікте бағаланады);
- кәсіпорынды жалға беру. Жалдық төлемді анықтау үшін және жалға алушының кейін сатып алуы үшін (егер ол келісім-шартта белгіленсе) құны бағаланады;
- кәсіпорынды дамыту инвестициялық жобасын жүзеге асыру үшін кәсіпорынның бастапқы құнын негіздеу қажет;
- кәсіпорынды кепілге қою арқылы несие алу (ипотека);
- кәсіпорын мүлкін сақтандыру;
- мүлік салығын есептеу үшін салық базасын анықтау;
- негізгі қорды қайта бағалау.
Осылайша, мүліктік комплексті бағалау құнынының дұрыстығы көбіне бағалау ауданын дұрыс анықталуына байланысты: сатып алу-сату, несие алу, сақтандыру, салық салу және т.б.
Кез келген мүлік құнын келесі бір –бірімен тығыз байланысты: біріншіден, кез келген бірнеше басқа мүлікке (ақшалай эквивалент мағынасында) осы мүлікті айырбастау және, екіншіден, мүлік иесі болашақта күтетін табыстардың ағымдағы құны ретінде анықтауға болады.
Құн, шығын және баға түсініктері арасында айырмашылық болуы маңызды. Құн – бағаланып жатқан мүлікке сатып алушының (инвестордың) қанша төлеуге дайын екендігін айқындайтын мөлшер. Шығын – бағаланып жатқан меншікке ұқсас объектіні құру үшін кететін шығындар мөлшері. Бұл шығындар мүмкін сатып алушы төлеуге дайын сомада өзгеше бағалануы мүмкін. Бір қатар факторларға тәуелді, сатып алушы қажеттігі, тең құнды объектілердің болуы және басқа сатып алушылардың белсенділігін қоса алғанда, бұл шығындар, бағалау датасына құны төмен немесе жоғары болуы мүмкін.
Құн мен баға өзара тек жетілген нарық жағдайында тең болуы мүмкін. Мүлікке байланысты құнды қолдану нақты шарттардың нәтижесі күтілетін бағаны құрайды. Баға – алдыңғы келісім –шарттарда ұқсас объектілерді сатып алуға қанша жұмсалғанын көрсететін факт. Тек талдау жасап, бағалаушы ағымдағы төленген немесе алынған баға мүліктің құнын көрсететін бекіте алады.
Құн туындайтын негізгі 4 шарт бар: сұраныс, пайдалылық, тапшылықтығы және меншік құқығын беру мүмкіндігі.
- Сұраныс. Сұраныс – белгілі уақыт аралығында нарықта сатып алынуы мүмкін тауар (қызмет) немесе меншік объектілерінің саны. Сұраныстың өсуі бағаның өсуіне әкеледі.
- Пайдалылық. Пайдалылық деп тауар (қызмет) немесе меншік объектісінің адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін айтады. Берілген зат қажеттілікті қанағаттандыруы жоғары болса, соғұрлым оған деген сұраныс жоғары болады. Пайдалықтың өсуі, әдетте бағаның өсуімен қатар жүреді.
- Тапшылықтығы. Үлкен сұранысқа және жоғары пайдалылығына қарамастан, ешбір мүлікке тапшылық болмағанға дейін, оның құны болмайды.
- Меншік құқығын беру мүмкіндігі. Кез келген зат оған меншік құқығын беру мүмкіндігі бар болған кезде ғана тауар болады (сәйкесінше, құны болады). Осылайша, мысалы, егер белгілі жер түрлерінің заңды күші бар заңнамаға сәйкес сату мүмкін болмаса, онда оның құны болмайды, бірақ бұл жерлердің жалдау құқығының нарықтық құнын бағалауға болады.
Мүлік құнын бағалау, жоғарыда айтылғандай, нақты бір мақсатпен жасалмауы (сату бағасын анықтау, ипотекалық несие алу, мүлікті сақтандыру және т.б.). Бұл бағалаудың мақсатын белгілеумен, ізделінетін құнды есептеуді таңдаумен шартталады. Бір мүліктің құны әртүрлі құнды анықтауды қолдану арқылы әртүрлі құны болады. Мысалы, өрттен сақтандыру үшін бағалау, ипотекалық несиелеу мақсатында бағаланудан өзгеше болады. Бірінші жағдайда құн мөлшері құрылғыларды қалпына келтіру шығындарымен анықталады, ал екіншісі жағдайда – ипотекалық несие төмендеуі тоқтатылған жағдайда объектінің ықтимал сатуға болатын бағасы.
Осылайша, бір мүліктің өзін бағалаудың белгіленуіне байланысты әртүрлі құны бола алады.[3]
Әртүрлі қажеттіліктерге және орындалатын функцияларына байланысты бағалаушы практикада келесі құнның негізгі түрлерін қолданады.
Негізделген нарықтық құн – берілген мүлік түрінің бәсекелестік және ашық нарыққа тән бағасы. Бұл сатып алушы да, сатушы да керекті ақпаратпен қамсызданған және сырттан қандай болмасын басымдылық болмайтын экономикалық рационалды және ақылға қонымды іс-әрекет ететін еркін бәсекелестікті білдіреді. Бұл құн меншік құқығын беру және алып қою жағдайларында қолданылады. Практикада нақты келісім –шарт бағасы нарықтық құннан келесі факторлардың әсерінен өзгеше болады, олар қаржыландырудың ерекше жағдайы, мәжбүрлі сатып алу –сату, жағдайы, жақтардың жеткілікті ақпаратпен қамтылмауы, нарық деформациясы, қысым арқылы сату және т.б. Нарықтық емес құнға мысал нормативті есептелетін құн болып табылады.
Нормативті есептелетін құн –сәйкес басқару органдарының бекітілген әдістерінің және нормативтерінің негізінде есептелетін мүліктік комплекстің құны. Бұнда қарастырылатын мүліктік комплкес түрінің бірегей норматив шкаласы (мөлшерлеме, коэффициент, үлестік баға) қолданылады. Нормативті есептелетін құны мысалы, кәсіпорынның мүлік салығын есептеу үшін негізгі құралдардың жылдық қалдық құны, материалды емес активтер, қорлар және шығындар салықтық база ретінде қызмет етеді. Салық салынатын құнды есептеу үшін баланстың активінде көрсетілген кәсіпорынның бухгалтерлік есебіндегі сәйкес мүлік шоттарының қалдықтары алынады. Нормативті есептелетін құнға басқа мысал ретінде жер салығын есептеу үшін жер учаскесінің құнын анықтау болып табылады. Бекітілген салық мөлшерлемелері және әртүрлі жердің немесе учаскенің сипаттамасын ескеретін түзету коэффициенттері бар.
Мүліктік комплекстің нормативті есептелетін құнының көрсеткіші практикада салық органдары, сондай-ақ мүлікті мемлекеттік сақтандыру органдарымен қолданылады. Бұл көрсеткіште жәбірлену бойынша залалды бағалау үшін сот органдары қолдануы мүмкін.
Бухгалтерлік есеп жүйесіне байланысты баланстық құнды бастапқы, қалпына келтіру және қалдық деп бөледі.
Баланстық құн — кәсіпорынның құрылысқа немесе негізгі құралдардың элементтерін сатып алуға кеткен шығындар, ол баланста тіркеледі.
Бастапқы құн кәсіпорында объектіні іске қосу мезетінен бастап есептік құжаттарда көрсетіледі. Эксплуатациядағы мүлік объектісі бастапқы құны бойынша есептеледі, реконструкция немесе модернизация жасалған мезетке дейін немесе қорды қайта бағалау мезетіне дейін.
Қалпына келтіру құны –ертеректе құрылған негізгі құралдардың қазіргі жағдайдағы ұдайы өндіріс құны. Бағалаушы негізгі құралдардың элементтерінің толық қалпына келтіру құнын алмастыру әдісімен, яғни ұқсас объектілердің қазіргі нарықтық құнымен есептеледі.
Қалдық құны. Егер баланстық құннан эксплуатация периодындағы тозу сомасын алып тастасақ, онда қалдық құнын аламыз. Егер бағалаушы қайталама нарық бағасы бойынша жүргізсе, қалдық құнның нарықтық сипаты болуы мүмкін.
Бағалау тәртібіне байланысты ұдайы өндіру құны және алмастыру құнына бөлінеді.
Ұдайы өндіру құны – бағаланып жатқан мүліктің сатып алынған немесе қазіргі кездегі бағалармен және сол немесе өте ұқсас материалдар арқылы ұдайы өндірілетін объектінің дәл көшірмесінің құны. Ұдайы өндіру құнын анықтау жиі мүмкін емес, оның себебі технологиялардың, материалдардың, шикізаттық стандарттардың және т.б. өзгеруі. Сондықтан практикада алмастыру құны қолданылады.
Алмастыру құны –бағаланып жатқан объектіге пайдалылығы бойынша эквивалентті ұқсас меншік объектісінің ағымдағы өндіру құны.
Мүліктік комплекстің құнын әріқарай қызмет ететін және жойылу құны деп бөледі.
Мүліктік комплекстің құны, әрі қарай қызмет ететін –келісім-шарт жасалғаннан кейін алғашқыдай қызмет ететін және табыс әкелетін объектінің сатып алу –сату құны. Мысалы, инвестор, кәсіпорын акциясын сатып алу және оның құнын бағалау барысында, эмитент-кәсіпорын –бұл тиімді қызмет етіп тұрған объект және ол табыс әкеледі деген тұжырымнан шығады.
Жойылу құны меншік иесі сату барысында келісуге мәжбүр сату бағасы. Кәсіпорының жойылу құнын бағалау, мысалы, оның банкроттық нәтижесінде мәжбүр жойылу және аукционда ашық сату кезіде орын алады.
Бағалау жағдайына байланысты, сондай-ақ құнның бірнеше түрін бөлуге болады: инвестициялық, тұтынушылық, сақтандыру, утилизациялық.
Инвестициялық құн –мүліктік комплекстің құны, егер оны қандай да бір инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін инвестициялық салым ретінде қарастырсақ. Нарықтық құнға қарағанда, инвестициялық құны нақты және белгілі жобаны және оның инвесторымен байланысты. Инвестициялық құн мүліктік комплекстің нарықтық құнының берілген инвестициялық комплекске инвестициялау нәтижесінде өсуін білдіреді. Инвестициялық құнды қайта ұйымдастыру шаралары және инвестициялық жобаларды негіздеу негізінде қолданылады.
Тұтынушылық құны (қолданудағы құн). Бұл құнды немесе нақты меншік иесі үшін объектісінің маңыздылығын, ашық нарықта сатуға қоюын, қоймауын көрсетеді. Құнды қолдануға оның иесі –тұтынушы үшін экономикалық тауар құны анықталады және оны тиімді қолдануға негізделген (табыс, пайдалылық, қолайлылық түрінде).
Құнды қолдануда нарықтық құнды көрсетуі міндетті емес. Тұтынушылық құн туралы мәліметтер бағаланып жатқан мүліктік комплексті әртүрлі сапасы және пайдалылығы бар ұқсас объектімен салыстыру керек болған кезде керек.
Сақтандыру құны –сақтандыру мақсатында және сақтандыру келісім-шартында (полисінде) көрсетілетін объектінің нарықтық құны. Сақтандыру құны элементтер бойынша есептеледі, ол сақтандырудың орнын толтыру үшін бағалау керек. Әдетте сақтандыру құны, сақтандыру жағдайынан кейін сақтанушыға өзінің мүлкін қалпына келтіру, жаңасын сатып алу кезінде алмастыру құны ретінде анықталады.
Утилизациялық құн –шекті жағдайда толығымен тозуға жеткен немесе төтенше жағдайлардың және өзінің алғашқы құнын жоғалтқан кездегі утилизацияланатын материалдық активтердің құны. Утилизациялық құн –бұл материалдар массасының қайталама құнынан тұратын бағаланатын объект.[4]
- Бағалау жұмысын ұйымдастыру және құқығын реттеу.
Бағалау мақсатында кәсіпорын ресурстарына сараптау және оған құқығын тексеру негізі болып Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ҚРАҚ), басқа заңнамалық және нормативті актілер, оның ішінде, жекешелендіру, банкроттық, жалдау қатынастары, кепіл және ипотека, құнды қағаздар нарығы, интеллектуалдық меншік, сенімдік басқару және т.б. сферасында қарастырылады.[5]
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметін реттейтін заңнама, 30 қараша 2000 жылғы № 109-ІІ «Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы» заңынан, басқа заңдардан және нормативті-құқықтық актілерден және олардың субъектілерінен, сондай-ақ Қазақстан Респупликасының Халықаралық шарттарынан тұрады. Қазақстан Республикасының субъектілері бағалау қызметін республикалық заң, бағалау мақсатында Қазақстан Республикасына тиесілі бағалау объектілеріне, Қазақстанның субъектілерінің немесе муниципалды құрылымдарына жеке және заңды тұлғаларға қатысты бағалау қызметін реттеудің құқықтық негізін анықтайды.[6]
Заң бойынша, бағалау қызметі былай түсіндіріледі: бағалау объектісінің басқа немесе нарықтық құнын бекітуге бағыттылған бағалау қызметі субъектілерінің қызметі, бағалау объектісінің бәсекелестік жағдайда –ашық рынокта ең мүмкін сатылу бағасы.
