Диплом Мектепте құқықтық тәрбие беру
ЖОСПАР
КІРІСПЕ……………………………………………………………………….….
БІРІНШІ БӨЛІМ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ — ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ
БОЛУДЫҢ КЕПІЛІ………………………………………
- Құқықтық тәрбие және оның тәрбие саласындағы
алатын орны…………………………………………………
ЕКІНШІ БӨЛІМ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МӘДЕНИЕТ…………………………………………………………………….
- Құқықтық тәрбиенің болашақ жастарды
қалыптастырудағы рөлі………………………………………..
- Құқықтық тәрбие тәжірибесі және оны дамытудың
кейбір жолдары…………………………………………………
2.3. Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбиенің
жүзеге асырылуы және оның болашақ жастарды қалыптастырудағы рөлі…………………………………………
ҮШІНШІ БӨЛІМ МЕКТЕПТЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
ҮРДІСТЕРІ……………………………………………….
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………..
ҚОСЫМШАЛАР………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………… 63
КІРІСПЕ
Еліміздің төл Конституциясында Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет деп жарияланғаны баршамызға белгілі. Құқықтық мемлекет құрудағы талпыныс жас жеткіншектерден басталады, себебі болашақ қоғам солардың қолында. «Жаңа ғасырға» қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болуы керек. Әрбір адамның өзі үшін жауапкершілігі жаратушының алдындағы жауапкершілікпен бірдей екені сөзсіз.
Қазіргі «Білім туралы» Заңның талаптарын орындау әлі де сан қырлы экономикалық – материалдық, ұйымдық, кадр, құқықтық – нормативтік шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Солардың ішіндегі маңыздысы жастарға құқықтық білім беру, құқықтық тәрбиелеу.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өмірдің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренуіне, қолайсыз көріністерге бой алдырмауға жетелейді.
Құқықтық білім берудің міндеті – барлық іске жауапкершілікпен қарайтын, өз құқығын жете меңгерген, заңдарды ұғынып қана емес, сонымен бірге силай білетін, құқықтық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті маман даярлап шығару.
Еліміздің құқықтық мемлекет құру жолында бастаған игі істерінің бірі құқық негіздері пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді даярлап шығару. Бұл кеңестік құқықтық жүйенің күйреуінен кейін қолға алған шаралардың бірі.
Білімді адам санатына қосылу үшін қазіргі жасөспірімдерге негізгі пәндерді игеру және талдау қабілетінің сауаттылығы аздық етеді. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. / С.Назарбаева. Өмір әдебі/.
Иә, жас жеткіншектерді осындай жолға даярлауда мемлекеттің алатын орны, рөлі өте зор. Әлеуметтік- экономикалық дамуды мәдениет тұрғысынан қамтамасыз ету мәселелері қоғамда көптеген міндеттерді шешуді алға қойып отыр. Сол мәселелердің ішіндегі өзектісі болып — құқықтық тәрбие табылады.
Құқықтық мемлекет – ұзақ тарихи дамудың жемісі. Ол үрдіс күрделі, қиын, әрі сан – салалы және мол қаржыны, жалпы мемлекеттік деңгейдегі ұйымдық – құрылымдық шараларды, бүкіл педагогтар, зиялылар қауымының қажыр – қайратын, рухани ізденістерін қажет етеді. Демек ел, ұрпақ тағдыры үшін маңызы мен жауапкершілігі айрықша білім беру ісіне барлық деңгейдегі мммемлекеттік органдардың бетбұрысы, қамқорлығы керек. Бұл жөнінде Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» жолдауында негізгі бағыттарды көрсетіп берді. Сол бағыттардың бірі – жоғарғы құқықтық сана мен құқықтық мәдениет. Осы екі элементтің іргетасы азаматтарда алдыменен отбасында қаланса, содан кейін мектеп қабырғасында жалғасады.
1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылданды. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттігі атап көрсетілді. Бұдан шығатын тұжырым не? Ол тәуелсіздік тұғырына көтерілген Қазақстанның алдында білім беру саласында жаңа қажеттіліктердің пайда болуы. Ғылым мен техниканың тез даму қарқыны, өндіріске шетелдік және отандық озық, жаңа технологиялар мен әдістердің енуі, қоғамның жаңа экономикалық қатынастарға көшуі республикамызда білім беру саласында жүргізіп жатқан реформалық өзгерістерді жетілдіруді, білім сапасын арттыруды талап етеді.
Қазіргі «Білім туралы» заңның талаптарын орындау әлі де сан қырлы экономикалық- материалдық, ұйымдық, кадр, құқықтық -–нормативтік шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Бүкіл қоғам, жалпы жұртшылық болып күш салатын істер шаш етектен. Солардың ішіндегі ең күрделісі, ең маңыздысы – құқықтық сауатты азаматтарды дайындап шығару. Құқықтық сауатты адамдар қылмысқа ұрынбауға әрекет жасайды. Өмір сүрудің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренеді. Азаматтық құқығын жете меңгергендер ғана қолайсыз көріністерге бой алдырмайды.
Тиімді білім беру жүйесін қабылдау үшін қазіргі білім беру жүйесін қоғамның даму мақсатына сай қалыптастыруға бағыттау керек. Құқықтық білім берудің міндеті – дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылық ойлауға дағдыланған, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол және білікті маман даярлау. Осындай мақсаттарға жетуде Қазақстан мемлекеті және құқығы негіздері курсын мектеп қабырғасында оқытудың қажеттігі артуда.
Құқықтық тәрбие дегеніміздің өзі — әрбір азаматтың заңдарды мүлтіксіз сақтап, өз міндеттерін саналы түрде жүзеге асырып, іс — әрекеттеріне өз бетімен жауап бере алуы. Сондықтан да бүгінгі жасөспірімдер заман талабына сай өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс айқындап, еліміздің заңдары мен тәртіп ережелерін сыйлап, құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті дамытуға бір кісідей ат салысулары қажет. Бұл салада мемлекетімізде жасалып жатқан шаралар аз емес. Солардың бірі жастарды құқықтық тәрбиелеу. Аталмыш бітіру жұмысының алдына қойған мақсаты да осы мәселенің төңірегінде өрбіп отыр.
Диплом жұмысының мақсаты:
- құқықтық тәрбиенің қоғамдық тәрбиедегі алатын орны мен рөлін ашып көрсету;
- құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениеттің арақатынасын анықту;
- Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбиенің жүзеге асырылу деңгейін, құқықтық тәрбие барысында кездесетін кедергілерді анықтау және ол кедергілерді жоюдың амалдарын қарастыру.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттардан төмендегідей міндеттер туындайды:
- құқықтық тәрбие мәселесін теориялық талдау;
- жастардың құқықтық мәдениет деңгейін анықтауда сұрақ – жауап (анкета) жүргізу;
- құқықтық тәрбиенің іске асырылу жағдайын анықтауда салыстырмалы түрде сандық мәліметтер жинақтау;
- құқықтық тәрбиенің деңгейін арттыруға қатысты, құқықтық тәрбие барысында кездесетін кедергілерді жоюға байланысты ұсыныстар беру.
Қазіргі кезде құқықтық тәрбие мәселесі әр түрлі жақтарынан зерттелуде. Бұл салада еңбектеніп жатқан отандық зерттеуші — ғалымдар Нарықбаев М, Тілеубергенов М, Ветлучин Д.В. құқықтық тәрбиенің қоғамдық тәрбие саласында көрнекті орын алатынына нық сенуде. Соған қарамастан құқықтық тәрбие мәселесі әлі де зерттеуді қажет екендігін көрсетіп отыр. Аталмыш ғылыми жұмыс құқықтық тәрбие берудің кейбір мәселелерін жете зерттеуге бағытталған.
БІРІНШІ БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ — ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ
БОЛУДЫҢ КЕПІЛІ
- Құқықтық тәрбие және оның тәрбие саласындағы алатын орны
Құқықтық тәрбиені дұрыс түсіну үшін мақсаты бағытталған мемлекеттік қызметтің жүйеленген органдары және олардың қоғамдық бірлестіктер қызметінің, сондай – ақ еңбек ұжымдарының қызметтері, яғни құқықтық санамен құқықтық мәдениетті құру және оны жоғарлатуға барлығы дерлік ат салысуы қажет.
Құқықтық оқыту және құқықтық тәрбие өзара табиғи байланысқан. Тәрбиелеуші оқыту мақсатты бағытталған үзіліссіз процесс кезінде тұлғалардың заңдарға бағыну санасын қалыптастырады және кәсіпқой – заңгер, бұған қоса заңдылық дүниетанымын, ұстанымдарын, адамгершілік ой – санасын және оларды бағалауға, арнайы кәсіпқой қажетті мінездеме қалыптастырары сөзсіз. Соңында құқықтық білімді күнделікті кеңейту және тереңдетуге байланысты, соған сәйкес мазмұнына байланысты мотивацияны құру керек.
Құқықтық оқыту мен тәрбиелу тұлғаның рухани қалыптасу процесінің бір бөлігі, онсыз Қазақстан Республикаынң құқықтық мемлекет құру идеясын жүзеге асыру мүмкін емес. Құқықтық білім беру және тәрбиелеуде басты әсер етуші объекті – құқықтық сананың тұрақты деңгейде дамуына жағдай болуы қажет. Бұл жерде құқықтық сана деп отырғанымыз тұтас қоғамдық, жеке индивидтің және ұжымның құқықтық санасы.(50;87)
Қоғамдық құқықтық санаға идеологиялық әсер ету сәйкесінше топтық және жеке тұлға санасына өз әсерін тигізбей қоймайды және керісінше жеке тұлғаларды және топтарды құықытық тәрбиелеу нәтижесінде қоғамдық сананың дамуына, құрылуына себепші болды, сондай – ақ әр түрлі құқықтық сананың түрлері өзара диалектикалық байланысқан және бір – біріне тәуелділіктеріне байланысты қалыптасып отырады.
Тарихқа үңілсек барлық мемлекеттерде құқық пен құқықтық тәртіп туралы дүниетанымдарды тарату қызметін жүзеге асыруда ерекше көздері болып келісім қолданылған: шіркеулер, мектептер, әдебиеттер, өнер (барлық деңгейдегі мектептер), басылымдар, радио, теледидар арнайы заңгерлік білім беру мекемелері. Басқаша айтқанда құқықтық тәрбие әр мемлекеттің идеологиялық функциясының құрамдас компоненті болып табылады.
Мемлекеттің дамуымен көптеген саналарды өңдеу идеологияларының нысандары мен амалдары шыңдалып одан әрі шебер пайдалануын іздеп табады да, құқықтық тәрбие мемлекеттің өзіндік қызмет түрі ретінде қалыптасып, оның жергілікті басқару және жалпы қоғамға өз әсерін тигізеді.
Мемлекеттің даму деңгейі жоғары болғанмен құықтық және сананың мәні, оның бағалығы және функциясы біршама тұрақты болып қала береді, ал жеке тұлғаларға және көпшілік санасына әсер етудің мазмұны мен тактикасы, объектілері, нысаны және амалдары ауысып отырады. Тек шынайы демократия жағдайларында құқықтық білім беру кәсіпқой – заңгердің мақсатты бағытталған және арнайы ұйымдасқан қызметі болуы мүмкін.(50;90)
Құқықтық тәрбие – салыстырмалы өзіндік мақсатқа, арнайы әдістер жетістігімен және ұйымдастыру нысаны арқылы жетуді көздейді. Ол өзі көп мақсатты, қызметті, болжамды стратегиялық, ұзақ мерзімді мақсаттар және тактикалық мақсаттарды, таяудағы жалпы және жеке мақсаттарды көздейді. Мақсаттар субъектісінің және объектісіннің спецификасын есепке ала отырып тәрбиелік әсер етуді нақтылайды, ол белгілі бір форма және қызметке байланысты адамдар, сонымен қатар құқықтық тәрбиені жүзеге асырушы органдар арқылы жүргізіледі.
Қазақстанда құқықтық нигилизм профилактикасын бағдарламалық мақсат ретінде алуға болады. Оған арнайы амалдардың минимумы ретінде мыналарды атауға болады: қолданылатын заңның қызметті сапалығын қамтамасыз ету, заңның және құқықтық тәртіптің тұрақтылығы, соттардың мәртебесін жоғарлату және соттарды уақыт талабына сай соттың реформаларды, халыққа уақытқа сай етіп құқықтың тәрбие беруге негізделуі қажет, сондай – ақ заңгерлерге кәсіпқой білім беру және тәрбиелеу және т.б. Бір мезетте барлық құқық қорғау мен мектептер жүйесіндегі субъектілердің құқықтық мәдениет деңгейін жүйелік пәндер бойынша жүргізу қажет.
Құқықтық тәрбиенің тікелей мақсаты – азаматтардың белсенділігі, кәсіпқой заңгердің және басқа да мемлекет қызметкерлерінің өкілеттіліктерін жүзеге асыру процесінде заңдылық маңызға ие жағдайға байланысты, белсенділіктер құқықтық әрекеттер арқылы өз деңгейлерін көрсету болып табылады.
Құқықтық белсенділік — тұлғаның әлеуметтік – құқық шеңбердегі қызметте белгілі дәрежеде пәрменділікке жету, құқықтық міндеттерді қарапайым талаптарға бейімдеудегі міндетті әрекетке ие болу жағдайы. Аталмыш қызметтер қосымша уақыт, күш – қуат, және материалдық шығындармен байланысты. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға тек құқықтық тәрбие жұмысында келесідей негізгі прициптерді сақтағанда жетуге болады: ғылымилық, жоспарлық, жүйелік, кезекті және дифференциялды жүйелік, кешенділікті қамтамасыз ету. Сондай – ақ тәжірибеде құқықтық сананың дамуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ете отырып, оны тарату, яғни жүзеге асыру қажет.(32;338) Субъектінің құқықтық сана деңгейінің мазмұны, құқықтық білім алуына, тәуелді және оның құқықты мойындау. Сендіру жүйесі, сонымен қатар оны сақтау қажеттілігін тәжірибеде таратудың дағдысын қалыптастыру қажет.
Салыстырмалы түрде құқықтық тәрбие және құқыққа деген құрметінің пайда болып заңды болары сөзсіз. Алған білімдері жеке өздерінің сеніміне айналуы қажет, ол келесідей: құқыққа бағынулары, оларды қатаң сақтаулары, одан барып – ішкі қажеттіліктеріне заңдарды сақату және оны әдетке айналдыру, нәтижесінде құқықтық және кәсіпқой заңдылық белсенділіктерін көрсетулері қажет, яғни күнделікті өмірде жүзеге асырулары керек.
Құқықтық тәрбиені қалыптастырудың келесідей амалдары бар: құқықтық насихат, құқықтық білім беру, заңдылық тәжірибе, яғни өзін — өзі тәрбиелеу немесе құықтық өмірге бейімделу. Жоғарыда көрсетілген амалдардың астарында оның негізгі қайнар көзі құқықтық ақпарат жатыр. Ол арқылы тұлғаның оңды әрекет етуіне ықпал етудің маңызы зор.
Бұл жерде ерекше орынға «құқықтық минимум» проблемасы ие болады, яғни әлеуметтік шеңберде әрбір азаматтың мәртебесіне қандай да болсын қоғамда тәуелсіз, құқықтық білімді міндетті деңгейде иеленуі қажет, яғни өзіне қажетті деңгейде иеленуі ықтимал. Бұл процесті тиімді басқару үшін нақты құқықтық ақпарат қайнар көзінің жүйесі болуы керек және оларды азаматтардың іс – жүзінде қолдануы, сонымен еңбек ұжымдары, топтардың және тұрғындардың өмір тәжірибесінде қолдануы жатады.(8;57)
Құқықтық ақпарат көзінің жүйесінде анықтаушы рөлге бұқаралық ақпарат құралдары иеленеді, сондай – ақ жалпы құқықтық оқыту бұл жерде мемлекет және құқық негіздерін тек заңгерлік мамандықта ғана емес, оны бала – бақшадан бастап барлық оқу орындарында оқыту керек.
Құқықтық тәрбие беруде және оқытуда сот практикасы және сот қызметінің жүйесіндегі ерекше мәнге шынайы әділдікті қалыптастыру қажеттілігіне ие. Ш. Монтескье адамзат үшін әділдіктен артық еш нәрсе жоқ деп айтқан. Сондықтан да сотқа деген құрмет және барлық қарама – қайшылықтарды сотта шешу қажеттілігі, құқықтық тәрбиенің компоненті ретінде өз құқығын жүзеге асыруда құқықтық тәрбиенің маңыздылығы туындайды.
Сайып келгенде мына амалға көңіл аударуымыз қажет, яғни өзін — өзі тәрбиелеу барлық құқықтың субъектілердің құқықтық санасының құрылуына тиімді әсерін тигізеді. Өзін — өзі тәрбиелеудің астарында құқыққа деген құрмет қалыптастыру жатыр, яғни қажеттіліктерін ұйғарымдарға байланысты өзін — өзі оқыта отырып және қатаң сақтап, өз тәжірибесінде және басының дербестігі арқылы талдау жасауы керек. Кәсіпқой заңгерлердің арнайы өзін — өзі тәрбиелеуге байланысты жеке тұлғалардың саналарына қатысты. өздерін кәсіпқойлық деңгейге бағыттауға жол көрсету керек.(9;35)
Қорыта айтқанда, табиғи – құқықтық концепцияға сай және жалпы адамзат құндылықтарын еске ала отырып, барлық күшті құқыққа сәйкес қатынастардың дұрыс құрылуына бағыттау қажеттіліг туындайды. Нақты пәндік сипаттама беретін болсақ тұлғаның интелектуалдық – эмоционалды – жігері құрамының құрылуының мазмұнын құқықтық психология анықтайды, бұл жерде психология ғылымы тікелей қатынасын көрсетеді.
