Диплом Мектеп оқушыларына «Экономика негіздері» пәнінен сабақ беру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- «ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫН МЕКТЕПКЕ ЕНГІЗУДІҢ ҒЫЛЫМИ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ
- Жалпы орта білім беруді жетілдіру бағыттары
1.2 Мектептегі ”Экономика негіздері” курсы мазмұны мен құрылымының жалпы сипаттамасы
1.3 Оқушылардың экономикалық білімдерінің сапасына қойылатын талаптар
2 ТАРАУ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛДАУ
2.1 Мектеп оқушыларына арналған «Экономика негіздері»пәні бағдарламасының құрылымдық ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Соңғы жылдардағы қоғамдық сана және қоғамның әлеуметтік сұранысы Республика мектептерінде “Экономика негіздері” пәнін оқытудың қажеттілігін көрсетіп отыр.
Экономикалық білімге деген сұраныстың өсуі экономикалық білім берудің таралуының шапшаңдығын байқатуда.
Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерін, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларға экономикалық білім беру мазмұны ғылыми негізде анықталды.
Қазіргі нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты елімізде білімі терең, мәдениеті жоғары, өмір талабына сай бейімделген жас ұрпақты экономикалық біліммен қаруландырып, тәрбиелеу өте маңызды іс болып тұр. Бүгінде дүние жүзінің көптеген елдеріндегі мектептерде экономикалық білімді жүйелі де, сапалы түрде оқытуға баса назар аударылған. Барлық мектептерде оқушыларға экономикадан белгілі бір дәрежеде білім берудің қажеттілігінің туындауына сәйкес ғылыми зерттеу жұмыстарын кеңінен жүргізу; соның бірі ретінде экономиканы негізгі пән ретінде жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарларына енгізу жұмыстарын жүргізу көкейкесті мәселе болып отыр. Сондықтан да қоғам дамуының өркениетті сатысында мектептерде экономикалық білім беруді енгізу мәселелеріне баса назар аударылуда. Болашақ ұрпаққа қойылатын талап — қазіргі өмір талабына сай экономикалық білімді игере отырып, өз өмірінде, өз қызметінде осы білімді пайдалана білу. Экономикалық білімнің практикалық қажеттілігі — оның адам тәжірибесінде күнделікті кездесіп жүрген түсініктерді ұғынуға көмектесетіндігінде. Экономикалық білімді қолданумен тығыз байланысты мамандықтар экономикалық білімнің жоғарғы деңгейде болуын талап етеді. Экономикалық білім берудің жалпы адамзат тәрбиесін, мәдениетін қалыптастырудағы және адамгершілікке, үнемділікке, іскерлікке үйретудегі үлесі зор. Осы экономикалық білім беру арқылы егеменді еліміздің экономикалық мәселелерін шешуде өзінің үлесін көрсете алатын азаматтар білім алып, тәрбиеленеді деп үміт етіп, экономика негіздері пәнін мектеп бағдарламаларына енгізу өте маңызды мәселе деп есептейміз.
Экономикалық білім 12 жылдық білім беру жүйесінде жалпы білім берудің құрамды бөлігі ретінде қарастырылып, “Адам және қоғам” білім беру аймағында интеграцияланған “Қоғамдық білім негіздері”, “Экономикалық білім негіздері”, “Экономика” пәндері негізінде берілу жоспарланған.
Оқу құралында мұғалiмнiң кәсіби шеберлiгiн жетiлдiру мақсатында экономикалық бiлiмнiң мазмұны және оны оқытып-үйретудiң өзiндiк ерекшелiктерi сипатталады.
Қазіргі кезде мектептегі экономика негiздерi бойынша әр сыныпқа арналған әр түрлі тақырыптық үлгi жоспарлары бар. Бірақ мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арналып жазылған оқулықтарға қарағанда оқытудың әдістемесімен айналысатын ғалымдардың саны аз. Бүгінгі кезде осы мәселемен айналысатын ғалым әдіскерлердің бірі профессор Қ.Ағанина, ол «Экономикалық білім негіздері» пәнінен 5-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін арналған оқыту әдістемелерін орындап, оларды кітапша етіп шығарған.
Ғалымдардың бұл мәселеге жеткіліксіз көңіл бөлуі мектептердегі экономикалық пәндердің жағдайымен байланысты. Себебі бұл пәнге деген көзқарас әлі де төмен деңгейде: біріншіден, ол мектепте қосымша пән ретінде жүргізіледі, ал екіншіден, оны барлық мектептерде өтпейді.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі: Мектеп оқушыларына «Экономика негіздері» пәнінен сабақ беру арқылы олардың бойында экономикалық мәдениет пен тәрбиені қалыптастыруды қарастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Тақырыпты зерттеудің мақсаты-Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру жүйесінде экономиканы оқыту арқылы жеке тұлғаның қоғам дамуының барысында алатын орнын білуге, оның экономикалық сауаттылығын қалыптастыруға байланысты жолдарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдына келесідей міндеттер қойылады:
— оқушыларға экономикалық қатынастар туралы ойды дамыту;
— экономикалық қызметке тән және қоғамда адамның толығымен қызмет жасауына қажетті білімді дамыту;
— жеке экономикалық білімдерді қабылдау, бақылау және қазіргі экономикалық көзқарастарды түсіндіру;
— 8сынып оқушыларына арналған «Экономика негіздері» пәнінің бағдарламасы бойынша сабақ оқытуды қарастыру.
Диплом жұмысының ғылыми және әдіснамалық негіздері: ҚР білім беруді 12 жылдыққа көшіру, оқушылардың экономикалық білімі мен тәрбиесін қалыптастыруды арттыру мәселелерін қарастырған ғалымдар: А. Құсаинұлы, М.Н.Сарыбеков, А. Құсаинов, Қ.Ағанина және Р.С. Амандосова. Қазақстандағы қаржы рыногының қалыптасуы мен дамуының теориялық және әдістемелік аспектілері қазақстандық экономистер Я.Әубәкіров, Қ.Қ. Ілиясов, М.Ә. Тілеужанова, Г.С. Сейтқасымов, Б.А. Көшенова, С. Құлпыбаев, А.А. Арыстановтардың ғылыми еңбектерінде қарастырылған. Дипломдық жұмыс осы авторлардың еңбектеріне сүйеніп орындалды. Сонымен қатар БАҚ шыққан мақалалар пайдаланылды.
Ақпараттық база ретінде ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, басқа да нормативтік құжаттар, ҚР Қаржылық қадағалау Агенттігінің, Қазақстан қор биржасының материалдары пайдаланылды.
Диплом жұмысының ғылыми және практикалық маңызы:Тараз қаласының № 5-орта мектебінде мемлекеттік педагогикалық практиканы өту барысында осы мектептің 8 сыныптарында «Экономика негіздері» пәнінен сабақтар өткізілді.
Диплом жұмысының құрылымы: Бұл жұмыс кіріспе, 2 тарау, 4 параграфтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Диплом жұмысының көлемі:
- «ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫН МЕКТЕПКЕ ЕНГІЗУДІҢ ҒЫЛЫМИ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ
- Жалпы орта білім беруді жетілдіру бағыттары
Қазақстан Республикасының заңнамалары мен арнайы құжаттарында білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік саясат белгіленіп, қазіргі білім беру мақсаты мен міндеттері көрсетіліп, оны шешу бағыттары айқындалған. [1].
Қазіргі қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықтың маңызды құрамы ретіндегі сипатқа ие болып, ал адамның білімділігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қалыптан тыс жағдайларда әрекет ете білуі Қазақстан Республикасының өрлеуіне негіз, ал тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шарт бола алады.
Еліміздің жаңа білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы талаптарға сәйкес келетіндей білім алушыларды өздігінше дамуға, алған білімдерін шығармашылықпен жүзеге асыра білуге икемдейтін, күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыдағы білім жүйесі болуы қажет.
Жалпы орта білім беру сапасын арттыру мақсатында білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, даму тракториясын белгілеу және соның негізінде күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғысынан келуге бағытталған білім беру жүйесін жетілдірудің қажеттілігі арта түсуде.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің қазіргі жағдайына жасалған талдаулар негізінде білім беруді жетілдіру бағыттарын айқындауға үлкен мүмкіндік туады. Қазақстанның əлемдік білім беру кеңістігіне кіруі, елдегі білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оның мазмұнын ашуды талап етуде.
12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесіне көшудің тұжырымдамалық негіздерін жетілдіру қазіргі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі деуге болады [2].
12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу — әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе.
Жас жеткіншектің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, болашақ өмірге еркін енуіне дайындығын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр
Кез келген жаңа идеяның өмірге еніп, жүзеге асырылуы оның ғылыми-тұжырымдамалық негізін жасаудан басталатыны белгілі.
Қазақстан ғалымдары еліміздің мектептеріндегі білім беру саласының белгілі тәжірибелі мамандарымен бірлесе болашақ мектептегі білім берудің негізгі ұстанымдарын белгілеп, соның негізінде нормативтік және процессуалдық құжаттар дайындауда
Білім беруді ұйымдастыруда негізгі тұрғылар ретінде:.
-жеке тұлғалық,
-іс-әрекеттілік,
-құзыреттілік
тұрғылар алынды, олар жалпы білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда.
Құзыреттілік – білім, білік, дағдыларды шығармашылық негізде жүзеге асыра білу қабілеттілігі десек, бүгінгі таңдағы білім беру мазмұны әрбір білім алушының стандартпен айқындалған мынадай түйінді құзыреттіліктер түріндегі білім беру нәтижелеріне қол жеткізуіне бағытталған:
— мәселелердің шешімін табу құзыреттілігі;
— ақпараттық құзыреттілік;
— коммуникативтік құзыреттілік.
Білімділік көрсеткіші жоғарыдағы құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейімен сипатталады.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес дайындалған 12- жылдық білім беруді жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының негізгі ерекшелігі:
— білім берудегі жеке тұлғалық, іс-әрекеттілік және құзыреттілік тұрғыларының енгізілуімен,
— білім мазмұнын жетілдіруге негізделген кіріктірілген (интегрецияланған) пәндердің ендірілуімен,
— оқу және демалыс мерзімдеріне өзгертулер ендірілуімен,
— білім сапасын бағалау жүйесінің өзгертілуімен,
— бағдарлы оқыту бағытының кеңейтілуімен сипатталады.
Еліміздегі 12-жылдық білім беру жүйесіне енгізуге ұсынылған интеграцияланған пәндер және бағдарлы мектептегі жеке пәндер:
— Қоршаған әлем,
— Өзін-өзі тану,
— Көркем еңбек,
— Жаратылыстану,
— Қоғамдық білім негіздері,
— Көркем мәдениет,
— Әлемдік көркем мәдениет,
— Экономика,
— Құқық
ҚР білім мазмұнын жетілдірудің негізгі бағыттары:
-мектептегі білім мазмұнын қоғамның жылдам өзгермелі сұраныстарына сәйкестендіру;
-сұранысты қанағаттандыруға үйрету, өздігінше білім алуға және оны іс жүзінде пайдалана білуге, оқушыны іс-әрекет субьектісі ретінде нақты, үздіксіз дамуына жағдай жасау;
-білім мазмұнын білім алушылардың жеке дамуындағы білім беру ортасы ретінде қарастыру;
-білім мазмұнының білім берушілік компоненетін жетілдіру, яғни білім мазмұнына білім алушылардың игеруі қажет негізгі құзыреттілікті /компетенцияларды/, технологияларды енгізу;
-білім алушыларды жүйелі түрде бағытталған ғылыми таным әрекеттерімен таныстырып, ақпараттық технология негізінде жетекші мотивацияны қалыптастыратын оқу жағдайларын кеңінен қолдану;
-білім мазмұнын гуманизациялауды қамтамасыз ету және білім алушының білім алудағы талғамын ескеру.
Жалпы орта білім беру деңгейінің негізгі мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Орта мектептердегі бейіндік оқыту: жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық, технологиялық бағыттар және оларға сәйкес келетін типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асыру жоспары жалғасуда.
Орта білім беру оқу бағдарламалары бейіндік оқытудың (базалық пәндер) барлық бағыттарында оқып үйрену үшін міндетті және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру оқу бағдарламаларының мазмұнына кіреді.
Күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғысынан келуді жүзеге асыратын білім беру жүйесінің жаңа үлгісі келесілерді қамтамасыз етеді:
— білім алушының «дайын білімдерді алушы» ретіндегі енжар қалыптан танымдық үрдістің белсенді субъектісі бола алатын білім алушыға айналуын қамтамасыз ететін мектеп қызметінің маңызды процесі ретіндегі оқудың ролін көтеруді;
— оқу пәндері арқылы білім беру процесінде білім алушылардың құзіреттілігін қалыптастыру мен дамытуды;
— білім берудің әрбір деңгейінде орта білім берудің құрылымы мен мазмұнының білім алушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктеріне, олардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес келуін;
— білім берудің әртүрлі деңгейлерінде тұлғаның дамуының бірізділігін сипаттайтын күтілетін оқыту нәтижелерінің әрдеңгейлі жүйесін құруда сабақтастықтың сақталуын;
— білім берудің сәйкес деңгейлерін бітіруші түлектердің тұлғалық сапасы ретінде көрініс табатын құзіреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелерді болжауды;
— оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде білім алушыларды нәтижелі әлеуметтендіруді;
— білім алушылардың сәйкес құзреттіліктерді меңгерудегі оқу жетістіктерінің деңгейлерін анықтау негізінде білім алушылардың, мектептердің, білім беру жүйелерінің даму өзгерісінің мониторингін жасауды.
Болашақтағы жалпы білім берудің мақсат, міндеттері 12 жылдық білім беру жүйесін ендірумен сипатталады. 12 жылдық орта білім берудің көздеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мынадай білім беру нәтижелері белгіленген:
-білім алушыларды әлеуметтендіру – бағдарлану және құндылықтар жүйелері түріндегі тұлғалық нәтижелер;
— пәндік нәтижелер – оқу-тәрбие үдерісінің шеңберіндегі және нақты өмір жағдайларындағы мәселелерді шешу кезінде қолданылатын іс-әрекеттің әмбебап тәсілдері ретінде қалыптастырылған түйінді құзыреттіліктер;
— пәнді оқыту нәтижелері – игерілген білім, іскерлік, дағды және білім беру салалары бойынша құзыретттіліктер.
Жалпы орта білім беру саласына прогрессивті өзгерістерді енгізу ұсынылуда. Бұл өзгерістердің негізгілерінің бірі ғылым негіздері бойынша білім мазмұнын жетілдіру десек, мектептегі оқытылатын білім көлемін әрдайым үстемелеп отыру қажетілігі дәлелденіп отыр.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларына дәстүрлі пәндермен қатар экономика, экология, психология, саясаттану, дінтану ғылымдары негіздерін оқыту заман талабына айналуда. Сонымен қатар, балалардың жалпы психологиялық дамуын ескеру, осыған сәйкес оқу жүктемесінің шектен шықпай, талапқа сай келуін қадағалау, білім мазмұнының оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталып іріктелуін қатаң ескеру педагог ғалымдардың жұмысына қойылатын негізгі талап болуда. Осындай талаптарды қанағаттандыру мүмкіндіктерінің бірі ретінде мектепте оқытылатын интеграцияланған пәндерді жүйеге келтіріп, оны мектеп практикасына енгізу болып отыр.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда материалдық-техникалық базаны жаңартуға және білім беру саласын қаржыландыруға айтарлықтай көңіл бөлінуде.
ҚР 2008-2009 ж.ж. оқу жылдарында Республиканың 96% мектептері интернет желісіне қосылды. Қазақстандық білім беру порталы құрылды (www.portal.edu.kz.).
Сонымен қатар, ауыл мектептерінің дамуын қамтамасыз ету үшін «Ауыл мектебі» бағдарламасы іске асырылды. Қазақстан мектептерді компьютерлендіруді ТМД елдерінің ішінде бірінші болып аяқтады. «100 мектеп және 100 аурухана», «Жол картасы» бағдарламалары жемісті түрде жүзеге асырылуда.
12 жылдық жалпы білім беруге көшуге байланысты материалдық-техникалық базаны жаңарту және жалпы білім беретін мектептерді, соның ішінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтау жобасы іске асырылып отыр. Мысалы, 2007 жылы республика мектептеріне 1,04 млрд. теңгеге 1000 интерактивті тақта алынса, 2008 жылы бұл мектептерді толығымен жабдықтау үшін тағы да 721 мектепке интерактивті құралдар алу үшін бюджеттен 7,3 млрд. теңге қарастырылған.
2010 жылға дейін 6 мыңнан аса республикамыздағы жалпы білім беретін мектептердің ақпараттық құралдардың ішінен 80%-ның лингофондық және мультимедиялық кабинеттері мен физика, химия және биология кабинеттерінің жабдықталатыны жоспарланған болатын. 2008-2010 жылдары лингофондық және мультимедиялық кабинеттерді жабдықтауға 7 763 092 мың теңге қаржы қарастырылып отыр, яғни, 2008 жылға — 2 676 454 мың теңге, 2009 жылға -2 543 319 теңге және 2010 жылға — 2 3 31 193 мың теңге.
Білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының бірі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етуді қалыптастыру және жетілдіру болып табылады.
1991 жылдан бастап жалпы орта білім беру жүйесіне арналған оқулықтарды әзірлеу, қайта әзірлеу және байқаудан өткізулер тұрақты жүргізілуде. 2009 жылға «Оқулық» баспаға ұсынылған оқулықтар саны 700-ден асты.
Мектептегі жұмыстың нәтижелі болуы мектепті білікті кадрлармен қамтамасыз етумен байланысты.
Білімді кадрларды даярлаудың шеберханалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Абай атындағы Алматы университеті Қазақ ұлттық педагогикалық университеті болып қайта құрылды және Ақтөбе, Қостанай, Семей, Павлодар, Тараз қалаларында бес педагогикалық институт қайта ашылды. Осылайша, елімізде педагогикалық кадрларды дайындау бойынша жоғарғы педагогикалық білім беру жүйесі құрылды. Осы жұмыстардың арқасында мектеп мұғалімдерінің білім деңгейлері көтерілді. Республика бойынша жалпы алғанда 2010 жылы жұмыс істейтін мұғалімдердің 85,5 %-ның жоғарғы білімдері болды, 13,4 % — орта кәсіби, 0,4 % — бастапқы кәсіби, 0,8 % — жалпы орта.
Қазіргі кезде білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық келісімшарттардың, келісімдердің және конвенциялардың негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстанда білім беру процесін жетілдіру және оның траекториясын анықтау тұжырымдамасын жүзеге асыру нәтижесінде:
- қазіргі еліміздегі білім беру жүйесін реттейтін нормативті-құқықтық базасын нақтылауға;
- мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары мен жоғары оқу орындарындағы білім мазмұнының қайталануына жол бермейтіндей етіп, сабақтастық және кіріктіру принциптері негізінде білім мазмұнын іріктеуге;
- түрлі пәндердің білім мазмұнын кіріктіру принципі негізінде оқу жүктемесін азайтуға;
- білім сапасын арттыруға негізделген білім берудің жаңа технологияларын ендіруге;
- білім беру стандарттарының қазіргі талабына сай типтік бағдарлама, оқу жоспарлары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын сапалы дайындауға;
- өздігінше білім алып, өзін-өзі рухани жетілдіруге бейімдейтін құзыреттілікке бағытталған білім алуға;
- қоғамның әлеуметтік тапсырысын ескере отырып, мұғалімді кәсіби дайындау жүйесін жетілдіруге;
- Қазақстан Республикасының әлемдік білім кеңістігіне енуіне байланысты кәсіби міндеттерді шығармашылықпен іске асыратын маман дайындаудағы жаңа жүйелерді ұсынуға;
- мектеп жасына дейінгі, 3-5 жастағы барлық балаларды толығымен балабақшамен қамтамасыз ету қажеттілігін дәлелдейтін тұжырымдамалық ұсыныстар жасауға;
- мектептердің 12 жылдық білім беру жүйесіне тиімді жолмен көшуіне;
- техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары білім алушыларының сапалық деңгейін көтеруге;
- жоғары оқу орындарының түгелдей кредиттік жүйеге көшуіне;
- білім сапасын бағалаудың ортақ жүйесіне көшуге;
- жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарын жетілдіруге;
- педагог мамандардың әлеуметтік статусын көтеруге;
- білім беру мекемелерінің білікті кадр мамандармен толықтырылуына, жағдай жасауға;
- білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жұмыс жоспарларын белгілеуге мүмкіндік туады.
Қазіргі таңда құзыреттілік тұрғыда экономикалық білім беру мүмкіндіктері қарастырылу жалғасуда.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен байланысты жүзеге асыру жоспарланған [3]. 12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді ұйымдастырудағы жеке тұлғалық, іс-әрекеттілік, құзыреттілік тұрғылар жалпы білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда [4].
Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру екенін білім мазмұнын таңдауда қатаң ескерілетін мәселе екенін баса айтқан жөн. “Тұлға ”-адамның келешек өмірінің қалыптасу жобасының келбеті. Адам тәрбие негізінде жетіліп, қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адам өмірінде тәрбие мәңгілік категория болса, оны ұйымдастыру, жүзеге асыру еш уақытта ескірмейтін, қайта уақыт озған сайын жаңарып, әрбір кезеңнің өз талабына сай жетіліп отыратын үздіксіз үрдіс деп түсінеміз. Демек, бұл процесте жеке тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктеріне жете көңіл бөлу қажет екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.
С.И.Ожегов сөздігінде берілген анықтамада: “жеке тұлға – адам қандай да бір қасиет, қабілет тасушы” ретінде қарастырылады[5]. М.Н.Дъяченко, Л.А.Кандыбовичтің “Психология” анықтамалық сөздігінде: “Жеке тұлға –саналы, сөйлеу, шығармашылық қабілеттері бар қоғамдағы табиғи тірі организм — адам”[6]. Жеке тұлға атауы екі негізгі бағытта қолданылады:
1) кез келген саналы адам;
2) өзінің психикалық даму үрдісін және мінез құлық, жүріс-тұрысын басқара алатын қабілетіне сай деңгейдегі психикасы бар адам. Индивид болып туады, ал тұлға болып қалыптасады [6]. Тәрбиенің өзекті мәселесі – білім негізінде жеке адамның ғылыми көзқарасын қалыптастыру арқылы адамдардың өндірістегі, қоғамдық тұрмыстағы қарым-қатынасын қалыптастыру екені белгілі. Ал осы жеке тұлғаны қалыптастыру білім беру мен тәрбие процесінде жүзеге асырылатындықтан , білім мазмұнын таңдауда әр баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру мәселесі тереңірек, нақтырақ қарастырылуы қажет болады.
Ал “құзырет”- оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс. “Құзыреттілік”- сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс-әрекетті жүзеге асыру қабілетінде байқалатын тұлғалық қасиет (немесе тұлғаның өзара байланысқан қасиеттерінің жиынтығы). Оқушылардың негізгі құзыреттілігі ретінде: құндылық-бағдарлық, жалпы мәдени, оқу- танымдық, ақпараттық технологиялық, әлеуметтік-еңбек, коммуникативтік, өзін-өзі тұлғалық дамыту құзыреттіліктері белгіленген [4]. Яғни, оқушылар мектепте алған терең білімдерін болашақта пайдалана білуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру қабілеттерін дамытуға күш салуымыз керектігі баса айтылған. Демек, бүгінгі таңда құзыреттілік тұрғы білім мазмұнын таңдау, білім берудің мақсаты мен міндетін, нәтижесін айқындауда дәстүрлі бағыттармен тікелей байланыста бола отырып, білім берудің жетекші үлгісіне айналуда.
Мамандардың пікіріне сүйене отырып, 12- жылдық білім жүйесіндегі жалпы орта білім мазмұнын анықтауды тікелей құзыреттілік тұрғылар негізінде анықтаған орынды болады деп есептеп, әрбір білім аймақтары бойынша, ғалымдар мен білікті мамандардан құралған ұжым білім беру аймақтары бойынша құзыреттіліктерді анықтады. Қазіргі уақытта жеке пәндік құзыреттіліктерді анықтауға кірісті. Осы пәндік құзыреттіліктер негізінде оқушылардың болашақ өміріне ең қажетті деген білім мазмұны таңдалынып алынады. Бұл Қазақстан Республикасы 12-жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартының негізгі ерекшеліктерінің бірі болмақшы. Осы айтылған білім аймақтарының бірі “ Қоғамдық білім” білім аймағына қатысты анықталған құзыреттіліктер жобамен төмендегіше сұрыпталды:
«Қоғамдық білім» білім беру аймағы бойынша құзыреттіліктерді айқындау басты мәселе.
Коммуникативті құзыреттілік: тарих, қоғам, тұлға, қарапайым экономикалық терминдер, заң және құқық туралы өзіндік пікірлер қалыптастыру; тарихты кезеңдерге бөлудің принциптерін, қоғам мен заң арасындағы өзара байланыстарды, қоғамның тарихи және экономикалық дамуының негізгі заңдылықтарын білу;
Ақпаратты-технологиялық құзыреттілік: жалпы тарихи оқиғаларды білу, қоғамның экономикалық дамуының, тарихи оқиғалардың себеп-салдарларын, заңдылықтарын талдау, түсіну және түсіндіре білу.
Кеңістікті-графикалық құзыреттілік: тарихи оқиғаларды уақыт және кеңістіктер арқылы баяндауды қалыптастыру, тарихи материалдар арқылы мемлекетер мен халықтардың орналасуын анықтай білу,
Ғылыми-логикалық құзыреттілік: Тарихи оқиғаларды баяндай білу, зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеру, экономикалық теория негіздерінің мәнін түсіну, қоғамдық қатынастар және адам құқы туралы негізгі принциптер мен ережелерді білу.
Жалпы білім мазмұнын жеке тұлға санасын қалыптастыруға, оның ойын дамытуға бағытталған білім, білік, дағдылар, құзыреттіліктер жүйесі ретінде қарастыруға болады. Демек, білім берудің негізгі қағидаларын анықтау – білім мазмұнын таңдау ұстанымдарына тәуелді деуге болады. Мамандар оқу материалдарын іріктеуде белгілі дидактикалық ұстанымдарды: ғылымилық. тарихилық, тұтастық, жүйелілік, тиімділік, сабақтастық, көрнекілік, бірізділік, жас ерекшелігіне сәйкестілік және соңғы уақытта ұсынылып жүрген: ұлттық, аймақтық ерекшеліктерін ескеру мен мазмұнның еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму заңдылығына тікелей сәйкес келу ұстанымдарына міндетті түрде сүйенеді.
Жоғарыда айтылғандармен қатар, білім мазмұнын жетілдіру жұмыстарында басты ескерілетін мәселенің бірі — болашақ ұрпақ тәрбиесінің негізі боп саналатын Қазақстан Республикасы азаматтарының осы өлкедегі ата-бабаларының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын оқып үйрену, туған өлке тарихымен тереңірек танысу болуы шарт екендігінде .
Әлемдік деңгейдегі тарихи тұлғалардың, қазақ ойшылдарының өмірі мен еңбектерін жас ұрпаққа таныстырып, олардың адамгершілік, отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жаңғырта түсуге қазақстан ғалымдары да өз зерттеулерімен үлес қосуда. Республикадағы аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын, жастардың отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығын арттыру.
Бұл орайда, қазақ ойшылдарының атқарған қызметтері мен олардың қалдырған тарихи-педагогикалық мұраларына ерекше назар аудару қажеттілігі, оларды білім мазмұнын таңдауда орынды да, тиімді пайдалана білу әлі де өзекті мәселе болып қала береді.
Қоғамдағы өзгеріс барысы көрсетіп отырғандай, өмір талаптарына сай білім мазмұнын таңдауда жоғарыдағы айтылған мәселелермен қатар, осы мәселені шешуге әсер ететін төмендегі факторларды да ескеру қажет.
Біріншіден, еліміздің бір қоғамдық формациядан екінші қоғамдық формацияға көшіп, әлеуметтік-экономикалық дамуының әлі де толық тұрақталмаған жағдайда болуы.
Екіншіден, жаңа педагогикалық тұрғылар мен технологиялардың ғылыми зерттелуінің мардымсыздығы, іс-тәжірибенің жетіспеушілігі.
Үшіншіден, мектептердің жаңаша білім беруге дайын мұғалімдермен толық қамтамасыз етілмеуі.
Төртіншіден, мектептердің материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу дәрежесінің әлі де болса қазіргі талаптарға сай болмауы.
Бүгінгі жеке тұлға ерекшелігін ескере отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуге бағытталған 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жаңаша әдіснамалық және әдістемелік зерттеулер одан әрі жалғасуда.
Экономикадан білім беру мақсаты мен міндеттері негізінде экономика негіздерін беру стандарты ұғымының мән мағынасы анықталады.
Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерін, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларға экономика негіздері беру мазмұны ғылымы негізінде анықталуда.
Экономикалық білім-жалпы білім берудің құрамды бөлігі. Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты елімізде білімі терең, мәдениеті жоғары, өмір талабына сай бейімделген жас ұрпақты экономикалық біліммен қаруландырып, тәрбиелеу өте маңызды іс болып отыр. Бүгінгі таңда дүние жүзінің көптеген елдерінде мектептерде экономикалық білімді жүйелі де, сапалы түрде беруге баса назар аударылып отыр. Барлық мектептерде оқушыларға экономикадан белгілі бір дәрежеде білім берудің қажеттілігінен туындайтын сәйкес ғылыми зерттеу жұмыстарды кеңінен жүргізу; соның бірі ретінде экономиканы негізгі курс ретінде жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарларына енгізу жұмыстарын жүргізу көкейкесті мәселе болуда. Сондықтан да қоғам дамуының өркениетті сатысында мектептерде экономикалық білім беруді енгізу мәселелеріне баса назар аударылып отыр. Болашақ ұрпаққа қойылатын талап — қазіргі өмір талабына сай экономикалық білімді игере отырып, өз өмірінде, өз қызметінде осы білімді пайдалана білу. Экономикалық білімнің практикалық пайдасы — оның адам тәжірибесінде күнделікті кездесіп жүрген түсініктерді ұғынуға көмектесетіндігінде. Экономикалық білімнің қолдануымен тығыз байланысты мамандықтар экономикалық білімнің жоғарғы деңгейде болуын талап етеді. Экономикалық білім берудің жалпы адамзаттың мәдениетін қалыптастырудағы, адамгершілікке, үнемділікке, іскерлікке үйретудегі үлесі зор. Экономиканы оқыту барысында оқушылардың бойында халық, ұлт, әлем алдындағы жауапкершілікті тәрбиелеу тиімді. Осы экономикалық білім беру арқылы егеменді еліміздің экономикалық мәселелерді шешуде өзінің үлесін көрсете алатын азаматтар білім алып, тәрбиеленеді деп үміт етіп, экономика негіздері курсын мектептерге енгізу өте маңызды мәселе болып саналады.
Мектепте экономика негіздерін оқытудың басты мақсаты оқушыларды экономикалық мәдениет пен қоғамның экономикалық даму заңдылықтары таныстыру, еңбек ете білуге және рухани материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу.
Мектептерде экономиканы оқытудың мақсаты жеке тұлғаны қоғамның даму барысында алатын орнын білуге, оның сауаттылығын қалыптастыруға байланысты анықталады. Мектепте экономиканы оқытудың: білімдік мақсаты – барлық оқушыларды экономика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде қолдана алудың іскерліктері мен дағдыларын берік қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиелік мақсаты – оқушылардың экономикалық мәдениеттілігі мен экономикалық іс-әрекеттері арқылы өмірде қолдана алуды қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты — әрбір жеке тұлғаның ақыл ойының дамуына, адамгершілікке ұмтылып, әдемілікті сүюге үйретуге жағдай жасау. Экономиканы оқыта отырып оқушыларға үнемділікті, дәл сезінуді, тілдік ортаны қалыптастыруға мүмкіндік жасау.
Экономиканы оқытудың міндеттері — білімдерін жалғастыруға, басқа пәндерді оқып үйренуге, күнделікті тұмыста қолдануға қажетті нақты экономикалық білімді меңгеру:
- экономикалық қызметке тән және қоғамда адамның толығымен қызмет жасауына қажетті интеллектуалды дамыту;
- оқушыларға экономикалық қатынастар туралы ойды дамыту;
- экономикалық байланыстар мен экономикалық шешімдер қабылдауда мүмкіндіктер беру;
- экономикалық мәселелерді талдау;
- өндірістік қатынастар мен экономикалық байланыстар туралы көзқарас қалыптастыру;
- жеке экономикалық білімдерді қабылдау, бақылау және қазіргі экономикалық көзқарастарды түсіндіру;
- қоғамдағы экономикалық үрдістер жөніндегі қатынастарға қатысу.
Адам бойында экономикалық сана мен экономикалық бағдар және бейімдеу мектеп жасында қалыптасатындықтан, кәсіпкерлік пен нарықтық шаруашылықтың заңдылықтарымен оқушыларды міндетті түрде таныстыра отырып экономикалық білім негіздерін оқыту кезінде жеке адамның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастырып, өзгермелі өмір талаптарына сай жауапкершілік, табандылық, ынталылық, білімділік сияқты қажетті қасиеттерді қалыптастыру қажет.
Экономикалық білім берудің негізгі мақсаты — оқушыларға экономикалық білім негіздері мен қазіргі шаруашылықты жүргізудің, еңбектің экономикалық ұйымдастырылу механизмдерінің бірлігін, оның іліктестірілуінің басты бағыттары: еңбектің экологиялық, құқықтық, экономикалық аспектілермен таныстыру; экономикалық үрдістерді бағдарлауда білік пен дағдының қалыптасуына жағдай жасау.
Оқушыларда экономикалық білік, дағдыны қалыптастыру үшін олардың жеке қасиеттеріне сүйене отырып басқару, олардың бағдарына, қажеттігіне ықпал ету керек. Мектеп оқушыларын экономикалық ойлауға тәрбиелеу жалпы (интеллектуалды, шығармашылық, логикалық) және арнайы (экономикалық, политехникалық, кәсіптік) қабілеттіліктерінің дамуына, күнделікті өмірде экономикалық білімнің қалыптасуына ықпал етеді.