Бірақ бұнда, келісім –шарт қатысушылары қажет ақпаратпен қамтытып, ақылға қонымды шешімге келеді деп болжанады, ал келісім –шарт бағасының шамасына қандай болмасын төтенше жағдайлар көрсетілмейді, яғни:
- келісім –шарттың бір жағы (сатушы) бағалау объектісін сатуға міндетті емес, ал басқа жақ (сатып алушы) оны сатып алуға міндетті емес;
- келісім –шарт жасасушы жақтар (сатушы және сатып алушы) келісім –шарт заты туралы хабардар және өзінің мүддесіне қарай қызмет етеді;
- келісім –шарт бағасы екі жақтың да ешбір мәжбүрлеуінсіз келісім –шарт жасасуға бағалау объектісіне ақылға қонымды сыйақыны білдіреді;
- бағалау объектісі үшін төлем ақшалай формада жасалады.
Кәсіпкерлік қызмет, соның ішінде бағалау қызметін жүзеге асыру барысында туындайтын азаматтық құқық объектілеріне мыналар жатады:
О Меншік құқығы және мүлікке басқа заттық құқықтыр
Б немесе бөлек заттар
Қ Ъ
Ұ Е жылжымайтын мүлік, жылжитын мүлік, соның ішінде,
Қ К машиналар, қондырғылар және т.б.
Ы Т
Қ Л айналымға қатысатын жұмыстар, қызметтер, ақпарат,
Е азаматтық құқықтың басқа объектілері
Р
І интеллектуалды меншік объектілері (материалдық емес
активтер)
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде бекітілгендей азаматтардың және жеке тұлғалардың иелігінде, заң бойынша айналымнан алынып тасталған және оларға жатпайтын бөлек түрлерінен басқа, сандық және құндық түрінде шектеусіз мүлікке иелік ете алады.
Меншік иесін өзінің мүлкіне иелік ету, қолдану және билік ету құқығы берілген, оған қатысты заңдарда және басқа құқықтық актілерге және басқа тұлғалардың құқықтарын және мүдделеріне қайшы келмейтін, әртүрлі іс -әрекет жасай алады.
Меншік иесі өзінің мүлкімен абсолютті түрде билік етуге құқылы:
а) ие болу, яғни онымен нақты билік ету;
б) қолдану, яғни мүліктен пайда, табыс әкелу;
в) билік ету, яғни, оның заңдық мәртебесін анықтау: сату, сыйға беру, жалға беру, кепілге беру, айырбастау және т.б.
Меншік құқығынан басқа заттық құқықтар бар:
- жер учаскесіне өмір бойы мұралық, иелік ету құқығы;
- жер учаскесін тұрақты қолдану құқығы;
- сервитуттар;
- жолдау;
- кепіл және ипотека;
- сенім бойынша басқару;
- және т.б.
Меншік құқығының басқа тұлғаға берілуі осы мүлікке басқа заттай құқықтардың тоқтатылуына негіз болып табылады.
Меншік иесі өзінің мүлкін басқа тұлғалалрға тапсыруы мүмкін оларға мүлік иесі бола тұра, иелену құқығын, мүлікті басқару және қолдану, мүлікті кепілге және басқа түрде басқаруы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексі қабылданғаннан бері, негізінен иелік ету құқы, жер және басқа табиғи ресурстармен қолдану және басқару шегі оның айналымы заңмен рұқсат етілген мөлшері реттелген. Бұл құқықтар меншік иесі тарапынан еркін, егер бұл басқа тұлғалардың құқықтарын және заңдық мүдделерін бұзбаған жағдайда.[7]
Жалпы, иелігінде жер учаскесі бар тұлғалар оны сатуға, сыйға беру, кепілге немесе жалға беруге құқылы, өйткені заңға сәйкес, жер учаскелері айналымнан шығарылмаған немесе айналымда шектелмеген. Жер учаскесіне меншік құқығы учаскенің үстінгі қабатының шекараларына және жабық су қоймаларына, ондағы орман және өсімдікке таралады, ал жер учаскесінің үстін де, астын да, егер жер қойнауы туралы, әуе кеңістігін қолдану туралы заңдарды және басқа тұлғалардың құқығын бұзбаған жағдайда қолдануға құқылы.
Жер учаскелері және ондағы жылжымайтын мүлік олардың меншік иелері тарапынан басқа тұлғаларға тұрақты немесе жедел қолдануға, соның ішінде, жалға, ал ғимарат, қондырғы немесе басқа жылжымайтын мүлік тұлға арқылы жасалынған болса, онда ол оның меншігі болып табылады.
- Бағалау қызметін лицензиялау тәртібі.
Қазақстан Республикасында бағалау қызметін лицензиялау, Қазақстан Республикасында бағалау қызметі туралы заңының 20-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. [8]
Қазақстан Республикасының лицензиялау заңының 2-бабына сәйкес лицензия ұғымын анықтап алайық:
Лицензия –азаматқа немесе заңды тұлғаға белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белглі бір іс -әрекет жасауға құзырлы мемлекеттік орган беретін рұқсат лицензия деп ұғылады.
Бағалау қызметін лицензиялау –бағалау қызметін реттеудің мемлекеттік процесінің құрамдас бөлігі оның жұйесіне лицензиялаумен қатар, сондай –ақ әдістемелік кеңестерді, нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде бағалау қызметінің субъектісіне міндетті қолданылатын бағалау стандарттарын, бағалау туралы есепке экспертиза жүргізуді әзірлеу және қабылдау.
Бағалау қызметін мемлекеттік реттеу туралы айтқанда дамыған нарықтық экономикалы мемлекеттерде азаматтарды құқықтармен қамтамасыз ету, мемлекеттің маңызды қызметі екенін атап көрсету керек. Сондықтан бұл елдерде лицензиялау процедурасы халыққа қызмет көрсетумен айналысатын (дәрігерлер, адвокаттар, архитекторлар және т.б.) көпшілік мамандықтарының өкілдеріне қатысты өте кең қолданылады. Лицензия мемлекет тарапынан белгілі қызмет түрін атқаруға рұқсат беру болып табылады, сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету деңгейінің сапасын қамтамасыз ету әдісі болып келеді.
Шетелде лицензия, әдетте әртүрлі басқару органдарымен беріледі. Бірақ, стандарттар лицензия алуға байланысты барлық лицензиялық талаптар, емтихандық процедуралар негізінен мамандардың профессионалды ұйымдарымен бақыланады және әзірленеді. Соңғысының қағидалық маңызы бар, өйткені лицензиялау мамандықтар жаппай дамып, еркін бәсекелестік және білім жүйесінің қол жетерлік жағдайында туындады. Айта кету керек, бүкіл әлемде, бағалаушылар қызметі жаппай мамандық болып саналмайды және де бұл мамандық элитарлық ретінде бағаланады, өйткені бағалаушылар қызметіне жай азаматтар емес, көбіне профессионалдар –жылжымайтын мүлікпен айналысатын брокерлер, банк қызметкерлері және т.б. сондықтан тарихи қалыптасқандай, дамыған нарықтық экономикалы мемлекеттердің көбінде бағалау қызметі тікелей мемлекет тарапынан реттелмейді. Бірақ жоғары профессионалды дейгейді қалпында ұстау профессионалды ұйымдар тарапынан стандарттарды қабылдау және сақтау арқылы реттеледі.
Италия, Испания, Жапония ерекше жағдайды құрайды, бұл мемлекеттерде лицензиялау формасының белгелі мемлекеттік регламенті бар, сонымен қатар, АҚШ-та жылжымайтын мүлік бағалаушыларын мемлекеттік лицезиялау бұдан 5 жыл бұрын енгізілген.[9]
Қазақстанда бағалау қызмет түрі ретінде де, мамандық ретінде де құрылу кезеңін басынан кешуде. Нарықтық қатынастарға көшудің басында, Қазақстанда сәйкесінше бағалаушы қызметіне деген сұраныстың болуы негізгі қорды қайта бағалау толқынында өзінің шыңына жетті. Нарықта стандарттарды ұстанбайтын және қызмет сапасын өте төмен көрсететін көптеген бағалаушылар пайда болды. Осыған байланысты Қазақстандағы мамандықтың туындау сатысында бағалау қызметін сәйкес деңгейде ұстап тұру үшін мемлекеттік реттеуді енгізу қажет болды.
Бұл мәселені шешкен 30.11.2000 жылы №109-ІІ «Қазақстан Республикасндағы бағалау қызметі туралы» Заңы бағалау қызметіне лицензиялауды енгізді.
Бағалау қызметі 30.11.2000 жылы №109-ІІ «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңының 2-бабының 4-тармағына сәйкес –бұл бағалау қызметінің субъектілері жүзеге асыратын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, бағалау объектісіне қатысты белгілі бір күнге нарықтық немесе өзгеше құнын белгілеуге бағытталған кәсіпкерлік қызмет.[10]
Лицензия алу үшін қажетті құжаттар:
- нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі арыз;
- лицензияттың осы Заңның 15-бабының талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын құжаттар;
- қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Бұдан басқа заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі табыс етілуі қажет.
Заң актілерінде лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлері жөніндегі құжаттар тізбесіне қосымша және арнаулы талаптар белгіленуі мүмкін.
Лицензиат (субъект) құжаттарда берілген ақпараттың дұрыстығы, толықтығы және уақытылы берілуі үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жауапты болады.
Лицензия беру, егер заң актілерінде өзгеше мерзім белгіленбесе, лицензиялар барлық қажетті құжаттармен қоса арыз берілген күннен бастап бір ай мерзімінен, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін –он күн мерзімінен кешіктірмей беріледі.
Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленетін ставкалары, есептесу мен төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес белгіленеді.
Қызметтің тиісті түрімен айналысатын бүкіл кезеңге лицензия беру, лицензия берген кезде лицензиялық алымды бір жолғы төлеумен қоса жүзеге асырылады. [11]
2 тарау. Кәсіпорынның қаржы жағдайы және бизнес ретінде келешекте дамуы.
2.1. Талдамалық жұмысқа әдістемелік көзқарас.
Қаржылық талдаудың негізгі алты әдісін бөліп қарастыруға болады:
- көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау — әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және т.б.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау – барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамжық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әртүрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Салыстырмалы (кеңістік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай – ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шарушылық аралық талдау болып табылады.
Қаржылық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері (синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия, және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейіделуі тиіс. [12]
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфулин ұсынды. Ол талдаудың келесі бөліктерін тұрады: қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және төлеу қабілетін талдау.
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланс – нетто бойынша бағалау, сондай – ақ қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімдігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе – теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.
В.А. Андреев[13] және В.В. Ковалев[14] кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: экспресс – талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс – талдаудың негізгі мақсаты – бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағадайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс – талдаудың бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Онық мақсаты – шаруашылық субъектісінің қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі, сондай – ақ кәсіпорынның болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақты дәрежесі аудитордың өзінің ықыласына байланысты.
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдер қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан – жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай – ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
2.2. Бухгалтерлік есептің негізі және қаржылық есептілікті жасау.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен тәсілдер жүйесі құрайды. Олар құжаттау, түгендеу, бухгалтерлік балама жасау, екіжақты жазу әдісін қолданып жинақтамалы және талдамалы шоттар жүйесін мүліктер мен міндеттемелерді бағалау, калькуляциялау мен кәсіпорынның есеп беруі арқылы жүзеге асырылады.
Шоттар және екі жақты жазу
Бухгалтерлік есептің шоттары біртектес шаруашылық операцияларын топтастыруға және ағымдағы есебін жүргізуге арналған. Қорлардың әрбір түрі мен олардың көздеріне жеке шот ашылады. Мысалы, 441 -“Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшалар”, 451-“Кассадағы ұлттық валютамен берілетін қолма –қол ақшалар”, 551 -“Заңмен белгіленген резервтік капитал”, 571 -“Жиынтық кіріс” және т.с.с.
Екіжақты жазу –шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеудің әдісі. Бұл әдістің мәні -әрбір шаруашылық операциясы екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазылады.
Кәсіпорынның қорлары бухгалтерлік баланста ақшалай өлшеммен екі топтамада көрсетіледі: оның бірі кәсіпорынның қандай қорлары бар екендігін, екіншісі –олардың қандай көздерден пайда болғанын көрсетеді.