Осы жерде мынаны байқаған жөн құқықтық білім беру және тәрбиелеумен айналысуда санаға әсер ету қажеттілігін қандай болса тәрбиелеушінің эмоционалдық жігері аясында да сондай дәрежеде болуы керек. Бұл жерде белгілі амалдарды қолдану арқылы жүзеге асады. Ең алдымен сендіру және ынталандыру, сондай – ақ мәжбүрлеу арқылы қорқыту және тікелей мәжбүрлеу, заңда көзделген шараларды қолдану.
Таңдау бірінші кезекті тікелей әсер ету аясы (рационалды немесе эмоционалды) тәрбиеленушінің психологиялық ерекшелігіне тәуелді, сол арқылы оның құқықтық санасына әсер ету жағдайы туындайды. Одан құқықтық ақпарат бөлінеді, оның мазмұны анықталады, әсер ету әдісінің жүргізілуі, бар әдістерді кезектілікпен пайдалану.
Құқықтық сананы, яғни азаматтардың санасын тәрбиелуде тәжірибелік жаттығулар ерекше тиімді (жеке және топтық), ойындар немесе нақты проблемалық жағдайларды шешуді оқыту, іргелі теориялық білімге негізделуі қажет. Оларды тек қана заңдылыққа ғана емес, сондай – ақ заңи ойлауға және күнделікті қарапайым жағдайларды тәжірибеде жүзеге асыруға үйрету.
Құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті тәрбиелеу – құқықтық тәрбиенің ажырамас үрдісі.(9;37)
Қоғамның құқықтық өміріне әрбір индивидтің қатысуы, оның құқықтық санасына өз әсерін тигізе отырып, сондай – ақ құқықтық білімін және дағдысын игеруіне немесе меңгеруіне себепкер болады. Заңға бағынушылық және әлеуметтік белсенділіктің қалыптасуы, оның құрылуына қоғаммен мемлекет мүдделі болуы қажет. Құқықты үлкен әлеуметтік құндылық деп пайымдайтын болсақ, онда мемлекет бірден – бір жеке тұлғаның бостандығын және сөз бостандығын таратушы ретінде, заңдылықты бекіту құқықтық тәртіпті, қоғамдық тәртіптің қалыптасуына себепкер болады. Заңға бағынушылық және әлеуметтік белсенділіктің қалыптасуы, оның құрылуына қоғам мен мемлекет бірден – бір жеке тұлғаның бостандығын және сөз бостандығын таратушы ретінде, заңдылықты бекіту құқықтық тәртіпті, қоғамдық тәртіптің қалыптасуына себепкер болады.
Қазіргі таңда құқықтық нигилизмді (құқықты жоққа шығаруды) жеңуіміз қажет, оған көпшіліктің таң қалуын тоқтатып, заңға деген сый, құрметтеуге тәрбиелеу және жауапкершілік сезімдерін ояту қажеттілігі, яғни бұл жерде коррупция, заңды басынушылықтар, заңды немқұрайлы қараудың құқықтық жүйеге кереғар екендігін түсіндіру және қоғамдық моральді бейтараптық жаулап алуына жол бермеу керек.(10;6) Қазақстан азаматтарының құқықтық санасын кеңейтуде немесе қоғамдық сананы құрудың негізі адамгаршілік және әлеуметтік әлемді тұрақтандыру арқылы, яғни барша азаматтардың қолдауымен барлық қоғамдық топтардың, халықтың белсенді қызмет етуге және адам құқығының шеңберін кеңейтуге жол ашу. Құқыққа немқұрайлы қарау қандай да бір шектен шығушылық, әлеуметтік басқа да нормаларды, психологиялық жеке тұлғаларда заңға деген жауыздықпен қарауы, демократиялық формадағы «Не істегім келсе, соны істеймін» деген қарама – қайшылық құқықтық мемлекетті және азаматтық қоғамды құру жағында үйінділерді білдіреді, яғни бұл жерде осындай кереғарлықтарды жою керек. Бұндай әлеуметтік кереғарлықты жеңу қажет, басынушылықты және нигилизмнің алдын – алу жұмыстарының (әлеуметтік апатияны) бірден – бір маңызды құрамдас бөлігі болып азаматтарға құқықтық тәрбие беру шараларының белсенділігі болып табылады.
Құқықтық сананы тәрбиелеу өнегелі табиғи байланыспен бастау, демократиялық сананың барлық азаматтарға берілуі, қоғамдық мәдениеттің көтерілу үрдісін қалыптастырады, сондай – ақ адамдарға әдәлеттілікті бостандықты дұрыс иеленуге шақырады. Сонымен қатар демократияның дамуында заңдылықтың және тұлғаның бостандығы, адам құқығы, оның азаматтық жауапкершілік сұрақтары өзекті болып табылады. Адам бостандығы және оның адамгершілігі, құқықтық нысанын мына формада адамдардың тұлғалық әрекетін көруге болады: оның өзгелерге деген, қоғамға, мемлекеттік мүдделерге құрметпен қарауынан, оның дұрыстығы яғни таза, өнегелі, ақылды т. б. сый – құрмет сияқты әрекет негізіндегі қатынастарынан байқауға болады.
Осы салада ұлы ойшылдардың адамзат тарихындағы ойлауы, яғни даналық ойларында адамдардың бостандығы және құндылықтары туралы орын алады. Көне уақыттағы ойшылдарымыз Платон мен Аристотель бізге тамаша ойлар мен тұжырымдамалар қалдырып кеткен. Платон былай деп пайымдайды: «Данаға заңның керегі жоқ – онда парасаттылық бар» екен. Ойшылдың өзге де ойларын талдай отырып, мемлекеттің дұрыс құрылуын әділ заңдарды шығарумен байланыстыратынын көруімізге болады.
Философ Ф.Рабле «Гаргантюа және Пантогрюэль» деген философилық романында Телемдік мешіт мүшелерінің өмірін былай бейнелей келе атап өтеді. «Олардың барлық өмірі заңға бағыну емес жарлықпен де емес және тәртіпке де негізделмеген, ал олардың тек өздерінің ізгі еріктерімен және қалауы бойынша», ал мешіттің жарлығы бірақ ғана тәртіптен тұрды: «Не істегің келсе соны істе». Ия бұл тәжірибе немесе тәртіпте индивидуализмге арналған идеяға ие болады. Рабле Телемиттердің ерікті таңдау әрекетерінің себептерін анықтай отырып былай деп жазады, бұл ерікті адамдар мейірімді ата- аналар тегінен, білімді жанұядан, осының барлығы тәртіпті қоғамға айналады, табиғаттың өзі түйсіктерді бөліп берген және қозғаушы күші оларды күнделікті қайырымды істерді жасауға уағыздайды және бұл күш оларда ізеттілік деп аталады.(62;117)
Құқықтық сананы тәрбилеу табиғи түрде жанұядағы адамгершілік құндылықтар нормасын игерумен, мектепте рухани қарым – қатынаста, сонымен қатар және құрдастарымен, достарымен және жолдастарымен ойнағанда игеріліп қалыптасып отырады.
Бұл жерде адамгершіліктің іргетасы қаланады, осыған байланысты құқықтық сана элементтері құрылады. Өмірде болып жатқан қалыпты ағымдағы жағдайлар және тұрмыстық әлеуметтік қақтығыстарды бақылай отырып олардың құқықтық нормалармен байланысын, заңдалық бағалықтар, құқықтық түсінулерімен, көзқарастары жас азаматтардың сезімі дами отырып бекиді. (16;148)
Құқықтық тәрбие, оның жалпы мәдениетпен ажырамас байланысында белді орынға көркем әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен қатар теледидар, радио, газет мақалалары және т. б. жатады. Құқықтық сананы тәрбиелеу жалпы қоғамдық мәдениет өмірінің құрамдас бөлігі, жас ұрпақты тәрбиелеуге араналған мемлекеттің әлеуметтік қызметі. Құқықтық азаматтар үшін, бұл бұқаралық қоғам санасының дамуына ықпал ете отырып тәрбиелеу. Тәрибелік жұмыс бұл жеке тұлғалардың құқықтық санасын көтере отырып, жалпы заңдылық прициптерді және мемелекеттің, қоғамының барлық талаптарына сай түсінушілікті қалыптастыру.
Құқықтық рухтағы тәрбие, заңдылық құқықтық білім берумен шектеліп қалмайды, заңға, құқыққа деген позитивті қатынастың қалыптасуына және оның құқықтық мәдениетте тұлғалардың құқықтық белсенділігінің артуымен аяқтайды. Тұлғаның құқықтық мәдениеті заңдылық білімінің негізімен сиптталады: құқыққа, заңға деген құрметі, саналы түрде құқық нормасын сақтау, әлеуметтік заңдылық жауапкерішілігін түсіну, құқық бұзушылыққа жол бермеумен, онымен күресуді білдіреді. Азаматтардың өздерінің мемлекет және қоғам алдындағы жауапкершіліктері және құқықтары мен бостандықтары құқықтық мәдениеттің құрамдас бөлігі екенін түсінуі.(16;150)
Адамның құқықтық санасында мемлекетпен және оның органдары арқылы өз құқығының қорғалуына сеніміділік сезімі қалыптасып, заңдылық мүдделерін қолдануға және мемлекеттің алдына қоятын міндеттерінің әділдігі және ол басқа азаматтармен құқықтық теңдігі, яғни ол басқа азаматтармен заң және сот алдындағы тең екендігіне сенуі. Азаматтардың құқықтық мәдениетін көтерудің құралы болып құқықтық насихат, азаматтық заңи білімдерін дамыту, заңдылықты тәжірибеде нығайту табылады.
Азаматтарға әсер етудің үлкен тәрбиелік мәні негізінен жастарға жетекшілерінің өнеге көрсетулері, сонымен қатар мемлекеттік ақпараттық өкілді тұлғалары заңды мүлтіксіз сақтауға, қылмыспен күресуге бағыттауы керек. Құқықтық мәдениет – азаматты өзінің мемлекет және қоғам алдындағы міндетін саналы түрде жүзеге асыруын талап етеді (50;5).
Ата – бабаларымыз «Ақыл жастан, асыл тастан» дегенде елдің ертеңі халықтың болашағы, ескі мен жаңаның арасын жалғастырып жататын алтын көпірдің жастарымыз екендігін меңзесе керек.
Тәлім – тәрбие жұмыстары бәрімізге ортақ іс, сондықтан ол кешенді жүргізілуі тиіс. Жалпы, тәрбие дегенде нені ұғынамыз? Тәрбие дегеніміз – жастардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және оларға өздерінің бір-біріне, жанұяға, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дамыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі (55;118).
Халқымыз әр жастағы адамдардың көңіл – күйі, сезімдері, мінез ерекшеліктері, түсінік талғамдары, сенім, қызығулары, әдет-дағдылары бірдей болып келмейтіндігі жөнінде де қызықты пікірлер айтқан.Сөз маржандарында адамның жас өзгешеліктері негізінен балалық, жастық, кемелдік және кәрілік шақ секілді басты-басты мақтау жетілдірмейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді, «Балапан ұяда не көрсе, ұшарда соны іледі»,- дейтін мақал-мәтелдер баланы құр айналайын дей бермей оны адамгершілікке, отбасынан, ұшатын ұясынан, әке-шешесінен алатын тәрбие қандай болса, көп жағдайда оның алдағы өмірі де соған орай құрылады деген ойды аңғартады.(61;4)
Халық даналығына үніле түссек, одан: «Қатарына қарап бала өсер», «Бала-көктеп шыққан қызыл гүл, солдырмайтын жолын іздеп таба біл» — дейтін мақалдарды көп іздестіреміз. Мұндағы тұжырымдар болған жастың мінез-құлқының қалыптасуында оның өскен ортасының қатар-құрбы, жолдас-жораларының, сондай-ақ ата-ана, ұстаз, тәрбиешілердің өнеге үлгілері де айрықша маңызды екенін жақсы аңғартады. Кез-келген тәрбиенің маңызы зор, әйтсе де құқықтық тәрбиенің орны ерекше.(25;3)
Әлемдік мәдениетті бір-бірінен өзгеше мемлекеттер мен елдер, ұлттар жасайды. Бүкіл әлемдік өркениетте миллиондаған халқы бар алып елдің де, өзіне лайық орны сақталуы тиіс. Азаматтардың ұлттық намысы жоғары ел – бүкіл адамзаттың мақтанышы. Оқу мен тәрбиені бір арнаға құйғанда өз халқының асыл адамгершілік қасиеттерін, мәңгі жасар салт – дәстүрі мен өнерін қаны мен жанына сіңірген ұрпақтың бойында ұлттық сана қалыптасады. Ұлттық санасы қалыптасқан адамның ұлттық намысы жоғары – ұлтжанды. Ал ұлтжанды азаматтардан тәуелсіз елінің абыройы асқақ, мәртебесі биік, мерейі үстем, аспаны ашық бақытты болмақ. Ұлтжанды азамат басқаға жау көзімен емес, дос көзімен қарайды. Оның осал болуға құқығы жоқ, себебі ол өз ұлтының абыройы үшін жауапты. Оның міндеті құқықтық тәртібін сақтау, ел тыныштығын, Отанын қорғауға, бұзақылықтан, зиянды әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.(25;9)
Құқықтық тәрбие – белгілі бір мақсатқа бағытталған процесс болуы керек. Себебі, бұл процесс көп өлшемді, ұзақ және үздіксіз процесс.
Бір мезгілде адамгершілік тәрбиеден құқықтық тәрбиенің нәтижесін оңай ажыратып, белгілеуге болады. Бұл қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеумен, белгілі құқықтық нормалардың формальды логикалық берілуіне байланысты. Құқықтары тәрбие процесстің қозғаушы күші болып әрекет жасау қажеттігі, қарама-қайшылығы табылады. Мұндай жағдайда адам құқықтары мен міндеттерін, жасайтын әрекетіне байланысты мүмкіндіктерін пайдаланады.
Мысалы: 15 жастағы жеткіншек ата-анасы сыйлаған велосипедін жолдасына сатты. Ата-аналарының аталған мәмілеге келу үрдісіндегі ата-аналарының біреуінің рұқсаты керек екендігін білмейді.Қарама-қайшылық жеткіншектің меншік құқығын жүзеге асыруы мен жағдайды «толық білмейтіндігінің» арқасында туындап отыр. Бұл жағдайдан құқықтық тәрбие жүйесінде құқықтық оқытудың қажет екендігін көреміз. Сонымен құқықтық тәрбие беруді, құқықтық оқытудан бастаған жөн демекпіз.(15;28)
Жастарға құқықтық білім беруде оларды заңдармен таныстырудың маңызы өте зор. Дегенмен, заңдармен танысу, құқықтық нормаларды, ережелерді білу-аясы тар мақсат емес. Құқықтық тәрбие сана — сезімінің қалыптасуы – жастардың өздерін азамат есебінде сезінуіне көмектесуі қажет. Тек қана өз басы заңды бұзбай, оны орындаумен шектелмей, әр азамат өзін қоғам қайраткері, мемлекет пен қоғам ісіне белсене қатысатын азамат екенін түсінуі қажет. Тек сонда ғана құқықтық тәрбие берудің қоғамдық мәні барын байқаймыз. Ал құқықтық тәрбие беру жанұядан басталып, мектепте жалғастырылса, құқықтық сананың қалыптасуында зор табысқа жетуге болады.(15;29)
Құқықтық тәрбие тек құрғақ білім таратудың жолы емес. Оның негізгі міндеттерінің бірі – заң талаптарына сәйкес мінез-құлықты қалыптастырып, оны дағдыға, әдетке айналдыру. Демек, құқықтық тәрбие оқушылардың мінезіне, жүріс-тұрысына, әдетіне дұрыс жадында әсер етіп, заңды құрметтейтін, заңға, оның талабына сәйкес әрекетке дайын азаматтар даярлауға бағытталған.
Ұзақ жылдар ағымындағы уақытта қоғам үшін және оның өмір сүруіне қауіпті болған және қазіргі уақытта да оны болдырмаудың жолын қарастырған өзекті мәселелердің бірі болып қылмыс табылса бұл мәселенің шешімі құқықтық тәрбие деп нақты басып айтуға болады.
Адамды жанұясы, мектеп , қоғам тәрбиелейді. Жанұяның қабілеттілігі құқық бұзушылықты ескертуде тиімді реттеуші және шешуші болып саналады. Жасөспірімдердің бағынбауы, айтқан тілді алмауы және тағы басқа да қоғамға қарсы әрекет формалары құқық бұзушылыққа жол беретін көрсеткіш.
Тек қана жанұяда негізгі әрекеті қалыптаса қоймайды, жасөспірімдерге мектеп қабырғасының өзі жүрген ортаның маңызы өте зор.(63;59)
Мектеп жұмыстарын қоғамның өзгеру, дамуына қарай қайта құру саласында жасалып жатқан игі істер — өскелең жасты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Қайта құру тек қана сапалы білім беру, мектеп құрылысын өзгертуден басқа оқу тәрбие жұмысын да қамтиды. Соның ішінде жастарды құқықтық тәрбиелеу мәселесін жаңаша қойып, оны шешудің жолдарын көрсетеді. Себебі құқықтық тәрбие беруде мектептің алатын орны ерекше. Сондықтан құқықтық тәрбие берілуі мектептен басталғаны дұрыс болар.