Оқушыларды экономика негіздеріне оқытудағы негізгі мақсаттарды:
- оқушыларды экономикалық біліммен, білік және дағдымен қаруландыру;
- олардың еңбек өніміне, материалдық байлыққа үнемшілдік қатынастарын дамыту;
- олардың қажеттілігін экономикалық мүмкіндіктерінің қанағатымен өлшей білуін қалыптастыру;
- оларды экономикалық талдаудың негізіне үйрету, ой еңбегі мен дене еңбегінің мәдениетіне тәрбиелеу деп нақтылай түсуге болады.
Осыған орай мектептегі экономикалық білім мен тәрбиенің негізгі міндеттері де нақтыланып көрсетілген:
- оқушыларды қоғамның экономикалық даму заңдарымен, еліміздің саяси экономикасымен таныстыру;
- күнделікті тұрмыста қолданылатын нарық, базар, жекешелендіру, ақша т.с.с. терминдердің мағынасын түсіндіру;
- оқушылардың бойында негізгі қасиеттерді: құндылық, үнемділік, өз шығынын өзі өтеушілік т.б. қалыптастыру;
- оқушыларды экономикалық қоғамның проблемасын өз проблемасы ретінде қарауға, еңбекте білгенімен шектеліп қалмай әрі қарай іздену, жаңа типті жұмыскерді тәрбиелеу;
— есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білуге көмектесу.
Ал енді осы «Эконика негіздері» пәнінің жалпы мақсат-міндеттерін әр сыныптарға бөліп көрсету.
1.2 Мектептегі ”Экономика негіздері” курсы мазмұны мен құрылымының жалпы сипаттамасы
Бағдарлы мектепте экономикалық білім беру «Қазақстан Республикасы 2006 жылғы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережесі» талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының “Білім туралы Заңы” және “2005-2010 жылдардағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы“ негізінде әзірленген “Экономика” пәні бойынша білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ол Қазақстан Республикасындағы білім берудің 12-жылдық жүйесіне көшуге байланысты экономика пәні бойынша білім беру саласындағы мемлекеттік біріңғай саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.
Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жағдайындағы экономикалық білім берудегі негізгі мақсат оқушыларды қоғам және адам табиғаты туралы біліммен қаруландыру, оларды қазақ қоғамы дамуының әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарымен таныстыру, Қазақстан азаматына лайықты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыру болып табылады.
Оқыту мақсаты оқушыларды өздеріне қажетті игіліктерді өндірумен, бөлумен және тұтынумен байланысты адамдардың мінез-құлқындағы нормалар, принциптер, көзқарастар жүйесін, экономикалық үрдістерді талдау қабілеттіліктерін, әр түрлі өмірлік жағдаяттарда өз білімін қолдана білуді, тұрақты даму және өздігінен білім алуға ұмтылыстарын қалыптастыру болып табылады.
Оқыту міндеттері:
- оқушыларды экономика теорияларымен, заңдарымен, заңдылықтарымен, қоғамдағы себептік-салдарлы байланыстарымен және ұғымдарымен таныстыру;
- экономикалық білімдерге танымдық қызығушылықты қалыптастыру, оқыту мотивтерін пайымдайтын шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту;
- оқушыларда экономикалық ойлауды дамыту, оларда экономикалық құбылыстар мен үрдістерге қатысты зерттеушілік іс-әрекеттер дағдыларын, бақылау, бағдарлау шеберлігін қалыптастыру; әлеуметтік-экономикалық іс-әрекеттерге қатысу;
- алынған экономикалық білімдерді оқу-практикалық іс-әрекеттерге қолдана білуді үйрену;
- нақты экономикалық жағдаяттарды сындық тұрғыдан бағалауды үйрену, мәселені көре білу, оны шешудің баламалы нұсқауларын табу, өз бетімен шешімдер қабылдау және ол үшін жауапкершілік алу;
Экономикалық білімдердің білім беру жүйесіне енгізу бойынша атсалысып еңбек етіп жүрген ғалым және әдіскер профессор Қ.Ағанина, осы мәселе бойынша «Экономикалық білім негіздері» курсын даярлаған. Автор бұл курсты бастауыш, негізгі және бейінді сыныптарға бөліп қарастырған. Олар келесідей тақырыптардан тұрады. Мәселен, бастауыш мектептегі “Экономикалық білім негіздері” курсының мазмұны “ Экономика”, “Қажет”, “Керек”, “Таңдау”, “Талғам”, “Тұтыну”, “Тұтынушы”, “Ақша”, “Жанұя экономикасы”, “Отбасы бюджеті”, “Табыстар”, “Шығын”, “Еңбек”, “ Кәсіп”, “ Өнім”, “Өндіріс”, “Өнеркәсіп”, “Айырбас”, “Сауда”, “Фирма”, “Жарнама” тақырыптарына топтастырылған материалдар құрайды.
Негізгі мектептегі экономикалық білімнің мазмұны «Экономика», «Қажеттілік және шектеулік», «Тұтынушы», «Тұтынушы құқығын қорғау», «Өндіріс және еңбек», «Айырбас», «Өндіріс факторлары», «Табиғи ресурстар», «Еңбек ресурстары», «Капитал ресурстары», «Кәсіпкерлік», «Іскерлік әдеп», «Меншік», «Экономикалық жүйелер», «Нарық құрылымы», «Ақша», «Банк жүйесі», «Қазіргі экономикалық түсініктер», «Экономикадағы мемлекет ролі», «Бюджет», «Салықтар», «Қазіргі экономикалық мақсаттар», «Қоғамның жалпы және ұлттық табысы», «Сұраныс жиынтығы», «Ұлттық экономиканың даму нәтижесі — экономикалық өсу», «Халықаралық қаржы жүйесі», «Өзекті әлеуметтік экономикалық проблемалар» тақырыптарына топтастырылған материалдардан құралған [11].
Бейінді мектептегi экономикалық бiлiм негiздерi курсының мазмұны:
жалпы орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысындағы оқушыларға нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана алатын базалық экономикалық ұғымдар мен заңдарды меңгеруге мүмкіндік береді.
Бағдарлы мектепте экономикалық білім беруде бағдарламада көрсетілген білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумын және «Экономикалық білім негіздері» оқу пәні бойынша оқушылардың даярлық деңгейін анықтау үшін құзыреттілікті қалыптастыруға берілген тапсырмаларды орындауға бейімдеп, өмірде алған білімдерін пайдалана білуге үйретеді.
Оқу бағдарламасында білім стандартына сәйкес білім мазмұны нақтыланып, әр тақырыпқа бөлінетін сағат саны белгіленген, оқушылар орындауға тиісті өзіндік және практикалық жұмыстардың жиынтығы ұсынылған.
Экономиканың мектептік курсы оқушылардың нақты білім мен дағдыларды игеруін болжап қана қоймай, оқушыларда қоғамның экономика саласы жөніндегі орнықты түсінік пен экономикалық ойлаудың тұтас бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Аталмыш курстың дайындық компоненті мектептің бастауыш сатысындағы / 1-4 сыныптар / «Қоршаған орта» оқу пәні болып табылады, ол оқушыларды қоғамдық білім негіздері бойынша қарапайым ұғымдармен және құбылыстармен таныстырады, экономика бойынша сауаттылықтың қалыптасуы үшін негіз салады.
Мектептің негізгі сатысында / 5-10 сыныптар/ экономика элементтері жеке пән ретінде ұсынылған «Қоғамдық білім негіздері» кіріктірілген курсы қазіргі заманғы қоғам заңдарын, адам, әлем табиғатын танып білу үшін бастапқы экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, саяси білімдердің негіздерін салуға мүмкіндік береді. «Экономикалық білім негіздері» мектептің бейіндік сатысында (11-12 сыныптар) «Адам және қоғам» білім аймағы аясында оқытылатын болады. Мұнда таңдап алған бағдарға сәйкес экономикалық білім мен біліктілік жүйесін игеру жүзеге асырылып, құзыреттіліктер қалыптасады.
Мектептің бағдарына байланысты экономиканы оқытуға бөлінетін уақыт базистік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен ұлғайтылуы мүмкін.
Оқу пәні ретіндегі «Экономика» мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, экономика негіздерін зерттеудің тапсырмалар сипаты мен материалдың біртіндеп күрделенуінің логикалық бірізділігін қамтамасыз ететін оқытудың желілік сатылы сипатын болжайды.
Жоғары сатыдағы «Экономика» оқу пәнінің мазмұны келесі мазмұндық желілер бойынша ұсынылған:
-Базалық экономикалық білім .
-Микроэкономика.
-Макроэкономика.
— Дүниежүзілік экономикалық қатынастар.
— Кәсіпкерлік және бизнес.
Білім стандартындағы базистік оқу жоспарына сәйкес бағдарлы мектепте:базалық деңгейдегі “Экономика” пәнін оқып үйренуге бағдарламада уақыт төмендегіше белгіленген:
11 сынып Модуль 1 “Микроэкономика” /20 сағат/
Модуль 2 “Макроэкономика” /12 сағат/
12 сынып Модуль 1 “Макроэкономика” /12 сағат/
Модуль 2“Кәсіпкерлік және бизнес” /20 сағат/; /бағдарлы деңгейдегі “Экономика” пәнін оқып үйренуге бөлінетін уақыт
11 сынып Модуль 1 “Микроэкономика” /62 сағат/.
Модуль 2 “Макроэкономика” /34сағат/.;
12 сынып Модуль 1 “Макроэкономика” /46 сағат/
Модуль 2 “Кәсіпкерлік және бизнес” /50 сағат/[11 ].
Экономикалық білім негіздері мазмұнын анықтаудағы жетекші идея жалпы адамдық құндылықтар, білім беруді демократияландыру, ізгілендіру және ақпараттандыру болып табылады.
Мектептегі экономикалық білім беру оқу материалы мазмұнын іріктеу принципі жалпы дидактикалық принциптерге сәйкес келеді, соның негізіне келесі принциптер алынды:
-оқу мазмұнының уақыт талаптарына, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына сәйкестігі;
— оқу мазмұнының оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі,
— оқытудың әртүрлі сатыларында экономикалық білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету;
— басқа жалпы білімдік пәндердегі білім пәні мазмұнындағы көрініс арқылы пәнаралық байланыстарды орнату және кіріктіру;
— оқу мазмұнының еліміздің ұлттық, аймақтық ерекшеліктеріне сәйкестігі;
— көптеген әртүрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы курстың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру.
Жалпы білім беретін мектепте аталмыш бағдарламаға қосымша қолданбалы курстар және базистік оқу жоспарының вариативтік бөлігі есебінен таңдап алынған мынадай курстар ұсынылады: «Іскерлік этика», «Компьютердегі экономикалық практикум», «Бухгалтерлік есеп және аудит негіздері», «Тұтынушылық мәдениет негіздері», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Іс жүргізу».
Мектептің жоғарғы сатысындағы «Экономика» оқу пәні бойынша білімнің базалық мазмұны жоғарыда көрсетілген мазмұндық желілерге топтастырылып берілген.
Экономикалық теория: пән, әдіс және дамудың негізгі кезеңдері. Шектеушілік және таңдау. Баламалы құн.
Микроэкономика: өндіріс факторлары, ұсыныс, сұраныс, сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі, нарықтық баға, экономикадағы тұтынушы, бәсекелестік.
Макроэкономика: мемлекеттің нарықтық экономикадағы ролі, бірге сұраныс және ұсыныс, экономикалық өсім және экономикалық циклдер, құнсыздану, еңбек нарығы, жұмыссыздық, бюджет және мемлекеттің фискалдық саясаты, банктер және банк жүйесі, ұлттық шоттар жүйесі.
Халықаралық әлеуметтік-экономикалық қатынастар: халықаралық сауда, халықаралық валюталық нарық. экономиканың экологиялық аспектілері, қоғамның ғаламдық экономикалық мәселелері, инновациялық экономика.
Кәсіпкерлік және бизнес: шағын және орта бизнес кәсіпорны, бизнесті ұйымдастыру және басқару, кәсіпкерлік мәдениет, менеджмент және маркетинг.
Автор білім мазмұнының негізгі ерекшелігін төмендегіше топтастырып көрсеткен:
- 3-12 сынып оқулықтарының мазмұны, 5-11 сынып оқулықтарындағы «Экономикалық білім негіздері» курсының мазмұнын және Қазақстан Республикасы Жалпы білім беретін мектептердегі экономикалық білім беру бағдарламасын игеруге алғашқы дайындық есебінде сәйкестендіріліп алынуы.
- Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын нақты сипаттайды.
- Ұсынылған білім мазмұны әр сыныптағы тарауларға бөлініп, жүйелі түрде пәнішілік және пән аралық сабақтастық принципі негізінде бірте-бірте күрделене, тереңдетіле берілген.
- Бастауыш сыныптағы жаңа буын оқулықтарындағы қажетті және жеткілікті түрде берілген экономикалық ұғымдар мен түсініктер: «қажеттілік», «өндіріс», «ақша», т.б. одан әрі дамытылып, тереңдетілген.
- «Экономикалық білім негіздері» курсының мазмұны оқушылардың физиологиялық және психологиялық даму ерекшеліктеріне сәйкес 3 сыныптан бастап, жеке пән негізінде жүйеленіп берілген.
- «Экономикалық білім негіздері» курсының мазмұнындағы негізгі экономикалық ұғымдар мен түсініктер ұлттық, аймақтық ерекшеліктер ескеріле отырып толықтырылып берілген.
- Білім мазмұнына енген материалдар толығымен қазіргі ғылыми көзқарастарға сәйкес келеді.
- Білім мазмұнына енген экономикалық терминдер талапқа сай іріктелген.
- Мазмұны оқушыларды қызықтыратын, өмірмен тығыз, тікелей байланысты проблемалық ситуациялармен толықтырылған.
- Пән мазмұнында ұсынылған ғылыми әлеуметтік мәдени құндылықтар оқушылардың жалпы экономикалық мәдениеттілігін қалыптастыруға негіз болады.
- Тапсырмалар мазмұнмен жүйелі байланыста берілген.
Пәннің мазмұны әр сыныптағы сәйкес тарауларға бөлініп, әр тараудан соң оқу бағдарламасына сай сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылған. Әр тарауда қажетті және жеткілікті деңгейде білім мазмұнының барлық компоненттері қамтылған. Тарау құрылымы анық, негізгі мәліметтер-ұғымдар, анықтамалар бөлініп көрсетілген. Автор мектептегі 5-11сынып оқушыларына арналған сынақ кітапшаларын шығарған.
Осы аталғандармен қатар, бағдарлама мен сынақ оқулығы тағы бір маңызды міндетті шешуді, яғни болашақ азаматтың нарықтық экономика жағдайында өмірдегі, өзінің бағытын анықтауға көмектесуді көздейді. Оқулықта ұсынылған оқу материалдары мазмұнының өзіндік жүйесі бар, оқыту мақсатына сай және белгілі бір жас деңгейінде оқу материалын меңгеру психологиясы, оқушының дайындығы мен қызығушылығы ескеріледі.
Сонымен бірге адамзаттың қазіргі замандағы мәселелерін шешудегі экономика ғылымдарының ролі, оның экономикалық проблемаларды шешудегі қолданбалы маңызы да ескерілген.
Бағдарлама жобасында, сынақ оқулықтарында оқушылардың экономикалық түсініктер мен терминдерді меңгеруіне, экономикалық құбылыстарды түсіндіру мен талдау кезінде саналы қолдана білуге, себеп-салдар байланысын орнықтыруға оқушылардың қазіргі уақыттағы экономикалық ой тарихындағы болып өткен және болып жатқан негізгі үрдістер туралы білімдеріне, алғашқы деректермен жұмыс істей білуге ерекше маңыз беріледі.
Бұл бағдарлама бойынша курстың сатыланып, 3-5 сыныптарда оқытылуы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, экономикалық түсініктерді терең тануға, білім алушыларды іскерлік пен адамгершілікке тәрбиелейді. Жалпы орта білім беретін мектепте экономикалық білім беруді екі циклға бөліп қарастырған: 3-10 сыныптарда “Экономикалық білім негіздері”, 11-12 сыныпта “Экономикалық білім негіздері/ кәсіпкерлік және бизнес”.
3-12 сыныптарда экономика жөніндегі алғашқы түсініктер, экономиканың негізгі элементі туралы түсінік, экономика саласындағы азаматтардың құқықтары, экономика ғылымының негізі мен оның принциптері қарастырылады. 11-12 сыныптарды экономикалық процестер мен азаматтардың іс-әрекеттері, оның нарықтық экономика жағдайындағы түрлері туралы білімі тереңдей түседі.
6-10 сыныптарда экономика жөніндегі алғашқы түсініктер, экономиканың негізгі элементі туралы түсінік, экономика саласындағы азаматтардың құқықтары, экономика ғылымының негізі мен оның принциптері қарастырылады. 11-12 сыныптарды экономикалық үрдістер мен азаматтардың іс-әрекеттері, оның нарықтық экономика жағдайындағы түрлері туралы білімі тереңдей түскен.
