ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары
«050115 – Құқық және экономика негіздері» — мамандығы
Алматы 2013
Мазмұны
Кіріспе
- Зияткерлік меншіктің экономикалық мәні және
маныздылығы……….
1.1. Зияткерлік меншіктің түсінігі және түрлері…………
1.2. Зияткерліктің меншік объектілері және оларды бағалау әдістері………………
1.3. Зияткерлік меншік дамуының әлемдік тәжірибесі…………..
1.4. Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншіктің эволюциясы………………….
- Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік институтын жетілдіру мәселелері………….
2.1. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі зияткерлік меншіктің орны мен рөлі……………………………….
2.2. Зияткерлік меншік институтын жетілдірудің экономикалық-құқықтың механизмі…………………..
2.3. Қазақстан Республикасының меншіктік жүйесі және оны жетілдіру мәселелері……………………………………………..
Қорытынды……………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………….
Қосымшалар……………………………………………..
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Зияткерлік (интеллектуалдық) меншік қазіргі кәсіби ортадағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда,зияткерлік меншік заңмен қорғалатын адамдық сананың өнімі,шығармашылықтың нәтижесі болып табылады. Бұл- материалдық емес субстанция. Оны қолмен сезуге болмайды; оның ұзындығы, ені мен биіктігі болмайды; ол салмақсыз және оның көлеңкесі, түсі,дәмі немесі иісі жоқ.
Зияткерлік меншікті материалдық ресурсты сияқты сатып алуға,сатуға және жалдауға болады. Оны материалдық ресурстысияқты абайсызда жоғалтып алуға немесе жоюға болады.Ол шабыт пайда болған кезде кенеттен немесе көптеген жылдар бойы еңбек ету нәтижесінде дүниеге келуі мүмкін.Ол бір мезетте жоғалып кетуі немесе мәңгі өмір сүруі мүмкін.
Өзінің сипаттамасына қарай зияткерлік меншіктің экономикалық құны көптеген жағдайда өте жоғары болады.Бұл құнды көп жағдайларда есеп беруде көрсетпейді,есепке алмайды және толық бағаламайды.Кәсіпкерліктік тұрғыда,ол жаңа нарықтық мүмкіншіліктерді ашады немесе керісінше,қауіп тудыруы мүмкін.Бұл,әрине,зияткерлік меншікті басқаратын тұлғаға тікелей байланысты.
Ұйымның өмірлік циклының түрлі сатыларына зияткерлік меншік көптеген мүмкіншіліктерге жол ашады. Ол ұйымның бастапқы қызметі үшін немесе тіпті түгел сала үшін негіз(бастапқы капитал)құра алады. Сонымен қатар,зияткерлік меншік дамушы ұйымдарға жаңа тауарларды немесе қызметтерді ұсына алады, ал дамыған салалардың олардың бәсеке артықшылықтарының негізін құрады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттің,ұлттың және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатын алға қояды. Бұл үдерісте негізгі рөлді біздің мемлекетімізде құрылған зияткерлік меншіктің бәсекеге қабілеттілігін, оның коммерциялауға даярлығы, тиімді қолдануы атқарады. Бүгінгі күні зияткерлік меншік қоғамдық үдерістің анықтаушы факторына айналуда, ал зияткерлік еңбектің нәтижелері қоғамның әл-ауқаттылығын қамтамасыз ететін экономикалық айналымның негізгі объектісі болып табылады. [1]
Қазақстан зияткерлік меншік құқығы саласында дүниежүзілік стандарттардың белгілі бір минимумына жетті десек болады. Зияткерлік меншік саласында 10 халықаралық келісімдер, 5 заңдар және 20-дан астам заңға сүйенген нормативтік құқықтық актілер жұмыс істейді. Ұлттық құқықтық базаны зияткерлік меншікке қатысты ҚР-ның аса мәнді келесі заңдары құрайды: 1996ж. 10маусымнан «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»; 1999ж. 16 шілдесінен (соңғы редакциясы 2007 жылдың наурызынан) «Қазақстан Республикасының патент заңы»; 1999ж. 26 шілдесінен «Тауар таңбалары, көрсету таңбалары және шығарылған жерлердің атаулары туралы»; 1999ж. 13 маусымынан «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы»; 2001ж. 29 маусымынан «Интегралды микротәсілдер топологиясын құқықтық қорғау туралы». Бұл заңдардың дамуы арқасында көптеген нормативтік құжаттар және ведомстволық актілер өңделген.
Қорғау құжаттарымен қорғалатын жаңа технологияларды, өнертабыстарды және өнеркәсіптік меншіктің басқа да объектілерін экономикалық айналымға енгізуді зияткерлік – инновациялық даму қарастырады.
Зияткерлік меншік объектілерін жасайтына авторлардың шығармашылығы мемлекеттің инновациялық дамуының анықтаушы факторлардың бірі болып табылады. Зияткерлік әлеуеттің дамуы ғылыми жұмвстарды жүргізуді, мамандарды дайындауды, тәжірибиемен алмасуды, лицензияларды және ноу – хауды иеленуді, ақпараттық қамтамасыз етуді, инвестиялармен қамтамасыз етіп қана қоймайда, ол құқықтық саланы шығармашылық қызмет саласымен біріктіреді.
Қазақстанда зияткерлік меншік институты бірте-бірте неғұрлым нәтижелі және талап ететіндей бола бастады. Нақтырақ айтсақ, барлық зияткерлік меншік субъектілерінің зияткерлік меншік объектілерін қолдануының ақырғы нәтижесіне деген құштарлығы мемлекет алдында тұрған мақсаттарды табысты шешуге мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Диплом жұмысының мақсаты-зияткерлік меншік институтын кешенді зерттеу негізінде, отандық және шетел тәжірибесін талдай отырып, бұл саланы жетілдіруге бағытталған әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстарды зерттеп пайымдау, оларды болашақта пайдалана білу.
Қойылған мақсатқа жету үшін диплом жұмысының құрылымының анықтайтын белгілі бір міндеттер қойылған:
- зияткерлік меншіктің теориялық негіздерін зерттеп, менгеру:
- зияткерлік меншік объектілерінің түрлерін анықтау:
- зияткерлік меншік дамуының әлемдік тәжіибесін зерттеу:
- Қазақстандағы зияткерлік меншік институтын, оның ішінде ұлттық патент жүйесін жетілдіруге ұсыныстар жасауды талаптану.
Диплом жұмысының пәні – Қазақстанның қазіргі жағдайындағы зияткерлік меншік институтын жетілдіруін талдау.
Диплом жұмысы зияткерлік меншік институтын базалық қағидаларын баяндауға арналған. Логикаға сай зерттеу жұмысы үш тараудан, жеті баптан құралған.
Бірінші тарауда зияткерлік меншіктің теориялық негіздері қаралса, екінші тарауда ҚР – дағы зияткерлік меншіктің эволюциясы, ал үшінші тарауда ҚР зияткерлік меншік институтын жетілдіру мәселелері зерттелген.
Диплом жұмысының ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының заңдық актілері, отандық және шетелдік ғалымдардың экономика, құқық және білім беру саласындағы әдебиеттері, Қазақстанда және шетелдерде жарыққа шығатын газеттер мен журналдар құрады.
- ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
- Зияткерлік меншіктің түсініг және түрлері.
Зияткерлік меншіктің осы заманға сай түсінігі зияткерлік қызмет нәтижелеріне деген қоғамдық көзқарастардың эволюциялық қорытындысы болып табылады. Тарихтың соңғы 400 – 500 жылдары осыны дәлелдеп келеді.
Зияткерлік меншіктің құрылуы адам қоғамының дамуының тан сәрісінде басталғанына қарамастан (яғни, авторлық құқық), ал оның дамуына (негізінде, өнер кәсіптік меншіктің) ХІІ ғасырда өнеркәсіптің, ғылым мен білімнің дамуы түрткі болды. Зияткерлік меншікті қорғаудың тұтас жүйесі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында құрыла бастады.
Зияткерлік меншік терминнің өзі бірден мойындалмады: 1971 жылдың басында өткен Францияның Құрылтай жиналысында өнертабыстар туралы заңды талқылау кезінде өнеркәсіптік меншік термині, содан соң әдеби – көркемдік меншік термині пайда болды. Зияткерлік меншік терминін ХVІІІ және ХІХ ғасырларда теоретиктер де, заңгерлер мен экономистер де эпизодтық түрде қолданды. Бірақ 1967 жылы Женвада Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДИМҰ) құрылуымен бұл термин кеңінен қолданыла бастады ДИМҰ-ның құрылтай құжаттарына сәйкес зияткерлік меншік құқықтарына:
- әдеби, көркем және ғылыми туындылар;
— артисттердің, дыбыс жазудың, радио және теледидарлық арналардың орындаушылық қызметі;
— адамдық қызметтің барлық өнертабыстары;
— ғылыми жаналықтар;
— өнеркәсіптік үлгілер;
— тауарлық белгілер, қызмет ету белгілері, фирмалық атаулар және сауда белгілері;
— әділетсіз бәсеге қарсы қорғаныс;
сонымен қатар,өндірістік, ғылыми, әдеби және көркемдік қызмет аясындағы зияткерлік қызметке қатысты басқа да құқықтар жатады.(Зияткерлік меншіктің дүниежүзілік ұйымының 1967 жылдың 14 шілдесінде стокгольмде қабылданған конвенциясы бойынша).
Кейін ДИМҰ қызметі аясына географиялық нұсқаулар, өсімдіктердің жаңа сорттары және малдың тұқымдары, интегралды микросхемалар, радиобелгілер, ақпарат базалары, домендік аттарға қатысты ерекше құқықтар қосылған болатын. Кейде зияткерлік меншікке әділетсіз бәсеке және сауда құпиясы туралы заңдарды қосады, бірақ олар өздерінің контрукциялары бойынша ерекше құқықтар болып табылмайды.
Сонымен, зияткерлік меншік – тұлғаға уақытша иеленуді, тауарлық белгілерге жұмыс істейтін куәліктерді және жұмыс істейтін патенттерді иемденуді түсіндіреді. Зияткерлік меншік терминінің толық мазмұны көптеген арнайы әдебиеттерде толық айқындалмаған.
Зияткерлік меншіктің субстанционалды негіздерін экономикалық категория ретінде қарастыру күрделі, әрі мәнді мәселе. Зияткерлік меншік ұғымын анықтау кезіндегі туындайтын қиындықтар кейбір себептерге байланысты болып отыр. Біріншіден, экономикалық әдебиеттерде бұл мәселенің жеткіліксіз өңделеуі; екіншіден, зияткерлік меншік ұғымының негізінде құқықтық түсініктің басым болуы; үшіншіден, зияткерлік меншік саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік және заң актілеріндегі бұл ұғымның қалыптасуының анық еместегі және де «зияткерлік меншік» терминінің өзінінің күрделігінен және көп қырлығынан болса керек.
Зияткерлік меншіктің экономикалық талдауы мазмұнының негізгі алғы шарттары келесідей:
- Зияткерлік қызмет саласында орын алатын экономикалық қатынастар меншік қатынастарының жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады;
- Зияткерлік меншік қатынастары жай өз бетімен алынған қатынастар ғана емес, сонымен қатар, зияткерлік қызмет объектілерін иелену қатынастары болып табылады.
- Зияткерлік меншіктің субстанционалды белгілері оның объектілеріне қарай ерекшеленеді.
Бромберг Г. В. Былай деп белгілейді: «Зияткерлік меншік тек зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелерінің өзі ғана емес, жасалған өнертабыстың пәндік елестеуі түріндегі шығармашылық қызмет нәтижесін қолданудың ерекше құқығы немесе нәтижесінде туындыны қалпына келтіруге мүмкіндік беретін кез келген нысанда жасалаған көркем туындының көшірмесі »[2, 20 б.]
Қазақстандық экономикалық ғылымда зияткерлік меншік ұғымы көбінесе зияткерлік қызмет нәтижелерін коммерциялау контекстінде қарастырылады[3,89 б.; 4,17 б.]. Бұл авторлар «зияткерлік меншік» категориясын құқықтық резервте қарастырып, инновациялық қызметпен байланыстырады. Мысалы, Купешова С. Т. Бойынша зияткерлік меншік «инновациялық қызмет нәтижелеріндегі авторлық құқықтардың жиынтығы» болып табылады. Соңғысы түсінікті болып тұр [3, 89 б.]. Дамудың индустриалды-инновациялық үлгісіне көшу Қазақстан үшін өзекті мәселе екенін ескеретін болсақ, әрине, отандық авторлар зияткерлік меншікті инновациялық қызмет констекстінде қарастыра отырып, өз назарларын нақ осы мәселеге аударады. Сонымен қатар, бұл анықтаманың да кемшіліктері бар.