Қазіргі кезде орта мектептің тәрбие барысындағы қызметіне баса назар аударылып отыр. Олар: құқықтық мемлекетті құрудағы жастардың өзін-өзі сезінуі, басқаруы, жауапкершілігіне және оларды тәрбиелеуде жоғары азаматтық сапаға жетуі қажет.
Мектепте құқықтық тәрбие беру үрдісін кезең-кезеңмен өткізу керек. Атап айтсақ:
1-4 сыныптар;
5-8 сыныптар;
9- сынып;
10-11 сыныптар;
1-4 сыныптар: алғашқы құқықтық ұғымдармен танысады, яғни бастауыш сыныптарда адамгершілік тәрбиесіне баса көңіл бөлінеді. Содан кейін әркімнің өз істеген ісіне жауапкершіліктің болатыны түсіндіріледі. Мысалы , олар мектептің өздеріне бұрын беймәлім ішкі тәртібін меңгереді, міндеттерін ұғынады, алғашқы қоғамдық тапсырмаларды орындайды. (Кезекшілік, санитарлар). Осы әркеттер барысында оларда сынып, мектеп алдында жауапкершілік сезімдері қалыптасады.
5-8 сыныптар: бастауышта алған құқықтық білімді жетілдіреді. Қазақстан Республикасы заңдары туралы жалпы мағлұмат және міндеттерімен танысады, қоғамдық жерлердегі ережелерді түсініп, талқылап сақтайды. Оқушылардың саналы әрекеті қалыптасады. Тәртіп бұзушылыққа төзбеу, жеке жауапкершіліктің қалыптасуы (қоғам алдындағы жауапкершілік.Құқық бұзушылық салдарынан арнайы мектептерге мәжбүрлеп жіберу мүмкіндігі).
9-сынып: арнайы құқық негіздері курсы оқытылады.
10-11 сыныптар: Мемлекет және құқық мәселелері бойынша теориялық тұрғыдағы мәселе қозғай алады. Құқықтық жағдайлар мен айғақтарды нақты өмір жағдайларымен байланыстырады. Адамдардың әрекетіне баға беру, құқықтық дағды қалыптасады. Қоғамға қарсы әрекеттен сақ және оны болдырмауға тырысады. Дүние танымы қалыптасып, құқықтық мәдениеті өсе түседі.(16;49)
Мектепте оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бір жақты ғана болмауы керек. Сондықтан оның сабақтан тыс нысандары бекітіледі. Мысалы:
- Мектеп жарғысымен танысу;
- Мектеп заңдарын қабылдау. Оны қабылдау барысында оқушыларға кең мүмкіндіктер беру. Аталған шараларға оқушыларды мейлінше көптеп тарту;
- Жыл сайынғы құқықтық апталық өткізу. Оның жоспарын жүйелі түрде жасау;
- Құқықтық тақырыпта айлық өткізу.(«Балаларды нашақорлықтан қорғау»).
- Құқық тақырыбында Көңілді тапқыштар клубын ұйымдастыру.(«Адам және заң», « Заң және біз», «Темекі соты», «Түсініксіз жастар»т.с.с.)
- Қиын балалармен тұрақты тазарту. Кеңестің жұмыс істеуі. (Ата-аналарды әр түрлі санаттағы оқушыларды кеңестің жұмысына қатыстырып отыру керек).
- Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастыру;
- Құқықтық үйірмелердің жұмыс істеуі. («Жас заңгер», «Құқықтанушы»). Үйірме белсенді оқушылардың қатысуымен құрылып, тұрақты жұмыс атқаруы керек.
- Құқықтық аппараттық орталықтың жұмыс істеуі. Оның арнайы бұрышы болуы керек. Стенділері, құқық тақырыбындағы қажетті басылымдар бір жерге шоғырлануы қажет. Оны тек құқық пәнінің мұғалімдері ғана емес, оқушыларда пайдалана алатындай жағдай туғызылуы керек.
- «Бала құқығының» педагогикалық Кеңесінің жұмыс істеуі. Оның мақсаты бала құқығына қатысты құжаттармен оқушыларды таныстыру және оның іске асырылуын қадағалауға баулу.
- Құқық тақырыбына сынып жетекшілерінің семинарлар өткізуі.
- Құқықтық білім олимпиадасын ұйымдастыру. Ол жыл сайын дәстүрге айналуы керек.
- Құқық білгірлерінің конкурсын ұйымдастыру.
Аталған шаралар бойынша оқушы жастарды құқықтық оқытудың мәнісі-құқықтық білім алуды үздіксіз және кезең-кезеңмен ұлғайту және тереңдету, заңды құрметтеу дәстүрін қалыптастыру болып табылады. Бұл қоғамда келеңсіз жағдайларды болдырмауға көп септігін тигізеді.(16;50)
Азаматтардың құқықтары мен қатар міндеттері де бар екенін ұмытпау керек. Мишель Монтень айтқанындай, «Ережелердің де ережесі және заңдардың ең басты заңы әркімнің өзі тұратын елдің заңдарына бағыну міндеттілігінде болып табылады».
«Біз әркімнің дербес құқықтарын сақтауды ғана емес, сонымен бірге баршаның заң алдындағы теңдігі принципін сақтауды, тұрақтылық пен мемлекеттік даму өскелеңдігінің негізгі қоғамдық қауіпсіздік тәртібін құруды қамтамасыз ететін заң кіршіксіз беделге ие мемлекет құруға тиіспіз».(41;5)
Жалпы алғанда, құқықтық тәрбиенің орнын тек теориялық тұрғыдан қарастыру жеткіліксіз болады, сондықтан құқықтық тәрбие практикасын дамытудың кейбір жолдарын анықтап алғанымыз жөн.
ЕКІНШІ БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
2.1. Құқықтық тәрбиенің болашақ жастарды қалыптастырудағы рөлі
Азаматты қалыптастыру процесіндегі құқықтық тәрбие практикасы әр адамда тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын сақтайтын, заңның бұзылуына қарсы келетін, құқық пен табиғатты қорғайтын қасиеттерін қалыптастыру әдістерінің кең қолданылуына талап қояды. Оқушыларды азамат ретінде тәрбиелеу құқықтық сана – сезім мен мәдениетінсіз жүзеге аспайды. Осы бағыттағы тәрбие бойынша оқушыларды адам құқықтары мен бостандықтарын сақтауға белсене қатысуға, қоғамдық қылмыстан қорғауға, заңдарды дұрыс орындауға және құқық қорғау қызметтеріне даярлау қажет. «Мектеп оқушыларын құқықтық тәрбиелеу ерекшеліктері, тек олардың құқықтық білім сипатының деңгейіне ғана қатысты емес, сондай-ақ заңды әрекетінде де көрініс алады,» — дейді орыс ғалымы Г. П. Давыдов.
Жалпы алғанда «Мәдениет» ұғымының адамдар қауымы жасаған, дамудың белгілі бір деңгейін анықтап, сипаттайтын материалдық рухани құндылық деп түсінеміз. Ал, құқықтық мәдениет өзінің құрамы ерекшелігі бар қоғамдық мәдиниеттің бір бөлігі. Тұлғаның құқық туралы ой-пікірлері, сезімдері мен пайымдаулары және де саналы түрдегі қажеттіліктерін құқықтық мәдениет деп атайды. (28;23)
Қазақстандық заңгерлердің ойлары бойынша «Құқықтық мәдиниет — қоғамның құқықтық санасының айнасы. Өйткені, бұл мәдениет адам қоғамының өткен формацияларының құқықтық мәдениетінің жетістіктерін жинақтап біріктіріп отырады». Құқықтық сана мен мәдениет тығыз байланыста ұштасып жатыр. Ал, құқықтық санаға келетін болсақ; Қазақстан республикасының азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға оларға қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі – құқықтық сананы береді.
Ал, құқықтық сана екі элементтен тұрады:
- құқықтық психология
- құқықтық идеология
Құқықтық психология қоршаған құқықтық болмыстың әсерінен қалыптасып пайда болатын, құқықтың құқықтық сананың бастапқы тәжірибелік сатысы.
Құқықтық идеология: құқықтық психологиясына қарағанда әлдеқайда жоғары, ғылыми – теоретикалық деңгейдегі құқықтық сана. Онда адамдар құқықтық құбылыстың терең мағынасына жетіп пайымдайды.
Құқықтық сана субъектілері әлеуметтік тұрғыда мыналар:
- Жеке тұлға – адамдардың құқықтық санасы есін білгеннен қалыптаса бастайды.
- Ұжымдық құқықтық сана — әрі ұжымның қызметінің ерекшеліктеріне байланысты ұжымдық құқықтық сана – сезім қалыптасады.
- Топтық құқықтық сана: адамдар жасына жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына мүліктік жағдайына т. б. ерекшеліктеріне байланысты сан алуан түрлерге бөлінеді.
- Халықтың құқықтық санасы: халықтың, қазақтарда қалыптасып отырған құқыққа деген көзқарасы.
Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда құқықтық мәдениет ұғымынның тар және кең мағыналары есепке алынып отырылуы қажет. Тар мағынасы: заңдылықтың құқық шығармашылық және құқық қолдану органдарының жалпы жағдайын құқықтық даму деңгейін бейнелейтін жеке азаматтар мен барлық халықтардың құқықтық санасы, оның қоғам өміріндегі орны мен ролі. Кең мағынасында құқықтық мәдениет заң мамандарын дайындау және құқықтық мәртебелік, құқық мәселелері бойынша ғылыми басқармалардың дамуы, адвокатура және т. б.
Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қоғам құрамындағы ерекше орынға, өзіндік құқықтық беделге, оларға тиесілі психологиялық өсу ерекшеліктеріне, сонымен бірге құқықтық санаға ие болуы тиіс. Заңгерелердің тұжырымдамалары негізінде – құқықтық сана халықтың адамдардың саяси және құқықтық жауапкершілігін арттырады, өздерінің заңдарда қаралған құқықтары мен міндеттерін адал орындап отыруына, мемлекеттік және еңбек тәртібін қатаң сақтауға зор үлес қосады. (28;26)
Құқықтық мәдениет адамгершілік санаттарымен байланысты Академик Д. С. Лихачевтің айтуы бойынша «Қоғамда мәдениетсіз адамгершілік болмайды. Адамгершілік нышандарынсыз әлеуметтік, экономикалық заңдар жүзеге аспайды, шешімдер орындалмайды. Қазіргі ғылым өмір сүрмейді» (39;12).
Қалыпты жағдайдағы адамның тәртібі, іс — әрекеті саналы түрде қабылданған шешімдері арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде сананың деңгейі, сезімдік дамудың адамның әрекетіне әсері бар екенін мойындаймыз. Сананың өзі белсенді әлеуметтік іс — әрекеті нәтижесінде қалыптасады. Мұның өзі сана және әрекет мәдениеті мен адамдар қатынасы мәдениетінің бәр мағынаға сыятынын көрсетеді.
Үш қабаттан тұратын «үйді» көз алдымызға елестетейік. Бірінші қабатына құқықтық білім және оны меңгере алу икемдігін орналастырамыз. Екінші қабаттан құқыққа деген қатынас орын алсын. Ал үшінші қабатта құқықтық мазмұндағы әр түрлі жағдайдағы тәртіптер мен әрекеттер болсын. Барлық басқа үйлер сияқты біздің үйдің де «ірге тасы» бар. Адамның құқықтық мәдениетінің «ірге тасы» болып оның саяси және адамгершілік көзқарсы мен ішкі нанымы табылады. Төмендегі аталған жағдайлар ірге тастың қалай қалағанына байланысты болады.
- құқықтық білімнің сапасы және оны қолдана алу;
- заңға қатыстылық сипат (заңды сыйлау сезімі, заңдылықты сезіну);
- құқық нормасын орындауға дайын тұрушылық, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда белсенділік көрсету.
- Н. Г. Суворова өз еңбектерінде «құқықтық санасы жас өспірімедрдің өзара қатынастарының шеңберінде негізделетін құқықтық құбылыстармен нормалардан көрініс алады. Оқушылардың құқықтық көзқарастары, олардың саналарында толық қаллыптаспаған. Санасы мен тәртібі енді қалыптасу деңгейіндегі жас өспірім тәрбиелеудің негізгі объектісі болып табылады. Оқушыларға құқықтық тәрбие берудегі негіз – құқық нормаларын танып білу және дұрыс меңгеру. (21;22)
Осы аталған ерекшеліктердің барлығы еліміздің саяси өміріміздің нысанды фокторы жас өспірімдердің әлеуметтік қорғансыздығын күшейтеді. Түбінде құқықтық сана,жас адамның әрекеті кездейсоқ пайда болатын құқықтың ақпарат ықпалынан туындайды. Оның барлығы қоғамдық салаға сәйкес келмейтін жеке немесе толық сананың қатысуымен жүзеге асады. Мектеп оқушысының құқықтық тәртібін қалыптастыруда қоғам өмірінің барлық салалары мен оқу тәрбиелік жұмыс жүйесінің барлығы қызмет атқаруы тиіс.
Ал, қазіргі жағдайда қоғамымыздың құқықтық мәдениетінің қалыптасуы біркелкі емес десе болады. Шынтуайтқа келгенде, бұқаралық ақпарат құралдары құқықтық нигилизм, заңдық озбырлық және заңдық мәдениетсіздік тақырбын көтермейтін күн жоқ. Құқықтық нигилизімнің етек жаю ауқымы кеңейіп барады. Көп жағдайда құқықтық нигилизм қоғам дамуының тарихи жолы ерекшелігінің туындысы болып табылады. Көп уақытқа созылған құқықтық озбырлық қоғамдық санада тұлғаға қол сұқпаушылық барлық адамдардың заң алдында бірдей болуы, сотта іс қараудың әділ болуы сияқты басты демократиялық принциптердің шынайылығына деген сенімсіздіктің туындауына алып келді. Ал қазіргі өтпелі кезеңде қоғамдық санадағы заңдық нигилизмді азайтуға септігі болмай отыр, бұл басқасын айтпағанда экономикада сондай – ақ қоғам өмірінің өзге де салаларында криминогендік алғышарттың ұлғаюына әкелді. Бүгін құқықтық мемлекет қалыптастыру жолында құқықтың қоғамдық өмірде алатын орынына деген бұрыңғы көзқарасты өзгерту керек. Мемлекет пен құқықтық өзара қатынасында құқықтың ролі басым болуы керек, ал барлық мемлекеттік органдар заңға, қолданыстағы заң нормаларына сөзсіз бағынуға тиіс.
Қазір қоғамдық қатынастарды заманға лайық ету, құқықтық мелекеттік қалыптастыру бағытында таңдау жасалған кезде құқықтық мәдениет, оның деңгейін жоғарлату кезек күттірмес мәселеге айналып отыр және оның табысты шешілуі қазақстандағы мемлекттік құқықтық құрылыстың тағдырына көп әсерін тигізеді. Әзірше құқықтық ақпарат пен насихаттың бірегей жүйесі жоқ, құқықтық білім негіздерін мақсатты оқыту, нормативтік материалды және заң әдебиетін көпшіліктің қолы жетерліктей жариялау жолға қойылмаған. Құқықтық мәдениетті жоғарылату мәселелері – қоғамының өмір сүруінің объективтік жағдайларының өзгеруіне, мақсатқа бағындырылған идеологиялық, ұйымдық жұмысқа. әлеуметтік – заңдық шараларды жүзеге асыруға байланысты ұзақ процесс екенін қайталап айтқан артық болмас. Осындай жағдайда құқықтық сананы қалыптастыру мемлекеттік билік институттары алдында тұрған аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Осы міндет орындалмай азаматтық қоғам құру, өмірдің көптеген саласын реформалау, әлеуметтік жағымсыз мінез – құлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу мүмкін емес. Әрине, бүкіл заңдарды білу іс жүзінде мүмкін емес, әсіресе заң мәселелерімен арнайы айналыспайтын азаматтар үшін бұл тіпті қиын. Сондықтан азаматтардың білуі үшін неғұрлым қажетті және қолданыстағы заңнамада бағыт бағдар ұсталуға мүмкіндік беретін заңнама салалары мен ережелерін айқындап алу міндеті тұр. (39;12)
Заңнамаға қол жетушілік, менің ойымша нормативтік құқықтық кесімдерді білудің аса маңызды алғышарты болып табылады. Қазір демократиялық қоғамға және нарықтық экономикаға қарай бет бұрыс жасау заңнама ролінің күрт жоғарлауына алып келген кезде оған қолжетушіліктің мәні айтарлықтай арта түсуде. Заңнаманы ресми баслымдарда жариялаудың өзі жеткіліксіз. Оны басқа баслымдарда қосымша жариялау, заңнаманың ең маңызды ережелері бойынша мамандарды сөйлетіп, түсіндірме беру мүмкіндігін қарастыру қажет. Құқықтық көптеген жаңа нормаларын, әсіресе олар бір – біріне қарамақайшы келетін жағдайда, ал бұл сирек құбылыс емес, маманның көмегінсіз түсіну мүмкін емес.(39;14)
Құқықтық білім беру және қоғамды жетілдіру мәселелері өзара байланысты. Заманның өзі осы проблемларды қоғамының қажетіне айналдырды, өйткені мемлекетіміздің дамуының түбегейлі жаңа сатысы оның зияткерлік, мәдени және ізгілік әлеуетіне тікелей байлансты. Мұның бәрі өзгерген қоғамдық өмір шындығына сай құқықтық білім берудің ерекше маңызын айқындап отыр.
