ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС 12 жылдық мектептерде оқушыларына «экономика негіздері» пәнін оқыту

 

КІРІСПЕ

 

  1. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ

1.1  Әлемдік білім беру жүйесіндегі  12 жылдық оқытудың үлгілері

1.2 Қазақстан Республикасындағы білім берудің 12 жылдық оқытуға  көшу қажеттілігі

 

  1. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫ ҚАРЖЫ РЫНОГЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БІР БӨЛІГІ

2.1 Қаржы рыногының  мәні мен функциялары

2.2  Қор рыногы және оның қалыптасуының ерекшеліктері

 

  1. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА «ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

3.1 Нарықты экономика тұсында мектеп оқушыларына экономикалық білім мен тәрбие берудің қажеттілігі

3.2  Мектеп оқушыларына  «Экономикалық негіздері» пәні бойынша сабақ берудің үлгілерін талдау

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:  Бүгінгі таңда адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш білім болып тұр. Қазіргі кездегі қоғамның саяси, әлеуметтік – экономикалық және техникалық құрылымындағы жаңарулар білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Сондықтан да Қазақстандағы білім беру жүйесін ғаламдық білім беру кеңістігі аясында дамыту өзекті мәселеге айналды.    

ХХІ ғасырда еліміздің жас ұрпағына білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласын түбегейлі өзгерту, яғни 12 жылдық оқытуға көшу үдерісі жүргізілуде. Қазіргі кезде ҚР 12 жылдық оқыту бойынша жүзден астам мектептерде эксперимент өткізілуде. 2015-жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне  мектептердің сатылап көшірілуі жоспарлануда. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында « 2020 жылы 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу толықтай жүзеге асырылады» деп көрсетілді [1].

Соңғы жылдары Үкімет пен Білім министрлігі 12 жылдық оқытуға көшуге  қажетті  даярлықты бастап та кетті, яғни мектептердегі материалдық-базаны нығайтуға, жасөспірімдердің физиологиялық және психологиялық жағдайларына талдау жасау арқылы оқу сатыларын анықтауға, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды әзірлеуге үлкен мән беруде.

ҚР 12 жылдық білім беру жағдайындағы мәселелердің бірі оқушылардың экономикалық білімі мен мәдениетін арттыру болмақшы.  Өйткені, нарықты экономика тұсында халық қоғамдағы қаржы айналымындағы инфляциялық құбылыстарға, валюта (ұлттық және шетел валюта курстарына), банктік, сақтандыру және бағалы қағаздар рыногындағы жағдайлармен жақын таныс болулары қажет. Мәселен, 2007 жылғы экономикалық дағдарыс тұсында халықтың қаржылық сауаттылықтарының жетіспеуі салдарынан адамдардың көбісі коммерциялық банктерден жоғары пайызбен алған несиелерін тиімсіз жұмсаудың нәтижесінде оларды уақытында қайтара алмай, кепілдікке қойған мүліктерінен айырылып талай шығынға ұшырады. Сондықтан бүгінгі жасұрпақтың келешекте осындай келеңсіз жағдайларға тап болмаудың алдын алу үшін экономикалық білім міндетті түрде берілуі тиіс .     

Қазіргі кезде де қазақстандықтардың қаржылық сауаттылық деңгейі төмен, олар банктен басқа қаржы құралдарына сенімсіздік білдіреді. Жиі адамдар өз ақшаларын қайда саларын және қалай пайдалануды біле бермейді, себебі капиталды салудың балама көздері мен ақша сақтаудың жолдарынан бейхабар, яғни өз капиталдарын басқару жүйелері туралы үнемі хабардар бола бермейді.  

Дамыған нарықты экономикалы елдерде ақшаны көбейтудің немесе ақшаны капиталдандырудың бірнеше көздері бар. Оларға коммерциялық банктер, сақтандыру және бағалы қағаздар нарықтары жатады.     

Қазіргі кезде мемлекеттің басыңқы бағыттарының бірі бағалы қағаздар  рыногына халықты тарту, сондықтан бұл мәселеге үкіметтің назары ерекше. 2012 жылы Үкімет халықты бағалы қағаздар рыногына тарту үшін ІРО бағдарламасын іске асыруға байланысты насихаттау жұмыстарын жүргізуде. Ол осы жылдың екінші жартысында Ұлттық компаниялардың бағалы қағаздарының 10-15 пайызын қор биржасына шығаруды жоспарлауда. Өйткені, бұл рыноктың экономикалық және әлеуметтік мәні орасан үлкен.  Бүгінгі күні еліміздегі бағалы қағаздар рыногындағы акционерлердің үлесі өте төмен. Қазақстандағы халықтың көпшілігі артық бос жатқан ақшаларын банктік депозитке салуды артық көреді. Ал, әлемнің көптеген елдерінде миллиондаған қарапайым адамдар ақшаларын құнды қағаздарға салып табыс табуды әдетке айналдырған. 

  Бағалы қағаздар рыногы экономиканы инвестициялау мен халықтың табыс табуын қамтамасыз етуге әсері ерекше. Алайда, ҚР бағалы қағаздар рыногындағы өзекті мәселелерге АҚ-дың қор рыногына құнды қағаздардың шығарылуының төмен деңгейі және сатып алушылардың да аз болуы жатады.

Бірақ соңғы жылдары халықтың бағалы қағаздар рыногына қызығушылығын арттыру  мақсатында  инвестициялық мәдениет пен сауаттылықты арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жиі мақалалар жазылуда, ал теледидардан «Капитал әліппесі», «Ақшаң болса» сияқты бағдарламалар жүргізілуде. Жоғарыда көрсетілген мәселелердің тиімді шешілуі үшін, жастарды қаржы рыногындағы жағдайларды талдау жасауға, адамдардың бар ақшасын капиталдандыруға байланысты экономикалық білім мен мәдениетке, соның ішінде қаржылық сауаттылыққа отбасы мен мектеп қабырғасында  үйренген жөн. Қазіргі кезде бұл мәселеге байланысты білім жүйесінде біршама жұмыстар атқарылуда, орта мектептерде «Қолданбалы экономика», «Экономикалық білім негіздері» және «Қаржылық сауаттылық» пәндері оқу бағдарламасына енгізілген. Алайда, олар барлық мектептерде бірдей жүргізілмейді. Кейбір мектептерде 4 сыныптан басталса, басқа мектептерде жоғары сыныптардан басталады. Ал, ауыл мектептерінің бәрінде бірдей бұл пәндер жүргізілмейді. Сондықтан келешекте экономикалық пәндердің барлық мектептерде  оқытылуын бір жүйеге келтіру қажет сияқты. Келесі мәселе мектептердегі осы пәндерді жүргізетін мұғалімдерге қатысты, өйткені жиі бұл пәндерді арнаулы мамандығы жоқ адамдар оқытады. Осындай мәселенің болуына қарамастан «құқық және экономика негіздері» мамандығын бітірушілерге облыстық білім беру басқармасы мектептерге орын бөлмей отыр.

Халықтың, оның ішінде жастардың экономикалық білімдерін арттыру мәселесі экономикалық пәндер бойынша сабақ беретін мұғалімдердің оқу үрдісінде қолданатын әдістеріне де байланысты.       

  Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік мәні: Қоғамымыздың әлеуметтік – экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты, білім беру жүйесіне жаңаша тұжырымдама жасап, жаңаша талап қоюды қажет етеді. Мектептердегі нақты міндеттердің бірі оқу үрдісінде балалардың экономикалық білім деңгейінің дамуын, олардың экономикалық құбылыстарды әрі қарай өз өмірлерінде қолдануын, тәжірибеде пайдалануларына мүмкіндік беру. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінде мұғалімдер экономикалық білім мен мәдениетті оқушылардың жоғары деңгейде игеруі үшін оқытудың инновациялық технологияларын кеңінен пайдалануда. Сонымен қатар оқушылардың жоғары деңгейде білім алуы әр педагогтың жетік білім деңгейіне, біліктілігіне, әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолданып сабақ берулеріне де байланысты.                                                        

Диплом жұмысының зерттеу объектісі: Қаржы рыногының теориялық негіздерін зерттеу. Мектеп оқушыларына бағалы қағаздар туралы сабақ берудің жолдарын  қарастыру.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Тақырыпты зерттеудің мақсаты-Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшудің, бағалы қағаздардың  теориялық-әдістемелік және тәжірибелік жақтарын зерттей отырып, мектеп оқушыларына қаржылық сауаттылықты қалыптастырудың жолдарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдына келесідей міндеттер қойылады:

— 12 жылдық білім беруге көшудің қажеттілігі мен оның әлемдік тәжірибесін қарастыру;  

— бағалы қағаздардың теориялық және тәжірибелік мазмұнын зерттеу;

— мектеп оқушыларына қаржы жүйесіндегі бағалы қағаздар рыногы туралы сабақтар өту арқылы қаржылық сауаттылықтарын қалыптастыруды  қарастыру;

— мектеп оқушыларына «Бағалы қағаздар рыногы» атты тақырыпты оқытудың тиімді әдістерін анықтау.

Диплом  жұмысының  ғылыми  және әдіснамалық негіздері: ҚР білім беруді 12 жылдыққа көшіру, бейіндік мектептер, соған лайықты ұстаздар даярлау мәселесіне көптен қалам тартып жүрген ғалымдар А. Құсаинұлы, М.Н. Сарыбеков, А. Құсаинов және тағы басқалар. Қазақстандағы  қаржы  рыногының  қалыптасуы  мен дамуының  теориялық  және  әдістемелік  аспектілері  қазақстандық  экономистер  Я.Әубәкіров, Қ.Қ.  Ілиясов, М.Ә. Тілеужанова,  Г.С. Сейтқасымов,  Б.А. Көшенова, С. Құлпыбаев, А.А. Арыстановтардың ғылыми  еңбектерінде  қарастырылған. Мектеп оқушыларына экономикалық білім берудің мазмұны Қ. Ағанинаның еңбектерінде орын алған. Дипломдық  жұмыс  осы  авторлардың  еңбектеріне  сүйеніп  орындалды.  Сонымен  қатар  БАҚ   шыққан  мақалалар  пайдаланылды.

Ақпараттық база ретінде ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, басқа да нормативтік құжаттар, ҚР Қаржылық қадағалау Агенттігінің, Қазақстан қор биржасының материалдары пайдаланылды.

Диплом жұмысының ғылыми және практикалық маңызы: Түркістан қаласының  № 8-орта мектебінде мемлекеттік педагогикалық практиканы өту барысында, осы мектептің 5-7 сыныптарында қаржы сауаттылық пәнінен қаржы тақырыптары бойынша ашық сабақтар өткізілді.

Диплом  жұмысының  құрылымы: Бұл  жұмыс кіріспе,  тарау,  параграфтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден  тұрады.

Диплом жұмысының  көлемі:

 

 

  1. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ

 

 

1.1  Әлемдік білім беру жүйесіндегі  12 жылдық оқытудың үлгілері

 

Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр, яғни қазіргі кездегі білім берудің бұл үлгісі әлемнің 80% астам елдерінде қолданылады, ал оның пайда болуы соңғы жиырма-отыз жылдар арасындағы  ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізуіне және жаңа технологиялардың қоғам өмірінің әртүрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай, сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа, мазмұны жоғары деңгейде білім беру қажет. Бүгінгі таңда осындай өзекті мәселені шешу үшін жаһандық білім беру жүйесі оқытудың 12 жылдық жүйесіне көшуді қолға алды. Әрине, Қазақстан Республикасы да, әлемдік кеңістіктің бірі ретінде, бұл мәселеден шет қалмай, керісінше, Қазақстанның білім беру жүйесі дүниежүзілік білім қауымдастығына енуге бар күшін салып, осы салада жаңарту іс шаралары жоғары деңгейде жүргізілуде. Еуропа Кеңесінің Декларациясына  (1992) сай әлемнің 140-қа жуық мемлекеттерінде білім жүйесі 12 — жылдық оқытуға көшірілуде, оның ішінде дамыған елдерден АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Финляндия және т.б, ал бұрынғы Кеңес одағына мүше елдерінен бірқатар мемлекеттердің  осы жүйеге өткеніне хабардармыз.

12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты келешекте жастарды дамыған  қоғам тұсында өмір сүре алатын, еліне пайдасын тигізетін, өз-бетінше білім алып, оны тәжірибеде тиімді қолдана алатын, білімге қызығушылықпен қарайтын,  шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

12 жылдық білім беру ерекшелігі: пәнді оқыту барысында оқушылардың терең білім алуы үшін, яғни білімді, білікті мамандыққа бағыттауды, құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысуға мүмкіндік беру. Сонымен қатар, оқушылардың денсаулығына үлкен мән беріліп оған барлық жағдайлар жасалады, яғни олардың сабақ уақытын қысқарту, ауылды жерлерде оқушыларды тасымалдау үшін көлік мәселесінің шешілуі қарастырылады.

12 жылдыққа көшу барысында оқу үрдісін ұйымдастыру белгілі қағидаларға негізделеді:

 — жеке тұлғаның жас ерекшелігінің, оның денсаулығының жағдайының   ескерілуі;

 — алдына мақсат қойып әрекет етуі;

 — ашықтығы;

 — интерактивтігі.

 12-жылдық білім беру жүйесіне  енгізуге ұсынылған интеграцияланған пәндер және бағдарлы мектептегі жеке пәндер:

— Қоршаған әлем,

— Өзін-өзі тану,

— Көркем еңбек,

-Жаратылыстану,

— Қоғамдық білім негіздері,

— Көркем мәдениет,

— Әлемдік көркем мәдениет,

— Экономика,

-Құқық

          Білім мазмұнын жетілдірудің  негізгі бағыттары:

-мектептегі білім мазмұнын қоғамның  жылдам  өзгермелі  сұраныстарына сәйкестендіру;

-сұранысты қанағаттандыруға үйрету, өздігінше білім алуға және оны іс жүзінде пайдалана білуге, оқушыны іс-әрекет субьектісі ретінде нақты, үздіксіз дамуға жағдай жасау;

-білім мазмұнын білім алушылардың жеке дамуындағы  білім беру ортасы ретінде қарастыру;

-білім мазмұнының білім берушілік компоненетін жетілдіру, яғни  білім мазмұнына  білім алушылардың игеруі қажет  негізгі құзыреттілікті /компетенцияларды/,  технологияларды енгізу;

-білім алушыларды жүйелі түрде бағытталған ғылыми таным әрекеттерімен таныстырып, ақпараттық технология негізінде жетекші мотивацияны қалыптастыратын  оқу ситуацияларын кеңінен қолдану;

— білім мазмұнын гуманизациялауды қамтамасыз ету және білім алушының білім алудағы  талғамын ескеру.

Жалпы орта білім беру деңгейінің негізгі мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді  құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.

 Бейіндік оқыту: жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық, технологиялық бағыттар және оларға сәйкес келетін типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асыру жоспарлануда.

 Орта білім беру оқу бағдарламалары бейіндік оқытудың (базалық пәндер) барлық бағыттарында оқып үйрену үшін міндетті және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру оқу бағдарламаларының мазмұнына кіреді.

Күтілетін нәтижеге  бағытталған  құзыреттілік тұрғысынан келуді жүзеге асыратын білім беру жүйесінің жаңа үлгісі келесілерді қамтамасыз етеді:

—  білім алушының «дайын білімдерді алушы»  ретіндегі енжар қалыптан  танымдық    үрдістің белсенді субъектісі бола алатын білім алушыға айналуын қамтамасыз ететін мектеп қызметінің  маңызды процесі ретіндегі оқудың ролін көтеруді; 

— оқу пәндері арқылы білім беру процесінде білім алушылардың құзіреттілігін қалыптастыру мен дамытуды;

— білім берудің әрбір деңгейінде орта білім берудің құрылымы мен мазмұнының білім алушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктеріне, олардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес  келуін;

— білім берудің әртүрлі деңгейлерінде тұлғаның дамуының  бірізділігін сипаттайтын күтілетін оқыту нәтижелерінің әрдеңгейлі жүйесін құруда сабақтастықтың сақталуын;

— білім берудің сәйкес деңгейлерін бітіруші  түлектердің тұлғалық сапасы ретінде көрініс табатын құзіреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелерді болжауды;

—  оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде білім алушыларды нәтижелі әлеуметтендіруді; 

— білім алушылардың сәйкес құзреттіліктерді меңгерудегі оқу жетістіктерінің деңгейлерін анықтау негізінде  білім алушылардың, мектептердің, білім беру жүйелерінің даму өзгерісінің мониторингін жасауды.

Болашақтағы жалпы білім берудің мақсат міндеттері  12 жылдық білім беру жүйесін ендірумен сипатталады. 12 жылдық орта білім берудің көздеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мынадай білім беру нәтижелері  белгіленген:

— білім алушыларды әлеуметтендіру  –  бағдарлану және құндылықтар жүйелері түріндегі тұлғалық  нәтижелер;

— метапәндік нәтижелер – оқу-тәрбие үдерісінің шеңберіндегі және нақты өмір жағдайларындағы мәселелерді шешу кезінде қолданылатын іс-әрекеттің әмбебап тәсілдері ретінде қалыптастырылған түйінді құзыреттіліктер;

— пәнді оқыту нәтижелері – игерілген білім, іскерлік, дағды және білім беру салалары бойынша құзыретттіліктер.

  Жалпы орта білім беру саласына прогрессивті өзгерістерді енгізу ұсынылуда. Бұл өзгерістердің негізгілерінің бірі ғылым негіздері бойынша білім мазмұнын жетілдіру десек,  мектептегі оқытылатын білім көлемін әрдайым үстемелеп отыру қажетілігі дәлелденіп отыр.

 Қазіргі таңда мектеп оқушыларына дәстүрлі пәндермен қатар экономика , экология, валеология, психология, саясаттану, дінтану ғылымдары негіздерін оқыту заман талабына айналуда. Сонымен қатар, балалардың жалпы психологиялық  дамуын ескеру, осыған сәйкес оқу жүктемесінің шектен шықпай, талапқа сай келуін қадағалау,  білім мазмұнының оқушылардың  құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталып іріктелуін қатаң ескеру педагог ғалымдардың жұмысына қойылатын негізгі талап болуда. Осындай талаптарды қанағаттандыру мүмкіндіктерінің бірі ретінде мектепте оқытылатын интеграцияланған пәндерді түзіп, оны мектеп практикасына енгізу болып отыр.

Білім беруді дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда материалдық-техникалық базаны жаңартуға және білім беру саласын қаржыландыруға айтарлықтай көңіл бөлінуде.

2008-2009 ж.ж. оқу жылдарында Республиканың 96% мектептері интернет желісіне қосылды. Қазақстандық  білім беру порталы құрылды.

Ауыл мектептерінің дамуын қамтамасыз ету үшін «Ауыл мектебі» бағдарламасы іске асырылды. Қазақстан мектептерді компьютерлендіруді ТМД елдерінің ішінде бірінші болып аяқтады. «100 мектеп, 100 аурухана», «Жол картасы» бағдарламалары жемісті түрде жүзеге асырылуда.

12 жылдық жалпы білім беруге көшуге байланысты материалдық-техникалық базаны жаңарту жэне жалпы білім беретін мектептерді, соның ішінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтау жоспарланып отыр. Мысалы, 2007 жылы республика мектептеріне 1,04 млрд. теңгеге 1000 интерактивті тақта алынса, 2008 жылы бүл мектептерді толығымен жабдықтау үшін тағы да 721 мектепке интерактивті қүралдар алу үшін бюджеттен 7,3 млрд. теңге қарастырылған.

2010 жылға дейін 6 мыңнан аса республикамыздағы жалпы білім беретін мектептердің 80%-ның лингофондық және мультимедиялық кабинеттері мен физика, химия жэне биология кабинеттері жабдықталатын болады. 2008-2010 жылдары лингофондық жэне мультимедиялық кабинеттерді жабдықтауға 7 763 092 мың теңге қаржы қарастырылып отыр, яғни, 2008 жылға — 2 676 454 мың теңге, 2009 жылға -2 543 319 теңге жэне 2010 жылға — 2 3 31 193 мың теңге.

Білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының бірі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді қалыптастыру және жетілдіру болып табылады.

1991 жылдан бастап жалпы орта білім беру жүйесіне арналған оқулықтарды әзірлеу, қайта әзірлеу және байқаудан өткізулер жүргізілді. 2009 жылға «Оқулық» РҒПО-ға ұсынылған оқулықтар саны 700-ден асты. Қазақстанда білім беру процесін жетілдіру және оның траекториясын анықтау тұжырымдамасын жүзеге  асыру нәтижесінде:

  • қазіргі еліміздегі білім беру жүйесін реттейтін нормативті-құқықтық базасын нақтылауға;
  • мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары мен жоғары оқу орындарындағы білім  мазмұнының қайталануына жол бермейтіндей етіп, сабақтастық және кіріктіру принциптері негізінде білім мазмұнын іріктеуге;
  • түрлі пәндердің білім мазмұнын кіріктіру принципі негізінде оқу жүктемесін азайтуға;
  • білім сапасын арттыруға негізделген білім берудің жаңа технологияларын ендіруге;
  • білім беру стандарттарының қазіргі талабына сай типтік бағдарлама, оқу жоспарлары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын сапалы дайындауға;
  • өздігінше білім алып, өзін-өзі рухани жетілдіруге бейімдейтін құзыреттілікке бағытталған білім алуға;
  • қоғамның әлеуметтік тапсырысын ескере отырып, мұғалімді кәсіби дайындау жүйесін жетілдіруге;
  • Қазақстан Республикасының әлемдік білім кеңістігіне енуіне байланысты кәсіби міндеттерді шығармашылықпен іске асыратын маман дайындаудағы жаңа жүйелерді ұсынуға;
  • мектеп жасына дейінгі, 3-5 жастағы барлық балаларды толығымен балабақшамен қамтамасыз ету қажеттілігін дәлелдейтін тұжырымдамалық ұсыныстар жасауға;
  • мектептердің 12 жылдық білім беру жүйесіне  тиімді жолмен көшуіне;
  • техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары білім алушыларының сапалық деңгейін көтеруге;
  • жоғары оқу орындарының түгелдей кредиттік жүйеге көшуіне;
  • білім сапасын бағалаудың ортақ жүйесіне көшуге;
  • жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарын жетілдіруге;
  • педагог мамандардың әлеуметтік статусын көтеруге;
  • білім беру мекемелерінің білікті кадр мамандармен толықтырылуына, жағдай жасауға;
  • білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жұмыс жоспарларын белгілеуге мүмкіндік туады.Қазіргі таңда құзыреттілік тұрғыда экономикалық білім беру мүмкіндіктері қарастырылу жалғасуда.

  Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей алатын,  бәсекеге қабілетті  тұлғаны тәрбиелеп  қалыптастыру. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 12 жылдық білім беру жүйесіне  көшумен байланысты жүзеге асыру жоспарланған [3]. 12 жылдық білім беру жүйесінде  білім беруді ұйымдастырудағы  жеке тұлғалық, іс-әрекеттілік, құзыреттілік тұрғылар жалпы білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда [4].

Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру екенін білім мазмұнын таңдауда  қатаң ескерілетін мәселе екенін баса айтқан жөн. “Тұлға ”-адамның келешек өмірінің қалыптасу жобасының келбеті. Адам тәрбие негізінде жетіліп, қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адам өмірінде тәрбие мәңгілік категория болса, оны ұйымдастыру, жүзеге асыру еш уақытта ескірмейтін, қайта уақыт озған сайын жаңарып, әрбір кезеңнің өз талабына сай жетіліп отыратын үздіксіз үрдіс деп түсінеміз. Демек,  бұл процесте жеке тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктеріне жете көңіл бөлу қажет екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.

       Әлем елдері тәжірибесінде әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі, мектеп үлгісі және орта мектептерде қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы бар. Дүниежүзінің дамыған елдерінде АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, Голландияда 14 жыл,  ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда – 12 жыл. Тек экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10-11 жылдық.  

Мәселен, АҚШ ХХ ғасырдың 90-жылдарынан білім жүйелеріне жаңа бағыт беруге бет бұрды.  ХХ ғасырдың 60  жылдарында прагматикалық көзқарасқа негізделген білім үлгісі енгізілген болатын. Нәтижесінде «америкалық прагматикалық педагогика «экземплярлық», «кафетериялық» деп аталып кеткен білім жүйелері орнығып, білімнің іргелілігін төмендетіп, орта мектеп оқушыларының білімінің таяз, үстірт болып қалыптасуына әкеліп соқты. 1983 жылы АҚШ Үкіметінің «Ұлтымыз қатерлі жағдайда, білім реформасы қажет» атты баяндамасы жарияланып, білім саласын қайта қарауға орасан зор қаржы бөлінді.

АҚШ-та мектепке дейінгі, мектепалды балаларды дайындауға көп назар аударылады. Жалпы орта білімнің құрылымы 6+3+3, оқу мерзімі 6 жастан 18 жас аралығында. Мемлекеттік оқу орындарында тегін, жеке мектептерде ақылы болып келеді. АҚШ-та орта мектеп 2 буыннан тұрады: кіші және жоғары мектеп. Кіші орта мектеп 7-9 сыныптарда жалпыға бірдей бағдарлама, қалған сабақтары таңдау бойынша (элективті) жоғары орта мектеп 10–12 сыныптарда міндетті түрде 5 оқу пәндері және практикалық, академиялық бағыттағы профильдік пәндер берілген. Оқушылар 9-сыныптан бастап міндетті 5 пәнге қоса келешектегі мамандығына жақын бейінді пәндерді таңдап оқиды. Сыныпты жақсы бағалармен бітіргендері грантқа ие болады.

 Мектептегі сабақ 9 айға созылып, қалған үш ай демалыс болып табылады. Күнтізбелік жоспар жазу міндетті болып табылады. Журнал айына 1 рет тексерілуге беріледі. Мектептегі оқушының білімін бағалаудағы басты әдіс – тест. Қазіргі таңда көбіне тесттердің дұрыс жауаптары көрсетілмейтін әдісті көп қолданады. 

Германия ХХ ғасырда білім беруге ерекше көңіл бөлген мемлекеттердің бірі болды. 80 жылдары бұл ел жеке оқу орындарынан бас тартып, ақысыз оқу орындарын көбейткен.  Жалпы орта білім алу 12 жылдық мектепке негізделген, барша оқушыға алғашқы 4 жылдық оқу міндетті, өйткені одан әрі балалар өз қалаулары және қабілеттеріне қарай оқуларын кәсіптік мектептерде жалғастыра алады. Герман Федеративтік мемлекетінің заңының 6-бабына сәйкес барлық мектептік білім беруді мемлекет қадағалайды. Мемлекеттегі міндетті тегін білім алу 9 жылдық оқыту болып табылады. Білім алу 3 баспалдақты құрылымды болып табылады: негізгі мектеп, нақты училище, гимназия. Оқу 6 жастан жалпыға бірдей мектепте (1-4 сыныптар) басталады, содан кейін басқа көрсетілген типтегі мектептерде жалғастырылады. Негізгі мектептің (5-10 сыныптарда) 50%-ға жуығын жасөспірім оқушылар құрайды, олар әрі қарай өз білімдерін толық емес жалпы білімді меңгергеннен кейін, кәсіби білім алуға жолдама алады. Ал нақты училищеде (5–10 немесе 7–10 сыныптар) кәсіби-практикалық бағыттағы жалпы толық емес білім беріледі, онда физика, химия, биология, шет тілдер мен басқа да академиялық пәндер оқытылады. Нақты училищені бітірген оқушы орта және содан кейін арнайы жоғары кәсіби-техникалық оқу орындарына түсе алады. Гимназия (5–13 немесе 7–13 сыныптар) толық орта білімді береді және университеттік үлгідегі ЖОО түсу құқына ие болады. Гимназиядағы міндетті пәндер: неміс тілі мен әдебиеті, тарих, география, математика, биология, дене тәрбиесі, музыка, дінтану болып табылады. Гимназияның бейіндік білім беруіне байланысты әр түрлі нұсқада оқу бағдарламалары жасалған. Германиядағы мектептерде бейіндік оқыту барысында пәндер блоктарға сәйкес біріктіріледі, мысалы: «тіл-әдебиет-өнер», «әлеуметтік білімдер», «әлеуметтік-экономикалық» және т.б. Неміс тілді оқушылардың жоғары сыныпта оқудағы мүмкіншілігі зор, олар міндетті пәндерден басқа да пәндерді қосымша оқи алады, соның негізінде олардың жеке-дара ерекшеліктері жақсы дамиды. Бейіндік бағыттағы пәндерден басқа тілдік, әдеби-көркем, қоғамдық-ғылыми, математикалық немесе жаратылыстану-ғылыми пәндерін меңгере алады. Негізгі мектепті аяқтау 4 пән бойынша емтихан тапсыру арқылы аяқталады. 12 және 13 жылдық мектепті сәтті аяқтаған оқушылар үшінші деңгейді аяқтағандары туралы аттестатқа ие болады. Бұл аттестат кез-келген бейінді оқуға жолдама болып табылады. ЖОО-ға түсуде оқушының аттестаты, яғни орташа ұпайы негізгі рөл атқарады.

Сонымен Германияда он, он бір, он екі жылдық мектептер арасында жүйеліліктің  сақталғаны көрінеді.  