Біріншіден, зияткерлік меншік бұл жерде инновациялық қызметтің негізі ретінде емес,керісінше, ол логика және құқықтық нормаларға сай келмей тұр. Яғни, зияткерлік қызметтің нәтижелерін өндіріске енгізгеннен кейін, нақтырақ айтсақ, олар инновациялық статусқа ие болған соң ғана меншіктің объектілері болады. Екіншіден, автор зияткерлік меншікті авторлық құқыққа теңестіреді. Соған қарамастан, объектілері патенттік құқықпен қорғалатын өнеркәсіптік меншік зияткерлік меншік құрамына кіретіні белгілі.
«Зияткерлік меншік» ұғымының негізінде құқықтық түсініктің басым болуын тек қазақстандық авторлардың авторлардың еңбектерінде ғана емес, сонымен қатар шетел авторлардың еңбектерінде де кездестіруге болады. Мысалы, ресейлік зерттеуші Фейгельсон В. М. Зияткерлік меншікке келесідей анықтама береді: «Зияткерлік меншік – бұл жасаушысына(авторына) ресми түрде берілген құжаттар немесе куәліктер ( өнеркәсіптік меншік) арқылы немесе авторлық құқықтық анықталған нормалар арқылы қорғалатын ерекше құқықтар арқылы берілген зерделі (зияткерлік) қызметтің материалды айқын нәтижесі[5,8 б.].
Ал Корчагов А.Д. бойынша: «Зияткерлік меншік субъектіге (құқықтық иеленушіге) объектіні шаруашылық айналымына енгізуге мүмкіндік беретінабсолютті құқықты қалыптастырады»[6,4 б.]
Экономикалық мазмұнның құқықтық құбылысқа ауысуын басқа авторлардың еңбектерінде де көруге болады. Мысалы, Козырев А. Н. энциклопедиялық сөздіктерге сүйене отырып: «… Зияткерлік меншік- бұл зияткерлік қызметке қатысты авторлық және басқа да құқықтарды қамтитын құқықтық түсінік» дейді [7, 12 б.].
Кокурина Д. И. Зияткерлік меншік ұғымына келесідей анықтаманы ұсынады: «Зияткерлік меншік- бұл зияткерлік қызметтің және меншік иесіне табыс әкелетін оның нәтижесі субъектісінің зияткерлік қабілеттерінің бірлігі…»[8, 269 б.].
Зияткерлік меншік ұғымы экономикадағы атқаратын рөлі мен тікелей байланысты. Мысалы, ресейлік авторлар: « Зияткерлік меншік- бұл технологияларды тапсыру шарты және өнеркәсіптегі ғылыми қызметтің нәтижелеріне деген бұл сұраныстың нәтижесі» деп белгілейді [9, 116 б.].
«Зияткерлік меншік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін маңызды стратегиялық ресурс болып табылады» [10, 42 б.].
«Зияткерлік меншік кәсіпорынның ауқымы кең экономикалық мақсаттарын шешетін көп функционалды құрал болып табылады. Онын максималды қолдану арқылы кәсіпорындар маңызды бәсекелік артықшылықтарға және көрнекті қаржылық нәтижелерге ие бола алады»[10, 42 б.].
Жоғарыдағы келтірілген анықтамалар белгілі бір дәрежеде зияткерлік меншіктің мазмұнын кедейлендіреді десек те болады. Алайда, зияткерлік меншіктің функционалды мәселесіне көбірек назар аудару- бұл жағдайдын жағымды жағы болып отыр.
Соңғы жылдары экономикалық әдебиеттерде де, құқықтық әдебиеттерде де зияткерлік меншіктің негізін тоғысу категориясы ретінде қарастырыла бастады.Бұл жерде зерттеушілердің индустриалы- инновациялық қызметтегі белсенді даму үстінде үднрістер жағдайында зияткерлік меншік феноменінің маңыздылығын ұғынуы түрткі болғаны айқын.
Олардың кейбіреулерін қарастырайық: «Меншік – иелікті,рұқсатты шектеуді, біреуге тапсыруды, бақылауды және жауапкершілікті анықтайтын өзің иелік ететін ерекше құқықтарға ие болу. Бұл қатынас зияткерік меншікке қатысты, бірақ олардың орындалуы белгілі бір ерекшеліктерге байланысты. Яғни, зияткерлік меншік объектілері көбінесе тапсырылмайды, тек беріледі. Сонымен, олар иелерін ауыстырып қана қоймайды, материалды игілік сияқты санын ұлғайтады» [11,8 б.].
«Кең мағынада зияткерлік меншік – бұл зияткерлік өнімге баланысты адамдар арасындағы қарым-қатынастар және жасалған ақпарат пен адамның ішкі рухани дүниесін қорғау… ал тар мағынада, зияткерлік меншік деп, зияткерлік еңбек өніміндегі құқық және адамның еркін қоғамдық қызметі » [12,490 б.].
Зияткерлік меншікті экономикалық категория ретінде негіздеу үшін біз бірнеше белгілерді қолдануымыз қажет. Бұл зияткерлік меншік түсінігінің көп қырлылығымен және біздің зияткерлік меншік ұғымын жүйе ретінде қолдануымызбен түсіндіріледі.
Кейбір қазақстандық авторлар негізгі белгілері ретінде келесілерді бөліп көрсетеді[13,21 б.]:
- иелену, себебі, өндірістік үдеріс әрқашан бір субъектілерді игіліктерін иеленумен және басқалардан тәркіленуімен байланысты;
- адамдардың игілік жөнінде қарым-қатынастары (субъектінің субъектіге);
- адамдардың игілікке деген қарым-қатынастары (субъектінің объектіге).
Шын мәндісінде, соңғы белгі бізге таза күйінде зияткерлік меншікке неғұрлым барабар құқықтық бағалауды беріп отыр.
Біріншіден, субъектілердің зияткерлік қызметінің нәтижелеріне және құралдарына деген қатынасы инновациялық қызметтің шарты болып табылады.
Екіншіден, зияткерлік меншік объектілеріне деген меншік иелері мен үшінші жақтардың қатынастары зияткерлік меншік институтының цивилизациялық деңгейін және индустриалды-инновациялық саланың дәрежесін сипаттайды.
Үшіншіден, жеке тұлғлардың зияткерлік меншік объектілеріне деген қатынастары иелену мәдениетінің даму деңгейін және инновациялық мәдениеттің деңгейін сипаттайды.
Сонымен, зияткерлік меншік зияткерлік еңбек нәтижелерін және құралдарын иелену, басқару және пайдалану жөніндегі әлеуметтік — экономикалық және құқықтық қатынастарды көрсетеді.
Қазіргі инновациялық экономика жағдайында зияткерлік меншік меншіктің негізгі түріне айналуда, себебі, өндірісте білімді, инновациялық және шығармашылық қабілеттерді қолдану инновациялық және экономикалық өсудің шешуші факторы болып табылады.
Сонымен қатар, зияткерлік өнімге меншік – ақиқаттың түпкі мәніндегі экономикалық құбылыс емес, экономикалық және құқықтық қатынастардың күрделі және белсенді даму үстіндегі жүйесі.
Орехов А.Н зияткерлік меншікті келесідей түрлерге бөледі [14,47]:
- «Субъектілі – жалпыға белгілі»зияткерлік меншік дәл сол уақытта тек жеке субъектіге ғана емес, сонымен қатар басқа адамдарға да (барлығына немесе кейбіреулеріне ғана) белгілі болатын білімге меншік;меншік субъектісінің санасындағы білім. Мысалы, оқушының ойындағы химиялық формула зияткерлік меншіктің осы түрі болып табылады. Бұл формула басқа оқушыларға да, мұғалімге де белгілі.
- « Субъектілі – жаңадан ашылған» зияткерлік меншік – дәл сол уақытта ешкімге белгісіз, тек бір субъектінің санасында болатын білімге меншік. Мысалы, Менделеев Д.И.-дің химиялық элементтер кестесінің ашылуы субъектілі – жаңадан ашылған зияткерлік меншік болып табылады. Себебі, дәл сол уақытта ол туралы әзірге ешкім білмеген.
- «Объектілі – жалпыға белгілі» зияткерлік меншік – дәл сол уақытта жаңа субъектілерге белгілі, сонымен бірге олардың саналарынан тыс бір заттық қорапта бар болатын білімге меншік. Мысалы, кітапта, мектептік дәптерде және т.б. жазылған химиялық формула.
- «Объектілі – жаңадан ашылған» зияткерлік меншік – дәл сол уақытта әлі ешкімге белгісіз (бір субъектіден басқа), бірақ «затқа айналған», бұл меншіктің субъект-«генератордың» санасынан тыс болатын білімге меншік. Мысалы, әдеби туындының қол жазбасы және т.б.
Меншіктің бұл түрлері бір – бірімен өзара әрекеттеседі, бір күйден («затқа айналмаған») екінші күйге («затқа айналған») және керсінше ауысып отырады. Бұдан келесідей қорытынды шығаруға болады: зияткерлік меншікті түрлерге бөлу шарттық жағдай және уақыттық факторға байланысты болып келеді.
Н.А. Ореховтан кейін Урузбаева Н.А. зияткерлік меншіктің негізгі екі түрін көрсетті: субъектілі және объектілі. Субъектілі зияткерлік меншік объектіліге қарағанда, сол уақытта субъектінің иелігінде және белгілі бір күймен байланыста болатын білімдерді ұсынады [15,106 б.]. Бірақ, Манаенкова Е.В. зияткелік меншікті заттық меншікпен салыстыру арқылы зияткерлік меншік ұғымына анықтама береді. «Заттық меншікте «субъектілі» және «объектілі» меншіктерді бір жиынтыққа біріктіруге болмайтын екі түрлі зат, материя («дене» және сыртқы заттар) болып табылса, зияткерлік меншікте бұндай бөліну жоқ. Сақтаушының маңыздылығына қарай (интеллект немесе заттық субстрат) бір білім субъектілі және объектілі зияткерлік меншік ретінде кездесе береді» [16,20 б].
Ал Урузбаева Н.А.-ның ойынша, зияткерлік меншіктің тағы бір ерекше түрін бөліп көрсетуге болады – ақпараттық зияткерлік меншік. Себебі, зияткерлік меншік қатынастары элементарлы ақпараттық айырбаста белгілі бір орынды иемденеді. Ол «экономикалық өндірісте» жасалған және айырбас мақсатымен құрылған ақпарат болуы керек. Кез келген субъектіні белгілі бір ақпарат қызықтырған кезде ғана және бұл ақпарат адамдар арасындағы қарым-қатынастардың объектісіне айнала бастағанда, иелену қатынастары, яғни зияткерлік меншік қалыптасады.[15, 107 б.].
Шетел және отандық заңнамаларда зияткелік меншіктің келесідей түрлері кездеседі:
- Авторлық құқық. Авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасаумен және қолдануымен байланысты пайда болатын қатынастарды реттейді. Авторлық құқық түпкі негізінде қандай да объективті түрде болатын шығармашылық қызметтің өзіндік нәтижесін білдіретін «туынды» ұғымы жатыр. Айтудың нақ осы объективті түрі авторлық құқықта қорғау заты болып табылады. Авторлық құқық идеяларға, әдістерге, үдерістерге, жүйелерге, тәсілдерге, концепцияларға, қағидаларға, жаңалықтарға, фактілерге таралмайды.
Авторлық құқықтың объектісі тек шығарма ғана емес, сонымен қатар шығармашылық нәтиже болып табылатын өздігінен қолданыла алатын соның бір бөлігі де бола алады. Авторлық құқықтың ғылыми көзқарасына сәйкес авторлық құқық шығарманың мазмұнын емес, тек нысанын ғана қорғайды.
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
- Сабақтас құқықтар. XX ғасырдың екінші жартысында – XXI ғасырдың басында шығармашылығы жеткіліксіз болып табылатын қызмет түрлері үшін және олардың нәтижелеріне авторлық құықты таратуға болатындай авторлық құқық үлгісі бойынша ерекше құқықтардың тобы құрылған. Сабақтас құқықтардың мазмұны әр түрлі елдерде ерекшеленеді. Музыкант –орындаушылардың, фонограммаларды әзірлеушілердің , эфирден хабарлау ұйымдарының ерекше құқықтары сабақтас құқықтың ең көп таралған үлгілері болып табылады.
