Диплом «ҚР ҚК-нің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері»
ТҮЙІН
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «ҚР ҚК-нің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі. Осы дипломдық жұмыста қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру. Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау және қарауыл бастығының міндеттері тереңінен қарастырылған. Зерттеу нәтижелері бойынша қарауыл бастығының міндеттері және қарауыл қызметін ұйымдастыру жан-жақты қарастырылған.
АННОТАЦИЯ
Тема дипломной работы: Методика проведения занятия по теме: «Обязанности начальника караула: устав гарнизонной и караульной служб Вс РК». В этой дипломной работе глубоко изучены и рассмотрены вопросы организации караульной службы, назначение военнослужащих в состав караула, оборудование постов и обязанности начальника караула. Результаты исследования организации караульной службы приводятся в дипломной работе.
ANNOTATION
Theme of the diploma work: Procedure of occupation on the theme: “The responsibilities of guard commander: Garrison and Guard Duty Regulations Of [vs] RK”. In this diploma work are deeply studied and examined questions of the organization of guard duty, designation of soldiers in the composition of guard, the setting-up apparatus and responsibility of guard commander. The results of investigating the organization of guard duty are given in the diploma work.
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..8
Бірінші бөлім: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің
гарнизондық және қарауылдық қызметін ұйымдастыру. Жалпы ережелер…….11
1.1. Гарнизондық және қарауылдық жарғыдан оқыту әдістері……………………….11
1.2. Гарнизондық қызметті ұйымдастыру……………………………………………………..15
1.3. Гарнизондық наряд адамдарының құқықтары мен міндеттері…………………20
Екінші бөлім: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметі тағайындалуының оқыту әдістемесі 25
2.1. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру……………………………………………………….25
2.2. Қарауыл адамдарының құқықтары мен міндеттері…………………………………30
2.3. Әр түрлі күзеттегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері……………………36
- Қарауыл бастығының құқықтары мен міндеттері……………………………………….42
3.1. Қарауыл бастығы……………………………………………………………………………………42
3.2. Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын күзету жөніндегі қарауыл
бастығының ерекше міндеттері……………………………………………………………………..47
3.3. Әр түрлі күзеттегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері…………………….53
- Қарауыл қызметі бойынша сабақ өткізу әдісі……………………………………………59
Қорытынды…………………………………………………………………………………………………65
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………………………………….68
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады. Онда әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары және өзара қарым – қатынастары анықталады.
Жарғылар әскерлердің өмірі мен күнделікті қызметін, тұрмысының барлық жақтарын қатаң және нақты түрде белгілейді, әскердегі белгіленген тәртіптің, ұйымдастырушылық, әскери тәртіптілікті ұстап тұру мәселелеріне анық нұсқаулар береді.
Казіргі кезде жарғыларды Ұлы Отан соғысының тәжірибесі, Кеңестік Қарулы Күштерін қалыптастырудағы көпжылдық тәжірибелер есепке алынған. Олар әскери – техникалық прогресс нәтижесінде қол жеткізілген әскери істің қазіргі даму деңгейін және соңғы жылдарда әскери істе болған өзгерістерді қамтиды.
Жарғылар ережелері Қазақстан Республикасы азаматтары моральдық кодексінің адамгершілік принциптерімен тығыз байлансты. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары Қазақстан Республикасы Презідентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы № 4156 Жарлығымен бекітілді.
Жалпы әскери жарғылардың ережелерін Қарулы Күштеріндегі барлық бөлімдер мен бөлімшелер, кеме, шекара мен ішкі әскерлердің орындауы міндетті.
Қазақстан Республикасының «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қорғау» туралы заңында былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін қорғау, оның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, карулы шабуылды тойтару мен агрессорларды жеңіліске ұшырату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғау және оның халықаралық міндеттемелерге сәйкес тапсырмаларды орындауы, әскери қызметшілердің әскери антқа адал болуы, әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауын міндеттейтін әскери борыштың мәнін қүрайды».
Заң тұрғысынан алғанда, жалпы әскери жарғылар — дара басшылық негізінде әскери қызметшілер қарым-қатынасының әр түрлі жағын, әскери тәртіптілік пен зандылықтарды реттейтін, мемлекет бекіткен нормативті-құқықтық актілердің жиынтыгы. Олар әскери өмір мен оның әрекеттерінің сан түрлі қырын реттейді: әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің міндеттерін, нормалары мен әдістерін, әскердің күнделікті өмірін үйымдастыру тәртібін; ішкі, гарнизондық, қарауылдық, патрульдік, парк, лагерьлік және басқа да арнайы қызметтердің күн тәртібін; әскерді орналастыру, материалдык-түрмыстық және медициналық қамтамасыз етуді; әскери қызметшілердің қүқығын, міндеттері мен тәртіптік жауапкершілігін; жауынгерлердің қызметтегі және одан тыс уакыттағы өзара қарым-қатынасы мен мінез-қүлқын; қатаң жарғылық тәртіпті, жоғары үйымдастырушылықты, әскери тәртіптілік пен үрысқа дайындықты сақтаудың қүқықтық жағы мен әдістерін реттейді.
Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысында гарнизондық және карауылдық қызметті тағайындау мен үйымдастыру мәселелері белгіленеді. Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың және қарауылдық қызмет атқарушы әскери қызметшілердің міндеттері мен қүқықтары, әскердің қатысуымен гарнизондық және баска да шараларды өткізу тәртібі айқындалады.
Осы Жарғы гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыру және өткеру, әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шаралар өткізу тәртібін айқындайды. Жарғының күші Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттерін оқыту әдістемесі» деген тақырыбты жан-жақты талдау жасау және оның оқыту ерекшеліктерін анықтау.
Дипломдық жумыстың зерттеу объектісі: «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» деген тақырыб бойынша сабақты жүргізу
Зерттеудің пән:і «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» деген сабақты өткізудің әдістемелік ерекшеліктері
Зерттеудің мәселелері:
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» деген сабақтың үйымдастыру және жоспарлау ерекшеліктерін айкындау және талдау;
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» атты сабақтың үйлесімді мазмұнын және жоспарлауын анықтау;
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» атты сабақтың әдістемелік ерекшеліктерін айкындау;
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» атты сабақты үйлесімді өткізуге байланысты әдістемелік нүсқау беру.
Зерттеудің әдістері:
- Зерттеу мәселері бойынша ғылыми — әдістемелік әдебиеттерді талдау;
- мектеп мүгалімдердің тәжірибелік жұмыстарын зерттеу ;
- сабақтың үстінде педагогикалық бақылау жүргізу;
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері» деген тәжірибелік сабақтың нәтижелерін талдау.
Зерттеудің кайнарларымен Қазақстан қарулы күштерінің дамуын аңықтаушы ресми қүжаттар болды (Қазақстан Республикасы – 2030 даму стратегиясының концепциясы), жалпы білім беретін орта мектептердегі алғашқы әскери дайындықтың типтік бағдарламалары, алдынғы педагогикалық тәжірибе.
Зерттеудің ұйымдастыру мен кезеңдері: Зерттеу 2011 / 2012 оқу жылында, екі кезеңде Сарысу аудандық Жаңатас қалалық орта мектебінің базасында өткізілді.
I кезең — зерттеу тақырыбын айқындау, педагогика теориясында тап осы зерттеу түралы күй – жағдайын анықтау, зерттеудің ғылыми апаратын айқындау, зерттеудің жоспары мен мазмұнын күру.
II кезең — осы мәселе түралы әдебиеттерді талдау, зерттеу және өндеу, мектептің ұздік мүгалімдерімен кеңес өткізу, мектептің және жаттығу сабақтарын талдау, мектептегі мүгалімдердің сабақтарын бақылау, алынған мәліметтерді өндеу және жүйеге келтіру.
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметінің жалпы негіздері
1.1. Гарнизондық және қараулдық жарғыдан оқыту әдістері
Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім беруді реформалау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мұғалімдердің тәжірибесінде енгізілуде. Осыған орай, мектептерде қолданып жүрген технологияларының бірі – саралап–даралап оқыту технологиясы. Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқушыларға тек білім берумен шектелмей, танымдық әрекетін арттырады және ойлау қабілетін, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Тәжірибенің жаңашылығы: компьютерлік технологияны қолдану арқылы оқушылардың Алғашқы әскери дайндыққа қызығушылығын арттыру, интерактивтік тақталарының мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру.
Тәжірибенің тиімділігі: пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқытуда саралау және жіктеуді қамтамасыз етеді, оқушылардың танымдық процестері мен танымдық қабілеттерін дамытады, оқушылардың сауаттылығын ашуға септігін тигізеді, оқушылардың оқу әрекетінде жетістіктерге жетуіне жағдай туғызады, оқушылардың рухани бай жеке тұлға болуына қалыптасады.
Алғашқы әскери дайндық пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың жеке бас ерекшелігіне қарай қабілетін аша отыра, осы пәнді теориялық және тәжірибелік жағынан сараланған түрде даралап оқыту, сөйлестіру, жазу мәдениетін жетілдіру, өзіндік ой- пікірін дамыту.
Саралай оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.
Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен олардың ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын жалпы білім деңгейін зерттеу қажет. Бұл ерешеліктерді айқындау үшін білімді менгеру денгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалдама, психологиялық тәжірибе жасау ата-аналарымен әнгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақтың сұрақ беру, кіріспе әнгіме, оқыған материалды, тағы да басқа тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгірімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудін жоспар үлгісі ұсынылады. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу – тәрбие жұмысында мұғалім өзіне лайық әдіс енгізеді.
Өзіндік әдісті жүзеге асыруда мына мәселелер көзделеді:
- Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу.
- Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемелігін жасау.
- Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру.
- Білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру.
Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішнде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары, орташа , стандартты немесе төмен деп 4 топқа бөлуге болады.
Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңда, сол тақырыпты егеру көзделсе, өте пайдалы.
Бірінші деңгей (оқытушылық деңгей) – білімнің минималдық шегі. Граммаикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерді сөздікке жазып алу, сұрақтарға түсініп жауап беру.
Екінші деңгей (алгоритімдік деңгей) — үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескеріледі.
Үшінші деңгей (эвристикалық деңгей) – материалды саналы түрде меңгеру. Бұл деңгейде оқытушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр – түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді қажет етеді.
Төртінші деңгей (шығармашылық деңгей) — өз бетімен оқу материалдарын менгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайларын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына кепілдік береді. Әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары жағдай жасайды.
Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамыту мен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблода көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы оқушылардың көз алдына тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократия критерийлері болады.
Даралап–саралап оқытудың маңыздылығы:
1.Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі.
2.Бос отырған оқушы болмайды.
3.Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады.
4.Қиындықтарды жене білуге дағдыланады, пәнді оқып үйренуге қызығушылығы пайда болады.
5.Ізденіс дағдысы қалыптасады.
Даралап-саралап оқытуда күтілетін нәтиже:
- Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.
- Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігі, іскерлігін біліп ғана қоймай оны дамытады.
- Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Ерекшелігі:
- Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемдігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен айырылады.
- Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
- Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі женілдейді.
Даралап – саралап оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының білімі мен білігіндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді. Сонымен қатар даралап – саралап оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылардың арасында өзара жарысу жәнеоқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне жағдай туғызады.
Сондықтан да мұғалімдерге саралап — даралап оқыту технологиясын Алғашқы әскери дайындық сабағында пайдаланған өте тиімді.
Ұжымдық оқыту технологиясы оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге баулып, ынтымақтастық, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді. Өзін –өзі басқаруын қалыптастырып, байқампаздыққа таратады.
Оған мынадай басты талаптар қойылады:
- әр оқушының еңбектенуі және оның еңбегін пайдаға жарату;
- өзінің еңбегімен қоса басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау;
- өзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқыту;
- серіктесінің түсінбегенін түсіндіріп көмектесу;
- әрбір оқушы кезектесіп (ауысып)не оқушы, не мұғалім болады;
- әр оқушы кезек тәртібін сақтап барлығын үйретеді, ал жұп жекеше түрде барлық мүшесін үйретеді.
Әдістеменің ерекшелігі:
- жекелеу оқыту;
- қасындағы оқушымен жұптасып оқыту;
- топпен оқыту;
- ұжымдық оқыту.
Бұл технологияның тиімділігі сол, жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін, оларға мәселелік сұрақтар қойылып отырады. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Оқушылардың білімін жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда “Сын тұрғысынан ойлау”, “Модульдік оқыту ” технологияларын күнделікті сабақтарымда қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау – сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Бастауыш сынып оқушыларының оқытуда тиімді әдістерді пайдалана арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттырады, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғаліммен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын. Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істей арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге мүмкіндігі бар.
Оқу процесін жеделдету міндетіне байланысты, орыс мектептерінде қазақ тілін үйретуінде әр түрлі әдіс тәсілдерді, методикалық құралдарды қолдану қажеттілігі туып отырғаны белгілі. Мен бастауыш сыныптарында өзім жасаған «Дыбысты бағдаршам» деген құралды жиі қолданам. Алғашқы кезеңдерінде уақыттың тығыздығына байланысты тақырыпты қайталауға, бекітуге үлгере алмайтын жағдайлар болды. Енді «Дыбысты бағдаршамды » қолданғаннан бері уақытымды үнемдеп, бірнеше секундта сыныптағы барлық оқушының жалпы білім әсерін көремін. Жалпы сыныптың айқын білім деңгейі анықталады. Мұғалім сабақ барысында барлық оқушыларды көз аясында ұстап, әр баланың өткен материалды қалай меңгергенін біледі. Бұл құралды оқушылар мұғалімнің басшылығымен өздері жасай алады.
Екінші “Бақылау сұрау” деген құралды үлкен тақырыпты қайталау және бекіту кезеңдерінде, әрбір тоқсан соңында, немесе жыл аяғында оқушылардың қорытынды білімін тексергенде қолдану өте тиімді.
Мұндай бақылау құрал ұжымдық және топтық әрекетті пайдалана отырып жүргізгенде нәтиже береді. Тәрбиелік мағынасы өте зор — әр оқушы өз тобы үшін жауапкершілігін арттырады, өз үшін ғана емес, өз тобы үшін ынтасын көтереді.
1.2. Гарнизондық қызметті ұйымдастыру
Елді мекенде немесе шекаралары белгіленген ауданда орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері, мекемелері (бұдан әрі – әскери бөлімдер) гарнизонды құрайды.
Гарнизонның шекаралары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бұйрығымен айқындалады. Анағұрлым үлкен гарнизонның құрамына оған жақын жатқан елді мекендерде орналасқан барлық әскери бөлімдер енгізіледі. Осы шекараларға жақын жатқан басқа да елді мекендер енгізілуі мүмкін.
Гарнизон шекаралары гарнизонның барлық жеке құрамына дейін жеткізілуі тиіс.
Гарнизондық қызмет жеке құрам арасында жоғары әскери тәртіпті ұстау, әскерлердің күнделікті өмірі мен даярлығына қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шараларды өткізу үшін арналған.
Гарнизон шектерінде гарнизондық қызметке басшылық жасауды гарнизон бастығы жүзеге асырады. Ақмола және Алматы гарнизондарын қоспағанда, өңірлік қолбасшылықтың жауапты аймағында орналасқан гарнизондардың бастықтары өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына бағынады.
Әскерлер оқу-жаттығу орталықтарында және лагерьлерде орналасқан кезде әскерлердің күнделікті тіршілігін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі жарғысына (бұдан әрі – Ішкі қызмет жарғысы) сәйкес жүзеге асырылады.
Гарнизондық қызметті өткеруге гарнизон құрамына кіретін әскери бөлімдер тартылады.
Әскери бөлімдердің гарнизонда гарнизондық қызметті өткеру кезектілігін гарнизон бастығы белгілейді.
Жауынгерлік кезекшілікті және жауынгерлік қызметті өткеретін бөлімшелер гарнизондық қызметті өткеруге тартылмайды.
Әрбір гарнизонда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бұйрығымен, әдетте, Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің командирлері қатарынан гарнизон бастығы тағайындалады, қажет болған кезде: гарнизонның штаб бастығы, гарнизон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, гарнизон бастығының тыл жөніндегі орынбасары, гарнизон әкімшілігінің басқа да адамдары тағайындалуы және олардың міндеттері айқындалуы мүмкін (1-қосымша).
Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери бөлімдерінің командирлері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдері командирлерінің атқарып отырған лауазымы бойынша жоғары болған гарнизондарда гарнизон бастықтары басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшыларының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бұйрығымен тағайындалады.
Лауазымға кіріскені туралы гарнизон бастығы бұйрықта жариялайды, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына және өзінің тікелей бастығына баяндайды, сондай-ақ ол туралы мемлекеттік жергілікті басқару органдарына жазбаша түрде хабарлайды.
Әскери қалашықта Қарулы Күштердің әр түрлі түрлері мен әскер тектерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамына кіретін бірнеше әскери бөлімдер орналасқан кезде гарнизон бастығының бұйрығымен әскери қалашықтың жетекшісі тағайындалады.
Гарнизондардағы құқық тәртібін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери полиция органдары жүзеге асырады.
Гарнизондық наряд
Гарнизондық наряд көшелерде және гарнизонның басқа да қоғамдық орындарында әскери қызметшілер арасында әскери тәртіп пен реттілікті ұстау, гарнизондық объектілерді күзету мен қорғау үшін, сондай-ақ әскери бөлім көлік құралдары жүргізушілерінің (механик-жүргізушілерінің) жол жүру ережелерін сақтауын бақылау және гарнизон қызметінің басқа да міндеттерін орындау үшін тағайындалады.
Штаттық құрылымымен және санымен әскери полиция органдарын ұстауға мүмкін болған гарнизондарда Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған міндеттер көлемінде гарнизонда қызмет өткеру гарнизонның әскери полициясына жүктеледі.
Әскери бөлімдердің командирлері (бастықтары) гарнизондық қызметті ұйымдастыру және өткеру мәселелері жөнінде гарнизон бастығына бағынады.