Сонымен, баланстың негізінде кәсіпорындағы шаруашылық қорларының жағдайы мен оларды пайдалануға қадағалауды жүзеге асыруға болады. Есеп беру дегеніміз кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі өндірістік –шаруашылық және қаржы қызметтерін сипаттайтын көрсеткіштердің арнайы кестелерде топтастырылған жүйесі.[15]
Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есептің кезеңдегі қаржы – шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. ҚР Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгерді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талаптарына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтілді. Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын, орналастыруын және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті құжаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.[16]
Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті, несиелік және өзге де қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтері мен міндеттемелерін жабу дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорынның мынадай пассивтерін: неғұрлым жедел пассивтерді, қысқа мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында, бәсекелес – кәсіпорындардың ортасында жұмыс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ.
Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың, өкілдіктердің, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоса алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық есеп беруді жасайды. Қаржылық есеп беру ҚР Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалады. Атап айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді тапсыруға міндетті. Шаруашылық субъектілерінің бастамасы бойынша немесе әріптестермен келісім бойынша қаржылық есеп беру басқа да есептік деректермен және түсіндірме жазулармен толықтырылуы мүмкін.
Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1- қаңтардан 31- желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзім саналады. Жаңадан құрылған кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып олар заңды тұлға құқын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең, ал 1- қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31- желтоқсанын қоса алғандағы мерзім қосылады.
Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар: көрсеткіштердің қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайылығы, жинақтамалы және талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырмалылығы, есептік көрсеткіштердің өткен жылдың осындай мерзіміндегі есепті көрсеткіштермен салыстырмалдылығы.
Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынның (мекеменің) басшысы және бас бухгалтер, сондай – ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру мерзім сайын әзірленеді және тапсырылады және пайдаланушылардың кең ауқымының ақпараттарды тұтыну мұқтаждығын қанағаттандырады. Кейбір пайдаланушылардың Өкілеттігі болса, қаржылық есеп беруде көрсетілгендерге қосымша ақпараттарды талап ете алады.
Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге түсіндірме жазу, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және онымен бірге оқылатын болады.
2.3. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау.
«Алаугаз» АҚ көрсеткіштері негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасайық.
ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕ
Табыс және шығыс есебі (Абсолютті мән)
|
|
|
|
|
|
2001 жыл мың. тг |
2003 жыл мың. тг |
Өсімше, жыл. тг |
Өсімше, % |
|
|
|
|
|
Таза сатылым көлемі |
3 713 112,00 |
631 640,00 |
-2 081 472,00 |
56,06 |
Өзіндік құны |
1 583 004,00 |
122 653,00 |
-1 460 351,00 |
-92,25 |
Жалпы пайда |
2 130 108,00 |
1 508 987,00 |
-621 121,00 |
-29,16 |
Жалпы шығындар |
2 334 489,00 |
1 569 359,00 |
-765 130,00 |
-32,78 |
Басқадай операциондық табыстар |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
-68,69 |
Басқадай операциондық шығындар |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
-50,57 |
Операциондық табыс |
-204 381,00 |
-60 372,00 |
144 009,00 |
70,46 |
Алуға тиісті проценттер |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
-19,68 |
Төлеуге тиісті проценттер |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
42,59 |
Басқадай сатудан тыс табыстар |
871 044,00 |
0,00 |
-871 044,00 |
158,17 |
Басқадай сатудан тыс шығыстар |
0,00 |
41 794,00 |
41 794,00 |
416,83 |
Салыққа дейінгі пайда |
666 663,00 |
-102 166,00 |
-768 829,00 |
-115,32 |
Табысқа салық |
6 988,00 |
0,00 |
-6 988,00 |
8,48 |
ТАЗА ПАЙДА |
659 675,00 |
-102 166,00 |
-761 841,00 |
-115,49 |
Талданып жатқан периодта сатудан түскен таза түсім 3 713 112,00 мың теңгеден 1 631 640,00 мың теңгеге дейін азайды немесе 56,06% төмендеді. Өзіндік құн шамасы 1 583 004,00 мың теңгеден 122 653,00 мың теңгеге азайды немесе -92,25% құрады.
Жалпы түсім көлеміндегі өзіндік құнның үлес салмағы 42,63% дан 7,52% қысқарды. Түсім және өзіндік құнның абсолютті мәндерінің өзгеру темпін салыстыру негізгі қызметтің тиімділігін өсуі туралы куәландырады.
Операциондық табыс талданып жатқан периодта — 204 381,00 мың теңгеден -60 372,00 мың теңгеге өсті немесе 70,46%. Бұл кәсіпорынның операциялық қызметінің нәтижелігінің өсуі туралы айтады. Талданып жатқан период соңына кәсіпорынның негізгі қызметі залалды болды және операциондық қызметінің залал сомасы 60 372,00 мың теңге құрады. Сатудан тыс қызметпен байланысты табыс пен шығыстың өзгеру темпін салыстыру оның табыстылығының төмендеуін көрсетеді.
Талданып отырған период соңына кәсіпорын -102 166,00 мың теңге таза табысы болды, ол төмендеу тенденциясын көрсетті, яғни қаржылық – шаруашылық қызмет нәтижесінде алынған меншікті қаражат төмендеді. Кәсіпорынның табыс құрылымында пайданың көп бөлігін негізгі емес қызметтен түскен үлесі құрайды.
График 1. Қызмет түрінен табыс, мың теңге
ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
Жалпы кәсіпорынның қаржылық жағдайын бірнеше қатар өтімділік, қаржылық тұрақтылық, төлемқабілеттілік, рентабельділік көрсеткіштерімен талдау жүргізуге болады.
Қаржылық көрсеткіштер (Абсолютті мән, мың теңге)
|
|
|
|
|
|||
|
2001 жыл |
2003 жыл |
Өсімше |
Өсімше,% |
|||
|
|
|
|
|
|||
Өтімділік көрсеткіштері |
|||||||
Абсолютті өтімділік коэффициенті (LR) |
0,0567 |
0,5624 |
0,5057 |
892,29 |
|||
Жедел өтімділік коэффициенті (QR) |
1,0263 |
6,3005 |
5,2742 |
513,92 |
|||
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (CR) |
3,9816 |
6,3063 |
2,3246 |
58,38 |
|||
Таза айналым капиталы (NWC) |
12 759,98 |
908 019,42 |
895259,44 |
7 016,15 |
|||
Капитал құрылымының көрсеткіші: |
|||||||
Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті (EQ/TA) |
0,7765 |
0,8547 |
0,0782 |
10,07 |
|||
Барлық міндеттемелердің активке қатынасы (TD/TA) |
0,2235 |
0,1453 |
-0,0782 |
-34,99 |
|||
Барлық міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы (TD/EQ) |
0,2878 |
0,1700 |
-0,1178 |
-40,93 |
|||
Ұзақ мерзіаді міндеттемелердің активтерге қатынасы (LTD/TA) |
0,0000 |
0,0000 |
0,0000 |
0,00 |
|||
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің айналымнан тыс активтерге қатынасы (LTD/FA) |
0,0000 |
0,0000 |
0,0000 |
0,00 |
|||
Проценттерді өтеу коэффициенті (TIE), рет |
X |
X |
|
0,00 |
|||
Рентабельділік көрсеткіші: |
|||||||
Сатылым рентабельділігі продаж (ROS), % |
17,7661 |
-6,2616 |
-24,0276 |
-135,24 |
|||
Меншікті капитал рентабельділігі (ROE), % |
29,3963 |
-4,8846 |
-34,2809 |
-116,62 |
|||
Ағымдағы активтердің рентабельділігі (RCA), % |
25,6512 |
-4,5562 |
-30,2074 |
-117,76 |
|||
Айналымнан тыс активтердің рентабельділігі (RFA), % |
207,2775 |
-49,8866 |
-257,1640 |
-124,07 |
|||
Инвестициялар рентабельділігі (ROI), % |
29,3963 |
-4,8846 |
-34,2809 |
-116,62 |
|||
Іскерлік белсенділік көрсеткіші: |
|||||||
Жұмысшылар капиталының айналымдығы (NCT), рет |
1,9281 |
0,8648 |
-1,0633 |
-55,15 |
|||
Негізігі құралдардың айналымдығы (FAT), рет |
11,6670 |
7,9671 |
-3,6999 |
-31,71 |
|||
Активтердің айналымдығы (TAT), рет |
1,2848 |
0,6667 |
-0,6181 |
-48,11 |
|||
Қор айналымдығы (ST), рет |
188,4529 |
89,9216 |
-98,5313 |
-52,28 |
|||
Дебиторлық қарызды өтеу периоды (CP), күн. |
~ 247,7412 |
456,4264 |
208,6852 |
84,24 |
|||
Жалпы өтімділік коэффициенті (Ағымдағы өтімділік коэффициенті), қарастырылып отырған периодта 3,982 ден 6,306 ұлғайды немесе 58,38. Нормитивті мәні 1,0 мен 2,0 аралығында болғандықтан кәсіпорын өз активтерін тиімсіз қолданады.
Талданып жатқан периодта бұл көрсеткіштің өзгеру тенденциясының оң болуы ағымдағы міндеттемелерді өндірістік қор, дайын өнім, ақша қаражаттары, дебиторлық қарыз және басқадай айналым активтері есебінен өтеу ықтималдығын ұлғайтты.
Жедел өтімділік коэффициенті (Тез өтімділік коэффициенті) талданып отырған периодта 1,026 -дан 6,300 дейін өсті бұл көрсеткіш интервалы 0,7 мен 0,8 аралағында немесе 513,92%.
Коэффициент мәнінің төмендігін және ағымдағы қарызды өтеу қиындығының төмендігінен қосымша қаражат табуға жақсы мүмкіндіктерін көрсетеді.
Абсолютті өтімділік коэффициенті, талданған период аралығын 0,0597 -ден 0,5624 дейін өсті (нормативті мәні 0,2-0,5) немесе 983,29%. Талданып отырған периодта кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерін ақша қаражаттары есебінен бірден өтеу қабілеті өсті.
График 2. Кәсіпорынның өтімділік көрсеткіштері
Автономдық коэффициенті (қаржылық тәуелсіздік), талданып отырған периодта 0,777 –ден 0,855 дейін өсті (нормативті мәні 0,5-0,8) немесе 10,07%. Коэффициенттің нормативті мәнінен асуы кәсіпорын несиелік ресурстарын тиімді тарту қабілеті жоқ екендігін көрсетеді. Коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының өскендігін айтады.
Кәсіпорынның балансындағы қарыз капиталының үлесі таладнып отырған периодта 0,223 –тен 0,145 дейін төмендеді немесе 34,99%. Осылайша, талданып отырған периодта кәсіпорында қарыз капиталын қолданудың төмендеу тенденциясы байқалады.
Барлық міндеттемелер және меншікті капитал арасалмағының коэффициенті, талданып отырған периодта 0,170 құрады (нормативті мәні 0,25-1,0), яғни 0,12 төмендеді немесе 40,93%.
Негізгі тұжырымдар:
Талданып отырған периодтың аяғында залал шекті.
Дебиторлық қарызды өтеу мерзімі ұлғайды. Қарыз капиталының деңгейі айтарлықтай (приемлемый) деңгейде, бұл кәсіпорын нормальді қаржылық тұрақтылығын куәландырады.
График 3. Капитал құрылымы
Сатылым рентабельділігі, сату көлеміндегі таза пайда үлесін көрсетеді, төмендеу тенденциясын көрсетіп -6,26% құрады.
Кәсіпорынның меншік капиталының коэффициенті азайды, ол теріс факт болып табылады және -4,88% құрады.
Ағымдағы активтердің рентабельділігі азайды, бұл теріс тенденция болып табылады және -4,56% құрады.
Айналымнан тыс активтердің рентабелділігі төмендеді, бұл негативті факт болып табылады және -49,89% құрады.
График 4. Рентабельділік көрсеткіштері
3 тарау. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдау.
3.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай – ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай – күй» дегеніміз не соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастару көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.
Профессор Н.А. Русак[17] бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқару қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай – ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым – қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді».
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы «қаржы ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі» деп жазады.
М.Н. Крейнина[18], А.И. Ковалев және В.П. Привалов[19] қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: «Қаржылық жағдай — бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».
Профессор И.Т. Балабанов «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы – бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу» — деп жазады.
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау».
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді. Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді. Қаржылық тұрықтылық – меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады[20].
Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай – ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін өз уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады[21]. Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша «Қаржылық тұрақтылық – бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы».
В.М. Радионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: «Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы – қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай – ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады».
Бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді: «Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы».
В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс – шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады»[22]. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрықтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық – техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда, соңғы айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырып, олардың кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. «Қаржылық тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады» — деп жазады В.Т. Артеменко мен М.В. Беллендир.
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен В.С. Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні – бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі – деп түсіндіреді.