 Францияда ХХ ғасырдың ортасында білімді қаржыландыру 14 есеге  өсіп, ақысыз оқу  мен ақылы оқудың ара қатынасы 80 бен 20 пайыз болған. Бұл мемлекет мектепке дейінгі балалар тәрбиесімен айналысатын ең алдыңғы қатарлы мемлекет болып табылады. Онда «Аналық мектебі» және «Бүлдіршіндер сыныбы» балабақшалары бар. Францияда 12 жылдық білім беру жүйесі бекітілген.  Онда орта білім беру 10 жылдық (6-16 жасқа дейін) мектеп ақысыз, ал 12 жылдық мектеп міндетті емес. Францияда 5 жылдық элементар мектепті бітірген балалар оқуын жалпы білім бертін 4-5 жылдық колледждерде жалғастырады. Толық емес орта мектеп біртекті жалпыға міндетті колледж –бастауыш сынып негізінде құралған.  Бітірушінің кәсіби мамандығына сәйкес (бакалавр) дипломды иемденуде олар бірнеше секцияға ие болады. Бастауыш және орта мектеп деңгейінде оқушылардың білім, іскерлік, дағдысын бағалауда арнайы екі шкаланы қолданады. Мектепті тәмамдағаннан кейін оқушылардың барлығы бакалавр курсына сәйкес емтихан тапсырады.

Англия және ағылшын тілді елдерде грамматикалық, техникалық, кешенді 4 түрлі мектеп түрі қызмет етеді.  Англияда орта білімді бітіріп, 16 жастан кейін балалар  мектептің  берген сертификатымен  жұмысқа орналасуларына болады. Шетел мектептерінде жоғары мектепке оқушылар оқу үлгіріміне қарай және мектеп берген мінездеме негізінде арнайы мемлекеттік комиссияның шешімімен қабылданады. Оқушылардың үлгірім деңгейлеріне қарай оқуларын әрі қарай жалғастыруға болатын мемлекеттер қатарына Германия, Франция, Жапония сияқты елдер жатады.

Әлемдік тәжірибе мемлекеттердің экономикалық дағдарыстан шығуымен бірге білім саласын қаржыландыру қатар жүргенін көрсетеді. Мәселен, 1955 пен 1985 жылдар аралығында Жапонияда білімді қаржыландыру 20 есе артқан. Бұл елде мектептің жоғары сатысы (10-12 сыныптар) 5 түрлі техникалық, сауда, ауыл шаруашылық, флоттық, қосымша  мектептер болып құрылған.  Жапонияда  балабақшалар білім берудің маңызды бөлімі емес. Балалар балабақшаға ата-аналарының қалауымен 4 жаста да баруы мүмкін. Жапон елінде 9 жылдық білім беру ақысыз, білім беру құрылымы 6+3+3 (6 жылдық бастауыш мектеп — чугакко, 3 жылдық кіші орта мектеп – чугако, 3 – жылдық жоғары орта мектеп – като-гакко). Бастауыш сыныптарда негізгі сабақтар жапон тілі, арифметика, қалған сабақтар – жаратылыстану, қоғамтану, музыка, этика, дене тәрбиесі, өнер, қолөнер өтіледі. Кіші орта мектепке – емтихансыз, жоғары орта мектепке емтихан тапсырып түсе алады. Білімді тексеру тәсілі – жазбаша тест. Бастауыш және орта мектепте 5 дәрежелі шкала бағасы қолданылады: S (өте жақсы), А (жақсы), В (қанағаттанарлық), С (нашар), D (өте нашар). 

Моңғол елінде 12 жылдық білім беру жүйесіне 2006 жылы көшірілу басталып, кейбір аймақтар мен аудандарда эксперимент жүргізілген. 12 жылдықтың алғашқы түлектері 2014-2015 аралығында бітіреді. Балаларды мектепке 6 жастан бастап қабылдайды. Монғолияда 12 жылдық білім беру жүйесі 6+3+3 сатыларынан тұрады.

Қытайда 1990 жылдардың аяғында жаппай білім беруге байланысты 9 жылдық білім беру енгізілді. Ал жалпы орта білім беру 12 жылдықты құрайды, бірақ бұл барлығына міндетті емес. Қытайда мектепке дейінгі білім беру 3-6 жас аралығын қамтиды. Бұл елдің базалық білім беру жүйесіне мектепалды, бастауыш, орта толық емес, толық орта білім беру жатады. Қытай білім беру конституциясында жалпы білім беру ұзақтығы 9 жылдық мерзім бекітілген. Оқу бағдарламасында бастапқы 1-2 сынып, негізгі бастауыш 4 жыл (3-сыныптар), бастауыш орта 3 жыл (7-9 сыныптар). Бастауыш сыныпта енгізілген жаңа пән «Адамгершілік және өмір». Бұл пән орта бастауыш сыныпта (3-6 сыныпта) «Адамгершілік және қоғам» болып күрделенеді де «Ғылым пәні» деп оқытыла бастайды. Бұл пән балаларды ғылыми жұмыстың негізгі әдістерімен таныстыра отырып, олар жасерекшелігіне қарай  ғылыми жобалар даярлайды. ҚХР мектептерінде тест арқылы педагогикалық бақылау жасалынады. 

Ұлыбритания білім беру жүйесі мектепке дейінгі білім беру және тәрбиеден басталады. Орта білім беру 2 бөлімнен: кіші орта мектеп және жоғары мектеп, кіші орта мектепті бітіріп 2 жылдық колледжге түсе алады. Одан «А» дәрежесіндегі сертификат алып, әрі қарай білімдерін жалғастыруға болады. 12-13 сыныпты бітірген 18 жастағы оқушылар ЖОО-на түсе алады.

 Италияда 1999 жылы мектептік білім беруде жас мөлшерін 18 жас туралы №9 заңда енгізілген болатын. 2000 жылы ақпан айында бұл заңға мектептік білім беру жөнінде №30 заңда өзгертулер енгізген. 2001-2002 оқу жылына сәйкес мектептік білім берудің екі дәрежесі енгізілген: базалық мектеп (1-7 сыныптар) және толық орта мектеп (8-12 сыныптар). Базалық мектепке 6 жастағы балаларды бастауыш мектепке қабылдайды.

Канадада 12 жылдық білім беру әр аймақта өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Балалар мектепке 6 жастан барады. Басқа елдердегідей Канадада білім беру бастауыш, орта және жоғарғы сыныптардан тұрады. Оқу жылы қыркүйекте басталып, келер жылдың маусым айында аяқталады. Оқу мерзімі әр түрлі көп  аймақтарда ( Квебек провинциясында ғана оқу 11 жылдық) 12 жылдық білім беру орын алған, тек  Онтарио провинциясында 13 жылдық білім алу бекітілген әрі арнайы емтихан тапсырумен аяқталады. Канададағы мектептегі білім берудің құрылымы мынадай: бастауыш 1-6 сыныптар, жалпы орта білім 7-9 сыныптар, толық орта білім 10-12 сыныптар. Міндетті білім беру 16 жасқа дейін деп бекітілген. Толық орта білімді жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың 90% бітіреді. Бастапқы кәсіби білім беру орта мектептің жоғары сатысындағы 11-12 сыныптарында жүзеге асырылады. Мектептегі білім беру ағылшын және француз тілдерінде жүргізіледі. Мектептегі білім алу ақысыз және он жылдық оқу міндетті, кейін оқушылар өз білімдерін 11-12 (13) сыныптарда жалғастыруы мүмкін, болмаса колледжге барып оқуға құқығы бар. 

Финляндиядағы  білім жүйесі сәтті және дер кезінде реформалау нәтижесінде талай жетістіктерге жетті: экономиканың өсуіне, елдің әлеуметтік дамуына, технология мен ғылыми зерттеулерде инновациялық пәрменді саясатты жүзеге асыруға, сөйтіп бүгінгі таңда әлемнің ең озық өркениетті елдері қатарынан көрінуде.  Бұл ел білім саласын дамытуға бүкіл қоғамды жұмылдырды, мемлекеттік қаржыландыруға ерекше көңіл бөлінді,  мұғалімдердің айлық жалақысы 2-3 мың евроға өсті, оқушылар мен студенттерге стипендия тағайындалды, оларға тұрғын үй үшін айына 500 евро бөлінеді. Оқушылардың денешынықтыруы, денсаулығына қамқорлық жасау, үй тапсырмасын азайту, салауатты өмір салтын қолдау, білім берудің ең соңғы ғылым мен технология жетістіктерімен кіріктіру, оқу үдерісін ірі технополистер аясында өткізу арқылы қол жеткізуде.

Норвегияда 1994 мен 1998 жылдар аралығында орта білім беру реформасы жүргізілді. Орта білім жүйесі 13 жылға дейін бекітілді. Он жылдыққа бастауыш және орта сыныптар кіреді, қалған үш жыл жоғары сыныптар болып саналады. Бастауыш мектепте сурет, музыка, математика және физика, ағылшын тілі мен ана тілінен басқа  христиандық дінтану, үй экономикасы және таңдау пәндері міндетті түрде оқытылады.  Норвегиялық мектептерде оқушыға баға қою тек 8 сыныпта ғана басталады 12-13 жаста. 8-сыныпта баға қоюмен қатар жаңа пәндер енгізіледі: бухгалтерлік есеп, экономика, әрі алғашқы кәсіби бағдар беретін пәндер. Мұғалім оқушының жетістіктерін арнайы дәптерлерде жинақтайды, егер қажет болса оқушыда оқу-тәрбие үдерісі барысында кездейсоқ жағдайлар, көкейкесті мәселелер туындаса мұғалім ата-анамен жазбаша түрде байланыс жасай алады. Мектептерде 16 мен 19 жас аралығындағы оқушылардың толық орта білімді тәмамдап шығуы заңды түрде бекітілген, ол 3 жылдық білім берумен шектеледі. Жоғары сыныптарда кәсіби бағдар беру тереңнен қарастырылады. Әрбір мектепте екі негізгі міндетті бөлімдер бар: академиялық және кәсіби шеберлік. Кейбір жағдайларда мектептегі оқу бағыты үшке бөлінеді: академиялық, дәстүрлі, кәсіби шеберлік пәндер (құрылыс ісі, жөндеуші) болып табылады. Бір жыл ішінде 36 оқу аптасы жоспарланған. Бастауыш мектепте 20 оқу сағаты бекітілген, ол: математика — 4, норвеж тілі — 6, табиғаттану — 1, ағылшын тілі — 1, сурет өнер, еңбек, дене тәрбиесі, музыка 1-2 сағаттан және дінтану 2 сағат болып жоспарланған. Әрбір сыныпта 10 оқушы оқиды, кейбір жағдайда 1-2-ші сыныптар мен 3-4 сыныптар біріктіріледі. Оқу жоспарын мұғалімдер мемлекеттік бағдарламаға сүйене отырып жарты жылға жоспарлайды, ал әр аптаның жұмасында әр пәнге сәйкес тақырыптар таңдалады. Журналдар жоқ, мұғалімдер тақырыптық және күнтізбелік жоспарлар жазбайды. Жоғары сыныптарда оқушылардың мектепті бітіріп ЖОО-ға түсуіне көп көңіл бөлінген. Жоғары сыныптарда оқушылардың өздері таңдаған пәндері сабақ кестесіне қойылып жүргізіледі. Егер бірінші оқу жылында апталық оқу жүктемесі 30 сағатқа тең келсе, келесі жылы бұл сағат өзгертіледі. Екінші жылы 18 сағат міндетті пәндер қойылса, қалған 12 сағат оқушының таңдаған пәні оқу жүктемесіне енгізіледі. Ал, үшінші жылы аталмыш оқушылар міндетті пәнге аптасына тек 14 сағат бөліп, қалған 16 сағатты өздерінің таңдаған пәндерін меңгеруіне рұқсат етіледі. Оқушылардың пәнді қаншалықты меңгергенін анықтау үшін Норвегияның емтихандық секретариаты таңдау емтихан-сынағын жүргізеді. Аталмыш уақытқа екі күн қалғанда мектепке арнайы оқушылардың тізімі бар конверт жіберіледі, аталмыш тізімдегі оқушылар ғана емтихан тапсырады. Ережеге сәйкес бірінші жылғы оқуда оқушылардың тек 10%-ы, екінші жылдан кейін 25%-ы, мектепті бітіргенде 50%-ы емтихан тапсырады.  Емтиханның негізгі мақсаты ұлттық білім деңгейін анықтау. Негізгі мектепті бітіргенде оған тағы міндетті екі емтихан қосылады, ол — норвеж тілі мен таңдауы бойынша бір пән тапсырылады. Негізгі мектепті бітіргенде 80% оқушылар ЖОО түседі, ал 20% колледждердің студенттері қатарына қосылады. Норвегияда университеттер мен колледждерге түсуге емтихан тапсырылмайды. ЖОО түсуге оқушының мектепті бітіруі туралы алған аттестаты негізгі рөл атқарады. 

Дүние жүзінде орта, жалпы білім беру келесідей бағыттарда жүзеге асырылатындығы анықталды, олар:

1.Барлық балаларға, жастарға бірдей білім беру, білімнің ашықтығы, біліммен ақпарат алудың барлық азаматтарға мүмкін болуы.

2.Оқу бағдарламаларының оқушының жеке басының қызығушылығы мен талғамдарын ескеруге, дамытуға, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыруға, сондай-ақ әр оқушының және қоғамның мүддесі мен қажеттіліктерін ескеруге, жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға және жеке тұлғалық оқу үдерісін ұйымдастыруға бағдарлануы.

3.Оқушының отбасылық экономикалық-әлеуметтік жағдайына, жынысына, қоғамдық мәртебесіне, ұлтына, дініне қарамастан оның қабілетін барынша дамыту көзделген.

4.Жастардың күнделікті қоғам өмірінде болып отыратын өзгерістерге тез бейімделуіне жол сілтеу болып табылады.

5.Әрбір оқушыда сол социумға сәйкес тарихи қалыптасқан, ең тұрақты рухани, дүниетаным және мәдени құндылықтарының таратылуы және бекітілуі.  

Жоғарыда аталған әлемдік әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы 12 жылдық білім беруге көшу Қазақстан мектептерін:

  1. Әлемдік деңгейге көтерілуге жағдай жасайды.
  2. Оқу жүктемесінің бір жылға созылуы жеңіл болады.
  3. Кәсіптік білім береді.
  4. Жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді.

Қорыта келгенде, әр елдің білім беру және тәрбие саласында өзіндік ерекшелігі мен артықшылығы, тіпті кемшілігі де болады, осы себепті де біз  Қазақстан  республикасындағы оқушыға білім беру мен тәрбиені жан-жақты дамыту мақсатында шетелдік 12 жылдық білім берудің тек оң  және тиімді жақтарын алуымыз қажет. Сонымен қатар, білім саласына өзгерістер енгізу үшін оны елдің тарихи дәстүріне, мақсатына, өндірісі мен мәдениет сұранысына бейімдеу керек.

 

1.2 Қазақстан Республикасындағы білім берудің 12 жылдық оқытуға  көшу қажеттілігі

 

Дамыған елдердегі  білім  беруді реформалау эволюциялық, революциялық  жолмен жүріп, стратегиялық және тактикалық міндеттерді жүктеп, интеграциялау, интернационалдандыру, демократияландыру жолымен дамуда. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің «Қазақстан — 2030» жылға дейінгі даму стратегиясында көрініс тапқан әлеуметтік сектордағы құрамдас үш мәселеге, яғни  халықтың денсаулығы, жоғары білім деңгейі және ұлттық рухани – адамгершілік мәселелеріне Қазақстан халқының назарын аударды. Аталған стратегияны орындауға байланысты Ел Президенті әр жылы Қазақстан халқына үндеу жолдап, стратегияның орындалғаны және келесі кезекте нені орындауға болатыны туралы бағыт-бағдар беруде. Соның ішінде білім саласы да бар. Мәселен, 2006 жылғы Жолдауының төртінші басымдығы  білім саласына арналып, онда білім жүйесінің «бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру  стратегиясы» айтылған еді [2]. Елбасы 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында да білім беру саласына ерекше көңіл бөлді. «Мен үшін маңызды мемлекеттік бағдарламаны: білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім» деп атап көрсетті [3]. Ал 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында мектеп оқушыларына сабақ беретін мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға байланысты «Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс» деді  [4].

   Білім беруді 12 жылдыққа көшіру, бейіндік мектептер ашу, оқушыларға білім беруде оның өмірлік тәжірибесін ескеру, пәнаралық байланысты нығайту және оқушыларға экономикалық  тәлім – тәрбие берудің бәрі соған лайықты жаңа тұрпатты ұстаздар даярлауды қажет етеді.

       Елімізде бейіндік мектеп, соған лайықты  ұстаздар даярлау мәселесіне көптен қалам тартып жүрген ғалымдар: олар Амангелді Құсайынов, Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков, Асқарбек Құсаинов, Д. Қазақбаева және тағы басқалар. Аталған ғалымдардың ішінде академик М.Н.Сарыбеков он екі жылдық мектептерге қандай ұстаздар керектігін айтып, 21 ғасырдың жаңа тұрпатты ұстаздарды даярлаудың нобайын ұсынған еді  [5].

      Жалпы орта білім 12 жылдық білім берудің нобайы 2007 жылғы “ Білім туралы” заңында қарастырылған еді. Ол бойынша: бастауыш мектепте оқу мерзімі 4 жыл, негізгі мектепте 6 жыл, ал жоғары мектепте 2 жыл [6]. Ал 2008 жылғы Жолдауда “білім саласының басты міндеті -2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту” делінген [7]. Мұндай құжат-тұжырымдамалар әрбір шет мемлекеттерде де бар. Әрине, олардың басты бағыты жастарға лайықты білім беру.

       Білім беру мемлекеттік тапсырыс болғандықтан, мемлекеттің қаржысына сәйкес білім беру  жоспарын жасау және  соны орындау керек.

          Бүгінгі жалпы орта білімнің бағыты  өркениетті  елдерден қалмау, тегін, міндетті орта, үзіліссіз білім беру, мектептердің әр түрін енгізу.

       2008 жылдан Қазақстан Республикасында жалпы орта білімнің 12 жылдыққа көшуі басталып, ол 2015-2020 жылдары толығымен іске асуы қарастырылған еді. Бірақ бұл жоспар 2008 жылы жүзеге  аспай қалды, оның кейінге шегерілуіне әсер еткен кейбір төмендегі себептерді атап өтуге болады: 201 мектеп апатты жағдайда, 70 мектеп 3 аусымда, 1 мектеп 4 аусымда жұмыс істеген, мектептердің 25,1 пайызы күрделі жөндеуді қажет еткен. Сонымен қатар жеткіліксіз деңгейде ағылшын, химия, физика және биология кабинеттері жаңа құралдармен жабдықталған болып шықты. Осылардың бәрі 12 жылдық моделін енгізу мерзімін кейінге қалдыруға себеп болды.

“Құзыреттілік”- сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс-әрекетті жүзеге асыру қабілетінде байқалатын тұлғалық қасиет (немесе тұлғаның өзара байланысқан қасиеттерінің жиынтығы). Оқушылардың негізгі құзыреттілігі ретінде: құндылық-бағдарлық, жалпы мәдени, оқу- танымдық,  ақпараттық технологиялық, әлеуметтік-еңбек, коммуникативтік, өзін-өзі тұлғалық дамыту  құзыреттіліктері белгіленген [4]. Яғни, оқушылар мектепте алған терең білімдерін  болашақта пайдалана  білуге бағытталған   іс-әрекеттерді жүзеге асыру қабілеттерін дамытуға күш салуымыз керектігі баса айтылған. Демек,  бүгінгі таңда  құзыреттілік тұрғы білім мазмұнын таңдау, білім берудің  мақсаты мен міндетін, нәтижесін айқындауда дәстүрлі бағыттармен тікелей байланыста бола отырып, білім берудің  жетекші үлгісіне айналуда.

Мамандардың пікіріне сүйене отырып, 12- жылдық білім жүйесіндегі жалпы орта білім  мазмұнын анықтауды тікелей құзыреттілік тұрғылар негізінде анықтаған орынды болады деп есептеп, әрбір білім аймақтары бойынша,  ғалымдар мен білікті мамандардан құралған ұжым білім беру аймақтары  бойынша құзыреттіліктерді анықтады. Қазіргі уақытта жеке пәндік құзыреттіліктерді анықтауға кірісті. Осы пәндік құзыреттіліктер  негізінде оқушылардың болашақ өміріне ең қажетті деген білім мазмұны таңдалынып алынады. Бұл  Қазақстан Республикасы 12-жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік  стандартының негізгі ерекшеліктерінің бірі болмақшы.  Осы айтылған білім аймақтарының бірі “ Қоғамдық білім”  білім аймағына қатысты анықталған  құзыреттіліктер  жобамен төмендегіше сұрыпталды:     

        «Қоғамдық білім» білім беру аймағы бойынша құзыреттіліктерді айқындау басты мәселе.

     Коммуникативті құзыреттілік: тарих, қоғам, тұлға, қарапайым экономикалық терминдер, заң және құқық туралы өзіндік пікірлер қалыптастыру; тарихты кезеңдерге бөлудің принциптерін, қоғам мен заң арасындағы өзара байланыстарды, қоғамның тарихи және  экономикалық дамуының негізгі  заңдылықтарын білу;

     Ақпаратты-технологиялық құзыреттілік: жалпы тарихи оқиғаларды білу, қоғамның экономикалық дамуының, тарихи оқиғалардың себеп-салдарларын, заңдылықтарын  талдау, түсіну және түсіндіре білу.

      Кеңістікті-графикалық құзыреттілік: тарихи оқиғаларды уақыт және кеңістіктер арқылы баяндауды қалыптастыру, тарихи материалдар арқылы мемлекетер мен халықтардың орналасуын анықтай білу,

     Ғылыми-логикалық құзыреттілік: Тарихи оқиғаларды баяндай білу, зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеру, экономикалық теория негіздерінің мәнін түсіну, қоғамдық қатынастар және адам құқы туралы негізгі принциптер мен ережелерді білу.

Жалпы білім мазмұнын жеке тұлға санасын қалыптастыруға, оның ойын дамытуға бағытталған  білім, білік, дағдылар, құзыреттіліктер  жүйесі ретінде қарастыруға болады. Демек, білім берудің негізгі қағидаларын анықтау – білім мазмұнын таңдау ұстанымдарына тәуелді деуге болады. Мамандар оқу материалдарын іріктеуде  белгілі дидактикалық ұстанымдарды: ғылымилық. тарихилық, тұтастық, жүйелілік, тиімділік, сабақтастық, көрнекілік, бірізділік, жас ерекшелігіне сәйкестілік және соңғы уақытта ұсынылып жүрген:  ұлттық, аймақтық ерекшеліктерін ескеру мен мазмұнның еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму заңдылығына тікелей сәйкес келу  ұстанымдарына міндетті түрде сүйенеді.

      Жоғарыда айтылғандармен қатар, білім мазмұнын жетілдіру жұмыстарында басты ескерілетін мәселенің бірі —  болашақ ұрпақ тәрбиесінің негізі боп саналатын  Қазақстан Республикасы азаматтарының осы өлкедегі ата-бабаларының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын оқып үйрену, туған өлке тарихымен тереңірек танысу болуы шарт екендігінде .

         Әлемдік деңгейдегі тарихи тұлғалардың, қазақ ойшылдарының өмірі мен еңбектерін жас ұрпаққа таныстырып, олардың адамгершілік, отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жаңғырта түсуге қазақстан ғалымдары да өз зерттеулерімен үлес қосуда. Республикадағы аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын, жастардың отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығын  арттыру. 

Бұл орайда, қазақ ойшылдарының атқарған қызметтері мен олардың  қалдырған тарихи-педагогикалық мұраларына ерекше назар аудару қажеттілігі, оларды білім мазмұнын таңдауда  орынды да,  тиімді пайдалана білу  әлі де өзекті мәселе болып  қала береді.

 Қоғамдағы өзгеріс барысы көрсетіп отырғандай, өмір талаптарына сай білім мазмұнын таңдауда жоғарыдағы айтылған мәселелермен қатар,  осы мәселені шешуге әсер ететін төмендегі факторларды да ескеру қажет.

        Біріншіден,  еліміздің  бір қоғамдық формациядан екінші қоғамдық формацияға  көшіп, әлеуметтік-экономикалық дамуының  әлі де толық тұрақталмаған жағдайда болуы.

      Екіншіден, жаңа педагогикалық   тұрғылар мен технологиялардың ғылыми зерттелуінің мардымсыздығы,   іс-тәжірибенің жетіспеушілігі. 

      Үшіншіден, мектептердің жаңаша  білім беруге дайын мұғалімдермен толық қамтамасыз етілмеуі. 

       Төртіншіден, мектептердің материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу дәрежесінің әлі де болса қазіргі талаптарға сай болмауы.

Бүгінгі жеке тұлға ерекшелігін ескере отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуге бағытталған 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жаңаша әдіснамалық және әдістемелік зерттеулер одан әрі жалғасуда.

      Экономикадан білім беру мақсаты мен міндеттері негізінде  экономика  негіздерін беру стандарты ұғымының мән мағынасы анықталады.

Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерін, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларға экономика негіздері беру мазмұны ғылымы негізінде анықталуда.

 Экономикалық білім-жалпы білім берудің құрамды бөлігі. Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты елімізде білімі терең, мәдениеті жоғары, өмір талабына сай бейімделген жас ұрпақты экономикалық біліммен қаруландырып, тәрбиелеу өте маңызды іс болып отыр. Бүгінгі таңда дүние жүзінің көптеген елдерінде мектептерде экономикалық білімді жүйелі де, сапалы түрде беруге баса  назар аударылып отыр. Барлық мектептерде оқушыларға экономикадан белгілі бір дәрежеде білім берудің қажеттілігінен туындайтын сәйкес ғылыми зерттеу жұмыстарды кеңінен жүргізу; соның бірі ретінде экономиканы негізгі курс ретінде жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарларына енгізу жұмыстарын жүргізу көкейкесті мәселе болуда. Сондықтан да қоғам дамуының өркениетті сатысында мектептерде экономикалық білім беруді енгізу мәселелеріне баса назар аударылып отыр. Болашақ ұрпаққа қойылатын талап — қазіргі өмір талабына сай экономикалық білімді игере отырып, өз өмірінде, өз  қызметінде осы білімді пайдалана білу. Экономикалық білімнің  практикалық пайдасы — оның адам тәжірибесінде күнделікті кездесіп жүрген түсініктерді ұғынуға көмектесетіндігінде. Экономикалық білімнің қолдануымен тығыз байланысты мамандықтар экономикалық білімнің жоғарғы деңгейде болуын талап етеді. Экономикалық білім берудің жалпы адамзаттың мәдениетін қалыптастырудағы, адамгершілікке, үнемділікке,  іскерлікке үйретудегі үлесі зор. Экономиканы оқыту барысында оқушылардың бойында халық, ұлт, әлем алдындағы жауапкершілікті тәрбиелеу тиімді. Осы экономикалық білім беру арқылы егеменді еліміздің экономикалық мәселелерді шешуде өзінің үлесін көрсете алатын азаматтар білім алып, тәрбиеленеді деп үміт етіп, экономика негіздері курсын мектептерге енгізу өте маңызды мәселе болып саналады.

Мектепте экономика негіздерін оқытудың басты мақсаты оқушыларды экономикалық мәдениет пен қоғамның экономикалық даму заңдылықтары  таныстыру,  еңбек ете білуге және рухани материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу.

    Мектептерде экономиканы оқытудың мақсаты жеке тұлғаны қоғамның даму барысында алатын орнын білуге, оның сауаттылығын қалыптастыруға байланысты анықталады. Мектепте экономиканы оқытудың: білімдік мақсаты – барлық оқушыларды экономика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде қолдана алудың іскерліктері мен дағдыларын берік қалыптастыру болып табылады.

Тәрбиелік мақсаты – оқушылардың экономикалық мәдениеттілігі мен экономикалық іс-әрекеттері арқылы өмірде қолдана алуды қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты — әрбір жеке тұлғаның ақыл ойының дамуына, адамгершілікке ұмтылып, әдемілікті сүюге үйретуге жағдай жасау. Экономиканы оқыта отырып оқушыларға үнемділікті, дәл сезінуді, тілдік ортаны қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

Экономиканы оқытудың міндеттері — білімдерін жалғастыруға, басқа пәндерді оқып үйренуге, күнделікті тұмыста қолдануға қажетті нақты экономикалық білімді меңгеру: 

  • экономикалық қызметке тән және қоғамда адамның толығымен қызмет жасауына қажетті интеллектуалды дамыту;
  • оқушыларға экономикалық қатынастар туралы ойды дамыту;
  • экономикалық байланыстар мен экономикалық шешімдер қабылдауда мүмкіндіктер беру;
  • экономикалық мәселелерді талдау;
  • өндірістік қатынастар мен экономикалық байланыстар туралы көзқарас қалыптастыру;
  • жеке экономикалық білімдерді қабылдау, бақылау және қазіргі экономикалық көзқарастарды түсіндіру;
  • қоғамдағы экономикалық үрдістер жөніндегі қатынастарға қатысу.

Адам бойында экономикалық сана мен экономикалық бағдар және бейімдеу мектеп жасында қалыптасатындықтан, кәсіпкерлік пен нарықтық шаруашылықтың заңдылықтарымен оқушыларды міндетті түрде таныстыра отырып экономикалық білім негіздерін оқыту кезінде жеке адамның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастырып, өзгермелі өмір талаптарына сай жауапкершілік, табандылық, ынталылық, білімділік сияқты қажетті қасиеттерді қалыптастыру қажет.