Гарнизондық нарядтың құрамына:
— қарауылдар бойынша кезекші (командирі гарнизон бастығы болып табылатын әскери бөлім бойынша кезекші);
— қарауылдар бойынша кезекшінің көмекшісі;
— гарнизондық қарауылдар;
— кезекші бөлімше;
— гарнизондық патрульдер;
— жол жүру ережелерінің сақталуына бақылау постылары (жол жүруді реттеуші) тағайындалуы мүмкін.
Әскери бөлімдердің командирлері жол жүруді реттеушілерді даярлауға жауапты болады.
Гарнизондық наряд нарядқа түсер алдында бір тәуліктен кешіктірілмей тағайындалады. Ол осы наряд тағайындалған әскери бөлімдерден көлік құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Гарнизондық наряд тағайындалатын әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлері жеке құрамды іріктеу мен орналастыруға, оның қызметті өткеруге даярлығына, нұсқау алуға уақтылы жіберу мен таралымға келуіне, кезекші бөлімшенің ұдайы әзірлігіне және белгіленген орынға шақыру бойынша оның уақтылы келуіне жауапты болады.
Гарнизонның штаб бастығы әр айға гарнизондық нарядтың ведомосын (3-қосымша) жасайды, оны гарнизон бастығы бекітеді.
Гарнизондық нарядтың ведомосынан үзінді көшірме жаңа ай басталғанға дейін 10 тәулік бұрын қызмет өткеруге тартылатын барлық әскери бөлімдерге жіберіледі.
Гарнизондық нарядтың ведомосындағы әрбір өзгеріс туралы гарнизон бастығы әскери бөлімдердің командирлеріне уақтылы хабарлайды.
Нарядқа түсер алдында әскери бөлімнің штабында қарауылдар бойынша кезекшіге, гарнизондық патрульдердің бастығына және жол жүру ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі постшыларға (жол жүруді реттеушілерге) нұсқама беріледі, олардың негізінде гарнизонның штаб бастығы қарауылдар бойынша кезекшіге бұрынғы және жаңа парольдері бар жазбаны, патрульдер бастықтарына – қозғалыс бағыты, патрульдеу уақыты, ерекше міндеттері көрсетілген патруль бастығының куәлігін, ал жол жүру ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі әрбір постшыға (жол жүруді реттеушілерге) – жол жүру ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі постшының (жол жүруді реттеушінің) куәлігін (4-қосымша) береді.
Қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіде, оның көмекшісінде, патруль және жол жүру ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі постының құрамында (жол жүруді реттеушілерде) кеудесінің сол жағында тиісті жазуы бар кеуде белгісі, одан басқа жол жүру ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі постшыларда (жол жүруді реттеушілерде) реттеушінің бағдартаяғы болуы тиіс.
Гарнизондық нарядты тағайындау және даярлау тәртібі Ішкі қызмет жарғысында белгіленген тәуліктік нарядты тағайындау және даярлау тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Гарнизонның кезекші бөлімшесі
Гарнизонның кезекші бөлімшесі гарнизондық қарауылдарды күшейту немесе гарнизонда өрт, зілзала және өзге де оқиғалар болған кезде жедел шақырту жағдайында гарнизон бастығының бұйрығымен тағайындалады.
Бұйрықта оның құрамы, қару-жарағы, оқ-дәрілермен, қажетті мүлікпен және көлік құралдарымен қамтамасыз ету, киім нысаны мен демалу тәртібі көрсетіледі.
Кезекші бөлімшені шаруашылық жұмыстарын орындау үшін пайдалануға тыйым салынады.
Үлкен гарнизондарда бірнеше кезекші бөлімше тағайындалуы мүмкін.
Кезекші бөлімше әрбір тәулікке, гарнизон бастығы бекіткен кестеге сәйкес, әдетте, гарнизондық қарауылдар тағайындалған сол әскери бөлімнен тағайындалады және гарнизон бастығына және қарауылдар бойынша кезекшіге бағынады.
Кезекші бөлімшені шақыруды гарнизон бастығы немесе оның рұқсатымен қарауылдар бойынша кезекшісі (гарнизон бастығына бағынысты әскери бөлімнің) жүргізеді.
Кезекші бөлімшені шақырған кезде: қайда, қай уақытқа және кімнің қарамағына келуі, сондай-ақ өзімен бірге қандай мүлік, жабдық, қару-жарақ, оқ-дәрілер саны болуы тиіс және оларды беру тәртібі көрсетіледі.
Кезекші бөлімшеге оқ-дәрілер әскери бөлім командирінің (штаб бастығының) немесе әскери бөлім бойынша кезекшінің бұйрығымен беріледі.
Кезекші бөлімшені шақырумен бір уақытта гарнизон бастығының бұйрығымен, егер қажет болса, жаңа кезекші бөлімше тағайындалады.
Кезекші бөлімшемен сабақтар өз әскери бөлімі орналасқан жерде өткізіледі. Кезекші бөлімшенің орналасқан жері және оны шақыру тәртібі әскери бөлім бойынша кезекшіге және қарауылдар бойынша кезекшіге белгілі болуы тиіс.
Кезекші бөлімше белгіленген орынға келгеннен кейін қарауылдар бойынша кезекшісінің (гарнизон бастығына бағынысты әскери бөлімнің) немесе оның қарамағына тағайындалған адамның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Гарнизондық патрульдер
Әрбір гарнизонда көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда, темір жол станцияларында, вокзалдарда, порттарда, әуеайлақтарда, сондай-ақ гарнизонға жақын орналасқан елді мекендерде тәртіп орнату және әскери қызметшілердің әскери тәртіпті сақтауын бақылау үшін патрульдік наряд (патруль) тағайындалады. Патрульдеу, әдетте, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери полициясы органдарына жүктеледі, олар міндеттерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес атқарады. Әскери полиция органдары жоқ гарнизондарда гарнизондық патрульдер әскери бөлімдер құрамынан гарнизон бастығының бұйрығымен тағайындалады, қажет болған кезде бірлескен патрульдер тағайындалуы мүмкін.
Патруль – бұл міндетті бағдарды аралау (жүріп өту) немесе оның жекелеген учаскелерін тексеру жолымен орындайтын, құрамында екі немесе бірнеше әскери қызмеші бар жылжымалы наряд.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларға құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген органдардың, сондай-ақ олардың кезекші бөлімшелерінің (жедел топтарының) патрульдік-постылық қызметін ұйымдастыру және өткеру ерекшеліктері Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар басшыларының бұйрықтарымен бекітілген патрульдік-постылық қызметтерді ұйымдастыру туралы, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарымен айқындалады. Патрульдеу тәртібін тиісті органның командирі (бастығы) айқындайды.
Әскери бөлімдерден патрульдер бір тәулікке немесе тек күннің немесе түннің белгіленген уақытына тағайындалады және олар жаяу немесе автомобильдерде болуы мүмкін. Бір тәулікке тағайындалған патруль гарнизон бастығы айқындаған орындарда екі сағат демалумен 4 сағат ішінде патрульдеуді кезектестіріп қызмет өткереді.
Қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің жанында көлік құралы бар резервтік патруль тағайындалады.
Гарнизондық патрульдер гарнизон бастығына және қарауылдар бойынша кезекшіге бағынады. Қарауылдар бойынша кезекші тағайындалмаған гарнизондарда патрульдер, олар тағайындалған әскери бөлім бойынша кезекшіге бағынады.
Темір жол учаскелері және станциялары, теңіз (өзен) порттары және әуежайлар аудандарында патрульдеу үшін тағайындалған гарнизондық патрульдер, одан басқа темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери командантына бағынады.
Патруль патруль бастығынан және екі-үш патрульден тұрады.
Патруль бастығы болып патрульге жүктелетін міндеттерге байланысты офицер немесе сержант (старшина) тағайындалуы мүмкін.
Темір жол учаскелері және станциялары (порттары), әуежайлар аудандарында қызмет өткеретін патруль бастығы болып офицерлер тағайындалады.Патрульдер тәртіпті, талап қоя білетін, саптық жағынан жинақы және дене бітімі дамыған сарбаздар (матростар) немесе сержанттар (старшиналар) қатарынан және әдетте, бір бөлімшеден тағайындалады.
Гарнизондық патрульдің қару-жарағы мен киім нысанын гарнизон бастығы белгілейді. Патрульдердің бастықтары – келісімшарт бойынша әскери қызметшілер әдетте, екі жарақтандырылған оқжатары бар пистолеттермен қаруланады, ал қалған жеке құрам жағдайдың шарттарына байланысты қарусыз немесе қарумен болуы мүмкін.
Қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшімен байланысу үшін патруль байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Патрульдеу схемасын және патрульдерге нұсқаулықтарды гарнизон штабының бастығы жасайды және оны гарнизон бастығы бекітеді, ал әскери полиция органдарында, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда осы органдардың командирлері (бастықтары) бекітеді, гарнизон бастығымен және өзара іс-қимыл жасайтын құқық қорғау органдарымен келісіледі.
Патрульдеу схемасында: патрульдер қозғалысы бағдарының бірнеше нұсқасы; қоғамдық орындардың, жаппай демалу орындарының (кинотеатрлар, парктер және басқалар) орналасуы; қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшімен, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен байланыс жасау үшін телефондардың орналасқан жерлері көрсетіледі.
Патрульдерге нұсқаулықта: патрульдердің міндеттері; олардың әрбір бағдарда қызмет өткеру ерекшеліктері; құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл тәртібі; байланыс тәсілдері мен қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндау тәртібі көрсетіледі
1.2. Гарнизондық наряд адамдарының құқықтары мен міндеттері.
Қарауылдар бойынша кезекші мен оның көмекшісі:
Гарнизондық қарауылдарға тікелей басшылық жасау үшін лауазымы бойынша рота (батарея) командирінен төмен емес гарнизон әскери бөлімдерінің офицерлері қатарынан қарауылдар бойынша кезекші және кіші офицерлер қатарынан оның көмекшісі тағайындалады.
Бір гарнизондық қарауыл бар гарнизондарда гарнизон бастығының бұйрығымен қарауылдар бойынша кезекшінің міндеттері қарауыл тағайындалатын әскери бөлім бойынша кезекшіге жүктелуі мүмкін.
Кезекші мен оның көмекшісі қызмет өткеру үшін арнайы жабдықталған орында болады. Олар екі жарақтандырылған оқжатары бар пистолеттермен қаруланады.
Қарауылдар бойынша кезекші гарнизондық қарауылдардың қызметті дұрыс өткеруіне жауап береді. Ол гарнизон бастығына бағынады.
Қарауылдар бойынша кезекші:
— белгіленген уақытта гарнизонның штаб бастығына келуге, қарауылдар бойынша кезекші болып тағайындалуы туралы нұсқаманы беруге, бұрынғы және жаңа парольдері бар жазбалар мен қажетті нұсқаулар алуға;
— ауысатын қарауылдар бойынша кезекшіге өзін таныстыруға және оған бұрынғы парольді айтуға;
— гарнизондық наряд ведомосын, постылардың орналасу схемасын, постылар табельдерін, қарауылдар бастықтарының нұсқаулықтарын және қарауылдар бойынша кезекшінің нұсқаулықтарын зерделеуге;
— ішкі жарғы қызметінде көрсетілген тәуліктік нарядтың таралымын өткізу тәртібіне сәйкес гарнизондық нарядтың таралымын өткізуге;
— оған бөлініп берілген үй-жайда болуға; қызметтік істермен кеткен кезде өзінің көмекшісіне қайда және қай уақытқа кететінін хабарлап, оны орнына қалдыруға;
— кемінде тәулігіне екі рет (оның ішінде түнде бір рет) гарнизондық қарауылдардың қызмет өткеруін жеке өзі тексеруге, бұл ретте түнгі уақытта, ал нашар көрінетін кезде және күндіз жауынгерлік машиналар (қару-жарақ, әскери және басқа техника) тұрақтарын қарап шығуға және анықталған кемшіліктерді дереу жоюға шаралар қабылдауға;
— ауа райының жағдайына байланысты постыларда болу ұзақтығының өзгеруі туралы нұсқаулар беруге;
— қарауылдар күзететін объектілерді ашуға наряд негізінде қарауылдардың бастықтарына осы объектілерді ашуға рұқсат беруге;
— гарнизон бастығын және оның тікелей бастықтарын қарсы алуға және оларға баяндауға, мысалы: «Полковник мырза, менің кезекшілігім уақытында оқиғалар болған жоқ. Қарауылдар бойынша кезекші капитан Омаров»;
— қарауылдарды тексеру үшін келген адамдардың жеке басының куәліктері мен қарауылдарды тексеруге құқық беретін біржолғы куәліктерін алдын ала тексеруге, оларға ілесіп жүруге немесе ілесіп жүру үшін өзінің көмекшісін жіберуге;
— гарнизон кезекші бөлімшесінің дабыл немесе шақыру бойынша іс-қимылдарға әзірлігін тексеруге міндетті.
Әскери полиция бөлімшесінің штаттық санымен оларға құқық тәртібін және әскери көлік құралдарының жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау мүмкін болмаған гарнизондарда гарнизондық патрульдердің қызметіне басшылық жасау және жол жүру ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі міндеттер гарнизон бастығының бұйрығымен қарауылдар бойынша кезекшіге жүктеледі.
Таралым аяқталғаннан кейін қарауылдар бойынша жаңа кезекші ауысатын кезекшіден тізімдемеде көрсетілген құжаттарды қабылдайды. Қарауылдар бастықтары ауысымның жүргізілгені туралы баяндағаннан кейін қарауылдар бойынша кезекшілер гарнизон бастығына, ал ол болмағанда – штаб бастығына кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы баяндайды, мысалы: «Генерал-майор мырза, капитан Солоненко қарауылдар бойынша кезекшілікті тапсырды». «Генерал-майор мырза, капитан Жүніс-Бек қарауылдар бойынша кезекшілікті қабылдады». Содан кейін жаңа кезекші кезекшілікті қабылдау кезінде анықталған барлық кемшіліктер туралы, ал бұрынғы кезекші – қарауылдардың қызметті өткеруі және анықталған кемшіліктерді жою үшін қабылданған шаралар туралы, қарауылдар күзететін объектілерді ашу және жабу туралы, сондай-ақ егер олар болса, өткен тәулік ішіндегі оқиғалар туралы хабарлайды. Баяндаудан кейін жаңа кезекші осы жазбалары бар кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабын гарнизон бастығына қарауға ұсынады.
Гарнизондық қарауылдардың біреуінде оқиға болған жағдайда қарауылдар бойынша кезекші дереу оқиға орнына барады, егер қажет болса, онда гарнизон бастығының рұқсатымен ол кезекші бөлімшені немесе оның жарты бөлігін, ал өрт кезінде, одан басқа өрт сөндіру командасын шақырады.
Қарауылдардағы оқиғалар туралы және қабылданған шаралар туралы қарауылдар бойынша кезекші дереу гарнизон бастығына баяндайды және қарауыл тағайындалған әскери бөлімнің командиріне хабарлайды.
Егер қарауылдар бойынша кезекші кенеттен сырқаттанса, ол бұл туралы гарнизон бастығына баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Қарауыл бастығы кенеттен сырқаттанған кезде қарауылдар бойынша кезекші оның міндеттерін қарауыл бастығының көмекшісіне (таратушыға) жүктейді немесе сырқаттанғанды ауыстыру үшін әскери бөлімнен жаңа қарауыл бастығын шақыртады, онымен бірге қарауылдық үй-жайға барады және қаруылды қабылдауға басшылық жасайды. Жаңа қарауыл бастығына қарауылдар бойынша кезекші қолданыстағы парольді хабарлайды және болған оқиға туралы дереу гарнизон бастығына баяндайды.
Объектілерді, оларды жабдықтаудағы кемшіліктері үшін қарауылдардың күзетуіне қабылдамаған жағдайларда қарауылдар бойынша кезекші ол туралы дереу гарнизон бастығына баяндайды, одан кейін күзетілетін объектінің бастығын кемшіліктерді жою үшін шақыртады.
Қарауылдар бойынша кезекшінің көмекшісі қарауылдар бойынша кезекшіге бағынады.
Ол:
— белгіленген уақытта нұсқау алу үшін гарнизонның штаб бастығына келуге;
— гарнизондық нарядтың ведомосын, постылардың орналасу схемаларын, постылар табельдерін, қарауылдар бастықтарына нұсқаулықтар мен қарауылдар бойынша кезекшіге нұсқаулықты зерделеуге;
— гарнизондық нарядтың таралымын өткізуге қатысуға;
— қарауылдар бойынша кезекшінің бөлмесіндегі құжаттаманы, мүлік пен мүкәммалды тізімдеме бойынша қабылдауға;
— қарауылдар бойынша кезекшінің бұйрығы бойынша қарауылдардың қызмет өткеруін тексеруге, кемшіліктерді жою туралы шаралар қабылдауға және ол туралы қарауылдар бойынша кезекшіге баяндауға;
— қарауылдар бойынша кезекшінің міндеттерін ол болмағанда өткеруге міндетті.
Қарауылдар бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне кезекшілік уақытында гарнизон бастығы белгілеген уақытта әрқайсысына 4 сағаттан, аяқ киімсіз, жабдықты алмай және шешінбей, кезекпен жатып дем алуға (ұйықтауға) рұқсат етіледі.
Гарнизондық патруль бастығы
Гарнизондық патруль бастығы патрульдердің қызметті дұрыс өткеруіне, патрульдеу бағдарында тәртіпті ұстауға және әскери қызметшілердің әскери тәртіпті сақтауына жауап береді.