Бағдарлы мектепте, яғни 11-12 сыныптарда, экономикалық білімнің бағыттары әр-түрлі болуы да мүмкін, әр мектеп өздерінің білім беру бағытына сәйкес бағытын таңдауына құқылы.
Экономикалық білім негіздерінің құрылымы сәйкес бағдарлама құрылымен пара-пар.
“Экономкалық білім негіздері” оқыту бағдарламасы мектеп оқушыларының бойында тиімді экономикалық ойлау жүйесін қалыптастыру мен нарықтық шаруашылық жағдайына қазіргі жастарды бейімдеуге негізделген.
Оқу бағдарламасына жалпы және басты идеяларды біріктірген экономикалық білімдердің негізгі бөлімдері мен тақырыптары, яғни негізгі экономикалық түсініктер, құбылыстар, қоғамдық экономикалық даму заңдылығы туралы білімдер енеді, ал, ең соңында мектеп бітірушілерге өзіндік өмірі мен қызметінде дұрыс бағыт таңдауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама әрбір сыныптағы оқыту курсының алдыңғы курстағы білім мен біліктілікті тереңдетуге, басты экономикалық заңдылықтарды жаңа сапалық деңгейде қайталауға, оқушылардың жас деңгейіне байланысты экономикалық тапсырмаларды күрделендіре беруге негізделіп құралған.
“Экономкалық білім негіздері” бағдарламасының ерекшелігі сол, ол оқушылардың нақты өмірдің барлық көріністерімен, олардың өзара байланыстарымен таныстыруды көздейді, адамды жан-жағынан қарастырып, табиғат пен қоғамды біртұтас алып, экономикалық өмірдің заңдылығын айқындауға көмектеседі. Алғашқы шаруашылық және экономикалық қызметтің дағдысы мен біліктілігін жанұядан бастап, қоғам мен мемлекеттің өмірі мен қызметіне қатысуымен аяқтай отырып қалыптастырады.
“Экономкалық білім негіздері” пәнін оқыту – экономикалық және әлеуметтік мәселелердің мәнін түсінуге, қоршаған өмір мен адам арасындағы өзара байланыстың дамуына болжау жасауға үйретеді.
12 жылдық білім беру жүйесі экономикалық пәндерді вариативті пәндер қатарына қосып отыр, сондықтан республиканың барлық мектептерінде экономикалық білімді беру бойынша пәндердің түрлері мен бағдарламалары бірдей болмулары да мүмкін. Жамбыл облысының орта мектептерінде көбінесе «Экономика негіздері», «Бизнес негіздері», «Қолданбалы экономика», «Қаржы сауаттылығы» сияқты пәндер жүргізіледі. Сондықтан олардың бағдарламасы да жалпы стандарттан кей жағдайларда ауытқып отырады. Мұндай жағдайдың орын алуы төмендегідей себептерге де байланысты: біріншіден, ол сол мектептегі пән бойынша оқулықтар мен әдістемелердің жетіспеушілігіне, екіншіден, бұл пән барлық мектептерде бірдей бастауыш сыныптардан басталмайды. Өйткені, экономикалық пәндерді бір мектептерде бастауыш сыныптан оқытылуы мүмкін болса, басқа мектептерде негізгі сыныптарда оқытылады. Мысалы, 45 мектепте 4-сыныптан бастаса, «Дарын» мектеп — интернатында 8- сыныптан басталады. Тараз қаласында экономикалық білім беру 36,48,41,45, 24, 5 және «Дарын» мектептерінде жақсы жолға қойылған. Бұл мектептердің экономика пәнінің мұғалімдері жалпы стандартқа негізделген, сонымен қатар, аймақтың, экономикалық ерекшіліктерін ескеріп пән бағдарламаларын орындайды. Оқушылардың экономикалық білімді жоғары және сапалы деңгейде игеруі мұғалімнің сабақты беру тәсілдеріне байланысты.
1.3 Оқушылардың экономикалық білімдерінің сапасына қойылатын талаптар
Қазіргі заман талабы білім мазмұнын жаңарту мен оқыту әдістерін, формаларын жетілдіру жөнінде педагогика ғылымының алдына аса маңызды міндеттерді қоюда. Осы мәселені зерттеу жұмысы барысында психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді талдау белгілі бір оқу пәнінің мазмұнын құру, оған тақырып іріктеуде жалпы орта білім мазмұнының теориялық негіздемесін жасауда әдіскерлер мен ғалымдардың қосқан үлестері мол екендігін көрсетеді.
Дегенмен, қазіргі уақытта экономика пәні бойынша білім мазмұнын анықтау, іріктеу және одан бағдарламаның мазмұнын құрастыру, бағдарламаға жүктеме норма бөлімінде оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықтау мәселелерін қарастыру қажеттілігі пайда болды. Оқушылардың білімі, дағды іскерліктері қандай болуы тиіс деген мәселе шешімін қарастыратын, оқытудың маңызды мәселелерінің бірлігін қамтамасыз ететін ресми құжаттардың бірі оқу бағдарламасы болып табылады.
Оқушылардың экономикалық білімдерінің сапалы болуы ең алдымен мұғалімдердің білімі мен біліктілігіне, бағдарлама мен оқулықтардың сапалы әзірленуіне тікелей байланысты. Бағдарлама оқу пәнінің мазмұнын анықтаумен шектелмейді, сонымен бірге оқыту процесін және оның нәтижелерін реттеп отырады.
Бағдарламаның негізгі қызметі жалпы білім беретін мектептің белгілі мазмұнын және міндеттерін анықтаудан, оқу процесін басқарудан тұрады.
Қазіргі уақытта бағдарламаның қызметін қайта қарастыру және оның мазмұнын жетілдіру маңызды. Соның ішінде бағдарламаларда оқытудың жоспарланған нәтижелерін анықтау, білім, дағды, іскерлікті меңгеру үшін қажеттілерін іріктеу де мақсатқа бағытталған болар еді, оқу процесін басқарудың тиімділігін арттырады.
Білім мазмұнының іріктелуі, білім берудің стандартын анықтау, оқушыларды дамытуға бағытталған оқыту әдістерін қайта қарастыру, оқытудың нәтижелеріне жетуге қажетті оқушылардың іс-әрекетінің барлық түрінің жиынтығын қолдану оқыту процесіндегі білім мен дағдыларға қойылатын талаптардың ролін жете зерттеуді талап етеді.
Мектептегі экономика пәні бойынша білім мазмұнын анықтаудағы концептуальды ережелерді, оқу пәндерінің мазмұнын, стандартын анықтаудағы зерттеу жұмысының барысына көңіл бөлу оқушылардың міндетті дайындықтарының жалпы деңгейіне қойылатын қазіргі және болжам талаптарында болды. Қазіргі уақытта оқушының келесі курсты меңгеруге мүмкіндік беретін, олардың дайындығының төменгі шегін оқытудың әр кезеңі аяқталғандағы қолдануға болатын міндетті дайындық деңгейі ретінде есептеуге болады. Оқытудың міндетті нәтижелеріне жетумен қатар экономика пәніне қызығушылығы бар оқушылардың жан-жақты дамуына, әр оқушының мүмкіндіктері мен қабілетіліктерін жетілдірілуіне қажетті жағдайлар жасалуы тиіс. Олай болса, міндетті дайындықтың деңгейін анықтау оқушының белсенділігін арттыруға ықпал етеді, оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау жүйесін реттеуге, мұндай маңызды мәселедегі ретсіздікті болдырмауға, бақылаудың объективтілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары жүргізілген дидактикалық және әдістемелік зерттеу жұмыстарына талдау жасау — оқушылардың білімі мен дағдыларына қойылатын талаптың оқу процесіне, оның мақсатын анықтай отырып, ұйымдастырушылық әсері бар екенін көрсетті.
Талап оқытумен ғана шектелмейді. Осы талап оқушыны дамыту мен тәрбиелеуде олардың нақты нәтижелерге жетуі үшін мұғалімдерді мақсатқа қарай бағыттап отырады. Оқушыларда қорытынды білімдердің қалыптасуының нақты бір өлшемі ретінде болатын оқу пәні алдына қойылған мақсатына қарай осы талаптар болжаушы ретінде көрсететіндігі маңызды болып табылады [12].
А.В.Кузнецованың пікірі бойынша білім мен дағдыларға қойылатын талаптар ретінде оқушылардың нені және қалай меңгеруі тиіс екендігін, іс-әрекеттің қандай түрінде қандай да бір білім мен дағдылар байқалуы қажеттілігін, оқушыларда қандай қасиеттер болу керектігін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың жоспарланған нәтижелерінің сипаты түсіндіріледі [12].
Көбінесе оқуға дайындық талаптары оқытудың нақтылануының белгілі кезеңі болып табылатын оқыту мақсаттарымен анықталады.
Әр-түрлі деңгейде берілетін білім мазмұнының мақсаты да оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың жоспарланған нәтижелерінің сипаттамасын көрсетеді.
Талаптар оқу-тәрбие процесіндегі нәтижелерді жоспарлаудың маңызды кезеңі бола отырып, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың жалпы мақсаттарын анықтайды, білім мазмұнының құрамымен байланысты, оқытудың түрлері мен әдістерін таңдауға ықпал етеді; оқыту процесінің барысын оның нәтижелерін тексеруді ұйымдастырып, бағыттап отырады.
Сөйтіп, бағдарламадағы оқушылардың білімі мен дағдыларына қойылатын талаптар біржағынан оқытудың жалпы мақсатын нақтылау формасы ретінде болса, екінші жағынан оқушылар меңгеретін оқу материалын жалпылау кезеңі ретінде қарастырылды. Барлық пән бойынша бағдарламаларда 1981 жылдан бастап “Оқушылардың білімі мен дағдыларына қойылатын талаптар” деген бөлімі берілгені белгілі. Соңғы кездері пән бағдарламаларында, мысалы математика бағдарламасында “Оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар” бөлімі оқытудың арнайы мақсатын және оқушылардың меңгеруі міндетті білім мен дағдыларды дамыту деңгейін анықтайды, басқаша айтқанда курсты меңгеру талаптарында қажетті міндетті білім мен дағдылардың белгілі бір көлемімен бірге әр оқушыға міндетті дайындықтың минимальды деңгейі де көрсетілген
Мұғалім оқытудың нәтижелеріне қойылатын талаптарды анықтау барысында оқыту мақсаты мазмұнының қай объектісінде қандай жолмен, қалай нақтыланатынын анықтайтын оқу пәні бірлігінің сипатын негізге алады.
Білім мазмұнын талдауда және білім мен дағдыларға қойылатын талаптарды жасау барысында оқушылардың іс-әрекетінде оқытудың кез-келген нәтижесі байқалатындықтан оқытуды іс-әрекет ретінде қарастырады.
Оқу іс әрекетін, оқытудың нәтижесін сипаттау үшін “білім”, “дағды”, “іскерлік” деген дәстүрлі терминдер қолданылады. Іс-әрекет тұрғысынан алып қарағанда білім меңгеріліп, іс-әрекетте жүзеге асырылады. Жеке адам тұрғысынан қарастырғанда үйренуші білімді өзінің жеке білімі ретінде жасауы тиіс. Білім жеке адамның іс-әрекетінің құрамы және объектісі болған өлшемде ғана бола алады. Кез-келген дағдылар, іскерліктер оқушылардың іс-әрекет тәсілдерін меңгергенін көрсетеді.
Әр түрлі пәндер бойынша бағдарламаларды талдау — оқушылар меңгеруі тиіс білім көлемін белгілеу қажетттілігі “Талаптарда” мазмұнды тіркеуге әкелетіндігін көрсетеді. Ал, негізінен білім мен дағдыларға қойылатын талаптар оқытудың нәтижелерімен тығыз байланыста болады. Тек сол нәтижелер ғана оқушылардың білім мен дағдыларын бағалаудың көрсеткіштері ретінде бола алады. Педагогикада қабылданған оқытуды іс-әрекет ретінде қарастыру оқушылардың дербестігі мен танымдық әрекет мәселесі ұғымын, дамыта оқыту идеясын анықтайды. Мұндай ұғым оқушылардың білім мен дағдыларына қойылатын талаптарды оқу іс-әрекетін сипаттау қажеттілігін де түсіндіруге мүмкіндік берді.
Әрбір оқушының даму мәселесін қарастыруда іс-әрекет ұғымына көп мән беріледі. Іс-әрекет тұрғысынан қарау оқытуда оқушының белсенділігін арттырады, танымдық әрекеттердің негізін меңгеруде маңызы зор, сондай-ақ оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Білім мазмұнының құрамында адамның меңгеруі тиіс іс-әрекет түрлері бар.
Жаратылыстану ғылымдары әр түрлі сипаттағы іс-әрекетті ұйымдастыру үшін мүмкіндіктердің көптігін көрсетеді. Ғылыми іс-әрекет ретінде білім мазмұнына оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру, құрылымы, құрамы арқылы енеді.
Іс-әрекет формальды түрде әртүрлі болады және меңгерілетін материал сипатымен, мұғалімнің жеке адамдық ерекшеліктерімен, оқушылардың дайындық деңгейімен анықталады.
Оқытудың нәтижесінде барлық оқушылар дайындықтың міндетті деңгейінде көрсетілген білім мен дағдыларды меңгеруі тиіс екендігі экономикалық білім беру бағдарламаларында атап көрсетілген.
Оқытудың бірнеше мәселелерін, оның ішінде оқушылардың білімі, білік және дағдысы қандай болуы керектігін көрсететін негізгі құжат – оқу бағдарламалары болып табылады. Бағдарлама тек қана оқу пәнінің мазмұнын ашып қоймай, сонымен бірге оқыту үрдісі мен оның қорытындыларын бақылайды. Бағдарламаның негізгі міндеті — мектепте білім беру мазмұны мен талабының көрінісін және оқыту үрдісін басқару болып табылады. Қазіргі уақытта бағдарламалардың қызметін қайта қарап, олардың құрылымын жүзеге асыруда, оның ішінде бағдарламаны оқытудың жоспарланған қорытындыларын анықтап алуда, яғни оқушының білім, білігінің міндетті меңгеруін іріктеуде қолдану оқу үрдісін басқарудың тиімділігін арттырады.
И.И.Кулибаба тұңғыш рет бағдарламаны оқытудың нәтижесін (пәнді оқыту мақсаттарын және осы пәндегі материалды нақтылау; оқыту обьектілерін жүйелендіру; материалдың берілу тереңдігін және пәнді оқытудағы әртүрлі кезеңдерде білім, білік және дағдылардың нақтылану талабын шектеуді көрсету; білімнің, біліктің меңгерілу деңгейін көрсететін мазмұнды жақтарының бағдарламада болуын) анықтауды негіз етіп алып, оны қалыптастыруды жүзеге асырды [13].
Білім берудің мазмұнын анықтауда, оқушылардың дамуына, оқушылардың іс-әрекеттерінің барлық түрін бірлікте қолданып оқытудың әдістерін қайта қарау, оқытуда белгілі қорытындыға жету үшін оқыту үрдісіндегі терең оқу мен ой қорытудың білім мен білікке қойылатын талаптарының мәні зор.
Оқушылардың белсенділігін дамытуда міндетті дайындық деңгейін бөле қарау маңызды. Сол арқылы оқушылардың білім мен біліктілігін бақылау жүйесін реттеуге, бақылаудың обьективтілігін және ақпаратталығын арттыруға болады.
Соңғы кезде дидактикалық және әдістемелік зерттеулердің көрсеткеніндей, оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар оқу үрдісіне көп әсер етіп отыр.
Талаптар тек оқушылардың үйренуімен ғана шектеліп қалмайды. Олар мұғалімдерді оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуда белгілі нәтижелерге қол жеткізуге бағыттайды. Талаптар негізінде оқу пәнінің алдына қойылған білімді қорытындылау мақсатына байланысты бақылау міндетін атқарады. Ал бұл оқушылардың білімін белгілі бір деңгейде қалыптастырады.
Оқушылардың дайындығының талаптары көбіне оқыту мақсаттарын, оның нақтылануының бір саласымен анықталады. Білім беру мақсаттары әртүрлі деңгейде оқыту, тәрбиелеу және дамытудың жоспарлы нәтижелерін жазу арқылы беріледі.
Оқу-тәрбие үрдісіндегі негізгі болып келетін талаптар оқушылардың оқуы мен тәрбиедегі мақсаттарына әсер етеді. Олар білім беру мазмұнымен тығыз байланысты және оқытудың формалары мен әдістеріне әсер етіп, оның жолдарын ұйымдастырып, бағыттайды.
Осыдан барып, бағдарламада оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптары, бір жағынан, оқытудың жалпы мақсаттарының нақты формасы, екінші жағынан, оқушылардың оқитын оқу материалының жаңару сатысы болып қалыптасады.
Білім беру мазмұнын талдау және білім мен біліктілікке деген талаптардың іске асуы кезінде оқытудың іс-әрекеттік жағына сүйенді, оның кез келген қорытындысы оқушылардың іс-әрекетінен көрінеді.