Экономикалық білім берудің  негізгі мақсаты  — оқушыларға экономикалық білім негіздері мен қазіргі шаруашылықты жүргізудің, еңбектің экономикалық ұйымдастырылу механизмдерінің бірлігін, оның іліктестірілуінің басты бағыттары: еңбектің экологиялық, құқықтық, экономикалық аспектілермен  таныстыру; экономикалық үрдістерді бағдарлауда білік пен дағдының қалыптасуына жағдай жасау.

Оқушыларда экономикалық білік, дағдыны қалыптастыру үшін  олардың жеке қасиеттеріне сүйене отырып  басқару, олардың бағдарына, қажеттігіне ықпал ету керек.  Мектеп оқушыларын экономикалық ойлауға тәрбиелеу   жалпы (интеллектуалды, шығармашылық, логикалық) және арнайы (экономикалық, политехникалық, кәсіптік) қабілеттіліктерінің дамуына, күнделікті өмірде  экономикалық білімнің қалыптасуына ықпал етеді.

  Оқушыларды экономика негіздеріне оқытудағы негізгі мақсаттарды:

  • оқушыларды экономикалық біліммен, білік және дағдымен қаруландыру;
  • олардың еңбек өніміне, материалдық байлыққа үнемшілдік қатынастарын дамыту;
  • олардың қажеттілігін экономикалық мүмкіндіктерінің қанағатымен өлшей білуін қалыптастыру;
  • оларды экономикалық талдаудың негізіне үйрету, ой еңбегі мен дене еңбегінің мәдениетіне тәрбиелеу деп нақтылай түсуге болады.

Осыған орай мектептегі экономикалық білім мен тәрбиенің негізгі міндеттері де нақтыланып көрсетілген:

  • оқушыларды қоғамның экономикалық даму заңдарымен, еліміздің саяси экономикасымен таныстыру;
  • күнделікті тұрмыста қолданылатын нарық, базар, жекешелендіру, ақша т.с.с. терминдердің мағынасын түсіндіру;
  • оқушылардың бойында негізгі қасиеттерді: құндылық, үнемділік, өз шығынын өзі өтеушілік т.б. қалыптастыру;
  • оқушыларды экономикалық қоғамның проблемасын өз проблемасы ретінде қарауға, еңбекте білгенімен шектеліп қалмай әрі қарай іздену, жаңа типті жұмыскерді тәрбиелеу;

—  есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білуге көмектесу.

Ал енді осы «Эконика негіздері» пәнінің жалпы мақсат-міндеттерін әр сыныптарға бөліп көрсету.

Болашақта жаңа заманның ұстаздары жаңа заманның оқушыларына тәлім – тәрбие беруде оқушылардың  өмір тәжірбиесіне сүйеніп, пәнаралық байланысты пайдаланып, тәлім – тәрбиені әр саладан, соның ішінде экономикалық білім  мен  тәрбие беруге болатыны белгілі.

   Оқушыларға пәнаралық  байланыс арқылы экономикалық тәлім – тәрбие берудің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің теориялық негіздері ертеде-ақ айқындалған. Мәселен, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Песталлоцци, А.Дистерверг классикалық педагогикада баланың еңбекке қатынасын тәрбиелеу, білім беру, дүниетанымды қалыптастыру заңдылықтарын негіздесе, халқымыздың ұлы ойшылдары мен ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев өз еңбектерінде еңбекке деген сүйіспеншілік көзқарастарын ғылыми педагогикалық тұрғыда ашқан.

Бағдарлы мектепте экономикалық білім беру  «Қазақстан Республикасы 2006 жылғы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережесі» талаптарына сәйкес  Қазақстан Республикасының “Білім туралы Заңы” және “2005-2010 жылдардағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы“  негізінде әзірленген “Экономика” пәні бойынша білім беру  бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Ол Қазақстан Республикасындағы білім берудің  12-жылдық жүйесіне көшуге байланысты экономика пәні бойынша білім беру саласындағы мемлекеттік біріңғай саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.

  Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жағдайындағы  экономикалық білім берудегі негізгі мақсат  оқушыларды қоғам және адам табиғаты туралы біліммен қаруландыру, оларды қазақ қоғамы дамуының әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарымен таныстыру, Қазақстан азаматына лайықты дамыған,  бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыру болып табылады.

Оқыту мақсаты  оқушыларды өздеріне қажетті игіліктерді өндірумен, бөлумен және тұтынумен  байланысты адамдардың мінез-құлқындағы нормалар, принциптер, көзқарастар жүйесін, экономикалық үрдістерді талдау қабілеттіліктерін, әр түрлі өмірлік жағдаяттарда өз білімін қолдана білуді, тұрақты даму және өздігінен білім алуға ұмтылыстарын қалыптастыру болып табылады.

Оқыту міндеттері:

  • оқушыларды экономика теорияларымен, заңдарымен, заңдылықтарымен, қоғамдағы себептік-салдарлы байланыстарымен және ұғымдарымен таныстыру;
  • экономикалық білімдерге танымдық қызығушылықты қалыптастыру, оқыту мотивтерін пайымдайтын шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту;
  • оқушыларда экономикалық ойлауды дамыту, оларда экономикалық құбылыстар мен үрдістерге қатысты зерттеушілік іс-әрекеттер дағдыларын, бақылау, бағдарлау шеберлігін қалыптастыру; әлеуметтік-экономикалық іс-әрекеттерге қатысу;
  • алынған экономикалық білімдерді оқу-практикалық іс-әрекеттерге қолдана білуді үйрену;
  • нақты экономикалық жағдаяттарды сындық тұрғыдан  бағалауды үйрену, мәселені көре білу, оны шешудің баламалы нұсқауларын табу, өз бетімен  шешімдер қабылдау және ол үшін жауапкершілік алу;

     Экономикалық білімдердің білім беру жүйесіне енгізу бойынша атсалысып еңбек етіп жүрген  ғалым және әдіскер профессор Қ.Ағанина, осы мәселе бойынша «Экономикалық білім негіздері» курсын даярлаған. Автор бұл курсты бастауыш, негізгі және бейінді сыныптарға бөліп қарастырған. Олар келесідей тақырыптардан тұрады. Мәселен, бастауыш мектептегі “Экономикалық білім негіздері” курсының мазмұны “ Экономика”, “Қажет”, “Керек”, “Таңдау”, “Талғам”,  “Тұтыну”, “Тұтынушы”, “Ақша”, “Жанұя экономикасы”, “Отбасы бюджеті”, “Табыстар”, “Шығын”,  “Еңбек”,  “ Кәсіп”,  “ Өнім”,  “Өндіріс”,  “Өнеркәсіп”, “Айырбас”, “Сауда”, “Фирма”, “Жарнама”  тақырыптарына топтастырылған материалдар құрайды.

Негізгі мектептегі экономикалық білімнің мазмұны «Экономика», «Қажеттілік және шектеулік», «Тұтынушы», «Тұтынушы құқығын қорғау», «Өндіріс және еңбек», «Айырбас», «Өндіріс факторлары», «Табиғи ресурстар», «Еңбек ресурстары», «Капитал ресурстары», «Кәсіпкерлік», «Іскерлік әдеп», «Меншік», «Экономикалық жүйелер», «Нарық құрылымы», «Ақша», «Банк жүйесі», «Қазіргі экономикалық түсініктер», «Экономикадағы мемлекет ролі», «Бюджет», «Салықтар», «Қазіргі экономикалық мақсаттар», «Қоғамның жалпы және ұлттық табысы», «Сұраныс жиынтығы», «Ұлттық экономиканың даму нәтижесі — экономикалық өсу», «Халықаралық қаржы жүйесі», «Өзекті әлеуметтік экономикалық проблемалар» тақырыптарына топтастырылған материалдардан құралған [11].

      Бейінді мектептегi экономикалық бiлiм негiздерi курсының мазмұны:

жалпы орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысындағы оқушыларға нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана алатын базалық экономикалық ұғымдар мен заңдарды меңгеруге мүмкіндік береді.

Бағдарлы мектепте экономикалық білім беруде бағдарламада көрсетілген білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумын және «Экономикалық білім негіздері»  оқу пәні бойынша оқушылардың даярлық деңгейін анықтау үшін құзыреттілікті қалыптастыруға  берілген тапсырмаларды орындауға  бейімдеп, өмірде  алған білімдерін  пайдалана білуге үйретеді.

  Оқу бағдарламасында білім стандартына сәйкес білім мазмұны нақтыланып, әр тақырыпқа бөлінетін сағат саны белгіленген,  оқушылар орындауға тиісті өзіндік және практикалық жұмыстардың жиынтығы ұсынылған.

  Экономиканың мектептік курсы оқушылардың нақты білім мен дағдыларды игеруін болжап қана қоймай, оқушыларда қоғамның экономика саласы жөніндегі орнықты түсінік пен экономикалық ойлаудың тұтас бейнесін  қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  Аталмыш курстың  дайындық компоненті мектептің бастауыш сатысындағы / 1-4 сыныптар /  «Қоршаған орта» оқу пәні болып табылады, ол оқушыларды қоғамдық білім  негіздері бойынша қарапайым ұғымдармен және құбылыстармен таныстырады, экономика бойынша сауаттылықтың қалыптасуы үшін негіз салады.

  Мектептің негізгі сатысында / 5-10 сыныптар/  экономика элементтері жеке пән  ретінде ұсынылған  «Қоғамдық білім негіздері» кіріктірілген курсы қазіргі заманғы қоғам заңдарын, адам, әлем табиғатын танып білу үшін бастапқы экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, саяси білімдердің негіздерін салуға мүмкіндік береді. «Экономикалық білім негіздері» мектептің бейіндік сатысында (11-12 сыныптар) «Адам және қоғам»  білім  аймағы аясында  оқытылатын болады. Мұнда таңдап алған бағдарға сәйкес экономикалық білім мен біліктілік жүйесін игеру жүзеге асырылып, құзыреттіліктер қалыптасады.

  Мектептің бағдарына байланысты экономиканы оқытуға бөлінетін уақыт базистік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен ұлғайтылуы мүмкін.

  Оқу пәні ретіндегі «Экономика» мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, экономика негіздерін зерттеудің тапсырмалар сипаты мен материалдың біртіндеп күрделенуінің логикалық бірізділігін қамтамасыз ететін оқытудың желілік  сатылы сипатын болжайды.

  Жоғары сатыдағы «Экономика» оқу пәнінің мазмұны келесі мазмұндық желілер бойынша ұсынылған:

       -Базалық экономикалық білім .

       -Микроэкономика.

      -Макроэкономика.

      — Дүниежүзілік экономикалық қатынастар.

      — Кәсіпкерлік және бизнес.

Білім стандартындағы базистік оқу жоспарына сәйкес бағдарлы мектепте:базалық деңгейдегі “Экономика” пәнін оқып үйренуге бағдарламада уақыт төмендегіше белгіленген:

11 сынып  Модуль      1 “Микроэкономика” /20 сағат/

                  Модуль      2 “Макроэкономика” /12 сағат/

12 сынып  Модуль      1 “Макроэкономика” /12 сағат/

                  Модуль 2“Кәсіпкерлік және бизнес” /20 сағат/;                /бағдарлы деңгейдегі “Экономика” пәнін оқып үйренуге бөлінетін уақыт

11 сынып  Модуль 1 “Микроэкономика” /62 сағат/.

                   Модуль 2 “Макроэкономика” /34сағат/.;

12 сынып  Модуль 1 “Макроэкономика” /46 сағат/

                  Модуль 2 “Кәсіпкерлік және бизнес” /50 сағат/[11 ].                            

  Экономикалық білім негіздері мазмұнын анықтаудағы жетекші идея жалпы адамдық құндылықтар, білім беруді демократияландыру, ізгілендіру және ақпараттандыру болып табылады.

  Мектептегі экономикалық білім беру оқу материалы мазмұнын іріктеу принципі жалпы дидактикалық принциптерге сәйкес келеді, соның негізіне келесі принциптер алынды:

-оқу мазмұнының уақыт талаптарына, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына  сәйкестігі;

— оқу мазмұнының оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі,

— оқытудың әртүрлі сатыларында экономикалық білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету;

— басқа жалпы білімдік пәндердегі білім пәні мазмұнындағы көрініс арқылы пәнаралық байланыстарды орнату және кіріктіру;

— оқу мазмұнының еліміздің ұлттық, аймақтық ерекшеліктеріне сәйкестігі;

      — көптеген әртүрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы курстың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру.

Жалпы білім беретін мектепте аталмыш  бағдарламаға қосымша қолданбалы курстар және базистік оқу жоспарының  вариативтік бөлігі  есебінен таңдап алынған мынадай курстар ұсынылады: «Іскерлік этика», «Компьютердегі экономикалық практикум», «Бухгалтерлік есеп және аудит негіздері», «Тұтынушылық мәдениет негіздері», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Іс жүргізу».

    Мектептің жоғарғы сатысындағы «Экономика» оқу пәні бойынша білімнің базалық мазмұны жоғарыда көрсетілген мазмұндық желілерге топтастырылып берілген.

Экономикалық теория: пән, әдіс және дамудың негізгі кезеңдері. Шектеушілік және таңдау. Баламалы құн.

Микроэкономика: өндіріс факторлары, ұсыныс, сұраныс, сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі, нарықтық баға, экономикадағы тұтынушы, бәсекелестік.

Макроэкономика: мемлекеттің нарықтық экономикадағы ролі, бірге сұраныс және ұсыныс, экономикалық өсім және экономикалық циклдер, құнсыздану, еңбек рыногы, жұмыссыздық, бюджет және мемлекеттің фискалдық саясаты, банктер және банк жүйесі,  ұлттық шоттар жүйесі.

Халықаралық әлеуметтік-экономикалық қатынастар: халықаралық сауда, халықаралық валюталық нарық. экономиканың экологиялық аспектілері, қоғамның ғаламдық экономикалық мәселелері, инновациялық экономика.

Кәсіпкерлік және бизнес: шағын және орта бизнес кәсіпорны, бизнесті ұйымдастыру және басқару, кәсіпкерлік мәдениет, менеджмент және маркетинг.

Автор білім мазмұнының негізгі ерекшелігін төмендегіше топтастырып көрсеткен:

  1. 3-12 сынып оқулықтарының мазмұны, 5-11 сынып оқулықтарындағы «Экономикалық білім негіздері» курсының мазмұнын және Қазақстан Республикасы Жалпы білім беретін мектептердегі экономикалық білім беру бағдарламасын игеруге алғашқы дайындық есебінде сәйкестендіріліп алынуы.
  2. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын нақты сипаттайды.
  3. Ұсынылған білім мазмұны әр сыныптағы тарауларға бөлініп, жүйелі түрде пәнішілік және пән аралық сабақтастық принципі негізінде бірте-бірте күрделене, тереңдетіле берілген.
  4. Бастауыш сыныптағы жаңа буын оқулықтарындағы қажетті және жеткілікті түрде берілген экономикалық ұғымдар мен түсініктер: «қажеттілік», «өндіріс», «ақша», т.б. одан әрі дамытылып, тереңдетілген.
  5. «Экономикалық білім негіздері» курсының мазмұны оқушылардың физиологиялық және психологиялық даму ерекшеліктеріне сәйкес 3 сыныптан бастап, жеке пән негізінде жүйеленіп берілген.
  6. «Экономикалық білім негіздері» курсының мазмұнындағы негізгі экономикалық ұғымдар мен түсініктер ұлттық, аймақтық ерекшеліктер ескеріле отырып толықтырылып берілген.
  7. Білім мазмұнына енген материалдар толығымен қазіргі ғылыми көзқарастарға сәйкес келеді.
  8. Білім мазмұнына енген экономикалық терминдер талапқа сай іріктелген.
  9. Мазмұны оқушыларды қызықтыратын, өмірмен тығыз, тікелей байланысты проблемалық ситуациялармен толықтырылған.
  10. Пән мазмұнында ұсынылған ғылыми әлеуметтік мәдени құндылықтар оқушылардың жалпы экономикалық мәдениеттілігін қалыптастыруға негіз болады.
  11. Тапсырмалар мазмұнмен жүйелі байланыста берілген.

Пәннің мазмұны әр сыныптағы сәйкес тарауларға бөлініп, әр тараудан соң оқу бағдарламасына сай сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылған. Әр тарауда қажетті және жеткілікті деңгейде білім мазмұнының барлық компоненттері қамтылған. Тарау құрылымы анық, негізгі мәліметтер-ұғымдар, анықтамалар бөлініп көрсетілген. Автор мектептегі 5-11сынып оқушыларына  арналған сынақ кітапшаларын шығарған.

Осы аталғандармен қатар, бағдарлама мен сынақ оқулығы тағы бір маңызды міндетті шешуді, яғни болашақ азаматтың нарықтық экономика жағдайында өмірдегі, өзінің бағытын анықтауға көмектесуді көздейді. Оқулықта ұсынылған оқу материалдары  мазмұнының өзіндік жүйесі бар, оқыту мақсатына сай және белгілі бір жас деңгейінде оқу материалын меңгеру психологиясы, оқушының дайындығы мен қызығушылығы ескеріледі.

Сонымен бірге адамзаттың қазіргі замандағы мәселелерін шешудегі экономика ғылымдарының ролі, оның экономикалық проблемаларды шешудегі қолданбалы маңызы да ескерілген.

Бағдарлама жобасында, сынақ оқулықтарында оқушылардың экономикалық түсініктер мен терминдерді меңгеруіне, экономикалық құбылыстарды түсіндіру мен талдау кезінде саналы қолдана білуге, себеп-салдар байланысын орнықтыруға оқушылардың қазіргі уақыттағы экономикалық ой тарихындағы болып өткен және болып жатқан негізгі үрдістер туралы білімдеріне, алғашқы деректермен жұмыс істей білуге ерекше маңыз беріледі.

Бұл бағдарлама бойынша курстың сатыланып, 3-5 сыныптарда оқытылуы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, экономикалық түсініктерді терең тануға, білім алушыларды іскерлік пен адамгершілікке тәрбиелейді. Жалпы орта білім беретін мектепте  экономикалық білім беруді екі циклға бөліп қарастырған: 3-10 сыныптарда  “Экономикалық білім негіздері”, 11-12 сыныпта “Экономикалық білім негіздері/ кәсіпкерлік және бизнес”.

3-12 сыныптарда экономика жөніндегі алғашқы түсініктер, экономиканың негізгі элементі туралы түсінік, экономика саласындағы азаматтардың құқықтары, экономика ғылымының негізі мен оның принциптері қарастырылады. 11-12 сыныптарды экономикалық процестер мен азаматтардың іс-әрекеттері, оның нарықтық экономика жағдайындағы түрлері туралы білімі тереңдей түседі.

6-10 сыныптарда экономика жөніндегі алғашқы түсініктер, экономиканың негізгі элементі туралы түсінік, экономика саласындағы азаматтардың құқықтары, экономика ғылымының негізі мен оның принциптері қарастырылады. 11-12 сыныптарды экономикалық үрдістер мен азаматтардың іс-әрекеттері, оның нарықтық экономика жағдайындағы түрлері туралы білімі тереңдей түскен.

Бағдарлы мектепте, яғни 11-12 сыныптарда, экономикалық білімнің бағыттары әр-түрлі болуы да мүмкін, әр мектеп өздерінің білім беру бағытына сәйкес бағытын таңдауына құқылы.

  Экономикалық білім негіздерінің құрылымы сәйкес бағдарлама құрылымен пара-пар.

  “Экономкалық білім негіздері” оқыту бағдарламасы мектеп оқушыларының бойында тиімді экономикалық ойлау жүйесін қалыптастыру мен нарықтық шаруашылық жағдайына қазіргі жастарды бейімдеуге негізделген.

Оқу бағдарламасына жалпы және басты идеяларды біріктірген экономикалық білімдердің негізгі бөлімдері мен тақырыптары, яғни негізгі экономикалық түсініктер, құбылыстар, қоғамдық экономикалық даму заңдылығы туралы білімдер енеді, ал, ең соңында мектеп бітірушілерге өзіндік өмірі мен қызметінде дұрыс бағыт таңдауға мүмкіндік береді.

Бағдарлама әрбір сыныптағы оқыту курсының алдыңғы курстағы білім мен біліктілікті тереңдетуге, басты экономикалық  заңдылықтарды жаңа сапалық деңгейде қайталауға, оқушылардың жас деңгейіне байланысты экономикалық тапсырмаларды күрделендіре беруге негізделіп құралған.

“Экономкалық білім негіздері” бағдарламасының ерекшелігі сол, ол оқушылардың нақты өмірдің барлық көріністерімен, олардың өзара байланыстарымен таныстыруды көздейді, адамды жан-жағынан қарастырып, табиғат пен қоғамды біртұтас алып, экономикалық өмірдің заңдылығын айқындауға көмектеседі. Алғашқы шаруашылық және экономикалық қызметтің дағдысы мен біліктілігін жанұядан бастап, қоғам мен мемлекеттің өмірі мен қызметіне қатысуымен аяқтай отырып қалыптастырады.

“Экономкалық білім негіздері” пәнін оқыту – экономикалық және әлеуметтік мәселелердің мәнін түсінуге, қоршаған өмір мен адам арасындағы өзара байланыстың дамуына болжау жасауға үйретеді.

12 жылдық білім беру жүйесі экономикалық пәндерді вариативті пәндер қатарына қосып отыр, сондықтан республиканың барлық мектептерінде экономикалық білімді беру бойынша пәндердің түрлері мен бағдарламалары бірдей болмулары да мүмкін. Жамбыл облысының орта мектептерінде көбінесе «Экономика негіздері», «Бизнес негіздері», «Қолданбалы экономика», «Қаржы сауаттылығы» сияқты пәндер жүргізіледі. Сондықтан олардың бағдарламасы да жалпы стандарттан кей жағдайларда ауытқып отырады. Мұндай жағдайдың орын алуы төмендегідей себептерге де байланысты: біріншіден, ол сол мектептегі пән бойынша оқулықтар мен әдістемелердің жетіспеушілігіне, екіншіден, бұл пән барлық мектептерде бірдей бастауыш сыныптардан басталмайды. Өйткені, экономикалық пәндерді бір мектептерде бастауыш сыныптан оқытылуы мүмкін болса, басқа мектептерде негізгі сыныптарда оқытылады. Мысалы, 45 мектепте 4-сыныптан бастаса, «Дарын» мектеп — интернатында 8- сыныптан басталады. Түркістан қаласында экономикалық білім беру 36,48,41,45, 24, 5 және «Дарын» мектептерінде жақсы жолға қойылған. Бұл мектептердің экономика пәнінің мұғалімдері жалпы стандартқа негізделген, сонымен қатар, аймақтың, экономикалық ерекшіліктерін ескеріп  пән бағдарламаларын орындайды.     Оқушылардың экономикалық білімді жоғары және сапалы деңгейде игеруі мұғалімнің сабақты беру тәсілдеріне байланысты.              

  Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасқан. Бірақ әр елдің білім беру жүйесі сол елдің экономикалық, әлеуметтік, ұлттық ерекшеліктеріне қарай өзгерістерін жасайды.

Білім стандарты – білім беруде реформа жасау мен дамытудың құралы.
Білім стандарты – бұл мектептегі білім беру мазмұнының аясында қоғам мен мемлекет арасындағы жасалған келісім-шарт, басқаша айтқанда, қоғам мен мемлекет өз балаларын  ақпараттар мен технологияларды басқаруды, қалай үйрету керектігі туралы құжат.

Бүгінгі күні құрастырылған білім беру стандарты мыналарды қамтиды:
уақыт пен елдің сұраныстарына сәйкес білім берудің мазмұнын түбегейлі жаңартуды; білім берудің практикалық бағыттылығы және оның нәтижелерінің өмірлік қажеттілігін; алған білім мен ептілікті практикалық жұмысқа және күнделікті өмірде белсенді пайдалануды. Білім стандартын маман педагогтар жалғыз мақсатпен – елдің білімділік мүдделерін, оның даму сұраныстарын қамтамасыз ету үшін жасайды. Оның стратегиялық және шешуші сала екені соншалықты, дамыған елдерде, қоғам оны тәуекелмен тек педагогтардың қолына беріп қоя алмайды. Стандартта бұл мүдделер мен қа­жеттіліктер қаперге алынған ба, жоқ па, оған қоғам мен мемлекет біріге отырып әрдайым жауапкершілікпен баға береді.

    Бүгінгі күні жаңа  мазмұнға негізделген  жалпыға  міндетті  білім  стандарты  әзірленуде. Білім беру стандарттарының өзгеруі білім берудің жаңа мазмұнын даярлаумен байланысты болды. Жаңа білім беру мазмұнының базалық принципі әрбір мектепте тұлғаның адамгершілік –рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру: өзін- өзі тану, өзін- өзі анықтау өзін- өзі жетілдіру.

       Жаңа бағдарламада «2012 жылы жалпы орта білімнің МЖБС жоғары білімнің (бакалавриат) МЖБС- мен біріктіріледі – жоғары білімнің жалпы білім беретін пәндер циклінің жеке пәндері (әлеуметтану, өзін-өзі тану, ӨҚН, Қазақстан тарихы, мәдениеттану және т.б.оқу жүктемесін көбейтпей, «Бейіндік мектептің» бейіндік оқыту бағдарламасына көшіріледі» деп жоспарлануда [1.2]. 2014 жылға қарай қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану – математика бағыттары бойынша «Бейіндік мектеп» бейіндік оқыту бағдарламасы әзірлену және сынақтан өткізіледі деп жоба қабылданды.

   Бағдарламада 2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, зияткерлік мектептердің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жоғары сыныптарында «Бейіндік мектеп»  бейінді оқу бағдарламасының іске асырылуы болжануда. Бейіндік мектепке қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылмақшы. Келешекте бейіндік мектепте оқуды 10- сынып бітірушілерінің 60-пайызы жалғастырады деп болжамдануда. Сонымен қатар, ЖОО базасында бейінді оқыту бағдарламасын іске асыратын мектептер ашу, оларды 40- ЖОО орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.       

 Сонымен 12 жылдық  білім берудің басты мақсаты – еліміздегі  білім беруді  халықаралық  білім  кеңістігіне  енгізу,  халықаралық  білім беру  талабымен  сәйкестікте  болу, соның  нәтижесінде  еуропа елдері  қабылдаған  орта білім  берудің  халықаралық  стандартына  сәйкестендіру,  білім сапасын көтеру және жоғары динамикалы, жаһандану  дәуірінде өмір  сүру  үрдісін,  ойлау мен қарым қатынасты  түбегейлі  өзгертетін байланыс  құралының қарқынды дамуын,  сондай – ақ адамның  интеллектісіне, әл – ауқаттылығына,  соның икемділігіне қол жеткізетін тәсілдерді қолдану арқылы қоғамның негізгі  капиталын құру  болып табылады. Білім беруді  жаңарту – үнемі алға қарай  ұмтылу мен  даму үрдісі, білім беруде  кезең кезеңмен  өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету  енгізіліп, талданылатын  өзгерістер. Сонымен қатар, білім беруді жаңарту  үрдісі салт- дәстүрді, мәдени  мұраны, жалпыұлттық  құндылықтарды  көздің қарашығындай  сақтауды талап  ететін  тұрақты  жүйелерден тұрады.

       12 жылдық білім беруге көшу үшін мектептерге  жағдайлар жасау қажет. Қазіргі кезде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен білім жүйесінің мате­риалдық-техникалық базасын жақсарту­, жүздеген мектеп, мектепке дейінгі және кәсіптік-техникалық мекемелерді, жоғары оқу орындарын салу жүзеге асырылуда.

       12 жылдық мектептің басты мақсаты, білім, білік, дағдымен бірге, барлық дамы­ған елдер іске асырып отырған, құзырлы­лық пен әлеуметтендіруге бағдарланған білім мазмұнын түзіп, білім сапасын анық­таудың жаңа жүйесін енгізу. Ол үшін алды­мен мынадай бағыттарда зерттеу жұмыс­тары жүргізілуде:

— құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру жағдайларында білім проце­сін ұйымдастыруды теориялық-әдісна­малық негіздеу;

— оқу пәндерінің мазмұны арқылы оқушыларды әлеуметтендірудің ғылыми-әдіснамалық негіздерін жасау;

— оқушылардың жаңа материалды өздігінен игеруіне бағытталған оқу процесін ұйым­дастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін құру;

— нәтижеге бағдарланған оқытуда мұға­лімдерді даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін қалыптастыру;

— жалпы білім бере­тін мектептерде 12 балдық рейтингтік бағалауға өтудің ғылыми-әдістемелік негіз­дерін жасау;

— 12 жылдық оқытудың жалпы міндетті білім стандарттары талаптарына сәйкес, пәндер бойынша оқулықтар жасау­дың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау;

— 12 жылдық мектеп оқулығына мониторинг жүргізудің ғылыми және практикалық негіздерін түзу және т.б.

        Мектептегі басты тұлға ұстаз, білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал мұғалімдердің келешектегі мақсаты – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осындай жеке тұлғаны қалыптастыруда негізгі рөлді мұғалім атқарады. Демек, мұғалімге қойылатын талап та күшейтіледі. Бұл талаптар мынадай сипатта: жан-жақты біліммен қаруланған, білікті, адамгершілік қасиеттері бар, ғылыми ізденуші, ақпараттық-коммуникативті құралдарды меңгерген, педагогикалық шеберлігі жоғары, педагогикалық этиканы жақсы білетін құзіреттілігі жоғары болуы тиіс.  