Құқықтық білім беру міндетін орындауды мектептен бастау керек, бұл процесс үздіксіз болуға тиіс, онда құқықтық сауат пен ізігілікті тәрбие беру үйлесім табуы керек. Құқықтық білім беру жүйелі мақсатты, құндылқты болып, мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін жоғарлатуға бағытталады. Ал құқықтық мәдениеттің өзі мінез – құлық ретінде көрініс табатын тұлғаның құқықтық дамуының сатысы ретінде қарастырылуы тиіс. Біз мектеп оқушылары құқықтық білімді жақсы меңгеріп, оны, құндылық ретінде қабылдауына және оларда заңды мінез – құлыққа бағытталған әлеуметтік – құқықтық ұстаным болуына ұмтылуымыз керек. Бұған мектептер, жоғарғы оқу орындары, қоғамдық институттар, ғылыми мекемелер мақсатты жұмыс жүргізген жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Құқық азаматтарды қорғайды, олардың өмірін реттейді, сондықтан қоғамның лайықты азаматы болу үшін құқықтық нормаларды білу шарт.(54;87)
Заңгер ғалымдардың, педагогтардың құқықтық білім барлық жастағы мектеп оқушыларын тұтас қамту керек деген пікірімен келіспеуге болмайды. Елмізле құқықтық білім беру тұжырымдамасын негіздеу үшін теория мен тәжірибе негіздерін, еліміздің өз тәжірибесін, оның тарихи өмір шындығын, сондай – ақ шетелдік педагогика дәстүрлерін теориялық тұрғыдан түйсіну қажет. Осы жолда тұжырымдаманы, яғни адам құқықтарын оқытудың мақсаты мен міндеттерін мазмұнын іріктеуді, біздегі білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып осы мазмұнды жүзеге асыру әдістерін, нысандары мен амалдарын таңдауды айқындау бойынша шетелдік әріптестеріміздің тәжірибесін шығармашылықпен пайдалануға болады. (54;89)
Бұл жағынан Әділет министрлігі білім беру жүйесіне айтарлықтай жәрдем бере алар еді. Алайда, мұнда да қиындықтар жоқ емес. «Жеті жарғы» баспасына материалдық – техникалық қолдау кқрсету мәселесі әлі күнге дейін шешілмей отыр.
Құқықтық педагогиканың жалпы теориясы бойынша, жастарға құқықтық білім берудің түпкі мақсаты – заңды саналы түрде сыйлауды және оны өмірде белсенді түрде пайдалана білуді қалыптастыру. Алайда, іс – жүзінде жағдай басқаша. Елімізде құқықтық білім беруге жеткілікті назар бөлінбейді. Жаңадан әзірленген «Адам және қоғам» атты бағдарламада, өкінішке орай құқыққа аз орын бөлінген. Оқу орындарында әліге дейін сапалы оқу әдебиеттерінің тапшылығы байқалады, баламалы оқулықтар, құқық тақырыбында көрнекі дидактикалық материалдар жоқ, ал қолда бар құралдардың мемлекеттік тілге аударылуының сапасына көңіл толмайды. Өкінішке орай, оқу орындарындағы құқықтық білім беру қазірдің өзінде факультативтік сабақ деңгейінде қалып отыр, құқық бойынша бағдарламалар мен оқу құралдары заман талабына сай келмейді және сын көтермейді. Аймақтарда, әсіресе ауылдық жерлерде құқықтық білім беруді қамтамасыз етуді қолға алу қажет.
Сонымен, құқық түсіндіру жұмысын тиімді жүргізуде жаңа көзқарас қалыптастырып, пәрменді әдістер қолдану – түбінен жаңа әдістер мен көзқарас қолдану – заман талабы. Сол себепті заман ағымынан қалмай, сандық көрсеткіштерден сапаға өтуіміз қажет.
Адамдар өмірінде шарықтау сәті бар, ол егер дұрыс пайдалана білсе, табысқа жеткізеді. Егер оны қолдан шығарып алса, онда одан кейінгі жол қайранға малтығып, тайғақ кешумен ұласады.
Біздің міндет – Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлкеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиімді жүйесін жасау: басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру: ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру, әрине, осы міндеттерді жүзеге асыруда жастардың өзара орны айрықша.(48;158)
Әр қоғамның өзіне тән идеологиясы болатынын ескерсек, біздің әлі күнге дейін қол жеткізе алмай келе жатқан кем тұсымыз дүние танымы мен көзқарасы өзгерген жастар қауымын жетелеп, дұрыс жолға салып жіберетіндей жаңа тәлім-тәрбие бағытының осалдығы дер едік.
Жастардың арасындағы қылмыс проблемаларын зерттей келе, маргинализацияның әсерін атап өтпеске болмайды.
Қазіргі қоғамда маргиналдықтардың жартысын жұмыссыздар, ауылдан қалаға көшіп-қонушылар, иммигранттар, босқындар, тұрғылықты тұрағы жоқтар(бомждар), қайыршылар, нашақорлар сияқты әлеуметтік топтар құрады. Бұл салада маргиналдықтарды денсаулығына байланысты зардап шегушілер, оларға тағы да кәмелетке толмағандар, нашақорлар, ішімдікке салынғандар, яғни қажетті қоғамдық қатынастары жоқтарға жіктеуге болады.
Анкеталық сұрау барысында ішімдікті әрбәр үшінші жасөспірім (36,3%) жарты жылда 2-3 рет, 20,2% -ы айына 1-2 рет, ал 7,4% аптасына 1-2 рет қолданады екен. Қатысушылардың 15-% алғаш ішімдікті 12 жасқа дейін дәмін татқан, 12-13 жаста ішімдікті 22,8%-ы, 14-15 жаста 23,3%-ы дәмін татқан. Ары қарай жасөспірімнің жасы ұлғайған сайын, алкогольге қызығушылығы азаяды, қатысушылардың 17 жастан жоғарғылары алғаш рет ішімдікті көргендер 1,8%-ы. Ал, нашақорлыққа келетін болсақ, қуанарлық жағдай емес. Жауап берушілердің есірткі заттарын қолданатындармен таныстығы және оларға да тұтынуға итермелегендер 35,4%, соның салдарынан 6,7% ақыры қызығушылықтан дәмін татып көрген.(49;40)
Алайда, спецификалық айырмашылықтарына қарамастан маргиналдар өздерінің әлеуметтік мәртебесін қайтару мақсатында, сыртқы ортадағы теріс әрекеттерге еліктегіш болады. Саясаткерлердің айтуынша оларға кез-келген саяси көзқарасты жапсыруға болады. Аталмыш топтардың әлеуметтік топтың қоғамға және мемлекетке қарсы қозғалыстарға шығуы мүмкін болатын жағдай.
Соңғы кездерде жастар проблемасына, жасөспірімдердің қылмысына байланысты ғылыми әдебиеттерде, мерзімді басылымдарда ерекше назар аударуда. Әлбетте, бұл түсінікті жәйт, өйткені бұл мемлекеттің болашағы мен дамуына әсер етері сөзсіз. Жасөспірімдердің неліктен заңға қайшы келіп, қоғамға қарсы әрекеттерді ұйымдастыратынын анықтауымыз қажет.
Білім ордаларына бару кәмелетке толмағандардың өзіндік орнын айқындауға негізгі орын. Әлеуметтанушылардың зертеуіне жүгінсек, сұраған кәмалетке толмағандардың 50 %-дан астам үлгерімдері жақсы (5 және4), сонымен қатар құқық бұзушы жасөспірімдердің ішінде тек7,1%-ын құрайды, сонымен қоса олардың арасында 3 пен 2-ге оқитындар (17,9%), 3,5 есе көп. Үлгерімі нашар жасөспірімдердің ішкі жан дүниесін, оның мектепке бару ықыласы айқындайды. Әсіресе, сұрақтың жауабына талдау жасағанда көрінеді: білім ордаларына әдетте қандай көңіл-күймен барасың? Егерде қарапайым жасөспірімдер арасында 3,7%-ы мәжбүрлеу арқылы барса, ал жас құқық бұзушылар қатары мектепке баруды қаламайды. Жалпы 41%-ы мектепке бару қажеттілік деп, ал 15%-ы сабақты жаза ретінде қабылдайды екен.(49;42)
Құқықтық тәрбие беруде кейбір мектептерде алаңдатарлық жағдай туғызып отыр. Ол тек үлгерімімен ғана емес, ол баланың ой өрісіндегі қорғаншылықтың және жайсыздықтың әсерінен байқауға болады. Ризалықпен айтатын жайт, көптеген жасөспірімдер мектепте оларға қанағаттанарлық қатынаста деген. Алайда , қарапайым оқушылардың тек 4%-ы өздеріне қатысты немқұрайлықты сезінсе, құқық бұзушы жасөапірімдердің 14,7%-да осындай көзқарас қалыптасқан, ал 4%-ы сыныптағы жолдастарының өзінен алшақтайтынын атап өткен, осыдан барып маргиналдарға қатысты қиын жасөспірімдердің проблемасы туындайды.(49;43)
Қиын жасөспірімдер дегенде нені түсінеміз ? Қиын жасөспірімдер зиянды қылықтарға (нашақорлыққа, спирттік ішімдіктерге) әуес, мұғалімдерді сабаққа кедергі келтіретіндер деп ұйғарамыз. Осы анкеталық сұрау барысында бұл сұрақтың жауабы айқындала түсті, 48,2 %-ы сабаққа кедергі келтірмейтіндер, 54,8 %-ы мұғалімдерді балағаттау, 42,9 %-ы нашар оқитындар, 40,8 %-ы сабаққа бармайтындар деп атаған. Қиын жасөспірімдерге өз құрдастары да немқұрайлықпен 41,2 % -ы қараса, тек 2,6 % -ы оларды түсініп, қол ұшын бергісі келеді. (49;44)
Сонымен, мектепке баруды жаза ретінде қабылдаған жасөспірімдерден құқық бұзушы кәмелетке толмағандар төрт есе көп. Егер де көптеген оқушылар өзінің сыныптастарымен қарым-қатынастарына қанағаттанса, ал кез келген бесінші құқық бұзушы жасөспірім өзіне немқұрайлықты сезінеді. Жауап берушілердің ойынша жүріс – тұрысының ауытқуы, нашар үлгерімнен, мұғаліммен қатынастың бұзылуынан, сабақты жіберуінен анықталады. Мұндай бұрыс жолға ауытқушылықта басқадай тәрбиелік маңызы бар әрекеттерге мән бермейді. Айта кететін жәйт қатысушылардың тек 4,6 % — ы өздерін қиын категория қатарына қосты.
Осындай құқық бұзушылардың теріс қылықтарынан арылу үшін құқықтық тәрбиенің алатын орны зор. Бұл тәрбиемен жеке-дара емес , топтап, яғни бірлік бар жерде , тірлік бар демекші, бірлесіп қолға алу қажет. Құқықтық тәрбиемен мемлекет айналысып отыр. Құқықтық тәрбиені дамыту мақсатында арнайы – формальды емес ұйым құрылса деген ұсыныстар қарастырылды. Бұндай ұйымды жасөспірімдердің 60,7 %- ы қолдаған, әрбір 3-4-сі сенімсіз, тек 9 %-ы қарсы. Құқық бұзушы жасөспірімдердің жартысы мұндай ұйымның міндетті түрде қажеттігін айтқан. (42;132)
Құқыққа қарсы қалыптасуда жеткіншектердің бос уақытын қалай өткізетіндігімен байланысты . Жасөспірімдердің бағалауынша бос уақыттың өтуі әр кезде әр қалай. Бос уақыттағы негізгі белең алу : 46 %-ы достарымен қарым –қатынас, 23,6 % — ы теледидардағы бағдарламаларды қараса, 23,6 % -ы әуен тыңдау, оқу. Құқық бұзушы жасөспірімдер уақытты өткізу туралы аз мағлұмат берген, олар аз мөлшерде оқиды, сирек сурет салады және музыкалық аспаптарда ойнаумен айрықшаланады. (42;128)
Жасөспірімдерге қатысты мына кестені сызуды жөн көріп отырмын.
Жасөспірімдердің өмірлік талғамы .
Жауаптар |
Респонденттер % |
Жоғары жалақылы жұмыс Адал достар Ақша Бақытты жанұя Махаббат |
81 75 65 64 41 |
Балалардың қылмысына қатысты проблема халықаралық дәрежеде мән беріліп отыр. Бұл сұрақ төңірегінде БҰҰ-ның IX конгресінде 1995 жылы арнайы талқыға салынды. Бұл өзекті проблемалардан тыс қалмайтындығының айғағы ретінде Қазақстанның 1994 жылы БҰҰ-ның балалар құқығы туралы конвенцияға қосылуы. Біздің Республикада «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Заң 2002 жылы 8 тамызда қабылданған. Бұл заң балалардың қоғамдық маңыздылығын және шығармашылық белсенділігін, өнегелі тәрбиені қалыптастыруды дамытуға бағытталған. Мұнда арнайы мемлекеттің балаларға қатысты саясаты көрсетілген, егер де құқықтары бұзылған жағдайда солардың мүддесін қорғайтын арнайы органдардың, ұйымдардың бар екені көрсетілген . Әлбетте, мұндай құқықтар мен қатар міндеттердің де бар екендігін және құқық бұзған жағдайда тиісті жазалары да айқындалған. Осы заңның жәрдемімен жасөспірімдер арасындағы қылмыс проблемасын шешсе, яғни мемлекеттегі жалпы қылмыстық жағдайдың оңалатынына сенім артамыз. Қоғамда тиісті тәртіп орнамайынша ең прогресті өзгерістердің өзі де көңіл көншітерлік нәтиже бермейтіні анық. Заңдылық пен құқықтық тәртібі қоғам игілігі болып табылады.
2002 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан Републикасы Президентінің № 949 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы» мақұлданды. Тұжырымдаманы әзірлеу туралы тапсырманы Елбасы құқық қорғау органдарымен болған 2002 жылдың 30 наурызындағы кездесуінде берген еді. Бастапқыда заңгерлер 1994 жылы қабылданған Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасының орындалуына байланысты оның екінші кезеңін қамтитын жаңа бағдарламаны әзірлеу жөнінде бірқатар ұсыныстар жасады. Алайда, Қазақстан реформалау кезеңінен өтіп кеткендіктен , ендігі жерде реформалау емес, құқықтық даму жөнінде сөз қозғау қажет болды. Сондықтан да құқықтық даму мен қалыптасудың жаңа бағыттарын айқындайтын концептуальды құжат нәтижесінде өмірге келген Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы еліміздегі заңнаманың даму жолдарын , құқықтық жүйені құрудың негізгі қағидаларын және құқықтық институттарды реформалаудың басты бағыттарын қамтитын құжат болып табылады. Тұжырымдамада 2002-2010 жылдар аралығын қамтиды. Онда құқық қорғау органдары қызметінің негізгі бағыттары анықталған. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құқықты қолдану кезінде тұжырымдамада анықталған концепцияларды басшылыққа алулары тиіс. Тұжырымдаманың орындалуына бақылауды Президент әкімшілігі жүзеге асырады. (31;18)
Біздің департаментте жоғарыда аталған және өзекті мәселелер бойынша бірқатар шаралар жүргізілді. Олар қазір де күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл атап айтсақ, қылмыстық саясатты ізгілендіру, қараусыз балалар проблемалары, соның ішінде әке-шешесінің қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері.
Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауат және құқықтық тәрбие бойынша 2004-2005 жылдарға арналған бағдарлама жобасы әзірленіп жатыр. Осы орайда аумақтық әділет органдарына да құқық түсіндіру жұмысы бойынша аумақтық бағдарламалар әзірленуі қажет.
Осы құқықтық сауатсыздықты жоюда, құқықтық мәдениетті өрбітуде Елбасының атқарып жатқан іс-шараларының бірі ; 1995 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында құқықтық сауатты ұйымдастыру шаралары туралы» қаулысында мемлекеттік органдардың алдына нақты бағдарлама мен оның мақсаттары қойылған болатын, олар :
- Адамның жоғары азаматтық қасиеттерін, оның жалпы құқықтық мәдениетін және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру;
- Оқушы жастарға таңдаған еңбек қызметіне дайындалу барысында арнайы құқықтық білім беру ;
- Құқық бұзушылықтың ерте алдын алу.
Өкінішке орай, бұл міндеттер әлі де толық орындалған жоқ. Жоғарыда аталған құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауат және құқықтық тәрбие бойынша 2004-2005 жылдарға арналған бағдарлама жобасында қағидатты жаңа міндеттер қойылып көрсетілген проблемаларды шешудің инновациялық жолдары ұсынылған.(28;55)
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында көзделген шараларды орындау Қазақстанда құқықтық, әлеуметтік, зайырлы және демократиялық мемлекетті құруға ықпал етеді. Осы тұжырымдаманың негізінде республиканың құқықтық саясатының түрлі бағыттары бойынша салалық бағдарламалар әзірленіп қабылданатын болады. Сол арқылы тұжырымдамада анықталған бағыттар бойынша еліміздің құқықтық жүйесінің дамуына жағдай жасалмақ.