Э.А. Маркарьян мен Г.П. Герасименко да дәл осындай көзқараста[23]. «Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі»[24] немесе «Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады»[25]. Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрықтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М. Радионова және М.А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
- пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
- нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
- құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
- әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай — ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі соммасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуелділік те өседі – яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па?- деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР Үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта – облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда – қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы – дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздерінің арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара – қатынасын анықтау;
- қаржы – есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай – ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаржаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай – ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік – сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттырының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, оның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек пен материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы, әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
- кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
- кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
- баланс өтімділігін талдау;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.
3.2. Баланстың активі мен міндеттемелерінің көрсеткіштерін талдау
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтерді нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және олар болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олар рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақ дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік – аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз. Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың тартылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кесте құрылады.
«Алаугаз» АҚ қаржылық талдау есебі 01.01.02,03,04 жж. кәсіпорын балансының және 01.01.02,03,04 жж. қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есебінің негізінде жасалған. «Алаугаз» АҚ балансының активінің элементтерін талдау барысында, өтеу мерзімі аяқталмаған дебиторлық қарыз жоқ екендігі анықталды. Баланста дебиторлық қарыз күмәнді қарыз бойынша резервті шегерімнен ашылуы керек.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы іскерлік белсенділіктің және сенімділіктің маңызды көрсеткіші болып тыбылады. Ол кәсіпорын қолындағы мүлікті және оның қаржыландыру көзі, сондай –ақ кәсіпорын қаржылық қызметтің нәтижесімен анықталады.
Баланс (Абсолютті мән)
|
|
|
|
|
Баланстың баптарының атауы |
2001 жыл мың. тг |
2003 жыл мың. тг |
Өсімше, мың. тг |
Өсімше, % |
|
|
|
|
|
Ағымдағы активтер: |
2 571 709,00 |
2 215 382,00 |
-356 327,00 |
-13,86 |
Ақша қаражаттары |
18 236,00 |
11 897,00 |
-6 339,00 |
-34,76 |
Қысқа мерзімді инвестициялар |
18 370,00 |
125 967,00 |
107 597,00 |
585,72 |
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз: |
2 520 249,00 |
2 076 441,00 |
-443 808,00 |
-17,61 |
Алуға тиісті шоттар мен векселдер |
626 250,00 |
2 076 441,00 |
1 450 191,00 |
231,57 |
Фирма аралық дебиторлық қарыз |
1 880 405,00 |
0,00 |
-1 880 405,00 |
-100,00 |
Басқадай дебиторлық қарыз |
13 594,00 |
0,00 |
-13 594,00 |
-100,00 |
Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
295,07 |
Тауарлы-материалдық қор: |
8 400,00 |
1 077,00 |
-7 323,00 |
-87,18 |
Шикізат, материалдар және қосалқылар |
5 728,00 |
1 077,00 |
-4 651,00 |
-81,20 |
Аяқталмаған өндіріс |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
-63,48 |
Дайын өнім |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
-9,17 |
Басқадай қорлар |
2 672,00 |
0,00 |
-2 672,00 |
-100,00 |
Болашақ периодтағы шығыстар |
6 454,00 |
0,00 |
-6 454,00 |
100,00 |
Басқадай ағымдағы активтер |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
9,12 |
Ұзақ мерзімді активтер: |
318 257,00 |
237 211,00 |
-81 046,00 |
-25,47 |
Жер, ғимарат және қондырғы |
43 276,00 |
35 752,00 |
-7 524,00 |
-17,39 |
Материалдық емес активтер |
667,00 |
148,00 |
-519,00 |
-77,81 |
Ұзақ мерзімді инвестициялар |
274 314,00 |
200 075,00 |
-74 239,00 |
-27,06 |
Аяқталмаған инвестициялар |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
-31,54 |
Басқадай ұзақ мерзімді активтер |
0,00 |
1 236,00 |
1 236,00 |
0,00 |
БАРЛЫҚ АКТИВТЕР |
2 889 966,00 |
2 452 593,00 |
-437 373,00 |
-15,13 |
Ағымдағы міндеттемелер: |
645 891,00 |
411 984,00 |
-233 907,00 |
-36,21 |
Қысқа мерзімді займдар |
155 000,00 |
70 171,00 |
-84 829,00 |
-54,73 |
Кредиторлық қарыз: |
490 422,00 |
341 813,00 |
-148 609,00 |
-30,30 |
Төленуге тиісті шоттар мен векселдер |
422 910,00 |
341 809,00 |
-81 101,00 |
-19,18 |
Төленуге тиісті салықтар |
52 166,00 |
4,00 |
-52 162,00 |
-99,99 |
Фирма аралық кредиторлық қарыз |
10 869,00 |
0,00 |
-10 869,00 |
-100,00 |
Алынған аванстар |
1 308,00 |
0,00 |
-1 308,00 |
-100,00 |
Төленуге тиісті дивидендтер |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
-12,17 |
Басқадай кредиторлық қарыз |
3 169,00 |
0,00 |
-3 169,00 |
-100,00 |
Болашақ периодтағы табыстар |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
9,31 |
Алдағы шығыстар мен төлемдер резерві |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
-100,00 |
Басқадай ағымдағы міндеттемелер |
469,00 |
0,00 |
-469,00 |
-100,00 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер: |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
Ұзақ мерзімді займдер |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
Басқадай ұзақ мерзімді міндеттемелер |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
9,12 |
Меншікті капитал: |
2 244 075,00 |
2 040 609,00 |
-203 466,00 |
-9,07 |
Акционерлік капитал |
1 647 281,00 |
1 647 281,00 |
0,00 |
0,00 |
Резервтер және фондтар |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
-5,45 |
Қосылған капитал |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
56,42 |
Бөлінбеген пайда |
596 794,00 |
393 328,00 |
-203 466,00 |
-34,09 |
Басқадай меншікті капитал |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
8,13 |
БАРЛЫҚ ПАССИВ |
2 889 966,00 |
2 452 593,00 |
-437 373,00 |
-15,13 |
Баланс активінің құрамы мен құрылымын талдау
Баланс активінің құрылымының талданып жатқан период соңына ұзақ мерзімді активтер — 9,67 %, ал ағымдағы активтер — 90,33 % құрады.
Кәсіпорынның валюта балансы талданып жатқан периодта 437 373,00 мың теңге немесе 15,13% төмендеді, бұл шаруашылық айналымның қысқарғанын жанама түрде куәландырады.
Баланс активінің құрылымының өзгеруіне ұзақ мерзімді активтердің 81 046,00 мың теңге немесе 25,47% сомасының қысқаруы және ағымдағы активтердің 356 327,00 мың теңге немесе 13,86% сомасының төмендеуі әсер етті. Қаржылық көзқарастан бұл оң нәтижені куәландырады, өйткені мүлік мобильдірек болады.
График 5. Баланс активінің құрылымы, мың тг.
Баланс активінің құрылымының өзгеруі, ең басты ағымдағы активтердің сомасының өзгеруіне әкелді.
Ұзақ мерзімді активтердің талданып жатқан периодта құрамының өзгеруі келесі құраушыларға байланысты:
à талданып жатқан периодтағы негізгі құралдардың сомасы 7 524,00 мың теңге немесе 17,39%;
à материалдық емес активтер 519,00 мың теңге немесе 77,81% азайды;
- ұзақ мерзімді инвестициялар 74 239,00 мың теңге немесе 27,06% азайды.
Соңғы периодтағы материалды емес активтердің шамасының төмендеуі кәсіпорын қызметінің инновациялық бағытының жоқтығын айтады. Ұзақ мерзімді инвестициялардың азаюы теріс болып есептеледі.
Ағымдағы активтер құрамында келесі өзгерістер болды:
à қарастырылып жатқан периодта ақша қаражаттарының сомасы 6 339,00 мың теңге немесе 34,76% азайды;
à қысқа мерзімді инвестициялар сомасы 107 597,00 мың теңге немесе 585,72% өсті
à қысқа мерзімді дебиторлық қарыз сомасы 443 808,00 мың теңге немесе 17,61% кеміді;
à тараурлы –материалдық қордың 7 323,00 мың теңге немесе 87,18% төмендеді;
à болашақ периодтағы шығыстар сомасы 6 454,00 мың теңге;
Айналым активтерінің үлесі қарастырылып жатқан периодта 1,34% өзгерді 90,33% құрады.
Қысқа мерзімді инвестициялардың мүлік құрамында ұлғаюы кәсіпорын іскерлік белсенділігінің көтерілгенін айтады.
Баланс пассивінің құрамын және құрылымын талдау
Кәсіпорын мүлкінің қалыптасуы меншік есебінен, сондай –ақ қарыз қаражаттар есебінен жүзеге асуы мүмкін, ол баланстың пассивінде көрініс табады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және қарыз қаражатынан тәуелділігін анықтау үшін баланс пассивін талдау қажет.
Талданып жатқан период соңына меншікті капитал үлесі, пассив құрылымында ұлғайда және 83,20% құрады. Бірақ талданып жатқан период аралығында міндеттемелердің және меншік капиталының арасалмағы 0,12 төмендеу тенденциясын көрсетіп 0,17 құрады.
Бұл кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігінің шартты түрде жоғарылауын және қаржылық тәуекелдің төмендеуін куәландырады. Меншік капиталының шамасы абсолютті мәнде 203 466,00 мың теңге, яғни 9,07%.
Қай меншік капиталының құраушылары өзгеріске әсер еткенін талдайық:
- бөлінбеген пайда 203 466,00 мың теңгеге төмендеді немесе 34,09.
Меншікті капитал құрылымындағы үлес салмағы:
- акционерлік капитал 80,72% құрады;
- бөліндеген пайда 19,28%
Талданып жатқан периодтағы ағымдағы міндеттемелер мөлшері 411 984,00 мың теңге және 36,21% азайды.
Ағымдағы міндеттемелердің өзгеруі келесі құраушыларға байланысты:
- қысқа мерзімді займ 70 171,00 мың теңге құрады және 54,73% азайды;
à кредиторлық қарыз сомасы 341 813,00 мың теңге және 30,30% төмендеді.
Қаржылық міндеттемелердің құрылымының талдауы қарыз қаражаттар құрылымында қысқа мерзімді көздердің үстемдігін айтады, бұл баланс құрылымының тиімсіздігін және қаржылық тұрақтылықты жоғалтудың үлкен дәрежесін көрсететін негативті фактор болып табылады.
Талданып жатқан период соңына кредиторлық қарыз құрылымындағы үлес салмағы:
à төленуге тиісті шоттар және векселдер 100,00% құрады;
- төленуге тиісті салық 0,00% құрады;
Талданып жатқан период басындағы кредиторлық және дебиторлық қарыз сомаларын салыстыру барысында кәсіпорынның дебиторлық қарызы кредиторлықтан жоғары екенін көрсетті, яғни кәсіпорын сальдосы активті болады.
Талданып жатқан период соңына кәсіпорын қарыз сальдосы активті болады, яғни кәсіпорын дебиторларға кредит ұсыну мүмкіндігі болды.
График 6. Баланс пассивінің құрылымы,мың тг.
3.3 Баланс өтімділігін талдау.
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның «өтімділігін анықтап алу керек. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдамасы бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік деп – «кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі», — деп жазады [26]. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді. И.Т Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: «шаруашылық субъектісінің өтімділігі – ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады». Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Профессор Н.П. Кондраков өтімділік деп – «материалдық және тағы басқа құндылықтардың сатылу және олардың ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігін айтады»[27]. Ағылшын авторларының «Бухгалтерлік талдау» деген еңбегінде «фирманың өтімділігі – бұл оның барлық қажетті төлемдерін, олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру қабілеттілігі» деп көрсетілген. «Өтімді» сөзінің өзі дейді олар «ақшаға оңай айналатын» деген ұғымды білдіреді[28]. Профессор В.В. Ковалев: «қандай да бір активтің өтімділігі ол оның ақша қаражатына түрлену. Айналу қабілеті», дейді. Ол «өтімділік дәрежесі, оның түрлену уақыты жүзеге асырылатын уақыттың ұзақтығымен анықталады, уақыт қысқа болған сайын, осы активтің өтімділігі жоғары болады», — деп жазады[29]. Бұл қорытынды профессор А.Д. Шереметтің қорытындысымен үндес: «Берілген актив ақшаға айналу үшін уақыт неғұрлым аз керек болса, соғұрлым оның өтімділігі жоғары»[30]. Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып біз, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні -активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады: өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.
Қысқа мерзімде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда баланс құрылымының қанағаттанарлық бағасының көрсеткіштері берілу мүмкін (ағымдағы өтімділік, өзіндік қаржымен қамтылуы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру қабілеті).
Төлем қабілеттілігін сипаттау кезінде банк шоттарында және басқа несиелік ұйымдарда, кәсіпорын кассасында ақша қаражаттарының болуы, залалдары, мерзімі өтіп кеткен дебиторлық және кредиторлық қарыз, уақытында өтелмеген несиелер мен қарыздар, бюджетке сәйкес салықтардың толық аударылуы, төленген (төленуге тиіс) бюджет алдындағы міндеттемелерді орындамағаны үшін штрафтық санкциялар сияқты көрсеткіштерге назар аудару керек. Сонымен қатар кәсіпорынның бағалы қағаздар нарығындағы жағдайының бағасына және теріс құбылыстардың орын алу себептеріне назар аудару қажет.