Қазіргі заман талабы білім мазмұнын жаңарту мен оқыту әдістерін, формаларын жетілдіру жөнінде  педагогика ғылымының алдына аса маңызды міндеттерді қоюда. Осы мәселені зерттеу жұмысы барысында психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді талдау белгілі  бір оқу пәнінің мазмұнын құру, оған тақырып  іріктеуде жалпы орта білім мазмұнының теориялық негіздемесін жасауда әдіскерлер мен ғалымдардың қосқан үлестері мол екендігін көрсетеді.

Дегенмен, қазіргі уақытта экономика пәні бойынша білім мазмұнын анықтау, іріктеу және одан бағдарламаның мазмұнын құрастыру, бағдарламаға жүктеме норма бөлімінде оқушылардың міндетті дайындық  деңгейіне қойылатын талаптарды анықтау мәселелерін қарастыру қажеттілігі пайда болды. Оқушылардың білімі, дағды іскерліктері қандай болуы тиіс деген мәселе шешімін қарастыратын, оқытудың маңызды мәселелерінің бірлігін қамтамасыз ететін ресми құжаттардың бірі оқу бағдарламасы болып табылады.

Оқушылардың экономикалық білімдерінің сапалы болуы ең алдымен мұғалімдердің білімі мен біліктілігіне, бағдарлама мен оқулықтардың сапалы әзірленуіне тікелей байланысты. Бағдарлама оқу пәнінің мазмұнын анықтаумен шектелмейді, сонымен бірге оқыту процесін және оның нәтижелерін реттеп отырады.

Бағдарламаның негізгі қызметі жалпы білім беретін мектептің белгілі мазмұнын және міндеттерін анықтаудан, оқу процесін басқарудан тұрады.

Қазіргі уақытта бағдарламаның қызметін қайта қарастыру және оның мазмұнын жетілдіру маңызды. Соның ішінде бағдарламаларда оқытудың жоспарланған нәтижелерін анықтау,  білім, дағды, іскерлікті меңгеру үшін қажеттілерін іріктеу де мақсатқа бағытталған  болар еді, оқу процесін басқарудың тиімділігін арттырады.

Білім мазмұнының іріктелуі, білім берудің стандартын анықтау, оқушыларды  дамытуға бағытталған оқыту әдістерін қайта қарастыру, оқытудың нәтижелеріне жетуге қажетті оқушылардың іс-әрекетінің барлық түрінің жиынтығын қолдану оқыту процесіндегі білім мен дағдыларға қойылатын талаптардың ролін жете зерттеуді талап  етеді.

Мектептегі экономика пәні бойынша білім мазмұнын анықтаудағы концептуальды ережелерді, оқу пәндерінің мазмұнын, стандартын  анықтаудағы зерттеу жұмысының барысына көңіл бөлу оқушылардың міндетті дайындықтарының жалпы деңгейіне қойылатын қазіргі және болжам талаптарында болды. Қазіргі уақытта оқушының келесі курсты меңгеруге мүмкіндік беретін, олардың дайындығының төменгі шегін оқытудың әр кезеңі аяқталғандағы қолдануға болатын міндетті дайындық деңгейі ретінде есептеуге болады. Оқытудың міндетті нәтижелеріне жетумен қатар экономика пәніне қызығушылығы бар оқушылардың жан-жақты дамуына, әр оқушының мүмкіндіктері мен қабілетіліктерін жетілдірілуіне қажетті жағдайлар жасалуы тиіс. Олай болса, міндетті дайындықтың  деңгейін анықтау оқушының белсенділігін арттыруға ықпал етеді, оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау жүйесін реттеуге, мұндай маңызды мәселедегі ретсіздікті болдырмауға, бақылаудың объективтілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары жүргізілген дидактикалық және әдістемелік зерттеу жұмыстарына талдау жасау — оқушылардың білімі мен  дағдыларына қойылатын талаптың оқу процесіне, оның мақсатын анықтай отырып, ұйымдастырушылық әсері бар екенін көрсетті.

Талап  оқытумен ғана шектелмейді. Осы талап оқушыны дамыту мен тәрбиелеуде олардың нақты нәтижелерге жетуі үшін мұғалімдерді мақсатқа қарай бағыттап отырады. Оқушыларда қорытынды білімдердің қалыптасуының нақты бір өлшемі ретінде болатын оқу пәні алдына қойылған мақсатына қарай осы талаптар болжаушы ретінде көрсететіндігі маңызды болып табылады [12].

   Білім беру жүйесінде 81,3 пайыз әйел мұғалімдер  жұмыс атқарады. 2000 жылдан бері мұғалімдер жалақысын 400  пайызға  көбейткенімен, ол әлі күнге дейін төмен деңгейдегі жалақы болып саналады. Сондықтанда бұл саладағы білікті педагог мамандардың басқа салаларға кетуі жиі кездеседі.    

   Қазіргі уақытта 12 жылдық мектептердің  бастауыш сыныптарына оқулықтар жазылып аяқталды, сараптан өткізілді деген пікірлер айтылуда. Осыған байланысты әлі де шешілмеген мәселелер бойынша сұрақтар бар: егер 12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарында 11 жылдық мектеп стандарты бойынша жазылған оқулықтар қолданылатын болса, онда қандай тиімді мектеп реформасы жөнінде сөз қозғауға болады?; жұртшылық қауым танысу үшін 12 жылдық мектеп стандарттарының негізгі ере­желерінің мазмұны, оның неден тұратыны туралы, жариялана ма?; алдағы реформаның мемлекеттік маңызын еске ала отырып және оны сапалы өткізу үшін әлі де болса көптеген істер атқару қажеттігін мойындап отыр. Қазіргі басты жаңалық — әрине, 2015 жылдан 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу болып табылатыны сөзсіз. Бұл ретте: орта білім беру жүйесінде 2015 жылдан бастап мектептердің 1, 5 және 11-сыныптары 12 жылдық үлгіге көше бастайды. Яғни бұлар жаңартылған ұлттық стандарттар бойынша жұмыс істейтін болады. Одан кейінгі жылдары 2, 6, 10-сыныптар осындай үлгіге өтеді. Осылайша сатылап 2020 жылға дейін 12 жылдық үлгіге толық көшу жоспарлануда. Сонымен бірге 2015 жылы жоғары сатыдағы «Бейіндік мектепке» оқушыларды алғашқы қабылдау басталады. Сонымен қатар, 2020 жылға қарай республикадағы барлық мектептер қазіргі заманғы химия, физика, биология оқу кабинеттерімен қамтамасыз етіледі, — деп атап өтті министр. 12 жылдық бiлiм үлкен үш топтық кезеңнен (бастауыш, негiзгi және бейiндiк) тұратындықтан, жүйенiң ұтымды жақтары көп. Мәселен, баланың бiлсем, көрсем деген қызығушылығы 5-6 жасында оянады. Осы кезде мұғалiмдер оқушының қабiлетiн, қай салаға бейiм екенiн анықтай алады. Бұл – негiзгi (5-10 сынып) және бейiндiк (11-12 сынып) сатыда оқитын пәндердi таңдауға бағытталған шара болып табылады. Алайда, бұл деңгейде жүргiзiлетiн сабақтар бойынша пайдаланылатын оқулықтарда әлi де кемшiлiктер бар. 

Облыстық балалар құқығын қорғау департаментi де мектептердiң 12 жылдыққа көшуiне атсалысуда. Онда арнайы бiр бөлiм жеткiншектердiң өмiрге деген көзқарасын қалыптастырып, рухани-адамгершiлiк тұрғыда бiлiм алуына үлес қосуда. Алайда, әдеп және мәдениет тақырыбында әңгiме қозғалатын пәннiң де оқу-әдiстемелiк құралдары әлi әзiрленбеген. Мәселен, мамандар: «Эксперименттiк сабақтарды психологиялық кiтаптардағы тәжiрибеге сүйенiп өткiзудемiз» дейдi. Демек, білім беру жүйесінде оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру әрі қарай жалғастырыла береді. 

Қазақстанда 12 жылдық білім беру стандартымен эксперимент өткізіп жатқан 104 мектеп бар. Солардың 5-і біздің облысымызда. Бірақ еліміздің көптеген аймақтарында материалдық-техникалық базасын (компьютер, интерактивтi тақта, слайдтар, физика, биология, химия кабинеттерi) нығайтуды қажетсiнетiн бiлiм ұялары да аз емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫ ҚАРЖЫ РЫНОГЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БІР БӨЛІГІ

 

 

2.1 Қаржы рыногының  мәні мен функциялары

 

Дамыған қаржы рыногы — кез келген мемлекеттің, оның ішінде Қазақстанның да ұлттық экономикалық жүйесінің элементі. Сонымен бірге ол нарықтық механизмнің аса маңызды құрылымдық элементі болып табылады.

Қаржы рыногы — елдің барлық ақша ресурстарына сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын және өндірістік және өндірістік емес инвестицияларды капиталмен қамтамасыз ету үшін олардың қозғалысы жүзеге асырылатын нарықтық қатынастар саласы.

        Кез келген экономикада пайда табу үшін, инвестициялау үшін салатын жер іздестіретін бос ақшалай қаражатты тарту қажет болады. Бос ақшаның тапшылығы мен артығы макроэкономика­ми келесі үш негізгі секторларында, яғни:нақты секторда — кәсіпорындарда, фирмаларда, ұйымдарда және т.б.;

мемлекеттік секторда — бюджет қаражаты мен бюджеттен тыс қорлардың қозғалысында; бос ақшасы болғаннан кейін таза инвестор, кейде қаржы на- рығында қарыз беруші болуы мүмкін халықта пайда болады.

Қаржы рыногы бос ақшалай қаражат пен инвестициялау объектісінің арасындағы делдал болып табылады.

Функционалдық тұрғыдан алып қарағанда қаржы рыногы арқылы ұлттық экономика ауқымындағы ақша жинақталады, бөлініп, қайта бөлінеді.

       Қаржы рыногы бос ақшалай қаражатты жинақтау, жұмылдыру функцияларын орындайды, ал ақшаның іс-қимыл жасамауы нарықтық қатынастар табиғатына жат.

Қаржы рыногы бос ақша капиталын, халықтың жинақ ақшасын салудың каналдарын, жолдарын ұсынып, осы қарама-қайшылықты шешуі тиіс. Осы бос ақшалай қаражат банктердің бағалы қағаздары мен депозиттік-қарыз беру қызметі арқылы жұмылдырылады. Пайда алу мақсатында бос ақшаны салу үшін бағалы қағаз сатып алу немесе банкте депозит шотын ашу қажет. Қаржы ресурстарын жұмылдыру үшін бағалы қағаздарды сатуға немесе банктен кредит алуға болады.

        Қаржы рыногында осы ресурстар инвестицияға жеткілікті қомақты сомаға бірігіп, несие капиталына айналады. Қаржы рыногының бөлу функциясы жүзеге асырылған жағдайда инвестициялар мөлшері бойынша да, сонымен бірге кұрылымы бойынша да, яғни қажет етілетін мерзімдер мен кредиттеу нысаны бойынша капиталмен қамтамасыз етіледі. Нарық жағдайында қаржы рыногының бөлу функциясы олардың нарықты қалыптасқан пайдалылық деңгейінің сәйкестігі арқылы инвестициялардың қажет етілетін тиімділігін қамтамасыз етумен тығыз байланысты.

        Осы нарық бос қаражатты жұмылдырып және бөліп, олардың тұрақты қозғалысын қамтамасыз етуі тиіс. Банкаралық нарықта, банктер мен кәсіпо- рындар, жеке меншік сектор мен мемлекет арасында капиталдардың өзара ағыны үздіксіз орын алған жағдайда нарықтық экономика қалыпты жұмыс істейді. Қаржы рыногы капиталды қайта бөлетін механизмнің рөлін орындай отырып, барлық осы ақша ағынының қозғалысын кедергісіз қамтамасыз етуі тиіс.

Қаржы рыногының функциялары бағалы қағаздармен жасалатын операциялар арқылы немесе банктер мен басқа кредит мекемелерінің депозиттік-кредиттік операциялары арқылы іске асырылуға тиіс. Сондықтан қаржы рыногының кұрылымы бойынша ол багалы қагаздар нарыгы және банк кредиттері рыногы деп аталатын екі өзара байланысты сегментке бөлінеді. Ал бағалы қағаздар рыногы мен банк кредиттері рыногы экономиканың қаржы секторында функционалдық тұрғыдан қарастырғанда, сол бір рөлді атқара отырып бөлінетін ресурстардың көлемі үшін бір-бірімен бәсекелестікке түседі.     Экономикада қаржы ресурстарын бөлу, әсіресе инвестицияларды қаржыландыру үшін капиталды ұзақ мерзімге бөлу қаражаттың инвесторлар мен кредиторларға қайтармауының жоғары тәуекелімен байланысты.    

 Экономиканы инвестициялық  қаржыландырумен  байланысты осы тәуекелдер ұлттық төлем есеп айырысу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып аса маңызды интеграциялық міндетті орындайтын банк жүйесі үшін өте қауіпті. Банк жүйесінің сенімділігін екі жолмен  қамтамасыз етуге болады. Біріншіден, акцияларды тоғыспалы иелену мен тоқайласпалы директораттар арқылы банк және өнеркәсіптік капиталдың тұтасуына мемлекеттік шектеудің болмауы арқылы. Бұл банктерге ірі қарыз алушылардың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда банк жүйесінің депозиттік-кредит жүйесі экономикада капитал бөлінетін негізгі каналға айналады. Екіншіден, инвестициялық капиталдың банк жүйесі арқылы бөлінуін әр түрлі дәрежеде қатаң шектеуге болады. Бұл жағдайда инвестициялар үшін экономиканы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету функциясын бағалы қағаздар рыногы орындайды.

 Қаржы ресурстарын қайтармау тәуекелін өзінің қаражатын бағалы қағаздарға салатын тікелей кредиторлар мен инвесторлар өзіне алады. Олар қаржы инвестицияларын басқарудың қазіргі заманғы портфельдік технологияларын пайдалана отырып, өзінің салымдарын әртараптандыра отырып өздерінің тәуекелдерін төмендетуі мүмкін.

Экономикада инвестицияларды қаржыландырудың тәуекелін макроэкономикалық басқарудың сол және басқа жолы мемлекеттік реттеудің белгіленген стратегиясы арқылы іске асырады. Нәтижесінде қаржы рыногының континентальды және ағылшынсак сандық деп аталатын бір-бірінен ерекшеленетін екі үлгісі қалыптасады. Осы үлгінің әрқайсысының кемшіліктері жоқ емес, алайда олар банк жүйесі сенімділігінің қажет етілетін жалпы деңгейінде қаржы рыногының негізгі функцияларының тиімді орындалуын қамтамасыз етеді. Қаржы рыногының континентальдық үлгісі еуропалық елдерде, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Қытайда тараған. Инвестицияларды ұзақ мерзімді қаржыландыруда экономиканың негізгі қажеттілігін компаниялар үшін сыртқы көздер есебінен (мысалы, Жапонияда 90%-ға дейін) банк жүйесі камтамасыз етеді.    Экономикада депозиттік шоттарда орасан зор қаржы ресурстарын жинақтайтын және көлемі бойынша үлкен кредиттерді ұзақ мерзімге беруге қабілетті ірі банктер ғана инвестициялық капиталды кайта бөлу функциясын орындай алады.

 Қаржы рыногының континентальдық үлгісінде банк капиталы өте көп шоғырланады. Елдегі банктердің саны экономиканың ауқымына байланысты, алайда, әдетте, континенталдық үлгідегі елдердегі 3-5 банк жүйесінің 80%-ға дейінгі активін бақылайды. Қаржы рыногының қазақстандык үлгісі де континенталдық тұрпатқа жатады.

   Банк жүйесінің негізгі буыны — банк операцияларының ең қомақты ауқымын жасай алатын әмбебап коммерциялык банк. Континенталдық үлгілі елдерде осындай банктің сенімділігін кам­тамасыз ету мақсатында, әдетте, клиенттердің депозит шоттарына тартылған қаражатын банктің қаржы рыногының ең тәуекелді секторы болып табылатын бағалы қағаз рыногына шығаруына заңмен тыйым салынады. Осы тыйымды Германиядағыдай, банкті кредиттік және инвестициялық деп аталатын екі департаментке бөлу аркылы іске асыруға болады. Инвестициялық департамент бағалы қағаз рыногында операциялар жасаумен айналысып, банктің меншікті каражатымен жұмыс істейді немесе клиенттердің қаражатын трастылық басқару шарттары бойынша басқарады. Қазакстандык банктер де қаржы рыногында өзінің қызметін осы- лай дамытады. Қазақстандық коммерциялық банктер көп жағдайда әмбебап коммерциялык банк ретінде өз құрылымында тиісті операцияларды бөліп жүргізуді камтамасыз ететін инвестициялық банкинг пен кредиттік банкинг секторын құрады. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын банк жүйесінен алатын компаниялар өздеріне қызмет көрсететін банктермен тұрақты әрі сенімді қарым-қатынас жасауға мүдделі болады. Компанияларға көлемі бойынша комақты кредитті ұзақ мерзімге беретін банктерге ұзақ мерзімді кредиттеудің тәуекелін тиімді басқару үшін өздерінен қарыз алушылардың өндірістік және каржы жағдайы жөнінде толық әрі сенімді ақпарат қажет. Мемлекет тарапынан қатаң шектеу болмаған жағдайда компа­ниялар мен банктердің мүдделері акцияларды тоғыспалы иелену мен тоқайласпалы директораттар арқылы үйлесіп, бекітіледі. Осының нәтижесінде әрбір жеке корпорация меншігінің негізгі үлесі онымен өз бизнесінің мүдделеріне байланысты орнықты стратегиялық инвесторлардың шағын ғана ауқымының арасында бөлінеді. Континенталдық үлгісі кемеліне жетіп дамыған экономикаларда компаниялардың өндірістік, қаржы және кадр саясатын бақылауға мүмкіндік беретін акциялар пакеті 25%-ке жуық пайызды құрайды.

Корпорацияның әжептәуір ірі акциялар пакеті меншігінің тұрақты инвесторлардың шамалы санының қолында болуы компаниялардың еркін айналыстағы ациялар пакетінің үлесін шектейді. Осы жағдай бағалы қағаздар рыногында акциялар рыногының сег­менті арқылы қайта бөлінетін қаржы ресурстарының көлемін біршама қысқартады. Қазақстанда осы құбылыс ұлттық қор рыногында акциялар рыногының жұмысының «атаулы» негізгі пробле- масына айналып, ал мұның өзі бүкіл бағалы қағаз рыногының дамуын тежеп отыр. Қаржы рыногының континенталдық үлгісінің елдері үшін үлестік қаржыландыру сегментінің өте қатты дамуы тән. Облигациялар мәміле саны бойынша, қозғалатын қаржы ресурстарының көлемі бойынша едәуір үлкен.    Қаржы рыногының ағылшын-саксондық үлгісі АҚШ-тың экономикалық және саяси ықпалындағы елдерде кеңінен таралған. Ағылшын-саксондық үлгіде банк жүйесі экономикада инвестицияларды қаржыландыруға капитал бөлу саласынан шығарылады. Банк жүйесі қаржы ресурстарын бөлудің алғашқы және негізгі механизмі болғандықтан, осы үлгі аяқ астынан қалыптаспайды, оны мемлекет құруға тиіс.

 Осы мақсатта банктер заң бойынша мамандандырылып, экономикаға есеп айырысу төлем қызметін көрсететін коммерциялық банктер құрылады. Осы банктерге ұзақ мерзімді кредиттер беруге жөне қор рыногында операция жүргізуге тыйым салынады, сонымен бірге осы банктерге қаражатын бағалы қағаздарға салуға қатаң шектеу қойылады. Коммерциялық банктер инвестицияларды тек мемлекеттік өте сенімді облигацияларға сала алады, бұл жағдайда коммерциялық банктер мен өнеркәсіптік корпорациялардың озара тұтасуы мүмкін емес. Бұл жағдай, әдетте, «жеке уния» — тоқайласпалы директоратқа заңмен тыйым салумен бекітіледі. Ағылшын-саксондық үлгілі елдердің банк жүйесінде банк капи­талы аз шоғырланған. Экономиканы қысқа мерзімді кредиттеуге мамандану қаржы рыногында ірі ғана емес, сонымен бірге орта және шағын банктерге де тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бағалы кағаздар рыногындағы операциялар өзінің ресурстарын бағалы кағаздар эмиссиясы рыногында қалыптастыратын инвестициялық банктердің мамандану саласын құрайды. Мемлекеттік шектеулер экономикадағы инвестициялар үшін капиталды қайта бөлетін негізгі канал болып табылатын бағалы кағаздар рыногына бос каржы ресурстарының қозғалысын қайта бағыттайды. Капитал құятын осы канал тиімді жұмыс істеу үшін қаржы ресурстарының орасан зор көлемін жылдам әрі арзан ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін білгілі бір жағдай жасау қажет. Бұл үшін тиісті мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады. Акциялардың жоғары өтімділігін қамтамасыз ету үшін бағалы кағаздардың бір қолда шоғырлануына шектеу қойылады. Нәтижесінде әрбір жеке корпорацияның меншігі компаниядағы істердің жай-күйі жөніндегі кез келген жағымсыз ақпаратқа белсенді ден қоятын тұрақсыз портфельдік инвестициялардың көп санының арасында бөлінеді. Ағылшын-саксондық жүйелі елдерде акциялардың бақылау пакеті 5-тен 10%-ға дейін құрайды. Акционерлік меншіктін бөлшек құрылымы бағалы қағаздар рыногының осы сегментіндегі капитал айналымының жоғары айналысын қамтамасыз ете отырып, экономикада акциялар ұсынысы мен сұранысының жоғары деңгейін колдайды.

  Экономикада инвестициялык капиталды бөлудің негізгі каналы ретінде бағалы кағаздармен жасалатын операцияларды пайдалану бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымының кеңінен дамуына әкеледі. Заңды тұлғалардың және негізінен жеке тұлғалардың ақшалай қаражатын жинақтайтын және оларды бағалы кағаздар рыногына шығаратын зейнетақы корлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялык компаниялар мен қорлардың көп саны пайда болады. Инвесторлар мен кредиторларға компаниялардың нақты бизнесінің жай-күйі мен оларды инвестициялау мен кредиттеу тәуекелінің деңгейі туралы кажетті кәсіби ақпарат беретін рейтингтік агенттіктер дамиды. Акционерлік меншіктің тұрақты инвесторлардың қолында шоғырлануы, нарықты еркін айналатын акциялардың аз үлесі бағалы қағаздар рыногында акциялар рыногы сегментінің белсенділігін төмендетеді. Нарықтық трансформацияны жүзеге асыратын көптеген елдердің тәжірибесінде инвестициялық процестердің қаржы нарықтарының дамымауының елеулі проблемасы көп кездеседі. Негізінен континенталдық үлгі қалыптасып келе жатқан Қазақстанда да осы проблема шешімін таппай отыр. Акциялар рыногының сегменті инвестицияларды қаржыландыру процесінен іс жүзінде шығарылып тасталған, банк жүйесі банк капиталын шоғырландырудың континенталдык үлгісінің талаптарына жауап бермейді және экономиканы ұзак мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз етпейді.

Әрбір елде жоғарыда сипатталған үлгілер ұлттык ерекшелікердің ауқымында қолданылады. Сонымен бірге соңғы жылдары екі үлгінің жақындасуы байқалуда. Үлгілер қатаң құрылым емес, олар қарама-қарсы үлгінің, әсіресе айқын кемшіліктерді бейтараптандыратын кейбір элементтерін бір-бірінен «алады». Қаржы рыногының континенталдык үлгісі азды-кем нарықтық болып саналады. 

Корпорациялардың өзінің табиғаты бойынша банктің қаржыландыруына консервативтік бағдарлануы экономикада ең жаңа технологияларға жоғары тәуекелді инвестициялар­ды каржыландырудың өсуіне әкеп соқтырады. Компанияларға олардың бизнесінің пайдалылығы мен тиімділігін арттыруға мәжбүр ететін бағалы қағаздар рыногының күшті қысымының болмауы экономиканың бәсекеге кабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Осы карама-кайшылықтар экономикада бағалы кағаздар рыногының болуының арту есебінен шешіледі. Инновациялык компанияларды венчурлік қаржыландыру олардың бағалы қағаздарды орналастыруы арқылы ғана жүзеге асырылады. Мемлекет акциялардың бір қолда шоғырлануына шектеу койып, зейнетақы корлары мен сактандыру компаниялары сияқты институционалдық ин- весторлардың дамуын көтермелейді. Қаржы рыногының ағылшын-саксондық үлгісінің негізгі кемшілігіне оның «нарықтылығының» екінші жағы, яғни компаниялардың тұрақсыз жұмыс істеуінің жоғары деңгейі жатады. Осы карама-қайшылык инвестицияларды банктердің қаржыландыруына қойылатын шектеуді жеңілдету аркылы шешіледі. Қазақстан, Ресей, жақын шет елдер, Шығыс және Орталық Еуропа елдері өз экономикаларын трансформациялау процесінде ұлттық қаржы рыногының үлгісін анықтау проблемасын шешуге тиіс болды. Осы елдердің негізгі бөлігі реформасының басында ағылшын-саксондық үлгіні калыптастырғысы келді. Трансформацияльқ процестердің дамуы осы елдердің барлығында дерлік негізінен континенталдык үлгінің қолданылатынын көрсетеді.

 Қаржы секторында трансформациялық процестердің осылай дамуының себептеріне тоқталайық. Бұрын айтылғандай, ағылшын-саксондық үлгіні құру үшін қаржы ағындарын бағалы кағаздар рыногына кайта бейімдеумен және олардың капиталдың экономикаға қайта бөлу функцияларын тиімді орындауына жағдай жасаумен байланысты мемлекеттік шектеулер мен көтермелеу шараларының белгіленген жиынтығын қолдану қажет. Аталған барлық елдерде мемлекет ағылшын-саксондық үлгіні кұруда жүйесіз әрі жеткіліксіз іс-қимыл жасады. Реформаның басында барлық елдер тиімсіз корпоративтік басқару проблемасымен кездеседі. Ресми түрде кұрылған механизм компанияның меншік иелері — акционерлер мен менеджменттің арасындағы дауды шеше алмайды. Акциялардың бір қолда шоғырлануына мемлекет шектеу қоймаған жағдайда осы қарама-кайшылық меншік иелерінің акциялар пакетін ірілендіруге, сондай-ақ өздерінің басқаруға тікелей араласуы арқылы компанияларды толық бақылауды жүзеге асыруға ұмтылысын күшейтеді. Қазақстанда акционерлік меншікті шоғырландырудың орташа деңгейі да біршама жоғары. Банк жүйесі — бұл елде белгіленген тарихи кезеңде банктердің алуан түрінің өзара байланысты жиынтығы. Қазақстанның, бұрынғы Кеңес елдерінің, Орталық және Шығыс Еуропаның орталықтандырылған-жоспарлық экономикасында мемлекеттік банктердің аз саны болған еді. Нарыққа көшкенде өте қысқа мерзім ішінде экономиканың мүлде жаңа қағидаларға негізделген, негізінен жеке меншік, коммерциялық, күшті бәсе- келік банк секторы құрылды. Қазіргі уақытта, барлық осы елдерде нарықтық шаруашылығы өте жоғары дамыған көптеген мемлекеттердегідей Орталық банк пен коммерциялық банктер қауымдастығы түріндегі екі деңгейлі банк жүйесі құрылды. Осындай жүйе Қазақстанда да жұмыс істейді. Қазақстанның Ұлттық банкі. Нарықтық экономикада Ұлттық банк жоспарлы шаруашылықтағыдан өзгеше функцияларды атқарады. Қазақстанда Ұлттық банктің құқықтық мәртебесі, оның құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы занда» (1995 жылғы өзгерістермен және толықтырулармен) белгіленген. Осы заңның 3-бабына сәйкес, ҚР Ұлттық банкінің негізгі мақсатына теңгенің тұрақтылығын, оның сатып алу қабілеті мен шетелдік валюталарға қатысты бағамын қамтамасыз ету және ұлттык банк жүйесін дамытып, нығайту; есеп айырысу жүйесінің тиімді әрі үздіксіз колданылуын қамтамасыз ету жатады. ҚР Ұлттық банкінің негізгі міндеті экономиканың қаржы тұрақтылығын, инфляцияның бақыланатын деңгейі мен валюта бағамын тұрақтандыруды қамтамасыз ететін ақша-кредит саясатын жүргізу болып табылады. Осы саясатты жүргізгенде ақша саласын реттеу құралдары ретінде жанама, нарықтық тұтқаларды пайдалану және тек қиын жағдайда ғана экономиканың қаржы секторына тікелей әкімшілік шаралармен ықпал ету қарастырылады.