Сондай-ақ, қазіргі кезде Қазақстанда демократиялық құқықтық мемлекетті құру талаптарына сай келетін ұлттық құқық жүйесін дамытудың жаңа бағыттарын анықтауға байланысты басқа да шаралар атқарылып жатқандығын ұмытпауымыз керек.
2.2 Құқықтық тәрбие практикасын дамытудың кейбір жолдары
Қазіргі қоғамның дамуында жастардың, әсіресе кәмелетке толмағандардың тәрбиесі әрбір азаматтың мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың конституциялық міндеті ретінде қаралады. Егер қылмыс зұлымдық болса, кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыс он есе ұлғайған зұлымдық.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғалы мемлекетімізде жастар мәселесіне көп көңіл бөлініп отыр, атап өтсек түрлі спорт кешендері, пікір сайыс клубтары, жастар комитеті жұмыс істеп жастардың қолдауымен бірлестіктердің т.б. құрылуы. 2000 жылдың басында 150-ден астам балалар және жастар бірлестіктері әр түрлі салада тіркеліп, қызметтерін атқаруда.
Осыған қарамастан бүгінгі таңда жастар арасындағы құқық бұзушылық белсенділігі өте жоғары. Ерекше үрей жасөспірімдер арасындағы қылмыстың белең алуы, яғни үлкендерге қарағанда жасөспірімдер ешқандай өмір тәжірибесінің жоқтығынан және білімнің саяздығынан осындай келеңсіз жағдайға тап болады.
2002 жылғы статистикалық мәліметтерге жүгінсек республика бойынша жалпы қылмыс 11,2 % (152168- ден 135151) кемісе, кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыс 0,7 % — 8182-ден 8237-ге көбейген. Республика бойынша кәмелетке толмағандар қылмысқа 14-15 жаста барған, яғни жалпы аталғандардың 2,7 %-ын құрайды, 5915 немесе 6,1 %-ы қылмысқа 16-17 жаста барған.
Жалпы кәмелетке толмағандардың қылмысы : 2001 жылы 6,93 %, 2002 жылы 7,67 %-ын құраған.(60;45) Жасалатын қылмыстық оқиғалардың көп бөлігін ұрлық, қарақшылық және тонау сынды заң бұзушылықтар алып жатыр.
Ішкі істер министрлігіндегі фактілерге жүгінсек, тек 2001 жылы оқушылардың осы категорияларында 58 адам өлтіру, 52 денсаулыққа әр түрлі зиян тигізу, тонау оқиғалары тіркелген. Статистикалық мәліметтердің айтуынша, жасөспірімдер арасындағы қылмыстық оқиғалар әсіресе Қостанай, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарында кең етек алып отыр.(60;48) Өзіміздің Семей қалалық сотымен 2003 жылдың қаңтарынан-қыркүйек аралығында 1025 қылмыстық іс қаралған, соның 61-ісі жасөспірімдер. Оның 28-не үкім шығарған, яғни сотталған, ал 25-не қаулы шығарып қылмыстық жазадан босатылған./Қалалық сот мәліметі/
Жалпы қылмыстың өсуі тек құқық қорғау органдарының үрейін ғана емес бүкіл қоғамды алаңдатып отыр. Әрбіреуіміз сұрақ қоямыз: неліктен және қылмысты азайту мақсатында қандай іс шараларды жүзеге асыру керек. Әрине, қылмыстың өсуінің негізгі принципі барлығымызға белгілі, ол нарықтық қатынастарға өтудегі ауыр уақыттардың бірі, экономикалық қиындықтар, өндіріс ошақтарының тоқтап, жұмыссыздықтыңпайда болуы, тұрмыстың төмендігі тәрізді түйіні шешілмей отырған проблемалар мұрша бере қоя ма? Жастар тәрбиесімен түбегейлі айналысып жүрген мамандар қауымы да мұны жоққа шығармайды. Жылдан жылға күрделеніп бара жатқан жастар арасындағы тәлім-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жаңа жүйеге бейімдеу мақсатында өткізіліп жүрген алқалы жиындардың да оңды нәтижеге қол жеткізбей, жай әңгіме деңгейінен аса алмай қалатындығының астарында айналып өтуге болмайтын осындай ақиқат себептер бар сияқты. Қай кезде де қылмыстың азайып, кейде көбейіп, тербетіліп отыратындығы қоғамдағы әл-ауқат деңгейінің ахуалына байланысты. Сондықтан да тарыдай шашырап жатқан тәлім-тәрбие жұмыстары мен патриоттық рухты бір бағытқа шоғырландыратындай қуатты идеологияны экономикалық-әлеуметтік қатар дамытпайынша уақыт шабысынан артта қалып, тұйыққа тіреле беретініміз белгілі жағдай. Осындай орыны ойсырап көрініп тұрған осал буын күнделікті тіршілікте жол таппай дағдарған көптеген жасөспірімдердің кейде жансақтықпен, ал кейде ауыр қылмысқа ашықтан ашық баруына өзіндік ықпалын тигізетін негізгі факторға айналып келеді.(53;98)
Жасөспірімдермен жасалынатын қылмыстың соншалықты шапшаң өсіп, күрделене түсуін әркім әрқалай түсіндіргісі келеді. Кейбіреулер мұның бір ұшын отбасы мен мектептегі тәрбиенің қожырап кеткендігімен сабақтастырса, базбіреулер жастарымыздың бойындағы қатыгездік пен мейірімсіздікті өзіміз айтып өткен тұрмыстың төмендігі мен әл-ауқаттың нашарлығы тәрізді тіршіліктің көлеңкелі жағынан іздестіреді.
Қалай десекте бүгінгі жастар тәрбиесі төңірегіндегі тізгінін ұстатпай отырған қомақты проблемаларда жеделдетіп түйінін шешуді қажет етіп отырған бұл мәселелердің де салқыны жоқ емес, бар. Алайда осынау қиюы қаша бастаған қырық құрау шаруаның басын біріктіріп,кешенді түрде қалай жүргіземіз деген өткір сауалдың ғана жауабы табылмай келеді.Олай дейтініміз сәбидің дүниеге келгенінен бастап, ол азамат болып қалыптасқанға дейінгі аралықты қамтитын тәрбие жүйесі өз мәресіне жетпей орта жолдан үзілсе, оның қылаудай тиімділігі болмайтындығын өмірдің өзі көрсетуде. Егер келешекте орнығатын жастар саясаты бұл бағыттағы атқарылатын маңызы бар іс шаралардың басын біріктіріп оның негізгі қозғаушы күшіне айналса, онда үмітіміздің ақталғаны.Қазір елімізде жастар мен балалардың мүддесі мен құқығын қорғауды қамтамасыз ететін заңдарымызда аз емес. Алайда, олардағы қарастырылған мәселелердің көп жағдайды діттеген нысанасына жетпей, ауада ілініп қалатындығында жоғарыдағы шешімін күтіп отырған түйткілді мәселелердің түйіні жатқандығын жоққа шығаруға болмайды. 2003 жылдың 1-қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы туралы» жаңа заң өз күшіне енді. Осы заңның 6 бабында балалардың құқығы мен мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, оларды қорлауға жол бермеу мемлекеттік саясаттың басты мақсаты екендігі ашып көрсетілген.(4) Десек те заң талабынан тұрмыс пен күн көрістің ауырлығы үстемдік құрып тұрған тіршілікте толық жүзеге аса қоятынына күмән көп. Өйткені жас сәбиді қорлау мен аяусыз ұрып соғу, тіпті өлім жағдайына душар ету деректері әлі де көптеген жерлерде сол бұрынғысынша жалғасып келеді. Қаршадай баланы қатыгездікке үйрететін де қоғам мен отбасындағы осындай көлеңкелі жағдай шығар.
Қазір республикамыздың көптеген жерінде әрбір білім ошағына учаскелік инспекторды бекіту дәстүрі қанат жайып отыр. Ондағы негізгі мақсаттың өзі жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау және алдын-алу шараларын жүргізуден туындаған ниет еді.Әрине, дәл қазір оның түпкі нәтижесі туралы кесіп-пішіп пікір айтудың өзі де асығыстық болар. Дегенмен де осы әдісті кез-келген білім ошағына тықпалап енгізудің тиімділігі бола қояр ма деген де сауалдың алдымызды кесе көлденеңдеп жатып алатыны рас. Бұл жауапты жұмысқа бекітілген полиция өкілінің ішкі жан дүниесі мен балалармен қарым-қатынас жасаудағы іс – тәсілі өзгермесе одан не пайда? Әлде бұл әйтеуір полиция киімін киінген адамнан мектеп оқушылары жасқанып жүрсін деген ойдан туындаған шара ма? Онда бұл кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер құқығының бұзылғандығы.(56;200)
Ал, кейбір азаматтардың бұл мәселе жөніндегі көзқарасы басқаша. Ол әрбір мектепке полиция өкімін бекіту жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын-алу шараларына көп септігін тигізеді деп есептейді. Таразы басын тең тартатын екі пікірдің де түп негізі балалармен жұмыс жасайтын учаскелік инспектор тек полиция өкілі ғана емес, кез-келген бүлдіршінмен ортақ тіл табыса білетін педагог, әрі психолог болса деген игі тілекпен ұштасып жатыр еді. Жастар тәрбиесіндегі жан дүниемізді толғантып жүрген осал буынның өзі де осы емеспе? Бір сөзбен айтқанда, жастармен қоян қолтық жұмыс істейтін учаскелік инспектор біздің ойымыздағыдай мектеп басшылары мен төменгі буынның арасын жалғастырып, қылмыстың алдын алатындай тұлға болса барша жұртты ойландырып отырған олқылықтың орны толғаны емес пе?
Алайда көптеген ішкі істер бөлімдерінің жанындағы кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізетін инспекциялардың тәртіп бұзған жасөспірімді есепке алып, мүмкіндігі келгенінше жазалауға бейім тұратын іс-тәсілі яғни, баланың ішкі жан дүниесіне деген қарым-қатынасын өзгертпейінше, бұл салада онда жаңалықтар болады деп үміттенудің өзі қиын. Құқық қорғау органдары өкілдерінің пікіріне сүйенсек, кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін инспекция қызметіне уақытша тыныс алып, өсетін орын деп келетін кездейсоқ кадрлар аз емес. Күнделікті өмірде ондай мамандардың ойға алған осы мақсаты орындалып та жатады. Қашан да кадрлары тұрақтамай, жайлы орындарды жағалап кететін инспекциялардағы жұмыстың тар шеңберде тұйықталынып, ондағылардың жастарға жаңашырлық жасаудың орнына жазалауға даяр тұратындығының бір астарында жаңа іс-тәсілін нұсқайтын әдістемелік көмектің көрсетілмейтіндігі де теріс әсерін тигізуде. Бүгінгі жасөспірімдердің тәлім-тәрбие жұмыстарынан ерекше орын алатын мұндай маңызды мәселені ішкі істер министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің мамандары ғылыми тұрғыдан талдай отырып, жарыққа шығарса кемшіліктердің кем кетігін толтыруға қолайлы мүмкіндік жасалынар еді. Осындай себептердің салдарынан тәлім-тәрбие жұмыстары кенжелеп, құқықтық сауаттылығы төмен жасөспірімдердің адам жаны түршігерлік ауыр қылмыстарға баратындығын атап өтпеске болмайды. Қазір кейбір органдардың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарап, жаттанды тәсілмен жұмыс істейтіндерде аз емес. Мұндай қағаз бастылықтан көптеген қалалық, аудандық әкімшіліктердің жанындағы жасөспірімдердің құқығын қорғаумен айналысатын комиссиялар да арыла алмай келеді. 2003 жылдың басында Ұлытау аудандық прокуратурасы осындай комиссияның жұмысына тексеру жүргізіп, ондағылардың шын мәнінде түк іс тындырмайтындығын анықтаған.(52;66)
Алайда, қылмыстың өсуіне бірден бір түрткі болып отырған әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақталып, тұрмыс деңгейі көтермейінше жасөспірімдер арасындағы тәлім-тәрбие жұмыстарының дәл осылайша көз алдайтын жалған ақпараттардың жетегінде кететіндігі ешқандай да күмән тудырмайды. Жастар саясатын қалыптастыру төңірегіндегі дүрілдеп өтетін алқалы жиындар дүбірінің алысқа жете алмай, алқынып орта жолда қалатындығының бір төркіні де нақ осында. Көптеген заңдарымызда қоғамымыздағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бүгінгі қалыптасып отырған осындай ахуалы ескерілмегендіктен олардың негізгі тетіктеріқозғалысқа енбей қалады. 2002 жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Темекі шегушіліктің алдын-алу және оны шектеу туралы» заңы шықты. Осы заңда кәмелетке толмағандар арасында темекіні насихаттауға және сатуға тыйым салған бірқатар баптар бар. Ал, енді күнделікті тіршілікте темекі жасау бұйымдарына қожалық жасап отырған шетелдік кәсіпорындар теледидар мен ақпарат құралдарының беттерінде өз өнімдерін насихаттап, жарнамаларын қыздырып жатқанда жоғарыдағы заңның талаптары өз дәрежесінде орындалады дегенге сену қиын. Әрі-беріден соң кез-келген кәмелетке толмаған жасқа кедергісіз темекі босататын дүкен сатушысының теріс әрекетіне шын мәнінде тосқауыл қойып жатқан кім бар.Осының барлығы да жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын-алу шаралары өз нәтижесін берер еді.(4;2) Амал қанша қазір мұндай жұмыс назардан тыс қалып келеді. Құқық қорғау органдарының өкілдерін былай қойғанда, жас ұрпақты жақсы әдеттерге үйретіп, жамандықтан жиренетін ұстаздар қауымының өзі тәртібі нашар қиын балалардан мүмкіндігінше бойын аулақ салып, оларды арнаулы мектептерге жібергісі келіп тұрады. Яғни, көптеген мұғалімдердің ондай оқушылармен ортақ тіл табысып, жұмыс істегісі келмейді.Қит еткен қиқар баланы есепке қойдыртып маңдайына қара таңба басып қоюдың бір төркіні мұғалімдер мен инспекторларының шығармашылықпен жұмыс істей білмейтін біліксіздігіне жатса, екінші бір ұшы әкімшілік құқық бұзушылық кодекс пен қылмыстық кодекстің баптарында балаларға тән тентектік пен бұзақылық ұғымдардың аражігі ажыратылып көрсетілмегенінде деп есептейміз. Рас,екі кодексте де кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын-алу шараларында орын берілген. Бірақ олар жоғарыдағыдай себептерге байланысты орындалмай, ылғи тасада қалып қояды. Сондықтан да сәл ғана тентектік жасаған жасөспірімдердің әрекеті бұзақылық деп танылып, тынымсыз жұмыс істеп жатқан жазалау механизмінің тісіне ілігіп кетеді. Осылайша жан дүниесі әлі бүлініп үлгермеген жасөспірім бүкіл құрбы-құрдастары алдындағы сенімінен айырып, оның келешекке деген көзқарасын сендіреміз. Осы да әділдік пе ?(20;63)
Жастар тәрбиесін қашан да жауапты іс деп ұрандатып жатамыз, ал оның бүгінге жай-күйі мен қордаланып қалған қомақты проблемалары осындай. Сонда келешегі не болмақ?
2.3. Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбиенің
жүзеге асырылуы және оның болашақ жастарды
қалыптастырудағы рөлі
Өтпелі кезеңдегі тоқыраудан шығу жолдарының бірден-бір жолы дамыған құқықтық мәдениетті қалыптастыру . Қазіргі қазақстандық қоғам өтпелі кезеңге қатысты құқықтық мәдениеттің қалыптасуындағы барлық проблемаларды бастан кешіріп отыр . Қазіргі ТМД елдерінде құқықтық мәдениет төңірегінде өрбіп жатқан мәселе тегін емес . Мысалға Украинада , Ресейде , Өзбекстанда құқықтық мәдениеттің дамуына ықпал ете отырып , ғылыми конференция өткізіліп , бұл бағыттағы мемлекеттік органдардың қызметін айқындайтын арнайы нормативтік актілерді қабылдаған. Заңгер ғалымдардың арасында бұл сұрақтың төңірегінде теориялық және тәжірибелік пікірталас жүруде. Жастар арасындағы құқықтық тәрбиені өрбіту мүмкін емес.
Олардың арасындағы өзара байланыстан бүгінгі күніміз бен келешегімізге әсер етері сөзсіз .
ТМД елдерінің көпшілігінде жастар саясатына қатысты заңдарға толықтырулар мен өзгертулер енгізілген, тәжірибеде көріп отырғанымыздай заман талабына сай заң жинақтарын бекітпесе жастардың құқықтық тәрбиеге қатысты проблемаларын шешу мүмкін емес. 2000 жылдың 12 маусым айында Үкіметтің «Жастар және мемлекеттік жастар туралы» қаулысы қабылдады.
Болашаққа ұмтылуда кез-келген қазіргі мемлекеттік басты назар аударатыны белсенді жастар саясатын қалыптастыруда екені мәлім . Сондықтан да жастар саясатын қалыптастыруда жалпы адамдардың, азаматтық қоғамның ықпал етері сөзсіз. Сол себепті «Заңгер» үйірмесінің №22 мектебінде ұйымдастырған «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі» атты тақырыпта өткізген дөңгелек үстелі өз нәтижесін берері анық. (Қосымша А қараңыз).