Ұзақ мерзімді қаржылық жағдайды бағалау кезінде қаржы көздерінің құрылымы, кәсіпорынның инвесторлар және кредиторлардан тәуелділік дәрежесінің сипаттамасы берілу керек. Алдыңғы жылдарға инвестицияның динамикасы және осы инвестициялардың болашақтағы тиімділігін анықтау сипаттамасы беріледі.
Сонымен қатар, ұйымның іскерлік белсенділігінің бағасы келтірілуі мүмкін, олардың критерийлері:
— өнім өткізу рыногының кеңдігі, экспортқа қойылымдарды қоса алғанда, ұйымның репутациясы;
— жоспарды орындау дәрежесі, оның белгіленген өсу қарқынын қамтамасыз ету
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің жүзеге аспау проблемасымен, олардың туындауымен байланысты, қазақстандық нормативтік құжаттарда талдау көрсеткіштерін есептеу және талдау бекітпелері белгіленеді. Сәйкес құжаттарды атап көрсетейік:
- баланс құрылымының қанағаттанарлық емес бағасының критерийлері;
- кәсіпорынды реформалау жөніндегі әдістемелік кеңестер;
- төлем қабілеттілігі төмен ұйымдарды қаржылық сауықтыру жоспарының типтік құрылымы.
Баланс құрылымының қанағаттанарлық емес бағасының критерийлері ретінде анықталған көрсеткіштердің талдау практикасында елеулі маңызы бар, бірақ жүзеге аспау критерийі ретінде бола алмайды. Қазақстандық жағдайда, берілген көрсеткіштердің өзгеруі, ауытқуы дұрыс талқыланбауы мүмкін, егер өзгеру факторлары жан – жақты есепке алынбаса. Мысалға, кәсіпорынның меншік айналым қаражатымен қамтамасыз ету, маңызды аналитикалық көрсеткішіне назар аударайық.
Алдымен белгілі меншік айналым қаражатымен қамтылу коэффициентінің нақты еместігіне назар аудару қажет. Берілген әдістеме бойынша, меншікті айналым қаражаттары – бұл «Капитал және резерв» және «Айналымнан тыс активтердің» арасындағы айырмашылық, яғни айналымдағы активтерді қаржыландыруға бағытталған кәсіпорын капиталының немесе резервінің бөлігі. Айналымнан тыс активтер сондай – ақ ұзақ мерзімді несие және займдармен қаржыландырады, бұның меншікті айналым қаражатын нақты бағалауда қателік әкелетінін ескеру керек. Егер меншікті айналым қаражатын анықтағанда «Капитал және резервке» «Ұзақ мерзімді пассивтерді» қоссақ, онда шетелдік практикада қолданылатын көрсеткішті аламыз, ол –таза айналым капиталы. Соңғысын айналым активі және ағымдағы міндеттемелердің айырма ретінде, яғни кәсіпорынның капитал және ұзақ мерзімді пассивтерімен қаржыландырылатын айналым актив бөлігі ретінде түсіндіруге болады.
Бұл көрсеткіш қазақстандық ұйымдарда инфляция және кәсіпорын мүлкін қайта бағалауда дұрыс баланстанбауы әсерінен тез төмендеп кетті. Бірақ кәсіпорындарда бұл көрсеткіш оң динамика алуы мүмкін, мысалы, айналымнан тыс активтердің тез шығарылуы немесе кәсіпорын айналымының тез төмендеуі нәтижесінде кәсіпорын меншікті айналым қаражатымен қамтылуы, экономикалық дамуы жағдайында кәсіпорын күшінің индикаторы оның дамуға дайындығы ретінде қызмет етуі мүмкін. Кәсіпорын және салалардың жаппай қайта құрылу кезеңінде бұл көрсеткіштің ақпараттығы төмендейді.
Мысал ретінде кәсіпорынды реформалау бойынша әдістемелік кеңестерден ең үздіктерін келтірейік.
Талдамалық көрсеткіш.
Көрсеткіш атауы |
Қалай есептеледі |
Комментарий |
|
1 |
2 |
3 |
|
Өтімділік көрсеткіші |
|||
Жалпы өтеу коэффициенті |
Ағымдағы активтердің (айналым қаражаттарының) ағымдағы пассивке (қысқа мерзімді міндеттемеге) қатынасы |
1 — ден 2 – ге дейін |
|
Жедел өтімділік коэффициенті |
Ақша қаражаттарының және қысқа мерзімді құнды қағаздардың дебиторлық есептегі мобильдік қаражат сомасының қосындысының қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасына тең |
1 және одан жоғары |
|
Қаражатты мобильдендірілген кездегі өтімділік коэффициенті |
Материалды — өндірістік қор және шығындардың қысқа мерзімді міндеттемелер сомасының қатынасына тең |
0,5-0,7 |
|
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері |
|||
Қарыз және меншік қаражатының коэффициенті |
|
Қатынас мәні 0,7 – ден төмен болуы керек |
|
Меншікті қаражатпен қамтылу коэффициенті |
Меншікті айналым қаражатының кәсіпорынның жалпы айналым қаражаты шамасына қатынасы |
Төменгі шегі 0,1 |
|
Меншікті айналым қаражатын тарту коэффициенті |
Меншікті айналым қаражатының кәсіпорынның жалпы меншікті айналым қаражаты (меншікті капитал) шамасына қатынасы |
0,2 – 0,5 |
|
Қаражатты қолдану интенсивтілігі |
|||
Таза активтердің таза табыс бойынша рентабельдігі |
Таза пайданың орта кезең шамасының таза активтеріне қатынасы |
|
|
Сатылған өнімнің рентабельдігі |
Сатылған өнімнен түскен табыстың сатылған өнімге кеткен өндірістік шығындардың көлеміне қатынасы |
|
|
Басқа рентабельдік, қор,энергия, материалсыйымдылыдық және т.б. көрсеткіштері |
|
|
|
Іскерлік белсенділік көрсеткіштері |
|||
Айналым капиталының айналымдылық коэффициенті |
Сатудан түскен таза түсім көлемінің, айналым материалдар құралдардың құнының ақша қаражаттарының және қысқа мерзімді құнды қағаздардың кезеңдегі орташасына қатынасы |
Нормативтік мәні жоқ |
|
Меншікті капитал айналымдылық коэффициенті |
Сатудан түскен таза түсімнің меншікті капиталдың кезеңдегі орташасына қатынасы |
|
|
Берілген әдістемелік кеңестер келтірілген көрсеткіштердің талдау әдісін де құрайды: «Кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайын алдын – ала бағалау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді бірінші және екінші кластарға бөлу керек, арасында сапалық айырмашылық болуы керек.
Бірінші класқа нормативті мәндер келтірілген көрсеткіштер кіреді. Олардың қатарына ликвидтілік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері жатады.
Екінші класс көрсеткіштеріне нормаланбайтын көрсеткіштер жатады, бұл көрсеткіштер кәсіпорынның тиімді қызмет етуі және қаржылық – экономикалық жағдайын бағалау үшін қызметете алмайды, өйткені ол үшін аналогты өнім шығаратын және сондай өндірістік қуаты бар кәсіпорын көрсеткіштері керек, сол кезде біз көрсеткіштің өзгеру тенденциясын талдай аламыз. Бұл топқа рентабельділік, мүлік құрылымының сипаттамасы, айналым құралдарының жағдайы және қайнар көзі көрсеткіштері кіреді.
Бұл топ көрсеткіштері бойынша көрсеткіштердің өзгеру тенденциясының талдауына сүйенген жөн және оның жақсару немесе нашарлауын анықтау керек.
Көрсеткіштер тобын 2 класқа бөлу елеулі түрде шартты және қарастырылып жатқан аналитикалық құралдың жеткіліксіз дамуын төмендету болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайын объективті бағалау мақсатында бірінші және екінші класс көрсеткіштерінің жағдайын салыстырған жөн.
Әрине, қазіргі өтпелі кезең жағдайында аналитикалық процедураның технологиясы бойынша қатаң ұсыныстан қанағаттанарлықтай емес, бірақ арнайы бағыттарға назар аудармауға болмайды.
ҚР – ның Қаржы Министрлігі қаржылық сауықтыру және банкроттық бойынша жаңа ұйымның қаржылық жағдайын талдау жөнінде әдістемелік бағыт бекітті.
Жалпы көрсеткіштер:
- орташа айлық түсім (К1);
- түсімдегі ақша қаражатының үлесі (К2);
- жұмысшылар санының орташа тізімі (К3).
- Төлем қабілеттілік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері:
- жалпы төлем қабілеттілік дәрежесі (К4);
- банк несиесі және займ бойынша қарыздық коэффициенті (К5);
- басқа ұйымдарғы қарыздық коэффициенті (К6);
- фискалды жүйеге қарыздық коэффициенті (К7);
- ішкі қарыз коэффициент (К8);
- ағымдағы міндеттемелер бойынша төлем қабілеттілік дәрежесі (К9);
- айналым активтерін ағымдағы міндеттемелермен өтеу коэффициенті (К10);
- айналымдағы меншік капиталы (К11);
- айналым қаражатындағы меншік капиталының үлесі (меншік қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті) (К12);
- автономдық коэффициенті (қаржылық тәуелділік) (К13).
- Айналым капиталын тиімді қолдану, табыстылық және қаржылық нәтиже (рентабельдік) көрсеткіштері:
- айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті (К14);
- өндірістегі айналым қаражаты коэффициенті (К15);
- есептегі айналым қаражатының коэффициенті (К16);
- айналым капиталының рентабельдігі (К17);
- сатылым рентабельдігі (К18);
- бір жұмысшыға орташа айлық жұмыспен қамтылуы (К19).
- Айналымнан тыс капиталды тиімді қолдану және ұйымның инвестициялық белсенділігінің көрсеткіштері:
- айналымнан тыс капиталдың тиімділігі (қорқайтарымдылығы) (К20);
- инвестициялық белсенділік коэффициенті (К21).
- Бюджет және бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар алдында міндеттемелерді орындау көрсеткіштері:
- сәйкес деңгейдегі бюджет алдындағы ағымдағы міндеттемелерді орындау коэффициенті (К22 – К24);
- бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар алдында ағымдағы міндеттемелерді орындау коэффициенті (К25);
- зейнетақы қоры алдындағы ағымдағы міндеттемелерді орындау коэффициенті (К26).
Кәсіпорынның банкрот бойынша есептеу тәртібі және қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау нұсқасын келтірейік:
- Орташа айлық түсім (К1) түсімнің есептік мерзімдегі кәсіпорын алған түсім мен есептік мерзімдегі период қатынасына тең. Орташа мерзімді түсім есептік периодтағы сатудан түскен түсімді, ҚҚС, акцизді және басқа міндетті төлемдерді қоса алғандағы жалпы түсім бойынша есептеледі. Бұл ұйымның қарастырылып жатқан периодтағы табыс көлемін және шаруашылық қызметті атқаруға, сонымен қатар мемлекеттің фискалдық жүйесі, басқа да ұйым жұмысшыларының алдындағы міндеттемелерді орындау үшін қолданылатын ұйымның негізгі қаржылық ресурсын анықтайды. Орташа айлық табыс ұйымның ұқсас көрсеткіштерімен салыстырылып қарастырылады және ұйым бизнесінің масштабын көрсетеді.
- Түсімдегі ақша қаражаттарының үлесі (К2) ұйымның ақша түріндегі алынған түсім үлесінің түсімнің жалпы көлемінің қатынасына тең. Бұл көрсеткіш қосымша сапалық (ликвидтілік) көзқарасынан ұйымның қаржылық ресурсын бейнелейді. Ақша қаражатының үлесі есептегі операциялардың бартерлік (зачетных) деңгейін және бұл жағадайда оның бәсекеге қабілеттігін, ұйым өнімінің ликвидттілік деңгейін, сондай –ақ менеджмент деңгейін және ұйым бөлімдерінің маркетингтік жұмысының тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің мәнінен елеулі көлемде ұйым міндеттемелерін өз уақытында орындау мүмкіндігі сонымен қатар, бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлем міндеттемелерін орындау тәуелді.
- Жұмысшылыр санының орташа тізіміне (К3). Бұл көрсеткіш ұйым ұсынған жұмысшылар санының орташа тізіміне сәйкес анықталады.