Оқу іс-әрекетін және оқытудың қорытындыларын жазуда белгілі “білім”, “білік”, “дағды” деген терминдермен қоса, “іскерлік”, “жауапкершілік” ұғымдары да қолдандылады.
Іс-әрекет тұрғысынан қарағанда білім іс-әрекет барысында меңгеріледі. Ал жеке тұлға тұрғысынан қарағанда оқушы оны өзінің жеке білімімен жасауы керек. Кез келген дағды мен білік, ол практикалық немесе теориялық болады, оның бәрі оқушының меңгерген іс-әрекетінің әдісі.
Әр түрлі пәндер бойынша бағдарламадағы оқушылардың меңгеруге тиісті білім мазмұнының көлемі “Талаптар” мазмұнына кіретіні белгілі.
Негізінен білім мен білікке қойылатын талаптар оқытудың нәтижесімен тығыз байланысты. Солар ғана оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын баға критерийі болып шығады.
2 тарау Мектеп оқушыларына арналған «Экономика негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасын талдау |
2.1 Мектеп оқушыларына арналған «Экономика негіздері»пәні бағдарламасының құрылымдық ерекшеліктері |
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім мазмұнының жаңа жүйесі жасалуда. Жүргізіліп жатқан реформалардың ерекшелігі сол, онда мектептегі білім беру тарихындағы мол мұралар қолданылып, білім берудің методологиясына, құқықтық негізіне қатысты базистік қондырмалар қайта қаралуда.
Білім мазмұнын жаңарту процесінде оқу – тәрбие процесінің теориялық және практикалық жағынан көптеген өзгерістер, мінез-құлық пен қатынастардағы өзгеріс яғни білім мазмұны парадигмасының ауысуы жүзеге асырылады.
Білім мазмұнының жүйесін реформалау барлық оқу пәндері бойынша қазақстанның педагог-ғалымдары мен мұғалімдері, әдіскерлері жасаған жаңа оқу-әдістемелік кешені арқылы жүргізілуде.
Мектеп оқушыларына экономиканы оқытудың жалпы және жеке мақсаты мен міндеттері, мазмұны құрылымын жасау мен іріктеу принциптері, зерттеу объектілерінің сипаты, яғни экономикалық ұғымдар мен оқытудың ұйымдастыру түрлері мен құралдары, әдістерінің ерекшеліктері, оқытудың нәтижелеріне қойылатын талаптар ресми құжаттар болып табылатын мемлекеттік стандарт, типтік бағдарламалар сияқты құжаттарға сәйкес келеді.
Дайындалып жатқан оқулықтардың дәстүрлі оқулықтардан айырмашылығы төмендегідей болады:
Біріншіден, дәстүрлі оқулықтар мен әдістемелік құралдар алты жастан соң оқытуға байланысты балалардың психологиялық, физиологиялық, биологиялық және жас ерекшеліктеріне қарай жасалған. Дайындалып жатқан оқулықтар алты жастан бастап оқытылатын балалардың ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Екіншіден, білім берудегі барлық пәндердің өзара пәнаралық байланыстары жүзеге асырылады.
Үшіншіден, шығармашылық, құзыреттілік тұрғыда білім беруге негізделген оқытудың мүмкін варианттарының бірі берілген.
Төртіншіден, ұлттық және аймақтық ерекшеліктер ескерілген.
Экономика курсының мазмұны еліміздің әлеуметтік -экономикалық мәдени, тарихи, аймақтық және басқа да ерекшеліктерін бейнелеуі тиіс екендігі, ал экономикаға оқыту әдістемесінде этнопедагогика элементтері болу тиіс.
Ең алдымен мектепте білім берудегі экономика пәні бойынша дайындалған 5-11 сынып оқулықтарында берілген білім мазмұнында шығармашылық міндеттерді шешуді, қабілет дамытуды кең түрде қарастырылғандығын атап көрсету керек.
Оқулықтың міндеттерімен қатар курс мазмұны мұғалімнің оқушы мен жеке адамның іс-әрекетін, мәдени бағдарланған өзара әрекеттестігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Педагогика ғылымының оқулықтану саласы бойынша басқа елдердің озық іс-тәжірибелерін басшылыққа алу қажеттілігі жоққа шығарылмайды.
Дегенмен, барлық кезеңде бірдей кез-келген мәселеде өзге жұрттың үлгісі кәдеге жарай бермейтіні кімге де болса аян. Олай айтуға себеб: оқулықтану саласындағы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, әлі күнге дейін қазақстандық авторлардың жалтақтай қарайтын Ресейліктердің өздері соңғы 20-30 жылда жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу үлгілерінің төмендеуінің басты себебі мектеп оқулықтарының сапасыздығынан деп санайды екен.
Әрине, оқулық жазу – бұл аса күрделі мәселе. Ондай іспен заман талабын, қоғам қажеттілігін дәл сезінетін теоретик, педагог, тәжірибелі әдіскер айналысқаны жөн. Өйткені, оқулық авторы тек қана сол пән ғылымын терең меңгеріп қана қоймай, оқулыққа қойылатын дидактикалық-әдістемелік талаптарды, оқушылардың дербес және жас ерекшеліктерімен бағдарламаға қойылатын міндеттерді тұжырымдап жүйелей алатын ұстаз болуы да шарт. Оқырмандардың көбі оқулықты ғылым негіздерімен таныстыратын құрал деп ұғып, үстірт қарайды. ХХІ ғасырдың басындағы көрнекті педагог К.Д.Ушинскийдың пайымдауынша, оқулық дегеніміз ғылыми категорияларды педагогикалық категорияларға айналдыру арқылы өңделген құрал екен. Оқулықтанудың өзекті мәселелерімен айналысып жүрген белгілі педагог, ғалымдарымыз Ә.Қ,Құсайнов және У.Э.Асылов «Оқулық оқу материалына онымен жұмыс істеу әдістемесін қоса ұсынады; яғни мұғалімге – оқу материалын қалай оқытып, меңгертудің, оқушыға — ол материалды оқып, меңгерудің тәсілін береді [14 ].
Ұлттық төл оқулықтарды түзу тарихы көрнекті педагог Ы.Алтынсариннан басталғаны белгілі. Оның «Қазақ хрестоматиясы қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы т.б. дәлел бола алады. Одан кейінгі кезеңде бұл оқулық жазуда А.Байтұрсынов бастаған ХХІ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы зиялы қауымның дүниеге әкелген бастауыш буынға арналған төл туындыларының тарихи маңызы бүгінгі күнге сақталуда.
Қазақстанда жалпы оқулықтар жасауды ғылыми тұрғыдан зерттеген еңбектер жоқтың қасы деуге болады.
Ал бұл мәселе Ю.К.Бабанский, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, Н.Ф.Толызина, В.П.Беспалько, С.Г.Шоповаленко, Л.В.Занков, Д.Д.Зуев, т.б. көрнекті ғалымдардың қомақты еңбектерінде молынан көрініс тапқан. Осы еңбектерге сүйене отырып Қ.Ағанинаның еліміздің әлеуметтік-экономикалық, ұлттық-аймақтық ерекшеліктерін ескеріп дайындаған «Экономикалық білім негіздері» оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын қарастырдық. Қазақстанда бұл экономика курсынан алғашқы қазақ тілінде орындалған оқулық. Экономика пәні бойынша сабақ беретін мұғалімдерге негізгі материал ретінде көптеп көмегі тиетін оқулық. Бірақ біздегі жүргізіліп жүрген пәндерге келмейтін де жерлері бар.
Экономикалық білім беруді нақты қолға алып жетілдіру процесінде оқу-әдістемелік кешендері (ОӘК) маңызды роль атқарады. Мұғалім мен оқушыға экономика пәнінен оқулықтардың, әдістемеліктердің және оқу-көрнекілік құралдардың, дидактикалық материалдардың түрлі анықтамалық құралдардың, сөздіктердің және тағы басқа оқу кітаптарын даярлап беру оқу тәрбиелік процестерді ұйымдастырудың қажетті шарттарының бірі болып табылатыны белгілі.
Экономика пәнінің оқулығы оқу-әдістемелік кешенінің өзегін құрайды. Оқулық оқыту процесінде оқушылардың саралау тәсілін қамтамасыз етеді, экономикаға қызығушылығы мен экономикалық қабілетін дамытуды, мұғалім және оқушы қызметін тиімділендіруді жүзеге асырады.
Қ. Ағанинаның экономикадан оқу-әдістемелік кешені төмендегі түрде ұсынылып отыр:
- Оқулық
- Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал
- Дидактикалық материалдар
- Экономикалық мазмұнды есептер мен жаттығулар жинағы
- Сыныптан тыс оқу кітабы (хрестоматия)
- Көрнекі құрал
- Жұмыс дәптері
- Тестік тапсырмалар жинағы
- Экономикалық олимпиада есептері
- Экономикадан анықтамалық
- Қызықты экономика
Бұл ұсынылған оқулық пен ОӘК-інің әрқайсысы белгілі бір функцияларды атқарады. Оларға мыналар жатады: ақпараттандыру, жүйелендіру, пәнаралық және курсаралық байланысты ұйымдастыру, бекіту және тексеру, өздігінен білім алуды процессуалдық-ұйымдастыру, жетілдіру және тәрбиелеу. Бұл аталған функциялар әр түрлі көлемде, әр түрлі дәрежеде ерекше байланыста, сәйкестікте әрбір оқу басылымдарында өздігінше іске асады.
Мұғалімдерге арналған әдістемелік көмекші құрал — әрбір сынып бойынша экономиканы оқып-үйретуге арналған оқу-әдістеме кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады [15 ].
Оқу-әдістемелік кешендерді құрайтын басқа құралдарды үйлесімді пайдалануды жүзеге асыру тұрғысынан мұғалімдерге нақты көмек көрсетуді көздейді.
Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы экономикалық білім мазмұны және оны оқытып-үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылды. Мемлекеттік стандартта көрсетілгендей, әр сыныпта экономиканы оқытуға бөлінген апталық жүктемедегі уақытты ескере отырып дайындалған бағдарлама негізінде жазылған оқулық пен ОӘК-н сабақ барысында тиімді қолдану, экономикалық білім мазмұнының сипаттамасы, экономикалық білім игерудегі білік, біліктілік және дағды қалыптастыру, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, теориялық материалдарды қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету және т.б. жайында әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі. Сабақ өткізудің үлгілері ұсынылады.
Құралда мұғалімнің шеберлігін жетілдіру мақсатында экономикалық білімнің мазмұны және оны оқытып-үйретудің өзіндік ерекшеліктері сипатталады.
Оқыту мазмұны, оқыту әдістері және оларды балалардың жас ерекшеліктеріне орай қолдану жолдары да әдістемеде беріледі.
Кейбір күрделірек мәселелерді оқытудың әдістемесі, оқыту құралдарын пайдаланып ұйымдастырылатын жұмыс, оқу материалын тоқсандарға бөлу т.б. мәселелер қаралады.
Сонымен қатар, мұғалімге арналған әдістемелік құрал оқу-әдістемелік кешені ерекшеліктерін мұғалімнің жете түсінуіне, жан-жақты игеруіне көмектеседі, оқу нәтижесінің сапасын арттырады.
Экономикалық білім негіздерінен дидиактикалық материалдарды қолданып өтілген сабақтардың сапасы, оқушылардың білімді жоғары деңгейде игеруіне мүмкіндік береді.
Дидиактикалық материалдар – экономикалық білім негіздері оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тестік жұмыстардың пысықтау сұрақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.
Жұмыстар әр сыныптағы экономиканы оқытудың жалпы тақырыптық жоспарына сәйкес жазылады. Оқу құралының мақсаты мұғалімдерге жазба жұмыстарын жүргізуде әдістемелік көмек көрсету және оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптардың бағдарын анықтау өзіндік бақылау және тестік жұмыстардың мазмұны оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты.
Оқу құралының мазмұнына енген жұмыстарды толығымен орындау міндетті емес, яғни сыныптағы оқушылардың дайындығына қарай, өзіндік, бақылау, тестік жұмыстардың мазмұнын күрделендіруге немесе жеңілдетуге (бірақ міндетті деңгейден төмен болмауы тиіс) болады.
Өзіндік жұмыстар тек оқыту сипатында, жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге беріледі. Сондай-ақ, бұл дидактикалық материалдарға енген жаттығулар мен мысалдарды жеке оқушылармен жұмыс барысында, үй тапсырмасын беруде, сыныптан тыс жұмыс жүргізгенде пайдалануға болады және бұл тапсырмалар оқушылардың практикалық біліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Бақылау, тестік жұмыстар және пысықтау сұрақтары оқушылардың білімін тексеруге арналады. Олар белгілі бір теориялық материалдарды оқып үйренген соң, яғни әрбір тараудан соң жүргізілгені жөн. Бақылау және тестік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң реттеледі. Дидактикалық материалдардың ішіндегі өзіндік жұмыстар мен теориялық материалдарды пысықтауға арналған сұрақтар, бақылау жұмыстары оқушылардың өзбеттерінше жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Дидактикалық материалдар құрамындағы өзіндік жұмыстарды сабақтың әр түрлі мезгілінде қолайлы мүмкіндіктерді пайдаланып қолдана беруге болады. Өзіндік жұмыстарды төрт вариантта беруге болады. Мұғалімдер уақыттың ыңғайына қарай әр варианттағы тапсырмалар санын қысқартуға, не орындарын ауыстыруына, не қосымша материалдармен толықтыруына болады.
Осыларды пайдалана отырып, оқытудың тиімділігін арттырып оқушылардың экономикалық білімдері мен тәрбиесінің қалыптасуына көмектеседі.
Бұл дипломдық жұмыста екі бағдарлама бойынша 8 сыныпта өткізілетін «Экономика негіздері» пәнінен сабақтардың ерекшеліктеріне мән береміз. Бұл бағдарламалардағы тақырыптардың сәйкес келмеу себебі біріншіден алдыңғысында пәнді оқыту 3сыныптан басталады да, екіншісінде 8 сыныптан оқытылады. Әрине, бұл жерде тақырыптардың сәйкес кеу немесе келмеуінде емес. Басты мәселе ол тақырыптардың қалай өткізілуінде және оқушылардың материалды жоғары деңгейде қабылдап, тұлғаның өзбетінше шешім қабылдауды дағдыға айналдыруында, бастаған ісіне жауапкершілікті қарауында, ұжым мүшелерімен тіл табысып еңбек етуінде.
8 сыныпта экономика пәнін оқытудың мақсаты:
Экономикалық жүйелер ұғымымен таныстыру, экономикалық жүйелердің құрамдас бөлігімен таныстыру. Нарық құрылымын танып-білуге үйрету. Ақша банк жүйесінің мәселелерін ажырата білуге үйрету.
Пәннің міндеттері:
- экономиканың негізгі сұрақтарының мәнін аша білу;
- нарықтық экономикаға сипаттама беру;
- бәсекелестік, сұраным, ұсыныс ұғымдарымен таныстырып, оларды
нақты ажырата білуге үйрету ;
- ақшаның пайда болу тарихынан мәлімет беру;
- банк түрлерімен бағалы қағаздермен таныстыру.
8 сыныптағы « Экономикалық білім негіздері» пәнінің бағдарламасы
Реті |
Тақырыптары |
Сағат саны |
1.1 1.2. 1.3. 2 2.1.
2.2.
2.3
2.4. 2.5.
2.6.
3 3.1. 3.2. 3.3. 4 4.1.
4.2. 4.3. |
Экономикалық жүйеЭкономикалық ой пікірдің қалыптасуы Экономиканың негізгі сұрақтары Экономикалық жүйенің түрлері Нарық құрылымыНарықтық экономиканың анықтамасы және сипаттамасы Тауарлар мен қызметтер нарығы. Өндіріс факторлары нарығы. Қаржы нарығы. Нарық механизмі және бәсекелестік Бәсекелестік мәні және бәсекелестік түрлері Монополияға қарсы шаралар Сұраным туралы түсінік және оның мөлшері Сұраным қисығы және сұраным заңы. Сұранымға әсер ететін факторлар Ұсыныс туралы түсінік және оның мөлшері Сұраным мен ұсыныстың нарықтық теп-теңдігі. Тепе-теңдік баға. АқшаАқшаның пайда болуы Ақша жүйесі Баға жүйесі Банк жүйесі Банктердің пайда болуы және олардың түрлері Банк операциялары. Несиелеу принциптері. Бағалы қағаздар: мәні, түрлері, өмір сүру циклі. Бағалы қағаздар нарығы. ГлосарийӘдебиеттер тізімі
|
6 2 2 2 1 2 2
2
2 2 2
2
8 2 3 3 8 2
2 3 |
|
Барлығы |
34 |
Бұл “Экономикалық білім негіздері” курсы бойынша бағдарлама Қ.Ағанинаның жетекшілігімен орындалған. Әрі қарай автор оқушыларға қойылатын талаптарды қойған: Білуі, түсінуі тиіс: Экономиканың негізгі сұрақтары, нарықтық экономика, меншік, меншік түрлері, экономикалық жүйені қалыптастыруда жекеменшіктің ролі, ақшаның пайда болуы, ақшаның қызметі, ақша түрлері, ақша айналымы, сұраным мен ұсыныс заңының болуын түсіну, сұраным мен ұсынысқа әсер етуші факторлар, нарықтың қалыптасуы және экономикалық процесті реттеудегі ролі, нарықтық тепе-теңдік деген не? билік және оның қызметі, жай және күрделі пайыз, икемділік көрсеткіштері және экономикалық талдауда олардың мәні.