Сабақтас құқықтар – кейбір жағдайларда авторлық құқықпен ұқсастығы бар құқық. Бұқара халыққа қол жетімді туындыларды жасауға жағдай жасайтын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау сабақтас құқықтардың мақсаты болып табылады (мысалы, бұқара халық үшін белгілі бір композитордың туындысын орындайтын әнші немесе музыкант). Сабақтас құқықтардың жалпы мақсаты – кең халыққа туындыны жеткізу барысында маңызды шығармашылық, техникалық немесе ұйымдық шеберлікті енгізетін тұлғалардың немесе ұйымдардың заңды мүдделерін қорғау.
Кейде сабақтас құықтар авторлық құқықпен қорғалмайтын туындылармен байланысты. Мысалы, игілігі жалпыға бірдей болатын туындылар. Мәселен, Бетховеннің фортепьяналық концерті құқық иеленушіге лицензиялық шегерімсіз концерт залында орындалуы немесе компакт-дискіге жазылуы мүмкін. Себебі, Бетховен 1827 жылы қайтыс болған, сондықтан оның туындылары жалпыға ортақ игілік ( сонымен қатар, авторлық құқықпен қорғалмайды ) болып табылады. Бірақ, бұндай концерт орындаушысы(пианист және оркестр) және концерт жазылған компакт-диск өндірушісі концертті орындауына немесе жазып алуына қарай сабақтас құқықтарды қолданады. Яғни, орындаушылардың рұқсатынсыз ешкімнің де бұндай концертті жазып алу құқығы жоқ. Сонымен қатар, бұл фортепьяналық концерттің фонограммалық көшірмелерін жасауға да дыбыс жазу өндірушінің рұқсатынсыз ешкімнің құқығы жоқ.
- Тауарлық белгілер. Тауарлық белгі- заңды тұлғалардың немесе жеке кәсіпкерлердің тауарларын жекешелендіруіне арналған белгі (ауызша, бейнелеу,аралас немесе т.б.). Тауарлық белгілерге құқықтар- тауарлар мен қызметтерді жекелеу үшін қызмет ететін белгілерді (ауызша, бейнелеу, аралас немесе т.б.) қорғайтын нормалар жүйесі. Ерекше құқық қажетті куәлігі бар тауарлық белгіге ғана заң бойынша беріледі. Тауарлық белгінің құқық иеленушісі оны қолдануға және басқа тұлғаларға пайдалануға тыйым салуға құқығы бар. Тауарлық белгіні заңсыз қолдану азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
- Өнеркәсіптік үлгілер. Өнеркәсіптік үлгі ретінде сырт пішінін анықтайтын өнеркәсіптік немесе қол өнер өндірісіндегі бұйымның жаңа және өзіндік көркем- конструкторлық шешімі қорғала алады. Өнеркәсіптік үлгілерге құқықтар авторлық және патенттік құқық арасындағы аралық нысан болып келеді. Оларды қорғау нысаны әр елдерде әртүрлі болуы мүмкін.
- Патенттік құқық. Патенттік құқық- патенттерді беру арқылы өнер табыстарды қорғауды және өнеркәсіптік үлгілерді анықтайтын нормалар жүйесі.
Патенттік құқық объектілерге келесілер жатады:
- Өнертабыс. Өнертабыс ретінде өнімге (негізінде, құрылғыға, затқа, өсімдіктердің немесе малдың жасушаларының мәдениетіне) немесе тәсілге (материалдық құралдар көмегімен материалдық объектіге іс әрекеттерді жүзеге асыру үрдісіне) қатысты техникалық шешім қорғалады. Егер өнертабыс жаңа болса, оның өнертабыстылық деңгейі бар болса және өнеркәсіптік мақсатта қолданылса, онда ол өнертабыс заң арқылы қорғалады.
- Пайдалы модель. Пайдалы модель ретінде құрылғыға қатысты техникалық шешім қорғалады. Жаңашылдық және өнеркәсіпте қолдану пайдалы модельдің патенттік қабілеттілік шарттары болып табылады. Пайдалы модельдер үшін өнертабыстылық деңгейін заңнама талап етпейді.
- Өнеркәсіптік үлгі. Өнеркәсіптік үлгі ретінде сырт пішінің анықтайтын өнеркәсіптік немесе қолөнер өндірістегі бұйымның көркем- конструкторлық шешімі қорғалады. Өнеркәсіптік үлгі өнер табыстан немесе пайдалы модельден мейлінше ерекшеленеді, ол негізінен авторлық құқық объектілеріне ұқсас болып келеді.
Бүкіл дүниежүзіндегі барлық патенттік жүйе өнертабысты, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау мәселелерімен айналысады. Өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер патенттік заңнама бойынша «өнеркәсіптік меншік объектілері» деген жалпы ұғыммен түсіндіріледі.
- Коммерциялық құпиялар құқығы. Коммерциялыққұпиялар құқығы- бәсекелес тұлғаларды жеңу үшін кәсіпкерлікте қолданылатын формулалар, үдерістер, өңдеулер, құралдар немесе ақпарат жинақтарын қорғауды анықтайтын номалар жүйесі. Бұл қорғау әдетте ең әлсіз және пайдалануға айрықша құқықтарды бермейді. Коммерциялық құпиялар жиі әділетсіз бәсеке туралы заңдармен қорғалады. Мысалы, мұндай заңдар өнеркәсіптік шпионажға тиым сала алады.
- Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау. Өсімдіктердің жаңа сорттарына және жануарлардың жаңа тұқымдарына құқық(селекциялық жетістіктер) патент берілген жағдайда қорғалады.
Өсімдік шаруашылығында жасаны жолмен немесе сұрыптау жолымен алынған және оны қолда бар өсімдіктер сорттарынан ерекшелендіретін бір немесе бірнеше шаруашылық белгілері бар өсімдік сорты селекциялық жетістік деп танылады.
Мал шаруашылығында адам жасап шығарған және оны осы түрдегі жануарлардың өзге тұқымдарынан айыруға мүмкіндік беретін генеологиялық құрылымы мен қасиеті бар және бір тұқым ретінде көбейту үшін сан жағынан жеткілікті, яғни шығу тегі ортақ жануарлардың саны көп тұтас тобы селекциялық жетістік деп танылады.
1.2Зияткерлік меншік объектілері және оларды бағалау әдістері.
Зияткерлік меншік объектілерінің шеңбері- «зияткерлік меншік » ұғымының құрастырушы негізі болып табылады. Сондықтан,зияткерлік меншік объектілерінің жіктемесі «зияткерлік меншік» ұғымының түсінігіне тікелей байланысты.
Философиялық әдебиеттерде, негізінде француз зерттеушісі Моль А.-ның еңбегінде («Мәдениеттің әлеуметтік динамикасы») зияткерлік меншік объектілері мен ақпарат арасында тығыз байланыс бар екені байқалады. Моль « белгілер әлемін » (білімдер жиынтығын) негіз ретінде белгілей отырып, зияткерлік меншік объектілерінің ақпараттық мәнін негіздеуге тырысады. Мысалы, оның ойынша, « туынды- бұл өзіндік ақпараттың элементі». Сонымен қатар, бұл туындыларға меншікті ( яғни, зияткерлік меншікті) ол «жаңа білімдерді» иелену деп анықтайды [17, 132 б.].
Зияткерлік меншік объектілерінің жүйесіне зияткерлік қызметтің нәтижелері мен құралдары кіреді. Зияткерлік меншіктің бір объектілері (білім) бір өндірістік үдерісте оның нәтижелері ретінде, ал басқасында оның факторлары ( құралдары ) ретінде бола алады. Осыған орай, кейбір авторлар білімді оларды қолдану әдісіне қарай қарастырады [18, 47 б.].
Бірінші топқа кодифицияланған білімдер жатады. Олар әдетте жазылып, символдар, формулалар, ақпараттық мәтіндер түрінде еш шығындарсыз жіберіліп тұрады. Екінші топты адамның бойындағы білім құрайды, яғни жеке білімнің, дағдылардың, ақпараттық мәтіндердің жиынтығы. Жиынтығында бұл білімнің мақсатқа сай қолданылуы қоғамдық өндірістің тиімділігінің өсуіне, сәйкесінше, белгілі бір тұлғанын ( білім иесінің ) табысының өсуіне де әсер етеді. Бұл мәнде, олар адам капиталын құрады.
Зияткерлік меншіктің барлық объектілері үлкен екі топқа бөлінеді:
- Авторлық және сабақтас құқықтарға қатысты объектілер;
- Өнеркәсіптік меншікке қатысты объектілер.
Болашақта зияткерлік меншіктің басқа да объектілері пайда болуы мүмкін. Бірақ, бұған қатысты, әзірше, бірыңғай пікірлер жоқ. Зияткерлік меншіктің жаңа объектілері өнеркәсіптік меншікке (белгілі бір шарттарды ескере отырып) жатқызылуы мүмкін. Себебі, олар ғылыми-техникалық және өндірістік салаларда (ғылымда, өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында), яғни инновациялық қызметпен байланысты салаларда пайда болып, қолданылады. Қарастырып отырған объектілерді (компьютерлік бағдарламаларды, интегралды микрожүйелерді, репрографияларды, биотехнологияларды және т.б.) экономиканың түрлі салаларында өнеокәсіптік қолданылуы олардың негізгі ерекшелігі болып табылады. Сонымен қатар, зияткерлік еңбектің бір нәтижесі бір уақытта авторлық құқықтың да, өнеркәсіптік меншіктің де объектісі бола алады. Мысалы, ғалымның басында туған ой өнертабыс ретінде де, қол жазба түрінде де (диссертациялар, мақалалар, және т.б.) болуы мүмкін.
Өнеркәсіптік меншіктің объектісі ретінденоу-хауды қарастыруға болады. Ноу-хау құқықтық тұрғыдан қорғалмайды және оған қорғалатын құжаттар берілмейді. Егер ноу-хау коммерциялық құпия статусын иеленіп, жазып алушылардан сенімді түрде қорғалса, онда ноу-хау коммерциялық ақпарат ретінде өте құнды болып саналады.
Өнеркәсіптік меншік объектілері өз кезегінде екі топқа бөлінеді:
- зияткерлік қызмет нәтижелері;
- азаматтық құқық айналымының, таурлардың, жұмыстар мен қызметтердің қатысушыларын жекелеу құралдары[19, 53 б.].
Өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, тауарлық белгілерді, ноу-хауды өнеркәсіптік меншік объектілерінің тобына біріктіру индустриалды салада қолану тұрғысынан ғана дұрыс деп есептелмейді. Бұл объектілер негізінде материалды емес активтерге қатысты болып келеді.
Махлуп Фритз зияткерлік меншік объектілерін философиялық тұрғыда жіктейді. Ол білімнің қоғам үшін маңыздылығының тұрақтылығын негізгі белгі ретінде қарастырады [20, 47б.].
Зияткерлік меншік объектілерінің бірінші тобына тұрақты (ұзақ уақытты) мәні барларды жатқызады. Мысалы, көбейту кестесі.
Ал екінші топқп мәні бойынша ұзақ уақытты емес меншік объектілерін жатқызады. Мысалы, кез келген өндірістік технологияларға қатысты жобалар және сызбалар.
Сергеев А. П. Зияткерлік меншік объектілерін құқықтың сәйкес саласындағы институттарына жатқызылуына қарай келесідей жіктейді [21, 110 б.]:
- Авторлық құқықтың объектілері ( ғылым, әдебиет және өнер туындылары, ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар және ақпараттық базалары );
- Сабақтас құқықтардың объектілері (орындаулар, фонограммалар, эфирлі және кабельді хабарламаларды жүргізетін ұйымдардың хабарлары);
- Патенттік құқық объектілері (өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер);
- Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары(фирмалық атаулар, тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары);
- Дәстүрлі емес зияткерлік меншік объектілері (интегралдық микросызба топологиялары, селекциялық жетістіктері).
Дозорцев В. А. Зияткерлік меншік объектілерін шығармашылықтың өнімі болып табылмайтын деп, азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру қызметін атқаратын шығармашылық қызметтің нәтижелері және зияткерлік қызметтің нәтижелері деп жіктейді (мысалы, фирмалық атаулар, тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары, тауарлық белгілер)[22, 25 б.].