  Экономиканы трансформациялау жағдайында ақша-кредит саясатын іске асырудың негізгі проблемасы оның ҚР Ұлттык банкінің банк жүйесі мен нақты экономикада орын алатын процестерге, яғни экономикалык белсенділікке, қорлануға, тұтынуға, инфляцияға ықпалын жеткізетін трансмиссиялық механизмінің «пысықталмауымен», ақша-кредит жүйесінің осы ықпал алды толық кабылдамауымен байланысты туындайды. Акша-кредит саясатын іске асырудың тиімділігі орталық банктердің тәуелділік проблемасымен тығыз байланысты. Осы банктердің өз функцияларын нәтижелі орындау қабілеті мемлекеттік биліктің кұрылымындағы орнымен анықталады. Тәуелділіктің ресми қағидасы — мемлекеттік билік органдарынан құрылымына кірмейтін және ақша эмиссиясы мен ақша айналысын ұйымдастыруға ерекше құкығы бар айрықша инструментіндегі Қазақстанның Ұлттык банкі мәртебесінің негізгі эле­менті. Практикада істің мән-жайы күрделі және тарихта орталық банк- тердің өз қызметінде саяси уәжді басшылыкка алған фактілер де болғаны рас. Ұлттык банктің билік органдарына тәуелсіздігіне қатысты айтатын болсак, үкімет экономикалық саясаттың негізгі қағидаларын Ұлттык банктің ақша-кредит және каржы саясатымен келіспей жүргізе алмайтыны белгілі. Алайда ақша айналысын реттеу жөніндегі жедел кызметте Ұлттық банк дербес шешім қабылдай алмайды. Қазақстанның Ұлттык банкі жүргізетін акша-кредит саясатында қазақстандық экономиканың каржы жағдайының әлемдік шикізат нарықтарының баға жағдаятына өте тәуелді екені байқалады. Сыртқы сауда ағындарының аз саралануы мен шикізат салалары өнімінің көбінесе экспортқа тағайындалуы теңгенің валюталык бағамын шамадан тыс тұрақсыздандырады. Экономиканы сыртқы нарықтардағы бағаның өзгеруінен қорғаудың кажетті шарасы ретінде валюта бағамының динамикасын тұрақтандыру мақсатында ҚР Ұлттық банкі валюта рыногына үнемі қатысып, валютаны бірде сатады, немесе оны сатып алады. Осынын нәтижесінде Ұлттық банктің ішкі ақша саясатын дербес жүргізуі киынға соғады. Банк валюта рыногында тек өзі үшін бастапқы болып табылатын өз операцияларының ішкі ақша айналысының жай-күйіне жасайтын жағымсыз ықпалын өтейді. Соңғы бірнеше жыл бойы әлемдік нарықтарда мұнай мен газдың әлемдік бағалары үнемі өсіп келеді. Осының нәтижесінде ресурстарды белсенді экспорттаушы Қазақстаннын экономика- сына валюта өте көп түседі.

   Әлемдік нарықта казақстандык тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін төмендететін теңге бағамының шамадан тыс нығаюына жол бермеу үшін Ұлттық банк өзінің алтын-валюта резервтерін арттыру максатында банк валюта рыногында валютаны сатып алуға және ішкі каржы рыногына едәуір теңге массасын салуға мәжбүр. Қазіргі уақытта қазақстандық экономикада акшаға сұраныстың ақшаның нақты ұсынысынан артуы едәуір ннфляциялық қысымды қалыптастырады, Ұлттық банк осы кысымды артық ақша массасын сіңіріп, оны әлсіретуге тырысады. Алайда Ұлттық банктің экономикадан қажетті мөлшерде акша алу мүмкіндігі шектеулі. Бұл үкіметтің баска елдердің үлгісі бойынша Қазақстанда Ұлттык корды құру жөніндегі шешімімен байланысты. Ұлттық қорда мұнай сату жөніндегі сыртқы сауда операцияларынан, мұнай бағасының белгіленген шекті мәнінен асатын табысы жинақталады. Осының нәтижесінде доллардың елеулі бөлігі қазақстандык валюта рыногына түспейді, ал мүның өзі Ұлттык банктің теңгенің сатып алу кабілеті мен оның валюта бағамының тұрақтылығын камтамасыз ету жөніндегі міндетін жеңілдетеді. ҚР Ұлттық банкі ұлттық банк жүйесінің дамуы, нығаюы мен орнықтылығы үшін жауап беретін институт болып табылады. Осы функцияны ол ҚР қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және кадағалау жөніндегі агенттікпен жалпы банк жүйесінің қызметін пруденциялық реттеу мен әрбір жеке банктің каржы жағ- дайын қадағалау арқылы бірлесіп жүзеге асырады. ҚР Ұлттык банкі пруденциялық реттеу ауқымында банк жүйесі жұмысының ережелері мен нормаларын калыптастырады. Ол осы каржы рыногына кірудің бөгеуілдерін белгілейді. Мәселен, 2002 жылдан бастап Қазақстанда жаңадан кұрылатын банктің жарғылык капиталының мөлшері 2 млрд теңгені (11,5 млн еуроға жуық) құрауға тиіс деген талап койылады. Ұлттык банк пен ҚР ҚҚА осы каржы рыногында жұмыс істеу ережелерін белгілейді, яғни жеке банк өтімділігін жоғалту каупінсіз өзіне қабылдай алатын шекті тәуекелдің нормативін бел- гілейді, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептің стандарттарын калыптастырады, банк менеджментінің әдістемелік басшылығын жүзеге асырады, мысалы, қазіргі заманғы тәуекел менеджементін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және т.б. Осы әзірленген ережелердің ауқымында Ұлттық банк әрбір жеке банктің қызметі белгіленген талаптарды канағаттандыратынын бакылап, ал аталмыш ережелер бұзылған жағдайда берілген лицензияны қайтарып алады. Банк жүйесінің орнықтылығы осы нарықтың кажетті инфрақұрылымын кұру есебінен де қалыптасады. Қазіргі уакытта Қазақстанда өзінің тиімділігін дәлелдеген жеке тұлғалардың ақша салымын сақтандырудың ретке келтірілген жүйесі жұмыс істейді. Осындай жүйелер барлық дамыған елдерде халыктың банк жүйесіне сенімінің кажетті деңгейін сақтау үшін қолданылады және нәтижесінде банктердің ресурстық базасы қажетті деңгейде тұрақты болады. ҚР Ұлттық банкі сақтандыру жүйесіне кіретін банктерді іріктеу үшін жауап береді. ҚР Ұлттық банкінің ағымдағы сәттегі және келешекке арналған аса маңызды міндетіне банктердің кайта қаржыландыру жүйесін реформалау жатады. Ұлттық банк банк жүйесінің орнықтылығына жауап бере отырып, банктерді ақша ресурстарымен қамтама- сыз етудің тиімді механизмін калыптастыруы тиіс. Ол мұны қаржы жағынан тұрақты банктерге сенімді бағалы кағаздардың кепілдігімен шамалы мерзімге (1, 7, 30 күнге) ломбардтық кредит беріп жүзеге асырады. Мұндай инфрақұрылым банктерге өзінің өтімділігін ойдағыдай басқару үшін кажет. Ұлттық банк пен банк жүйесінің өзара ықпалдасуында өзара сенім көрсету деңгейінің маңызы зор. Кейде тіпті каржы көрсеткіштері қолайлы жағдайда да нарықтың тұрақтылығына сенімсіздіктен банктердің арасында «сенімділік дағдарысы» туындайды. Есеп айырысу жүйесі тиімді жұмыс істеу үшін коммерциялық банктердің шоттарында қаражат жетіспеген жағдайда Ұлттык банк есеп айырысуды 3күн ішінде сенімді кредиттеуге тиіс. Қазіргі уақытта ҚР Ұлттык банкі үшін есеп айырысуды «акшаның жолда болуын» барынша қыскартуға мүмкіндік беретін жаңа электрондық технологияларға көшіру мәселесі ең басты болып отыр.

    Коммерциялык банктер — пайда алу үшін құрылған банктер. Қазақстанда ұйымдастыру-экономикалық нысаны бойынша олар акционерлік коғам болып табылады. Көптеген бұрынғы кеңес елдерімен салыстырғанда Қазақстанда мемлекеттің коммерциялық банктерде үлесі жоқ деуге болады. Тек «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ және даму банкі — «Қазакстанның даму банкі» АҚ сияқты екі екінші деңгейдегі банк жұмыс істейді. Осы қаржы институттарының ерекшелігі ретінде «ҚТЖБ» АҚ — Мемлекеттік тұрғын үй кұрылысы бағдарламасын қолдап, оны іске асыру үшін кұрылған жалғыз арнайы мамандандырылған банк, ал «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ның даму институтына жататын құқықтық мәртебесін атауға болады. «Қазақстанның даму банкі» АҚ кызметі экономиканың нақты секторын орта және ұзақ мерзімді кредиттеуді дамытуға көмек көрсетуге бағытталған. ҚДБ АҚ өзінің ресурстарын екі көзден, яғни еурооблигация орналастырудан алынған қаражаттан және республикалық және жергілікті бюджеттен кредит түрінде бөлінген қаражаттан құрайды. ҚДБ АҚ тартылған ресурстарды жеңілдікті ұзақ мерзімді кредит түрінде береді. «Қазақстанның даму банкі» АҚ қызметі отандық тауар өндірушіні күшейтуге, Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану және дамудың шикізат бағытынан кетуі арқылы еліміздің тұрақты дамуға жетуіне ықпал ете отырып, оның сыртқы нарықтарға шығуына көмек көрсетуге бағытталған. Қазақстанда каржы рыногының контитенталдық үлгісі қалыптасуда, оның аукымында банк жүйесі экономикадағы инвестициялык капиталды бөлетін негізгі механизм болып табылады. Бүгінгі күні қазақстандык банк жүйесі негізгі қаржы делдалының міндетін орындайды. Сонымен бірге сонғы жылдары қазақстандык банктердің сыртқы нарықта карыз алуы банк активтерінің айтарлықтай өсуіне әкеп соқтырып, банк секторының тәуекелділік деңгейінің өсу мәселесін шиеленістіріп отыр. Банктер кәсіпорындарға беретін қаржы ресурстарының бағасы нақты экономиканың банк жүйесімен өзара ықпалдасуын негізгі реттеуші болып табылады. Сырттан алынған қарыздардың өсуі, әлемдік ипотекалык нарықтағы дағдарыс пен қазакстандык банктердің өтемпаздығымен туындаған проблемалары ішкі кредит рыногында пайыздық ставкалардың өсуіне әкеп соқтырды. 2003 жылдан бастап қазақстандык банктер елдегі оң инвестициялық ахуалды пайдаланып, пайыздық ставканы төмендетумен катар қолда бар ресурстардың көлемін арттырумен үйлесетін даму стратегиясын таңдады. Осы проблеманы шешу мақсатында банк қызметі үшін ең маңызды ауқым әсерін пайдалануға мүмкіндік беретін банк капиталын шоғырландыруға қол жеткізу кажет болды. Банк кызметінде жеке банктің де, сонымен бірге жалпы банк жүйесінде де ауқым әсері бәсекеге кабілеттілікті арттыра алатынын маңызды элемент екенін атап өту кажет. Ірі банктің нарыкты басып алу жөніндегі баскыншылык стратагиясын жүргізіп, банк кызметінің рыногында «демпингпен айналысып», осының нәтижесінде операциялык шығындарды қысқартып, табыстың ысырабының орнын толтыруға және осылайша өзінің клиенттік базасын, тартылатын ресурстар мен өзінің бақылау аясының көлемін кеңейтуге мүмкіндігі бар. Осы стратегия іске асырылған алғашкы бірнеше жыл ішінде көптеген банктер осындай жетістіктерге қол жеткізді. Алайда қазақстандык қаржы рыногының ашықтығы ушыктырған жүйелі, сондай-ақ жүйелі емес тәуекелдердің ықпалы ұлттық банк секторының дамуында келеңсіз салдардың білінуіне әсер етті. Қазақстандык банктерге мемлекеттің де, сондай-ақ ұлттық банктің де тарапынан уақытылы жасалған қолдау өтімділік проблемасының шешімін тауып, ұлттык экономикада жаңа дағдарыстық қүбы- лыстардың туындауына жол бермеді.

   Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі және каржы қызметтері рыногын ырықтандыру алдында казақстандык банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру ұлттық банк қауымдастығының өзекті проблемасына айналып отыр. Капиталды екі тәсілмен, мысалы, салық жеңілдіктері түріндегі көтермелейтін реттеуші болған жағдайда мерзімі бойынша ұзаққа созылатын ішкі қорлану және бірігу мен жұту аркылы, капиталды орталықтандыру арқылы шоғырландыруға болады. Қазақстанның банк кызметтері рыногында 35 банк жұмыс істейді (2008 жылғы 1 каңтардағы жағдай бойынша деректер). Жалпы Қазақстанның банк секторында негізінен ірі және орташа банктер жұмыс істейтіндіктен, оның кұрылымы біркелкі. Әлемдік практикада ірі банктердің шағын банктерді жұту және осы банктердің филиалға айналуы мен бірігуі аркылы банк капиталын шоғырландыру процесін көтермелеу үшін, мемлекет жұмыс істейтін банк ұйымдары капиталының ең төмен мөлшеріне койылатын талапты бірнеше есеге арттырды. Мысалы, Ресейдің Орталық банкі 2007 жылы капиталдың ең аз мөлшеріне койылатын талапты 5 млн еуроға дейін арттырды.

Бағалы қағаздардың пайда болуы өте ерте кезден бастап дамыған.  Ол орта ғасырлық вексельдік жәрмеңкелерде 13-14 ғасырларда пайда болды. Бағалы қағаздар рыногының алғашқы кәсіпқой қатысушылары тауарларды вексельдерге айырбастаған. Бағалы қағаздармен операциялар жүргізген биржалар Антверпен (1531) және Лиондағы 16 ғасырда құрылған мекемелер.  Кейін 16 ғасырдың соңында акционерлік компаниялардың пайда болуына байланысты қайта дамыған. Компаниялар акционерлік қоғамдар болып Англияда 16-17 ғасырларда құрылды, оған Мәскеулік, Леванттық, Балтық, Ост-Үндістандық компаниялар кіреді. 1657 жылдан бастап компаниялар дивидендт төлеумен айналысты. Басында дивиденд тауарлармен берілсе, 1644 жылдан бастап дивиденд ақшалай түрде төлене бастады. Ост-Үндістан компаниясы 200 жыл аралығында тұрақты түрде дивидендттер төлеп тұрды. 19 ғасырға дейін акционерлік компаниялар аз болатын, сондықтан бағалы қағаздар үлесі де төмен болды. Көбінесе мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылды. Қазіргі уақытқа дейін сақталған бұрынғы қор биржаларының бірі 1611 жылы ұйымдастырылған Амстердам биржасы болып саналады. Акциялары Амстердам биржасына айналымға түскен екінші акционерлік компания Вест-Үндістан компаниясы болды. 1747 жылы Амстердам биржасында бағалы қағаздардың 44 түрі айналымда жүрді. Әлемдегі алғаш рет облигация түрінде бағалы қағаздар сатушы ретінде 1773 жылы Лондон биржасы пайда болды, уақыт өте келе оны Америкалық, Германиялық, Франциялық биржалар да қолдана бастады. Қор биржалары Ливерпульде, Манчестерде (темір жолдар мен тоқыма кәсіпорындары), Глазгода (кеме  құрылысы мен металлургия)бағалы қағаздары шығарылды. Англияда ұзақ уақыт мемлекеттік облигациялар сатып өткізілді. 1708 жылдан 1826 жылға дейін Англияда банктер акционерлік қоғам болу артықшылығына ие болды. Ал басқалары кәсіпорындар мен серіктестіктер ретінде әрекет етті. Мұндай шектеулер Х1Х ғ екінші жартысында алып тасталды. Францияда тек 1777 жылы айырбастау жөніндегі агенттер үшін бағалы қағаздарды сатуға арналған жеке алаң бөлініп, бағаларды жариялап айту ережесі енгізілді. 1801 жылы Наполеонның арнайы бастамасымен Париж қор биржасының ғимараты салынды. 1840 жылы Париж қор биржасында 130 жуық қарыздық және үлестік бағалы қағаздар айналымда жүрді.

 Америкадағы бірінші қор биражасы 1791 жылы Филадельфияда пайда болды. Көптеген елдердегі қор биржаларының дамуы жеке тұлғаларға ғажайып байлыққа жетуіне мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар биржа инвестициялық механизмнің негізгі элементтеріне айналып, маңызды макроэкономикалық рольді орындады.

Бағалы қағаздар рыногы  тауар-ақша  және меншік қатынастары жағдайында ғана әрекет етеді. Мемлекеттік меншікті  нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек жекешелендіру арқылы ғана іске асырылады.

Жекешелендірудің жалғасы соңғы онжылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде, әсіресе ол Англияда шапшаң қарқынмен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде жекешелендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан жекешелендірілген кәсіпорындардың акциялар саны қанша көп болса, өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру да өте оңай болды.

Ұлыбританияда акциялар жөніндегі нарық АҚШ пен Жапониядан кейінгі үшінші орынды иеленеді. Оған ХІХ ғасырдың басындағы Еуропада өнеркәсіп төңкерісінен кейінгі дәуірден бері қалыптасқан акционерлік қоғамдардың Англиядағы ұзақ тарихы әсер етті. Соның өзінде ағылшындардың тек 5 пайызға жуығы ғана акция алады екен.

Жапония акциялармен сауда-саттық жөнінде әлемде екінші орында. Мұндағы аса ірі биржалар Токио, Осака қалаларында орналасқан. Осы екі биржа арасындағы бәсекелестік өте-мөте күшті болып саналады. Жапония бағалы қағаздар жөнінде дүние жүзінде ең ірі фирмалары бар ел ретінде мақтана алады.

 Қазіргі кезеңде Ресейде жекешелендірілген кәсіпорындардың акциялары екінші орында. Ал мемлекеттік бағалы қағаздар нарықта жетекші үлеске ие болған.

    Әлемнің ірі елдеріндегі акциялар  рыногының ерекшеліктері осындай болса, ТМД елдерінде бағалы қағаздар рыногы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру  акцияландыру арқылы  жүргізілді. Себебі, көптеген кәсіпорындар осындай жаңа құбылыстар арқылы ғана нарыққа кең көлемде қатынасуға  мүмкіндік алды.

Бағалы қағаздар рыногының кейбір элементтері 20-жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Қазақстанда бағалы қағаздар рыногының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-жылдың басынан бастап пайда бола бастады.

   Жоғарыда бағалы қағаздар рыногының   пайда болу тарихымен қатар, оның құрылымдарының даму сатылары қарастырылды. Бастапқыда вексельдік нарықтарда вексель тауарлар мен ақшаларды қарыз алушылар мен қарыз берушілердің арасындағы мәмілені куәләндіратын құжат түрінде айналысқа түссе, дамудың кейінгі сатыларында акционерлік компаниялар құрылып, олар қосымша капитал тарту үшін облигациялар мен акцияларды шығарып сатып табыс тауып және тапқан табыстарының бір бөлігін дивидендке жұмсады. Сонымен бірнеше ғасырлар тарихы бар бағалы қағаздар рыногы бүгінгі күні биржалық операцияларды орындаудың ең жоғарғы деңгейіне көтерілді.

    Біздің экономикалық жағдайымызда немесе әлемдік нарыққа енуіміздегі ең өзектісі бұл әлемдегі бағалы қағаздар рыногына байланысты жинақталған барлық жаңалықтарды оқып үйрену және хабарлау болып табылады.

Бағалы қағаздар категория ретінде, былайша айтқанда тауар түрінде ішкі өз қасиетімен және сыртқы көрінісі меншік құқын анықтайтын жалған өзгеше тауар ретінде көрінеді. Алғаш рет бағалы қағаз ұғымы туралы 1882 жылы профессор Бруннер жазған болатын, ол оны жеке құқық туралы құжат ретінде көрсеткен.

В.Д. Мельников, К.К. Ильясовтар: «Бағалы қағаздар дегеніміз мүліктік құқықты куәландыратын немесе олардың иелерінің қарызға қатысатынын және бұндай құжатты шығарған ұйымдардың құқығын куәландыратын ақшалай құжат»-десе, Г.Т. Пазылқайырова: «Бағалы қағаздар ерекше категория ретінде, яғни тауар ретінде ішкі мәнімен және сыртқы көрінісі меншік құқын растайтын құжат ретінде анықталады»- деді.

      Демек, Бағалы қағаздар әлеуметтік-экономикалық қатынастар үрдісінде (өндіруші мен тұтынушы арасындағы) және қаржы рыногында (эмитенттер мен тұтынушы арасында) айналыста болатын, табыс әкелу қабілеттіліктерімен  көрінетін, сонымен бірге шаруашылықты тиімді жүргізуге қатысатын жалған өзгеше тауар болып табылады

    Бағалы қағаздар рыногы қаржы рыногының құрамдас бөлігі ретінде әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуына айтарлықтай ықпал етіп, экономиканың әр саласын инвестициялайтын негізгі инфрақұрылымдық элементтерінің бірі болып саналады. Мұндай қор рыногы сияқты тиімді капитал құю механизімінің бар болуы көбірек шынайы инвестицияның тартылуының тиімділігін арттырады. Бағалы қағаздар экономиканың тұрақты дамуында маңызды рөл атқарады, ол нарықтағы табысты көбейту арқылы бүтіндей ел тұрғындарының тұрмыс деңгейінің өсуіне жақсы ықпал етеді. Бағалы қағаздарды шығаратындар, егер олар өндірісті кеңейтуге мүмкіндік беретін қосымша ресурстар тапса ғана пайда ала алады.  Кәсіпорынның акция бағасы өскенде, акцияны иеленетін инвестор үшін тиімді болып табылады. Өндірісті кеңейту нәтижесінде жаңа жұмыс орындары пайда болып, ол өз кезегінде экономиканың өсуі мен көрсетілетін қызмет саласының кеңеюін туғызады, ал бұл одан әрі жаңа жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етіп, жұмыссыздықтың азаюына кепілдік береді. Өнеркәсіп саласын және кәсіпорындармен көрсетілетін қоғамдық  қызметтерді кеңейту көп жағдайларда бағалы қағаздар рыногының табысты қызмет етуіне мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар операцияларының экономикада дамуы, өркендеуі экономикадағы кәсіпкерліктің дамуына, бәсекелі ортаның қалыптасуына жағдайлар жасайды.

   Барлық рыноктар сияқты бағалы қағаздар рыногы да сұраныс пен ұсынысқа және таңдау бағасына тәуелді, яғни бағалы қағаздар рыногы сату және сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін құрайды.

Бағалы қағаздар рыногындағы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға ауысуы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік сұрақтарын шешуге көмектеседі. Рыноктың мақсаты – капиталды шоғырландыра отырып, өндірістік және өндірістік емес салаларға ақша-қаражаттарын бөлу.

Бағалы қағаздар рыногында қоғамға қажетті негізгі екі міндет шешіледі:

 -сатушылар мен сатып алушылар кездесіп, олардың арасындағы экономикалық қатынастар дамиды;

-бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі жүргізіледі.

         Қазіргі техника мен телекоммуникациялардың дамуы капиталдың бір ұлттық нарықтан екінші нарыққа жедел түрде аударылуына мүмкіндіктер  туғызды.  Алайда, бұл тек артықшылық ретінде ғана емес, сондай-ақ кемшілік ретінде де қарастырылады. Себебі, бұл жерде ұлттық экономиканың басқа экономикаға тәуелділігі жоғарлайды, нәтижесінде ұлттық бағалы қағаздар рыногы тұрақсыз жағдайға келуі мүмкін.

         Екінші жағынан, жаһанданудың салдарынан жеке ұлттық нарықтардың өзара бәсекесі артады. Батыс экономистерінің пікірінше, соңғы он жыл ішінде  дамушы мемлекеттерде инвестициялық ресурстарға деген қажеттілік жоғарлады. Бірақ, инвестицияланатын капитал көлемі әлемдік экономиканың қажеттілігінен төмен.

Бағалы қағаздар рыногы – бағалы қағаздардың шығарылымы, айналысы және өтеуі бойынша нарық қатысушылары арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздар рыногының дамуы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған механизмінің бірі. Демек, ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік сұрақтарын шешуге көмектеседі. Бағалы қағаздар рыногы мен қор рыногы түсініктері әр түрлі және Қазақстанда олар теориялық және құқықтық жақтарынан ажыратылған.

Қор рыногы эмиссиялық бағалы қағаздардан тұрады, ал бағалы қағаздар рыногы одан кең – эмиссиялық және туынды бағалы қағаздар рыногынан құралады. Бағалы қағаздар рыногының дамуы бірінші сатысынан немесе қалыптасу сатысынан өтті деп тұжырымдауға болмайды, бұл тек қор рыногының үлесіне тиеді.  

   Бағалы қағаздар рыногына келесідей анықтама берілген. Бағалы қағаздар рыногы – бұл мемлекеттің, нарық субъектілерінің қаржылық ресурстарын шоғырландыруы мен бөлінуін сипаттайтын,  қандай да болмасын мерзімдегі бағалы қағаздардың айналысы қарастырылатын жүйе. Бағалы қағаздар рыногы екі үлкен топтан тұрады, атап айтсақ қор және туынды бағалы қағаздар рыногынан. Қор рыногы бағалы қағаздар рыногының құрылымына жатқызылады. Оның негізгі айырмашылығы ретінде – капиталдың айналысын қамтитын бағалы қағаздардың жүйесі болып табылады. Біздің елімізде туынды бағалы қағаздар рыногы жеткіліксіз деңгейде дамуда.

Бағалы қағаздар рыногы келесідей ерекшеліктерімен сипатталады: ақша қаражатын айырбастау мүмкіндігі, сату-сатып алу, эмитентке қайта сату, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Оларды есеп айырысу кезінде қолдануға және кепіл ретінде пайдалануға болады, бағалы қағаз рыногының үлгісі – бұл елдің өндірістік, экономикалық, дәстүрлік факторларын ескере отырып, қоғам субъектілеріне бағалы қағаз арқылы тиімді жүйе құру болып табылады.

Бағалы қағаздар рыногының үлгісі тек қатысушы институттарға ғана байланысты емес, сондай-ақ корпоративтік басқару, қаржы рыногының құрылымына байланысты анықталады. Қаржы рыногының құрылымына байланысты республиканың бағалы қағаздар үлгісі – жапон-немістік үлгіде,  ал корпоративтік басқару жағынан – немістік үлгіде деп анықталған.         

Облигацияларды өтелу мерзіміне қарай келесі түрлерге бөледі:

Қысқа мерзімді – 1 жылдан 5жылға дейін өтелу мерзімі

Орта мерзімді – 6 жылдан 15 жылға  дейін  өтелу мерзімі

Ұзақ мерзімді – 15 жылдан артық өтелу   мерзімі.

сурет – 1  ҚР-дағы акция рыногы мен облигация шығарылымының

2005-  2008аралығындағы шығарылу  көлемі.

         1-суретте акция және облигация шығарылымдарын салыстырғанда акцияға қарағанда облигация шығарылымының 5 есе төмен екені көрінеді.         Өйткені, облигацияны шығару эмитентке акцияны шығаруға қарағанда тиімсіз. Оның себептеріне мыналар жатады: облигацияның өтелу мерзімі шектелген, міндетті түрде берілетін сыйақы пайызы төмен. Алайда қазіргі кезде мемлекет облигация шығаруға көп көңіл бөліп отыр, себебі  шығарылған мемлекеттік облигациялардың  тәуекелділігі төмен және оған мемлекет кепілдік береді. Соңғы жылдары мемлекеттік облигациялар жиі сатуға шығарылып, оның сатып алушылары коммерциялық банктер, компаниялар және жеке тұлғалар болуда. Бұл үдеріс әсіресе экономикалық дағдарыс кезінде жиі орын алуда. 

Облигацияны тек мемлекет ғана шығарып қоймайды, сонымен қатар,оларды өнеркәсіп орындары да сатуға шығарады.

 

 

  2.2  Қор рыногы және оның қалыптасуының ерекшеліктері

 

Қор рыногы қаржы рыногының бағалы кағаздардың эмиссиясы (шығарылымы) мен оны сату-сатып алу жүзеге  асырылатын бөлігін білдіреді. Бағалы қағаз — бұл мүліктік құқықты білдіретін, өзінің құны бар, нарықта дербес еркін айналатын, сатып алу-сату объектісі және өзге де мәмілелердің объектісі бола алатын құжат. Бағалы қағаздар капиталдың түрі ретінде тұрақты немесе бір жолғы табыс көзі болуы мүмкін. Қор рыногына бағалы қағаздар карыз берумен байланысты кредиттік катынастар мен бағалы қағаздар меншікке катысу титулы болғанда бірге иелену катынастары кіреді. Дамыған нарықтык экономикада бағалы қағаздар мен онын рыногы бос ақшалай қаражатты кәсіпорындар мен мемлекеттің мұқтажы үшін жұмылдыруда өте маңызды рөл атқарады. Өзінің экономикалық жүйелерінің трансформациясын жүзеге асы- ратын елдерде қор рыногын қалыптастыру процесі оңай іс емес. Қазакстанда да кор рыногының қалыптасуы ұзақ уақытқа созылды. Экономикалык өсуге көшу үшін мемлекет бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі мақсатты саясат жүргізуге тиіс.