- Жалпы көлем қабілеттілік дәрежесі (К4) ұйымның қарыз қаражат сомасының жеке бөлігінің отраша айлық түсімі ретінде анықталады. Қарыз құрылымы және ұйымның несиелеу әдістері банк несиелері және займдарының қарыздық коэффициенттері, басқа ұйымдарға, фискалдық жүйеге, ішкі қарызға “жалпы төлем қабілеттік деңгейін” көрсеткіштерінің таралуымен бейнелейді. Қарыз құрылымының басқа ұйымдардан несиелік тауар, мемлекеттік фискалдық жұйеге төлемеу есебінен иелену және ішкі төлемдер бойынша қарыз жағына қисаюы, ұйымның шаруашылық қызметіне теріс әсер етеді.
- Банк несиесі және займ бойынша қарыздық коэффициент (К5). Ұзақ мерзімді пассивтер және қысқа мерзімді банктік несиелер және қарыз сомаларының орта мерзімді түсімге қатынасының бөлігі ретінде анықталады.
- Басқа ұйымдарға қарыздық коэффициенті (К6). Бұл баланс пассиві ұйымның тікелей кредиторлар алдындағы және олардың контрагенттері алдындағы функционалдық міндеттемелеріне қатысты.
- Фискалды жүйеге қарыздық коэффициенті (К7) “мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар алдындағы қарыз” және “бюджет алдындағы қарыз” міндеттемелерінің орта мерзімді түсім қатынасының бөлігі ретінде анықталады.
- Ішкі қарыз коэффициенті (К8) “ұйымның жұмысшылары алдындағы қарызы”, “қатысушылырға (құрылтайшыларға) табысты төлеу бойынша қарызы”, “болшақтағы шығындар қоры”, “басқадай қысқа мерзімді міндеттемелер” міндеттемелер сомасының орта мерзімді түсімге қатынасының бөлігі ретінде анықталады. Жалпы төлем қабілеттігігінің дәрежесі және қарыз түрі бойынша көрсеткіштерді тарату ұйымның орташа айлық түсіміне қатысты міндеттемелердің мәнін білдіреді, сонымен қатар, ұйым міндеттемелерінің сәйкес тобы бойынша айналым көрсеткіші б.т. Сондай –ақ, бұл көрсеткіш ұйымның қандай орташа мерзімде, орташа айлық түсімін анықтай отырып, егер ешбір ағымдағы шығындарды жүзеге асырмай, ал бүкіл түсімді кредиторлармен есептесуге бағыттағандағы ұйымның орташа мерзімдегі несиемен есептесу мерзімін анықтайды.
- Ағымдағы міндеттемелер бойынша төлемқабілеттік дәрежесі (К9) ұйым ағымдағы қарыз қаражатының (қысқа мерзімді міндеттемелер) орташа айлық түсімнің қатынасына тең.
- Ағымдағы міндеттемелерді айналымдағы активтермен өтеу коэффициенті (К10) қор түріндегі барлық айналым құнының, дебиторлық қарыз, қысқа мерзімді салымдар, ақша қаражаттары және басқа айналым активтерінің ұйымның ағымдағы міндеттемелерінің қатынасына тең. Бұл коэффициент ұйымның ағымдағы міндеттемелері қаншалықты ағымдағы міндеттемелерімен өтеледі. Сонымен қатар, көрсеткіш ұйымның барлық дебиторлық қарыздарын өтеген жағдайда және барлық қорларды сатқан кездегі төмен мүмкіндіктерін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің талдану периодында төмендеуі ұйымның активтерінің ликвидтілігінің деңгейінің және шығыстардың өсуі туралы растайды.
- Айналымдағы меншік капиталы (К11) ұйымның айналымнан тыс активтері арасындағы айырымы ретінде есептеледі. Меншік капиталының айналымда болуы (меншік айналым капиталы) ұйымның қаржылық тұрақтылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі б.т. Меншік капталының айналымда болмауы ұйымның айналым қаражатының қарыз қаражат есебінен құрылғанын қөрсетеді.
- Айналым қаражатындағы меншік капитал үлесі (меншік қаражатының қамтамасыз етілу коэффициенті) (К12) айналымдағы меншік қаражатының барлық айналым қаражатының қатынасы ретінде есептеледі.
Көрстекіш меншік және қарыз айналым қаражатының арақатынасын және қаржылық тұрақтылығына қажетті ұйымның шаруашылық қызметіне қажетті айналым қаражтымен қамтылу дәрежесін анықтайды.
- Автономдық коэффициенті (қаржылық тәуелсіздік) (К13) меншікті каптал сомасының ұйымның активтеріне қатынасының бөлігі ретінде анықталады.
Автономдық коэффициенті ұйым капитплының және резервінің залалдан тазартылған құнын ұйымның айналымдағы және айналымнан тыс активтерінің қаражат сомасына бөлгенге тең. Бұл көрсеткіш ұйымның меншік және тартылған капиталының арасалмағын білдіреді.
- Айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті (К14) ұйымның айналым активтерінің орташа айлық түсіміне бөлгенге тең және ұйымның орташа айлық табыс түріндегі айналым активтерінің көлемін білдіреді, сондай –ақ олардың айналымдылығын. Бұл ұйымға салынған айналым активтерінің айналу жылдамдығын бағалайтын көрсеткіш.
- Өндірістегі айналым қаражатының коэффициенті (К15) өндірістегі айналым қаражатының құнын орташа айлық түсімге қатынасы ретінде анықталады. Өндірістегі айналым қаражатын ҚҚС есептелген қордан минус тиелген тауар құны арқылы есептеледі.
Өндірістегі айналым қаражатының коэффициенті ұйымның тауарлы –материалдық қорының айналымдығын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің мәні өндірістің салалық спецификасын анықтайды, ұйымның өндірістік және маркетингтік қызметінің тиімдігін білдіреді.
Есептегі айналым қаражатының коэффициенті (К17) өндірістегі айналым қаражатын шегергеннен кейінгі айналым қаражатының құнын орташа айлық түсімге бөлгенге тең. Есептегі айналым қаражатының коэффициенті негізгі өндіріске қатыспайтын ұйымның айналым қаражатының айналу жылдамдығын анықтайды. Бұл көрсеткіштің өсуі ұйымның айналым қаражатының жаңа қарыздар есебінен толтыруына талап етеді және ұйымның төлем қабілеттілігін төмендетуге алып келеді.
- Айналым капиталының рентабельділігі (К17) ұйымның салықты және барлық аударымдарды төлгеннен кейін қалған пайданы айналым қаражатының сомасының қатынасының бөлігі ретінде анықталады.
Бұл көрсеткіш ұйымның айналым капиталының тиімді қолдануын көрсетеді. Ол айналым активіне салынған әрбір теңгенің қанша теңге пайда әкелетінін анықтайды.
- Сатылым рентабельділігі (К18) өнімді сатудан түскен табысты сол преиодтағы ұйымның түсіміне қатынасының бөлігі ретінде анықталады. Көрсеткіш өнімді өткізуден түскен пайда және ұйымның периодтағы алған табысының арасалмағын көрсетеді.
- Бір жұмысшыға орташа айлық жұмыспен қамтылуы (К19) орташа айлық түсімді жұмысшылардың орташа тізімінің санына қатынасының бөлігі ретінде анықталады. Бұл көрсеткіш ұйымның еңбек ресурсының және еңбек өнімділігінің деңгейінің тиімді қолдануын көрсетеді.
- Айналымнан тыс капиталдың тиімділігі (қор қайтарымдылығы) (К20) орташа айлық түсімінің айналымынан тыс капитал құнына қатынасы ретінде анықталады. Көрсеткіш ұйымның негізгі құралдарының жалпы көлемі ұйым бизнесінің масштабына қаншалықты сәйкес келетінін (машина және қондырғы, ғимарат, құрылым, көлік құралдары, ресурстар), ұйымның негізгі құралдарын қолданудың тиімділігін көрсетеді. Айналымнан тыс капиталдың тиімділік көрсеткішінің мәні ұқсас ортасалалық көрсеткіштен төмен болуы бар қондырғылардың жеткіліксіз жүктелуін көрсетеді. Ал сонымен қатар айналымнан тас капиталдың тиімділігі көрсеткішінің шамадан тыс жоғары болуы қондырғының толығымен жүктелуін және резервтің сонымен қатар, өндірістік қондырғының физикалық және моральдік тозуының үлкен дәрежесін білдіреді.
- Инвестициялық белсенділік коэффициенті (К21) аяқталмаған өндіріс, материалдық құндылықтарға тиімді салымдар және ұзақ мерзімді қаржылық салымдар түріндегі айналымнан тыс активтер құнының сомасын айналымнан тыс активтердің жалпы құнының қатынасының бөлігі ретінде анықталды. Бұл көрсеткіш ұйымның модификациясына және меншігін жетілдіруге және басқа ұйымдарға қаржылық салымдарды салуға бағытталған инвестициялық белсенділігін және қаражат көлемін анықтайды. Бұл көрсеткіштің негізсіз төмен немесе өте жоғары болуы ұйымның даму стратегиясының дұрыс еместігін немесе меншік иелерінің ұйымның менеджмент қызметінде жеткіліксіз бақылауын білдіреді.
- Бюджет алдындағы ағымдағы (К22), Қазақстан Республикасының субъект бюджеті (К23), жергілікті бюджет (К24), сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар (К25) және зейнетақы қоры (К26) алдындағы міндеттемелерін орындау коэффициенті төленген салықтардың шамасын сол есептік периодқа есептелген салық шамасына бөлгенге тең. Бұл арасалмақ ұйымның сәйкес деңгейдегі бюджет және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар алдындағы есептесу жағадайын және төлемдік тәртібін көрсетеді.
Баланстың толтырылған баптарын кесте түрінде көрсету орынды болады.
|
|
|
|
|
|||
|
2001 жыл |
2003 жыл |
Өсімше |
Өсімше,% |
|||
|
|
|
|
|
|||
Өтімділік көрсеткіштері |
|||||||
Абсолютті өтімділік коэффициенті (LR) |
0,0567 |
0,5624 |
0,5057 |
892,29 |
|||
Жедел өтімділік коэффициенті (QR) |
1,0263 |
6,3005 |
5,2742 |
513,92 |
|||
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (CR) |
3,9816 |
6,3063 |
2,3246 |
58,38 |
|||
Таза айналым капиталы (NWC) |
12 759,98 |
908 019,42 |
895259,44 |
7 016,15 |
|||
Жалпы өтімділік коэффициенті (Ағымдағы өтімділік коэффициенті), қарастырылып отырған периодта 3,982 ден 6,306 ұлғайды немесе 58,38. Нормитивті мәні 1,0 мен 2,0 аралығында болғандықтан кәсіпорын өз активтерін тиімсіз қолданады.
Талданып жатқан периодта бұл көрсеткіштің өзгеру тенденциясының оң болуы ағымдағы міндеттемелерді өндірістік қор, дайын өнім, ақша қаражаттары, дебиторлық қарыз және басқадай айналым активтері есебінен өтеу ықтималдығын ұлғайтты.
Жедел өтімділік коэффициенті (Тез өтімділік коэффициенті) талданып отырған периодта 1,026 -дан 6,300 дейін өсті бұл көрсеткіш интервалы 0,7 мен 0,8 аралағында немесе 513,92%.
Коэффициент мәнінің төмендігін және ағымдағы қарызды өтеу қиындығының төмендігінен қосымша қаражат табуға жақсы мүмкіндіктерін көрсетеді.
Абсолютті өтімділік коэффициенті, талданған период аралығын 0,0597 -ден 0,5624 дейін өсті (нормативті мәні 0,2-0,5) немесе 983,29%. Талданып отырған периодта кәсіпорын ағымдағы міндеттемелерін ақша қаражаттары есебінен бірден өтеу қабілеті өсті.
3.4 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Арнайы есептік – талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О.С. Ефимова[31] төлем қабілеттілігі: «кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіне қабылданған», — деп жазады. «Фирманың қызметін қаржылық талдау» кітабының авторлары да осы көзқарасты ұстайды. «Төлем қабілеттілігін – деп жазады олар, — компанияның ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды».
Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның тек қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді. Осылай, «Шаруашылық қызметті талдау» оқулығының авторлары «Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу қабілеттілігі түсіндіріледі» деп есептейді. Бұл түсінікті М.Н. Крейнина толығырақ баяндайды. «Төлем қабілеттілігі, — деп жазады ол, — бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы». Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем қабілеттілігі – бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы.
Профессор В.В. Ковалев төлем қабілеттілігі деп оның «қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытында және толығымен жүргізу қабілеттілігін» түсінеді. «Төлем қабілеттілігі, — деп жазады ол, — кәсіпорынның жедел өтеуді талап ететін кредиторлық қарыздары бойынша есеп айырысуға жеткілікті ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің болуы»[32]. Соңғы түсінікпен келісетін профессор И.Т. Балабановтың анықтамасы. «Төлем қабілеттілігі, — деп жазады ол, — бар ақша сомасының белгілі бір мерзімді жедел төлемдердің сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігінің коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті бірден үлкен немесе тең болса, онда бұл шаруашылық жүргізуші субъект төлем қабілетті екенін көрсетеді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті бірден аз болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының жетіспеу себептерін анықтау керек»[33].
Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса да, бұл түсінікті профессор А.Д. Шеремет[34] басқаша ашып көрсетеді. Ол «кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп өз уақытында техника мен материалдар жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлем енгізу қабілеттілігі түсіндіріледі» деп жазады. Төлем қабілеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор В.П. Кондраков береді. Оның пікірінше «Төлем қабілеттілігі – бұл кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі». Бұл жағдайда міндеттеме – бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысты, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер шотының Бас жоспары «несиелер» 60 бөлімшесінің 601 – 603 синтетикалық шоттарының әр түрлі субшоттарында ескеріледі. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.
Қарыздары өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады. Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы – материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздары және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады. Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1 – ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициенті 1 – ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.
Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар: банкінің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.
Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді. Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.
Есепті кезең ішінде ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем қабілеттілігінің коэффициенті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай есептік күнделікті немесе 3 – 5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем қабілеттілігіне байланысты.
Ағымдағы төлем қабілеттілігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек. Қаржылық икемділік кәсіпорынның алдын ала болмаған жағдайларына байланысты ақша қаражатының түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы тұру қабілеттілігімен сипатталады. Бұл өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату, қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипатын өзгерту дегенді білдіреді.
Ақша қаражатын қарызға алу қабілеттілігі әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, тұрақтылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдаймен, капиталдың құрамы және құрылымымен анықталады.
Көбіне өз несие нарығының өзгеру бағыттары мен жағдайы сияқты сыртқы факторларға тәуелді. Несие алу қабілеттілігі ақша қаражаты керек жағдайда және кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды. Алдын ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие линиялары (кәсіпорын белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда ала алатын несие) – потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек кезде алудың сенімді көздері. Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бағалау кезінде оның вексельдері, облигацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың шектілігі, шығынның кездейсоқтық дәрежесі, ереуіл, сұраныстың төмендеуі және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады.
Ағымдағы (қысқа мерзімді) төлем қабілеті өте тар түсінік, себебі оны болашақта қолдану мүмкін емес. Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді – бір жылдан аса) төлем қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде – осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді.
Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішінде маңыздысы табыс пен табыс табу қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп – болашақта кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффициенттері талданады.
Ақша қаражатының жеткіліктілік коэффициенті () кәсіпорынның күрделі шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивиденттерді төлеуді жабу үшін табыс табу қабілеттілігін көрсетеді.
Циклділіктің және басқа кездейсоқтың әсерін жою үшін, бөлшектің алымы мен бөлімінде бес жыл ішіндегі мәліметтер алынады. Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
1 -ге тең ақша қаражатының жеткіліктілік коэффициенті кәсіпорынның сыртқы қаржыландыруға жүгінбей қызмет істей алатынын көрсетеді. Егер бұл коэффициент 1 – ден төмен болса, онда кәсіпорын өз қызметінің нәтижесі есебінен дивиденд төлеуге және өндірістің қазіргі деңгейін қолдауға қабілетті емес.
кәсіпорынның қаржылық қажеттілігіне инфляцияның әсерін, сонымен қатар талдауды тереңдету бағыттарын көрсететінін ескеру керек.
Ақша қаражатын капиталға айналдыру коэффициенті () кәсіпорын активіндегі инвестиция дейгейін анықтауда қолданылады және келесі формула бойынша есептеледі:
Ақша қаражатын капиталға айналдыру деңгейі 8– 10% шегінде жеткілікті болып саналады. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.
Үш көрсеткіш жиі қолданылады:
- абсолютті өтімділік коэффициенті;
- аралық өтеу (жабу) коэффициенті;
- жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті (жеделдік коэффициенті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімі және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі. Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мерзімде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді. Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:
Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі. В.П. Палий бұл коэффициенттің мәні 0,2 – 0,25 – тен жоғары болуы керек деп санайды [35].
Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамдаған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.
Айналым қаражатының өтімді бөлігінің, (яғни тауарлы – материалдық қорларды есептемегенде) ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін бір көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр.
Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:
В.Ф. Палий «бұл коэффициенттің теориялық ақталған бағалауы 0,7 – 0,8 аралығында жатыр» деп есептейді.
Қауіпті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңге сипаттайды. Басқа да көзқарас бар. Шамамен бұл коэффициент 0,5 – тен кем болмауы тиіс, себебі жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің әр теңгесіне ақша қаражатының және дебиторлық борыштың 50 тиыннан кем келмеуі тиіс[36].
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткішке кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін бағалау кезінде ерекше мән беріледі. Оның кеңінен қолданылуының негізгі себептері:
- біріншіден, ағымдағы активтермен ағымдағы пассивтердің өтелу дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі жоғары болады;
- екіншіден, ағымдағы активтердің ағымдағы пассивтерден асып кетуі ағымдағы активтерді (ақша қаражаттарынан басқасы) сату немесе жою (тарату) кезінде зияндардың пайда болуына бөгет болады. бұл қарсы әрекеттің қаншалықты күшті болуы, кредитор үшін соншалықты тиімді. Бұл арттыруды шетел компанияларында жұмыс істеуші капитал[37] немесе қаржы – эксплуатациялық қажеттілік деп атайды.
Жалпы өтеу коэффициенті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, тауарлы – материалдық құндылықтар қорларының құрылымы және басқалар әсер етеді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады:
.
Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға (немесе қаражаттарға) тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асу қажет екендігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңдегі кәсіпорынның күтілетін төлеу қабілеттілігін сипаттайды.
Осы көрсеткіштің нормативті маңызына байланысты басқа пікірлер де кездеседі. Ол 1 мен 3 арасында шектерде болуы тиіс. Төмендегі шегі ағымдағы міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болуы тиіс, жетпесе кәсіпорын төлеуге қабілетсіз болуы мүмкін. Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден екі есе артық болуы орынсыз болып саналады, себебі бұл компанияның өз қаражаттарын рационалды салмауы мен олардың тиімсіз пайдалануын көрсетеді.
Ағымдағы өтімділік коэффициентінің 2 – ге тең нормативтік мәні біздің елімізде есеп беру кәсіпорындардағы нақты жағдайды ескермей, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешім қабылдау үшін қажет белгілердің бірі ретінде алынған. Ағымдағы өтімділік коэффициентінің нормативтік мәні барлық кәсіпорындар үшін бірдей, яғни шаруашылық субъектісінің өндіріс түрі мен салалық ерекшеліктері есепке алынбайды.
Көптеген отандық кәсіпорындарды банкроттық анықтамаға жатқызуға болады, яғни бұндай белгілермен анықтау дұрыс емес, себебі көп кәсіпорындар ішінен нақты банкроттық шаралар қаупі төнген кәсіпорындарды бөліп көрсетпейды.
Бұл нормативтік мән әлемдік есептік талдау тәжірибесінде салалар және салааралық бойынша бөлшектеліп қолданылады. Осылай, АҚШ – тың сауда министрлігінің мәліметтері бойынша, салалар мен кәсіпорындар тобы бойынша жалпы өтеу коэффициенті 1990 жылы мынадай мәндерге ие болды. өндірістік сала корпорациясы – 1,47, тамақ өнімдерінің өндірісі – 1,25, баспа қызметі – 1,67, химия өнеркәсібі – 1,3, мұнай және көмір өндіру өнеркәсібі – 1, машина жасау – 1,85, электр құралдары және электрондық техника өндірісі – 1,47, бөлшек сауда – 1,5[38]. Біздің елде де статистикалық материалдарды жинақтау мөлшеріне қарай бұл көрсеткіштің мәнін салалар мен салааралық бойынша бөлшектеп және активтің өтімділігін талдауда қолдану керек.
Кәсіпорын өтімді қаржының болуын оларға ұтымдылық қажеттілік шегінде реттелуі қажет. Ол — әрбір нақты кәсіпорын үшін келесі факторларға байланысты:
- кәсіпорын және оның қызметінің көлемі, мөлшері (өндіру және өткізу көлемі қаншалықты көбірек болса, соншалықты тауарлы – материалдық құндылықтар қоры мол болады);
- өнеркәсіп және өндіріс салалары (өнімге деген сұраныс және оларды өткізуден түсімнің түсу жылдамдығы);
- өндірістік цикл ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);
- материал қорын қалпына келтіруге қажет уақыт (олардың айналу ұзақтығы);
- кәсіпорын жұмысының маусымдылығы;
- жалпы экономикалық конъюктура.
Егер ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің ара қатынасы 1:1 – ден төмен болса, онда кәсіпорын өз шоттарын төлей алмайды деуге болады. 1:1 арақатынасы ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің теңдігін білдіреді. Активтер өтімділігінің әр түрлі дәрежесін ескере отырып, активтердің барлығы тез арада өтімді деуге болмайды, яғни бұл жағдайда да кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төнеді. Егер де мәні 1:1 арақатынасынан көп болса, онда кәсіпорынның өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстардың едәуір көлемі бар екендігі туралы қорытынды жасауға болады.
Кәсіпорын кредиторлары тұрғысынан, айналым құралдарын құрудың осы варианты аса жоғары бағаланады. Сонымен бірге, менеджердің көзқарасы бойынша кәсіпорында қорлардың өте көп жиналуы, қаржыларды дебиторлық борышқа аудару кәсіпорынның активтерін шебер пайдаланумен байланысты.
Өтімділіктің әр түрлі көрсеткіштері тек өтімді қаржыларды есепке алудың әр түрлі дәрежесінде кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығын жан – жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарламаларының әр түрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделері жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті өтімділік коэффициенті () қажет. Осы кәсіпорынды несиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффициенттеріне () көп көңіл бөледі. Кәсіпорынның сатып алушылары немесе акциялар мен облигацияларды ұстаушылары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффициенті () бойынша бағалайды.
Көптеген кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффициентінің жалпы өтімділіктің жоғары коэффициентіне сай келуі тән екенін атап өту керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материал, жинақ бөлшектер, дайын өнімнің шектен тыс қорлары барлығына байланысты болады. Бұл шығындардың негізделмеуі ақырында ақша қаражатының жетіспеуіне әкеледі. Осыдан, жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуына қарамастан, оны құраушының, әсіресе баланстың үшінші тобына кіретін баптары бойынша, жағдайын және динамикасын айқындау керек.
Осы мақсатта өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің айналымын есептеу керек. Кәсіпорында аралық өтімділік коэффициентінің төмен және жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуы кезінде, айналымдылықтан аталған көрсеткіштерінің нашарлауы осы кәсіпорынның төлем қабілетінің нашарлағанын дәлелдейді. Өтімді қаржылардың айналым көрсеткіштерінің нашарлауы болған кезде, кәсіпорынның төлем қабілетін объективті бағалау үшін осындай төмендеу себептерін айқындау керек.
Осы кезде тұтынушының өнімдер мен қызмет көрсетулер үшін төлем жүргізуді кешіктірудің, дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың және тағы басқа шектен тыс қорлануының себептерін жеке талдау керек. Бұл себептер сыртқы және ішкі себептерден болуы мүмкін. Бірақ, алдымен өтімділіктің жоғарыда аталған коэффициенттерін есептеп, олардың деңгейлеріндегі ауытқуларды және оларға әр түрлі факторлардың әсер ету көлемін анықтау керек.
Мәліметтер қарастырылып отырған период аралығында жоғырылады. Осылай, абсолютті өтімділік коэффициенті 0,5624 пунктке, аралық 6,3005 пунктке және ағымдағы 6,3063 пунктке жоғарылады.
Жалпы өтімділік коэффициенті (Ағымдағы өтімділік коэффициенті), қарастырылып отырған периодта 3,982 ден 6,306 ұлғайды немесе 58,38. Нормитивті мәні 1,0 мен 2,0 аралығында болғандықтан кәсіпорын өз активтерін тиімсіз қолданады.
Талданып жатқан периодта бұл көрсеткіштің өзгеру тенденциясының оң болуы ағымдағы міндеттемелерді өндірістік қор, дайын өнім, ақша қаражаттары, дебиторлық қарыз және басқадай айналым активтері есебінен өтеу ықтималдығын ұлғайтты.
Осылайша, біз кәсіпорынның қаржылық тұрықтылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі – төлем қабілеттілігін толық қарастырдық. Ол баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Сонымен бірге кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар – елдегі саяси және экономикалық жағдай, ақша нарығының жағдайы, кепілдік және банктік заңдардың жетілуі, меншіктің капиталмен қамтамасыз етілуі, дебиторлық борыш, кәсіпорынның қаржы жағдайы және басқалар әсер етеді.