Манаенкова Е. В. Зияткерлік меншік объектілерін субъектіден бөліну жағынан қарастырады: қоғамда білім және тәжірибе мәтіндер нысанында, мамандардан жатырқау (артикуляцияланған білім) және жатырқамау(артикулияцияланбаған білім) түрінде болуы мүмкін. «Артикуляцияланбаған білімнің мазмұны маман санасында болып, білім қорытпасынан, іскерліктен және ойлау операцияларын жүргізу дағдыларын, сонымен қатар ол ойды сақтаушысының ойлау ерекшеліктерінен тұрады». Бұл жерде артикуляциялану белгісіне байланысты зияткерлік меншік объектілері туралы, олардың дифференциациясы туралы айтылып отыр. Бірақ бұл зияткерлік еңбек нәтижелері «мәтіндер», «ғылыми есептер», сонымен қатар дыбыс жазулары, бейнематериалдар және т.б. түрде қызмет ете ма немесе ол жеке тұлғаның «санасында» бола ма деген сұрақ туады. Нәтижесінде олар бәрі бір білім болып табылады[16, 21б.].
Біздің жағдайда, меншік қатынастары артикуляцияланған білімдерде түрленеді. Тек заттық нысанадағы объектілер ғана (артикуляцияланбаған білім) зияткерлік меншік объектілері болатыны белгілі. Артикуляцияланбаған білім иесі басқа мамандармен белгілі бір қарым-қатынаста болғанда артикуляцияланбаған білімді қолдана алады. Мұнда тар кәсіби шеңбердегі иелену қатынастары іске асады, сондықтан артикуляцияланбаған білім – зияткерлік меншіктің , нақтырақ айтсақ, жеке зияткерлік меншіктің объектісі [16, 22б.].
Экономикалық тұрғыда, өндірістік үдерісте зияткерлік меншік объектілерінің қатысуы негізінде олардың жіктелуін келесідей көрсетуге болады:
- жеке тұтынуға арналған зияткерлік меншік объектілері (кітаптар, суреттер, ән туындалары және т.б.);
- өндірістік туындыға арналған зияткерлік меншік объектілері( технологиялық үдерістердің кестелері мен жобалары, кәсіби білімдер, сызбалар және т.б.).
Соңғысы индустриалды-инновациялық саласы үшін қызықты тақырып болып отыр. Бұл жерде олардың өндірістік ресурс ретінде қолданылуы жүзеге асады. Жүйе құрушы белгілі экономикалық әдебиеттерде құқықтық тұрғыда құқықтық қорғану болып табылса да, зияткерлік меншік объектілерін жүйелеуден ерекшеленеді. Бұған мысал ретінде Юрьева Т. В.-ның жіктемесін қарастыруға болады. Ол зияткерлік меншік объектілерін үш топқа бөлуді ұсынып отыр:
- Құқықтық қорғалған зияткерлік меншік объектілері.
- Белгілі бір заңды тұлғаға, ұжымға тіркеле алмайтын зияткерлік меншік объектілері. Мысалы, белгілі бір субъектінің өзінің мамандығы бойынша білімі. Сондықтан, бұл объектілерді тұлғалардың неғұрлым кең шеңберге шығаруы меншік құқығынан шығатын айрықша құқықтармен реттелмейді. Бұл жағдайда, ақпарат пен білімнің үлкен тасқыны қоғамның меншігіне өтіп, ұлттық байлықтың көлемін ұлғайтады.
- Басқа тұлғалардың ұқсас немесе жақын өнімдерді жасау мүмкіншілігінің бар болуына байланысты патенттерімен, лицензияларымен және т.б. тіркеле алмайтын зияткерлік меншік объектілерін. Оларды жасаушылар меншік иесі болғанымен де, оларға қатысты толық құқықтарға ие бола алмайды. Мысалы, кез келген нарықтын есеп нысанында жасалған маркетингтік зерттеулер нәтижелері бұл нарықта зерттеулер жүргізетін түрлі фирмалар арқылы бір уақытта алынуы мүмкін.
Бұл жіктемеде құқықтық және экономикалық тұрғыда қарастыру әрекеті жасалған. Дегенмен, құқықтық белгілері бәрі бір басым болып келеді.
Урузбаева Н. А. Инновациялық қызметті жүзеге асыру деңгейіне қарай зияткерлік меншік объектілерін келесідей жіктейді[15, 109-111 б.](Қосымша А):
- Инновация ретінде тура қолданылатын зияткерлік меншік объектілері ( нақты материалдық қабыққа айналған өнеркәсіптік меншік объектілері, олар иелерінің жеке меншігінде қолданыс табады);
- Авторлық және сабақтас құқықтардың кейбір объектілері ( өздерінің иелерінің жеке индустриясында қолданыс табатын ән, көркем және т.б. туындылар );
- Инновация ретінде жаңама қолданылатын зияткерлік меншік объектілері ( басқа шаруашылық етуші субъектілердің қолдануына құқық берілген соң инновация ретінде қолданыс табатын өнеркәсіптік меншік объектілері); басқа субъектілерге қолдану құқықтарын жүзеге асырған соң қолданыс табатын авторлық және сабақтас құқықтардың кейбір объектілері ( мысалы, компьютерлерге арналған музыкалық бет басылар және т.б.);
- Инновация ретінде қолданылмайтын зияткерлік меншік объектілері ( авторлық және сабақтас құқықтар артықшыланады, жеке қолданысқа пайдаланылатын өнеркәсіптік меншіктің кейбір объектілер немесе қоғам талап етпеген объектілер ).
Татиева М. М. зияткерлік меншік объектілерінің жіктемесін келесі сызба бойынша көрсетеді ( Қосымша Ә )[ 16, 22 б.].
Амангельды А. кез келген объектіні және оның масштабын құруда шығармашылық элементтің бар- жоғына қарай зияткерлік меншік объектілерінің келесідей жіктемесін ұсынады [ 23, 9-10 б.]:
- шығармашылық элементі бар объектілер ( ғылым, әдебиет және өнер туындылары, ЭЕМ- ге арналған бағдармалар және ақпарат базалары, өнертабыстар, пайдалы модельдержәне өнеркәсіптік үлгілер, интегралдық микро сызба топологиялары, селекциялық жетістіктер );
- шығармашылық элементі бар, бірақ аз дәрежедегі объектілер ( орындаулар );
- Өздерінің құқықтық режимдері бойынша шығармашылық қызмет объектілеріне теңестірілген объектілер азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары ( фирмалық атаулар, тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары), эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары).
Бірінші топтағы объектілер зияткерлік меншіктің « нағыз » объектілері болып табылады. Ал қалған екі топ кейін пайда болды. Олар белгілі бір шарттық бөлігі бар зияткерлік меншіктің категориясына кіреді.
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша зияткерлік меншік объектілеріне [ 24, б.]:
- зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері;
- азматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.
Зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:
- ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
- эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
- өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер;
- селекциялық жетістіктер;
- интегралдық микросызба топологиялары;
- ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары(ноу-хау);
- заң актілерінде көзделген реттерде зияткерлік шығармашылық қызметтің бақа да нәтижелері жатады.
Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына [23, 11б.]:
- фирмалық атаулар;
- тауарлық белгілер( қызмет көрсету белгілері);
- тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары ( шығатын жерін көрсету);
- заң актілерінде көзделген реттерде азаматтық айналымға қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетудің басқа да дараландыру құралдары жатады.
Кез келген меншік сияқты зияткерлік меншіктің де құны болады. Технологияның тиімді нарығының ( көптеген сатушылар мен сатып алушылар және құн туралы ақпаратқа еркін жету) болмауынан белгілі бір технологияның құнын анықтау қиын. Зияткерлік меншік объектілерін бағалау түрлі мақсаттарға байланысты болып келеді.
Біріншіден, зияткерлік меншік объектілерін бағалау өңдеудің авторларына берілетін сыйақылардың мөлшерін және осы объектінің қолдануының экономикалық әсерін анықтау ( осыдан, авторларға төлемдер төленеді ) үшін қажет.
Екіншіден, зияткерлік меншік объектілері кәсіпорынның жарғылық капиталына қосыла алады.
Үшіншіден, лицензиялық келісім- шарттарды жасаған кезде лицензияның бағасын анықтау қажет, ол үшін оны бағалау керек.
Төртіншіден, кепіл операцияларын өткізу және мүлікті сақтандыру кезінде бағалау жүргізіледі.
Бесіншіден, ерекше құқықтар бұзылғанда келтірілген зиянның мөлшерін анықтау үшін бағалауды жүргізу қажет.
Бағалауды патенттік құқық саласында және материалдық емес активтердің бухгалтериясында тәжірибиесі бар арнайы оқытылған мамандар жүргізеді. Бағалау қызметін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдар ғана бағалауды атқаруға құқылы.
Зияткерлік меншікті бағалау:
- Табыс салығын азайтады.
- Амортизациялық шегерімдердің көлемін реттейді және зияткерлік меншіктің жаңа объектілерін сатып алуына қорлар құрады.
- Кәсіпорынның нарықтық құнын арттырады.
- Зияткерлік меншік объектілері түрінде жарғылық капиталға қосылған үлесін анықтайды.
- Кәсіпорынның барлық активтерінің есебін қамтамасыз етеді.
- Активтердің арақатынасын ықшамдайды.
- Зияткерлік меншік объектілерін сату- сатып алу кезіндегі олардың құнын анықтайды
- Кәсіпорынның иелігіндегі зияткерлік меншік объектілерінің заңсыз қолдану жөнініндегі келтірілген зиянның мөлшерін немесе өтемділік мөлшерін анықтайды.
- Кәсіпорынның қайта ұйымдастыру, жойылуы немесе банкротқа ұшуы кезіндегі зияткерлік меншік объектілерінің құнын ескереді.
Зияткерлік меншік объектілерін бағалауға сәйкес келетін көптеген әдістер бар. Олардың негізгілерін қарастырайық [ 24, 45 б.]:
Қалпына келтіргіш құн әдісі. Қалпына келтіргіш құн меншіктің төлеу құнын анықтайды. Тәжірибеде зияткерлік меншіктің төлеу құны ғылыми- зерттеушілік өңдеу құнына тең, бірақ теориялық тұрғыда олар ерекшелінеді (өңдеу құны – бұл нақты құн, ал қалпына келтіргіш құн – қазіргі нәтиженің жүзеге асыру құнын бағалау; бұл сандар әр түрлі болуы мүмкін). Қалпына келтіргіш құн – ағымдағы бағалар бойынша зерттеулерге, эксперименттерге, құжатнамаға, заңгерлердің қызметтеріне кеткен шығындар соммасы. Ғылыми – зерттеу жұмыстарына салынған әр доллардан бірдей қайтарымдарды болжау- бұл әдістің кемшілігі болып табылады. Бұндай жорамалдың қателігі айқын. Логикаға еретін болсақ, шығыны көп кетпеген табысқа қарағанда қымбат құлау қымбатқа түседі деген қорытындыға келуге болады. Бірақ, кейбір бухгалтерлер бұл модельді көбірек қолданады, себебі қалпына келтіргіш құн тек нақты, тексерілген ақпараттарға ғана сүйенеді.
Осы теорияны сәтсіз қолдануының бір мысалын қарастырайық.Ядролық отындағы ұшақты өңдеу әрекеті соңғы онжылдықтағы ғылыми-зерттеу жұмыстары арасындағы, сірә, ең қымбат құлдырау болған шығар. Қалпына келтіргіш құн әдісіне сәйкес, бұл өңдеудің ақырғы нәтижесі миллиардтаған доллар тұруы тиіс еді ( алайда, ешкім де ол үшін цент те бермес еді).
Бірақ, жоғарыдағы келтірілген мысал зияткерлік меншікті қалпына келтіргіш құн әдісі арқылы бағалау тиімсіз деген сөз емес. Бұл әдісті өндіріс құпиясын бағалауда қолдануға болады. Өндіріс құпиясын тек кері инжинирин немесе тәуелсіз зерттеу кезінде ғана қайта заңды аша алады. Өндіріс құпиясының құны оны қайта ашудың құнынан аса алмағандықтан, төлеу құны ( кері инжиниринг немесе тәуелсіз зерттеудің) өндіріс құпиясы құнының жоғарғы шегі болып табылады.
Өз кезегінде, өндіріс құпиясының максималдық құны өндіріс құпиясымен қорғалған ашуға негізделген патенттің минималды құнын анықтайды. Жалпы, патенттік мәлімдеменің беру өнертабыспен байланысты өндіріс құпиясының жоғалуына әкелетіндіктен, патенттік мәлімдемені авторы жоғалған өндіріс құпиясына қарағанда патент қымбаттырақ тұратынына сенімді болуы тиіс ( немесе ол патенттік мәлімдемені толтырмайды). Бұл жорамал патенттің минималды бағасын өндіріс құпиясының төлеу құны ретінде анықтайды. Патенттің нақты бағасы, сөзсіз, жоғарырақ болуы мүмкін.