Бағалы қағаз шығарылып, алғашқы қолға сатылғанда екі құбылыс орын алады, яғни қор рыногында тағы бір қаржы құралы пайда болып, ал эмитент (оны шығарушы) бағалы қағазды сатып өзіне қажетті ақшаны тартады. Содан кейін екінші және кейінгі мәмілелер жасалуы мүмкін: қағаз қолдан қолға өтеді, яғни айналады. Енді эмитент косымша ақшалай қаражат алмайды — қордың құндылығы иеленушісін жай ғана алмастырады. Осыған байланыс­ты бағалы кағаздардың бастапқы және кайталама рыногы болады. Бастапқы нарық — бағалы қағаздар алғашқы инвесторлардың арасында орналастырылатын (яғни алғашкы адамға сатылатын) айналыс ортасы. Қайталама нарық — бұл бұрын орналастырылған бағалы кағаздар иеленуішісін алмастырып екінші, үшінші колға өтетін орта. Кез келген экономикада, әсіресе өтпелі экономикада бастапқы нарық даму үшін эмитент жөніндегі ақпарат толық және нақты болуы тиіс. Қазақстанда бағалы қағаздардың пайда болуынан бастап осындай ақпарат проблемасы ең өткір проблемаға айналды. Ақша салымшыларын алдаған, қаржы пирамидаларымен орын алған атышулы даулар заңды және жеке тұлғалардың арасындағы ықтимал инвесторларды үркітті. Іс жүзінде болуы мүмкін ықтимал инвесторлар өзі туралы ақпаратты жариялауға асықпайды, ал эмитент-жаңа компанияларды инвесторлар жете танымайды. Нарықтық экономикалы елдерде, мысалы, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда мемлекет коммерциялық кұрылымдардың бағалы қағаздар эмиссиясы проспектілерінің мазмұнын, ондағы істің мән-жайы жөніндегі ақпараттың толықтығын камтамасыз ету үшін қатаң бақылайды. Алайда шет елде мемлекет осы деректердің нақтылығы үшін жауап бермейді. Қазақстанда бағалы кағаздар эмиссиясы проспектілерінің мазмұны мен қаржы рыногын реттеуші — Қаржы рыногы мен каржы ұйымдарын реттеу және кадағалау жөніндегі агенттік (ҚР ҚҚА) тарапынан оны мемлекеттік тіркеу тәртібіне талаптар койылады. Алайда іс жүзінде эмиссияның қалыптастырылатын проспектілері ашықтық және шынайылық талаптарына кейде жауап бермейді. Қазақстандық қор рыногының «ашық еместігі», яғни бағалы қағаз шығаратын компаниялар мен банктер туралы ақпараттың жеткіліксіздігі немесе оның нақты еместігінен инвесторлар ақша салуға болатын қор кұндылыктарының арасынан лайықты таңдау жасай алмайды. Дегенмен, соңғы жылдары Қазақстанда кор рыногының халы- каралық практикаға және биржалык сауда стандарттарына жауап беретін инфракұрылымы калыптасты. Инфракұрылымның инвес­торлар мен кредиторларға кажетті акпарат беру функциясын атқаратын ақпараттық кұрамы бірте-бірте дамып келеді. Қазақстанда қазақстандык эмитенттердін бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асыратын «Қазақстандык қор биржасы» АҚ (KASE) бас биржалық алаң ретінде казіргі уакытта акциялар рыногының (KASE Shares) және облигациялар рыногының (KASE BY, KASE ВС, KASE BP) өз индексін есептейді. Биржалык индекстер инвесторлар мен кредиторларға акциялар мен корпоративтік облигациялар рыногының жағдаятының жалпы жай-күйі, бағалы қағаздардың сұранысы мен ұсынысының көлемі, олардың қор рыногындағы бағалары өзгерісінің тенденциясы жөнінде маңызды ақпарат береді. Инвесторлар мен кредиторларға қор рыногына қатысатын көп каржы құралдарында дұрыс шешім қабылдауда эмитенттердін инвестициялық тартымдылығы мен кредит төлеу қабілетін талдау және бағалаумен айналысатын рейтингтік агенттіктер тағайындайтын бағалы кағаздардың рейтингі өте маңызды ақпарат болып табылады.

  Қазіргі уақытта қазақстандық қор рыногында осы қызметтерді Moody’s Interfax Rating Agency и Standard & Poor’s жетекші әлемдік рейтингтік агенттіктердің ресейлік бөлімшелері көрсетеді. Қазақстанда ұлттык рейтингтік агенттіктер кұру әрекеті жасалуда. Қазақстанда ұзак уакыт бойы негізінен мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы дамып келді. Қазақстандық қор рыногының корпоративтік секторы ірі эмитенттер өздерінің ІРО-сымен әлемдік кор рыногына шыға бастағаннан кейін дами бастады, нарыкка қатысушылар көпке танымал болу соншалықты қауіпті емес және меншікті кағаздарды орналастыру тиімді болуы мүмкін екенін түсінді. Алайда ішкі нарықта эмитенттелетін корпоративтік қор құндылықтарының негізгі бөлігі, әдетте, сатылмайды, қайталама нарыкты белсенді қозғалыс болмағандықтан, бағалы кағаздардың шынайы бағасының белгіленбеуіне байланысты, тек маркет-мейкерлердің кызметі аркылы листингте қолданып, сатылмайды. Қайталама нарықты қалыптастыру үшін стратегиялык аукымды кеңейту қажет, сондай-ақ тактикалык инвесторлар да пайда болуы тиіс. Стратегиялық инвестициялауда кәсіпорындарда бақылауды немесе шешім қабылдауға қатысуды қамтамасыз ететін бағалы қағаздар таңдалады. Стратегиялық инвесторды осы кағаздардың нарықтық бағасының — бағамының жылдам өсуі қызықтырмайды және тіпті ол жақын жылдары олардан пайда алуға тырыспайды. Аталмыш инвестор кәсіпорынның өзін нығайтуға, онын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, оның нарықтарға шығуына, шын мәнінде, бүкіл капиталды, демек, стратегиялык инвестордың үлесін арттыруға мүдделі болады. Тактикалык инвестициялауда бағалы қағаздар олардың нарықтық бағасы көтерілгенде оларды сату мақсатында сатып алынады. Тактикалык инвесторға өзінің машина жасау зауытының немесе аяқкиім фабрикасының бағалы қағаздарын сатып алып тұрғаны мәнінде бәрібір, оған тек қор қағаздарының бағасы өсетін кәсіпорынды таңдау маңызды. Бүгінгі күні қазақстандық қор рыногына тактикалық инвесторлар қажет, өйткені отандық стратегиялық инвесторлардың белгілі бір ділді ұстануына байланысты, олардың болуы биржалық сауданың дамуын тежейді. Нарыққа көшетін елдерде, әдетте, алдымен тактикалык инвес- тициялау басым болады, тек белгілі бір кезеңде стратегиялық ин­вестор пайда болады. Ресейдегі оқиғалар осы сценарий бойынша дамиды, қайталама қор рыногы да осылай дамиды. Банк секторы әжептәуір дамыған, ал бәсекенің деңгейі банк қызметінің дамуына ықпал ететін Қазақстанда ықтимал эмитенттер қорлануды қолдануға асықпайды және өтімділік проблемасы туындағанда кредиттеуді жөн көреді.

Нарықтық экономикада бағалы қағаздардың көп түрі қолданылады. Оларды бірнеше белгі бойынша, мысалы, әр түрлі эмитент түрі бойынша жіктеуге болады. Эмитенттер мемлекет, жеке меншік сектор және шетелдік субъектілер деп аталатын үш топқа бөлінеді. Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздарды ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттык банкі шығарып, оларға кепілдік береді. ҚР Бюджеттік кодексімен 2005 жылы шектеу енгізілгенге дейін жергілікті билік органдары муниципалдық бағалы кағаздар шығаруға құқылы болатын. Корпоративтік бағалы қағаздарды мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдар шығарады. Қазақстанда айналысқа тек атаулы қор құндылықтары шығарылады. Бағалы қағаздың иесі туралы деректер тәуелсіз тізбе ұстаушы жүргізетін арнайы тізбеде тіркеледі. Бағалы қағаздар өздерінің экономикалық тегі бойынша да жіктеледі. Бұл жағдайда:меншік туралы куәлік; қарыз туралы куәлік;  келешектегі мәмілеге арналған келісімшарт бойынша жеке жіктеледі.

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 2 Қазақстаннын қор рыногында айналатын бағалы қағаздардың түрлері

 

Бағалы кағаздардын түрлері

Бағалы қағаздын сипаттамасы

1

2

І. Меншік туралы куәлік:

— акционерлік коғамдардың акциялары

АҚ пайдасының бөлігін алуға және оны басқаруға қатысу құқығын растайтын бағалы кағаздар

— инвестициялык қорлардың пайлары

Өзінің меншік иесінің үлестік инвестициялық қордағы үлесін растайтын құжатсыз шығарылым нысанындағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз

II. Қарыз туралы куәліктер:

— мемлекеттік эмиссиялык бағалы қағаздар, оның ішінде:

Өзін ұстаушының борышкері мемлекет болып табылатын қарыз қатысында құқығын растайтын бағалы кағаздар

1

2

 ҚР Үкіметі шығарған

Мемлекеттік инвестициялық және инновациялық бағдарламаларды қаржыландыру көзі болып табылады

 ҚР Ұлттык банкі шығарған

Ақша-кредит реттеу құралы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу көзі болып табылады

— жеке меншік сектордың бағалы қағаздары, оның

 

Мемлекеттік емес борыштық эмиссиялық бағалы кағаздар

 корпоративтік облигациялар

Өзін ұстаушының борышкері мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылатын қарыз қатысында құқығын растайтын бағалы кағаздар

 депозиттік сертификаттар

Банктің сертификатты ұстаушыға көрсетілген соманы төлеу міндеттемесі; талап ету құқығы сертификатпен бірге бір адамнан екінші адамға берілуі мүмкін

III. Келешектегі мәмілелерге арналған келісімшарттар:    фьючерстер

Акцияларды, облигацияларды, басқа да бағалы қағаздарды немесе валютаны тіркелген баға бойынша белгіленген мерзімде сатып алу міндеттемесін растайтын бағалы қағаздар

♦ опциондар

Акцияларды, облигацияларды, басқа да бағалы қағаздарды немесе валютаны тіркелген баға бойынша белгіленген мерзімде сату міндеттемесін растайтын бағалы қағаздар

♦ своптар

Екі тараптың белгіленген уақыт кезеңінде белгілі бір шартпен қаржы құралдарын айырбастау жөніндегі келісімін растайтын туынды бағалы қағаз

 

Алайда қазақстандык қор рыногында акциялар мен облигациялар әлі де шешуші рөл атқарады. Акция — акционерлік қоғам шығаратын және иеленуші-акционердің: 1) акционерлік қоғам пайдасының бөлігін дивиденд түрінде алу; 2) акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, демек, оның қаржы жағдайы жөнінде шынайы ақпарат алуға; 3) акционерлік қоғам таратылғаннан кейін қалатын мүліктің бөлігін алуға кұқығын растайтын бағалы қағаз. Әлемдік практикада акцияларды ресімдеудің сертификаттау мен тізбе жүргізу деп аталатын екі тәсілі бар екені белгілі. Олардың арасында айырмашылық бар. Бірінші жағдайда акционер акцияның сертификатын алуы оның меншік иесінің құқығын алған сәт болып саналады (сертификат бір немесе бірнеше акцияның, яғни олардың пакетінің болуы мүмкін). Осы сертификат меншіктің титулы болып табылады. Екінші жағдайда сатып алушыны акционерлер тізбесіне енгізу сатып алу сәті болып саналады, ал осы тізбе меншік иесінің мәртебесі болып табылады. Осы нұсқада сертификаттың материалдық нысаны болуы немесе болмауына қарамастан, ол меншік титулы болып табылмайды. Қазақстанда тек атаулы акциялар шығаруға рұқсат етілген, бұл тізбенің бастапқы екенін білдіреді. Сонымен бірге іс жүзінде акцияларды ресімдеу акционерлердің құқығын бұзумен және кор рыногының дамуын тежейтін бірқатар проблемалармен (тізбені бей-берекет жүргізу, тіркеу инфрақұрылымының нашар дамуы және т.б.) байланысты. Қазіргі уақытта барлық акционерлік қоғамдардың акционерлерінің санына қарамастан сырткы тізбе ұстаушысы болуы тиіс екені қарастырылған нормативтік актілер қолда- нылады. Әрбір акционерлік қоғам тізбе жүргізуге міндетті. Қалыптасып келе жатқан қор нарықтарына дамыған нарықтық экономикада ауқымы байқалмайтын тағы бір құбылыс тән. Бұл жерде акциялардың күрт жіктелуін айтып кету қажет. Көбінесе «көгілдір фишкалар» деп аталатын шамалы (компаниялардың саны бойынша) акциялар тобы пайда болады. Бұл трансформацияланатын экономика жағдайында әр түрлі жағдаймен ойдағыдай дамып, табыс ала алған ірі компаниялар шығарған неғұрлым сенімді акциялар. Осы компаниялар, акционерлерді, негізінен шетелдік компанияларды тартуға күш салып, өтпелі кезең жағдайына бейімделгеннен кейін ақпараттық ашықтықтың қажет екеніне көз жеткізеді. Олардың эмиссиялык проспектілері халыкаралық стандарттарға жақын. Осының арқасында акциялар жоғары өтімділікті, яғни меншік иесі ысырап шекпей акцияны ақшаға айналдыру қабі- летін қамтамасыз етеді. Қазақстанда «көгілдік фишкалар» қатарына негізінен ұлттық компаниялар немесе мемлекет өзінің қатысуын жалғастыратын компаниялар кіреді. Осы компаниялар мемлекет иелегінен шығару және жаппай акционерлендіру процесіне жылдам ілігетін болғандықтан, казақстандық инвесторлар осы компанияларға қызығушылык танытады. Шамалы ғана компанияның «көгілдір фишкаларымен» қатар акционерлік қоғамдардың «меншігін қайта ірі құрылымдаудан» кейін қалыптасқан барлық қалған акциялары бар. Қазақстанда акциялары «көгілдір фишкалар» болып саналатын компанияларға «Қазақмыс» корпорациясы», «Өскемен титан-магний комбинаты», «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Қазцинк»АҚ, «ССМӨБ», «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және бірқатар басқа компаниялар, яғни оларға мұнай және газ, энерге- тикалық, қаржы, байланыс құралдары сияқты салалык компания­лар жатады. Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, кез келген өтпелі экономикада акциялармен осындай проблемалар туындайды екен. Қазақстанда аталмыш проблемалар: жекешелендіру мен акционерлеудің орасан зор ауқымы мен қарқынымен; меншік құқығына өтуінің сенімділігі мен қор рыногында инвестициялаудың ақпаратпен қамтамасыз етілуіне кепілдік беретін қажетті инфрақұрылымның дамуының артта қалуымен; қажетті заңнама базасының жалпы экономикадағы, әсіресе қор рыногындағы трансформациялық процестердің дамуынан өте ар­тта қалуымен; бүкіл дүние жүзінде қалыптасып келе жатқан қор нарықтарынан шетел инвесторларының Ресейге кетуіне, оның ішінде Қазақстанға инвестициялық қызығушылықтың төмендеуіне әкеп соқтырған, Ресейдегі 1998 жылғы қаржы дағдарысымен байланысты қатты шиеленісті. Облигация — бұл компаниялар мен мемлекетке қор рыногында ақша ресурстарын қарызға алуға мүмкіндік беретін борыштық міндеттеме болып табылатын бағалы қағаз. Облигацияның:эмитенттің облигацияны ұстаушыға оның атаулы құнын, яғни осы бағалы қағаз шығарылғанда алынған соманы межеленген мерзімде қайтару міндеттемесі;эмитенттің облигацияны ұстаушыға алдын ала айтылған, көбі- несе пайыз түрінде тұрақты тіркелген табысты төлеу міндеттемесі сияқты екі басты белгісі болады. Акциямен салыстырғанда облигациялар меншік титулы болмайды, олар компанияны басқару құқығын бермейді, оларды өтеудің соңғы мерзімі болады. Облигацияның нарықтағы атқаратын рөлі мен айналысы оның қор құндылығы ретіндегі ерекшелігі болып табылады.Трансформацияланатын экономикаларда, көбінесе әлеуметтік міндеттемелердің мөлшері белгіленгенде мемлекеттер табыс көзінің аздығымен беттеседі, осының нәтижесінде — бюджет тапшылығы пайда болады, мемлекеттік облигациялар жетіспейтін қаржы ре- сурстарын жұмылдыратын аса маңызды тәсілге, бюджет тапшылығын жабатын көзге айналады. Ағымдағы бюджет тапшылығын қаржыландырумен қатар мем- лекет борыштық міндеттемелерді шығарады, сонымен бірге бұрын орналастырылған қарыздарды өтеп, оған қызмет көрсетеді, әр түрлі инвестициялық бағдарламаларды қаржыландырады. Сонымен бірге қаржы нарықтары тұрақсыз әрі «енсіз» транс­формацияланатын экономикаларда мемлекет қор рыногын жетіспейтін қаржы ресурстарын жұмылдыру көзі үшін пайдаланғанда бірқатар елеулі проблемалар туындауы мүмкін. 90-жылдардың соңында корпоративтік қаржы құралдары мүлдем болмағанда мемлекеттік бағалы қағаздар секторы ең басынан бастап қазақстандық қор рыногында қарқынды дамып, оның дамуында шешуші рөл атқарды. Бұл, бір жағынан, экономиканы каржыландырудың маңызды мәселелерін шешуге, ал екінші жағынан — корпоративтік құралдар рыногының дамуына ықпал ете алмады.             Мемлекеттік облигациялар нарықтық қатынастары дамыған барлық елдерде бюджеттің проблемаларын шешу үшін қолданылады, алайда олардың көпшілігінде мемлекеттің қарыз алған ақшасының ауқымын ішкі нарыққа ұлттық экономикаға қауіпті шектерден асырып шығаруға жол бермейтін заңнама актілері қолданылады.

 Бүгінгі күні Қазақстанның трансформацияланып жатқан, әліде тұрақсыз экономикасында мемлекеттік бағалы қағаздар сияқты маңызды қаржы құралын пайдаланудың теориялық, заңнамалық, реттеуші қағидаларын әзірлеу маңызды. 2000 жылдары әлемдік мұнай және газ нарықтарында Қазақстан үшін бюджет тапшылығының проблемасы болмады. Алайда қазақстандық экономиканың шикізатқа бағдарлануы әлі еңсерілген жоқ, шикізаттың бағасы түскен жағдайда бюджет тапшылығының туындау қаупі әлі де сейілген жоқ, демек оны қаржымен тиімді әрі қауіпсіз жабу проблемасы да сақталып отыр. Қазақстанда корпоративтік кағаздар рыногы 2000 жылдардың басында ғана ойдағыдай дами бастады, ал Қазақстандық қор биржасы олар бойынша алғашқы сауда-саттықты 1997 жылғы 19 қыркүйекте өткізді. Корпоративтік облигациялар эмиссиясының проспектілерін тіркеу (1999 жыл) корпоративтік құрал рыногының жұмысын жандандырған жоқ. Қазақстанның қор биржасында осы проблема шешімін тапқан жоқ. Аталмыш проблеманы екі жақтан, яғни акциялар рыногының даму проблемасы және корпоративтік облигациялар рыногының проблемасы ретінде қарастыруға болады. Капиталдандыру өспей және онда акциялар болмай ешқандай бағалы қағаздар рыногы дамымайтыны белгілі. Әлемнің барлық дамыған қор нарықтарының басым бөлігін инвесторлар дивидендтен ғана емес, сондай-ақ акциялар құнының бағамдық айырмашылығынан табыс ала алатын акциялар рыногы құрайды.

Соңғы уақытқа дейін «А» KASE листингіне кіретін акциялардың арасынан «Қазақтелеком» ААҚ-ның артықшылықты акциялары жалғыз тартымды бағалы кағаз болған. Осы бағалы қағаздар бойынша дивидендттер оның атаулы құнының 30%-ын құрады, сондықтан нарықта олар неғұрлым жоғары бағамен сатылды. Қазіргі уақытта осы акцияларды купондық облигацияларға айырбас- тау арқылы олар нарықтан шығарылды. «А» листингінің қалған акциялары табысы төмен болуына немесе дивиденд алмау қаупіне байланысты тартымсыз болып табылады. Мәселен, егер 2006 жылғы 1 қазанға қалыптасқан жағдай бойынша деректерге сәйкес 2160 акцияның қолданыстағы шығарылымы тіркелсе, «А» санаты бойынша KASE-дің ресми тізіміне 43 шығарылым, «А» санаты бойынша — 42 немесе тіркелген шығарылымның жалпы санының 4%-ы кіреді. Сонымен бірге сол күнге облигациялардың қолданыстағы шығарылымының саны 875,9 млрд теңгенің 216 ын құрайды (немесе ЖІӨ’ көлемінің 10,04%-ын), оның 85,57%-ы «А» санаты бойынша және 2,68%-ы «В» санаты бойынша енгізілген. Мұның өзі бір жағынан, эмитенттер акцияларға қарағанда биржаның лис­тинг талаптарына жауап беретін облигациялардың эмиссиясын көп жүзеге асыратынын көрсетеді. Ал екінші жағынан, бұл облига- цияларды өндірістік компаниялар емес, көбінесе қаржы институттары (58% банктер мен 17% өзге қаржы ұйымдары) шығаратынын айғақтайды. Ірі қазақстандық компания үшін өз еурооблигациясын шығару ықтимал валюта тәуекеліне қарамастан ұлттық валютаға қарағанда шетел валютасында облигация шығаруға елеулі артықшылық береді. Бүгінгі күні қазақстандық экономика мен банк секторының «Қазком» АҚ, «ТұранӘлемБанкі» АҚ және «Қазақстанның Халык банкі» АҚ сияқты көшбасшылары, сондай-ақ «АТФ Банк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ және «АльянсБанк» АҚ сияқты озық қаржы құрал- дары мен бизнес технологияларын игерген банктер халықаралық еурооблигациялар рыногына шықты. Қазақстанның еурооблигациялар рыногының сапалы дамып келе жатқанын атап өту қажет. Мәселен, 2005 жылы Қазкомның — НТ1 өтеу күні белгіленбеген туынды траншы, сол Қазкомның рейтингісі ең жоғары ААА ставкасы өзгермелі кепілдендірілген бондлары пайда болды. Ресейдің еурооблигациялар рыногымен салыстырғанда соның көмегімен нарыққа шағын қарыз ақша берушілер шыға алатын CLN — кредит- тік ноталар сияқты сырттан қарыз тартатын осындай құралдың дамымауын атап өткен орынды. Сондай-ақ барлық 14 эмиссия — банктікі, нарықтың тарлығын көрсететін бірде-бір корпоративтік эмиссия болмады. Барлық дерлік жинақтаушы зейнетақы қорларының ірі институционалдық нарық инвесторлары ретінде өздерінің портфельдерінде уақытында атаулы құнымен, ал кейде одан төмен бағамен сатып алынған Қазақстан Республикасының егемен борышы еурооблигациясының елеулі бөлігі бар. Қазіргі уақытта осы бағалы қағаздар биржадағы бағалар жоғары болған жағдайда басқарушы компанияларға оларды нарықты оңай сатуға, осылайша бағамдық табысты капиталдандырып, зейнетақы активтерінің табыстылығын арттыруға мүмкіндік беретін инвестициялық портфельдің жоғары өтімді әлеуеті (ресурсы) болып табылады. Қарыз туралы басқа куәліктер — вексельдер, чектер, депозиттік сертификаттар қалыптастырылатын қор нарықтарында ойдағыдай айналады. Қазақстанда қаржы құралдарының осы түрлері әлі тиісінше дамымай келеді.      Келешектегі мәмілелерге арналған келісімшарттар — фьючерстер мен опциондар трансформацияланатын экономикаларға тән. Инфляциялық болжам, валютаның тұрақсыздығы мен өтпелі кезеңге тән басқа да факторлар жағдайында алдын ала белгіленген баға бойынша келешекке мәміле жасасу, сөзсіз қызығушылық тудырады. Қазақстанда мерзімді қаржы құралдары рыногының дамуы 1996 жылы басталды. «Қазақстандық кор биржасы» АҚ-дағы (KASE) мерзімді фьючерстік нарықта қазіргі уақытта тек бір ғана фьючерстік келісімшарт — доллар жеткізуге арналған келісімшарт жасалған. Істің осылайша қалыптасуына базалық қаржы құралдарын сатудың тоөмен деңгейі қол байлау болып отыр. Барлық қиындықтар мен проблемаларға қарамастан, Қазақстанның калыптас- ып келе жаткан қор рыногындағы бағалы қағаздар түрлерінің саны бірте-бірте көбейіп келеді.

   Сонымен қатар, акционерлік қоғамдардағы іс әрекеттерде жариялылық  жетіспеді, соның кесірінен бағалы қағаздар әр түрлі бағалармен сатылып өткізілді, көбінесе компания басшылары түрлі құйтырқы әрекеттерге барды. Мысалы, «Қазахтелеком» 1998 жылы акцияларын жұмысшыларына 1000 теңгеден жалақының орнына сатып, кейін олар 700-800 теңгеден қайта сатуға мәжбүр болды. Осындай жағдай «Ел — ырысы» элеватор АҚ-да қайталанған.

Нарық қатынастарының серпінді даму кезеңі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі  Ұлттық комиссиясы құрылған 1995 жылдан басталды.  1995 жылдың 19 сәуірінен бастап жаңартылған Қазақстан «Таза» қор биржасы – Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады. 1995 жылдың 21 сәуірінде «Бағалы қағаздар және қор биржасы» туралы ҚР-ның заңы бекітілді. Қазақстанда бағалы қағаздар рыногын құқықтық реттеуді қамтамасыз ету үшін ҚР-ның мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырудың және дамытудың бағдарламасы әзірленді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызының ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысы және өтеу шарттары туралы қағидалар» әзірленіп, бекітілді. 1997 жылдың  басында ҚР-ның Парламенті бағалы қағаздарды реттейтін  үш заң қабылдады, олар: «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы», «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» заңдар. 1997 жылдың ортасынан бастап «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» жабық акционерлік қоғамы құрылды, оның функциясы барлық мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін жүргізу еді. Қазақстанның қаржы рыногын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасқан  қатынастарды  бағалау мақсатында 2001 жылдың маусымында Президенттің Жарлығымен ҚР-ның бағалы қағаздар жөніндегі  ұлттық комиссиясы таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктері  Қазақстанның Ұлттық банк ісіне берілді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің жылдағы халыққа Жолдауларында қор рыногының ашықтығын қамтамасыз етуді Үкіметтен талап етіп отырады.

         Әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларында өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі  факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногына тигізген  жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму бағытында болды. Республиканың бағалы қағаздар рыногында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсуде.

2007 жылы шілдеде «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР-сы заңының қабылдануы қор рыногында қалыптасқан қатынастарды одан әрі  дамыту қажеттігінен туды. Бұл заңның қызмет аясы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР-ның заңы (2003 жылғы мамырдың 13) қабылданғаннан кейін қаржы рыногының қызмет ететін  сферасы болды. Қазақстандағы қабылданған заңдар бағалы қағаздар рыногының толыққанды жұмыс істеуіне кең жол ашып берді. Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорлары алғашқы ұйымдасқан кезде бағалы қағаздар рыногымен бірігіп жұмыс істемейтін, ЖЗҚ қаражаттары көбінесе коммерциялық банктердің сақтуында болатын. Ал, қазіргі кезде Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногын дамыту мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін одан әрі жетілдіру маңызды орынға ие болып тұр.

Бағалы қағаздар рыногын ҚР Қаржыны бақылау Агенттігі үнемі бақылауда ұстайды.

ҚР Үкіметінің 2004 жылы 24 желтоқсанындағы №1385 қаулысына сәйкес 2005-2007 жылдардағы ҚР-ның  бағалы қағаздар рыногын дамыту бағдарламасы бекітілген. Бағдарламаны ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ҚР-ның қаржы рыногы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, ҚР-ның қаржы министрлігі, ҚР-ның Ұлттық Банкі жасақтады. Мұндағы негізгі мақсат: ҚР-сы бағалы қағаздар рыногының әрі қарай дамуы, олардың қызметтерін тиімді қамтамасыз ету, бағалы қағаздар шығару мүмкіндігін кеңейту, инвестордың құқығын қорғау және дұрыс бәсекелестікті қамту.

 Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногына эмитенттер мен инвесторларды тарту үшін жетілдіру жұмыстарын Үкімет 2007 жылы құрылған Алматы өңірлік қаржы орталығы арқылы атқарды. Бұл орталық соңғы кездері қор рыногын  насихаттауда үлкен жұмыстар орындады. Бұқаралық ақпарат құралдарында қазақстандық және отандық эмиттентердің KASE-де  апталық, айлық және жылдық рейтингтері туралы мәліметтер беріп тұрды. 

Мемлекет реттеу тетіктерін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты жүргізеді. Мысалы,Үкімет осы әлемдік дағдарыс басталғаннан бері қор биржасындағы келісім шартқа тұру кезіндегі төлем ақыларды қысқартты, ал мемлекеттік облигацияларды МАОКАМ-ды сату кезінде инвесторлар төлем ақыдан толығымен босатылды және дивидендке салынатын салықты алып тастады, ол 15 пайызды құрайтын еді. Әрине, мемлекеттің бұданда басқа жеңілдіктері бар.

Мемлекеттік реттеуде оның  формаларына ғана емес бағыттарына да тоқталған дұрыс. Мемлекеттік  реттеудің рестрикциялық және ынталандырушы бағыттары бар.  Бағалы қағаздар рыногын рестрикциялық мемлекеттік реттеу  ережелер мен талаптар негізінде, мәмілелерді тіркеу үрдісін жетілдіруге бағытталған, бір-бірімен байланысты әдістер жиынтығы ретінде анықталады. Әсіресе, рестрикция әдісі заңдарды бұрмалаған кезде, сыйақыларды уақтылы төлемегенде және т.б. қолданылады.