Алайда, өкінішке орай жас қазақстандықтардың жағдайы басқа әлеуметтік топтарға қарағанда әлдеқайда қиын екендігін көре аламыз.
Қазақстан Республикасындағы статистика басқармасының мәліметіне жүгінсек , мемлекетте 14 пен 29 жас аралығындағы жастар бүкіл тұрғындардың 26,1 % -ін құрайды . (27;35)Бұл қазақстандық қоғамдағы адамдардың негізгі бөлігін құрайды. Осыдан келе мемлекеттік еңсесі биік болашағы , әлбетте жастарға байланысты екенін атап өтуді жөн көреміз.Мемлекеттің атқарып жатқан көптеген іс-шаралардың бірі: 2002 жылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы заң қабылдады, бұл заңның жарық көруі жастардың проблемасын шешуде септігін тигізері сөзсіз.Осыған қатысты Алматыда 2000 жылдан бері қалалық ішкі істер басқармасының кәмелетке толмағандар істері бөлімінің қызметкерлерімен және Алматы қалалық департаментімен бірлесе отырып, қаладағы түрлі деңгейдегі мектеп мүдірлерінің қатысуымен жастарға құқықтық тәрбие сағаттарын жүргіземіз. Осыдан біраз бұрын құқық қорғау органдары мен білім ордалары қызметкерлерінің қатысуымен жас жеткіншектердің қылмыс атаулыдан аулақ болу мәселесі көтерілген қалалық конференция өткізілді.Алдағы уақытта құқық қорғау органдары, білім және денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесе отырып, жастардың құқықтық тәрбиесіне үнемі көңіл бөліп отыруды назарда ұстамақ. Осы арада Қазақстан Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы жолдауына тоқталып өтуді жөн көріп отырмын. Бұл жолдаудың негізгі өзекті мәселелері денсаулық сақтау саласын дамыту , білім беру жүйесін жетілдіру , әлеуметтік жағдайды көтеру , халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту , оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешу болды.Президенттің жолдауының бір ерекшелігі осында, халықтың көкейінде жатқан жайларды дөп басуында деп түсінемін.
Ал енді атқарушылық құқықтық тәртіпті күшейту және құқық қорғау мәселесін жетілдіру жөнінде құжатта нақты тапсырма аталмағанымен, бұл мәселе әрдайым көкейде тұратыны, елді де, Елбасын да толғандырмай қоймайтыны белгілі.
Жағдай жасалып жатыр, судьялардың жалақысы жыл сайын өсіп, олардың жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар туғызылуда. Соған орай айтатыным, жасаған жағдайға байланысты жұмыс та бар. Соттарда қаралып жатқан істердің сапалары артып, қаралу мерзімдері талап деңгейінен шығуда. Былтыр соттарда миллионнан астам іс қаралыпты. Бірінші рет осындай көрсеткішке жетіп отырмыз. Халық бұрынғыдай қандай да болсын даулы мәселемен биліктің басқа тармақтарына барып жатпайды, сотқа келіп жүгінеді. Мұның өзі халықтық сотқа деген сенімінің көбейгенін көрсетеді. Мемлекеттің, Елбасының тарапынан жасалып жатқан жағдайға байланысты біз де бүкіл құқық қорғау органдары мемлекеттік тәртіпті нығайтуға белсене ат салысуға тиіспіз деп ойлаймын. Аталмыш жағдай Елбасының 2005 жылғы 18 ақпандағы жолдауынан да орын алған. Сот жүйесі мен азаматтарды құқықтық қорғау реформасы. Біз демократиялық қоғамдастықтағы жалпыға ортақ стандарттарға сәйкес келетін кең ауқымды сот жүйесі реформасының қарсаңында тұрмыз. Сот жүйесін жетілдіру және осы заманғы қоғамның қажеттіліктеріне сай келетін тиімді сот төрелігін жүргізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін Комиссия құрылып отыр.
Біздің алдағы уақытта мынадай мәселелермен :
- сот өндірісін оңайлату, оның обьективтілігін, сондай-ақ сот актілерінің тұрақтылығы мен уақтылы орындалуын қамтамасыз ету ;
- сот жүргізу шеңберінде және сот шешімдерін атқару кезеңінде азаматтар құқығына берілетін кепілдіктерді күшейту ;
- сот корпусының тәуелсіздігін қамтамасыз ету заң шеңберіндегі әділетті шешімнің кепіліне айналуға тиіс ; судьялардың біліктілігін арттыру – мұның өзі Қазақстанның сот жүйесін XXI ғасырдағы шаруашылық, инвестициялық және сауда проблемаларына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді ;
- қылмыстық сот жүргізу мен сот шешімдері шеңберінде адвокаттардың рөлін арттыруды қамтамасыз ету ;
- қылмыстық сот жүргізу тәжірибесіне алқа билер соты институтын енгізу қажет . Осы мақсатта 2005 жылы «Алқа билер туралы» Заң қабылданып, «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңға және алқа билер сотын енгізу мәселелері жөнінде басқа да заңнамалық актілерге өзгертулер мер толықтырулар енгізілуге тиіс ;
- сот рәсімдерінің ашықтығы мен анықтығын барынша қамтамасыз ету мәселелерімен шұғылдануымыз қажет .
Судьялардың тәуелсіздігі және әділеттілігі жөніндегі мәселеге арнайы назар аударғым келеді . Біз судьялардың жалақысын көтердік, сөйтіп олар бүгінде табысы ең жоғары мемлекеттік қызметшілерге айналды . Біз судьялардың зейнетақымен қамтамасыз етілуін қоса есептегенде, оларға берілетін барлық әлеуметтік кепілдіктер пакеті жайында да ойланғанымыз жөн. Судьяларды лайығымен материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етуді қажырлы да адал еңбектерінің өтеуі деп қана емес, жемқорлықтан сақтандыратын өтімді шараның бірі ретінде қарастырған жөн . Судьялар арасындағы парақорлықты адамгершілік тұрғыдан алғанда абыройсыздық деп бағалап қоймай, мұны экономикалық жағынан да тиімсіз етуіміз керек . Судья өз қызмет орнын қадірлеуге тиіс және заңды немесе кәсіби этиканы бұзған жағдайда өзінің мемлекеттік қызметте болу құқығынан ғана емес, барлық әлеуметтік кепілдіктерден де айырылатынын білуі керек.
Мұның бәрі де қосымша бюджеттік шығындар жасауға мәжбүр етеді, бірақ ол өзін ақтайды . «Арзан сот төрелігі тым қымбатқа түседі» дейтін ежелгі мәтел осыдан шықса керек .
Біз баршаға барынша мүмкіндіктер беретін қоғам: әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне-өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен Отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз .
Біз ұлтына және діни наным-сеніміне қарамастан, әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз .
Біздің құқық қорғау органдары тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, ал іскер адамдарға өз мақсатын іске асыруға мүмкіндік беретін қоғам құруымыз керек.
Біз әркімнің ар-ұжданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль, этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құруға тиіспіз.
Біз жолымызды дұрыс таңдай білдік. Бұған бүгінгі қолымыз жеткен нәтижелеріміз айқын дәлел бола алады. Осы негізде өзіміздің ілгері басқан жүрісімізді одан әрі жеделдете түсуге тамаша мүмкіндігіміз бар . Қазақстанды әлемнің дамыған әрі көркейген елдерінің қатарына қосатын жол осы .
Мен Қазақстан халқының өзімнің осы бастамаларымды қолдайтынына, оған ықылас қойып, өзіміздің осы жоспарымыздың іске асырылуына лайықты үлес қосатынына кәміл сенемін.
Ұлы ақынның сөзін өзімізге қарата айтар болсақ, жағдай түзелді, сен де түзел деген жөн.(5;4)
Бұл салада Семей қаласы да қалыс қалып отырған жоқ. Жалпы, Семей өңірінде жастар саны ( 14 пен 29 жастағы ) жалпы тұрғындардың 28,4 %- ін құрайды. Жастар саясатына 82 мектеп, 7 жоғары оқу орны, 10 мектептен тыс мекемелер, 18 аулалық клубтар ат салысуда . Қаланың аулалық клубтарында 2500 – нан астам балалар мен жеткіншектерден тұратын әр түрлі үйірмелер жұмыс атқаруда, ал соның 75- і кәмелетке толмағандардың есебіндегілер және 80 отбасы нашар топтардан құралған. (53;2)Құқықтық әлеуметтік- экономикалық ұйымдардың қалалық деңгейде денсаулық, жұмыс, білім жағдайында Семейде 2002-2005 жылдарға арналған жастар саясатының бағдарламасы қабылданған.
Бұл ұйымға тұңғыш рет қалалық бюджеттен 1 млн. теңге бөлінді .
Оқу орындарында жастардың құқықтық тәрбиесі мен білімін арттыру мақсатында арнайы өткізген сабақтар өз үлесін қосуда.(Қосымша Бқараңыз)
Геологиялық- барлау , заң колледждерінде жылда дәстүрлі құқықтық білімге байланысты олимпиада өткізіледі. 2002 жылдан бері Семей Заң институтында жастардың заңдық кеңес беру орталығы өз жұмысын атқаруда
Қазақстан Президентінің 2030 жолдауы бойынша жастар ұйымы жастардың жұмыспен қамтылуы, жастардың кәсіпкерлігі, құқықтық тәрбиесі жайында жыл сайын сәуір айында қала әкімімен кездесіп тұрады .
Студенттер мен оқушылардың өз арасында да құқықтық мәдениетін көтеруге байланысты арнайы белсенді шаралар өткізілуде,сол шаралардың бір бөлшегі Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетінде басқа білім ошақтарымен тығыз байланыста іске асырылуда.Оның бір мысалы ретінде аға оқытушы Н.С.Газизова жетекшілік ететін студенттердің «Заңгер» үйірмесін атауға болады. Аталмыш үйірменің ұйымдастыруымен № 37 , 22 мектептерде оқушылардың «Заңгер» үйірмесі құрылды. Үйірме құқықтық мәдениетті өрбітуде өз тараптарынан ат салысуда . Атап айтсақ осындай құқықтық мәдениетті дамыту барысындағы үйірмелер жұмысы баршылық. Бұл үйірмелердің бірлесіп жұмыс атқаруы құқықтық тәрбие саласында мол нәтижеге қол жеткізеді.
Құқықтық мемлекетті құру жолында осындай талпыныстар жасауда “…Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске асырмай күндер мен сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз” деген Елбасының айтқан сөзін басшылыққа аламыз. (43;28)
ҮШІНШІ БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ҮРДІСТЕРІ
Құқықтық оқыту мен тәрбиелеу тұлғаның рухани қалыптасу процесінің бір бөлігі, онсыз Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет құру идеясын жүзеге асыру мүмкін емес. Құқықтық білім беру және тәрбиелеуде басты әсер етуші обьекті – құқықтық сананың тұрақты деңгейде дамуына жағдай болуы қажет. Бұл жерде құқықтық сана деп отырғанымыз тұтас қоғамдық, жеке индивидтің және ұжымның құқықтық санасы.
Қоғамдық құқықтық санаға идеологиялық әсер ету сәйкесінше топтық және жеке тұлға санасына өз әсерін тигізбей қоймайды және керісінше жеке тұлғаларды және топтарды құқықтық тәрбиелеу нәтижесінде қоғамдық сананың дамуына, құрылуына себепші болды, сондай-ақ әр түрлі құқықтық сананың түрлері өзара диалектикалық байланысқан және бір-біріне тәуелділіктеріне байланысты қалыптасып отырады.
Тарихқа үңілсек барлық мемлекеттерде құқық пен құқықтық тәртіп туралы дүниетанымдарды тарату қызметін жүзеге асыруда ерекше көздері болып келісім қолданылған: шіркеулер, мектептер, әдебиеттер, өнер( барлық деңгейдегі мектептер), басылымдар, радио, теледидар арнайы заңгерлік білім беру мекемелері. Басқаша айтқанда құқықтық тәрбие әр мемлекеттің идеологиялық функциясының құрамдас компоненті болып табылады.
Мектепте құқықтық тәрбие берудің екі жолы бар:
- сабақ барысында;
- сабақтан тыс уақытта.
Құқық сабағы барысында оқушыларды құқықтық тәрбиеге баулу мұғалімнің сабақ жоспарында беріледі. Сабақтың тәрбиелік мақсатын айқындауда мұғалім оқушыларды құқықты ұғынуға, заңдарды сыйлауға тәрбиелеуді назарынан тыс қалдырмауы қажет. Оқушыларды құқықтық тәрбиелеу нәтижелі болған жағдайда жасөспірімдер құқық бұзушылығы азаяды. Әрине бұл, жүйелі, біріккен әрекетті қажет етеді. Сабақ барысында құқықтық тәрбиелеу мақсатында мұғалім оқушыларға үй тапсырмасы ретінде қосымша тапсырмалар беруіне болады. Ол әр түрлі нысанда жүргізіледі, мысалы құқық туралы ғұламалардың айтқан қанатты сөздері, құқық туралы оқушылардың өз ойлары,құқыққа қатысты еңбектер, зерттеулер, әдеби кітаптар т.б.
Құқықтық тәрбие үзіліссіз процесс болуы қажет, сонда ғана ол өз нәтижесін береді. Бұл салада құқықтық тәрбиелеудің сабақтан тыс нысандары іске қосылады. Құқықтық тәрбиелеудің сабақтан тыс нысандары әр түрлі болады. Атап айтсақ: дөңгелек үстелдер, кездесу кештері, пікір-талас, дебат, құқықтық апталықтар мен айлықтар т.б. құқықтық тәрбиелеу мәніне ие болатын шаралар. Бұл шаралар жүйелі жүру үшін, алдын-ала ойластырылуы қажет. Шамамен мынандай тақырыптар ұсынылып отыр:
- Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершіліктері;
- Сен және сенің құқықтарың;
- Мен де Қазақстанның бір бөлшегімін;
- Нашақорлық және оның құқықтық салдары;
- Ата-аналар мен балалардың құқықтық қатынастары;
- Балалардың құқықтары мен міндеттері. т.с.с.
Құқықтық тәрбиелеудің сабақтан тыс нысанының бірі клуб, үйірмелер құру. Ол үйірмелердің жетекшісі мұғалім болса, оның төрағасы немесе төрайымы оқушылардан тағайындалады. Оқушылар арасынан іріктеліп алынған белсенді балалармен құқықтық тәрбие ісін үздіксіз жүргізіп отыруға болады. Үйірменің тұрақты мүшелері, жоспары болуы керек. Үйірме жұмысының жандануына мұғалімнің көмегі өте қажет. Одан әрі қарай үйірме жұмысының аясын кеңейте беруге болады, басқа мектептердегі, басқа қаладағы мектептердегі үйірмелермен, яғни қала, облыс, республика көлемінде байланыстар жасау.
Мемлекеттің дамуымен көптеген саналарды өңдеу идеологияларының нысандары мен амалдары шыңдалып одан әрі шебер пайдалануын іздеп табады да, құқықтық тәрбие мемлекеттің өзіндік қызмет түрі ретінде қалыптасып, оның жергілікті басқару және жалпы қоғамға өз әсерін тигізеді.
Мемлекеттің даму деңгейі жоғары болғанмен құқықтық және сананың мәні, оның бағалығы және функциясы біршама тұрақты болып қала береді, ал жеке тұлғаларға және көпшілік санасына әсер етудің мазмұны мен тактикасы, обьектілері, нысаны және амалдары ауысып отырады. Тек шынайы демократия жағдайларына құқықтық білім беру кәсіпқой — заңгердің мақсатты бағытталған және арнайы ұйымдасқан қызметі болуы мүмкін.
Құқықтық тәрбие – салыстырмалы өзіндік мақсатқа, арнайы әдістер жетістігімен және ұйымдастыру нысаны арқылы жетуді көздейді. Ол өзі көп мақсатты, болжамды стратегиялық, ұзақ мерзімді мақсаттар және тактикалық мақсаттарды, таяудағы жалпы және жеке мақсаттарды көздейді. Мақсаттар субьектісінің және обьектісінің ерекшелігін есепке ала отырып тәрбиелік әсер етуді нақтылайды, ол белгілі бір нысан және қызметке байлынасты адамдар, сонымен қатар құқықтық тәрбиені жүзеге асырушы органдар арқылы жүргізіледі.
Қазақстанда құқықтық нигилизм профилкатикасын бағдарламалық мақсат ретінде алу, яғни құқықтық нигилизмге жол бермеу жақтарын қарастырып отыру қажет. Сонымен қатар бір мезгілде барлық құқық қорғау органдары, мектептердің жүйесіндегі субьектілердің құқықтық мәдениет деңгейін раттыруда жүйелілік әдістер бойынша жүргізу қажет.
Құқықтық тәрбиенің тікелей мақсаты – азаматтардың қоғамдық қатынастарда құқықтық белсенділігін арттыру, басқа да мемлекеттік қызметкерлер өкілеттіліктерін жүзеге асыру процесінде заңдылықты қатаң сақтау, құқықтық қатынастарға байланысты жағдайларды заңи тұрғыда шешу, әр түрлі құқықтық әрекеттері бейнелеуде құқықтық мәдениет деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Құқықтық белсенділік — әлеуметтік-құқықтық шеңбердегі қызметте белгілі дәрежеде пәрменділікке, ал құқықтық міндеттердің қарапайым талаптарға өзінің міндетті әрекетіне ие болу жағдайын білдіреді. Мысалы: заңдарды сақтау және оларды орындау әлдеқайда төмен немесе оған немқұрайлықпен қараудан туындайды деп айтуға болады. Сонымен қатар осындай қызметтер қосымша уақыт, күш-қуат, кейде материалдық шығындармен байланысты.