Үйренуі тиіс: Экономикалық жүйелерге мысалдар келтіру және Қазақстандағы тәжірибе, сұраным мөлшері және сұранымды көрсету, ұсыныс мөлшерін және ұсынысты көрсету, сұранымды, оған әсер етуші факторларға байланысты өзгеруін сипаттауды анықтау, берілген жағдайда мысалдарға сұраным, ұсыныс қимылының графигін жүргізу, жәй және күрделі процентті есептеу, кредитке төлем соммасы мен салынған кредит соммасын есептеу.
8-сынып оқушыларының алған білімдерін тексеруге қойылатын сұрақтар:
- Экономикалық жүйенің құрамдас бөлігі не?
- Бәсекелестік сұраным, ұсыныс ұғымдарын қалай ажыратуға болады?
3.Ақшаның пайда болуы, оны пайдалану тарихынан қандай мысалдар келтіре аласың?
4.Қандай банк түрлерін білесің?
8 сыныпта өткізілген сабақ барысының бірінші үлгі
Сабақтың тақырыбы: Банк жүйесі
- Сабақтың мақсаты: Банктің пайда болу және оның қалыптасу тарихының мазмұнын ашып, банктер шаруашылық өмірдің негізгі буыны екендігін дәлелдеп көрсету.
- Сабақтың көрнекілігі: Таблицалар, диаграммалар, таратпа карточкалар, схема, тақта және т.б.
- Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын қайталап, балалардың өткен сабақты тез ұғынуына көмек беру.
- Жаңа сабақты түсіндіру
Негізгі түсініктер:
- Банк жұмысының қалыптасуы жайлы түсінік беру
- Банк және оның формалары жайлы түсінік беру
- Банк мекемелерінің негізгі қызметкерлері жайлы түсінік беру
- Банк операцияларының мәнін ашу
- Бағалы қағаздар және олардың түрлері жайлы түсінік беру.
Ұғымдар:
- банк
- банк қызметтері
- несиелеу
- маржа
- эмиссиялық банк
- коммерциялық банк
- жинақтаушы банк
- инвестициялық банк
- депозиттер
- бағалы қағаздар түрлері: акция, облигация, вексель т.б.
Әдістемелік нұсқау: “Банк жүйесі” тарихын терең түсіндіру үшін мынадай қосымша оқулықтарды пайдаланып, жүзеге асыруға болады.
“Экономикалық білім негіздері” тест жинақтары. “Банк” тарауы.
“Экономикалық білім негіздері” мазмұнды есептер жинағын пайдалануға болады. Негізгі ұғымдарға жеке-жеке тоқталып, оларға сипаттама беру орынды.
- Бекіту, қортындылау: Бірнеше сұрақтар қою.
- Үйге тапсырма: Банк тақырыбын оқып, түсінгендігін айтып, негізгі түсініктермен таныстыру, сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жасау.
- Бағалау:
8-сыныпта өткізілген екінші сабақтың үлгісі
- Сабақтың тақырыбы: Ақша
- Сабақтың мақсаты: Ақшаның пайда болуы жайлы түсінік беру, оның адам даму тарихындағы қолданылуы мен атқаратын қызметтерімен толығырақ таныстыру.
- Сабақтың көрнекілігі: Ерте кездегі ақша орнына пайдаланылған металдар, дүние жүзі елдеріндегі қолданылатын ақша белгілеріндегі суреттер.
- Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын қайталап, балалардың өткен сабақты тез ұғынуына көмек беру. Өткен сынып тақырыптар негізіндегі «Ақша» ұғымын терең түсіндіру. Ақша адам өміріне өте қажет екендігін түсіндіре отырып, ақшаға ие болудың жолы-еңбек ету қажеттігін ашып түсіндіру.
- Жаңа сабақты түсіндіру
«Ақша» тақырыбын өту бұрын ең алдымен балалардың «ақша» деген ұғымды қалай түсінетіндігін сұрақ-жауап арқылы түсіндіру.
Методикалық нұсқау:
- «Ақша» тақырыбын терең түсіндіру үшін 5 сынып тақырыбын пайдалануға болады.
- “Экономикалық білім негіздері” атты тестер жинағынан алуға болады.
- «Экономикалық мазмұнды есептер» атты оқу-құралын пайдаланып, осы тақырыпқа есептер ұсынуға болады.
Негізгі түсініктерге жеке тоқталып, оларға түсініктеме беру.
Бекіту, қортындылау.
- Үйге тапсырма. Қай елдің ақшасы қалай аталатыны жөнінде мәлімет жинақтау.
- Бағалау.
8-сыныптағы келесі сабақтың үшінші үлгісі
- Сабақтың тақырыбы: Нарық құрылымы
- Сабақтың мақсаты: Нарықтық экономика дегеніміз не және оның қалай сипатталатынын ашып түсіндіру.
- Сабақтың көрнекілігі: графиктер, таблицалар, диаграммалар және т.б.
- Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын қайталау.
- жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақ:
Нарықтық экономиканың анықтамасын және сипатын ашып түсіндіру. Бірнеше, мынадай сұрақтар қоюға болды:
- Нарықтық экономика деп нені айтамыз?
- Нарықтық экономиканың негізгі элементтеріне нелер жатады?
- Нарықтың түрлері
- Бәсекелестік мәні және түрлері
- Монополияға қаржы шаралар.
- Сұраным жайлы сұрақтар:
- сұраным жайлы түсінік және оның мөлшері
- сұраным ұғымы және сұраным заңы
- сұранымға әсер ететін факторлар
- ұсыныс туралы түсінік және оның мөлшері
2 пункт бойынша жеке сұрақтардың әрқайсысына тоқталып, түсіндіру барысында қосымша таблицаларды, графиктерді пайдалана отырып, терең мазмұныны ашып көрсетуге болады.
Методикалық нұсқау:
Нарық құрылымы тарауын оқушылардың терең түсінуіне әрі қарай көмек көрсететін бірнеше оқу құралдарын ұсынуға болады.
- «Экономикалық білім негздері» 5 сыныпқа арналған оқулығындағы «тұтынушы» тақырыбын қайталай отырып түсіндіруге болады.
- “Экономикалық білім негіздері” атты тестер жинағынан пысықтау сұрақтарын пайдалануға болады.
- «Экономикалық мазмұнды есептер» атты жинақтан сәйкес есептер ұсынуға болады.
Негізгі түсініктер: нарық, монополия, сұраным, ұсыныс т.б. тақтаға жазылып, есте сақтауға ұсынылады.
Бекіту, қортындылау: Бірнеше сұрақтар қою.
- Үйге тапсырма: Сұраныс ұғымын қалай түсінесің, мысал келтір.
- Бағалау.
8-сынып материалдары мазмұнына сәйкес тестер:
- Кәсіпорынның барлық қолдағы ақшалар сомасының жиынтығы сақталатын орын
А) касса
Б) облигация
В) вексель
- Кәсіпкер немес кәсіпорын табыстарын мемлекетке төлейтін бөлігі
А) салық
Б) табыс салғы
В) қор
3)Экономикалық теория ғылым ретінде қай ғасырда пайда болды?
А) XVII-XVIII ғ.ғ.
Б) XVI-XVII ғ.ғ.
В) XVIII-XX ғ.ғ.
- Не, қалай, кім үшін деген проблемалар қай экономикалық жүйеге қатысты?
А) тек қана жоспарлы экономикаға
Б) тек қана нарықтық экономикаға
В) кез-келген экономикалық жүйеге
- Төменде келтірілгендердің қайсысы нарықтық экономикаға жатады?
А) жер, жер қойнауындағы қазба-байлықтар
Б) капитал, құрал-жабдықтар, станоктар
В) ақшалар, вексель, облигациялар
- Егер тауарларға сұраныс пен ұсыныс өсетін болса…
А) баға өседі
Б) тауардың жалпы саны өседі
В) баға тұрақты болып қала береді
8- сынып ситуациялық жұмыс түрі:
- Алматыдағы жарыс
Ситуациялық жағдайды оқып, есептеуге дайындық жүргізу. Мысалы: жарысқа Ресейден келген Саша, АҚШ-тан келген Джон, Өзбекстаннан келген Шухрат танысып, дос болып бірге жүреді. Бір күні үшеуі бірігіп, футбол добын сатып алмақшы болады. Олардың әрқайсысы қалталарынан өз мемлекеттерінің ақшаларын алып, бір-біріне таныстырды. Сонда:
1.Ресейден келген Сашаның …
2.АҚШ-тан келген Джонның…
3.Өзбекстаннан келген Шухраттың…
ақша белгілері қалай аталынды?
- Енді олар үшеуі де осы ақшаларын теңгеге айырбастау үшін Валюта айырбастау пунктіне келіп, ақшаларын бүгінг валюта курсы бойынша айырбастайды. Сонда:
- Сашаның …
- Джонның …
- Шухраттың …
Тенгеге айырбастаған ақшаның бағаны (курсы) неге тең болады?
- Проблемалық жағдайлар
Ситуациялық жағдайды оқып, берілген сұрақтарға жауап беруге дайындау жүргізу. Мысалы: Тоғжан мен Банудың мамалары банктен кредит алмақшы. Тоғжанның мамасы үй кредитін, ал Банудың мамасы кәсіпорын кредитін ашуды жоспарлап банкке жөнелді:
Бір көшенің бойында орналасқан банктерді көреді:
- Ипотекалық банк
- Иннавациялық банк
- Инвестициялық банк
Тоғжанның мамасы кредит алуға қай банкке кіреді?
Ал Банудың мамасы қай банкке барып кредит алады, анықтаңдар?
Серпінді даму сипатындағы мамандану заманында экономикалық білім, жаңаша экономикалық ойлау қабілеті кез келген мамандық иесінің, саналы азаматтың, бәсекеге қабілетті тұлғаның ажырамас сипаты болуы керек. «Қолданбалы экономика» бағдарламасы келешек мамандардың, әсіресе орта мектептен кейін білімін жалғастырмайтын жастардың қоғам өміріне тез бейімделуіне қажетті экономикалық білім, білік, дағдыларды оқушылардың бойына дарытуға бағдар ұстайды. Осы тұрғыдан алғанда бағдарламаның мақсаты оқушылардың парасатты экономикалық іс-әрекетке, әлеуметтік бейімделуіне қажетті құзіреттерін қалыптастыру. Бұл мақсатқа қол жеткізу жолындағы бағдарламаның міндеттері оқушыларды қоғамдық экономика қызметтерінің негіздерімен, жеке тұлғаның өз мүдделеріне қол жеткізу жолдарымен, рыноктік экономиканың даму заңдылықтарымен, шағын бизнестік әлеуметтік-экономикалық маңызымен, мемлекеттің экономикалық қызметтерімен, халықаралық экономикалық қатынастармен таныстыру.
Оқу үдерісінің тиімділігін арттыру үшін практикалық сабақтарда әртүрлі іскерлік ойындар, еркін проблемалық талқылау сияқты инновациялық материалдар мен құралдар қолданылуы керек.
Тармпидің «Экономикалық теория және құқық ілімдері» кафедрасының аға оқытушылары Р.У.Жантілеуова мен Б.К. Көзжановтың «Дарын» мектеп интернатының 8-сыныбына «Қолданбалы экономика» пәні бойынша құрастырған құрастырған бағдарламасы.
І. Экономиканың мәні және құрамдық бөлімдері (2 сағат).
- Экономиканың мәні. Микроэкономика және макроэкономика.
- Экономиканың қоғам дамуындағы рөлі.
ІІ. Экономикалық ресурстар (9 сағат).
- Экономикалық ресурс түсінігі.
- Табиғи ресурстар және табиғат қорғау мәселесі.
- Материалдық ресурстар.
- Еңбек ресурстары.
- Қаржы ресурстары.
- Ақпараттық ресурстар.
- Альтернативті ресурстар.
- Экономикалық ресурстардың шектеулігі.
- Экономикалық таңдау мәселесі.
ІІІ. Қоғамдық өндіріс негіздері (9 сағат).
- Қажеттіліктер және олардың түрлері.
- Өндіріс факторлары: жалпы сипаттама.
- Еңбек факторы.
- Капитал факторы.
- Жер факторы.
- Кәсіпкерлік қабілет- ерекше өндіріс факторы.
- Ұдайы өндіріс: түрлері, типтері.
- Өндіріс нәтижесі: игілік, оның түрлері.
- Өндіріс тиімділігі.
- Экономиканың әлеуметтік қызметі (14 сағат).
- Экономиканың мақсаты- халықтың әл- ауқатын көтеру.
- Еңбекті ұйымдастыру.
- Еңбек өнімділігі.
- Қоғамдық еңбеек бөлінісі.
- Еңбек рыногі.
- Еңбекақы- жеке табыстың негізгі түрі.
- Тұтыну және оның түрлері.
- Жеке және қоғамдық тұтыну.
- Тұтыну қоржыны.
- Тұтынушы мінез-құлқы.
- Тұтынушы бюджеті.
- Тұтынушы құқы.
- Тұтынушы құқын қорғау.
- Рыноктік экономикадағы табыс түрлері (факторлық табыстар).
2.2 8 сынып оқушыларына «Экономика негіздері» бойынша тақырыптардан сабақ беру үлгілерін талдау
Сабақтың тақырыбы: «Кәсіпкерлік қабілет- ерекше өндіріс факторы»
Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерліктің мәнін және оның түрлерін көрсету. Оның экономикадағы орны мен ҚР кәсіпкерлікпен таныстыру.
Білімділік:Оқушыларға экономикалық мағлұматтар бере отырып, фирма және кәсіпкерлік туралы түсінік қалыптастыру, келешекте фирма ашуға ой тастау.
Дамытушылық:Оқушының экономикаға қызығушылығын арттыру арқылы ізденуге баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеу. тиімді іс әрекет етуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Жаңа сабақ
ІІІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмалар
ІV. Қорытынды
Жаңа сабақ.
Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады. А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
Кесте Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерліктің жіктелуі
Кәсіпкерліктің түрлері
|
С и п а т т а м а с ы |
Өндірістік кәсіпкерлік |
Тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. |
Коммерциялық кәсіпкерлік
|
Тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар жасау. |
Қаржылық кәсіпкерлік |
Коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың обьектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады. |
Делдалдық кәсіпкерлік |
Бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Мұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады. |
Сақтандыру кәсіпкерлігі |
Кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. |
Кәсіпкерлікке тәуекелділік тән, ал тәуекелділік дегеніміз – жоспар немесе болжауда қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдылығы. Тәуекелділіктің төмендегідей түрлері болады:
- өндірістік;
- коммерциялық;
- қаржылық;
- несиелік;
- проценттік;
Кәсіпкерлік нар тәуекелге бел буып қойған мақсатына жету
Кәсіпкерліктің бір түрі фирма – алдына мақсат қойған, тәуекелділікке баратын бір немесе бірнеше кәсіпорындары бар және пайда алу мақсатында тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіру үшін ресурстарды тиімді пайдаланатын ұйым. Фирманың басты мақсаты минимум шығын жұмсап, максимум пайда табу.
Серіктестік – деп екі немесе одан да көп адамдардың алдына мақсат қойып, бірлесіп айналысатын бизнесті атайды. Серіктестіктің артықшылығы оны ұйымдастырумен, қосымша қаржыны бірігіп басқаруға жеңіл. Кемшіліктері қатарына капиталдың жетіспеушілігі мен табысты бөлудегі бірауыздылықтың болмауы жатады. Корпорация – деп бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы аталады.
Оқушылардың білімін тексеруге қойылатын сұрақтар:
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру
- Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны?
- Кәсіпкерліктің қандай түрлері бар?
- Делдалдық кәсіпкерлікті қалай түсіндіңдер?
- Тәуекелділік дегеніміз.?
- Кәсіпкерліктің қандай формалары бар?
- Фирма ұғымына түсінік бер
- Венчурлық фирманың қызметі қандай?
2-тапсырма. Анаграммаларды шешу
Кяцоопари
Ріескетсікт
Ирфам
Әкіспрлкіек
Ежке
Ыдқедлалд
Омкермияцыл
Рекитд
Ыймұ
3-тапсырма. Экономикалық диктант
- ……………… фирма ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын…………………… ұйымдар. Венчурлық ……………….. жаңалықтармен бизнес жасайды. Жаңа өнімнің рынок талаптарына сатып алушылар ……………… төменгі шығындарға сай келмей қалуының мүмкін болуына байланысты «…………. . ……………» тәуекел етеді. Венчурлық кәсіпкерліктің отаны …………. болып табылады. (венчурлық, коммерциялық, кәсіпорындар,қажеттіліктеріне, күйіп кетуге, АҚШ)
4-тапсырма. Эссе жазуға арналған тақырыптар:
- Егерде мен кәсіпкер болсам……….