Дисконтталған табыстардың құны. Зияткерлік меншік объектілерін дисконтталған табыстар әдісімен бағалау меншік өз табыстарын өңдейді деген жорамалға негізделген. Егер меншік лицензияланған болса, оның иесі өз табыстарын роялти түрінде алады. Бұл роялтидің түсу уақытын және оның ағымдағы бағадағы соммасын анықтауға болады. Әрине, есеп айырысу мәні тәуекел дәрежесін анықтайтын және табыстарды басқарудың бағалы аспабы болып табылатын пайыздың қойылымға тәуелді болып келеді. Зияткерлік меншік объектілерін дисконтталған табыстар әдісіне бағалау тиімді болып келеді, егер оның иесі үшін табыс әкелетін тасқынынан басқа ешқандай құны жоқ болып келеді. Егер де зияткерлік меншік иесі осы технология нарығында бәсекелесетін болса, бұл меншікті бағалау күрделене түседі.
Нарықтық құн әдіс. Бұл әдісті жылжымайтын мүлікті бағалау кезінде қолданған жақсы, бірақ патенттерді бағалау үшін қолдану өте қиын. Патенттік өнертабыс бірегей, яғни бағалап жатқан патентімізге ұқсас патентті табу мүмкін емес. Сонымен қатар, тиімді патенттер нарығы жоқ. Ұқсас патентті тапқан өзінде, олардың соңғы бағалары туралы ақпарат табу қиын. Сонымен, бағалаудың нарықтық құн әдісі патенттер үшін емес, жылжымайтын мүлік үшін жақсы жұмыс істейді.
Құнды жетілдіру әдісі. Зияткерлік меншік кәсіпорыннның құнын арттырады. Құнды жетілдіру – бұл меншікті есепке алу мен есепке алмай есептелетін кәсіпорынның осы құндарының айырмасы (теориялық тұрғыда қарапайым, бірақ тәжірибеде күрделі қолданылады). Келесідей жағдайды қарастырайық. Патент иесі нарықта сатылатын өнім өндірісіне арналған патенттелген үдерісті қолданады. Фирма бұл технологияны лицензияламайды деп қарастырайық. Дисконтталған табыстар әдісі бойынша бұл меншіктің құны жоқ. Егер дұрыс тұрғыдан қарайтын болсақ, технологияны қолдану арқасында құралдарды үнемдеу сомасынтабыс деп есептеуге болады. Патент құны (кәсіпорынның құнын жетілдіру), бұндай жағдайда, құралдарды үнемдеуге тең (пайыздық қойылымды есепке алумен болашақ кезеңдік табыстық түсімдерінің сомасына).
Егер де технологияны қолдану жаңа қымбат өнімді өндіруге әкелсе, онда бағаның көтерілуін табыстардың қайнар көзі деп қарастыруға болады. Егер технологияның патент иесі болып басқа фирма табылса, онда роялти сомасын (бірақ, кәсіпорын оны ерекше лицензия бойынша төлеу керек) табыс деп есептеуге болады. Бұл тек теориялық тұрғыда ғана технология құнын зияткерлік меншік құнынан бөлек қарастырмаймыз.
Егер фирма технологияның ерекше құқықтарына ( мысалы, технология патенттелген емес және өндіріс құпиясы ретінде қорғалмаған болса) ие болмаса, фирма да, бәсекелестері де еркін қолдана алады. Бәсеке нарықтың сегментіне және бағасына айқын мөлшерде әсер етеді. Мысалы, фармацевтикалық компаниялар, әдетте, дәрінің патенттік қорғаныш мезгілі біткен кезде, нарық өз сегментінің жартысын жоғалтады. Яғни, алғашқы өндіруші «аты жоқ» дәріні шығара бастайды. Егер монополия жағдайындағы фирманың жылдық пайдасының есебінен бәсеке жағдайындағы пайданың болжанған көлемін шегерсек (бір технологияны қолдану арқылы), алынған шегерім зияткерлік меншіктің жыл бойы жасаған құнына тең болады. Зияткерлік меншіктің өмір бойы жинаған бұндай шегерімдердің жиынтық құны оның құнын анықтайды.
Енді, фирма белгілі бір себептер бойынша зияткерлік меншікті лицензиялайды деп қарастырайық. Фирма өз лицензиясын иесі лицензиат болып табылатын технологияның лицензиясына айырбастауды ұсынуы мүмкін ( айқасқан лицензиялау ). Бұл жағдайда, фирма осы технология бойынша өндірілген өнімнің нарықтық сұранысын қанағаттандыра алмағандықтан, бір не бірнеше бәсекелестеріне лицензияны сату арқылы фирма өз пайдасын арттыра алады деген қорытындыға келуі мүмкін. Бұдан зияткерлік меншіктің құны төмендейді ме деген сұрақ туады. Жоқ. Ол бөлек монополияны, франшизаны тудырады. Бірақ, бұл жағдайда бағалаудың осы әдістердің қолдануға болатынмен де, өкінішке орай олар күрделене түседі.
Қалдық құн әдісі. Қалдық құн моделі құнды жетілдіру моделінің бір нұсқасы болып табылады. Оның ерекшелігі- фирманың зияткерлік меншігінің бөлек компонентінің құнын ғана емес, түгел құнын анықтайды. Оны тек пайдалы кәсіпкерлікте ғана қолдануға болады. Демек, оның кейьір шектеулері де бар.
Қалдық құн моделінің алғашқы қадамы- зияткерлік меншіктен алынған кәсіпорынның пайдасын анықтау. ( кесте 1 ). Содан соң, фирманың кәсіпкерлігімен байланысты тәуекелдерді ескеретін пайыздық қойылымдарды қолдануымен бұл пайда дисконтталады. Зияткерлік меншіктің арқасында алынған пайда фирманың жалпы пайдасынан оның материалды активтерінен түскен пайдасын шегеру арқылы анықталады. Материалдық активтерінен түскен пайданы фирманың материалдық активтері құнындағы саладағы пайданың орташа нормасын есептеу арқылы анықталады.
Кесте 1
Қалдық құн әдісі
Фирманың материалдық активтерінің құны, $ |
1 000 000 |
Саладағы пайданың орташа нормасы, % |
10 |
Материалдық активтерден түскен пайда,$ |
100 000 |
Фирманың жалпы пайдасы,$ |
700 000 |
Зияткерлік меншіктен түскен пайда,$ |
700 000- 100 000= 600 000 |
Тәуекелдермен қоса пайыздық қойылым,% |
15 |
Зияткерлік меншіктің құны,$ |
4 000 000 |
Дерек көзі: [15, 255 б.].
Жоғарыда зияткерлік меншік объектілердің бағалаудың қарапайым әдістері қарастырылған. Бүгінде осы салада бағалаумен айналысатын фирмалар және компаниялар басқа да көптеген әдістерді қолдануда. Осы ұйымдар әр зияткерлік меншік объектісіне сәйкес келетін жеке бағалау әдісін таңдайды.
Бүгінгі күні көптеген зияткерлік меншік иелері (фирмалардың бастықтары да) зияткерлік меншікті бағалау сияқты құралды қолданғанда кәсіпорында пайда болатын мүмкіншіліктерді ақырына дейін дұрыс түсіне бермейді. Кәсіпорында жасалған және қолданылатын зияткерлік меншіктің кез келген объектілері жасырын экономикалық резервтер болып табылады.
- Зияткерлік меншік дамуының әлемдік тәжірибесі
АҚШ- қолданбалы және негізгі зерттеулердің дүниежүзілік көшбасшысы. 1991 ж. АҚШ –тың зерттеулермен өңдеулерге кеткен жиынтық шығындары 145 млрд. долларды құрады ( Жапонияда 7 млрд. доллар құрады ). Ал 1992 ж. өнеркәсіптік меншікке 187 мың патенттік өнімдер тіркелген. Мемлекет кәсіпорынның немесе фирманың сыртқы ортасына да, олардың қызмет етуіне де белсенді қызмет әсер ете алады. Осылай АҚШ- тағы қоршаған ортаны қорғауға, тұтыну тауарлардың қауіпсіздігіне және сапасына, энергияны пайдалануды реттеуге қатысты заңдардың енгізілуі, сонымен қатар шаралардың іске асыруын зерттеу және тексеру арқылы барлық қоғамға пайдалы болатын көптеген жаңашылдықтарды өңдеуге ынталандырды. Американдық экономикадағы басым болып келетін тәуекелді кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу АҚШ маңызды зерттеулердің, жаңалықтардың және жаңа өндірістердің приоритетіне ие болып болып отыр. Егер ірі корпорациялар жалпы инновациялық үрдісте үлкен қаржылық және басқа қаражаттарды талап ететін екпіндерді жүзеге асыруға қабілетті болса, онда мобильді және икемді өндірістері бар кіші вечурлық фирмалар жаңашылдықтардың көпшілігін генерациялайды. 70-80- ші жылдары екі негізгі бағыттарда шағын бизнесті қолдайтын АҚШ- тан федералды бірқатар заңдар қабылданған [25, 29 б.]:
- Бюджеттен мақсатқа сай қаржыландыру;
- Ұсақ фирмалардың инновациялық қызметін қаржыландыруға жеке капиталдарды тарту.
Шағын инновациялық бизнесті қолдауда жергілікті өкімет органдарының қызметінің белсене айқын байқалды. Нақты аймақттық деңгейде инновациялық қызметті қолдайтын нақты жүйені қалыптастыруға болады. Бұл жүйеге қалыптасу сатысындағы ұсақ жаңашыл компанияларға, тәуелсіз өнертапқыштарға және т.б осы аймақтың мұқтаждықтарын ескере отырып көмек көрсетудің барлық түрлері ( кеңес беру, орналастыру, жабдықтау және т.б. ) кіреді.
Әлемдік экономиканың көшбасшылары General Electric және Microsoft американдық корпорациялары зияткерлік меншікті қорғаудын мысалы бола алады. Біріншісі- 1892 жылы құрылған, атомдық электр станцияларына арналған жабдықтардан бастап электірлік шамдарға дейін өнімдерді өндіретін әлемдегі ең ірі өндіруші болып табылатын ірі корпорация. Оның 26 мемлекеттегі 255 өндіріс кәсіпорындарда 276 мың адам еңбек етеді .
Microsoft 1975 жылы құралған. Қазір бұл корпорацияда 29 мың адам жұмыс істейді, яғни General Electric – тең 10 есе аз. Олардың 12 мың адамдары бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеумен және зерттеумен айналысса, қалған 17 мың қызметкерлері дайын өнімдерді сатумен және қызмет көрсетумен айналысады. Бірақ, 1998 жылдың 14 қыркүйегінде Microsoft компаниясы General Electric – ті озып отыр, әлемдегі ең қымбат компанияға айналды Нью- Йорктық қор биржасының жабылу кезеңінде Мicrosoft акцияларының жиынтық құны 261, 2 млрд.долларды құраса, General Electric – тің барлық акциялары 257,4 млрд.долларға бағаланды. Бұл оқиғаны көптеген аналитиктер былай деп түсіндіреді: бұл жағдай әлемдік экономикада материалдық өндірістен ақпараттарды өңдеу үдерісіне жылжу әрекетін растайды. 1998 жылдың қарашасында Oracle фирмасының басшысы Ларри Эллисонның Comdex Fall- де айтуынша, әлем материалдық экономикадан ақпараттық экономикаға шапшаң түрде жылжуда. Бұндай жағдайда зияткерлік еңбектің және сол арқылы жасалатын зияткерлік меншіктің « құны» өсуде [26, 32 б.].
Саудалық табыс үшін өзінің зияткерлік меншігін заңды қорғай алу және одан барынша қалай пайда табу туралы Мicrosoft тарихының келесі мысалынан көруге болады.