Жоғарыда көрсетілген кейбір негізгі мақсаттарға тек құқықтық тәрбие жұмысында келісідей негізгі принциптерді сақтағанда ғана жетуге болады: ғылымилық, жоспарлық, жүйелік, кезекті және дифференциялды, жүйелік, кешенділікті қамтамасыз ету. Сондай-ақ тәжірибеде құқықтық сананың даму жағдайларын қамтамасыз ете отырып, оны жүйелі түрде, жан-жақты тарату керек, яғни жүзеге асыру қажет.
Субьектінің құқықтық сана деңгейінің мазмұны, құқықтық білім алуына тәуелді және оның құқықты мойындау, сендіру жүйесі, сонымен қатар оны сақтау қажеттілігін тәжірибеде таратудың дағдысын қалыптастыру қажет.
Салыстырмалы түрде құқықтық тәрбие және құқыққа деген құрметінің пайда болып заңды болары сөзсіз. Алған білімдері жеке өздерінің сеніміне айналуы қажет, ол келесідей: құқыққа бағынулары, оларды қатаң сақтаулары, оны әдетке айналдыру, нәтижесінде құқықтық және кәсіпқой заңдылық белсенділіктері көрсетулері қажет, яғни күнделікті өмірде жүзеге асырулары керек.
Құқықтық тәрбиені қалыптастырудың тағы да бір келесідей амалдары бар: құқықтық насихат, құқықтық білім беру, заңдылық тәжірибе, яғни өзін-өзі тәрбиелеу (құқықтық өмірге) бейімделуі қажет. Барлық жоғарыда көрсетілген амалдардың астарында негізгі қайнар көзі құқықтық ақпаратжатыр. Ол арқылы ықпал ету мен оларға дұрыс берілуі, құқықтық ақпаратты өңдеу арқылы оңды бағытта пайдалану және оны тәжірибеде тарату.
Бұл жерде ерекше орындарға «құқықтық минимум» проблемасы ие болды, яғни әлеуметтік шеңберде әрбір азаматтың мәртебесі қандай да болсын қоғамда тәуелсіз, құқықтық білімді міндетті деңгейде иеленуі қажет, яғни өзіне қажетті деңгейде иеленуі ықтимал. Бұл процесті тиімді басқару үшін нақты ақпаратқайнар көзінің жүйесі болуы керек және оларды азаматтардың іс-жүзінде қолдануы, сонымен еңбек ұжымдары, топтардың және тұрғындардың өмір тәжірибесінде қолдануы жатады.
Құқықтық ақпарат көзінің жүйесінде анықтаушы рөлге бұқаралық ақпарат құралдары иеленеді, сондай-ақ жалпы құқықтық оқыту бұд жерде мемлекет және құқықтық негіздерін тек заңгерлік мамандықта ғана емсе, оны бала –бақшада, мектептерде және барлық оқу орындарында оқыту қажет.
Өзін-өзі тәрбиелеудің астарында құқыққа деген құрметті қалыптастыру жатыр, яғни қажеттіліктерін ұйғарымдарға байланысты өзін-өзі оқыта отырып және қатаң сақтап, өз тәжірибесінде жеке басының дербестігі арқылы талдау жасап отыруы керек.
Қорыта келе, табиғи – құқықтық концепцияға сай және жалпы адамзат құндылықтарына сүйене отырып, барлық күшті құқыққа сәйкес қатынастардың дұрыс құрылуына бағыттау керек. Нақты пәндік сипаттама беретін болсақ тұлғаның интеллектуалдық-эмоционалды жігері құрамының құрылу мазмұнын құқықтық психология анықтайды.
Адам бостандығы және оның адамгершілігі, құқықтық нысанын мына формада көруге болады: оның өзгелерге деген, қоғамға, мемлекеттік мүдделерге құрметпен қарауынан, оның дұрыстығы яғни таза, өнегелі, ақылды т.б. сый-құрмет сияқты әрекет негіздеріндегі қатынастардан байқауға болады.
Азаматтарға әсер етудің үлкен тәрбиелік мәні негізінен жастарға жетекші өнеге көрсетулері, сонымен қатар мемлекеттік ақпараттық өкілді тұлғалары заңды мүлтіксіз сақтауға, қылмыспен күресуге бағыттауы керек. Құқықтық мәдениет- азаматтың өзінің мемлекет және қоғам алдындағы міндетін саналы түрде жүзеге асыруы қажет.
Құқық сабағынан тыс жұмыстар оқушылардың құқық сабағына деген қызығушылығын арттыруға көмегін тигізеді. Сабаққа қызығушылығын артқан оқушылардың құқықтық мәдениеті жоғары болады, құқықтық мәдениеті жоғары оқушы санының артуы мұғалімнің мақсатының орындалу нәтижесін көрсетеді, құқық бұзушылықтың болмауына әкеледі.
Сабақтан тыс жұмыстардың жүргізілуі де құқық пәні мұғалімінің басшылығымен жүзеге асады, яғни жоспарлы түрде жүргізіледі.
Құқық сабағынан тыс жүргізілетін құқықтық сипатағы жұмыстардың міндеті-оқушылардың құқықтық білімін жаңа ұғымдармен толықтыру және құқықтық қатынастарға өз бетімен түсуге бейімдеу. Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушы құқықтық актілерден толық мағлұмат алады, оны талдауға тырысады, басқа да әр түрлді құқықтық сипаттағы әдебиеттермен де танысуға мүмкіндік тудырады. Сондықтан, құқық сабағынан тыс жұмыстардың алуан – түрлілігі құқық пәнінің мұғаліміне оқушыларға құқықтық білімді толық меңгертуге жағдай жасайды.
Заң ғылымының біздің мемлекетіміз үшін жас екендігі әлі де құқық саласында шешілмей жатқан мәселелердің баршылық екенін көрсетеді. Бұл орайда, құқық пәнінің мұғалімі оқушыларды құқықтық мәселелерді шешуге бейімдей отырып, олардың ғылыми-шығармашылық қабілетін ашып, оны ары қарай дамытуы керек, яғни оқушыларды құқықтық, өзекті мәселелерге байланысты тақырыптарға баяндама, реферат жазуға баулу, ол арқылы әр түрлі конференция, дөңгелек үстелдерге қатысуларына мүмкіндік жасау. Мысалы, қаламыздың мектепрерінде аталмыш жағдайларға байланысты шаралар жүргізіліп жатады, оның кейбіріне өзіміз де куәміз. Мен Семей мемлекеттік институты,тарих факультетінің, «тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша оқитын студенттердің «Заңгер» ғылыми-зерттеу клубын құруға бастама көтерген едім. Клуб өзінің аз уақытында құқықтық білім беру, құқықтық мәдениетті қалыптастырып, дамыту мақсатында біршама шараларды ұйымдастырып, өткізді. Бұл біріншіден, студенттерді болашақ мамандығына дайындау болса, екіншіден мектептегі құқық пәнінің мұғалімдеріне олардың осы саладағы мақсаттарын жүзеге асыруда студенттер тарапынан көмек болып табылады. Клуб өз шараларының барлығына мектеп оқушыларының қатысуын қамтамасыз етіп отырады.
Атап айтсақ №22 орта мектепте қала көлемінде «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қаламыздың басқа да оқу орындарынан, құқық қорғау органдарынан қонақтар шақырылды. Аталмыш шараның бір ерекшелігі, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы туралы мәселені талдауға мектеп оқушыларының белсенді қатысуы. Бұл жерде студенттер көмегінің маңызы зор болды, яғни мектеп оқушылары студенттердің жетекшілігімен дайындалған баяндамаларды оқып, қонақтармен өз ойларын бөлісе отырып әңгімелесуге мүмкіндік алды. Мұндай әрекет студентке де, оқушыға да пайдалы екенін айта кету керек. Студент болашақ мамандығына өзін дайындаса, оқушы құқық бұзушылықтың алдын-алу шараларын жүзеге асыруда өз белсендігін танытуға тырысады, құқықтық сананы қадыптастырып, дамытуға өз үлесін қосады. Мәселен мына бір өткізілген шараны алып қарайық:
Адам құқығын қорғау күніне арналған «Мен құқылымын» атты плакаттар- сайысы. Бұл шараның құқықтық тәрбие беруде алатын өз орны бар. Аталмыш сайыс осы уақытқа дейін мектептерде өткізілмеген. Бұл мектеп оқушылары үшін жаңалық болды, себебі басқа тақырыптарда қабырға газеттерінің сайысы болғанымен, дәл осындай тақырыпта сайыс болмаған. Сайыстың мақсаты – оқушылардың өз құқықтарын қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтау. Әрине, ол құқықтарын бір ғана плакатта сурет арқылы көрсету оқушыларға оңайға түспейді. Ол оқушылардың фантазияларын, ойлау қабілеттерінің жоғары деңгейлігін қажет етті. Сайысқа қаламыздың он мектебі қатысты. Сайыс екі сатыда өтті. Біріншісі – мектеп ішінде, екіншісі- институтта. Арнайы іріктелген әділ қазылар алқасы сайысқа қорытынды жасады. Сайыс барысында оқушылар тек сурет салып қана қойған жоқ, олар адам құқықтары анықталған халықаралық құжаттармен танысуға да мүмкіндіктер алды.
Құқық пәнінен тыс жұмыс жүргізудің тағы бір жолы – мектепте үйірме құрып, оның жұмыстарын ұйымдастыру. Үйірме жұмысын құруда мұғалімнің басшылық рөлінің маңызы зор. Құқық пәні мұғалімінің жетекшілігімен үйірмеге оқушылардан төраға, хатшы тағайындалады. Үйірменің жарғысы, өз белгілері болады. Үйірменің жоспары құрастырылып,үйірме жиналысында талқыланып, бекітіледі. Жоспар бір жылға жасалады. Үйірме жоспар бойынша жұмыс істейді, зерттейтін мәселелерін анықтап алады. Құқықтық үйірмелердің мақсаты құқықтық тәрбие болғандықтан, тақырыптар мұғалімнің басшылығымен ойластырылып алынғаны жөн. Мәселен, қазіргі өзекті мәселелердің біріне айналып отырған жасөспірімдер арасындағы нашақорлық, құқық бұзушылықтар, ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар, экологиялық мәселелер, т.с.с.
Мысалы, қаламыздағы №37, №22 мектептерде оқушылардың «Жас заңгер» үйірмелері құрылды. Бұл үйірме студенттік клубтың жетекшілігімен құқықтық тәрбие саласында әр түрлі жұмыстарды атқарып жатыр. Үйірме жұмысына оқушылар өз еркімен қатысады, өздері құқықтық іс-шараларды жүргізуде бастамашы болады.
Үйірме өзінің атқарылып жатқан жұмыстарын әйгілеп, көрсетіп отыруы қажет, яғни теледидар, радио, баспа материалдары арқылы. Бұл салада, үйірмеде пресс – хатшы тағайындап қойған дұрыс. Сонда үйірме жұмысын баспа материалы арқылы жариялауға бір немесе екі оқущы тұрақты жауап беретін болады.
Оқушылардың ғылыми шығармашылық дағдысын қалыптастырып, дамыту да құқық пәнінен тыс жүргізілетін жұмыстардың бірі болып табылады. Бұл салада арнайы шағын «мәселелік топтар» құрған жөн. Топтың үйірмеден айырмашылығы, топ шағын оқушылармен жұмыс жүргізеді, яғни үйірме көп оқушыны қамтыса, аталмыш топқа құқықтық мәселемен шұғылданып жүрген оқушылар ғана қатысады. Топқа бір оқытушы, бір студент жетекшілік жасайды. Бұл орайда студенттің ғылыми жұмысына жетекшілік ететін оқытушы мен сол студенттің өзін алуға болады. Топ өте шағын болады, екі немесе үш адамнан тұрады. Себебі топтар зерттелетін мәселеге қатысты құралады, себебі құқықтық мәселелердің қазіргі кезде әлі де зерттеуді қажет ететін қырлары өте көп.
Қорыта айтқанда, мектептегі құқық пәнінен тыс жүргізілетін жұмыстардың мазмұнынан алшақтап кетпеуі керек. Сабақтан тыс жұмыстарды мұғалім тек қана мектепте емес, басқа да орындарда, мәселен кітапханада, құқық қорғау органдарында өткізуіне болады. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылар өздерін болашақ құқықтық мемлекет азаматы етіп дайындап шығуға мүмкіндік алады. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы олар үлкен аудитория алдында сөйлей алуға, өз ойларын жеткізе алуға, пікір-таласқа емін-еркін араласа алуға, құқықтық мәселелерді шешуде ұсыныстар бере алуға мүмкіндіктер алады.
Оқушыларды құқықтық тәрбиелеуде студенттерді даярлау барысында үлгі ретінде сабақ тақырыптары мен құқықтық іс –шара жоспары ұсынылып отыр.
ҚОСЫМША А
Тақырыбы: Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі.
Дөңгелек үстел бағдарламасы.
13.50. — Қонақтарды қарсы алу.
14.00. — Дөңгелек үстелдің ашылуы.
Алғы сөз- Газизова Назигуль Слямболовна- «Заңгер» үйірмесінің жетекшісі.
Кездесуге шақырылғандар:
Искакова Гульнара Кожагуловна — тарих факультетінің деканы, с.ғ.д. профессор
Абильмажинов Канат Нурашевич — Әуезов ауданы ішкі істер бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар ісінің аға инспекторы
Жиенбаев Адлет Асетович – Жанасемей ауданының учаскелік инспекторы
Абдилова Жанат Тұрдыбайқызы — №37 мектеп – гимназиясының құқық пәнінің мұғалімі
14.20 – 15.00. – Баяндамалар:
- Танекенова Марал – СМПИ 3 курс студенті
«Құқықтық мәдениет және оның жастар арасындағы таралу деңгейі»
- Камет Нургуль — №22 орта мектебінің 9 сынып оқушысы
Кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылық себептері
- Шагимолдин Ержан — СМПИ 4 –курс студенті «Кәмелетке жасы толмағандар құқық бұзушылығының алдын-алу шаралары»
15 – 15.30. Талқылау мен көзқарастар.
15.30. – 16.00. — Қорытындылау.
ҚОСЫМША Б.
Сабақ тақырыбы: «АЖАЛМЕН ОЙНАМА АЙНАЛАЙЫН».
- Сабақтың мақсаты:
- Тәрбиелік: Сабақты өткізе отырып, студенттерді нашақорлықтан
сақтануға және оның қабылдайтын адамдармен
қарым-қатынас жасамауға, одан сақ болуға
тәрбиелеу.
II.Дамытушылық: Студенттердің ой-өрісін сабаққа қатысушылығын
арттырып, балалардың есте сақтау, ойлау қабілетін
арттыру.
III.Білімділік: Студенттерге нашақорлықтың адам денсаулығына
қалай әсер ететінін, нашақорлықтың түрлерін және
нашақорлықты қабылдау себептерін айту.
- Көрнекіліктер: Кітап көрмесі (кітаптар, стенгазеттер, суреттер, баспа
материалдары)
Техникалық көрнекіліктер: телевизор, бейне магнитофон, бейне таспалар.
- Жоспар: 1. Ұйымдастыру
- Кіріспе
- Жүргізушілер сөзі
- Баяндама
- Наркологиялық диспансер өкілінің лекциясы
- Бейне сюжет
7.Дебат ойыны
8.Қорытынды
(Сабаққа колледждің барлық қазақ топтары қатысады)
- Барысы:
- Сәлеметсіздер ме құрметті студенттер, бүгін біз сіздермен нашақорлыққа байланысты «Ажалмен ойнама, айналайын» атты ашық тәрбие сағатына жиналып отырмыз.
- Биылғы жылды елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы денсаулық сақтау жылы деп белгіленген болатын. Нашақорлыққа қарсы күрес осы жылдың негізгі міндеттері.
Нашақорлықтың тамырына бірден балта шаппасақ та, соған біраз болса да көмегіміз, септігіміз тие ме деген ойда бүгін сіздермен осы жерде жиналып отырмыз.
Бүгін бізге тек сіздердің ғана оқытушыларыңыз ғана емес, сонымен қатар Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің оқытушылары, «Ертіс өңірі» газетінің өкілі, корреспондент Нәкен Серікбаев, қалалық наркологиялық орталықтан келген дәрігер Шұға Төкенқызы өз ойларын бөлісуге келіп отыр.
Ендеше кешімізді жүргізу тізгінін Рауан мен Гүлзатқа берейік.
1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар мен студенттер. Біздің ата-бабаларымыз кең далада өсті. Олар ойын да, бойын да таза ұстады. Ақыл-ойды улап, адамды есінен таңдырып, мас қылатын арақ-шарап дегеннен аулақ болды. Ата-бабаларымыздың ең сүйікті сусыны – дертке дауа, жанға шипа-қымыз еді.
2-жүргізуші: Кешегі Кеңес заманында қазақтың дастарханына арақ келді. Арақпен бірге қайғы-қасірет қоса келді. Талай азамат арақтың соңына түсіп, қор болды.