Ол:
— белгіленген уақытта гарнизонның штаб бастығына нұсқау алуға келуге және қажетті құжаттарды зерделеуге;
— патруль міндеттерін білуге және патрульдердің қызмет өткеруіне басшылық жасауға;
— әскери қызметшілердің әскери тәртіптің талаптарын орындауын және әскери киім нысанын кию ережелерін сақтауын бақылауға;
— әскери тәртіпті бұзған, әскери атағы бойынша өзімен тең және кіші әскери қызметшілерге ескерту жасауға, қажетті жағдайларда олардың құжаттарын тексеруге, ал егер қажет болса, оларды ұстауға және қарауылдар бойынша кезекшіге жіберуге;
— бастықтар мен атағы үлкендерге тәртіпті қалпына келтіруде жәрдемдесуге және олардың талап етуі бойынша әскери тәртіпті бұзған әскери қызметшілерді қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге жіберуге;
— қарауылдар бойынша кезекшілермен, сондай-ақ құқық қорғау органдарының постыларымен байланысу үшін өз бағдарындағы телефондардың орналасуын білуге және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге патрульдеу барысы туралы белгіленген уақытта баяндауға;
— көшелерде және қоғамдық орындарда азаматтық адамдар арасындағы тәртіпті ұстауда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көмек көрсетуге;
— ұсталған және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге жіберілген әскери қызметшілердің тізімін жүргізуге, патрульдеу мерзімі аяқталғаннан кейін қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге тізімді ұсынуға және патрульдеуге құқық беретін куәлікті тапсыруға, өз әскери бөліміне патрульдермен қайтып оралуға және бөлім бойынша кезекшіге міндеттің орындалғаны туралы баяндауға;
— қылмыс жасаған және тәртіптік теріс қылықтары үшін, сондай-ақ әскери қызметшінің жеке басын растайтын құжаттары болмаған жағдайда әскери қызметшілерді ұстауға;
— мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған және лайықсыз мінез-құлық көрсеткен әскери қызметшілерді ұстауға міндетті.
Жоғарыда аталған жағдайларды қоспағанда, патруль бастығының атағынан үлкен әскери атақтағы әскери қызметшілерді ұстауға тыйым салынады.
Әскери қызметшіні ұстаған кезде патруль бастығы оны қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге жеткізу жөнінде шаралар қабылдайды, бұл ретте ол әскери қызметшіден қандай да бір түсінік талап етпеуі тиіс.
Патруль ілтипатты, әдепті, сыпайы, «Сіз» деп тіл қатуы, өз талаптарын, ескертулерін сендіру нысанында айтуы тиіс. Оның іс-қимылдары әскери қызметшілер үшін заңды және түсінікті болуы тиіс. Патрульдер әскери қызметшілермен сөйлескенде сабырлық, шыдамдылық пен парасаттылық танытуға міндетті. Олар қарсы сөз қайтармауы және дауласпауы, өзін-өзі ұстауы, дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермеуі және өз іс-қимылдарында жеке басының жек көру сезімін басшылыққа алмауы тиіс.
Әскери атағы бойынша тең немесе кіші әскери қызметшімен сөйлескенде патруль бастығы оның әскери атағын, өзінің лауазымын атайды және тиісті талаптарды қояды, мысалы: «Капитан мырза, мен – патруль бастығы капитан Лекеровпін. Сіз әскери киім нысанын киіп жүру тәртібін бұздыңыз. Кемшілікті жойып, команда бойынша баяндаңыз».
Егер мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметші, олар сейілдемеде болған кезде әскери киім нысанын кию ережелерін өрескел бұзса немесе өзге де әскери тәртіпті бұзса, патруль бастығы осындай әскери қызметшілердің сейілдемесін тоқтатуға және оларды патрульдің ілесіп жүруімен қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге жіберуге немесе шара қолдану үшін өзінің әскери бөліміне (бөлімшесіне) қайтаруға құқылы. Сейілдеме жазбалары бойынша басқа гарнизондардан келген әскери қызметшілер ұсталады және қарауылдар бойынша кезекшіге жіберіледі. Ұстау уақыты мен себебі туралы патруль бастығы әскери қызметшінің сейілдеме жазбасына жазады.
Әскери қызметшіні ұстаған кезде ол бағынбаған жағдайда патруль бастығы өзі немесе патруль құрамымен әскери қызметшіні мәжбүрлеу тәртібімен қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге әкелуге құқылы.
Қару қолдану ең соңғы шара болып табылады және оған тек Ішкі қызмет жарғысында мазмұндалған жағдайларда және тәртіппен жол беріледі. Одан басқа, патруль құрамына барлық жағдайларда атыс қаруын бөтен адамдардың зардап шегуі мүмкін болатын, адамы көп көшелерде, алаңдарда және қоғамдық орындарда қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады.
Патруль құрамының ешқайсысының тәртіп орнату мақсатында қарумен қорқытуға және ескерту ретінде оқ атуларын жасауға құқығы жоқ.
Ұсталған әскери қызметшілерден суық және атыс қарулары, оқ-дәрілер, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттары белгіленген тәртіппен алынады, оны патруль бастығы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге өткізеді.
Әскери атағы бойынша жоғары әскери қызметші әскери тәртіпті бұзған жағдайда патруль бастығы оның тәртіп бұзуын тоқтатуды сұрайды. Осы сұрау орындалмаған кезде патруль бастығы ол туралы қарауылдар бойынша кезекшіге дереу баяндауға және оның нұсқауы бойынша әрекет етуге міндетті.
Патруль:
— қызметті қырағылықпен өткеруге, әскери қызметшілердің өзін-өзі ұстауын қадағалауға және байқалған бұзушылықтар туралы патруль бастығына баяндауға;
— патруль бастығының бұйрықтарын нақты және жылдам орындауға және оның рұқсатынсыз ешқайда кетпеуге;
— патруль бастығының рұқсатынсыз ұсталғандардан ештеңе қабылдамауға және оларға бермеуге;
— патруль бастығына ұсталғандардың өтініштері туралы баяндауға;
— патрульдеу аяқталғаннан және әскери бөлімге келгеннен кейін патруль бастығының рұқсатымен өз бөлімшесіне қайтып оралуға және бөлімше бойынша кезекшіге өзінің келгені туралы баяндауға міндетті.
Патрульдің жеке құрамы өз міндеттерін атқарған кезде әскери тәртіпті, әскери киім нысанын кию ережелерін, әскери сәлемдесуді және әскери сыпайылықты сақтауда өнегелі болуға тиіс. Қызмет өткеру кезінде оған бөгде әңгімелерге кірісуге және өз міндеттерін атқарудан назарын аударуға тыйым салынады.
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметі тағайындалуының оқыту әдістемесі
- Қарауылдық қызметті ұйымдастыру.
Қарауылдық қызметті өткеру жауынгерлік міндеттерді орындау болып табылады және жеке құрамнан осы Жарғының барлық ережелерін нақты сақтау, жоғары қырағылық, пәрменді шешімділік пен бастама талап етіледі.
Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлілер тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікте болады.
Қарауылдық қызметті өткеру үшін қарауылдар тағайындалады.
Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік әскери бөлімде ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.
Қарауылдық қызметті өткеру жөніндегі міндет әскери бөлімшелерге жүктелмеген әскери бөлімдерде объектілерді күзетуді ведомстволық күзет бөлімшелері жүзеге асыруы мүмкін. Жауынгерлік туларды, жауынгерлік кезекшілікті атқаратын күштер мен құралдарды күзету мен қорғау тек әскери қарауылдарға жүктеледі.
Қарауылдар гарнизондық және ішкі (кемелік) болады, олар тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін.
Гарнизондық қарауыл жалпыгарнизондық мақсаттағы объектілерді және бір-біріне тікелей жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімнің объектілерін күзету үшін тағайындалады.
Ішкі (кемелік) қарауыл бір бөлімнің (кеменің) объектілерін күзету және қорғау үшін тағайындалады. Авиациялық бөлімнің ұшақтары (тікұшақтары) мен басқа да объектілері әуеайлақтарда авиациялық-техникалық бөлімнен, қамтамасыз ету бөлімінен (бөлімшесінен) тағайындалатын ішкі қарауыл күзетеді және қорғайды.
Тұрақты қарауылдар қарауылдар кестесімен көзделеді.
Уақытша қарауылдар қарауылдар кестесіне енгізілмейді; олар әскери мүлікті тиеу (түсіру) немесе қоймаларға уақытша қою кезінде, көліктің әр түрімен тасымалданатын әскери жүктерге ілесіп жүру кезінде күзету мен қорғау, сондай-ақ тұтқындалғандарды (қамауға алынғандарды) күзету үшін гарнизон бастығының немесе әскери бөлім командирінің бұйрығымен тағайындалады.
Гарнизондық қарауылдар гарнизон бастығына, қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне бағынады.
Гауптвахта жанындағы қарауыл әскери полиция органы бойынша кезекшіге және гауптвахта бастығына бағынады.
Ішкі (кемелік) қарауылдар әскери бөлімнің командиріне (кеме командиріне), әскери бөлім (кеме) бойынша кезекшіге және егер әскери бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі офицер болса, оның көмекшісіне бағынады. Әскери бөлімнің қалған бөлімшелерінен жеке орналасқан батальонның (дивизионның) объектілерін күзететін ішкі қарауыл, одан басқа, осы батальон (дивизион) командиріне және әскери атағы қарауыл бастығымен тең немесе атағы бойынша одан жоғары батальон (дивизион) бойынша кезекшіге бағынады.
Сержанттар (старшиналар) қатарынан тағайындалған әскери бөлім бойынша кезекшінің көмекшісіне бастығы офицерлер емес қарауылдар бағынады.
Қарауылдар осы адамдардың бағынысына таралым кезінде қарауылдар (әскери бөлім, кеме) бойынша кезекшіні қарсы алу үшін «ТІК ТҰР» командасы берілген сәттен бастап кіреді, ал олардың бағынысынан қарауыл бастығы ауысымнан кейін өз әскери бөліміне (бөлімшесіне) қарай жүру үшін «Адым – БАС» командасын берген сәттен бастап шығады.
Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысымдар саны бойынша қарауылдар, таратушылар, ал қажет болған кезде қарауыл бастығының көмекшісі, техникалық күзет құралдары бойынша операторлар ауысымы (ауысымдағы операторлар саны күзетілетін объектінің маңыздылығына, оның периметрінің ұзындығына, орнатылған бейне қадағалау жүйелерінің санына байланысты айқындалады, бірақ кемінде үш әскери қызметші болуға тиіс, олардың біреуі қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары бойынша көмекшісі болып тағайындалуы мүмкін), қарауыл бастығының қарауылдық иттер қызметі жөніндегі көмекшісі және көлік құралдарының жүргізушілері (жауынгерлік машиналар экипаждары) тағайындалады.
Штабтар мен басқару пункттерін күзету бойынша бірлестіктерден және одан жоғары, сондай-ақ аталған адамдардан басқа, мекемелерді күзету бойынша қарауылдарға бақылау-өткізу пункттерінің қарауылдары, ал гауптвахта жанындағы қарауылға – шығарушылар тағайындалады.
Объектілерді тікелей күзету мен қорғау үшін қарауылдар қатарынан сақшылар қойылады.
Қарауыл – объектіні (постыны) күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін тағайындалған қарауыл құрамының әскери қызметшісі.
Сақшы, оған тапсырылған постыны күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндетті орындайтын қаруланған қарауыл деп аталады.
Сақшыға күзету мен қорғау үшін барлық тапсырылғандар, сондай-ақ ол өз міндетін орындайтын жер немесе жергілікті жердің учаскесі пост деп аталады. Постыларға техникалық күзет құралдарының көмегімен күзетілетін объектілер мен осы құралдар орнатылған жергілікті жердің учаскелері жатады.
Объектілерді күзетуді сақшылар объекті айналасындағы сыртқы қоршаулардың ішкі жағының бойында сақшы жолымен (бақылау-іздік жолақтарды) патрульдеу, сондай-ақ мұнаралардан бақылау жолымен жүзеге асырады. Жекелеген объектілер қозғалмайтын сақшылармен күзетілуі мүмкін.
Гарнизондар бастықтары, әскери бөлімдердің командирлері, әскери объектілердің бастықтары, сондай-ақ олардың барлық тікелей бастықтары жеке құрамның объектілерді күзету мен қорғау үшін қажетті санын қысқартуға үнемі қол жеткізуге міндетті. Оған:
— сақшыларды қоймастан, постыларды күзетудің техникалық құралдары мен қарауылдық иттерді пайдалана отырып күзетуге көшумен (5-қосымша);
— ортақ қоршауы бар, қатар орналасқан, әр түрлі әскери бөлімдерге жататын сақтау орындарын, қоймаларды, парктер мен басқа да күзетілетін объектілерді бір қарауылдың күзетуіне біріктірумен;
— қозғалмайтын сақшылары бар постылардың санын қысқартумен және объектілердің күзетін жаяу тәртібімен және көлік құралдарымен патрульдеу тәсілімен ұйымдастырумен қол жеткізіледі.
Объектілерді күзетуді патрульдеу тәсілімен ұйымдастыру кезінде объектінің қоршауына және жергілікті жердің жағдайларына байланысты сақшыға белгіленген уақыт ішінде күзету мен қорғау үшін: күндіз – 2 шақырымға дейін, түнде – 1 шақырымға дейін, ал техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектілерді: күндіз – 3 шақырымға дейін, түнде – 2 шақырымға дейін ұзындықпен белдеу учаскесі тағайындалады. Қолайсыз ауа райында (қалың тұман, жаңбыр, қар жауу) объектілерді күзетуді күшейту үшін гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығымен қосымша қарауылдар немесе көлік құралдарындағы патрульдер тағайындалуы мүмкін. Қосымша қарауылдардың қызмет өткеру тәртібі мен патрульдеу тәртібін бұл жағдайда гарнизон бастығы (әскери бөлімнің командирі) айқындайды.
Сақшылар бақылау-іздік жолақтарды, жергілікті жерлер мен қоршауларды қарау үшін, сондай-ақ байланыс құралдары бойынша қарауыл бастығына қызметтің өткерілуі туралы баяндау үшін қысқа тоқтаулар жасай отырып, объектінің сенімді күзетілуін қамтамасыз ететін жылдамдықпен жаяу тәртіппен қозғалыс бағдарлары бойынша жүреді.
Күн ашық болса, егер жергілікті жердің жағдайлары мүмкіндік берсе, қарауыл бастығының рұқсатымен күзетілетін объектілерді қадағалауды сақшылар қадағалау мұнараларынан жүргізуі мүмкін.
Сақшыларға көмек көрсету үшін әрбір қарауылдық үй-жайда қарауылдардың сергек және демалған ауысымдары қатарынан резервтік топтар құрылады, олар қарауыл бастығының (қарауыл бастығы көмекшісінің, таратушының) «ҚАРУҒА» командасы бойынша қарауылды шақырған кезде бұзушылық орнына келеді және жағдайға байланысты әрекет етеді. Топтарды бұзушылық орнына тез жеткізу, қашық орналасқан постылардың сақшыларын ауыстыру және оларды тексеру үшін қарауылдар қажет болған кезде көлік құралымен, ал ерекше жағдайларда броньды транспортерлермен (жауынгерлік машиналармен) қамтамасыз етіледі.
Қарауылдың жеке құрамы қарауыл киім нысанын (6-қосымша) киюге, ақаусыз және ұрысты қалыпты жүргізуге келтірілген сүңгі-пышағы бар автоматтармен (сүңгісі бар карабиндермен) қарулануға тиіс. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ әскери полиция органдарының қарауылдары арнайы құралдармен қарулануы мүмкін.
Бақылау-өткізу постыларының сақшылары пистолеттермен қарулануы мүмкін.
Қарауылдар бастықтары және олардың көмекшілері өздерінің штаттық қаруымен қаруланады.
Қарауыл жауынгерлік патрондармен: әрбір автомат пен пистолетке – екі жарақтандырылған оқжатар; әрбір карабинге оқтізерлерде 30 патрон есебімен қамтамасыз етіледі. Қарауылдың жауынгерлік патрондарын жаңарту кемінде үш айда бір рет жүргізіледі.
Одан басқа, гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығы бойынша қарауылдардың қарулануында олардың әрқайсысына үш жарақтандырылған оқжатары бар оқшашарлар (100 патроны бар жарақтандырылған екі лента), әрқайсысына екі граната есебінен қарауылдың барлық құрамында қол гранаталары болуы, сондай-ақ жауынгерлік техникамен күшейтілуі мүмкін.
Пистолеттермен қаруланған адамдардан басқа, қарауылдың жеке құрамына оқ-дәрілер практикалық сабақтардан кейін қарауыл қалашығында беріледі. Міндеттерін әскери бөлімнен қашықта орындайтын қарауыл, оқ-дәрілерді қарауыл қалашығында жарақтандыратын қарауыл бастығынан басқа, оқ-дәрілермен қарауылдық үй-жайда, осы үшін арнайы жабдықталған немесе бөлінген орында жарақтандырылуы мүмкін. Бұл жағдайда оқ-дәрілер тәуліктік нарядтың таралымына құлыпқа жабылған металл жәшікпен шығарылады.
Қаруды оқтау постыларға шығар алдында, ұсталғандарды, тұтқындалғандарды, сотталатындар мен сотталғандарды күзету үшін, сондай-ақ қарауылды тексеретін адамдарға ілесіп жүру үшін жүргізіледі.
Қаруды оқтау мен оғын алу қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің командасы бойынша және олардың тікелей қадағалауымен қарауылдық үй-жай жанында оқтосқауылы бар арнайы жабдықталған және жарық түсірілген орында, ал ауысымдар постыларға машиналармен жүргенде – таратушының командасы бойынша қарауыл бастығына берілген нұсқаулықта көрсетілген оқтосқауылымен жабдықталған орындарда жүргізіледі. Оқтаған және оқты алған кезде қарудың ұңғысы жоғары (45-60 градус бұрышқа) және маңындағы тұрғын үй мен күзетілетін объектілерден шетке алшақ бағытталуы тиіс. Егер қарауылдық үй-жайға жақын және маңында тұрғын және қызметтік үй-жайлар орналасқан болса, қаруды оқтау және оғын алу қарауылдық үй-жайда оқтосқауылмен жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізілуі мүмкін. Қарудың оғын алу және оны тексеру қарауылдық үй-жайға қайтып келгеннен кейін дереу жүргізіледі.