Қорытынды
«Алаугаз» АҚ қаржылық қызметін талдау негізінде келесі қорытындылар жасалды: баланс активінің құрылымының талданып жатқан период соңына ұзақ мерзімді активтер — 9,67 %, ал ағымдағы активтер — 90,33% құрады. Кәсіпорынның валюта балансы талданған периодта 15,13% төмендеді, бұл шаруашылықтың айналым капиталының қысқарғанын жанама түрде куәландырады. Баланс активінің құрылымының өзгеруіне ұзақ мерзімді активтердің 81 046,00 мың теңгеге қысқаруы және ағымдағы активтердің 356 327,00 мың теңгеге төмендеуі әсер етті. Қаржылық көзқарастан бұл оң нәтижені куәландырады, өйткені мүлік мобильдірек болады. Баланс активінің құрылымының өзгеруі, ең басты ағымдағы активтердің сомасының өзгеруіне әкелді.
Соңғы периодтағы материалды емес активтердің шамасының төмендеуі, кәсіпорын қызметінің инновациялық бағытының жоқтығын айтады. Ұзақ мерзімді инвестициялардың азаюы теріс болып есептеледі.
Қысқа мерзімді инвестициялардың мүлік құрамында ұлғаюы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көтерілгенін айтады.
Меншікті капитал үлесі, пассив құрылымында ұлғайып, бірақ талданып жатқан период аралығында міндеттемелердің және меншік капиталының арасалмағы 0,17 құрады. Бұл кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігінің шаррты түрде жоғарылауын және қаржылық тәуекелдің төмендеуін куәландырады.
Қаржылық міндеттемелердің құрылымының талдауы қарыз қаражаттар құрылымында қысқа мерзімді көздердің үстемдігін айтады бұл баланс құрылымының тиімсіздігін және қаржылық тұрақтылықты жоғалтудың үлкен дәрежесін көрсететін негативті фактор болып табылады.
Кредиторлық және дебиторлық қарыз сомаларын салыстыру барысында кәсіпорынның дебиторлық қарызы кредиторлықтан жоғары екенін көрсетті.
Таза түсім және өзіндік құн шамасы азайды. Жалпы түсім көлеміндегі өзіндік құнның үлес салмағы 7,52% қысқарды. Түсім және өзіндік құнның абсолютті мәндерінің өзгеру темпін салыстыру негізгі қызметтің тиімділігін өсуі туралы куәландырады.
Операциондық табыс 70,46% өсті, бұл кәсіпорынның операциялық қызметінің нәтижелігінің өсуі туралы айтады. Период соңына кәсіпорынның негізгі қызметі залалды болды және операциондық қызметінің залал сомасы 60 372,00 мың теңге құрады. Сатудан тыс қызметпен байланысты табыс пен шығыстың өзгеру темпін салыстыру оның табыстылығының төмендеуін көрсетеді.
Талданып отырған период соңына кәсіпорын -102 166,00 мың теңге таза табысы болды, ол төмендеу тенденциясын көрсетеді, яғни қаржылық – шарушылық қызмет нәтижесінде алынған меншікті қаражат төмендеді. Кәсіпорынның табыс құрылымында пайданың көп бөлігін негізгі емес қызметтен түскен үлесі құрайды.
Жалпы өтімділік коэффициенті, 58,38 ұлғайды. Нормитивті мәні 1,0 мен 2,0 аралығында болғандықтан кәсіпорын өз активтерін қолданатынын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің өзгеру тенденциясының оң болуы ағымдағы міндеттемелерді өндірістік қор, дайын өнім, ақша қаражаттары, дебиторлық қарыз және басқадай айналым активтері есебінен өтеу ықтималдығын ұлғайтты.
Автономдық коэффициенті 10,07% өсті, яғни коэффициенттің нормативті мәнінен асуы кәсіпорын несиелік ресурстарын тиімді тарту қабілеті жоқ екендігін көрсетеді. Коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының өскендігін айтады.
Кәсіпорынның балансындағы қарыз капиталының үлесі қарыз капиталын қолданудың төмендеу тенденциясы байқалады.
Талданып отырған периодтың аяғында кәсіпорын залал шекті. Дебиторлық қарызды өтеу мерзімі ұлғайды. Қарыз капиталының деңгейі айтарлықтай деңгейде, бұл кәсіпорынның нормальді қаржылық тұрақтылығын куәландырады.
Жалпы талдаудың барысында, «Алаугаз» АҚ ағымдағы қаржыны оперативті басқару проблемалары бар екенін көрсетті. Кәсіпорында қаржыны басқаруға көп көңіл бөлінбейді. Бұл кәсіпорынның жақында ашылып, әлі фирманың ішкі есебі дұрыс қалыптаспауымен байланысты. Сондықтан қаржылық басқаруды ұйымдастырып, ұсыныстарға сәйкес қаржылық жағдайын жақсарту үшін шаралар қолдануы керек.
Өндірістік кәсіпорынның қазіргі таңдағы басты мақсаты – максималды пайда түсіру, бірақ бұл капиталды тиімді басқарусыз мүмкін емес. Кәсіпорынның пайдасын ұлғайту үшін резервтерді іздестіру, басқарушының негізгі міндетін құрайды.
Зерттеу нәтижесі, кәсіпорын қызметі меншікті қаражат есебінен қаржыланатынын көрсетті. Кәсіпорын балансын жеткілікті өтімді деп айтуға болады, бірақ ақша қаражаттарының үнемі жетіспеушілігі байқалады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын өсіру үшін төмендегі шараларды жасау ұсынылады:
- алдымен өндірісті басқаруға деген қатынасты өзгерту керек;
- басқарудың жаңа әдістері мен техникасын игеру;
- басқару құрылымын жетілдіру;
- жұмыскерлердің өзіндік ізденістері;
- өзіндік құн саясатын ұқыпты ойластыру және жоспарлау;
- өндірістік шығындарды төмендету үшін резерв қорын іздестіру;
- кәсіпорынның қаржысын басқарудағы жоспарлаумен және болжамдаумен белсенді айналысу.
Жоғарыда айтылғандай, кәсіпорын мемлекеттің экономикалық потенциалының негізін қалыптастырады және шарушылықтың негізігін қалаушысы болып табылады.
Фирма табысты болған сайын, табысы тұрақты болған сайын, оның мемлекеттің әлеуметтік сферасына, экономикалық потенциалына салған үлесі жоғарылай түседі, бұл осындай кәсіпорындағы жұмыс жасайтын адамдардың өмірін жақсарта түспек.
Қолданылған әдебиет тізімі
І Заңнамалық және нормативтік — құқықтық актілер
- «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы жолдауы. – Заң газеті 23 ақпан 2005 жыл.
- ҚР-ның Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). – Алматы: Жеті Жарғы. 2000. -560 бет.
- «Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы» Заңы. – Алматы: Дәнекер 2001. -2-10 бет.
- «Қазақстан Республикасының Жер Кодексі».–Алматы: Юрист. 2003 – 144б.
- «Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы» Заңы. – Алматы: Юрист. 2004. – 18 бет.
ІІ Кітаптар, монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, баптар және газет пен журналдар
- Под ред. Кошкина В.И. Организация и методы оценки предприятия (бизнеса). Учебник. – М.:ИКФ «ЭКМОС», 2002.
- Валдайцев С.В. Оценка бизнеса и инновации. – М.: Филинъ, 1997.
- Григорьев В.В., Федотова М.А. Оценка предприятия: теория и практика. – М.: ИНФРА-М, 1997.
- Единые стандарты профессиональной оценки (США) // Проблемы оценки недвижимости и бизнеса в экономике переходного периода. – М.: РОО, 1994.
- Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001.
- Под ред. Грязновой А.Г., Федотовой М.А. Оценка бизнеса. Учебник. – М.: Финансы и статистика, 2000.
- Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. – М.: ИНФРА-М, 1995.
- Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. В Учебнике «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности». Под общ. ред. Стражевой В.И. – Минск: Вышэйшая школа, 1995.
- Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфлияции. – М.: Изд-во «Перспектива», 1995.
- Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. – М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 1994.
- Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.
- Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. – М.: Финансы и статистика, 1994.
- Бухгалтерско- аудиторский портфель. (Книга предпринимателя. Книга бухгалтера. Книга аудитора) / Отв.ред. Рубин Ю.Б., Солдаткин В.И. – «ОМИНТЭК», 1994.
- Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. – Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 1997.
- Маркарян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ – М.: «ПРИОР», 1996.
- Бухгалтерский анализ: Пер. с англ. – К.: Торгово – издательское бюро BHV, 1993.
- Ефимова О.В. Как анализировать финансовое полпжение предприятия (практическое пособие). – «Бизнес – школа», Интел-Синтез, 1994.
- Лоханина И.М., Золкина З.К. Основы анализа финансового состояния предприятия. Учебное пособие. – Ярославль, 1993.
- Андреев В.А. Практический аудит. /Справочное пособие/. – М.: Экономика, 1994.
- Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. – М.: Финансы и статистика, 1995.
- Анализ платежеспособности предприятий и организаций. Практическое руководство для государственных, совместных и малых предприятий. – М.: 1991.
- Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет, анализ хозяйственной деятельности и аудит. – М.: Перспектива, 1994.
- Палий В.Ф. Новая бухгалтерская отчетность. Содержание и методика анализа. – М.: Журнал «Контролинг». 1991.
- Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственноой деятельности. – 2-е изд. М.: Финансы и статистика, 1997.
- Есипов В.Е., Маховикова Г.А., Терехова В.В. Оценка бизнеса. Учебник. ПИТЕР, 2003.
- Баймуханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақ университеті, 2003.
- Байгісиев М.Қ. Жылжымайтын мүлік экономикасы. Алматы: Қазақ университеті, 2003.
- Банки Казахстана. Журнал, № 10, 2003. – стр. 74.
[1]«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы жолдауы. – Заң газеті 23 ақпан 2005 жыл.
[2] Банки Казахстана. Журнал, № 10, 2003. – стр. 74.
[3]Под ред. Кошкина В.И. Организация и методы оценки предприятия (бизнеса). Учебник. – М.:ИКФ «ЭКМОС», 2002.
[4]Валдайцев С.В. Оценка бизнеса и инновации. – М.: Филинъ, 1997.
[5]ҚР-ның Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). – Алматы: Жеті Жарғы. 2000. -560 бет.
[6] «Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы» Заңы. – Алматы: Дәнекер 2001. -2-10 бет.
[7] «Қазақстан Республикасының Жер Кодексі».–Алматы: Юрист. 2003 – 144б.
[8] «Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы» Заңы. – Алматы: Юрист. 2004. – 18 бет.
[9] Единые стандарты профессиональной оценки (США) // Проблемы оценки недвижимости и бизнеса в экономике переходного периода. – М.: РОО, 1994.
[10] «Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы» Заңы. – Алматы: Дәнекер 2001. -2-10 бет.
[11] «Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы» Заңы. – Алматы: Юрист. 2004. – 18 бет.
[12] Валдайцев С.В. Оценка бизнеса и инновации. – М.: Филинъ, 1997.
[13] Андреев В.А. Практический аудит. /Справочное пособие/. – М.: Экономика, 1994.
[14] Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. – М.: Финансы и статистика, 1995.
[15] Григорьев В.В., Федотова М.А. Оценка предприятия: теория и практика. – М.: ИНФРА-М, 1997.
[16] Под ред. Грязновой А.Г., Федотовой М.А. Оценка бизнеса. Учебник. – М.: Финансы и статистика, 2000.
[17]Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. В Учебнике «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности». Под общ. ред. Стражевой В.И. – Минск: Вышэйшая школа, 1995.
[18] Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. – М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 1994.
[19] Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.
[20] Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.
[21] Бухгалтерско- аудиторский портфель. (Книга предпринимателя. Книга бухгалтера. Книга аудитора) / Отв.ред. Рубин Ю.Б., Солдаткин В.И. – «ОМИНТЭК», 1994.
[22] Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. – Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 1997.
[23] Маркарян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ – М.: «ПРИОР», 1996.
[24] Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфлияции. – М.: Изд-во «Перспектива», 1995.
[25] Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. – Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 1997.
[26] Ефимова О.В. Как анализировать финансовое полпжение предприятия (практическое пособие). – «Бизнес – школа», Интел-Синтез, 1994.
[27] Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет, анализ хозяйственной деятельности и аудит. – М.: Перспектива, 1994.
[28] Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. – Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 1997.
[29] Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. – М.: Финансы и статистика, 1995.
[30] Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. – М.: ИНФРА-М, 1995.
[31] Ефимова О.В. Как анализировать финансовое полпжение предприятия (практическое пособие). – «Бизнес – школа», Интел-Синтез, 1994.
[32] Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. – М.: Финансы и статистика, 1995.
[33] Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. – М.: Финансы и статистика, 1994.
[34] Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. – М.: ИНФРА-М, 1995.
[35] Палий В.Ф. Новая бухгалтерская отчетность. Содержание и методика анализа. – М.: Журнал «Контролинг». 1991.
.
[36] Анализ платежеспособности предприятий и организаций. Практическое руководство для государственных, совместных и малых предприятий. – М.: 1991.
[37] Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственноой деятельности. – 2-е изд. М.: Финансы и статистика, 1997.
[38] Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. – М.: Финансы и статистика, 1995.