1-жүргізуші: Арақтың кесірінен талай шаңырақ ортасына түсті. Қазақтың қуаныш-тойы да, қонағы да арақсыз атқарылмайтын болды. Арақты үлкен де, кіші де, еркек те, әйел де ішті. Әкесі мен баласы, шешесі мен қызы бірге отырып арақ ішуді ұятқа санамайтын болды.
2-жүргізуші: Есірткі, анаша-ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Есірткі- бір басың кессең, екінші басы шыға келетін көп басты жалмауыз сияқты.
1-жүргізуші: Халқымыз арақтың қасіретінен арыла алмай жүрген шақта «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» деп, есірткі, яғни анаша деген пәле шықты. Есірткі бар жерде, оны таратушылар да бар. Олар адамдардың көз жасынан, қайғы-қасіретінен алтын ақша сауып отырған қаныпезерлер.
2-жүргізуші: Сол қаныпезерлердің ең алдымен айналдыратыны өсіп келе жатқан көкөрім жастар.
1-жүргізуші: Көкнәр деген шөп болады. Есірткінің біразын осы шөптен жасайды. «Көкнәрдің көз жасын ішкен адам, өмір бойы жылап өтеді» деген сөз бар халықта.
2-жүргізуші: Иә, есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата-анасын, бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады. Ендеше нашақорлықпен күрес қазіргі қазақ жастарының алдына қойған негізгі мақсаты болуы тиіс. Бұндай шаралардан біздің колледжіміз де тысқары қалып жатқан жоқ.Сөз кезегін ПК-01 тобының студенті Абенова Зухраға береміз. Баяндама тақырыбы: «Нашақорлық-ғасыр дерті».
1-жүргізуші: Рахмет! Келесі оқылатын баяндама нашақорлыққа байланысты статистикалық мәліметтер. Дайындаған 00-ПэК тобының студенті-Құнанбаева Назгүл.
2-жүргізуші: Рахмет! Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын бұл дертке қарсы күрес әуелі отбасынан, оқу орындарынан басталуы тиіс. Осындай үлкен міндетті атқаруда елеулі орын алатын Семей қалалық наркологиялық диспансері екені бәрімізге мәлім. Олай болса, сөз кезегін осы наркологиялық орталықтан келген нарколог дәрігер Шұға Төкенқызына беріледі.(Дәрігер лекция оқиды).
Лекциядан кейін осы нашақорлыққа байланысты бейнефильм көрсетіледі.
1-жүргізуші: Ал енді құрметті студенттер, өздеріңізде көптен бері жауабын білгілеріңіз келген, ойландырып жүрген сұрақтарыңызға жауапты ортамыздағы маманнан сұрауларыңызға болады.(Дәрігерге сұрақтар қойылады)
Анаша шегушілер бара-бара өздерінің адамдық қасиетінен айырылады. Олар тек қана өзін ойлайды. Оқу, жұмыс жайына қарайды.
2-жүргізуші: Олар өтірік айтады. Ұрлық істейді. Адам тонайды. Ал кейде анаша алатын ақша табу үшін кісі өлтіруден де шімірікпейді.
1-жүргізуші: Есірткіні шприц арқылы тамырына жіберушілер бауыр ауруына және СПиД дертіне шалдығады.
2-жүргізуші: Анаша шегушілер өзін-өзі өлтірушілер.
1-жүргізуші: Нашақорлар арасында қылмыс күннен-күнге көбейіп барады. 1998 жылмен салыстырғанда есірткі шегіп, қылмыс істегендер саны екі есеге өсті.
2-жүргізуші: БҰҰ мәліметі бойынша Ауғанстан мен Тәжікстанда 4 мың 600 тонна апиын сақталып отыр.
1-жүргізуші: Сол апиын легі біздің республикамызға келмесіне кім кепілдік бере алады.
2-жүргізуші: Олай болса, сақ болайық, ағайын.
1-жүргізуші: Ажал тарататын анашадан абай болайық.
2-жүргізуші: Құрметті оқытушылар, студенттер қазір назарларыңызға «Нашақорлықтан күштеп емдеу ақталған ба, ақталмаған ба» деген тақырыпта өтетін әр топ студенттер арасындағы дебат пікір-сайысын ұсынамыз.
1-жүргізуші: Ойынның тәртібі бойынша Үкімет пен Оппозиция өз ойларын жақтап, тұжырымдап, дәлелдеуі керек.
( Ары қарай ойынды спикер жалғастырады. Ол уақыт төрешісі тайм-кипер мен төрешілерді сайлайды. Ойын барысын қадағалайды).
2-жүргізуші: Егер ел боламыз десек, ұлт боламыз десек…
1-жүргізуші: Ата-анамызға қуаныш әкелгіміз келсе,
2-жүргізуші: Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі – көркем болсын десек…
1-жүргізуші: Ел болып, халық болып, анашаны ауыздатайық. Ғасыр індетіне қарсы тізе қосып күресейік бауырлар!
2-жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін: колледждің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Төлеуғожин Айдын Жеңісбекұлына, Семей Мемлекеттік Педагогикалық Институтының аға оқытушысы Ғазизова Назигүл Слямболқызына, «Ертіс өңірі» газетінің Нәкен Серікбаев сияқты аға-апайларымызға беріледі.
1-жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
2-жүргізуші: Құрметті студенттер, бүгінгі тәрбие сағатымыздан көп ой түйдіңіздер-ау деп ойлаймыз. Сау болыңыздар!
Сабақ барысында қолданылған газеттер, суреттер колледжге өткізілгендіктен төменде үлгілерін келтіремін:
- Ажалмен ойнама, айналайын.
- Нашақорлық — ғасыр індеті.
- 26 маусым — нашақорлыққа қарсы күрес күні.
- СПиД – ең қатал жаза.
- Салауатты өмір салты.
- XXI ғасырға нашақорлықсыз.
- 2002 жыл – денсаулық сақтау жылы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру жолында көптеген кедергілерге кездесе отырып, біршама игі істерді атқарды. Бұған дәлел ретінде Елбасымыз былай деген еді:
…Қазіргі кезде біз Қазақстанда жеке адам мен азғантай топтың диктатурасына жол бермеу үшін не керектің бәрін істедік.Конституция «Қоғамдық ұйымдардың мемлекет ісіне араласуына, мемлекеттік органдардың қызметін қоғамдық бірлестіктерге жүктеуге, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға », қоғамдық бірлестіктердің конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге, мемлекеттік қауіпсіздік пен аумақтық бүтіндікті бұзуға, әлеуметтік, ұлттық, діни, рулық, қауымдық, өшпенділік отын тұтатуға, заңсыз әскериленген ұйымдар құруға бағытталған қызметтеріне тыйым салды. Конституция әскери қызметшілерге, ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдары мен сот қызметшілыріне, партияларға, кәсіподақтарда мүше болуға қандай да болсын партияны жақтайтын әрекеттерге тыйым салады». (40;158) Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті. Шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін (1;48)
Аталмыш зерттеу жұмысындағы құқықтық тәрбие практикасы «Адамдар «заңның құлы» болмайынша құқықтық тәртіп те, демократия да, жақсы дамуға тиіс емес » — деген ғұлама идеяны нақтылады.Жалпы құқықтық тәрбиенің қалыптастыруда зерттеу жұмысында аталған сатыларды қатаң сақтап отырған жөн.Себебі: ол бізге өзіндік бір «Өмір баспалдағын көрсетіп береді».
Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбиені дамытудағы мәселелерді талқылай келе төмендегідей ұсыныстарға иек артуға болады:
- құқықтық тәрбие беру жас ұрпақ үшін халықтық іс болып табылады, оны жас буындардан бастау қажет.
- құқықтық тәрбие беруде мектеп, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстардың біріккен жүйелі бағдарламасын жасап, олардың жұмыстарын жандандыру.
- көпшіліктің қатысуымен қоғамдық өзгерістерге байланысты жиі іс-тәжірибелер алмасу.Яғни семинарлар, дөңгелек үстелдер, пікір-таластар, конференциялар өткізіп тұру.
- мұғалімдердің педагогикалық және әдістемелік қызметкерлердің шеберлігін арттыру барысында білімдерін жетілдіру.
- құқықтық тәрбие беру мақсатында жас буындарға лайықталған әдеби құралдар даярлау.
- телеэфирде құқықтық тәрбие бойынша бағдарламаларды беру және ол бағдарламалар мағыналы, қызықты болуы қажет. Аталмыш бағдарлама құқықтық тәрбие субьектілерінің қолайлы уақытында көрсетілуі керек.
Жоғарыда көрсетілген ұсыныстар құқықтық тәрбиенің көпшілік болып, жұмыла атқарылатын қоғамдық іс екендігін айқындап отыр. Яғни, құқықтық тәрбие құқықтық мемлекеттің – айнасы.
Құқықтық тәрбие мәселесінің шешілу мақсаты, міндеті, мазмұны бар ғылыми тұжырымдаманы қажет етеді. Сондықтан құқықтық тәрбие мәселесі тек қана теориялық емес, практикалық сипат алғанда ғана өз нәтижесін береді.
Педагог ғалым В.В. Берманның теориясы бойынша: «Құқықтық тәрбие ғылымда адамдардың санасы мен әрекетіне белгілі бір мақсатпен ықпал ету бойынша шара қолдану жүйесі ретінде ұғындырылатын тәрбиелеудің ерекше түрі».Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекетіміздің болашақ жас ұрпақтарын тәрбиелеуде «Ата заң» нормативтерін жүйелі қолдану арқылы құқықтық тәрбие мәселесіне назар аудару, басты мақсатымыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы ,1995
- Жастар және мемлекеттік жастар туралы» қаулы //Егемен Қазақстан, 2000, 12 маусым.
- Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы : ҚР Заңы // Егемен Қазақстан, 2002, 23 тамыз , 2 б.
- Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы : ҚР Заңы //Егемен Қазақстан, 2002, 13 шілде , 2б.
- Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. // Егемен Қазақстан, 2004, 20 наурыз 1-5 б.
- Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы.// Дидар, 2005,№ 20-21.
- Аюпова А.Ж. Қазақстанның құқықтық жүйелерінің қалыптасуы //Заң, 2003, № 9, 55-59 б.
- Амантай Б.Б. Менің намысым- ұлтымның намысы // Тәрбие құралы, 2003, № 2 , 32-37 б.
- Әбілдаев И.Қылмысты жастар тағдыры алаңдатады //Қазақстан Zaman , 2002, 19 сәуір, 6 б.
- Бегалиев К.А. Меры борьбы с безнадзорностью и преступностью среди несовершеннолетних // Предуп. прест. 2002, №1 , 10-13 с.
- Бейсебаева С.Б. Пути правового образования молодежи : некоторые предложения // Вести КазНУ сер. юрид. 2003, №1, 148-150 с.
- Бейсебаева С.Б. Қазақстанда құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам орнату кезеңіндегі жастар туралы заңдар . //Вести КазНУ сер. юрид. 2003, №2, 144-146 б.
- Ветлугин Д.В. Уголовное наказание несовершеннолетних: международные стандарты и практика их применения //Каз. Ж-л м/н права 2001,№1,74-81.
- Газизова Н.С. Азаматтық білім – құқықтық мемлекет болудың кепілі. // Қазақстан мектебі, 2004, №3, 28-30б.
- Газизова Н.С. Құқық дегеніміз не? // Қазақстан мектебі, 2004, №4, 48-50б.
- Газизова Н.С. «Қазақстан Республикасы мемлекеті және құқығы негіздері» пәнін оқыту әдістемесі-оқу-әдістемелік құрал. Семей мемлекеттік педагогикалық институты. Семей, 2005. 136б.
- Даламбаева Г.Заңды білу заман талабы // Қазақ ордасы, 2003, №4, 75-76.
- Досанов Е.К.Несовершеннолетние и преступность //Закон и время, 2003, №2,45-48.
- .Елекеев И. Құқықтық саясат қуатты тірек //Егемен Қазақстан 2002 8-қазан.
- Ерінбетова А.К.Кәмелетке толмаған қылмыскерлерді топтау.//Қайнар уни-ң хаб. 2002, №2,63-66.
- Жарықбаев Қ. Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудің маңызы мен мазмұны.//Сыныптағы тәрбие ,2003, №4-5,20-22.
- Жарылғанова З. Құқықтық тәрбие заман талабы. //Қазақстан тарихы, 2001, №1,79-180.
- Жақыпұлы С.Жалпы ұлттық міндетіміз.//Дидар ,2001,27-наурыз.
- Жетписбаев З. Проблемы законодательного регулирования в профилактике и пересечение правонарушений среди несовершеннолетних.//Фемида,1998, №3,50-53.
- Жасөспірім жаза баспасын десек.//Заң ,2003, №2,3-11.
- Зайниева Л.Ю. К вопросу о роле государственной молодежный политики в развитии молодого поколения.// Вести Кайнар 2003, №4,98-102.
- Заритовская Т.А. Причины преступности несовершеннолетних:Социальная политика //Саясат,2002, №1,54-56.
- Ипполитов Ф. Правовое воспитание [школьника]: с чего начать?//Семья и школа,1990, №11,с23-26.
- Калашникова И. Молодежной политике в РК новое законодательное наполнение //Саясат,2002, №11,33-38.
- Курмагамбетов Ж.С. Стратегия и тактика борьбы с преступностью //Закон и время,2004, №4,37-39.
- Камаров С.А. Общая теория государства и права: М.Юрайт, 1997,с. 330-336
- Кенжанова А. Құқықтық тәрбие. // Бастауыш мектеп, 1999, № 10, 54-88.
- Қанағатова Қ.Қазақстандағы құқықтық саясаттың көкжиегі //Заң,2003, , №4,18-22.
- Қалтаева М. Оқушыларға ұлттық тәрбие іс-тәжірибесі. //Ізденіс,гум.ғыл.сер.2001, №6,168-171.
- Құл-Мұхаммед М. Құқықтық реформа құқықтық сауаттылықты талап етеді.//Заң, 2001, №6,34-36.
- Меңжанова А. Құқықтық тәрбие //Бастауыш мектеп ,1999, №10,54-58.
- Мирзаев О. О некоторых правовых аспектах молодежной политики в суверенном Казахстане//Фемида ,2001, №12 , 59-60.
- Морозова С.А. Профилактика правонарушений несовершеннолетних: ресурсы образования. //Преп. ист. и обществозн.в шк. 2003, №8,36-40.
- Марковичева Е.В. Актуальные проблемы правового воспитания и гражданского образования.//Стандарты и мониторинг в образов.2000, №2,11-14.
- Методические рекомендации территориальным органам по налаживанию сотрудничества с органами образования по совершенствованию учащейся и студенческой молодежи.//Фемида , 1999, №3,14.
- Муратханова М.Б. Қылмыстылықпен күрестің өзекті мәселелері //Ғылым еңбек жин. Шығарылым , Семей ,2002,127-132 б.
- Нарикбаев М. Некоторые вопросы и время, 1996, №3,21-26
- Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында . Алматы: Өнер, 1996,158 бет.
- Назарбаев Н.Ә. Қылмыспен күрес ортақ іске үлес//Егемен Қазақстан 2003,11қырқүйек.
- Назарбаев Н.Ә. Болашақ бүгіннен басталады. //Егемен Қазақстан,2002,15қараша,1-3б.
- Назарбаев Н.Ә. Өмір әдебі. // Білім- образования, 2002, №2, 4.
- Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» (Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы) Алматы, 1998.
- На грани конфликта с законом //Фемида ,2003, №9,39-44
- Оңғарбаев С.М. Мақсат қылмыстың жолын кесу// Заң және заман, 2003, №1,29-32.
- Оразалинов С. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру// Заң ,2003, №5.
- Сартаев Д. О создании концепции защиты прав несовершеннолетних в РК //Фемида , 2003 , № 7 ,43- 50 .
- Сатыбалды Л. Формы вовлечения несовершеннолетних в преступную и иную анти общественную деятельность // Вестник КазНУ сер. юрид. – 2003, №1,65-68..
- Сабикенов С.Н. Правовая культура как условие формирования правового государства //Евразия ,2003, №5,98-103.
- Сәулебек Н. Құқықтық сауатың болмаса , құқығыңды қорғай алмайсың //Заң және заман , 2003, №5,87-90 .
- Сыздық Б. Правовое обеспечение участие граждан в борьбе с преступностью // Правовая реформа в Казахстане, 2003, №2,118-122.
- Сарсенбаев А.С. Телебаев Г.Т. Казахстансакая молодежь на рубеже веков- Астана: Елорда, 2000-200с. Семипалатинские вести – 2003- 4 апрель .
- Тілеубергенов Е. Кәмелетке толмағандардың тонау және қарақшылық шабуыл жасау тәсілдері // Заң ,2000, №2, 44-47.
- Тұяқбай Ж. Заңды сапалы әзірлейтін болдық // Егемен Қазақстан , 2002, 3 желтоқсан , 1-2 б.
- Шамаева И. Борьба с преступностью несовершеннолетних важная задача государства // Закон и время , 2003, №3,45-48.
- Шайынгазин Д. Жасөспірімдер қылмысы қоғам дерті // Заң газеті, 2002, 24 сәуір, 4 б.
- Элиасберг Н. Система этико-правового образования и гражданского воспитания: первые итоги // Народное образование, 2001, №4, 116-119.
- Ударцев С. О правовой политике в области образования.// Правовая реформа в Казахстане , 2001, №4, 59-65.