Пистолеттер бөлімшелерде патрондарды алғаннан кейін оқталады, ал олардың оғы қарауыл ауысымы бөлімшеге келгеннен кейін алынады.
Қарауылға шабуыл жасалған жағдайда қаруыл жеке құрамы қаруды өз бетімен оқтайды.
Қару тиісті қару түрлері үшін оқ ату ісі жөніндегі басшылықтарда көрсетілген ережелер бойынша оқталады, бұл ретте патрон патронникке жіберілмейді.
Автомат жарақтандырылған оқжатармен оқталады. Оқталар алдында ол тексеріледі (бұл ретте шүріппе түсіріледі) және сақтандырғышқа қойылады. Бекітпе рамасы оқжатар қосылғаннан кейін артқа жылжытылмайды.
Карабин толық көлемде жарақтандырылған оқжатармен оқталады. Карабин оқталғаннан кейін бекітпе жайлап жабылады (бұл ретте патрон патронникке жіберілмейді), сақтандырғышы алынады, шүріппесі түсіріледі және карабин сақтандырғышқа қойылады.
Пистолет жарақтандырылған оқжатармен оқталады, оқтау кезінде бекітпе артқа жылжытылмайды. Оқтау алдында пистолет сақтандырғышқа қойылады.
Оқшашарлар мен қол гранаталары, оларды тікелей қолданар алдында оқталады.
Арнайы құралдар қолдануға ұдайы әзірлікте болады.
Гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығы бойынша қарауылдық үй-жайда: әрбір автомат немесе карабинге – металл жәшіктегі мырыштарда сақталатын 150 патрон, пистолетке – 16 патрон есебімен жауынгерлік патрондардың қоры құралады.
Қол гранаталары жекелеген металл жәшіктерде сақталады, бұл ретте тұтандырғыштар гранаталардан бөлек су өтпейтін орауларда сақталады.
Жәшіктерде: қарауылдың жауынгерлік патрондарының қорын есепке алу кітабы (7-қосымша), қол гранаталары мен оларға тұтандырғыштар қорын есепке алу кітабы, оқ-дәрілер мен гранаталарды салу актісі, әскери бөлімнің қоймасынан оқ-дәрілер мен гранаталарды алуға тәртіптеме данасы, ішкі тізбе, сондай-ақ мырыштарды ашуға арналған пышақ сақталады. Жәшіктер құлыпқа жабылады, гарнизонның (әскери бөлімнің) штаб бастығымен мөрленеді және қарауылдық үй-жайда болатын қарауыл мүлкі мен мүкәммалының тізбесіне енгізіледі. Оқ-дәрілері бар жәшіктер мөрлерінің көшірме бедерлері мен кілттері қарауыл бастығының сейфінде (құлыпқа жабылатын стол жәшігінде) сақталады. Кілттерді басқа адамдарға беруге тыйым салынады. Қосымша кілттер бөлім бойынша кезекшіде, штаб бастығының мөрімен мөрленген тубуста сақталады.
Қарауылға немесе күзетілетін объектіге шабуыл жасалған кезде қосымша жауынгерлік патрондар мен гранаталар қоры бар жәшікті ашуды кейіннен қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндаумен қарауыл бастығы дербес жүзеге асырады.
Қарауыл бастығы жауынгерлік патрондардың қоры, гранаталар мен тұтандырғыштар бар жәшіктердің сақталуына жеке өзі жауапты болады.
Оқ-дәрілер қорының қолда бары және жай-күйі кемінде айына бір рет: гарнизондық қарауылдарда – гарнизонның штаб бастығымен, ішкі қарауылдарда – әскери бөлімнің штаб бастығымен тексеріледі.
Тексеру нәтижелері жауынгерлік патрондар (гранаталар мен оларға тұтандырғыштар) қорын есепке алу кітабына және постылық ведомосқа жазылады.
Қарауылдық үй-жайлар мен постылары осы Жарғыда көзделген жабдықпен, күзет пен байланыстың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, күзетілетін объектілерді қоршау және оларды мүкәммалмен (8-қосымша) қамтамасыз ету, сондай-ақ постыларға кіреберістерді жабдықтау (9-қосымша) әскери объектінің бастығына (әскери бөлімнің командиріне) жүктеледі.
Әскери объектінің бастығына (әскери бөлімнің командиріне), сондай-ақ қарауылдық үй-жайларға жарық түсіруге және оны отын және постылық киіммен қамтамасыз ету жүктеледі.
Ауысу үшін келген қарауылдың нақты осы мақсат үшін тағайындалғанын, сондай-ақ гарнизон бастығынан немесе қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіден бұйрықпен келген адамның расымен осыған өкілеттілік берілгенін растау үшін тиісті бастық пароль (құпия сөз) белгілейді.
Пароль қандай да бір қаланың атауымен белгіленеді, оны әрбір күнге, әрбір қарауыл үшін жеке: гарнизондық қарауылдар үшін – гарнизон штабының бастығы, ішкі қарауылдар үшін – әскери бөлім штабының бастығы белгілейді.
Парольдар кемінде 10 күн бұрын белгіленеді және гарнизон (әскери бөлім) штабының бастығында, мөрленген сейфте сақталатын парольдер кітабына енгізіледі.
Дабыл жарияланған кезде түсетін жаңа қарауылдар үшін парольдер қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіде мөрленген пакетте сақталады.
Парольді білетін адамдар оны қатаң құпияда ұстауға және сұраған кезде оны дауыстамай, жазбамен хабарлауға міндетті, одан кейін жазба дереу жойылады.
Пароль бар жазбаны жоғалтқан кезде немесе пароль жария болған басқа да жағдайларда қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекші оның қолданысын дереу тоқтатады, ол туралы гарнизон штабының бастығына (әскери бөлімнің штаб бастығына) баяндайды.
2.2. Қарауыл адамдарының құқықтары мен міндеттері.
Қарауыл бастығы қарауылға тапсырылған объектілерді күзетуге және қорғауға, қарауыл жеке құрамының жауынгерлік әзірлігіне, олардың қызметті дұрыс өткеруіне, постылардағы және қарауылдық үй-жайлардағы техникалық күзет құралдарының, қоршаулардың, байланыс және өрт сөндіру құралдарының, көлік құралдарының сақталуына және оны дұрыс пайдалануға, сондай-ақ тізімдемеге сәйкес қарауылдық үй-жайда болатын қаруға, оқ-дәрілер мен басқа да мүлікке жауап береді.
Қарауыл бастығының өзінің немесе қарауыл құрамымен күзетілетін объектілерге, сақшыларға, қарауыл ауысымына (бақылау-күзету тобына) қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған жағдайларда, тұтқындалғандар арасындағы тәртіпсіздікті тоқтату немесе қашып жара жатқан тұтқындалғандар бойынша, сондай-ақ дабыл белгісін беру немесе көмек шақыру үшін қару (арнайы құралдар) пайдалануға құқығы бар.
Қаруды қолданар алдында дауыстап немесе оны қолдану ниеті туралы жоғары оқ атып ескертуі тиіс.
Ескертусіз қару кенеттен немесе қарулы шабуыл, жауынгерлік техниканы, көлік құралдарын, ұшу аппараттарын, теңіз және өзен кемелерін пайдаланумен шабуыл кезінде, сондай-ақ тұтқындалғандар қарумен қашқан кезде және олардың қозғалысы кезінде көлік құралдарынан қолданылуы мүмкін.
Қарауыл бастығы:
— қарауылдың міндеттерін, қарауыл бастығының нұсқаулығын және қарауылдың барлық адамдарының міндеттерін білуге;
— қарауылдың жеке құрамынан олардың өз міндеттерін анық білуін және нақты орындауын, жоғары қырағылық пен тәртіпті талап етуге;
— тізімдеме бойынша ауысатын қарауыл бастығынан құжаттарды, оқ-дәрілері бар жәшіктерді, олардағы мөрлер мен оларға кілттерді, сондай-ақ техникалық күзет құралдарын, байланыс және өрт сөндіру құралдарын қабылдауға;
— нұсқаулықта көрсетілген күзетілетін анағұрлым маңызды объектілердің жай-күйін, олардың жарық түсіруінің, қоршаулары мен окоптардың дұрыстығын, сондай-ақ қарауылдық үй-жайдың және гауптвахтаның жай-күйін ауысатын қарауыл бастығымен бірге, ал таратушылар немесе өз көмекшілері арқылы қалған күзетілетін объектілердің жай-күйін өзі сыртынан қарап тексеруге;
— қарауылды қабылдау кезінде жойылуы мүмкін емес, бірақ объектіні сапалы күзетуді қамтамасыз етуге ықпал етпейтін постыларда және күзетілетін объектілер қоршауларында анықталған барлық ақауларды постылық ведомосқа жазуға;
— объектіні (постыны) сенімді күзетуді қамтамасыз етуге ықпал ететін кемшіліктер анықталған жағдайда объектіні (постыны) күзетуді шұғыл күшейтуге, ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндауға, одан әрі оның нұқсауы бойынша әрекет етуге;
— постыларға ауысымдарды белгіленген уақытта жіберуге, бұл ретте таратушылардың және қарауылдардың өз міндеттерін білуін тексеруге және оларға әрбір постыда қызмет өткеру ерекшеліктерін ескертуге;
— резервтік (бақылау-күзету) топтың ұдайы жауынгерлік әзірлігін, қарауыл көлік құралының, байланыс құралының ақаусыздығын, қарауыл жеке құрамының қару мен оқ-дәрілерді ақаусыз ұстауын, қаруды оқтау, оғын алу ережелерінің сақталуын, бұл ретте қауіпсіздік талаптарының орындалуын, сондай-ақ постыларға жіберілетін қарауылдың барлық адамдарының қарауылдық үй-жайда тұтандыратын, шылым шегу керек-жарақтары мен бөгде заттарын қалдырып кетуін қадағалауға;
— осы Жарғының 174-185-тармақтарының талаптарына сәйкес қарауылда ішкі тәртіпті ұстауға;
— постылардан әрбір ауысым қайтып оралғаннан кейін қарауылдың жеке құрамына резервтік топтарға жауынгерлік есеп жүргізуге, күзетілетін объектіге немесе қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған жағдайға және нұсқаулықта мазмұндалған көрсеткіштерге сәйкес өрт сөндіру жағдайына оларға тапсырмалар қоюға және олардың іс жүзіндегі іс-қимылын тексеруге;
— кемінде тәулігіне екі рет (оның ішінде біреуі түнде) сақшылардың қызмет өткеруін, күзетілетін объектілердің және қоршаулардың жай-күйін, байланыс және өрт сөндіру құралдарының ақаусыздығын өзі тексеруге, осы мақсаттар үшін постылық ведомоста ол туралы жазба жасай отырып, өз көмекшісін және таратушыны кезең-кезеңімен жіберуге;
— сақшы шақырған немесе одан белгіленген уақытта қызмет өткеру туралы баяндау түспеген жағдайда таратушыны (өз көмекшісін) жіберуге немесе постыға өзі келуге;
— қарауылдық үй-жайға, бұл ретте осы Жарғының 282, 283-тармақтарын басшылыққа ала отырып, бұған құқығы бар адамдардан басқа ешкімді кіргізбеуге;
— ұсталған күдікті адамдардың және өткізу режимін бұзумен объектіге өтіп кетуге әрекет жасаған адамдардың жеке басын анықтауға, қысқаша сұрақтар қоюға, ал қажет болған кезде толық тексеруге, олар туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндауға;
— офицерлердің әскери бөлім бойынша кезекші бөлмесіндегі жеке қарулары тұратын шкафтарды күзету дабылының рұқсат етілмеген өздігінен қосылу себебін анықтауға, ал қажет болған кезде ол жерге өз көмекшісін (таратушыны) жіберуге;
— қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің рұқсатымен бөлімнің медициналық пунктіне немесе жақын жердегі емдеу мекемесіне қарауыл құрамындағы сырқаттанғандарды жіберуге және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіден оны ауыстыруды талап етуге; қысқы уақытта жеке құрамның үсікке ұрынуының алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға;
— сақшының қару қолданған әрбір жағдайын сол жерде анықтауға және жедел қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндауға міндетті.
Егер сақшыны ауыстырған кезде постыда қандай да бір ақау анықталатын болса, қарауыл бастығы шақыру бойынша постыға келеді және ақаудың сипаты мен себебін анықтап, қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды, одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Қарауыл құрамынан біреуі өз міндеттерін орындамаған немесе өзге де теріс қылық жасаған кезде қарауыл бастығы қажетті шараларды (постыдан алу, қаруды, оқ-дәрілерді алу және тағы басқа) қабылдайды және шұғыл қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге ол туралы баяндайды.
Егер жасалған теріс қылықтың сипаты бойынша әскери қызметші одан әрі қызмет өткеруге жіберілмейтін болса, онда ол қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің бұйрығы бойынша оны басқа әскери қызметшімен ауыстыру үшін қарусыз және оқ-дәрілерсіз әскери бөлімге (бөлімшеге) қайтарылады. Оған әскери бөлімнен (бөлімшеден) осы мақсат үшін шақыртылған адам ілесіп жүреді. Теріс қылықты анықтау бөлімшеде жүргізіледі.
Егер қарауыл бастығы кенеттен сырқаттанса, онда ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Таратушының біреуі кенеттен сырқаттанған кезде қарауыл бастығы оның міндеттерін өз көмекшісіне жүктейді немесе оларды өзі орындайды және ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды.
Қарауыл бастығы мынадай жағдайларда қарауылды:
— күзетілген объектілерге, сақшыларға, қарауылдар ауысымына (бақылау-күзету тобына) немесе қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған;
— техникалық күзет құралдары рұқсат етілмеген өздігінен іске қосылған;
— тұтқындалғандар арасында тәртіпсіздік туындаған немесе олардың қашуының алдын алу үшін;
— күзетілетін объектілерде немесе қарауылдық үй-жайда өрт шыққан немесе табиғи және техногендік сипаттағы басқа да жағдайлар туындаған;
— жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіруге белгі алған;
— қарауылды тексеретін адамдардың бұйрығы бойынша (осы Жарғының 186-187-тармақтары);
— жалпыбригадалық (жалпыполктік) кешкі тексеру өткізген кезде «қаруға» шақыруға міндетті.
Қарауылды «қаруға» шақыру үшін қарауыл бастығы «Қарауыл, ҚАРУ-ҒА» командасын береді. Осы команда бойынша қарауыл құрамы осы Жарғының 180-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді.
Күзетілетін объектілерге, сақшыларға немесе қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған кезде қарауыл бастығы нұсқаулыққа сәйкес әрекет етеді және жағдайға байланысты шабуылға тойтарыс беруге шаралар қабылдайды; шабуыл жасалғаны туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды.
Қажет болған жағдайда қарауыл бастығы жауынгерлік патрондар, гранаталар мен тұтандырғыштар қоры бар жәшікті ашады. Кейіннен оқ-дәрілерді жәшіктен алғаны туралы акті жасайды.
Егер күзетілетін объекті немесе қарауылдық үй-жай маңында (пост табелінде көрсетілген арақашықтықтан жақын) қоғамдық тәртіп бұзылса немесе қарауылдың қойылған міндеттерді сенімді орындауының төмендеуіне қатер төнсе, қарауыл бастығы қарауылдың күшімен тәртіпті қалпына келтіруге шаралар қабылдайды және ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды.
Күзетілетін объектілерде немесе қарауылдық үй-жайда шыққан өртті сөндіруді қарауыл бастығы жауынгерлік есепке сәйкес қарауылдың резервтік топ күшімен ұйымдастырады; мүлікті сақтап қалуға шаралар қабылдайды; болған оқиға туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды және одан әрі оның нұқсауы бойынша әрекет етеді.
Күзетілетін объектінің техникалық аумағында немесе ішкі және сыртқы қоршауы бар объектіде, сондай-ақ оның жанында өрт шыққан кезде қарауыл бастығы ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Жанар-жағар май материалдарын немесе жарылғыш заттарды (оқ-дәрілерді) сақтау объектісінде өрт шыққан жағдайда қарауыл бастығы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды, объектіні ашады және жауынгерлік есепке сәйкес өрт сөндіруге шаралар қабылдайды.
Егер күзетілетін объектіге төтенше жағдайлар қатері төнсе, қарауыл бастығы ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды және күзетілетін мүлікті сақтап қалуға шаралар қабылдайды.
Өміріне төтенше жағдайлар қатері төнген сақшыларға қарауыл бастығы күзетілетін объектіні қадағалауды жалғастыра алатын қауіпсіз орынға ауысуға бұйрық береді, ал қатер өткен соң оларды бұрынғы орындарына қояды.
Қарауыл бастығы қарауылдық үй-жайға тек қарауыл бағынатын адамдарды (осы Жарғының 109-тармағы) және олар ілесіп жүретін адамдарды, сондай-ақ қарауыл тағайындалған бөлімше командирін, оның орынбасарлары мен бөлімше командирін, егер ол олардың түрін білетін болса, барлық тікелей бастықтарын кідіріссіз кіргізеді. Осы адамдардың қарауылдық үй-жайға келгені туралы қарауыл бастығы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды. Одан басқа, қарауыл бастығы қарауылдық үй-жайда күзетілетін объектілерді ашу (жабу) үшін келген адамдарды, олардың жеке басын және келу мақсатын анықтағаннан, күзетілетін объектіні ашуға (жабуға) құқық беретін тізіммен рұқсаттаманы және тиісті мөрдің (пломбаланған бедерлерінің) бар болуын салыстырғаннан кейін кіргізеді.
Осы Жарғының 187-тармағында аты аталған бастықтардың тапсырмасы бойынша қарауылды тексеру үшін келген адамдар қарауылдық үй-жайға, егер қарауыл оған бағынатын болса, тек қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің (әскери бөлім бойынша кезекші көмекшісінің) ілесіп жүруімен жіберіледі.