1980 жылдың қазанында IBM компаниясы бағдарламалық қамтамасыз етудің фирма – өңдеушілеріне жаңа түрлері үшін операциялық жүйені жасауды ұсынады (кейін, ол IBM PC атымен әйгілі болды ). Сол кезде, жас Мicrosoft фирмасының операциялық жүйелер бойынша өзінің жеке өңдеулері болмаған еді. Сол жылдың шілдесінде фирма басшысы Билл Гейтс 86 – DOS жүйесіне қатысты барлық құқықтарды иемденіп алды. Бұл жүйені өңдеген компания оны нарыққа жеке өнім ретінде шығармай, тек өздерінің микрокомпьютерлерінде ғана қолданады. Бұның орнына, бұл компания Мicrosoft- тың бағдарламалау тілдерін қолдану құқығына лицензиялар алады. Ал Мicrosoft 86- DOS-ты негізге ала отырып, оны өңдеп жаңа операциялық жүйеге MS-DOS деген ат қойды. IBM және Microsoft арасындағы келісім бүгінгі күнде заңгерлік қатенің классикалық үлгісі ретінде кәсіпкерлік колледждерде оқытылады. Сонымен, IBM бұл жүйені өңдеуге кеткен барлық шығындарды төлеп, әр сатылған ПК-дан Гейтске пайздарды бөліп отырды. Ал Мicrosoft IBM-ге бір цент төлемей бұл жүйені кез келген фирмаларға, сонымен IBM-мен бәсекелесе алатын фирмаларға да сата алды. MS-DOS-тың түрлі нұсқаларының 100млн. данадан астам көшірмелері сатылып, Мicrosoft және оның басшысы бұдан миллиардтаған доллар пайда көрді [26, 102 б.].
Жапония соңғы кезде зияткерлік меншік мәселесіне қатысты өз көзқарасын өзгертті. Қазір Жапония ғылыми зерттеулерге кеткен шығындар бойынша әлемде екінші орынды ( АҚШ-тан кейін) иемденіп отыр. Жапония шетел технологиялардың тұтынушысынан өзіндік техникалық шешімдердің ірі жасаушысына әлдеқашан айналған [25, 34 б.].
Зияткерлік меншік құықтарын қорғаудың жапондық жүйесі ең алдымен «қоғамдық пайдаға» бағытталған (батыс елдердегі негізгі мақсат – меншік иелерінің құықтарын қамтамасыз ету). Жапониядағы өнеркәсіптік меншік құқықтарын қорғау жүйесі өнеркәсіптік фирмалардың басшыларын жаңа технологияларды енгізуге ынталандыруға көмектесетін негізгі фактор болып табылады. Тәжірибеде қолданылатын патентті қорғауға көп көңіл бөлінеді. Патенттік ведомство Жапондық патенттік ақпарат орталығымен, Жапондық өнертабыс және жаңашылдық институтымен және басқа ұйымдармен бірге ғылыми – техникалық жетістіктерін қоғамдық және өнеркәсіптік қабылдануының қажетті ортасын белсенді қалыптастыруда. Ал бұл өз кезегінде елдің экономикалық әл-ауқаттылығының өсуіне жағдай жасайды.[25, б.].
1980 жылдан 1990 жылға дейінгі кезеңде өнертабыстарға берілген раыздардың саны шамамен екі есе өсті (1980 ж. 191 мың болса, 1990 ж. 376,8 мың болды). Бірақ бұл кезеңде берілген патенттердің саны аса өскен жоқ (1,3 есе), себебі патенттік өтінімдер бойынша кері шешімдердің 60%-ы «өнертапқыш деңгейінің жоғары болу» белгісіне сәйкес келмеуіне байланысты шығарылған. Елде шетелдік техникалық жетістіктерді табысты жетілдіре алған отандық фирмаларға ерекше қолдау көрсетіледі. Жапонияның халықаралық сауда және өнеркәсіп министрлігі елде қызмет етіп жүрген шетел фирмаларға келесідей талап қояды: жаңа технологияларға рұқсат алғысы келетін және оларды қолдану мүмкіншілігі бар барлық отандық компанияларға лицензиялау беру. Сонымен қатар, жапондық фирмалардың шығындарын азайту үшін лицензиялық төлемдерге қатаң қойылымдар орнатылды. Бұл фирмалар, өз кезегінде, басқа жапондық компанияларға сублицензиялар беру арқылы өз елдерінде өздері жетілдірген батыс технологияларын ары қарай таратуға жағдай жасау керек [25, 35 б.].
Патентке өтінім беру кезінен бастап оның дайын болуына дейінгі уақыт Жапонияда ұзаққа, шамамен 5-7 жылға созылса, жоғарғы технологиялар саласындағы өңдеулер бойынша бұл кезең 10 жыл және одан жоғары уақытқа созылады. Бұл кезеңде компаниялар батыс технологиялар бойынша өндірісті иемденіп, оны өзгертуге және жақсартуғ үлгереді. Патент берілген соң, батыс фирмалар жапондық компанияларға технологияны қолдану лицензиясын беруге мәжбүр болады (мәжбүрлік лицензиялау). Жапонияда берілген патенттердің жалпы саны, АҚШ-пен салыстырғанда, шамамен 5 есе көп, бірақ олардың тек 4%-ы ғана шетел өтінім берушілерге берілген [25, 36 б.].
Лицензиялар мен ноу-хаудың халықаралық сауда базасы бойынша мемлекеттердің патенттік қызметі – технологиялардың экспортерлері болып табылады. Өнертабыстардың патенттеуіндегі басты рөл дамыған елдерге жатады: патенттерге берілген өтінімдердің және берілген патенттердің саны бойынша Жапония бірінші орынға, АҚШ екінші орынға ие болып отыр. Өнеркәсіптік дамыған елдердің технологиялық нарығы тартымды болып келеді.
Зияткерлік қызметтің айрықша нәтижесі болып табылатын өнімнің халықаралық сауданың дамуымен зияткерлік меншікке қатысты құқық бұзушылықтары өсті. Бұндай өнімді өндіретін негізгі өндірушілер болып табылатын өнеркәсіптік дамыған елдер құқықтарды бұзған мемлекеттерге қатысты өзіндік шаралар қолдана бастайды.
АҚШ келесідей сауда-экономикалық тетіктерді қолданады:
- құқықтарды бұзған елдерден келетін импортқа шек қою,
- олардың экономикасына инвестицияларды қысқарту;
- несие беруді жою;
- Құрама Штаттар және басқа халықаралық ұйымдар арқылы берілетін ынтымақтастық бағдарламаларға және көмекке жол бермеу.
Европалық Одақ құқық бұзушы елдерге қарсы келесідей шараларды қолдануға болады деп есептейді:
- сауда жеңілдіктерін жою;
- кеден баж салықтарын ұлғайту;
- тауарлардың шеттен әкелуіне сандық шек қою.
Халықаралық дәрежеде зияткерлік меншік құықтарын қорғау өте күрделі мәселе болып табылады. Бұл осы саладағы құқықтық нормалардың жеткілікті түрде дамуымауына және әр мемлекеттерде ерекшеленуіне байланысты. Бұл мәселенің жалпы шешімін табу үшін бірқатар елдер зияткерлік меншік құққтарының сауда мәселелері бойынша Келісімге қол қойды (ТРИПС). Бұл Келісім зияткерлік меншіктің барлық түрлерін қамтып, меншік иесі мен мемлекет арасындағы қатынастарды регламенттейді және зияткерлік меншік объектілеріндегі құқық бұзушылықтарға жауаптылық дәрежесін орнатады.
Сонымен қатар, онда Келісім нормаларына сәйкес қатысушы мемлекеттердің заңнамаларының келтірілген мезгілдері регламенттеледі және келісілген нормалардың орындалуына қатаң бақылау қарастырылады. ТРИПС Келісімі арқылы халықаралық деңгейдегі даулы сұрақтарды шешу механизмі жасалған.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, отандық зияткерлік меншік институтын мемлекеттің жеке ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастыру керек деген қорытынды шығасақ болады
- Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншіктің эволюциясы
Зияткерлік меншік институтының қалыптасуына әсер еткен тарихи негізгі факторлар болып келесілер табылады: еңбек бөлінісі, қызметтің ерекше түріне зияткерлік еңбекті жекелеу, зияткерлік еңбектің өнімдерін тауарларға айналдыру, оларды нарықтық тауар айналымына енгізу.
Көптеген мемлекеттерде зияткерлік меншік институтының қалыптасуы XVIII ғасырдан басталып, XIX ғасырдың ортасында аяқталды, алайда XX ғасырда да бұл қатынастар бойынша заңнаманың жетілдірілуі жалғастырылды.
XIX ғасырдың соңында және XX ғасырдың басында халықаралық экономикалық және мәдени қатынастардың дамуы зияткерлік меншік қатынастарын мемлекет аралық реттеу қажеттілігі туды. Авторлық құқықтарды қорғау және өнеркәсіптік меншік құқықтары бойынша мемлекетаралық құқықтық нормалар қалыптаса бастады. Зияткерлік меншік қатынастарын патенттік-құқықтық реттеу бірте-бірте жеке мемлекеттердің ұлттық шекараларынан өтіп, халықаралық деңгейге жетті: 1883 ж. (соңғы редакциясы 1967ж.) өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясы; 1886 ж. (1928 ж. Римдік конвенцияда Берн конвенциясына түзетулер енгізілген, соңғы редакциясы 1971 ж. Болды) әдеби және көркем туындыларын қорғау бойынша Берн конвенциясы; 1952 ж. (соңғы редакциясы 1971 ж.) авторлық құқық туралы Дүниежүзілік Женева конвенциясы. Қазіргі уақытта конвенцияда 80-нен астам мемлекеттер қатысып отыр. 1967 ж. Стокгольмдік конференцияда Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДИМҰ) құрылған [27, 15 б.].
Қазақстанда нарықтық шаруашылықтың дамуына қарай зияткерлік меншік үдерісі батыс европалық елдермен қатар КСРО кезінде қалыптаса бастаған.
Зияткерлік қызмет нәтижелері бүкілхалықтық дәулет болып жарияланды және мемлекет оларды реттеп отырды. Зияткерлік қызмет өнімі бәсекеге қабілетті тауар болмай қалды, ал оның жасаушысына еңбегі үшін жалақысына қосымша ақы төленіп, мемлекеттің қарапайым қызметкеріне айнала бастады. Зияткерлік өнімді оның жасаушысынан тартып алу жүйесі орнатылып, дами бастады. Бұл жүйе құықтық нормаларда бекітіліп, жеті онжылдықтан астам жұмыс істеді. Зияткерлік еңбек жүйесін мемлекеттендіру, оның өнімдеріне мемлекеттік монополия құру, бір жағынан, қоғамның зияткерлік қызметін сол қоғамдық жүйеге қызмет етуге бағыттауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, аз мөлшерде еңбек шығындарын өтеп тұруға, яғни, зияткерлік қызмет бағаларын арзан бағаға иемденіп отыруға мүмкіндік береді. КСРО-да сияқты дүниежүзілік бір де бір мемлекетте зияткерлік меншік бұндай төмен бағаланған емес және мемлекетке бұндай тәуелді болған емес.
ХХ ғасырдың ортасында ғылыми-техникалық революциның таралуы және қоғамдық еңбекті зияткерлік үдерісін жеделдетуі шаруашылық етудің басқа сапалы нысандарының және басқа құқықтық нормалардың қажеттілігін тудырды. Индустриалды дамыған елдерде меншік қатынастарының плюрализациясы, сәйкесінше құқықтық нормалардағы өзгерістер өндіргіш күштердің жаңа талаптарға деген жауабы болған.
Индустриалды дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, зияткерлік меншік тиімділігі жоғары зияткерлік еңбектің қуатты мотиваторы болып табылады, ал бұл үдеріс ХХ ғасырдың ортасында ғылыми-техникалық революциясының дамуына қуатты күштер беріп отырды. Іргелі ғылым саласындағы зияткерлік еңбектің, Ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ), қолданбалы зерттеулер мен өңдеулердің нәтижелерінің өндіріспен талап етілуі, ғылым мен өндірістің тұтасуы, өңдірістің ғылыми сыйымдылығын арттыру- зияткерлік өнімді жасау, жүзеге асыру, пайдалану механиздерімен тікелей байланысты, яғни жұмыс істеп тұрған ( қорғаушы және ынталандырушы) зияткерлік меншік жүйесімен байланысты болып отыр.
КСРО-ның ыдырауы барысында отандық зияткерлік меншік жүйесі қалыптаса бастады. Осы кезеңнен бастап бұл жүйенің эволюциялық қалыптасуын қарастырайық.
1991 жылғы 11-ші маусымындағы ҚР «Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу туралы» Заңы Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік қатынастарын жаңама түрде реттейтін алғашқы заң актілерінің бірі болып табылады. Бұл заңның 9-20 баптарында әділетсіз бәсекеге тиым салу туралы, антимонополиялық комитеттің мақсаттары, функциялары және өкілеттіктері қарастырылған [ 28].
1992 жылы 24 шілдеде « Патенттік Заң » қабылданып, кейін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімі қабылданған соң, қайта қаралып, өзгертілді.