Бағалы қағаздар рыногын ынталандырушы мемлекеттік реттеу  анықталған, белгілі бір үрдістерді белсендіруге бағытталған әдістер жиынтығынан құралады.  Ынталандырушы  реттеуге мысал ретінде, халық арасында бағалы қағаздар туралы  біліктілікті жоғарылату, хабарламаларды жеткізу сияқты іс шараларды атап өтуге болады. Бұл бағыт ішкі инвестициялық ресурстарға деген ұсыныстың жоғарылауына әсер етеді және бағалы қағаздар рыногының дамуына септігін тигізеді.

Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты  бағалы қағаздарға деген сенімділіктің  артуын қамтамасыз ету, елдің экономикалық  өсуіне  мүмкіндік беретін ұлттық реттеу үлгісін жасау. Себебі, отандық нарықтық экономикадағы  өзгерістер сыртқы және ішкі факторларға  тікелей тәуелді, сондықтан мемлекеттік реттеуші органдар бағалы қағаздар рыногының үнемі мониторингін жасап, бұл нарықтың жетілу шараларын қарастыруы қажет. Сонымен қатар, мемлекет иелігіндегі корпоративтік меншікті тиімді басқаруын қамтамасыз ету, болашақта елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын экономикалық секторларды ынталандыра отырып, өнеркәсіпті дамыту саясатын жүзеге асыру. Бұл мәселелердің шешілуі, елдің бағалы қағаздар рыногының  дамуына, еліміздің экономикалық-әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне және алдағы ұзақ, орта мерзімдерге бекіткен стратегиялық  мақсаттарға жетуге көмектеседі.

Еліміздегі бағалы қағаздар рыногы жылдан-жылға дамып, оның географиялық аясы кеңеюде. Біздің кейбір шикізаттық салалардағы корпоративтік бағалы қағаздарымыз әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің, соның ішінде Нью-йорк, Лондон қор биржаларында табыс тауып, тәжірибе жинақтауды бастады. Сондықтан  халықты кәсіпорынды басқаруға тартуды тездету.

      3) Саясат факторы – дүниежүзі елдеріндегі сияқты Қазақстанда да бос ақша көздерінің негізгі иесі халық. Сондықтан, халықты бағалы қағаздар рыногына тартудың барлық шараларын пайдалану.

Сонымен, Қазақстан Республикасындағы  бағалы қағаздар рыногы нарықтың  аралас үлгісі түрінде  дамуда. Өйткені, біздің елімізде бағалы қағаздарды қор бижасы мен банктерден  сатып алуға болады.

Бағалы қағаздар рыногы барлық мемлекеттерде экономикалық өсуді қаржыландырудың өте  тиімді механизмі болып табылады.

Қазіргі кезде әлемдік дағдарысқа қарамай Қазақстанның қаржылық секторының дамуында сапалық және сандық  жағынан позитивті тенденциялар байқалады. Қаржылық ұйымдардың капиталдары мен активтері  өсуде.

Қазақстанда  бастапқы нарық механизмі екінші қайтара нарыққа қарағанда әлде қайда  дамыған. Россиялық ғалымдардың айтуы бойынша бағалы қағаздар рыногы бағалы қағаздардың айналымы арқылы өседі екен, бірақ біздің елімізде екінші қайтара нарықтың дамуына көптеген кедергілер әсер етуде, ал, ол өз кезегінде бүкіл бағалы қағаздардың дамуына әсер етуі мүмкін. Олардың ең негізгілеріне келесілерді жатқызуға болады:

— бастапқы нарықтың техникалық оперативтік мәмілесі, екінші қайтара нарыққа қарағанда жоғары;

— екінші қайтара нарықта кәсіптік қатысушылардың қаржылық қуаты жеткіліксіз;

       — көптеген  жағдайда бағалы қағаздар бастапқы таратуда ең төменгі бағамен сатылады.

Соңғы жылдары әлемдік қаржы нарықтарында облигациялардың жаңа эмитенттері пайда болды. Қазақстанның егемен міндеттемелерінің осы нарықтарда пайда болуы аталмыш нарықтардағы ең маңызды құбылысқа айналды. 1998 жылы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттык комиссиясының көмегімен Қазақстан Республикасының егемен еурооблигацияларының тиімді ұйымдастырылған қайталама нарығы қалыптастырылды. Осы еурооблигациялардың алғашқы сауда-саттығы 1998 жылғы 19 қазанда биржада өткізілді. Бүгінгі күні қазақстандық егемен еурооблигациялар қазақстандық инвесторлардың арасында ғана емес, сонымен қатар шетелдік инвестициялық компаниялар мен қорлардың арасында да сұранысқа ие болып отыр. Қазақстандық корпоративтік еуроқағаздарды орналастыру нәтижесінде жеткен табыс 2005-2006 жылдары қазақстандық каржы нарығының тым қызып кетуіне әкеп соқтырды. Еурооблигациялар — қарыз беруші бірнеше елдің нарықтарында бір уақытта кредиторлар үшін шетелдік болып табылатын валютада орналастыратын борыштық міндеттемелер.

         Экономикасы дамушы елдердін әлемдік қаржы нарықтарына шығуына байланысты сол жерде осы елдердің ақша ресурстарына қол жеткізу үшін бәсеке сияқты жаңа құбылыс туындады. Нарыққа көшетін барлық елдер бюджет тапшылығын шешу үшін әлемдік қаржы ағынын пайдалануға тырысады, алайда әлемдік қаржы нарықтарының ресурстары да шектеулі. Атап айтқанда, қазақстандык облигациялардың лайықты бәсекелестері жоқ емес. Латын Америкасы елдері әлемдік нарықтарда 100 млрд доллардың қарызын орналастырды. Шығыс Еуропа елдерінің арасында барлық облигациялық қарыздың 80%-ы Венгрияға тиесілі. Қазақстандық эмитенттермен салыстырғанда Ресейдің, Венгрия мен Чехияның рейтингтері біршама жоғары бо­лып сақталып отыр. Дегенмен, нарыққа көшетін елдердің бағалы қағаздарын шет елдерде орналастырудың басты проблемалары олардың өзара бәсекелестігімен байланысты емес. Шет елдерден қарыз алуды одан әрі көбейтудің өзі елдің мемлекеттік борышын арттырады, ал осы борыш кейінгі ұрпақтарға «мұра» ретінде қалады. Елдер үшін көп мөлшерде алынған боры- шқа ағымдағы қызмет көрсету өте ауыр тиеді.

        Қазақстандық қор нарығының барлық сегменттері — мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, акциялар нарығы мен облигациялар нарығы әр түрлі қарқынмен дамып келеді. Соңғы кезде облигация­лар нарығы қарқынды дамуда. Компаниялар қымбат банк кредитін алудың орнына оларды көлемі, бағасы мен мерзімі жағынан қолайлы инвестициялық ресурс тартуды осының балама түрі ретінде қарастырады. Сөйтіп, қазақстандық облигациялар нарығы қор на- рығының дамуын көтермелеуге, жеке инвесторлардың назарын аударып, банк кредитінің жоғары құнын өтеуге әрекет жасауда.

          Қазақстандық акциялар нарығында акцияларды ұстаушылар шоғырлануымен және қосылуымен ерекшеленеді. Осы нарықта инвестициялық жағынан тартымды акцияларды инвестициялау мүмкіндігі шектеулі, акциялар қозғалмайды, сондықтан олардан шамадан тыс табыс алу мүмкін емес. Осының салдарынан кордағы алыпсатарлар акцияларға қызығушылық танытпайды, сол себептен «алыпсатарлық» жағынан келешегі жоқ қазақстандық нарық қалыптасып отыр. Енді акциялар нарығының осылай дамуының себептеріне тоқталайық. Нарыққа ойдағыдай сатылатын құралдардың шектеулі саны қатысады. Негізінен бұл мұнай-газ секторының ірі компанияларының, шикізат және инфрақұрылымдық салалардың, өте ірі банктердің бағалы қағаздары, ал эмитенттердің басым көпшілігінің бағалы қағаздары өтімсіз болып табылады. Мұның өзінде басқа экономикалармен салыстырғанда акция шығаратын компаниялардың жалпы саны шамалы. Қазақстанда 2005 жылы 2300 эмитент- компания тіркелді (KASE листингіне тек 118 компания), ал АҚШ- та 7000-нан астам компания кіреді. Қазақстандық нарықта еркін айналыстағы акциялар саны аз, бұл бір жағынан, олардың өтімділігін төмендетеді, ал екінші жа- ғынан, бағаға «алыпсатарлық» үстеме баға қосады. Қолданыстағы тиісті нормативтік базаның жетілдірілмеуі (мысалы, инвесторлардың құқығын корғау туралы заңның болмауы) және мәміле жасаудың техникалык инфрақұрылымының дамымауы қор нарығының дамуын тежейтін маңызды фактор болып табылады. Мысалы, Ресеймен салыстырғанда Қазақстанда бағалы қағаздармен мәміле бойынша клиринг пен есеп айырысудың құны 4 есеге және Лондоннан 8 есе қымбат тұрады. Мұның өзі қазақстандық қор нарығының бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, оның дамуын тежейтін тағы бір елеулі проблеманы — казақстандык бағалы кағаздармен жасалатын операциялардың қазақстандык сауда алаңдарынан батыс сауда алаңдарына көшу проблемасын қалыптастыруда.

    Жаһандық дағдарысқа дейін 10 жылдың  ішінде еліміздің  әлеуметтік  — экономикалық  жағдайы  артып, халықтың  алатын  табыстарының  деңгейі  мен екінші  деңгейлі  банктерден  несие  алу  мүмкіндіктерінің  өсуі  тұтынушылардың өз қажеттіліктерін  жоғары  деңгейде  қанағаттандыруларына  әсер  етті. Қазақстандықтар  қаржыларын қымбат  автомобильдерге, жиһаздарға, зергерлік  бұйымдар мен жылжымайтын  мүліктер  сатып  алуға, шет  елдерде  демалуға  жұмсады. Бірақ  мұндай  кең  заман  ұзаққа  бармады.  2007 жылғы қаржы  экономикалық  дағдарыс  шаруашылық  субъектердің  ақшаларын  тиімді   жұмсау және  үнемдеу  керек екенін еске салғандай болды. Елбасы «Дағдарыстан  жаңару мен  дамуға » атты Жолдауында  қиын  жағдайда  халықтың  «қауырт өсу кезеңінде үйреншікті болып кеткен ысырапқорлық ойлы тұтынумен және үнемдеумен ауыстырылуы тиіс» деген  пікірін  білдірді.  

Нарықты экономика ақшаны тиімді жұмсауды, үнемдеуді қажет етеді. Әрине бұл біздің елімізге ғана тән мәселе емес. Қазір қаражатты ұқыпты пайдалануға үйрету үшін әлемдік қоғамдастықта адамдардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесіне үлкен көңіл бөлуде. Өйткені, жүйелі түрде қаржылық білім берудің жетіспеушілігінен қоғам мен жеке адамдардың әлеуметтік экономикалық жағдайлары қиыншылықтарға ұшырауда. Сондықтан көптеген дамыған және дамушы елдерде мемлекет халықтың қаржылық мәдениеті мен сауаттылығын арттыруды қолға алды.

Алғаш рет елбасы Н.Ә. Назарбаев     «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жолдауында өңірлік қаржы орталығының құрылуы міндетін қойған еді. «Алматы Өңірлік Қаржы Орталығының» міндеттерінің бірі 2007-2010 жылға арналған халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасын іске асыру болды. Осы мәселені шешу үшін 2007ж 24/12«АӨҚО» АҚ  жанынан ашылған ақпараттық білім беру орталығы (АБО) Қазақстанның Астана, Алматы және барлық облыс орталықтарындағы Қазпоштаның филиалдарында орналастырылды. Олар халыққа тегін қаржы рыногының негіздері және жиналған қаржысын қаржы құралдарына инвестициялаудың өзекті мәселелері мен практикалық шешімдеріне арналған семинарлар жүргізді. Сонымен бірге әр тұлғаның сол АБО арқылы қор рыногына шығып бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндіктер берді. АБО жүргізген семинарлардың мақсаты халықтың қаржылық сауаттылығын көтеру, ішкі қор рыногына инвесторларды тарту, ҚР қаржы рыногындағы жағдайды ашып көрсету, халықтың жинаған қаржысын қаржы құралдарына инвестициялаудың практикалық мәселелерін түсіндіру, компаниялардың  бағалы қағаздарына инвестициялаудың ерекшеліктерімен таныстыру болды. Сонымен қатар АӨҚО қаржылық сауаттылықты арттыруды бұқаралық ақпарат құралдары мен теледидар арқылы да жүргізді. 2011 жыл 29/XII «Егемен Қазақстан» газетінде «Қалтаңызға құнтты болсын» деген мақалада әр адамның табысын қадағалау керектігіне, қаражат жинауды үйрену және несие алу мен несиені сауатты қайтару және т.б. туралы өте маңызды кеңестер берді. 2010  жылдың 23  желтоқсанында  «Казахстанская правда» газетінде «Бюджет  тревог  семейных»деген мақалада отбасының басты мәселесі бюджет, айлықтан айлыққа қалай өмір сүру, сонымен бірге қор жинау және инвестиция  туралы  мәліметтер жазылды.

АӨҚО қолдауымен теледидардан «Хабар», «Қазақстан», «31 Канал» арналары арқылы «Капитал әліппесі», «Азбука капитала», «Инвестиция иірімі» және «Ваш выход»  сияқты қаржылық білім беру бағдарламалары халықты бағалы қағаздар рыногына қатысуға үйрету үшін тұрақты жүргізілуде.

2009 жылы екі кезеңнен тұратын АӨҚО-ның  қолдауымен  Қазақстан территориясында коммерциялық емес «Биржа» ұлттық ойыны ұйымдастырылды. Бұл жобаның мақсаты да халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған болатын. Осы ойын арқылы халықты биржалық сауданың қағидаттары және технологияларымен, қор рыногындағы қаржы құралдарын пайдаланумен таныстыру еді. Ойынға қатысушылардың  вертуальды 50 мың ақшамен ойнағанымен, тиімді инвестициялаудың нәтижесінде нақты ақшалай түрде табыс табу мүмкіндігі  болды, яғни олар компаниялардың акцияларын тиімді сату және сатып алу арқылы ойын  барысында табыс тапты. Ойынға көбінесе оқушылар мен білімгерлер қатысқан болатын. Бірақ кейін бұл ойынды еліміздегі қаржылық жағдайларға байланысты тоқтатып қойды. Жалпы бағалы қағаздар рыногына қатысушыларға қойылатын талаптар: шыдамдылық, экономикалық  білім  және интернетпен жұмыс істеуді білу. Шет елде көбінесе бағалы қағаздар рыногына қатысушылар орта  жастағылар (45-50) болса, біздің елімізде керісінше жастар екен.

Әрине,  АӨҚО басты мақсаты қазақстандықтардың жинаған қаражаттарын кіріс алу мақсатында қай бағытта жұмсауға үйретіп көмек көрсету еді. Америка, Еуропа және Ресейде жеке инвесторлардың саны әлдеқайда жоғары деңгейде. Бұл елдердің азаматтарының байлықтары – жеке меншік иесі ақша және акция иелері, ал Қазақстанда олардың екеуі де бар, бірақ  жеке инвесторлар тобы толық қалыптаспаған. Бағалы қағазға инвестиция салу жеке ақшаны көбейтудің әлем мойындаған әдісі.

Адамдар өздеріне ең қажетті заттарды азық түлік, киім кешектерді сатып алғаннан кейін, оларда қалған артық  ақшаны қалай сақтап көбейтсек екен деген ойлар мазалайды. Қазіргі кезде халықтың көп бөлігі артық бос жатқан ақшаларын банктік депозитке немесе сақтандыру компаниясына салады. Ал әлемнің көптеген елдерінде миллиондаған қарапайым адамдар ақшаларын бағалы қағаздарға салып табыс табады. Бағалы қағаздардың түрлеріне акциялар, облигациялар және инвестициялық  пайлар жатады. Ақшаны бағалы қағаздарға инвестициялаудың тәуекелділігі  жоғары. Бірақ сәтті таңдау жасау арқылы үлкен табыстарға  иелік етуге мүмкіндік бар.

Бағалы қағаздардан түсетін табыс екі түрге бөлінеді. біріншісі жүйелі түрде жылына бір рет алынатын  дивиденд болса, екіншісі бағалы қағаздардың нарықтық бағасы мен бастапқы бағасының  арасындағы айырмашылықтан түсетін табыс. Сондықтан акциялардың бағасы арзан болғанда сатып алып, қымбаттағанда  сатып қомақты табыс табуға болады. Акция иелері компанияны басқаруға және компания табысын бөлуге қатыса алады. Облигацияның иесі оны шығарған компанияны басқаруға қатыспайды, бірақ облигацияның иесі белгіленген пайызбен өз ақшасын қайтарып ала алады. Акция иесі өз акцияларын сатқысы келген жағдайда сатуы мүмкін. Облигацияның иесі белгіленген мерзімге дейін ғана иелік ете алады.  Компанияның табысы көбейсе акция иесінің дивиденді жоғарлайды.

Қазіргі кезде қор рыногында жиі инвестициялық пайлар сатылады. Инвестициялық пай — иесінің пайлық инвестициялық қордың ПИҚ мүлігіндегі үлесін куәләндыратын  атаулы бағалы қағаз. Пай бір бағамен сатып алынады да, ағымдағы бағамен сатылады. Пайларды сатып алушылар пай бағасының өсуіне  үміт артады.    

Бағалы қағаздардың айтарлықтай бөлігі қор биржасы арқылы жүзеге асырылады. Қор биржасы сатушылар мен сатып алушылардың брокерлер арқылы бағалы қағаздарды сатып өткізу орны. Олар қор биржасында ең тиімді    бағаға сатып алуға және сатуға кеңес береді. Бірақ құнды қағазды  сату сатып алу шешімін инвестордың өзі қабылдайды. Қор биржасына жаңадан келген жеке тұлға үш шартты орындауы керек: бірінші  шарт бағалы қағаздарды сатып алуға 1-2 жылдың ішінде еш жерде қолданбайтын ақша сомасын белгілеу керек. Егерде сатып алушы  аз көлемде ақша жұмсайтын  болса онда ол қызығушылықпен алынған бағалы  қағаздар болады. Қазіргі кезде келешекте жоғары табыс тапқысы келетін адам ең кемдегенде 100 000 теңгеге   акциялар немесе инвестициялық пайлар сатып алу керек, екінші шарт тәуекелге бел буу, үшінші шарт  уақытты тиімді пайдалану және ең соңғы ақпаратты алып отыру.   Әсіресе, акция иелері күнделікті қор рыногындағы жағдай туралы мәліметтерді  алып отырулары керек. Ал пай иелері инвестицияға салған үлестерін басқаруды сеніммен басқарушы компанияға тапсырады. Басқарушы компания инвестициялық қоржындағы қаржыны әртүрлі компаниялардың немесе басқарушы компанияның өзінің бағалы қағаздарына салады. Мамандардың айтуынша ақшаны инвестицияға салу қазіргі кезде тиімді, өйткені экономикалық дағдарысқа байланысты талай компаниялардың бағалы  қағаздарының бағасы төмендеп кеткен.

Ал қор рыногындағы жағдайды және бағалы қағаздарды сатып алуды  Қазпоштада орналасқан  қор рыногының  филиалдарынан  білуге болады.

Әрине, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы басқа қаржылық нарық секторларына  қарағанда, кейінірек дамыса да бүгінде елеулі табыстарға жетті.

        Бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттары мыналар болды:

  • Ішкі институционалдық инвесторларды дамыту;
  • Бағалы қағаздар рыногының және олардың туындыларының сапасын жақсартуды ынталандыру және қаржы құралдарының жаңа түрлерін енгізу;
  • Инвесторлардың құқықтарын қорғауды жетілдіру және зейнетақы мен резервтік активтердің сақталуын қамтамасыз ету;
  • Бағалы қағаздар рыногының технологиялық инфрақұрылымын дамыту;
  • Бағалы қағаздар рыногының екі деңгейлі жүйесін одан әрі дамыту;

Ірі институционалдық инвестор ретінде ресурстың ең көп көлемін жинақтаған банктер ретінде екінші деңгейлі банктер, сондай-ақ сақтандыру рыногының даму дәрежесіне қарай сақтандыру ұйымдары дамытатын болады. Сақтандыру ұйымдарын дамыту щеңберінде олардың резервтік активтерін нарықтық бағалау, зейнетақы активтерін бағалаумен бірыңғай стандартқа келтіріледі. Бағалы қағаздар портфелін ұстап отырған брокерлік — дилерлік ұйымдарды және құнды қағаздар рыногының басқа да кәсіби қатысушыларын дамыту, 2004 жылдан бастап олардың капиталдану деңгейін жоғарлату арқылы жетілдіретін болған.

Қазақстандық акциялар мен облигациялардың инвестициялық тартымдылығын арттыру маңызды міндет болып табылады, мұның аясында корпорациялық басқару нормаларының сақталуына, ұсақ акционерлердің құқығы мен мүдделерін қорғаудың қағидаларын, акционерлік қоғамдағы төлем тәртібін және акционерлік қоғам қызметінің ашықтығын нығайтуға, салық заңнамасының бағалы қағаздар бойынша кіріске салық салу бөлігінде жетілдіруге назар аударылатын болды.

 

 

 

 

 

 

 

  1. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА «ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

3.1 Нарықты экономика тұсында мектеп оқушыларына экономикалық білім мен тәрбие берудің қажеттілігі

 

Әрбір оқушының даму мәселесін қарастыруда іс-әрекет ұғымына көп мән  беріледі. Іс-әрекет тұрғысынан қарау оқытуда оқушының белсенділігін арттырады, танымдық әрекеттердің негізін меңгеруде  маңызы зор, сондай-ақ оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін  ескеруге мүмкіндік береді.

Білім мазмұнының құрамында адамның меңгеруі тиіс іс-әрекет түрлері бар. Жаратылыстану ғылымдары әр түрлі  сипаттағы іс-әрекетті ұйымдастыру үшін мүмкіндіктердің көптігін көрсетеді. Ғылыми іс-әрекет ретінде білім мазмұнына  оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру, құрылымы, құрамы арқылы  енеді.

Іс-әрекет  формальды түрде әртүрлі болады және меңгерілетін материал сипатымен, мұғалімнің жеке адамдық ерекшеліктерімен, оқушылардың дайындық деңгейімен анықталады.

Оқытудың нәтижесінде барлық оқушылар дайындықтың міндетті деңгейінде көрсетілген білім мен дағдыларды  меңгеруі тиіс екендігі  экономикалық білім беру бағдарламаларында  атап көрсетілген.

Оқытудың бірнеше мәселелерін, оның ішінде оқушылардың білімі, білік және дағдысы  қандай болуы керектігін көрсететін негізгі құжат – оқу бағдарламалары болып табылады. Бағдарлама тек қана оқу пәнінің мазмұнын ашып қоймай, сонымен бірге оқыту үрдісі мен оның қорытындыларын бақылайды. Бағдарламаның негізгі міндеті —   мектепте білім беру мазмұны мен талабының көрінісін және оқыту үрдісін басқару болып табылады.  Қазіргі уақытта бағдарламалардың қызметін  қайта  қарап,  олардың құрылымын жүзеге асыруда, оның ішінде бағдарламаны оқытудың жоспарланған қорытындыларын анықтап алуда, яғни оқушының білім, білігінің міндетті меңгеруін іріктеуде қолдану оқу үрдісін басқарудың тиімділігін арттырады.

И.И.Кулибаба тұңғыш рет бағдарламаны оқытудың  нәтижесін (пәнді оқыту мақсаттарын және осы пәндегі материалды нақтылау; оқыту обьектілерін жүйелендіру; материалдың берілу тереңдігін және пәнді оқытудағы әртүрлі кезеңдерде білім, білік және дағдылардың нақтылану талабын шектеуді көрсету; білімнің, біліктің  меңгерілу деңгейін көрсететін мазмұнды жақтарының бағдарламада болуын) анықтауды негіз етіп алып, оны қалыптастыруды жүзеге асырды [13].

Білім берудің мазмұнын анықтауда, оқушылардың дамуына, оқушылардың іс-әрекеттерінің барлық түрін бірлікте қолданып оқытудың әдістерін қайта қарау, оқытуда белгілі қорытындыға жету үшін оқыту үрдісіндегі терең оқу мен ой қорытудың білім мен білікке қойылатын талаптарының мәні зор.

Оқушылардың белсенділігін дамытуда міндетті дайындық деңгейін бөле қарау маңызды. Сол арқылы оқушылардың білім мен біліктілігін бақылау жүйесін реттеуге, бақылаудың обьективтілігін және ақпаратталығын арттыруға болады.

  Соңғы кезде дидактикалық және әдістемелік зерттеулердің  көрсеткеніндей, оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар оқу үрдісіне көп әсер етіп отыр.

  Талаптар тек оқушылардың үйренуімен ғана шектеліп қалмайды. Олар мұғалімдерді оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуда белгілі нәтижелерге қол жеткізуге бағыттайды. Талаптар  негізінде оқу пәнінің алдына қойылған білімді қорытындылау мақсатына байланысты бақылау міндетін атқарады. Ал бұл оқушылардың білімін белгілі бір деңгейде қалыптастырады.

Оқушылардың дайындығының талаптары көбіне оқыту мақсаттарын, оның нақтылануының бір саласымен анықталады. Білім беру мақсаттары әртүрлі деңгейде оқыту, тәрбиелеу және дамытудың жоспарлы нәтижелерін жазу арқылы беріледі.

Оқу-тәрбие үрдісіндегі негізгі болып келетін талаптар оқушылардың оқуы мен тәрбиедегі мақсаттарына әсер етеді. Олар білім беру мазмұнымен тығыз байланысты және оқытудың формалары мен әдістеріне әсер етіп, оның жолдарын ұйымдастырып, бағыттайды.

Осыдан барып, бағдарламада оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптары, бір жағынан, оқытудың жалпы мақсаттарының нақты формасы, екінші жағынан, оқушылардың оқитын оқу материалының жаңару сатысы болып қалыптасады.

Білім беру мазмұнын талдау және білім мен біліктілікке деген талаптардың іске асуы кезінде  оқытудың іс-әрекеттік жағына сүйенді, оның кез келген   қорытындысы оқушылардың іс-әрекетінен көрінеді.

 Оқу іс-әрекетін және оқытудың қорытындыларын жазуда белгілі “білім”, “білік”, “дағды” деген терминдермен қоса, “іскерлік”, “жауапкершілік” ұғымдары да қолдандылады.

Іс-әрекет тұрғысынан қарағанда білім іс-әрекет барысында меңгеріледі. Ал жеке тұлға тұрғысынан қарағанда оқушы оны өзінің жеке білімімен жасауы керек. Кез келген дағды мен  білік, ол практикалық немесе теориялық болады, оның бәрі оқушының меңгерген іс-әрекетінің әдісі.

Әр түрлі пәндер бойынша бағдарламадағы оқушылардың меңгеруге тиісті білім мазмұнының көлемі “Талаптар” мазмұнына кіретіні белгілі.

Негізінен білім мен білікке қойылатын талаптар оқытудың нәтижесімен тығыз байланысты. Солар ғана оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын баға критерийі болып шығады.

Жалпы білім мазмұнын жеке тұлға санасын қалыптастыруға, оның ойын дамытуға бағытталған  білім, білік, дағдылар, құзыреттіліктер  жүйесі ретінде қарастыруға болады. Демек, білім берудің негізгі қағидаларын  анықтау – білім мазмұнын таңдау ұстанымдарына тәуелді деуге болады.  Оқу материалдарын іріктеуде  белгілі дидактикалық ұстанымдарды: ғылымилық. тарихилық, тұтастық, жүйелілік, тиімділік, сабақтастық, көрнекілік, бірізділік, жас ерекшелігіне сәйкестілік және соңғы уақытта ұсынылып жүрген:  ұлттық, аймақтық ерекшеліктерін ескеру мен мазмұнның еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму заңдылығына тікелей сәйкес келу  ұстанымдарына міндетті түрде сүйенуіміз қажет.

Білім алушылар тұлғасының ұлттық психологиялық ерекшелігі ұлттық психикалық құрылымға байланысты. Ұлттық психикалық құрылым үш компоненттен тұрады: ол ұлттық сезім, ұлттық салт-дәстүрлер және ұлттық мінез-құлық. Осы үш бірлестік ұлттық мәдени ерекшеліктің шартты белгілері болып табылады.

Жоғарыда айтылғандармен қатар,  білім мазмұнын жетілдіру жұмыстарында басты ескерілетін мәселенің бірі —  болашақ ұрпақ тәрбиесінің негізі боп саналатын  Қазақстан Республикасы азаматтарының осы өлкедегі ата-бабаларының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын оқып үйрену, туған өлке тарихымен тереңірек танысу болуы шарт екендігінде .

 Әлемдік деңгейдегі тарихи тұлғалардың, қазақ ойшылдарының өмірі мен еңбектерін жас ұрпаққа таныстырып, олардың адамгершілік, отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жаңғырта түсуге Қазақстан ғалымдары да өз зерттеулерімен ат салысуда.  Ел президенті : “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді” – деп,  қазіргі таңдағы республика жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығын атап көрсеткен еді.