Ішкі қарауылды тексеру үшін келген өз әскери бөлімінің офицерлері қарауылдық үй-жайға жеке басының куәлігі және онда тиісті уақыты көрсетілген қарауылды тексеруге құқық беретін біржолғы куәлік бойынша жіберіледі.
Дұрыс ресімделмеген құжаттармен келген адамдарды қарауыл бастығы ұстайды, олар туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды және оның нұсқауымен әрекет етеді.
Қарауылды тексеруге келген адамдардан басқа, қарауылдық үй-жайға әрбір жіберу туралы қарауыл бастығы постылық ведомосқа жазба жасайды.
Қарауылдарды ауыстыру уақытында қарауылдық үй-жайға және күзетілетін объектілерге, қарауылды тексеру үшін келген адамдардан басқа, жіберілім жүргізілмейді.
Қарауыл бағынатын адамдар немесе олардың тікелей бастықтары, ал гарнизондық қарауылға, сондай-ақ өз әскери бөлімінің командирі қарауылға келгеннен кейін қарауыл бастығы оларға баяндайды, мысалы: «Генерал-майор мырза, қызмет өткеру уақытында оқиғалар болған жоқ. Қарауыл бастығы аға лейтенант Шоқпаров».
Қарауыл бастығы баяндаған кезде қарауылдық үй-жайдағы қарауылдың сергек ауысымы өз бетімен саптық қалыпты қабылдайды.
Қарауылдық үй-жайға қарауыл бастығының әскери атағымен тең немесе атағы бойынша одан үлкен басқа адамдар келген жағдайда қарауыл бастығы келгенге жақындайды және өзін таныстырады, мысалы: «Майор мырза, қарауыл бастығы капитан Жәукенов», одан кейін осы Жарғының 282-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді.
Қарауыл бағынатын бастықтың атынан басқа адамдар арқылы берілетін бұйрықтар алған кезде қарауыл бастығы осы адамдардан парольді сұрауға міндетті. Алынған бұйрықтың дұрыстығына күмәнданған жағдайда қарауыл бастығы, ол ыңғайлы деп тапқан кез келген тәсілмен растауға құқығы бар.
Жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне шақыру белгісі жарияланған кезде қарауыл бастығы қарауылды «қаруға» шақырады, таратушы мен қарауылдарға тапсырма қояды (нақтылайды), постылар мен қарауылдық үй-жайлардың күзетін күшейтеді; сақтау орындары (қоймалары) бастықтарының күзетілетін объектілерді жылдам ашуын қамтамасыз етеді; өткізілген іс-шаралар, қарауылдың ауысуға әзірлігі туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды және оның нұқсауы бойынша әрекет етеді.
Қарауыл бастығына:
— сақшыларды ауыстыру, олардың қызмет өткеруін тексеру үшін немесе олардың шақыруы бойынша, сондай-ақ күзетілетін объекті маңында оқиға немесе төтенше жағдайлар болған жағдайда сияқтылардан басқа, қарауылдық үй-жайдан кетуге; қарауылдық үй-жайдан кеткен кезде ол өзінің орнына көмекшісін, ал ол болмаған жерде – таратушыны немесе қарауылдардың біреуін қалдырады;
— телефон арқылы өзі қызметке байланысы жоқ сөйлесулер жүргізуге немесе қарауылдың басқа адамдарына оған рұқсат етуге;
— қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз қарауыл құрамынан біреулерді жіберуге;
— қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз постылық ведомоста көзделген сақшыларды ауыстыру тәртібін өзгертуге;
— қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз оларды жөндеу және ақауларын жою үшін белгі беру құралдарын өшіруге;
— қарауыл үшін бөлінген көлік құралдарын мақсатсыз пайдалануға тыйым салынады.
2.3. Әр түрлі күзеттегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері.
Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын күзету жөніндегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері
Қарауыл бастығы өз әскери бөлімінің Жауынгерлік Туын және, егер олар осы әскери бөлімде сақталса, басқа да әскери бөлімдердің жауынгерлік туларын күзетуге жауап береді.
Қаруылды ауыстырған кезде ол ауысатын қарауыл бастығынан Жауынгерлік Туды мөрленген тыста немесе мөрленген шыны шкафта, бұл ретте тыстың (шкафтың) және мөрдің дұрыстығын тексере, оның бедерлемесімен мөрді салыстыра отырып өзі қабылдап алуға міндетті. Тыстың (шкафтың) және мөрдің дұрыстығына көзі жеткеннен кейін ол таратушыға және постыға түсетін қарауылға Жауынгерлік Туды күзетуге қабылдап алуға бұйрық береді.
Жауынгерлік Туды қарауыл бастығы тек әскери бөлім штабының бастығына немесе оның көмекшісіне (орынбасарына), олар Жауынгерлік Туды шығарудың әрбір жағдайына әскери бөлімнің командирі қол қойған рұқсатнаманы ұсынғаннан кейін береді.
Бірнеше әскери бөлімнің жауынгерлік тулары бірге сақталған кезде қарауыл жарақтандырылған әскери бөлімнің командирі қол қойған рұқсаттама ол берілетін бөлімнің өтінімі және Жауынгерлік Туды шығару туралы бұйрықтан көшірме негізінде беріледі.
Жауынгерлік Туды берер алдында қарауыл бастығы техникалық байланыс құралдары арқылы қарауылдар бойынша кезекшіден (әскери бөлім бойынша кезекшіден) жауынгерлік туларды күзету бойынша постыны ашуға рұқсатының болуын нақтылайды.
Штаб бастығы немесе оның көмекшісі (орынбасары) тысын алады және қарауыл бастығының қатысуымен постылар табеліне сәйкес матаның, ордендердің, орден ленталарының, баулардың, шашақтардың, ұштықтардың, сабының бар болуын және жай-күйін тексереді және Жауынгерлік Туды қабылдайды, одан кейін қарауыл бастығы постылық ведомосқа жазба жасайды, мысалы: «2007 жылғы 25 қаңтарда 12 сағат 45 минутта Кутузов және Отан ордендері мен оларға орден ленталары бар 00000 әскери бөлімінің Жауынгерлік Туы № 50 рұқсатнамаға сәйкес штаб бастығы полковник М.Е.Дүйсекеевке берілді».
Қарауыл бастығы мен Жауынгерлік Туды қабылдаған офицер осы жазбаның астына қолдарын қояды. Қарауыл бастығы жазбаша рұқсатнаманы өзіне қалдырады.
Жауынгерлік Ту қарауылдың күзетуіне қайтып берілген кезде қарауыл бастығы постылар табеліне сәйкес матаның, ордендердің, орден ленталарының, баулардың, шашақтарының, ұштықтардың, сабының бар болуын және жай-күйін тексереді және ту ұстаушының немесе ассистенттерінің Жауынгерлік Туды дұрыс орауын қадағалайды. Жауынгерлік Туды тыспен қаптағаннан (Жауынгерлік Ту шкафқа қойылғаннан) және тысына (шкафқа) елтаңбалы мөр басылғаннан кейін қарауыл бастығы онда бар бедерлемемен мөрді салыстырады және таратушыға және сақшыға Жауынгерлік Туды күзетуге қабылдап алуға бұйрық береді. Жауынгерлік Туды күзетуге қабылдап алғаннан кейін қарауыл бастығы қандай ордендер мен орден ленталарын және қанша санында қабылдағанын көрсетумен постылық ведомосқа тиісті жазба жасайды; одан кейін қарауыл бастығы мен Жауынгерлік Туды тапсырған офицер осы жазбаның астына қолдарын қояды.
Қарауылды ауыстырғаннан кейін жазбаша рұқсатнама постылық ведомоспен бірге тапсырылады.
Егер Жауынгерлік Туды бергеннен кейін сақшы постыдан алынатын болса, онда оны постыдан алу туралы және осы постыға қайта қою туралы постылық ведомосқа жазба жасалады.
Жауынгерлік Ту жанындағы постыға қатер (өрт немесе зілзала) төнсе қарауыл бастығы өзі Жауынгерлік Туды сақтап қалуға шаралар қабылдайды және оның жаңа орында күзетілуін ұйымдастырады.
Техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектілерді күзету жөніндегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері
Техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектілерді күзететін қарауыл бастығы осы Жарғының 272-286-тармақтарында көзделген жалпы міндеттерін орындаудан басқа:
— техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасы жанындағы кезекшілікті атқару кестесін жасауға және постылық ведомоста есеп жүргізуге;
— белгілерді қабылдау аппаратурасы жанындағы қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісінің (оператордың) қызмет өткеруін бақылауға;
— кестеге сәйкес техникалық күзет құралдарының ақаусыздығын өзі тексеруге және осы мақсатпен қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісін жіберуге;
— сақшыларды қоюмен, осы құралдармен жабдықталған объектілерді күзету және қорғау кезінде техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Бақылау-күзет тобының кезекшілігі тәсілімен объектіні күзететін қарауылды ауыстыру кезінде жаңа қарауыл бастығы, осы Жарғының 149, 150-тармақтарында мазмұндалғаннан басқа, жауынгерлік есеп жүргізеді, объектіні өзі қабылдайды және қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісімен (операторымен) бірге техникалық күзет құралдарының ақаусыздығын тексереді.
Егер қарауыл құрамына операторлар ауысымы тағайындалса, қарауыл бастығы жауынгерлік есеп жүргізеді, құжаттаманы және техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасын қабылдау үшін оператор тағайындайды, ал одан кейін оператормен және ауысатын қарауыл бастығымен берге объектіні күзетуге қабылдайды. Объектіні қабылдау уақытында жаңа қарауыл бастығы техникалық күзет құралдарының жай-күйіне байланысты барлық мәселелерді аппаратураны қабылдайтын оператормен шешеді.
Объектілік анықтау құралдарымен жабдықталған объектілерді күзетуге қабылдау кезінде қарауыл бастығы (оның көмекшісі немесе таратушысы) объектіні қабылдайды және қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісімен (оператормен) бірге күзет құралдарының ақаусыздығын тексереді.
Одан кейін күзет құралдары әрекетке келтіріледі, ал қарауыл бастығы ол туралы постылық ведомосқа жазба жасайды. Объектіні ашқаннан және постылық ведомосқа тиісті белгі қойылғаннан кейін, осы Жарғының 299-тармағында көрсетілгендей, күзет дабылдамасының және анықтаудың объектілік құралдары өшірілуі мүмкін.
Өрт дабылдамасының техникалық құралдары тәулік бойы қосулы тұрады, ол қарауыл ауысқан кезде жазбамен расталады.
Техникалық күзет құралдары рұқсат етілмеген өздігінен қосылған жағдайда қарауыл бастығы қарауылды «қаруға» шақырады, ол туралы қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл хабарлайды және жағдайды анықтау әрі объектінің сенімді күзетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау үшін бақылау-күзету (резервтік) тобымен жедел кетеді немесе тиісті таратушы және техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшіні (операторды) жібереді.
Өрт дабылдамасының техникалық құралдары бойынша өрт туралы белгі алған кезде қарауыл бастығы қарауылды «қаруға» шақырады және осы Жарғының 281-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді.
Техникалық күзет құралдары істен шыққан кезде қарауыл бастығы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды және қарауыл бастығына нұсқаулықта мазмұндалған нұсқауларға сәйкес объектінің күзетін күшейтеді.
Штабтарды, басқару пункттері мен мекемелерді күзету жөніндегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері
Штабтарды, басқару пункттері мен мекемелерді күзету жөніндегі қарауыл бастығы осы Жарғыда көзделген жалпы міндеттерді орындаудан басқа:
— өткізу жүйесін; рұқсаттамалардың, жеке басын куәландыратын құжаттардың сипаты мен қолдану уақытын; постылар арқылы әскери қызметшілерді, азаматтық персоналдарды, келушілер мен көлік құралдарын өткізу тәртібін білуге;
— посты арқылы рұқсаттамасыз бұзушы өтіп кеткен (бұзып өткен) кезде қарауылды «қаруға» шақыруға;
— рұқсаттама режимін бұзумен объектіге (объектіден) өтуге әрекет жасаған адамдарды ұстауға шаралар қабылдауға міндетті.
Сақтау орнына (қоймаларға, парктерге) жіберу және оларды күзетуге қабылдау кезіндегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері
Қарауылдың күзетінде болатын сақтау орындарына (қоймаларға, парктерге) жіберу кезінде қарауыл бастығы:
— техникалық байланыс құралдары арқылы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіден осы объектіні ашуға рұқсатының болуын, сондай-ақ ашу уақыты мен мақсатының, объектіні ашу үшін келген адамның лауызымы мен тегінің сәйкестігін анықтауға;
— ұсынылған рұқсатнаманың қарауылдық үй-жайда болатын үлгімен сәйкес келуін салыстыруға және келушінің жеке басын куәландыратын құжатты тексеруге;
— келгеннің тегі мен лауазымының қарауылдық үй-жайда болатын тізіммен сәйкес келуін салыстырып тексеруге (осы Жарғының 122-тармағы);
— ұсынылған мөрдің (пломбаланған бедерлердің) қарауылдық үй-жайда болатын мөр таңбасының (пломба бедерлемесінің) үлгісімен салыстырап тексеруге міндетті.
Сақтау орнын (қойманы, паркті) ашу және жабу үшін рұқсатнама ресімдеу барысында осы мақсатпен келген адам қарауылдық үй-жайдың тамбурында болады және басқа бөлмелерге жіберілмейді.
Егер барлық ұсынылған құжаттар, сондай-ақ мөр (пломбаланған бедерлер) үлгілермен сәйкес келсе, қарауыл бастығы таратушыға келгенді сақтау орнын (қойманы, паркті) ашуға (жабуға) жіберуге бұйрық береді.
Ұсынылған рұқсатнаманы қарауыл бастығы өзіне қалдырады. Қарауыл ауысқаннан кейін рұқсатнама постылық ведомоспен бірге тапсырылады, ал тұрақты рұқсатнама объектіні қарауылдың күзетуіне өткізгеннен кейін ұсынушыға қайтарылады.
Сақтау орындарына (қоймаларға, парктерге) жіберуді қарауыл бастығы постылар табелінде көрсетілген талаптарды нақты орындаумен рұқсат етеді.
Өрт қаупі бар сақтау орындарына (қоймаларға, парктерге) жіберуді қарауыл бастығы постылар табелінде көрсетілген тәртіппен арнайы аяқ киімде, керосин қолшамдарынсыз, ату және суық қарусыз, шылым шегу және тұтандыру керек-жарақтарынсыз рұқсат етеді.
Сақтау орнын (қойманы, паркті) күзетуге қабылдауды қарауыл бастығы тек жабу үшін келген адамда өрт жетоны бар болған кезде жүзеге асырады.
Сақтау орнын (қойманы, паркті) ашқан және жапқан кезде қарауыл бастығы ол туралы постылық ведомоста жазба жасайды және сақтау орнын (қойманы, паркті, ақша жәшігін) ашу (жабу) үшін келген адаммен бірге осы жазбаның астына қолдарын қояды.
Қарауыл ауысқанға дейін қандай да бір сақтау орны (қойма, парк) күзетуге тапсырылмаған жағдайда ол туралы жаңа постылық ведомоста, сондай-ақ оның астына бұрынғы және жаңа қарауыл бастықтары қолдарын қоятын жазба жасалады, ал рұқсатнама жаңа қарауыл бастығына беріледі.
Сақтау орнын (қойманы, паркті) бір сағаттан артық емес ашқан кезде қарауыл бастығы постыға сақшыны қалдырады, ал сақтау орнын (қойманы, паркті) бір сағаттан көпке ашқан кезде постылар табелінде бар нұсқауларға сәйкес әрекет етеді.
Сақтау орнын (қойманы, паркті) ашқан уақытта сақшыны алғаны туралы және оны қайтадан осы постыға қойғаны туралы қарауыл бастығы постылық ведомоста тиісті жазба жасайды.
Қарауыл бастығы сақтау орнына (қоймаға, паркке) кіруге мынадай жағдайларда:
— егер осы сақтау орнын (қойманы, паркті) ашу қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшідегі қарауыл күзететін объектілерді ашуға нарядтарда ресімделмесе;
— егер рұқсатнамада аты аталған адам тағайындалған күні және сағатта емес немесе тиісті құжаттарсыз келсе;
— егер тізімде немесе рұқсатнамада көрсетілген адамның орнына басқа адам келсе;
— егер рұқсатнама немесе жеке басын куәландыратын құжат дұрыс ресімделмесе, сондай-ақ мөр таңбаға (пломба бедеріне пломбалау бедері) немесе рұқсатнама үлгісіне сәйкес келмеген кезде рұқсат етпейді.