1993 жылдың 5 ақпанынан « Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық келісім-шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына» сәйкес осы жылдың 16 ақпанынан бастап Қазақстан төрт дүниежүзілік маңызды конвенциялардың күші таратылды: 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы; 1891 жылғы 14 сәуірдегі белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі; 1967 жылғы 14 шілдедегі Стокгольде қол қойған дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымын ( ДИМҰ ) құру туралы конвенциясы; 1970 жылғы 19 маусымдағы вашингтонда қол қойылған патенттік кооперация туралы шарт( РСТ) [29]
Қазақстан осы кезеңде мәдениетті нарықтық экономика қатынастары әлі құрылмаған еді, экономика өтпелі сипаттады болды. Сондықтан нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің құқықтық нормалардың негізінде зияткерлік меншік қатынастарын реттеу саласында, бір жағынан, бірқатар құқықтық нормаларды түзету, екінші жағынан, нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде тән емес бірқатар ерекше қазақстандық мәселелерді заңды шешу қажеттіліктері туды.
Бұл кезеңде Қазақстанда зияткерлік еңбек саласында болып жатқан нақты үдерістерді қарастырайық. Ғылым саласының демонополизациялау үдерісі басталды. Салалық ғылыми ұйымдарды жекешелендіру,мемлекеттік ғылыми сектордың реформалануы және жаңа ғылыми ұйымдарды жасауы нәтижесінде жалпы санның шамамен ¼ бөлігі жеке және аралас меншік нысандарына негізделеген.
Ғылыми-зерттеушілік қызмет және тәжірибелі-конструкторлық өңдеу салаларында қазіргі кезеңде ұйымның түрлі экономикалық тиімді нысандары ( дара,жеке,кооперативті,мемлекеттік, бірлескен, араласқан) қалыптасуда. Олар перспективалы, ағымдағы зерттеушілік және инженерлік-конструкторлық мәселелерді қысқа уақытта аз шығындар арқылы шешуге мүмкіндік береді. Қызметтің бұл саласындағы ұйымдастырушылық-экономикалық нысандардың әр алуандылығынын материалдық негізі ғылыми саланы және ҒЗТКЖ-ні компьютерлендіру, электроникаға негізделген құралдармен жабдықтау болып табылады. Осының барлығы зияткерлік меншікті қорғауды күшейту қажеттілігін ескертеді.
Ғылыми-техникалық өнім нарығынын қалыптасу үдерісі КСРО-ның меншігі болып табылған өткен зияткерлік еңбектің өнімдеріне қатысты бір қатар құқықтық мәселелерді шешуге мәжбүрледі. Соған орай, келесідей қадамдар жасалды.
1996 жылы 10-ші маусымда қазақствн Республикасының « авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы » (№6-1) Заңы қабылданды. Бұл Заң ғылымның, әдебиет пен өнердің ( авторлық құқық) туындылырын, қойылымдарды, орындауларды,фонограммаларды, эфирлік және кабелдік хабарлау ұйымдарының бағдармаларын (сабақтас құқықтар) жасаумен және қолданумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Ал авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау осы Заңнын 49 бабында бекітілген. Зияткерлік меншік құқығын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілік осы Заңнын 128,129 баптарына сәйкес жүктеледі [30].
1997 жылы 8-ші сәуірінде Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қырғыстан Республикасының үкіметі өнеркәсіпті меншікті қорғау саласында ыңтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.
1997 жылы 16-ші шілдеде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қабылданды. Бұл Кодекстің 184-бабы «Зияткерлік меншік құқықтарын бұзу » деп аталады. Осы бапқа сәйкес авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ өнертабысты, пайдалы үлгіні немесе өнеркәсіптік үлгінің мәнің олар туралы мәліметтерді реми жарияланға дейін автордың немесе жариялаушының келісімінсіз жұртқа жаю, сол сияқты авторлықты иеленіп алу немесе қосарлас автор болуға мәжбүр ету, егер осы әрекеттер пайда келтіру мақсатымен жасалып, ірі зиян әкелсе, зияткерлік меншік құқығын бұзған адам жауапқа тартылады [31].
Кодекстің 199-бабы тауарлық белгіні заңсыз пайдалануға арналған. Егер бөтеннің тауарлық белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, тауардың шығарылған орнының атауын немесе олармен біртектес тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған ұқсас таңбалары заңсыз пайдаланылса, егер бұл әрекет бірнеше рет жасалса немесе ірі зиян келтірілсе, осы баппен жауапқа тартылады.
ҚР қылмыстық кодексінің қарастырылған осы баптары зияткерлік меншікті қорғау жүйесін одан сайын нығайта түсті.
1998 жылдың 10-ші қарашасында « Қазақстан Республикасының әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Берн конвенциясына (1886 жылдың 9-ші қыркүйегінен) қосылу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Берн конвенциясы осы конвенцияны ратификацияланған елдердің ( Одаққа мүше елдердің ) әдеби және көркем туындыларын, туынды шығармаларын,қолданбалы өнер туындыларын, өнеркәсіптік үлгілерін,жаңалықтарын, жинақтарын, реми мәтіндерін қорғау туралы қағидаларды көздейді. Конвенция одақ елдерінің құқықтары мен міндеттерін, одақтын атқарушы органдарының құрылымы мен міндеттерін, туынды авторларының мүліктік, мүліктік емес және кепілдендірілген құқықтарын,шығармаларды қорғауды шектеу қорғау мерзімі, қорғалатын құқықтарды қорғау, қайта шығару, пайдалану, жазу құқықтары мен әдеби және көркем туындыларды қорғаудың өзге де мәселелерін нақтылайды. Берн конвенциясында авторлық құқықтын негізгі санаттары мен қолданыс мерзімі белгіленді. Конвенция авторлық құқық саласындағы қатысушы мемлекеттер заңдарының кейбір келісіміндеріне ықпал етеді. Бүгінде бұл конвнецияға 160-қа жуық мемлекет қатысушы болып отыр. Конвенцияға сәйкес, қорғау мерзімі автордың өмір ұзақтығын және оның өлімнен кейінгі 50 жылға қамтиды. Киноматографиялық жұмыстар мен қол өнер туындылары үшін ең төменгі қорғау мерзімі шығарма дүниеге келгеннен кейінгі 25 жылға созылады [ 32].
1999 жылы 1-ші шілдеде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімі күшіне енді. Бұл бөлімнің 5- тарауы « Зияткерлік меншік құқығы» деп аталған және зияткерлік меншік құқығы туралы жалпы ережелерді қамтитын 769 баптан тұрады [33].
Осы Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқығын келесідей нормалармен реттеледі [33]:
- Азаматтық Кодекстің « Азаматтың құқық қабілеттілігінің негізгі мазмұны» атты 14-бабына сәйкес «азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, … өнертабыстарға ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына зияткерлік меншік құқығы болады… ».
- Сонымен қатар ҚР АК –нің 115-бабы « Азаматтық құқық объектілерінің түрлеріне арналған». Бұл баптың 2 тармақшасына сәйкес мүліктік игіліктермен құқықтарға (мүлікке): заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс,қызмет, шығармашылық-зияткерлік қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және
бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады.
- ҚР АК-нің «Зияткерлік меншік» атты 125-бабы азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық зияткерлік қызметтің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметінің өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және т.б.) ерекше құқықты бекітеді.
- ҚР АК-нің 126-бабы қызмөттік және комерциялық құпия құқықтарымен қамтамасыз етеді.
- Сонымен қатар, «Зияткерлік меншік құқығы» атты арнайы V тарауда зияткерлік меншіктің барлық дерлік объектілері қамтылған: зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелрі, азматтық айналымға қатысушылардың жекелеу құралдары, тауарлары, жұмыстары немесе қызметтері. Бұл тарауда зияткерлік меншік құқығының пайда болуымен, тапсыруымен, олардың әрекет ету мезгілімен және т.б. байланысты зияткерлік меншіктің барлық
түрлерінің қорғауын қамтамасыз етеді.
1999 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңы қабылданған. (№422-1(). Бұл Заң экономикалық және ұйымдастырүшылық негізін анықтайды, селекциялық жетістіктерді жасаумен, табумен, жоюмен, құқықтық қорғаумен және пайдаланумен байланысты пайда болатын мүліктік және мүліктік емес қатынастарды ретейді [34].
Тәулсіздік алғаннан кейін Қазақстан алдында басқа «жаңа мемлекеттерме» бірге өсімдік сорттарын қорғау әлемдегі үш жүйесінен біреуін таңдау мақсаты туды:
- арнайы, УПОВ конвенциясына негізделіп мемлекеттікұлттық заң түрінде көрсетілген жүйе (онда Жапония, Канада көптеген Европа мемлекеттері қатысады);
- мамандану, мемлекеттік патенттік заңымен байланысқан құқық дайындау әкімшілік рәсімі (Венгрия, Италия);
- аралас, селекция нәтижелері патенттік және арнайы заңдарымен қорғалады, соған сәйкес маманданған ауылшаруашылық органдармен және патенттік мекемелермен.
Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттермен қатар екінші мамандану жүйесі сәйкес болып шықты. Ел атынан берілген патенттер құжат ретінде ауылшаруашылық басқармасының берген ведомоствалық актілеріне қарағанда абыройлы болады. Патент жаңалығы, ерекшелігі, біртектілігі және тұрақтылығы бар селекциялық жетістікке беріледі.
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңын бұзып селекциялық жетістікті пайдаланатын жеке нмесе заңды тұлғалар патентиеленүшінің құқығын бұзған болып саналады [34].
Заңның 15 бабына сәйкес, патент иеленүшінің құқықтарын бұзүшы тұлға патент иесіне селекциялық жетістікті пайдаланғаны үшін өтем төлеуге, сондай-ақ заңдарға сәйкес осы Заңды бұзу салдарынан туындаған басқа да шығындардың орнын толтыруға міндетті [34].
Жеке немесе заңды тұлға патент иесінің құқықтарын бұзүшы болып саналады, егер [34].
- патент иеленүшінің рұқсатынсыз өтінім берілген сорт, тұқым туралы коммерциялық құпия болып табылатын мәліметті ашса;
- өндірілген және сатылатын қорғалатын селекциялық жетістіктердің тіркелгендегісінен өзгеше атау берсе;
- өндірілген және сатылатын қорғалатын селекциялық жетістіктердің селекциялық жетістікпен шатастыратындай дәрежеде ұқсас атау берсе;
- өндірілген және (немесе) сатылатын қорғалатын селекциялық жетістіктердің іс жүзінде оңай емес атауын берсе;
- селекциялық жетістік туралы шындыққа сай келмейтін мәліметтері бар құжаттарды табыс етсе.
Заңның 14 бабы патент иеленушінің құқықтары мен міндеттерін орнатады, оның үстіне айырықша құқығының түрі қорғалатын объектіге заңды болып көрінеді, патент иеленушінің рұқсатын талап етеді [34].
1999 жылы 16 шілдеде «Қазақстан Республикасының Патент заңы» (№427-1) қабылданды. Осы Заң өнеркәсіптік меншік объектілерін жасаумен, құқықтық қорғаумен және пайдаланумен байланысты пайда болатын мүліктік және мүлікті емес қатынастарды реттейді. Бұл заңның 1992 жылғы Заңнан ерекшеліктірінің бірі – авторлардың, өтінім берүшілердің және патент иеленүшінің өнеркәсіптік меншік құқықтарын Сотқа дейінгі қорғауды Аппеляциялық кеңес (ҚР Патен заңының 7 тарауына сәйкес) жүзеге асырады. Патент заңы қызметтік міндеттерді орындауға байланысты емес, бірақ қызметтік мәліметтерді, жұмыс берушінің материалдық, техникалық және басқа да құралдарын пайдалана отырып жасаған жаңалығына қорғау құжаттарын алуға құқықтарды нақтылайды [35].
1999 жылдың 23 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң қолданысқа енгізілді. Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Републикасының Конституциясына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік бостандық кепілін орнатады [36].
1999 жылы 26 шілдеде «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» (№456-1) Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бұл заң 13 тарау, 48-баптан тұрады. Аталмыш Заң тауар таңбаларын, қызмет көрсөту таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттеді [37].