2.Менің болашақтағы кәсібім………
5-тапсырма. Оқушы білімін тексеру, сол үшін кестені толтыру
Кәсіпкерліктің түрлері |
Артықшылықтары |
Кемшіліктері |
Серіктестік
|
|
|
Корпорация
|
|
|
Қорытынды:Сабақтың соңында мұғалім кәсіпкерліктің бүгінгі жағдайымен таныстырады, оның экономикадағы алатын орны, кәсіпкерлерді мемлекет қолдау үшін жеңілдіктердің берлетіні туралы мәлімет береді.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқу және эссе орындау
2-сабақ үлгісі
- Сабақтың тақырыбы: Экономиканың мәні
- Сабақтың мақсаты: Экономика пәнінің мазмұны, мақсаты, шығу тарихымен таныстыру. Экономика, үй шаруашылығы, ел шаруашылығы, кәсіпорын шаруашылығы, игілік ұғымдарымен таныстыру, қызметтерін түсіндіру, практикада қолданылуына мысалдар келтіру.
- Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кітап, жұмыс дәптері (егін шаруашылығы, үй шаруашылығы, зауыт, фабрика, суреттер)
- Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын сұрау
- Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақ:
Методикалық нұсқау: Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ қоя отырып, сұрақ-жауап негізінде өткізуге болады.
Адамға өмірде не керек?
Өздеріңе не қажет?
Адамға – ең бірінші баспана, тамақ, киім қажет. Сонымен қатар адамға демалыс қауіпсіздік, медициналық көмек, транспорт т.б., яғни адамдар өз өмірін қамтамасыз ету үшін қажеттіліктер жолын іздестірген. Адамдар өздеріне қажеттің бәрін дайын күйінде табиғаттан ала алмайды, сондықтан қажетті игіліктерді өздері өндіруіне тура келеді деп түсіндіре келіп, қажетті игіліктерді өндіретін өндіріс орындары бар ма? Осы жөнінде оқушылармен әңгіме құрып өткізуге болады.
Адамның материалдық қажеттіліктеріне сұраныспен экономика айналысады.
«Экономика» — сөзі гректің термині «экос» — үй шаруашылық, «номос» — заң деген сөздерінен құралатынын, гректерше — үй шаруашылығын жүргізу заңдылығы дегенді білдіретінін түсіндіру керек.
Экономика термині қазіргі кезде экономика деп тек үй шаруашылығын ғана емес, кәсіпорын шаруашылығын, мемлекет шаруашылығын да атайтынына назар аударатып, үй, кәсіпорын, ел шаруашылығын төмендегідей сипаттама беруге болады.
Немесе мына торларға шаруашылық суреттерін іліп түсіндіруге болады:
|
|
|
Үй шаруашылығы – бұл жанұя шаруашылығы, яғни үй, бақша, саяжай, жиһаз, ыдыс-аяқ және әр түрлі мүліктер жатады.
Кәсіпорын шаруашылығы – бұл ғимараттар, құрал жабдықтар, машиналар т.б.
Ел шаруашылығы – бұл барлық жер қойнауындағы жер байлығы, егіс даласы мен орманда өсетін өсімдіктер, ағаштар, теңіз бен өзен байлықтары және адам қолынан жасалған: ауыл, қала, зауыт, фабрика, шахта әртүрлі машиналар.
Содан соң игілік және тегін игіліктер туралы айту керек.
Сабақты тұжырымдай келе:
“Экономика дегеніміз – шаруашылық және адамның, кәсіпорынның, тұтас мемлекеттің шаруашылық іс-әрекеті”- деп қорытып, дәптерге осы анықтаманы жаздыру керек.
Адамдардың барлық игіліктері мен қызмет көрсетуін өндіру үшін төмендегі қорлар пайдаланылады: табиғи қорлар, еңбек, машина, құрал жабдықтар және т.б. Осыған қосымша не жатады? Осы сұрақтың жауабын дәптерге жазбаша орындауға беру керек. Отбасында осы қорлардың қайсы түрлері бар? Сұрақтарын алдын ала беруге де болады: трактор, үй, мал, ата-ананың қызметі, ақша және т.б.
- Үйге тапсырма: Бастауыш сыныптан таныс экономикалық ұғымдарды дәптерге тізіп жазып келуді ұсынуға болады
- Бағалау
3-сабақ үлгісі
- Сабақтың тақырыбы: Тұтынушы және олардың мінез-құлықтары.
- Сабақтың мақсаты: Тұтынушылар және олардың мінез-құлықтары, бюджет, сауда кредит, процент, сақтандыру, сақтық қор, табыс, шығын, жинақ, инфляция, нақтылы табыс, нақты табыс терминдерімен таныстыру. Күнделікті қолдануға үйрету. Өз құнын есептеуге, үнемділікке тәрбиелеу.
- Сабақтың типі: Семинар сабақ
- Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- үй тапсырмасын сұрау
- жаңа сабақты түсіндіру
Ұғымдар:
- тұтынушы мінез-құлқы,
- тұтынушы кредиті,
- сауда,
- табыс,
- шығын,
- бюджет,
- инфляция,
- нақтылы табыс,
- процент.
Осы ұғымдарға қысқаша түсініктеме бере отырып, өзара байланыста қарау.
Біз тұтунышымыз.
Тұтушының іс-әрекеті өндірушіге негізгі сұранысты анықтап, не өндіру және қанша өндіру керек деген сұраққа жауап іздеуге көмектеседі.
Барлық қажеттілікті сатып алмастан бұрын, еңбек етіп ақша табуы және табысы болуы болу керек.
Тұтушынылардың шығыны олардың табысы мен бірге өседі.
— адамда қандай шығын болады?
— тамақ, киім, баспана, кітап т.б.
Мүмкіндігінің шектеулілігі тұтушының қолында бар қаражатын ойланып, үнемдеп ұстауға итермелейді. Үнемдеген қаражатты адам жинайды. Тіпті кейбіреулерінде өздерінің жинақ сандықшалары болады. Ал үлкен адамдар банкте сақтайды.
Банкте сақтау үшін не істейді? Есеп шот ашады, банктер оларға салым санына байланысты процент төлейді. Кей жағдайда ақша керек болса, банктен қарыз ақша алады, оны банкке қайтаруға міндетті. Әр тұтунышы және оның қаржысы шектеулі. Сондықтан да бір қажеттілігін сатып ала отырып екіншісіден бас тартады. Күнделікті шығынды қадағалап отырады. Табыс пен шығынды сәйкестендіріп отыру керек. Ол үшін жоспар жасалынады – бюджет.
Тапсырма: Тұтынушылардың мінез құлықтары қандай жағдайларда өзгереді
Көрсетілген суреттерге сұрақтар қою: 1. тұтынушының қуанышын түсіндір. 2.мына тұтынушыға қандай сипаттама бересің? 3. Тұтынушы қай уақытта ойланады? 4. тұтынушы неге жылады? 5. тұтынушы неге жылап тұр?6. Тұтынушы неге ренжіді?
Методикалық нұсқау: Міне осы реттегідей баяндау арқылы түсіндіруге болады.
Тапсырмалар:
Мына экономикалық терминдерге:
-алтын,
-ақша,
-бюджет,
-қор,
-зейнетақы,
-жұмыс,
-тауар,
-өнім,
-пайда қысқаша түсінік беруді талап етуге болады.
- Үйге тапсырма:
- От басының айлық кірісін есептеу.
- От басының айлық бюджетін есептеу.
- От басының айлық шығынын есептеу.
- От басы шығынының қандай түрлерін үнемдеуге болады.
- Бағалау.
4-сабақ үлгісі
- Сабақтың тақырыбы: Еңбекті ұйымдастыру
- Сабақтың мақсаты: Еңбектің алуан түрлілігіне байланысты оны дұрыс ұйымдастыру еңбек нәтижесінің жоғары болуына ықпал ететіндігі жөнінде оқушыларға түсіндіру. Еңбек жағдайында болатын түрлі ахаулардың шығу себептерін түсіндіру.
- Сабақтың көрнекілігі: еңбектің түрлері туралы суреттер, еңбек жағдайындағы қарапайым ережелер көрсетілген түрлі плакаттар. Еңбек ету құқы туралы ережелер.
- Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақты қайталауға арналған сұрақтар:
— Еңбек қорларына не жатады?
— Еңбекке қабілеттілік дегенді қалай түсінесіңдер?
— Жұмыссыздық дегеніміз не?
- Жаңа сабақты түсіндіру
Методикалық нұсқау: “Адамның еңбегі” деген тақырыптағы “еңбекке деген қабілеттілік” және “еңбек өнімділігі” терминдерін пайдалану.
Еңбек ету құқы туралы заңды пайдалану: келісім шарт, еңбек кітапшасы туралы мағұлматтар беру.
Еңбек етудегі салғырттық салдарынан болған өндірістік ахуалдар туралы нақты мысалдар келтіру.
- Бекіту, қортындылау
Қазіргі кездегі жаңа мамандықтар жайлы не білесіңдер?
«Экономикалық білім негіздері» тест жинақтарын пайдалануға болады.
- Үйге тапсырма: кітаптағы (62-63 бет) сұрақтарға жауап беріңдер.
- Бағалау
5- сабақ үлгісі
- Сабақтың тақырыбы: Капитал қозғалысы
- Сабақтың мақсаты: Капитал түрлері туралы түсінік беру. Капитал қозғалысының мәнін, мазмұнын, жұмыс істеу принципін түсіндіру.
- Сабақтың көрнекілігі: капитал түрлеріне әр түрлі суреттер. Айнымалы капиталға схема.
- Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- үй тапсырмасын сұрау
- жаңа сабақты түсіндіру
Методикалық нұсқау: Нақты бір тауар өндірісін мысал ретінде алып сабақты сұрақ-жауап негізінде түсіндіру. Мысалы: Алматы қаласындағы РАХАТ кондитерлік фабрикасы.
Оқушыларға мынандай сұрақтар беруге болады:
- РАХАТ фабрикасы жұмыс істеу үшін ең бірінші не қажет?
- РАХАТ фабрикасы сапалы өнім шығару үшін басқа қандай өндіріс орындарымен тығыз байланыста болуы керек? т.б.
Кітап шығару үшін қандай табиғат, капитал және еңбек ресурстары қажет деп ойлайсың? Жауабы төмендегі кестеге толтырылады.
Табиғат қорлары |
Капитал қорлары |
Еңбек қорлары |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
- Бекіту, қорытындылау;
- Айнымалы капиталға мысал келтіріңдер
- Сөздікпен жұмыс.
- «Экономикалық білім негіздері» тест жинақтарын пайдаланады.
- Үйге тапсырма: Нақты бір фирманың өнімін алып капитал қозғалысын сипаттау.
- Сол жақтағы терминдердің анықтамасын қарындашпен бағыттап көрсет.
1. Шектеулік 2. таңдау 3. Баяндама Күн 4. Табиғи қорлары 5. Капитал қорлары 6. Еңбек қорлары 7. Кәсіпкерлік 8. Менеджер |
1. пайда табу мақсатында атқарылатын экономикалық әрекет 2. елдің еңбек етуге жарамды бөлігі 3. өндіріске қолданылатын көпір, мұнай құбыры, мекеме, машина, жабдықтар 4. кәсіпорынды кәсіптік деңгейде басқарушы адам 5. өндіріске қажет қордың жетіспеушілігі 6. балама мәні төмен заттан бас тарту, не өз түсімінен айырылу айырылу 7. бір нәрсені қолдану таңдау 8. Өндіріске қажет табиғи қорлар |
- Бағалау:
6-сабақ үлгісі
- Сабақтың тақырыбы: Кәсіпкерлік.
- Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерлік туралы түсінік беру. Кәсіпкерлік мақсатына жету жолындағы қиыншылықтар мен табыстарға қол жеткізуге болатындығы арқылы оқушыларды алға қойған мақсатқа жетуге тәрбиелеу.
- Сабақтың типі: Семинар сабақ
- Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасы жеке кәсіпкерлік туралы заңы. Қазіргі кәсіпкерлер туралы суреттер, кітаптар, газет-журналдар.
- Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын сұрау
- Жаңа сабақты түсіндіру
Методикалық нұсқау. Қазақстан Республикасы жеке кәсіпкерлік туралы заңы. Қазіргі кәсіпкерлер туралы суреттер, кітаптар, газет-журналдар. Ұғымдар
- кәсіпкерлік
- бизнес
- жауапкершілік
- тәуекел
- Бекіту, қортындылау.
- Сөздікпен жұмыс.
- Кәсіпкерге тән қасиеттерді жұмыс дәптерге жазу
- Үйге тапсырма.
- Жеке кәсіпкер туралы газет-журналдардан іздену (өмір баяны, қызметі).
- Мына суреттерге қарап тақырыптың атын көрсету керек және қысқаша әңгіме құрастыру .
- Бағалау.
Тақырып Рыноктық экономикадағы табыстар.
Сабақтың мақсаты: білімгерлердің экономикалық білімдері мен мәдениеттерін қалыптастыру, оларды қазіргі қоғамдағы кездесетін экономикалық мәселелерді талдау жасауға және болып жатқан өзгерістерге өз пікірлерін білдіруге үйрету, сонымен қатар экономикалық білімдерін күнделікті тәжірибелерінде қолдануға дағдыландыру.
Сабақтың міндеттері:
-өндіріс факторлары туралы әр түрлі көзқарастармен таныстыру;
-өндіріс факторлар рыногының ерекшеліктерін түсіндіру;
-өндіріс факторларының бағалары мен табыстардың арасындағы байланысты анықтау;
-ҚР өндіріс факторлар рыногындағы жағдайға талдау жасау.
Жоспар
1.Табыстардың қалыптасуының рыноктық механизмі. Табыс өндіріс факторларының бағасы ретінде.
2.Еңбек рыногы және жалақы. Жалақыны дифференциациялау принциптері.
3.Капитал рыногы және пайыз.
4.Жер ресурстар рыногы және жер рентасы.
5.Пайда факторлық табыс ретінде.
Жаңа сабақты түсіндіру
Адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін керек өнімдер өндіріс факторларын пайдалану арқылы өндіріледі. Өндіріс факторларына мыналар жатады: жер, еңбек, капитал және іскерлік.
Білімгерлер өндіріс факторларымен қысқаша 2 тақырыптан таныс. Ал бүгінгі сабақта өндіріс факторларының рыноктары және олардың бағаларының қалыптасу ерекшеліктері, сонымен қатар осы өндіріс факторларының иелеріне тиесілі бөлінетін табыс түрлері қарастырылады.
Өндіріс факторларының рыногы рыноктық экономикаға ғана тән, социализм тұсында өндіріс факторларының рыногы болған жоқ. Себебі оларды мемлекет жоспарлы түрде кәсіпорындарға бөліп берген.
Қазіргі кезде ҚР өндіріс факторларының рыноктары қалыптасқан, бірақ әлі күнге дейін шешімдерін таппай отырған мәселелер де жоқ емес. Оларға мыналар жатады: еңбек рыногындағы кәсіби білікті мамандардың жетіспеушілігі, осыған сәйкес жалақы деңгейінің төмен болуы, шикізат тауарларының басым бөлігі экспортқа бағытталған, яғни өңдеуші салалардың әлі де аз болуымен байланысты. Өзімізде өндірілетін тауарлардың бағасының жоғары болуы, мысалы бұған мұнай бағасы жатады.
1-сұрақ. Өндіріс факторлары туралы бірнеше көзқарастарды қарастырамыз:
1.Маркстік ілім К.Маркс өндіріс факторларын 2-ге бөлді: жеке( адамдар және олардың білімі) және материалдық –заттай(өндіріс құрал — жабдықтар)
- Классикалық мектептің өкілдері өндіріс факторларына еңбек, жер және капиталды жатқызды да А.Смит капиталды қорланған заттардың запасы деді, ал Д. Рикардо капиталды өндіріс құрал – жабдықтары деп түсіндірді.
3.Ж.Б.Сэй: қоғамдағы құн мен табыстың қалыптасуына барлық факторлар бірдей қатысады.
- Дж Кларк: Әр фактор өз өнімділігіне қарай табыс табады, яғни жұмысшы еңбегіне қарай жалақы, жер иесі –жер рентасын, капитал иесі – пайда табады.
Өнімді өндіруге барлық факторлар бірдей қатысады. Егерде олардың біреуі болмай қалса өндіріс болмайды. Сондықтан өндірілетін өнімнің санына жұмыс күші мен капитал көлемі сәйкес болуы керек. Тауарларға жұмсалатын өндіріс факторлары арасындағы үйлесімділік әр түрлі болады. Мәселен жұмысшы күшін аз жұмсау, олардың білімділігіне және іскерлік қабілеттіліктеріне байланысты.Неғұрлым өндірісте өндіріс факторларын тиімді ұйымдастырса соғұрлым пайда артады. Пайда фирманың табысынан(Р*У)өндіріс шығындарын алып тастағаннан қалғаны.
2-сұрақ. Өндіріс факторларының бірі жұмысшылардың жұмысшы күші. Ол өндірісте жалақы деп аталатын табыс әкеледі. Жалақы- бұл жұмыс күшінің баға формасы.