Барлық аталған жағдайларда қарауыл бастығы келгенді ұстайды, ол туралы постылық ведомоста жазба жасайды, қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды және одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Қарауылдың күзетінде болатын парктерге немесе жауынгерлік машиналардың (қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың) тұрақ орындарына жіберу осы Жарғының 297-301-тармақтарының нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
Гауптвахта жанындағы қарауыл бастығының ерекше міндеттері
Гауптвахта жанындағы қарауыл бастығы:
— гауптвахта бастығының (әскери полиция органы бойынша кезекшінің) нұсқауы бойынша осы Жарғының 214-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде сот үкімінің немесе хаттамасының заңды күшіне енгенге дейін сотпен тәртіптік әскери бөлімде ұстауға сотталған, тұтқындауға сотталғандарды, оларға қатысты қамауға алу түрінде жолын кесу шарасы таңдалған күдікті және айыпталған әскери қызметшілерді күзетуге қабылдауға;
— гауптвахта бастығының (әскери полиция органы бойынша кезекшінің) нұсқауы бойынша уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайға отырғызылған әскери қызметшілерді күзетуге қабылдауға;
— қарауылды қабылдаған кезде гауптвахта бастығы (әскери полиция органы бойынша кезекші) қол қойған атаулы тізім бойынша камералар бойынша тұтқындалғандарды өзі қабылдауға;
— қарауылды ауыстырған кезде және қызмет өткеру уақытында, бұл ретте қабырғалардың, төбенің, терезелердің, торлардың тұтастығына, есіктердегі бекітпелер мен құлыптардың сенімділігіне, техникалық күзет құралдарының ақаусыздығына назар аудара отырып, камералардың жай-күйін тексеруге;
— тұтқындалғандар бар камералардың техникалық күзет құралдары рұқсат етілмеген өздігінен іске қосылған кезде олардың өздігінен іске қосылуын өзі анықтауға;
— камералар бойынша тұтқындалғандарды, бұл ретте оларда тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексере отырып, таңертеңгілік қарауды және кешкілік тексеруді өткізуге; сырқаттанғандар туралы гауптвахта бастығына (әскери полиция органы бойынша кезекшіге) баяндауға;
— тұтқындалғандар үшін белгіленген күн тәртібінің және оларды ұстау тәртібінің нақты сақталуын қадағалауға;
— камералар кілттерінің сақталуын қамтамасыз етуге және оларды біреулерге бермеуге;
— қажет болған жағдайда сергек ауысымның қарауылдары құрамынан шығарушыларды тағайындауға;
— тұтқындалғандарды жұмысқа, моншаға және тергеуге тек гауптвахта бастығының (әскери полиция органы бойынша кезекшінің) жазбаша бұйрығы бойынша жіберуге; қайтып оралғаннан кейін тұтқындалғандарды олардың бар екенін, сондай-ақ оларда тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруге;
— тұтқындалғандарға тамақты уақтылы жеткізуді және оның таратылуын қадағалауға;
— төсек керек-жарақтарын, газеттерді, жалпыәскери жарғыларды, заңнама актілерін және оқу әдебиеттерін уақтылы беруге;
— тұтқындалғандардан өтініштер мен арыздарды қабылдауға және оларды гауптвахта бастығына (әскери полиция органы бойынша кезекшіге) беруге;
— демалу уақытында өзінің орнына үлкенді тағайындауға міндетті.
Тұтқындалғандар арасында тәртіпсіздік туындаған және олардың қашып кетуінің алдын алу жағдайында қарауыл бастығы (кезекші ауысымының бастығы) қарауылды «қаруға» шақырады, әскери полиция органы бойынша кезекшіге баяндайды, қаруды қолдану мүмкіндігі туралы ескерту жолымен тәртіпсіздікті тоқтатуға шаралар қабылдайды. Егер ескерту сәтсіз болса, онда ол осы Жарғының талаптарына сәйкес қару қолдануға құқылы.
Гауптвахтада өрт шыққан немесе гауптвахта маңында төтенше жағдайлар болған жағдайда қарауыл бастығы қарауылды «қаруға» шақырады, тұтқындалғандарды қауіпсіз орынға шұғыл шығаруға және олардың күзетін ұйымдастыруға; оқиға туралы әскери полиция органы бойынша кезекшіге және гауптвахта бастығына баяндауға және одан әрі олардың нұсқаулары бойынша әрекет етуге міндетті.
- Қарауыл адамдарының құқықтары мен міндеттері.
3.1 Қарауыл бастығы
Қарауыл бастығы қарауылға тапсырылған объектілерді күзетуге және қорғауға, қарауыл жеке құрамының жауынгерлік әзірлігіне, олардың қызметті дұрыс өткеруіне, постылардағы және қарауылдық үй-жайлардағы техникалық күзет құралдарының, қоршаулардың, байланыс және өрт сөндіру құралдарының, көлік құралдарының сақталуына және оны дұрыс пайдалануға, сондай-ақ тізімдемеге сәйкес қарауылдық үй-жайда болатын қаруға, оқ-дәрілер мен басқа да мүлікке жауап береді.
Қарауыл бастығының өзінің немесе қарауыл құрамымен күзетілетін объектілерге, сақшыларға, қарауыл ауысымына (бақылау-күзету тобына) қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған жағдайларда, тұтқындалғандар арасындағы тәртіпсіздікті тоқтату немесе қашып жара жатқан тұтқындалғандар бойынша, сондай-ақ дабыл белгісін беру немесе көмек шақыру үшін қару (арнайы құралдар) пайдалануға құқығы бар.
Қаруды қолданар алдында дауыстап немесе оны қолдану ниеті туралы жоғары оқ атып ескертуі тиіс.
Ескертусіз қару кенеттен немесе қарулы шабуыл, жауынгерлік техниканы, көлік құралдарын, ұшу аппараттарын, теңіз және өзен кемелерін пайдаланумен шабуыл кезінде, сондай-ақ тұтқындалғандар қарумен қашқан кезде және олардың қозғалысы кезінде көлік құралдарынан қолданылуы мүмкін.
Қарауыл бастығы:
— қарауылдың міндеттерін, қарауыл бастығының нұсқаулығын және қарауылдың барлық адамдарының міндеттерін білуге;
— қарауылдың жеке құрамынан олардың өз міндеттерін анық білуін және нақты орындауын, жоғары қырағылық пен тәртіпті талап етуге;
— тізімдеме бойынша ауысатын қарауыл бастығынан құжаттарды, оқ-дәрілері бар жәшіктерді, олардағы мөрлер мен оларға кілттерді, сондай-ақ техникалық күзет құралдарын, байланыс және өрт сөндіру құралдарын қабылдауға;
— нұсқаулықта көрсетілген күзетілетін анағұрлым маңызды объектілердің жай-күйін, олардың жарық түсіруінің, қоршаулары мен окоптардың дұрыстығын, сондай-ақ қарауылдық үй-жайдың және гауптвахтаның жай-күйін ауысатын қарауыл бастығымен бірге, ал таратушылар немесе өз көмекшілері арқылы қалған күзетілетін объектілердің жай-күйін өзі сыртынан қарап тексеруге; қарауылды қабылдау кезінде жойылуы мүмкін емес, бірақ объектіні сапалы күзетуді қамтамасыз етуге ықпал етпейтін постыларда және күзетілетін объектілер қоршауларында анықталған барлық ақауларды постылық ведомосқа жазуға;
— объектіні (постыны) сенімді күзетуді қамтамасыз етуге ықпал ететін кемшіліктер анықталған жағдайда объектіні (постыны) күзетуді шұғыл күшейтуге, ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндауға, одан әрі оның нұқсауы бойынша әрекет етуге;
— постыларға ауысымдарды белгіленген уақытта жіберуге, бұл ретте таратушылардың және қарауылдардың өз міндеттерін білуін тексеруге және оларға әрбір постыда қызмет өткеру ерекшеліктерін ескертуге;
— резервтік (бақылау-күзету) топтың ұдайы жауынгерлік әзірлігін, қарауыл көлік құралының, байланыс құралының ақаусыздығын, қарауыл жеке құрамының қару мен оқ-дәрілерді ақаусыз ұстауын, қаруды оқтау, оғын алу ережелерінің сақталуын, бұл ретте қауіпсіздік талаптарының орындалуын, сондай-ақ постыларға жіберілетін қарауылдың барлық адамдарының қарауылдық үй-жайда тұтандыратын, шылым шегу керек-жарақтары мен бөгде заттарын қалдырып кетуін қадағалауға;
— осы Жарғының 174-185-тармақтарының талаптарына сәйкес қарауылда ішкі тәртіпті ұстауға;
— постылардан әрбір ауысым қайтып оралғаннан кейін қарауылдың жеке құрамына резервтік топтарға жауынгерлік есеп жүргізуге, күзетілетін объектіге немесе қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған жағдайға және нұсқаулықта мазмұндалған көрсеткіштерге сәйкес өрт сөндіру жағдайына оларға тапсырмалар қоюға және олардың іс жүзіндегі іс-қимылын тексеруге;
— кемінде тәулігіне екі рет (оның ішінде біреуі түнде) сақшылардың қызмет өткеруін, күзетілетін объектілердің және қоршаулардың жай-күйін, байланыс және өрт сөндіру құралдарының ақаусыздығын өзі тексеруге, осы мақсаттар үшін постылық ведомоста ол туралы жазба жасай отырып, өз көмекшісін және таратушыны кезең-кезеңімен жіберуге;
— сақшы шақырған немесе одан белгіленген уақытта қызмет өткеру туралы баяндау түспеген жағдайда таратушыны (өз көмекшісін) жіберуге немесе постыға өзі келуге;
— қарауылдық үй-жайға, бұл ретте осы Жарғының 282, 283-тармақтарын басшылыққа ала отырып, бұған құқығы бар адамдардан басқа ешкімді кіргізбеуге;
— ұсталған күдікті адамдардың және өткізу режимін бұзумен объектіге өтіп кетуге әрекет жасаған адамдардың жеке басын анықтауға, қысқаша сұрақтар қоюға, ал қажет болған кезде толық тексеруге, олар туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндауға;
— офицерлердің әскери бөлім бойынша кезекші бөлмесіндегі жеке қарулары тұратын шкафтарды күзету дабылының рұқсат етілмеген өздігінен қосылу себебін анықтауға, ал қажет болған кезде ол жерге өз көмекшісін (таратушыны) жіберуге;
— қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің рұқсатымен бөлімнің медициналық пунктіне немесе жақын жердегі емдеу мекемесіне қарауыл құрамындағы сырқаттанғандарды жіберуге және қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіден оны ауыстыруды талап етуге; қысқы уақытта жеке құрамның үсікке ұрынуының алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға;
— сақшының қару қолданған әрбір жағдайын сол жерде анықтауға және жедел қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндауға міндетті.
Егер сақшыны ауыстырған кезде постыда қандай да бір ақау анықталатын болса, қарауыл бастығы шақыру бойынша постыға келеді және ақаудың сипаты мен себебін анықтап, қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды, одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Қарауыл құрамынан біреуі өз міндеттерін орындамаған немесе өзге де теріс қылық жасаған кезде қарауыл бастығы қажетті шараларды (постыдан алу, қаруды, оқ-дәрілерді алу және тағы басқа) қабылдайды және шұғыл қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге ол туралы баяндайды.
Егер жасалған теріс қылықтың сипаты бойынша әскери қызметші одан әрі қызмет өткеруге жіберілмейтін болса, онда ол қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің бұйрығы бойынша оны басқа әскери қызметшімен ауыстыру үшін қарусыз және оқ-дәрілерсіз әскери бөлімге (бөлімшеге) қайтарылады. Оған әскери бөлімнен (бөлімшеден) осы мақсат үшін шақыртылған адам ілесіп жүреді. Теріс қылықты анықтау бөлімшеде жүргізіледі.
Егер қарауыл бастығы кенеттен сырқаттанса, онда ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Таратушының біреуі кенеттен сырқаттанған кезде қарауыл бастығы оның міндеттерін өз көмекшісіне жүктейді немесе оларды өзі орындайды және ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды.
Қарауыл бастығы мынадай жағдайларда қарауылды:
— күзетілген объектілерге, сақшыларға, қарауылдар ауысымына (бақылау-күзету тобына) немесе қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған;
— техникалық күзет құралдары рұқсат етілмеген өздігінен іске қосылған;
— тұтқындалғандар арасында тәртіпсіздік туындаған немесе олардың қашуының алдын алу үшін;
— күзетілетін объектілерде немесе қарауылдық үй-жайда өрт шыққан немесе табиғи және техногендік сипаттағы басқа да жағдайлар туындаған;
— жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіруге белгі алған;
— қарауылды тексеретін адамдардың бұйрығы бойынша (осы Жарғының 186-187-тармақтары);
-жалпыбригадалық (жалпыполктік) кешкі тексеру өткізген кезде «қаруға» шақыруға міндетті.
Қарауылды «қаруға» шақыру үшін қарауыл бастығы «Қарауыл, ҚАРУ-ҒА» командасын береді. Осы команда бойынша қарауыл құрамы осы Жарғының 180-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді.
Күзетілетін объектілерге, сақшыларға немесе қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған кезде қарауыл бастығы нұсқаулыққа сәйкес әрекет етеді және жағдайға байланысты шабуылға тойтарыс беруге шаралар қабылдайды; шабуыл жасалғаны туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды.
Қажет болған жағдайда қарауыл бастығы жауынгерлік патрондар, гранаталар мен тұтандырғыштар қоры бар жәшікті ашады. Кейіннен оқ-дәрілерді жәшіктен алғаны туралы акті жасайды.
Егер күзетілетін объекті немесе қарауылдық үй-жай маңында (пост табелінде көрсетілген арақашықтықтан жақын) қоғамдық тәртіп бұзылса немесе қарауылдың қойылған міндеттерді сенімді орындауының төмендеуіне қатер төнсе, қарауыл бастығы қарауылдың күшімен тәртіпті қалпына келтіруге шаралар қабылдайды және ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды.
Күзетілетін объектілерде немесе қарауылдық үй-жайда шыққан өртті сөндіруді қарауыл бастығы жауынгерлік есепке сәйкес қарауылдың резервтік топ күшімен ұйымдастырады; мүлікті сақтап қалуға шаралар қабылдайды; болған оқиға туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды және одан әрі оның нұқсауы бойынша әрекет етеді.
Күзетілетін объектінің техникалық аумағында немесе ішкі және сыртқы қоршауы бар объектіде, сондай-ақ оның жанында өрт шыққан кезде қарауыл бастығы ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Жанар-жағар май материалдарын немесе жарылғыш заттарды (оқ-дәрілерді) сақтау объектісінде өрт шыққан жағдайда қарауыл бастығы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды, объектіні ашады және жауынгерлік есепке сәйкес өрт сөндіруге шаралар қабылдайды.
Егер күзетілетін объектіге төтенше жағдайлар қатері төнсе, қарауыл бастығы ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды және күзетілетін мүлікті сақтап қалуға шаралар қабылдайды.
Өміріне төтенше жағдайлар қатері төнген сақшыларға қарауыл бастығы күзетілетін объектіні қадағалауды жалғастыра алатын қауіпсіз орынға ауысуға бұйрық береді, ал қатер өткен соң оларды бұрынғы орындарына қояды.
Қарауыл бастығы қарауылдық үй-жайға тек қарауыл бағынатын адамдарды (осы Жарғының 109-тармағы) және олар ілесіп жүретін адамдарды, сондай-ақ қарауыл тағайындалған бөлімше командирін, оның орынбасарлары мен бөлімше командирін, егер ол олардың түрін білетін болса, барлық тікелей бастықтарын кідіріссіз кіргізеді. Осы адамдардың қарауылдық үй-жайға келгені туралы қарауыл бастығы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды. Одан басқа, қарауыл бастығы қарауылдық үй-жайда күзетілетін объектілерді ашу (жабу) үшін келген адамдарды, олардың жеке басын және келу мақсатын анықтағаннан, күзетілетін объектіні ашуға (жабуға) құқық беретін тізіммен рұқсаттаманы және тиісті мөрдің (пломбаланған бедерлерінің) бар болуын салыстырғаннан кейін кіргізеді.
Осы Жарғының 187-тармағында аты аталған бастықтардың тапсырмасы бойынша қарауылды тексеру үшін келген адамдар қарауылдық үй-жайға, егер қарауыл оған бағынатын болса, тек қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің немесе оның көмекшісінің (әскери бөлім бойынша кезекші көмекшісінің) ілесіп жүруімен жіберіледі.
Ішкі қарауылды тексеру үшін келген өз әскери бөлімінің офицерлері қарауылдық үй-жайға жеке басының куәлігі және онда тиісті уақыты көрсетілген қарауылды тексеруге құқық беретін біржолғы куәлік бойынша жіберіледі.
Дұрыс ресімделмеген құжаттармен келген адамдарды қарауыл бастығы ұстайды, олар туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды және оның нұсқауымен әрекет етеді.
Қарауылды тексеруге келген адамдардан басқа, қарауылдық үй-жайға әрбір жіберу туралы қарауыл бастығы постылық ведомосқа жазба жасайды.
Қарауылдарды ауыстыру уақытында қарауылдық үй-жайға және күзетілетін объектілерге, қарауылды тексеру үшін келген адамдардан басқа, жіберілім жүргізілмейді.
Қарауыл бағынатын адамдар немесе олардың тікелей бастықтары, ал гарнизондық қарауылға, сондай-ақ өз әскери бөлімінің командирі қарауылға келгеннен кейін қарауыл бастығы оларға баяндайды, мысалы: «Генерал-майор мырза, қызмет өткеру уақытында оқиғалар болған жоқ. Қарауыл бастығы аға лейтенант Шоқпаров».
Қарауыл бастығы баяндаған кезде қарауылдық үй-жайдағы қарауылдың сергек ауысымы өз бетімен саптық қалыпты қабылдайды.
Қарауылдық үй-жайға қарауыл бастығының әскери атағымен тең немесе атағы бойынша одан үлкен басқа адамдар келген жағдайда қарауыл бастығы келгенге жақындайды және өзін таныстырады, мысалы: «Майор мырза, қарауыл бастығы капитан Жәукенов», одан кейін осы Жарғының 282-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді.
Қарауыл бағынатын бастықтың атынан басқа адамдар арқылы берілетін бұйрықтар алған кезде қарауыл бастығы осы адамдардан парольді сұрауға міндетті. Алынған бұйрықтың дұрыстығына күмәнданған жағдайда қарауыл бастығы, ол ыңғайлы деп тапқан кез келген тәсілмен растауға құқығы бар.
Жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне шақыру белгісі жарияланған кезде қарауыл бастығы қарауылды «қаруға» шақырады, таратушы мен қарауылдарға тапсырма қояды (нақтылайды), постылар мен қарауылдық үй-жайлардың күзетін күшейтеді; сақтау орындары (қоймалары) бастықтарының күзетілетін объектілерді жылдам ашуын қамтамасыз етеді; өткізілген іс-шаралар, қарауылдың ауысуға әзірлігі туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды және оның нұқсауы бойынша әрекет етеді.