Бұл орайда, қазақ ойшылдарының атқарған қызметтері мен олардың артқа қалдырған тарихи-педагогикалық мұраларына ерекше назар аудару қажеттілігі, оларды білім мазмұнын таңдауда  орынды да,  тиімді пайдалана білу  әлі де өзекті мәселе болып  қала береді.

Ұлттық тәрбиелілік – бұл адамды белгілі бір ұлттың өкілі, ұлттық дәстүрді, халықтық тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ретінде сипаттайтын адами сапа (қасиет) болып табылады, ол ұлттық тұлғаның таным-білімімен, сана-сезімімен және алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу дәрежесімен – мінез-құлқымен өлшенеді.

 Білім беру барысында оқу іс-әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруға болады. Құзыреттілік қалыптастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға  бағдарланған тапсырмалар қолданылады.

Білім беруді жетілдіру мақсатында құзыреттілікке бағытталған, ұлттық құндылықтармен толықтырылған білім мазмұнын іріктеу мәселесі қазіргі мектепке кеңінен еніп отырған экономика пәнін түзіп жетілдіруде кеңінен  қолданылуда.

Мектепте экономикалық білім беру кеңінен өріс алып отырғанмен оның кей бағыттары әлі де толықтыруларды қажет етуде.  Осыған орай, мектеп оқушыларының салық мәдениетін қалыптастыру экономикалық білімді жетілдіру бағыттарының бірі деуге болады.

Өркениеттің одан әрі қауіпсіз және тұрақты даму үрдісінің перспективалы бағытына білімге негізделген даму жатады. Яғни, әлемнің түкпір-түкпіріндегі және жеке елдердің дамудың тарихи тәжірибесі мен ерекшеліктерін көрсететін жеке әрі жалпы жаһандық білімнің үнемді, ұтымды дамуы мен тиімді пайдаланылуы қамтамасыз етілуі тиіс.

Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база қажет. Яғни дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде салық мәдениеті елеулі орын алады.

Экономикалық білім беруде жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыруда «салық», «салық жүйесі», «салық кодексі», «салық салу» «салықтық бақылау» т.б. ұғымдары  түсіндірілуі  қажет.

Салықтар – экономикадағы ең қарама қайшылықты сұрақтардың бірі. «Сіз және сіздің жанұяңыз қандай негізгі салықтар төлейді?», «Үкімет неге салықтар жинайды?», «Салықтарды кімдер төлеуі керек?». Біздің барлығымыз, қазіргі қоғам үкімет салықтарсыз ештеңе істей алмайтындығын толық түсінгенімізбен, оларды төлеу мәселесі қиын болатыны белгілі. Сондықтан да мектеп білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыруда  ұлы ғұламаларымыздың еңбектерінде көрініс тапқан ұлтық құндылықтарды орынды қолдана білу мүмкіндігін кеңінен пайдалана  білуіміз қажет.

Салық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің зерттелуін салық мәдениетін қалыптастырудың тарихи деректерінен бастасақ, сонау Әмір Темір /1333 жылы/ басқа деректерде /1336 жыл/ заманынан бастауға болады. «Темір жарғысының» маңызды элементі –экономикалық мәселелер. Ол негізінде обьективті көрсеткіші бар салық салу жүйесін жасап шығарды.

 Темірдің салық жинау принципі: ауқатты салық төлеуші мемлекетті байытады деген.  Сондықтан да ол жер өңдеу ісіне, кедейленген жер иесіне қатты көңіл бөлді, жер өңдейтін құрал саймандар бөлді, арықтың, жолдың дұрыс күйде болуын қадағалады, көпірлер, керуен сарайлары салынды, саяхатшылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Демек, сонау заманннан бастап, салық жүйесінің қалыптасуына негіз салынған. [28] 

Әл-Фараби ілімі тәрбиенің әрбір қоғам кезіндегі (феодализм, капитализм) әлеуметтік мәнін ашып, экономика, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесінің мәселесін қарастырды.

Халқымыздың ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтардың  еңбектерінде де көрініс тапқан.

Оқушылардың экономикалық тәрбие мәселесіне арналған бірқататар жұмыстарда еңбекке оң көзқарас пен қоғамдық меншікке ұқыптылық арасындағы байланысты қалыптастыру қарастырылды.

Абай жастарға үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ұждан қай дәуірде болмасын көнермейтін, адамды қиыншылық атаулыдан аман-есен алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің нұсқасы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз – нысаны екені даусыз.

Сәкен Өзбекұлының “Нарықтық қатынастар туралы ойлар” деген мақаласында Абайдың нарықтық көзқарастары біршама дұрыс та жан-жақты сараланғандығын көруге болады. Атап айтқанда, ғалым мақаласында былай дейді: “… Абай өз заманының талаптарынан көп алға кетіп, көргендік пікірлермен қазіргі нарықтық қатынастар, бизнесті ұйымдастыру, еркін кәсіпкерлік, капиталдың алғашқы кезеңінде қалыптасуы, меншік құқын иелену, пайдалану, билеу сияқты мәселелерге сол кездің өзінде-ақ жауап іздеген”. Абайдың өз дәуірінде айтқан пікірлері бүгінгі заманның талаптарымен ұштасып жатқанын анық аңғарамыз.

 Ал Абай Құнанбаев еңбектеріне талдау жасап, Қазақстандағы экономикалық ой-пікірлердің дамуын зерттеген экономика ғылымдарының докторы, профессор Дүйсенхан Кабдиевтің еңбектерінен аңғарамыз.

“Абай Құнанбаев өзінің творчестволық еңбектерінде көптеген экономикалық мәселелерді көтеріп, оны ағартушылық және демократиялық көзқараспен шешіп отырған. Көшпелі халқымыздың шаруашылығын жақсы білетін ол Қазақстанның экономикалық даму болашағы құнды пікірлер айтқан. Бұл пікірлері тарихи жағынан оқшаулау болғанымен қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық пікірлерінің оянуына үлкен үлес қосқан”  [29] 

Шоқан Уәлихановтың күллі еңбектерінің темірқазығы – қоғамның шаруашылық-экономикалық проблемаларына арналған зерттеулері. Бұған «Қазақтардың қонысы туралы», «Мал шаруашылығы – халық байлығы», «Өнеркәсіп және сауда», «Өнеркәсіп және ақша системасы» сияқты еңбектері жатады.

Шоқан еңбектерінде өнеркәсіп пен сауда мәселелеріне де елеулі орын берілген. Шаруашылық феодалдық-отаршылдық шырмауында болуының салдарынан Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда өнеркәсіп өте баяу дамығаны мәлім. Патша өкіметі өнеркәсіптің өркендеуіне әдейі кедергі келтіріп отырды. Бұл енді Ресейдің қосымша шикізат базасы деп есептеді. Қазақ халқының экономикалық жағынан дамуы Шоқанның негізгі арманы болды, бірақ, ол арманы тек біздің заманымызда ғана жүзеге аса бастады.

Шоқан еңбектерінде патша өкіметінің Қазақстанда жүргізген экономикалық саясатына айтылған құнды сын пікірлер де кездеседі.

ХІХ ғасырдың орта кезінде әр жүздің қазақтары Ресейге әртүрлі салықтар төлеп келді. Мысалы кіші жүздіктер жыл сайын түндік басына 1 сом 50 тиыннан күміс ақша есебімен үй салығы төлесе, ал орта жүздіктер әр жүз мал басынан бір мал төлеп отырды. Ал кейбір жерлерде көлік беру салығы деген түрлері де болды. Бұл салықтардың түрімен бірге салмағы да ауырлай түсті. Мысалы, 1822 жылы «Сібір қазақстарының уставы» бойынша салық жоғарылап, әр жылқыдан 18 сом, сиырдан 8 сом, қой-ешкіден 1 сом күміс жиналатын болған. [30]. 

Ғалым Шоқан өзінің салық туралы мақалаларында мұндай жайлардың заңсыз екенін дәлелдейді. Әсіресе, ешбір заңға симайтын «көлік міну салығына» қарсы шыққан. «Қазақтардың көлік міну салығында ешқандай тәртіп болмайтын»,-деп көрсетті ол. Чиновниктердің көпшілігі қазірдің өзінде бір сапар үстінде 40-60 жылқы алады және иелеріне ештеңе төлемейді. Кейбір жалға алған аттарды қайтармай кетуі де жиі кездеседі». Патша чиновниктерінің осындай бассыздық пиғылдарын көрсете келіп, Шоқан өкімет орындарынан олардың жолсыздық істерін қатаң жазалауды талап етеді. 

Қазақ халқының ағартушысы Ы.Алтынсарин мектепте берілетін экономикалық тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіру тұрғысынан бағалады.  Ыбырай  Алтынсарин бүкіл өмірін мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, еңбекпен айналысуға үндеді. Оқу-ағарту ісіне Ыбырай енгізген жаңалық қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесін көтере білді. Ол қазақ халқының шаруашылық-экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мән берді: қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастырды.

Қазіргі уақытта Ы.Алтынсарин еңбектерінің, идеяларының оқушыларға экономикалық білім беруде маңызы зор. Ол еңбектерінде жастарды сабырлыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке үйрете отырып тәрбиелеуді мақсат еткенін көреміз. [31]. 

Ы.Алтынсариннің көлемі шағын әңгімелерінде еңбек, байлық, кәсіпкерлікті үйрену, баюдың жолдары жолдары нақты мысалмен түсінікті жазылған. Оның «Малды пайдаға жарату», «Дүние қалай етсең табылады», «Білімнің пайдасы», «Қыпшақ Сейтқұл», «Петр патшаның тергелгені», «Мұжық пен жасауыл», «Жомарт», «Сараңдық пен жинақылық» деген т.б. әлеуметтік-экономикалық тәрбиесі зор шығармалар болып табылады. . [32]. 

Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде салық тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны кең және терең зерттелген. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде салықтар экономика мен әлеуметтік хал-аһуалын тұрақты дамытудағы реттеушілік қасиеттері бюджеттік қатынастар мүмкіншілігіне тікелей басқару әдістері ретінде қолданылады.

Салық ауыртпалығын жеңілдетуді жүргізу әртүрлі меншіктегі экономиканың өсу мүмкіндігін туғызу болса, көлеңкелі экономиканың қысқарып, болашақтағы экономиканың өсімі негізгі бюджеттік кірістердегі салық түсімдерін молайту.

Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі болып қоғамда өркениетті салықтық қатынастар мен халықтың барлық топтарының салықтық мәдениетінің бар болып саналатындығы баршаға мәлім.  Қабылданған салықтық құқықтық  заңдардың іске асырылуы кәсіби білім мен салық мәдениеттіне тікелей байланысты деуге болады.

Халқымыздың ұлы ғұламаларының еңбектеріндегі ұлттық құндылықтарды мектеп білім алушыларының экономикалық  білімін жетілдіруде  қолдану білім сапасының артуына септігін тигізуде.

 

 

 

   3.2  Мектеп оқушыларына  «Экономикалық негіздері» пәні бойынша сабақ берудің үлгілерін талдау

 

12 жылдық білім беру жағдайындағы басты талаптардың бірі – оқушылардың өз беттерінше білім алуы және шығармашылық тұрғыдан іс-әрекет етуі. Сондықтан, мұғалімнің оқушыларға беретін тапсырмалары да олардың қызығушылығын оятып, шығармашылық көзқараспен іске асыруға және өз өмірлерінде тұрақты пайдаланып дағдыға айналдыруларына бағыт-бағдар беретіндей болғаны жөн.

Мектеп оқушыларының экономикалық білім мен тәрбиені жоғары деңгейде игеруіне мұғалімнің сабақ барысында қолданатын оқытудың инновациялық әдістері де тікелей әсер етеді. Қазіргі кезде экономика пәнін оқытудағы пайдаланып жүрген интерактивті әдістерде сан алуан. Олар  оқушылардың экономикалық құбылыстарды терең түсінулеріне, өмірлік тәжірибелерінде өздері және айналасындағылардың кеңінен пайдалануларына жол ашады. Интерактивті әдістердің келесідей негізгі түрлері бар: миға шабуыл, сызба арқылы түсіндіру, проблемалық мәселелер, іскерлік ойындар, есеп шығару, пікірталас, эссе жазу және т.б. Мұғалім бұл оқытудың әдістерін сабақ барысында оқушылардың ыңғайына қарай қолданады. Кейбір әдістер сабақтың барлық түрлерінде пайдаланылады. Мәселен, проблемалық сұрақтарды күнделікті және қайталау сабақтарында да қоюға болады. Сонымен бірге мұғалімнің әр әдісті сабақтың басында немесе соңында да пайдалану мүмкіндігі бар. Ол әр мұғалімнің сабақ жүргізу шеберлігіне, білімділігіне және біліктілігіне байланысты.

Оқушының отансүйгіштік сезімдерін оятуға және  адамгершілік қасиеттерін  анықтауға   бағытталған проблемалық мәселелер көтеруге болады. Мысалы, ҚР мұнайды тиімді пайдалануға байланысты қандай ұсыныстарың бар?, Еліміздегі мүгедек жасөспірімдердің жағдайын жақсарту үшін қандай іс-шаралар жүргізуге болады? деген сияқты сұрақтар кеңінен қолданылады.

Оқушылардың мемлекеттік мүлікке жауапкершілікпен қарауға көзқарасты өзгертуге байланысты есептер құрастыруға болады.

Жастардың қаржы жүйесіне көзқарастарын өзгертуге, яғни отбасы бюджетінің шығындары мен кірістерін есептеуге, ақша қаражатын тиімді пайдалануға, оны үнемдеуге  байланысты  есеп күнделігін жүргізуге ықпал ету қажет. Сабақ сайын күнделіктің орындалуына бақылау жасап, оның әрі қарай дағдыға айналуына әсер ететін ынталандыру әдістерін қарастыруға болады.

Ақшаны тиімді және үнемді жүргізуге байланысты дамыған елдердің тәжірибесін пайдаланып, екінші деңгейлі банктер жасөспірімдерге банктік салымдар ашуға мүмкіндіктер жасауға болады. Ол біріншіден, оқушыны экономикалық терминдерді білуге жағдай жасайды, екіншіден, банктің қызметтерімен танысуға және ақшаны есептеуге мүмкіндік береді.

Осы қаржы жүйесінде келешегі мол саланың бірі- бағалы қағаздар рыногы. Екінші тарауда бағалы қағаздар рыногы туралы кең мәліметтер берілді. Бұл рыноктың халық үшін де, экономикаға да тигізетін әсері орасан зор. Бірақ, бүгінгі күні  еліміздегі бағалы қағаздар рыногының дамуы жоғары деңгейде деп айтуға әлі ерте. Әсіресе, бағалы қағаздар туралы ақпараттар халық арасында өте аз. Сондықтан, Үкімет «Халық ІРО» атты бағдарламаны іске асыру арқылы халық бағалы қағаздарды сатып алып, инвесторға айналмақшы. Ал, мектептерде жүргізілетін «Экономика негіздері» және «Қаржылық сауаттылық» пәндері арқылы  бұл тақырыптың теориялық және тәжірибелік мазмұны жоғары сынып оқушыларына оқытылады.                       

Осы тақырып бойынша сабақ берудің үлгісі беріледі.

          Бұл тақырып бойынша сабақты тек сыныпта ғана емес, сыныптан тыс жерде де ойын түрінде өтуге болады.

 

Тақырып: «Бағалы қағаздар рыногы»

Сабақтың мақсаты:

            1.Білімділік:оқушыларды бағалы қағаздар рыногының мәні, түрлері және  оның ҚР бүгінгі жағдайымен таныстыру.

2.Дамытушылық:оқушылардың қаржылық ойлау қабілеттіліктерін арттыру. Жаңа рынок туралы ақпаратқа шығармашылықпен қарау.

           3.Тәрбиелілік:экономикалық сананы және нарықты экономикадағы бағалы қағаздар туралы пікірін қалыптастыру. Келешекте бағалы қағаздарды табыс көзі ретінде пайдалану туралы ой қалыптастыру. экономикалық сауатты, іскер және бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, слайдтар, карточкалар, есептер құрастыру.

Сабақтың түрі: әңгіме-анализ, практикалық жұмыс.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті әдістерді қолданып оқыту.

Пәнаралық байланыс: тарих, әлеуметтану

Сабақ барысы:                    

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

ә) сабақтың мақсаты мен шартын жариялау.

  1. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  3. Үйге тапсырма беру

Жаңа сабақ:

     Бағалы қағаз – капиталдың ерекше формасы. Ол жеке ресурстарға мүліктік құқықты куәландыратын құжат.

     Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктермен сипатталады: ақшаны қаражатқа айырбастау мүмкіндігі, сату-сатып алуға, эмитентке қайта сатуға, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Оларды есеп айырысу кезінде қолдануға кепіл ретінде пайдалануға болады.

      Бағалы қағаздар рыногының пайда болуы, бағалы қағаздардың түрлері және тақырыпқа байланысты басқа да түсініктемені тірек сызба арқылы көрсетуге болады. Мысалы:

Бағалы қағаздар рыногының дамуы

 

       
 

XIII-XIV ғасырларда Нидерландыда

пайда  болды

Антверпен (1531)  биржасы

 

 

 

Англияда 16-17 ғасырларда

Ост-Үндістан компаниясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалы қағаздардың түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалы қағаздар рыногы – бағалы қағаздардың шығарылымы, айналысы және өтеу бойынша нарық қатысушылар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздарды рынокқа шығаратындар эмитенттер, ал оларды сатып алушылар инвесторлар деп аталады. 

Қазіргі кездегі бағалы қағаздар рыногы қалыптасып даму сатысында. Инвесторлар қатарында халықтың үлесі аз. Ол мынадай себептерге байланысты: біріншіден, бағалы қағаздар туралы білімнің төмендігі; екіншіден, Көпшілік халықтың табыс деңгейі төмен. Қазіргі кезде Үкімет «Халық ІРО» бағдарламасын іске асыруда. 

Бағалы қағаздар рыногы бағалы қағаздарды сатып алушыларға (инвестор) табыс(дивидент) табуға, ал сатушы (эмитентке) кәсіпорынды дамытуға қаржы қорын жинауға мүмкіндік береді.

        Жаңа сабақты бекіту:

      Сонымен қатар келесідей кесте арқылы өткенді қайталауға болады.

     Дұрысын анықта.

1. Эмитент 

 

A.  Инвестор, кәсіпкер, дилер.

2.Бағалы қағаздар рыногы

 

B. Бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс тепе теңдігі

 

3. Қор биржасының ойыншылары

 

C. Акцияны шығарушы

 

4.Акциядан түсетін табыс

 

D. Мемлекеттік бюджет шығындарын толтыруға

 

5.Мемлекеттік бағалы қағаздар сатылады

 

E. Дивидент

6. «ХалықІРО» мақсаты

 

З. Жәй және артықшылықты

 

7. Акцияның түрлері

Ж. Халықты инвестор болуға тарту

8.  Акцияға тән

 

H. Делдалдық

9.Брокердің қызметі

 

I.Тәуекелділік

 

10.  Номиналды баға

Г. Бастапқы баға

 

 

Жауаптары: 1 – С, 2 – В, 3 – А, 4 – Е,  5 – Д,  6 – Ж,  7 – З , 8 – І, 9 – Н,  10 –Г. Үй тапсырмасы: 1) Қазақтелеком мен автомобиль өндіруші зауыттың қайсысының акцияларын таңдайсыңдар? Не себепті?

2) 2011жылғы қараша айындағы КАSЕ индекісінің динамикасын талдау.

Эмитенттердің

элементі

Айдың соңындағы (тенге)

1 айдағы % өзгеріс

1. Халықтық банк

210

 

217

-3,2

-5,6

2.Казкоммерц банк

221

 

248

-10,9

 

-4,6

3.Банк центр кредит

290

 

315

-7,9

-9,6

4.Қазмұнайгаз

13890

15100

-8,0

11,4

5. ENPC

1465,9

1610

-11,1

16,7

6. Казахмыс

2080

2400

-8,0

23,3

7.Казахтелеком

17500

1700

-1,1

-3,4

 

Осы тақырып бойынша  сабақ беру барысында интерактивті әдістердің бір қатары қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта айтқанда,  Қазақстан егемендігін алғаннан бері білімді реформалау мәселесі 1992, 1999, 2007 қабылданған «Білім туралы» заңдарда орын алды, мәселен, 1992 жылғы заңда негізгі  оқу жоспарларынан басқа 25 вариантты оқу жоспарлары ұсынылған болса,   1999 және 2007 жылғы заңда 25 вариативтік оқу жоспарлары оқушының өз қалаған білімін таңдап бейіндік білім алуға мүмкіндік беретін болды. Осының бәрі егеменді Қазақстанның білім саласын жетілдіру мен  он екі жылдыққа көшу жолындағы ізденіс. Өйткені, елімізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесін құру  қажет болды. Жаңа білім жүйесі  қазіргі қоғамның дамуына өмірге жан-жақты дайындалған, еңбек сүйгіш, өздігінен білім алуға, өзін іс- жүзінде көрсетуге, өзін — өзі дамытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын  игеруге дайын, өз мүддесін іскерлікпен ұштастыра білетін,  жан-жақты шығармашыл тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік береді.      

          Қазіргі кездегі дамыған елдердің білім беру жүйесі тәжірибесін зерттеу, экономиканың дамуына бірден бір әсер етуші  фактор – 12 жылдық оқыту жүйесі екенін көрсетті. Әрине, әр елдің білім беру және тәрбие саласында өзіндік ерекшелігі мен артықшылығы бар, тіпті кемшілігі де болады, осы себепті де біз Қазақстан республикасындағы оқушыға білім беру мен тәрбиені жан-жақты дамыту мақсатында шетелдік 12 жылдық білім берудің тек оң және тиімді жақтарын алуды ұсынамыз.  Мысалы,  АҚШ пен Францияның балаларды мектепке дейінгі дайындау  тәжірбиесіне, Германиядағы бейіндік оқытуда пәндерді блоктарға біріктіру тәжірибесіне,  Қытайдың мектеп оқушыларын адамгершілікке, әлеуметтендірілуіне көп көңіл бөлу және ғылыми жұмыс әдістеріне баулуына, Скандинавия елдерінің оқу үдерісін демократияландыруына баса назар аударған абзал болар еді.  Сондай –ақ,  Жапониядағы сияқты орта білімнің жоғары сатысында бейіндік оқыту бағыттарын кеңейту мүмкіндігін қарастырған да жөн.  Сонымен қатар, білім саласында өзгерістер енгізу барысында міндетті түрде оны елдің тарихи дәстүріне, мақсатына, өндірісі мен мәдениет сұранысына бейімдеу керек.

        Болашақта ұстаздар жаңа заманның оқушыларына тәлім-тәрбие беруде оқушылардың өмір тәжірибесіне сүйеніп, пәнаралық байланысты пайдаланып, тәлім – тәрбиені әр саладан, соның ішінде экономикалық білім мен тәрбие беруге болатыны белгілі.          

       Еліміздегі экономика пәнінің мақсаты – жастарды болашақта лайықты өмір деңгейіне көтерілу үшін бизнес пен экономикаға үйрету, жеке кәсіпкерлікті бағалауға, ынталандыру мен нарықты зерттеуге дағдыландыру. Ол балалардың лидерлік қабілетін дамытуға, іскерлікке, жауапкершілікке, өз қаражатын білуіне немесе қаржылық есепті меңгеру ісінде сауаттылығын дамытуға да көмегі зор.

        Жалпы алғанда экономика сабағы тарих, құқық негіздері, математика, география, бейнелеу өнері, еңбек пәндерімен тығыз байланысты.  Кезкелген пән мұғалімі өз сабақтары  арқылы оқушыларға экономикалық білім мен тәрбиені қалыптастыруға мүмкіндіктерін пайдалануға болады.

       Экономикалық тәрбие – бұл оқушының экономикалық санасын қалыптастыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылған педагогикалық әрекет. Бұл салада тәрбиелік жұмыстар бекітіліп, сол арқылы қызықты да мазмұнды іс-шаралар өте алады. Экономикалық тәрбие тек пәнді оқыту барысында ғана оқушылардың бойында қалыптасып қоймайды. Ол сабақтан тыс уақыттарда өткізілетін қаржы қызметкерлерімен кездесу, қор биржаларына экскурсия, «Биржа» ойындары сияқты іс-шараларда жүзеге асырылады. Мұндай іс-шаралар алдын ала белгіленген жоспармен емес еркін орындалады.     

      Әрине, негізгі экономикалық білім мен тәрбие арнаулы «Экономика негіздері» пәнін оқыту сабақтары арқылы іске асырылады. Оқушының алған білім деңгейі мен тәрбиесі мұғалімнің сабақ жүргізу шеберлігіне, яғни оның білімі, біліктілігі және әдіскерлік қабілеттіліктеріне байланысты.

    Қазіргі кездегі басты мақсат 12 жылдық білім беру талаптарына сай сабақ өткізіп, оқушыларды жан-жақты білімді, тәрбиелі және отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 2010ж. 7 желтоқсан
  2. Назарабаев Н.Ә. «Қазақстан өздамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Жолдау Астана 2006       
  3. Назарабаев Н.Ә.Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдау   2011 ж.
  4. Назарабаев Н.Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдау 2012ж. 28 қаңтар
  5. Құсайынов А.К., Сарыбеков М.Н. Основные направления совершенствования ГОСО по педагогическим специальностям. Труды республиканской научно-практической конференции «О ходе реализации гоударственной программы развития образования в республике Казахстан на 2005-2010 годы». В системе высшего и послевузовского образования Түркістан. 2005
  6. “Білім туралы” заң            07.2007
  7. Назарбаев Н.Ә. “Қазақстан әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты”Астана 2008
  8. АӨҚО-ның «МЕН — ИНВЕСТОРМЫН». Оқулық Алматы 2008.
  9. Көшенова Б.А.Бағалы қағаздар рыногы. Оқулық — Алматы., 2000
  10. АӨҚО-ның «Қор рыногы бойынша жол көрсеткіш», Алматы-2007
  11. Сейткасимов Т.С., Ильясов А.А., Ценные бумаги и фондовый рынок. —  Алматы., 2006
  12. // РЦБК № 2   желтоқсан         2011 
  13. Абдрахманова Г.Т., Жумабаева З.С.,Рынок ценных бумаг: особенности
  14. функционирования в Казахстане.- Алматы., 2002
  15. Арыстанбаева С. Организация эффективного размещения финансовых ресурсов на рынке ценных бумаг // Қаржы қаражат №4 2005 
  16. Алпысов А., «Прямые ивестиции или бремя долгов»,. //РЦБК №11 2009
  17. Ахметқызы Б., Ақшаны сақтау жолдары., //Экономика негіздері: мектепте,  колледжде  және ЖОО-де оқыту.,   №5     2007
  18. Банки казахстана №12 2004
  19. Байганин Е. Становление и развитие рынка корпоративных облигации в Республике Казахстан // Рынок ценных бумаг№5 2005
  20. Бахиев Д., Қаржы рыногының экономикалық мәні мен құрылымы., //Экономика негіздері: мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту., №1 2006
  21. Бертаева К.,Управление деятельностью финансовых инсттитутов.,// Қаржы-қаражат., №1 2007 
  22. Важинская Е. Итоги развития биржевого фондового рынка за 2005 // Рынок ценных бумаг №1-2   2006
  23. Ғобитаев К., Странные риски и оценка рисков при кредитовании под залог финансовых институтов., // Экономика негіздері: мектепте,колледже және ЖОО-да оқыту., №1 2007
  24. Джуматова А.К. Деятельность Инвестиционного Фонда Р.К на рынке ценных бумаг // Банки Казахстана №6 2008  
  25. Есенов Б. Перспективы совершенствования казахстанского фондового рынка // Рынок ценных бумаг №11 2005
  26. Жатканбаев Е.Б., Агальцова С.В.Рынок государственных ценных бумаг.
  27. Алматы., 2007
  28. Косолапов Г. Интеграционные процессы в корпоративном секторе и фондовый рынок // Рынок ценных бумаг №13 2005
  29. Мегадин В. Итоги развития биржевого фондового рынка за 2008 год // Рынок ценных бумаг  № 2   2009
  30. Никифирова Е.А. Фондовый рынок Казахстана: инструменты и механизмы функционирования, Алматы, 2008
  31. Оспанов А. Перспективы развития рынка ценных бумаг в Республике Казахстан // Рынок ценных бумаг №5
  32. Омарбаева А.К. «Инвестициялық жобаларды қаржыландыру формалары және оларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жолдары» // Қаржы-қаражат №3-4
  33. Супугалиева Г.И. Банк аясындағы инвестициялау // Вестник КазНу — 2004
  34. Сарсенбаева Ж.И. Проблемы долгового рынка ценных бумаг Республики Казахстан // Мир финансов №1 2006
  35. Тұсаева Ә.Қ. «ҚР бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу: қажеттілігі, алғышарттары және мәселелері» // Қаржы-қаражат.№5   2008
  36. Укина Н.К. «Астық – қазына, бірақ нашар кепіл». Экономикалық шолу // ҚР Ұлттық банкі, 2005  
  37. АӨҚО-ның «Қор рыногы бойынша жол көрсеткіш», Алматы-2007.
  38. //РЦБК «Обзор рынка события, факты»  2009 
  39. Internet  Kz
  40. «Халық IPO» бағдарламасы Ақ жол    12 мамыр  2012