Еңбек рыногындағы тауар жұмысшы күші. Жұмыс күшінің иесі жалдамалы жұмысшы, ал оны сатып алушы кәсіпорын иесі. Еңбек рыногындағы жұмыс күшінің бағасы жалақы және жалақы жұмысшының табысы. Жалақы екі түрге бөлінеді: номиналды және нақты. Номиналды жалақы жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақша сомасы. Нақты жалақы адамдардың қажеттіліктеріне керек тауарларды сатып алуға жұмсаған номиналды жалақының бір бөлігі. Еңбек рыногында сұраныс пен ұсыныс заңдары әрекет етеді. (график салынады) Еңбек рыногын мемлекет пен кәсіподақ реттеуге қатысады. Қазіргі кезде ҚР орташаайлық еңбекақыны 92995 теңгені құрайды. Жоғары жалақы қаржы, тау-кен және мұнай саласы қызметкерлерінікі 166 мың теңге, ал ең төменгі жалақы ауылшаруашылық қызметкерлерінде 46 мың теңге. Жоғары жалақы Атырау, Маңғыстау аймақтарында болса, төменгі жалақы ОҚО және Жамбыл облыстарында 64 мың теңгені құрайды.
4-сұрақ. Жер және оның қойнауы өндірістің үш факторының бірі бола отырып рента деп аталатын табыс әкеледі. Жер ұсынысы шектеулі, оның саны берілген, тұрақты және көбейтуге келмейтін ерекше фактор. Жер ұсынысының шектеулігі және икемсіздігі ауыл шаруашылығында баға құру ерекшілігін ескереді. Бұл жағдайды барлық экономикалық мектептер қолдайды. Жер рентасының абсолюттік және дифференциалдық түрлерін классикалық мектеп көрсеткен. Дифференциалдық рента құнарлығы өте жоғары және орташа учаскіде алынған өнімнің бағасы мен нашар өндіріс жағдайымен анықталатын жалпы өндіріс бағасының арасындағы айырмашылық ретінде жақсы және орташа жер учаскесінде пайда болады. Неге ауыл шаруашылық өнімінің қоғамдық бағасы орташа немесе өте жақсы жағдаймен емес, нашарлау жағдаймен анықталады. Себебі жер шектелген және орташа мен өте жақсы жерлерден түскен өнім қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыра алмайды. Егер сұраныс ұсыныстан асып кетсе, онда рыноктық баға нашар учаскедегі тауар бағасы деңгейіне дейін көтеріледі. Дифференциалдық рента –бұл өндірістегі қоғамдық және жеке бағалар арасындағы айырмашылық. Ол жағдайы нашар учаскеде пайда болмайды. Жердің құнарлығы, орналасу орны бойынша немесе мұнайдың қоры байжерлерде шаруашылық жүргізген кәсіпкерлер орташа пайдадан артық табуға мүмкіндік береді. Осы артық табыс дифференциалды рента деп аталады. (жер рыногының графигі)
ҚР жерге жеке меншік 2003 жылғы «Жер туралы» заң қабылданды, содан бері жер тауарға айналып, жер рыногы қалыптасты. Жер рыноктық бағамен сатылып өткізіледі. К.Маркс жердің құны жоқ, ол табиғаттың сыйы, оған адам еңбегі жұмсалмаған.Сонда жер учаскесінің бағасы қалай анықталады. Ол екі өлшемге тәуелді: 1)Жер учаскесінің иесі ретінде алатын жер рентасының көлеміне.2)Қарыз процентінің ставкасына. Жер бағасы (формула). Жер бағасы әр түрлі факторлар әсеріне өзгереді: қозғалмайтын мүлік бағасының өсуі, фермерлер табысының төмендеуі, қарыз ставкаларының өсуі.
Экономика пәндерінен әр түрлі бағдарламамен сабақ үлгілерін көрсету барысында байқағанымыз, біріншіден екі бағдарламада жалпы орта мектеп стандарттары негізінде орындалған, сабақты жүргізу барысында мұғалімдер интерактивті әдістерді пайдаланды, оларға «миға шабуыл», есеп шығару, жаттығулар орындау, сөзжұмбақ жасыру, проблемалық сұрақтар қою, БАҚ — ды пайдаланып жұмыс істеу, өзіндік жұмыстар( эссе, бақылау жұмысы, реферат жазу және тағы басқалар) орындалды. Екінщі бағдарлама бойынша сабақ беру ыңғайлы, өйткені бағдарламаның тақырыптары экономикалық оқулықтардағы тақырыптарға сәйкестендіріліп орындалған. Бірінші бағдарлама 3-сыныптан басталып 11-сыныпқа дейін экономика пәнін оқитын мектептер үшін арналған болса, екінші бағдарлама 8-сыныптан бастап 10сыныпқа дейін оқитын мектептер үшін арналып құрылған. Сондықтан да екі бағдарламадағы тақырыптар бір біріне сәйкес келе бермейді. Бұл жердегі басты артықшылық профессор Қ.Ағанинаның бастауыш сыныптан бастап жоғары сыныптарға арналған мектепте экономика пәнін оқытудың әдістемесін жазуы. Себебі осы уақытқа дейін экономика пәнін оқытудың әдістемесі болған емес. Бұдан былай осы әдістемеге сүйеніп сабақ беруге болады. Сондықтан экономика пәнін оқытудың әдістемесі даяр болғандықтан қазіргі кезде мектептердегі экономика пәнін оқытуды төменгі сыныптардан бастап, оны Республиканың барлық мектептерінде оқытуға рұқсат беру керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мектепте берілетін тәрбие салаларының ішіндегі кейінгі жылдары, әсіресе Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін жиі айтылып жүрген тәрбие саласының бірі – экономикалық тәрбие. Аталған тәлім-тәрбие саласының болашақ ұрпаққа берері мүмкіндігі зор. Елбасы «Тарих толқынында» атты еңбегінде 21- ғасырда геосаясаттың орнын бірте-бірте геоэкономика ала бастайтынын айтып, біздің елімізде шын мәнінде алдымен экономика содан соң саясат мәселелері шешілді.
Сонымен қатар, Н.Ә.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында да алдымен Қазақстанда экономиканың тұрақты өсуінің қамтамасыз етілуіне көңіл бөлінетіні туралы айтылған еді. Ал, осы экономиканың жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ететін бүгінгі жастар. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті «Қазақстан-2030» бағдарламасында: келешекте балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болатынына сеніммен қарап, бүгінгі күнге дейін олардың жағдайын жасауда. Сондықтан, бүгінгі күні қоғам талабына сай, қоғамды көркейтетін, дамытатын жастарды тәрбиелеу ең маңызды іс болып саналады.
Елдегі жүргізіліп жатқан экономикалық өзгерістер еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін аралықтағы Қазақстан халқының әрбір азаматына өз ықпалын тигізуде. Сондықтан да әрбір азамат, әрбір оқушы экономика дегеннің не екенін біліп, үйреніп, өмірде экономикадан тәлім-тәрбие алуы тиіс.
Мектепте оқушыларға білім берудегі мақсат-білімнің әр саласынан хабардар етіп, сол білімнің керектігін, оның өмірде өзгеріске ұшырайтынын, жастарды өмірге бейімдеп, олардың дүниетанымын қалыптастыру екенін түсіндіру. Экономика пәні арқылы оқушылардың экономикалық тәлім-тәрбиесі саналы түрде қалыптастырылады.
Экономикалық тәрбие ойдың дамуын қамтамасыз етеді, өнегелі, іскерлік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Мұның бәрі экономикалық қызметті атқару кезінде іске асады. Экономикалық тәрбиеде мынадай қасиеттер қалыптасады:
-қоғамдық белсенділік;
-іскерлік, ілкімділік, құнттылық;
-қоғамдық немесе жеке мүлікке көзінің қарасындай қарау, оны талан-таражға жібермеу;
-жаңа технологияны іске қосу, пайдалану;
-өнімнің сапасын қадағалау, баюдың жолын іздеу.
Мектеп қабырғасында экономикалық тәрбие беру маңызды және оны берудің жолдары сан алуан. Оны әртүрлі пәндер арқылы және сабақтан тыс іс шараларда іске асыруға болады. Әрине, мұндай істі мектептің өзінің кішігірім өндіріс орындары арқылы іске асырса, өте дұрыс болар еді. Оқушылардың экономикалық сауаттылығы да жоғары болу керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жақсы көрсетілген. Ондағы негізгі ойлар оқушыларға берілетін экономикалық тәлім-тәрбиенің тиімділігі мына деңгеймен бағаланады:
-оқушының экономикалық түсінігі; экономикалық білімді іс жүзіне асыра білуі;
-еңбекке деген жауапкершілік;
-экономикалық сананы қалыптастыру.
Оқушыларға экономикалық білім олардың жас және жеке бас ерекшеліктеріне санасына сай түрінде беріледі.
Білім беру жүйесінің 12 жылдыққа көшуі жалпы орта мектеп бағдарламасының мазмұнына келесідей талаптар қоюда. Олардың мазмұны оқушылардың өзбеттерінше шығармашылық жұмыстармен айналысуларына мүмкіндік беретіндей, айналасындағылармен адамгершілік қарым-қатынаста болып, сапалы өнім өндіруге, Отанына адал қызмет етуге даяр болатындай болу керек. Сонымен экономика пәнінің бағдарламасы да осы талаптарға сай болып, ал оқытылатын тақырыптар оқушылардың тез қабылдауына мүмкіндік беретін әдістерді пайдаланып оқытылуы тиіс. Сабақ барысында интерактивті әдістердің ең тиімді түрлері қолданылып, олардың білім деңгейін арттыруға бағытталуы керек. Қазіргі кезде экономикалық пәндер вариативті пән болғандықтан оқу бағдарламалары көптеген мамандардың қатысумен орындалады, бірақ олар жалпы орта мектептің стандарттарынан айтарлықтай аутқымауы қажет. Бүгінгі таңда экономика пәнінің оқыту әдістемесінің баламалы түрлерінің көп болғаны дұрыс.
Сонымен келешекте экономикалық білімі жоғары болып, өзбеттерінше шығармашылықпен айналысуға қызығушылығы бар оқушыларды тәрбиелеу үшін мектептерде келесі мәселелерге назар аудару қажет:
— Экономика пәнінің барлық мектептерге вариативті сабақ ретінде енгізілуі керек, ал әрі қарай пәннің оқытылу немес оқытылмауы оқушылардың таңдауына байланысты болады;
— Экономикалық білімді жүйелі, сапалы түрде мектеп оқушыларына оқыту үшін «экономика» пәні бойынша сапалы оқулықтарды даярлау қажет;
— Экономикалық білімді басқа пәндер арқылы да беруге болады, осыған байланысты мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталықтарындағы бағдарламаға экономика пәнін енгізу керек;
— Оқушылардың құзыреттілік тұрғыда экономикалық білім алулары үшін мемлекеттік тапсырыспен экономика пәнінен арнаулы білімі бар мамандарды мектептерге бөлулері қажет.
ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР :
- Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңы Астана, Ақорда 27 шілде № 319 – III ҚРЗ.
- Қазақстан республикасының мемелекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты/ Жалпы орта білім../ Негізгі ережелер., Астана-2006
- Арын Е.М.,Сатубалдин С.С., Аганина К.Ж. Экономикалық білім негіздері /оқулық «Жазушы » Алматы, 2005 ж 5-11-сыныптар
- Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе./учебно-методическое пособие. Алматы, 2009 -178.
- Ө.Қ.Шеденов, Б.А.Жүнісов Экономикалық ілімдер тарихы. Оқулық, Алматы 2006
- А.И. Галаган Интеграционные процессы в области образования: анализ мировых тенденций. //Менеджмент в образований №4,
- Аганина К.Ж., Мусабеков С.М., Абибуллаева Ж, Даулеткулова А. Экономикалық білім негіздерінен тест тапсырмалары, «Жазушы » Алматы, 2005 ж 5-11-сынып
- Аганина К.Ж., Касимова Ж.Р., Дайкенов Т.Е..Даулеткулова А.У., Абибуллаева Ж. Экономикалық білім негіздеріне жұмыс дәптері «Жазушы » Алматы, 2005 ж 5-9-сынып
9. Аганина К.Ж. Подготовка менеджеров экономического образования
/ Материалы международной конференций КазНУ им. Аль-Фараби 2005 г-
10. Аганина К.Ж. Совершенствования экономического образования школьников в условиях 12-летней школы // 12-жылдық білім 12-летняя школа №5 2005
- Аганина К.Ж. Основы экономических знаний / методика обучения 5-11 классы/ Алматы, Жазушы-2005 г. 86 стр.
- Аганина К.Ж. , Сырбаева Ш.Ж. Дидактические условия развития экономических знаний учащихся начальной школы на основе интеграции учебных предметов. // Материалы международной научно-практической конференции “Реформирование высшего педагогического образования Казахстана: история, опыт и перспективы” Атырау, 2007
- Аганина К.Ж. Интеграцияланған пән мазмұнын түзудің ғылыми-педагогикалық алғышарттары. // БІЛІМ әлемінде. В мире ОБРАЗОВАНИЯ. In the world of EDICATION № 5, 2007
- Аганина Қ.Ж, Хажгалиева Г. Жоғарғы оқу орындарында құзыреттілік тұрғыда білім беру. // БІЛІМ әлемінде. В мире ОБРАЗОВАНИЯ. In the world of EDICATION № 2, 2007
- Аганина К.Ж.. Организационно-педагогические условия подготовки учителей интегрированных курсов на основе компетентностного подхода //БІЛІМ әлемінде, в мире ОБРАЗОВАНИЯ In the world of EDUCATION. — 2008. № 5.
- Аганина К.Ж., Даулеткулова А.У. Дидактические особенности составления компетентностно-ориентированных заданий //БІЛІМ әлемінде, в мире ОБРАЗОВАНИЯ In the world of EDUCATION. — № 6.
- Аганина К.Ж. 12 жылдық білім беру жүйесін ендірудің тұжырымдамалық негіздемесі. // БІЛІМ әлемінде. В мире Образования, In the world of EDUCATION №1 2009ж. /3-5беттер/
- Аганина К.Ж. Байжуманова Н.С. Педагогикалық технологиялар негізінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. // БІЛІМ әлемінде. В мире Образования, In the world of EDUCATION №1 2009ж 24-29 беттер
- Аганина К.Ж. Экономикалық білім беруді жетілдіру – бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру факторы ретінде. // БІЛІМ әлемінде. В мире Образования, In the world of EDUCATION №3 2009ж. 3-5 беттер
- Аганина К.Ж. Даулеткулова А.У. 12 жылдық білім беру жағдайында мұғалімдерді дайындау. Проблемы и перспективы инновационного развития системы непрерывного профессионального образования на современном этапе. Материалы международной научно-практической конференции. НАО им.Ы.Алтынсарина, АГТУ 10-11 апрель. Алматы, 2009. Стр 87-89.
- Балыкбаев Т.О. Аганина К.Ж. Организационно-педагогические вопросы совершенствования экономической и правовой культуры учащихся на основе интеграции. // Профессионал Казахстана №4 2009ж. стр 2-5.
- Нуриев М.А. Аганина Қ.Ж, Білім мазмұнын кіріктіру негізінде оқу жүктемесін азайту. // БІЛІМ әлемінде. В мире Образования, In the world of EDUCATION №5 2009ж.
- Аганина К.Ж, Бастауыш мектептегі экономикалық білім негіздері// БІЛІМ әлемінде. В мире Образования, In the world of EDUCATION №5 2009ж
- С. С. Сатыбалдин, Қ. Ж. Ағанина, Ж. С. Абибуллаева, С. М. Мүсабеков, А. Ө. Дәулетқұлова Экономикалық білім негіздері /бағдарлама// БІЛІМ әлемінде. В мире Образования, In the world of EDUCATION №5 2009ж
- Аганина К.Ж, Жалпы орта білім беруді жетілдіру бағыттары // Хабаршы Павлодар. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің хабаршысы. Педагогика серияся № 1, 2010 / 9-15беттер/
- Аганина К.Ж, Ыбышева С Содержательная характеристика программы спецкурса формирование налоговой культуры старшеклассников //МАКТАБ ВА КАЁТ. Школа и жизнь – Ташкент, 2010. — № 2. Стр 6-10
- Аганина К.Ж, Ыбышева С Формирования налоговой культуры в системе непрерывного образования //Материалы международной-научно-практической конференции, г.Новосибирск, Апрель 2010
- Аганина К.Ж, Ыбышева С Салық мәдениетін қалыптастыру. Оқу құралы. ЖОО студенттеріне арналған. – Алматы: ҚазМемҚызПУ баспасы, 2010. -104 бет
- Аганина К.Ж, Ыбышева С “Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру” арнайы курс бағдарламасы. ЖОО студенттеріне арналған. – Алматы: ҚазМемҚызПУ баспасы, 2010 — 42 бет
- Нуриев М.А. Аганина Қ.Ж. Сейсенбаева Ж.А. Қазақстанда білім беру процесін жетілдіру және оның траекториясын анықтау мәселесіне // Педагогика и психология КазНПУ им.Абая № 2 2010ж.