Қарауыл бастығына:
— сақшыларды ауыстыру, олардың қызмет өткеруін тексеру үшін немесе олардың шақыруы бойынша, сондай-ақ күзетілетін объекті маңында оқиға немесе төтенше жағдайлар болған жағдайда сияқтылардан басқа, қарауылдық үй-жайдан кетуге; қарауылдық үй-жайдан кеткен кезде ол өзінің орнына көмекшісін, ал ол болмаған жерде – таратушыны немесе қарауылдардың біреуін қалдырады;
-телефон арқылы өзі қызметке байланысы жоқ сөйлесулер жүргізуге немесе қарауылдың басқа адамдарына оған рұқсат етуге;
— қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз қарауыл құрамынан біреулерді жіберуге;
— қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз постылық ведомоста көзделген сақшыларды ауыстыру тәртібін өзгертуге;
— қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз оларды жөндеу және ақауларын жою үшін белгі беру құралдарын өшіруге;
— қарауыл үшін бөлінген көлік құралдарын мақсатсыз пайдалануға тыйым салынады.
3.2 Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын күзету жөніндегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері
Қарауыл бастығы өз әскери бөлімінің Жауынгерлік Туын және, егер олар осы әскери бөлімде сақталса, басқа да әскери бөлімдердің жауынгерлік туларын күзетуге жауап береді.
Қаруылды ауыстырған кезде ол ауысатын қарауыл бастығынан Жауынгерлік Туды мөрленген тыста немесе мөрленген шыны шкафта, бұл ретте тыстың (шкафтың) және мөрдің дұрыстығын тексере, оның бедерлемесімен мөрді салыстыра отырып өзі қабылдап алуға міндетті. Тыстың (шкафтың) және мөрдің дұрыстығына көзі жеткеннен кейін ол таратушыға және постыға түсетін қарауылға Жауынгерлік Туды күзетуге қабылдап алуға бұйрық береді.
Жауынгерлік Туды қарауыл бастығы тек әскери бөлім штабының бастығына немесе оның көмекшісіне (орынбасарына), олар Жауынгерлік Туды шығарудың әрбір жағдайына әскери бөлімнің командирі қол қойған рұқсатнаманы ұсынғаннан кейін береді.
Бірнеше әскери бөлімнің жауынгерлік тулары бірге сақталған кезде қарауыл жарақтандырылған әскери бөлімнің командирі қол қойған рұқсаттама ол берілетін бөлімнің өтінімі және Жауынгерлік Туды шығару туралы бұйрықтан көшірме негізінде беріледі.
Жауынгерлік Туды берер алдында қарауыл бастығы техникалық байланыс құралдары арқылы қарауылдар бойынша кезекшіден (әскери бөлім бойынша кезекшіден) жауынгерлік туларды күзету бойынша постыны ашуға рұқсатының болуын нақтылайды.
Штаб бастығы немесе оның көмекшісі (орынбасары) тысын алады және қарауыл бастығының қатысуымен постылар табеліне сәйкес матаның, ордендердің, орден ленталарының, баулардың, шашақтардың, ұштықтардың, сабының бар болуын және жай-күйін тексереді және Жауынгерлік Туды қабылдайды, одан кейін қарауыл бастығы постылық ведомосқа жазба жасайды, мысалы: «2007 жылғы 25 қаңтарда 12 сағат 45 минутта Кутузов және Отан ордендері мен оларға орден ленталары бар 00000 әскери бөлімінің Жауынгерлік Туы № 50 рұқсатнамаға сәйкес штаб бастығы полковник М.Е.Дүйсекеевке берілді».
Қарауыл бастығы мен Жауынгерлік Туды қабылдаған офицер осы жазбаның астына қолдарын қояды. Қарауыл бастығы жазбаша рұқсатнаманы өзіне қалдырады.
Жауынгерлік Ту қарауылдың күзетуіне қайтып берілген кезде қарауыл бастығы постылар табеліне сәйкес матаның, ордендердің, орден ленталарының, баулардың, шашақтарының, ұштықтардың, сабының бар болуын және жай-күйін тексереді және ту ұстаушының немесе ассистенттерінің Жауынгерлік Туды дұрыс орауын қадағалайды. Жауынгерлік Туды тыспен қаптағаннан (Жауынгерлік Ту шкафқа қойылғаннан) және тысына (шкафқа) елтаңбалы мөр басылғаннан кейін қарауыл бастығы онда бар бедерлемемен мөрді салыстырады және таратушыға және сақшыға Жауынгерлік Туды күзетуге қабылдап алуға бұйрық береді. Жауынгерлік Туды күзетуге қабылдап алғаннан кейін қарауыл бастығы қандай ордендер мен орден ленталарын және қанша санында қабылдағанын көрсетумен постылық ведомосқа тиісті жазба жасайды; одан кейін қарауыл бастығы мен Жауынгерлік Туды тапсырған офицер осы жазбаның астына қолдарын қояды.
Қарауылды ауыстырғаннан кейін жазбаша рұқсатнама постылық ведомоспен бірге тапсырылады.
Егер Жауынгерлік Туды бергеннен кейін сақшы постыдан алынатын болса, онда оны постыдан алу туралы және осы постыға қайта қою туралы постылық ведомосқа жазба жасалады.
Жауынгерлік Ту жанындағы постыға қатер (өрт немесе зілзала) төнсе қарауыл бастығы өзі Жауынгерлік Туды сақтап қалуға шаралар қабылдайды және оның жаңа орында күзетілуін ұйымдастырады.
Техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектілерді күзету жөніндегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері
Техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектілерді күзететін қарауыл бастығы осы Жарғының 272-286-тармақтарында көзделген жалпы міндеттерін орындаудан басқа:
— техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасы жанындағы кезекшілікті атқару кестесін жасауға және постылық ведомоста есеп жүргізуге;
— белгілерді қабылдау аппаратурасы жанындағы қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісінің (оператордың) қызмет өткеруін бақылауға;
— кестеге сәйкес техникалық күзет құралдарының ақаусыздығын өзі тексеруге және осы мақсатпен қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісін жіберуге;
— сақшыларды қоюмен, осы құралдармен жабдықталған объектілерді күзету және қорғау кезінде техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Бақылау-күзет тобының кезекшілігі тәсілімен объектіні күзететін қарауылды ауыстыру кезінде жаңа қарауыл бастығы, осы Жарғының 149, 150-тармақтарында мазмұндалғаннан басқа, жауынгерлік есеп жүргізеді, объектіні өзі қабылдайды және қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісімен (операторымен) бірге техникалық күзет құралдарының ақаусыздығын тексереді.
Егер қарауыл құрамына операторлар ауысымы тағайындалса, қарауыл бастығы жауынгерлік есеп жүргізеді, құжаттаманы және техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасын қабылдау үшін оператор тағайындайды, ал одан кейін оператормен және ауысатын қарауыл бастығымен берге объектіні күзетуге қабылдайды. Объектіні қабылдау уақытында жаңа қарауыл бастығы техникалық күзет құралдарының жай-күйіне байланысты барлық мәселелерді аппаратураны қабылдайтын оператормен шешеді.
Объектілік анықтау құралдарымен жабдықталған объектілерді күзетуге қабылдау кезінде қарауыл бастығы (оның көмекшісі немесе таратушысы) объектіні қабылдайды және қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісімен (оператормен) бірге күзет құралдарының ақаусыздығын тексереді.
Одан кейін күзет құралдары әрекетке келтіріледі, ал қарауыл бастығы ол туралы постылық ведомосқа жазба жасайды. Объектіні ашқаннан және постылық ведомосқа тиісті белгі қойылғаннан кейін, осы Жарғының 299-тармағында көрсетілгендей, күзет дабылдамасының және анықтаудың объектілік құралдары өшірілуі мүмкін.
Өрт дабылдамасының техникалық құралдары тәулік бойы қосулы тұрады, ол қарауыл ауысқан кезде жазбамен расталады.
Техникалық күзет құралдары рұқсат етілмеген өздігінен қосылған жағдайда қарауыл бастығы қарауылды «қаруға» шақырады, ол туралы қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл хабарлайды және жағдайды анықтау әрі объектінің сенімді күзетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау үшін бақылау-күзету (резервтік) тобымен жедел кетеді немесе тиісті таратушы және техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшіні (операторды) жібереді.
Өрт дабылдамасының техникалық құралдары бойынша өрт туралы белгі алған кезде қарауыл бастығы қарауылды «қаруға» шақырады және осы Жарғының 281-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді.
Техникалық күзет құралдары істен шыққан кезде қарауыл бастығы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге шұғыл баяндайды және қарауыл бастығына нұсқаулықта мазмұндалған нұсқауларға сәйкес объектінің күзетін күшейтеді.
Штабтарды, басқару пункттері мен мекемелерді күзету жөніндегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері
Штабтарды, басқару пункттері мен мекемелерді күзету жөніндегі қарауыл бастығы осы Жарғыда көзделген жалпы міндеттерді орындаудан басқа:
— өткізу жүйесін; рұқсаттамалардың, жеке басын куәландыратын құжаттардың сипаты мен қолдану уақытын; постылар арқылы әскери қызметшілерді, азаматтық персоналдарды, келушілер мен көлік құралдарын өткізу тәртібін білуге;
— посты арқылы рұқсаттамасыз бұзушы өтіп кеткен (бұзып өткен) кезде қарауылды «қаруға» шақыруға;
— рұқсаттама режимін бұзумен объектіге (объектіден) өтуге әрекет жасаған адамдарды ұстауға шаралар қабылдауға міндетті.
Сақтау орнына (қоймаларға, парктерге) жіберу және оларды күзетуге қабылдау кезіндегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері
Қарауылдың күзетінде болатын сақтау орындарына (қоймаларға, парктерге) жіберу кезінде қарауыл бастығы:
— техникалық байланыс құралдары арқылы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіден осы объектіні ашуға рұқсатының болуын, сондай-ақ ашу уақыты мен мақсатының, объектіні ашу үшін келген адамның лауызымы мен тегінің сәйкестігін анықтауға;
— ұсынылған рұқсатнаманың қарауылдық үй-жайда болатын үлгімен сәйкес келуін салыстыруға және келушінің жеке басын куәландыратын құжатты тексеруге;
— келгеннің тегі мен лауазымының қарауылдық үй-жайда болатын тізіммен сәйкес келуін салыстырып тексеруге (осы Жарғының 122-тармағы);
— ұсынылған мөрдің (пломбаланған бедерлердің) қарауылдық үй-жайда болатын мөр таңбасының (пломба бедерлемесінің) үлгісімен салыстырап тексеруге міндетті.
Сақтау орнын (қойманы, паркті) ашу және жабу үшін рұқсатнама ресімдеу барысында осы мақсатпен келген адам қарауылдық үй-жайдың тамбурында болады және басқа бөлмелерге жіберілмейді.
Егер барлық ұсынылған құжаттар, сондай-ақ мөр (пломбаланған бедерлер) үлгілермен сәйкес келсе, қарауыл бастығы таратушыға келгенді сақтау орнын (қойманы, паркті) ашуға (жабуға) жіберуге бұйрық береді.
Ұсынылған рұқсатнаманы қарауыл бастығы өзіне қалдырады. Қарауыл ауысқаннан кейін рұқсатнама постылық ведомоспен бірге тапсырылады, ал тұрақты рұқсатнама объектіні қарауылдың күзетуіне өткізгеннен кейін ұсынушыға қайтарылады.
Сақтау орындарына (қоймаларға, парктерге) жіберуді қарауыл бастығы постылар табелінде көрсетілген талаптарды нақты орындаумен рұқсат етеді.
Өрт қаупі бар сақтау орындарына (қоймаларға, парктерге) жіберуді қарауыл бастығы постылар табелінде көрсетілген тәртіппен арнайы аяқ киімде, керосин қолшамдарынсыз, ату және суық қарусыз, шылым шегу және тұтандыру керек-жарақтарынсыз рұқсат етеді.
Сақтау орнын (қойманы, паркті) күзетуге қабылдауды қарауыл бастығы тек жабу үшін келген адамда өрт жетоны бар болған кезде жүзеге асырады.
Сақтау орнын (қойманы, паркті) ашқан және жапқан кезде қарауыл бастығы ол туралы постылық ведомоста жазба жасайды және сақтау орнын (қойманы, паркті, ақша жәшігін) ашу (жабу) үшін келген адаммен бірге осы жазбаның астына қолдарын қояды.
Қарауыл ауысқанға дейін қандай да бір сақтау орны (қойма, парк) күзетуге тапсырылмаған жағдайда ол туралы жаңа постылық ведомоста, сондай-ақ оның астына бұрынғы және жаңа қарауыл бастықтары қолдарын қоятын жазба жасалады, ал рұқсатнама жаңа қарауыл бастығына беріледі.
Сақтау орнын (қойманы, паркті) бір сағаттан артық емес ашқан кезде қарауыл бастығы постыға сақшыны қалдырады, ал сақтау орнын (қойманы, паркті) бір сағаттан көпке ашқан кезде постылар табелінде бар нұсқауларға сәйкес әрекет етеді.
Сақтау орнын (қойманы, паркті) ашқан уақытта сақшыны алғаны туралы және оны қайтадан осы постыға қойғаны туралы қарауыл бастығы постылық ведомоста тиісті жазба жасайды.
Қарауыл бастығы сақтау орнына (қоймаға, паркке) кіруге мынадай жағдайларда:
— егер осы сақтау орнын (қойманы, паркті) ашу қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшідегі қарауыл күзететін объектілерді ашуға нарядтарда ресімделмесе;
— егер рұқсатнамада аты аталған адам тағайындалған күні және сағатта емес немесе тиісті құжаттарсыз келсе;
— егер тізімде немесе рұқсатнамада көрсетілген адамның орнына басқа адам келсе;
— егер рұқсатнама немесе жеке басын куәландыратын құжат дұрыс ресімделмесе, сондай-ақ мөр таңбаға (пломба бедеріне пломбалау бедері) немесе рұқсатнама үлгісіне сәйкес келмеген кезде рұқсат етпейді.
Барлық аталған жағдайларда қарауыл бастығы келгенді ұстайды, ол туралы постылық ведомоста жазба жасайды, қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндайды және одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Қарауылдың күзетінде болатын парктерге немесе жауынгерлік машиналардың (қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың) тұрақ орындарына жіберу осы Жарғының 297-301-тармақтарының нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
Гауптвахта жанындағы қарауыл бастығының ерекше міндеттері
Гауптвахта жанындағы қарауыл бастығы:
— гауптвахта бастығының (әскери полиция органы бойынша кезекшінің) нұсқауы бойынша осы Жарғының 214-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде сот үкімінің немесе хаттамасының заңды күшіне енгенге дейін сотпен тәртіптік әскери бөлімде ұстауға сотталған, тұтқындауға сотталғандарды, оларға қатысты қамауға алу түрінде жолын кесу шарасы таңдалған күдікті және айыпталған әскери қызметшілерді күзетуге қабылдауға;
— гауптвахта бастығының (әскери полиция органы бойынша кезекшінің) нұсқауы бойынша уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайға отырғызылған әскери қызметшілерді күзетуге қабылдауға;
— қарауылды қабылдаған кезде гауптвахта бастығы (әскери полиция органы бойынша кезекші) қол қойған атаулы тізім бойынша камералар бойынша тұтқындалғандарды өзі қабылдауға;
— қарауылды ауыстырған кезде және қызмет өткеру уақытында, бұл ретте қабырғалардың, төбенің, терезелердің, торлардың тұтастығына, есіктердегі бекітпелер мен құлыптардың сенімділігіне, техникалық күзет құралдарының ақаусыздығына назар аудара отырып, камералардың жай-күйін тексеруге; тұтқындалғандар бар камералардың техникалық күзет құралдары рұқсат етілмеген өздігінен іске қосылған кезде олардың өздігінен іске қосылуын өзі анықтауға;
— камералар бойынша тұтқындалғандарды, бұл ретте оларда тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексере отырып, таңертеңгілік қарауды және кешкілік тексеруді өткізуге; сырқаттанғандар туралы гауптвахта бастығына (әскери полиция органы бойынша кезекшіге) баяндауға;
— тұтқындалғандар үшін белгіленген күн тәртібінің және оларды ұстау тәртібінің нақты сақталуын қадағалауға;
— камералар кілттерінің сақталуын қамтамасыз етуге және оларды біреулерге бермеуге;
— қажет болған жағдайда сергек ауысымның қарауылдары құрамынан шығарушыларды тағайындауға;
— тұтқындалғандарды жұмысқа, моншаға және тергеуге тек гауптвахта бастығының (әскери полиция органы бойынша кезекшінің) жазбаша бұйрығы бойынша жіберуге; қайтып оралғаннан кейін тұтқындалғандарды олардың бар екенін, сондай-ақ оларда тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруге;
— тұтқындалғандарға тамақты уақтылы жеткізуді және оның таратылуын қадағалауға;
— төсек керек-жарақтарын, газеттерді, жалпыәскери жарғыларды, заңнама актілерін және оқу әдебиеттерін уақтылы беруге;
— тұтқындалғандардан өтініштер мен арыздарды қабылдауға және оларды гауптвахта бастығына (әскери полиция органы бойынша кезекшіге) беруге;
— демалу уақытында өзінің орнына үлкенді тағайындауға міндетті.
Тұтқындалғандар арасында тәртіпсіздік туындаған және олардың қашып кетуінің алдын алу жағдайында қарауыл бастығы (кезекші ауысымының бастығы) қарауылды «қаруға» шақырады, әскери полиция органы бойынша кезекшіге баяндайды, қаруды қолдану мүмкіндігі туралы ескерту жолымен тәртіпсіздікті тоқтатуға шаралар қабылдайды. Егер ескерту сәтсіз болса, онда ол осы Жарғының талаптарына сәйкес қару қолдануға құқылы.
Гауптвахтада өрт шыққан немесе гауптвахта маңында төтенше жағдайлар болған жағдайда қарауыл бастығы қарауылды «қаруға» шақырады, тұтқындалғандарды қауіпсіз орынға шұғыл шығаруға және олардың күзетін ұйымдастыруға; оқиға туралы әскери полиция органы бойынша кезекшіге және гауптвахта бастығына баяндауға және одан әрі олардың нұсқаулары бойынша әрекет етуге міндетті.
3.3 Әр түрлі күзеттегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері.

3.4 Қарауылдық қызмет жөнінде сабақ өткізу әдісі
Сабақтың тақырыбы: Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру. Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау.
Сабақтың мақсаты: |
|
Білімділік: |
Білімалушыларға қарауылдың құрамында саптық бойды түзетуге, ширақтылыққа, сонымен қарауылдың құрамында үйлесімді қимылдарды дұрыс және жылдам орындауға үйрету |
Дамытушылық: |
Білімалушыларға өздігімен жұмыс жасауға дағдыландыру. |
Тәрбиелік: |
Білімалушыларды тәртіптілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. |
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты плакаттар, суреттер
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Взвод командирінен сабаққа дайындық туралы докладын қабылдау және взводпен сәлемдесу.
- Сабаққа даярлықты тексеру.
- Сабаққа оқушылардың назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1.Сұрақ — жауап жұмысын жүргізу.
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері.
Қарауылдық қызметті ұйымдастыру
Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке құрамнан осы жарғының барлық ережелерін дәл орындауды, мейлінше қырағылықты, батыл шешім мен бастама қабылдай білуді талап етеді.
Қарауылды қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады.
Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ. гауптвахтада және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.
Қарауылдар гарнизондық және ішкі (кемелік) болып бөлінеді; олар тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Гарнизондың қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар объектілерді, құрамалар объектілерін немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердің объектілерін күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық гауптвахтада ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады.
Ішкі (кемелік) қарауыл бір әскери бөлімнің (кеменің) объектілерін күзету мен қорғау үшін тағайындалады. Әуежайдағы авиациялық бөлімнің ұшақтары (тік ұшақтары) мен басқа объектілерін авиациялық-техникалық бөлімнен тағайындалатын ішкі қарауыл күзетіп, қорғайды.
Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар, жұмысқа таратушылар, ал қажет болғанда, қарауыл бастығының көмекшісі, техникалық күзет құралдары жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі (оператор) немесе операторлар ауысымы (екі-үш адам, оның бірі қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісі болып тағайындалуы мүмкін), қарауыл иттерінің қызметі жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі және көлік құралдарының жүр-гізушілері тағайындалады.
Штабтарды, бірлестіктер мен одан жоғарыларын басқару пункттерін күзету жөніндегі, сондай-ақ мекемелерді күзету жөніндегі қарауылдарға аталған адамдардан басқа бақылау-өткізу пунктінің қарауылдары, ал гауптвахта жанындағы қарауылға — шығарушылар мен айдауылдар тағайындалады.
Объектілерді тікелей күзету және қорғау үшін қарауылдар құрамына сақшылар бөлінеді.
Сақшы дегеніміз — өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған қарауыл.
Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын немесе учаске пост деп аталады.
Постыға сондай-ақ қарауылдың техникалық күзет жабдықтары арқылы күзететін, сол жабдықтар орнатылған объектілері мен жергілікті жер учаскілері де жатады.
Сақшылар объектілерді қорғауды объектілер маңындағы сыртқы және ішкі қоршаулар арасын немесе егер объектіде қоршау біреу болса, қоршау бойын ішкі жағынан патрульдеу жолымен, сондай-ақ мұнарадан бақылау әдісімен жүргізіледі.
Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау
Күзетілетін объектілер орналасқан аумақтың сым қоршауларының арасы: төменгі бөлігі 5 см-ден, жоғаргы бөлігі 15 см-ден аспайтын арақашықтықтағы биіктігі екі
метрден кем емес ішкі және сыртқы қоршаулары болуы керек. Сыртқы және ішкі қоршаулардың арақашықтыгы жергілікті жағдайга қарай 10 м және одан да көп болуы мүмкін. Қоршаулар арасынан сақшылардың жүруіне арналған сүрлеу (жол) және ені 5 метрден кем емес, қоршаудың сыртқы жағынан өтетін бақылау-қадағалау жолы жабдықталады.
Күзетілетін объектілерге кіре берісті бақылауға ыңғайлы болу үшін қоршаулардың арасына (сыртқы қоршауда) оқ өткізбейтін қоршауы бар, байланыс, дабыл жүйесі құралдарымен, қуатты жарықтандырғыш құралдармен және найзағайдан сақтану күрылгыларымен жабдықталған бақылау мұнаралары (1-сурет) орналастырылады.
Аса маңызды объектілерде қару-жарақ пен бақылау аспаптары койылған арнайы инжәнерлік ғимараттар, сондай-ақ инжәнерлік бөгеттер (ОБК, «сүріндірме», бағаналар, орлар), оқ өткізбейтін қоршауы және гранатқа қарсы торлары бар бақылау мұнаралары орналастырылуы мүмкін (немесе броньді объектілер қойылады).
Күзетілетін объектілері бар аумаққа кіре берісте түнде және күндіз жақсы көрінетін жазуы бар көрсеткіштер қойылады: мысалы: «Жүруге (өтуге) тыйым салынады (жол жоқ)». Айналып жүру (айналып өту) көрсеткіштер арқылы көрсетіледі. Бұл көрсеткіштер тәуліктің белгілі бір уақытына ғана койылуы мүмкін.
Жергілікті мемлекеттік үкімет және басқару орган-дарының келісімімен, заңдарга сәйкес әскери бөлімнің аумағынан тыс орналасқан объектілер айналасына тыйым салынған аймақтар мен аудандар айқындалады. Тыйым
салынған аймақтың (ауданның) шекаралары тұрған жерінде жақсы көрінетін қазақ және орыс тілдерінде жазуы бар көрсеткіштермен «Тыйым салынган аймақ (аудан), жүруге (өтуге) тыйым салынады (жол жоқ)» деп көрсетілуі керек. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекарасын белгілеу туралы гарнизон бастығы (әскери бөлім командирі, күзетілетін объектілердің бастығы) жергілікті мемлекеттік үкімет және басқару органдары арқылы жақын орналасқан елді мекеннің халқын дер кезінде құлақтандыруы тиіс. Тыйым салынған аймақ (аудан) шекарасына ортақ пайдаланып жүрген жолдар, тұрғын жай және қызметтік құрылыстар, өңделетін алқаптар және т.б. кірмеуі керек.
Пост аумағында сақшыға жергілікті жердің жағдайына қарай 50 метрден кем емес жерді қарауға және атуға жағдай жасалуға тиіс, сондықтан пост айналасы бұталардан тазартылған, ағаштары кесілген, төменгі бұтақтары 2,5 м биіктікте қырқылған, шөптері шабылған, артық заттары жиналған болуы тиіс. Постыға бөтен адамдардың жақындауынан тыйым салынатын қашықтықты белгілейтін тыйым салынған шекара сақшыға күндіз, түнде және нашар көрінетін жағдайда көрсеткіштермен көрсетіледі. Бірнеше постылары бар объектілер аумағындағы әрбір постының шеқарасы жергілікті жерде көрсеткіштермен керсетіледі, мысалы: «N2 постының шеқарасы».
Әскери қалашықтан тыс орналасқан аса маңызды объектілерді және қарауыл үй-жайын қорғау үшін оқпаналар олардан пост (қарауыл үй-жайына) кіре берісін ата алатындай және мүмкіндігінше көршілес постылармен байланысты қамтамасыз ететіндей есеппен қазылады және жабдықталады. Оқпана қарауыл үй-жайымен байланысатын байланыс (дабыл жүйесі) құралдарымен жабдықталады.
Түнгі уақыттарда постыға және қарауыл үй-жайына кіре беріс маңы жарықтандырылуы керек. Жарықтандыру сақттты постыда тұрғанда немесе пост аумағында жүргенде барлық уақытта көлеңкеде болатындай етіп түсірілуі тиіс.
Пост сақшысының қарауыл бастығын, оның көмекшісін немесе жұмысқа таратушысын дереу (ең кемі екі нүктеден, ал объектілерді патруль әдісімен күзету кезінде — әрбір 250 м жүргеннен кейін) шақыра алатын байланыс құралдарымен жабдықталуы тиіс. Ішкі, әсіресе жауынгерлік ту жанындағы постының биіктігі 0,7—1 м қоршауы және жарықтандырылған болуы керек.
Постыдағы сақшының қаруын ұстау ережесі:
а— тұрып атуға дайындалған кездегі сақшының автоматты ұстау күйі; ә — белдікті қолданып тұрып атуға дайындалған кездегі сақшының автоматты ұстау күйі
Бақылау-өткізу пунктінде сақшыны күтпеген шабуылдан қорғауды қамтамасыз ететін қоршау болуы қажет.
Әрбір сыртқы (қажетті жағдайларда ішкі) постыларда, күзетілетін қоймаларда, сақтау орындарында және т.б. тікелей өздерінде өрт сендіру құралдары; өрт сөндіргіштер, құм салынган жәшіктер, су кұйылған бөшкелер, шелектер мен керек-жарақтар (күректер, балталар, сүймендер, ілгекті бакандар) болуы тиіс.
Сыртқы постыларда сырт киімдерін сақтауға арнайы жабдықталған пост «саңырауқұлагы» (2-сурет), ал ішкі постыларда шинель ілу үшін шкаф немесе киім ілгіш болуы қажет.
Пост «саңыраукұлагы» күзетілетін объектілермен немесе айналадағы жергілікті жермен түстес етіп боялады.
Постыдағы сақшының бекітілген суңгісі бар қаруы (жиналмалы дүмді сүңгі-пышақсыз автоматы) болуы керек; белдікке ілінетін қынаптағы сүңгі-пышақ: түнгі уақытта — тұрып атуға оңтайлы жағдайда (3-сурет); күндізгі уақытта — «белдікке» немесе тұрып атуға оңтайлы жағдайларда; ішкі постыларда және жауынгерлік ту жанындағы постыда — ағаш дүмді автоматтар — «белдікке» күйінде, жиналмалы дүмді автоматтар — «кеудеге», карабин — аяқта болуы керек; жабдықталған окжатарлар салынған сөмкелердің аузы жабық болуы тиіс.
Өрт сөндіру немесе табигат апаттарының зардаптарын жою кезінде сақшыға қаруын «арқаға» күйінде ұстауына рұқсат етіледі.
Қорытынды бөлімі
-тақырыпты қорытындылау бойынша сұрақтар және баға қою;
Сұрақтар
- Қарауылдық қызметтің міндеттері мен тағайындалуы жайлы айтып беріңдер.
- Қарауылдық қызметті атқару неге жауынгерлік тапсырманы орындау болып есептеледі?
- Қарауыл құрамына кімдер кіреді?
- Сақшының міндеттері туралы айтыңдар.
- Күзетілетін объектілерді қоршауға қандай талаптар қойылады?
- Аса маңызды объектілерде қандай арнайы құрылыстар салынады?
- Постыдағы сақшының қаруы қандай жағдайда болу керек?
-үйге тапсырма беру (қарауылдың атқаратын қызметін оқу);
-сабақтың аяқталғанын хабарлау.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметі тағайындалуы әскери оқу пәндердің ішінде өте маңызды пән болып табылады. Бұл пән білімгерлерді тәртіпке, гарнизондық және қарауылдық қызметті тағайындау мен үйымдастыру мәселелері айкын орындауға үйретеді және іскерлікті ұқыптылық пен шыдамдылықты тәрбиелеуге көмектеседі. Гарнизондық және қарауылдық қызметі тағайындалуы пәні бастапқы әскери оқытудың құрамасының бір бөлімі болған соң, барлық оқу – тәрбие процесстерінің сфераларына әсер етеді. Гарнизондық және қарауылдық қызметі тағайындалуы түралы сабақтарды бастағанда, ең бірінші «Караулдың міндеттері» деген тақырыбтан бастайды. «Караулдың міндеттері» тақырыбты сабақ қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері мен ұйымдастыру деген сұрақтан басталуы керек.
Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке құрамнан осы жарғының барлық ережелерін дәл орындауды, мейлінше қырағылықты, батыл шешім меп бастама кабылдай білуді талап етеді.
Қарауылды қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершлікке тартылады. Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады. Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерда күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады. Қарауылдар гарнизондық және ішкі (кемелік) болып бөлінеді; олар тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Гарнизондық қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар объктілерді, құрамалар объектілерін немесе бір — біріне жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердің объектілерін күзету үшіп, сондай-ақ гарнизондық гауптвахтада ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайлындалады.
Ішкі (кемелік) қарауыл бір әскери бөлімінің объектілерін күзету мен қорғау үшін тағайындалады.
Әуежайдағы авиациялық бөлімнің ұшақтары (тік ұшақтары) мен басқа объектілерін авкациялық-техникалық бөлімнен тағайындалатын ішкі қарауыл күзетіп, қорғайды.
Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар, жұмысқа таратушылар, ал қажет болғанда, қарауыл бастығының көмекшісі, техникалық күзет кұралдары жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі (оператор) немесе операторлар ауысымы (екі-үш адам, оның бірі қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісі болып тағайындалуы мүмкін), қарауыл иттерінің қызметі жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі және көлік құралдарының жүргізушілері тағайындалады.
Штабтарды, бірлестіктер мер одан жоғарыларын басқару пункттерін күзету жөніндегі, сондай-ақ мекемелерді күзету жөніндегі қарауылдарға аталған адамдардан басқа бақылау-өткізу пунктінің қарауылдары, ал гауптвахта жанындағы қарауылға — шығарушылар мен айдауылдар тағайындалады.
Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысында гарнизондық және карауылдық қызметті тағайындау мен үйымдастыру мәселелері белгіленеді. Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың және қарауылдық қызмет атқарушы әскери қызметшілердің міндеттері мен қүқықтары, әскердің қатысуымен гарнизондық және баска да шараларды өткізу тәртібі айқындалады.
Әрбір гарнизонда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бұйрығымен, әдетте, Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің командирлері қатарынан гарнизон бастығы тағайындалады, қажет болған кезде: гарнизонның штаб бастығы, гарнизон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, гарнизон бастығының тыл жөніндегі орынбасары, гарнизон әкімшілігінің басқа да адамдары тағайындалуы және олардың міндеттері айқындалуы мүмкін.
Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери бөлімдерінің командирлері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдері командирлерінің атқарып отырған лауазымы бойынша жоғары болған гарнизондарда гарнизон бастықтары басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшыларының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бұйрығымен тағайындалады.
Гарнизондардағы құқық тәртібін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери полиция органдары жүзеге асырады.
Гарнизондық наряд: Гарнизондық наряд көшелерде және гарнизонның басқа да қоғамдық орындарында әскери қызметшілер арасында әскери тәртіп пен реттілікті ұстау, гарнизондық объектілерді күзету мен қорғау үшін, сондай-ақ әскери бөлім көлік құралдары жүргізушілерінің (механик-жүргізушілерінің) жол жүру ережелерін сақтауын бақылау және гарнизон қызметінің басқа да міндеттерін орындау үшін тағайындалады.
Штаттық құрылымымен және санымен әскери полиция органдарын ұстауға мүмкін болған гарнизондарда Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған міндеттер көлемінде гарнизонда қызмет өткеру гарнизонның әскери полициясына жүктеледі.
Әскери бөлімдердің командирлері (бастықтары) гарнизондық қызметті ұйымдастыру және өткеру мәселелері жөнінде гарнизон бастығына бағынады.
Қолданылған әдебиеттер:
- Учебное пособие «Методика разведывательной подготовки Сухопутных войск» Воен. Издат. МО.СССР. 1979 г.
- Учебник «Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода» Книга I. Воен. Издат. Москва, МО.СССР. 1985 г.
- Учебное пособие «Разведка в части» Москва, 1988 г.
- Военная топография. Воен. Издат, 1976 г.
- Учебное пособие «Приемы и способы действий солдата в бою». Москва, Воен. Издат. 1988 г.
- История военного искусства, П.А.Жилин, 1986 г.
- Боевой устав сухопутных войск, часть II, батальон, рота, 1982 г.
- -Тактика, В.Г.Резниченқо, 1984 г.
- Начальная военная подготовка, А.И.Аварин, 1993 г.
10.Начальная военная подготовка, Ю.А.Науменко, 1987 г.
11.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.
Алматы: Заң әдебиеті, 2005 ж.
12.Назимко И.Г., Штыкало Ф.Е. Методика начального военного обучения.
1987 г., Москва.
13.Науменко Ю.А. Начальная военная подготовка., 1987 г., Москва
- Науменко Ю.А. Начальная военная подготовка., 1985 г., Москва
- Штыкало Ф.Е. Организация внеклассной работы по начальной военной подготовке и военно-патриотическому воспитанию учащихся — М., 1985 г., Москва
- Средин Г.В. Основы военно-патриотического воспитания, 1988 г., Москва.
17.И.Попов А.М. Начальная военная подготовка., 1981 г., Москва
18.Резниченко В.Г., Воробьев И.Н., Мирошниченко Н.Ф. и другие. Под редакцией резниченко В.Г., Тактика. Воениздат, Москва 1984 г.
19.Основы НВП – Дощаков С.Х. , Картин С.Т. – Караганда, 2003 г.
20.Основы военной психологии и педагогики – Дощаков С.Х. – Караганда,2003 г.
21.Начальная военная подготовка – Жаксыгельдинов М.Т.- А – ты, 2001 г.
22.Начальная военная подготовка – Касымов А. Х. – А – ты, – 2000 г.
23.Наставление по военно-инженерной подготовке в ВС РК. А-ты, 2004 г.
24.Подготовка офицеров запаса, Науменко Ю. А. — М.: 1989 г.
25.Действия солдата в различных видах боя. – А – ты, 2004 г.
26.Наставление по разведке. – М.: 1978 г.
27.Методика разведывательной подготовки подразделений сухопутных войск. – М.: 1975 г.