Қазақстан Республикасында тауар таңбасын құқықтық қорғау Заңда белгіленген тәртіпте оларды тіркеу негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тіркеусіз беріледі (Заңның 4-бабы). Тауар таңбасына куәлікпен куәландырылады, тауар таңбасының иесі көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзіне тиесілі тауар таңбасын пайдалану мен оған иелік етудің айырықша құқығына ие. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбаларының иесі оны пайдалану мен оған иелік етудің айырықша құқығына ие және де қорғалатын тауар таңбасын оның иесінің келісімінсіз ешкім де пайдалана алмайды. Заңның тауар таңбасын оның иесінің келісімінсіз ешкім де пайдалана алмайды. Заңның 5-бабына сәйкес тауар таңбасы ретінде бейнелеу, сөз, әріп, цифр, көлем белгілері және өзге де белгілер немесе бір тұлғалардың тауарлары мен өызметтерін басқа тұлғалардың біртектес тауарларынан немесе қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін олардың аралас үлгілері тіркелуі мүмкін [37].
2000 жылдың 7 маусымында «Фонограммаларды өндірушілерінің мүдделерін олардың фонограммаларын заңсыз пайдаланудан қорғау туралы Конвециясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Заңы қабылданды.
2001 жылдың 29 маусымында «Интегралды микротәсілдер топологиясын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
2001 жылдың 9 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» (№225) қабылданған Заңында зияткерлік меншік объектісін анықтауда (осы Заңның 3 тарауы) жалпы түсінік беріліп кеткен. Нақтырақ айтсақ, ғылыми, ғылыми-техникалық инновациялық қызмет нәтижесіне зияткерлік меншік құқығы қарастырылады.
2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 128-бабы өнертабыстарға, пайдалы модельдерге өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзуға арналса, 129-бап авторлық және сабақтас құқытарды бұзу, 145-бап бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын заңсыз пайдалануға арналған [38].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылңғы 11 шілдедегі №756 Қаулысымен Қазақстан Республикасы әділет Министрлігі зияткерлік меншік құқығы комитетінің Ұлттық зияткерлік (зияткерлік) меншік институты құрылып, 2003 жылдың 19 қыркүйегінен өз жұмысын бастады. ҰЗМИ өнеркәсіптік меншік объектілеріне, ғылыми-зерттеу қызметіне, өнеркәсіптік меншік объектілерін коммерциализациялауға жәрдем беру және бағалауда, зияткерлік меншікті жүргізудің сапалы жаңа әдістемесін бекіту жағдайында құрылған. Осы сұрақтардың шешімі ҰЗМИ қызметінің неігіз ретінде қойылған. Институт құрылғаннан бастап (19 қыркүйек 2003 жыл) өнеркәсіптік меншік объектісіне өтінімдер қабылдау мен сараптауды, Мемлекеттік тізілімдер және Қазақстан Республикасы берген қорғаныс құжаттары туралы ақпараттармен ресми басылымдарды жариялауды жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым ретінде патенттік ұйымның дәстүрін жалғастыруда.
Институт қызметі Қазақстан Республикасы Президенттің «Қазақстанды он жыл ішінде әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына қосу» мемлекеттік ортақ стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған. ҰЗМИ өндірістік қызметі негізін өнеркәсіптік меншік объектісі өтінімдердің сараптамасы кұрайды: өнертабыстар, пайдалы модельдер, тауар таңбалары, тауар таңбалары шығарылған жерлердің атауларын сараптау, өнеркәсіптік үлгілер, сонымен қатар селекциялық жетістіктер. Институт корғаныс кұжаттарының Мемлекеттік тізілімдердің жүргізілуін және оның берілуіне дайындықты жүзеге асырады.
2006 жылдың 23 наурызында Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау туралы» Заңы қолданысқа енгізілді. Заңда мемлекеттен инновациялық үдерістерді қолдаудың мемлекеттік саясаттының негізгі бағыттары карастырылған: экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды кұру арқылы инновациялық қызметті ынталандыру, соның ішінде мемлекеттік инновациялық саясатты жүзеге асыруда инвестицияларды тартуды, инновациялық дамудың приоритеттерін анықтауды, инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруды және дамытуды, инновацияны кұру мен енгізуде мемлекеттік қатысуын отандық инновацияларды сыртқы нарыққа жылжытуын, технологиялардың трансфертам қамтамасыз ету [39].
- жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметінің
қаулысымен «2007-2011 жылдарға Қазақстан Республикасының патенттік
жүйесін дамыту Бағдарламасы» бекітілді. Бұл Бағдарлама құқықтық,
экономикалық, ұйымдастырүшылық-әкімшілік және т.б. сипаттағы ережелер
жиынтығының кең шеңберін кұрады. Олар негізінен ұлттық патенттік жүйенің
тиімділігін арттыру арқылы Қазақстандағы өнертапқыштық және
инновациялық қызметтердің тиімді дамуы үшін алғы шарттарды кұруға
бағытталған [40]. - жылдың 2 наурызында мемлекет Басшысы «Зияткерлік меншік
мәселелері бойынша Қазакстан Республикасының кейбір заң актілеріне
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына қол қойды. Бұл Заңның қабылдануымен қорғау кұжатының жаңа түрі —
инновацилық патент енгізілді. Яғни, Қазақстан Республикасының патентін
байқау жүйесі бойынша берілетін кұжатты алу бір сатылып және жолығу
жүйесі арқылы ешкандай алдын ала қорғау кұжатын алуды талап етпейтін
болды [41].
Осы Заңды жүзеге асыру мақсатында Комитет Төрағасының бұйрығымен 9 Нұсқаулық бекітілді. Бұл Нұсқаулықтар өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауарлық белгілерді тіркеуге өтініштерді беруде заңнаманы қалай қолдану туралы айқын түсіндіріледі.
Осыған орай, 2007 жылдың 23 қарашасында Алматы қаласындағы ИМҒИ РМҚК «Патенттік-құқықтық консалтинпнің» ғимаратының филиалында зияткерлік меншіктік Комитеті мен Ұлттық институты жаңа Оқу орталығының прөзентациясын өткізді. Бұл Оқу орталығы зияткерлік меншік саласында мамандарды дайындау мақсатында ұйымдастырылған Қазақстандағы алғашқы оқу орны болып табылады. Сондықтан, мамандарды оқыту үрдісі халықаралық тәжірибеге сүйеніп, сонымен қатар өзінің өңдеп шығарған бағдарлама негізінде де жүзеге асырылуда.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 2015 жылға қарай ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, алдағы бес жылда патенттер мен жаңа технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс» деп атап — көрсөтті; — Елбасының тапсырмалары университеттерге халықаралық деңгейден бәсекеге кабілөтті, білімдар адамдар қоғамдастығын және ұлттық интеллекту алдық ядроны қалыптастыруды жүктейді. Осы мақсаттарға сәйкес, ҚазҰУ көптеген игі істерді бастап отыр. Университетте Елбасы жолдауын іске асыру штабы кұрылды, алғашқы іс-шаралардың бірі ретінде Жолдаудың негізгі тезистерімен және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарымен таныстыру мақсатында дәрістер ұйымдастырылуда.
Бүгінгі таңда зияткерлік әлеует аса құнды қор саналады және бұл жағдайда жоғары білім беру жүйесі мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторға айналуы тиіс. ҚазҰУ-да әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енудің кешенді бағдарламасы жасалды. Ғылымды басқарудың жаңа үлпідеп жүйесіне бейімделу үшін ҚазҰУ дайындық жұмыстарын бастады. ҚазҰУ-дың ғалымдары ғылымды басқарудың жаңа тетіктерімен және кағидаларымен, ғылыми – техникалық саланы басқарудың құрылымымен танысты. Ғылым мен білімді ықпалдастырып, ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуетін қаржыландырудың жаңа жағдайларына толығымен бейімдеу үшін арнайы тетіктерді жасау шаралары жоспарлануда. Студенттер мен магистранттардың ғылыми дайындығын арттыру мақсатында оқу және ғылыми үдерістерін біріктіретін нақты тетіктерді жасау, Қазақстан Республикасының Заң жобаларына ұлттық және зерттеу университеттеріне қатысты ұсыныстар мен өзгертулер енгізу басты назарда болып отыр. ҚазҰУ-дың негізгі стратегиялық мақсаты- білім ордасын зерттеу университетіне айналдыру. Ұлттық нанотехнологиялық зертханаға шетелдік ғалымдарды тарту тетіктеріне, университеттің инновациялық қызметін белсенді өтуге айрықша мән берілуде. Жаңа үлгідегі университеттерде ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, бұл білім мен ғылым салаларының жасанды бөлінісін еңсеретін алғашқы қадам болады. Елімізден 150-ден астам университөттің тек он шақтысын ғана іс жүзінде Ғылыми зерттеулерді жүргізетін орталықтарға жатқызуға болады. Қалғандары – жай оқу орындары. Оқыту және зерттеу университеттерін бөлек қарастыру қажет, бұл ретте зерттеу университеттері элиталық деңгейде болуы тиіс.
Елбасы ҚазҰУ-ды «Жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының форпосты» деп бекер атаған жоқ. Бұл – Ұлттық университетінің алдағы көзеңдегі басты міндеті. Осындай түбегейлі өзгерістердіц ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойы аталған жылға сай келуі де кездейсоқ нәрсе емес. ҚазҰУ елу шақты ғылыми конференция, семинар, басқа да бірсыпыра кешенді шаралар өткізді. Бұл шаралардың ішіндегі шоқтығы биігі — Елбасының жоғары бағасына ие болған ҚазҰУ-дың қабырғасында оқылған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың айтулы актілік дәрісі. Интернет пен ақпарат агенттіктеріндегі жарияланымдардың арқасында Қазақ ұлттық университеті жайында бүкіл әлем хабардар болды.
ҚазҰУ-дың негізгі бағыты — ҚазҰУ-дың зерттеу университеті ретінде қалыптасуына қарай қаркыңды қадам басу. Елімізде үлгі боларлық университет жоқ. Сондықтан зерттеу университөттің жалпы тұжырымдамасы, мақсаты мен құрылымына қатысты мәселеде халықаралық стандарттарды басшылық алу керек Бұл жердегі әңгіме мынадай төрт мақсатқа ұмтылуда болып отыр: студент, үздік оқытүшы, үздік менеджмент және үздік инфрақұрылым.
Элиталық университөттің нышандарының бірі – шынайы ғылымның болуы. Аталған бағытта алғашқы адамдар жасалды. Бірқатар жағдайға мысал болсақ, біріншіден, 2011- жылы ғылыми зерттеуді қаржыландыру 2008 жылмен салыстырғанда 40% өсті, бұл — даусыз жетістік Екіншіден, жоғарғы импакт-факторды иеленетін халықаралық ғылыми басылымдардағы жарияланымдар саны кебекіде. Бұл — жоғарғы деңгейдеп ғылыми нәтижелердің беделді халықаралық басылымдарда жарық көруін ақшалай сыйақымен ынталандырудың нәтижесі. Зерттеу және тәрбие жұмыстарына белсенді қатысуына жағдай жасау үшін оқытушы-профессорлардың педагогикалық жүктемесі 750-ден 600 сағатқа дейін төмендетілді. Үшінші мәселе — білім мен ғылымның ықпалдастығы. Зерттеу университетінде оқу және ғылыми зерттеу үдерістері қатар жүрмей, біріге өтуі керек, яғни ғылыми жетістіктер белсенді түрде оқу үдерісне ұдайы енгізілуі тиіс. Себебі білімнің әлеуеті ғылымда. Зерттеу университетінің концепциясы университет қабырғасындағы оқу үрдісінің барлық сатыларында білім және ғылыми зерттеулердің тығыз интеграциясына негізделген. Сондай-ақ студенттерді «білім ала отырып -зерттеу», «зерттей жүріп — білім алу» принципі негізінде дайындау тәжірибесінде ғылыми зерттеулерді қолдану қажет.
Зерттеу университеті — бұл өзін жан-жақты жақсы көрсеткен, пәнаралық қатынас негізіндегі әртүрлі бағдарламаларды іске асыру Мүмкіндігі бар білім және ғылымның жаңа формадағы интеграциясы. Онда оқу удерісі Ғылыми-зерттеу белсенділігінің канондары бойынша құрылады. АҚШ-тың Ұлттық Ғылыми қоры зерттеу университеті жайлы былайша тұжырымдайды: «…ол белгілі ғалымдардың студенттермен бірге жүргізетін зерттеу жұмыстарын дамытуға мүмкіндік беретін өзінің кең тараған дәстүрімен ерекшеленуі тиіс. Бұл үшін студенттер мен ғылыми зертханалар арасында, ғылыми және инженерлік бағдарламалар аясында ашылған жаңалыктарға негізделген білім беру үшін, интернет- линк байланысын камтамасыз өту керек».
ҚазҰУ-дегі ҒЗИ, ғылыми орталықтар, ғылыми лабораториялар білім және ғылымды интеграциялау, студенттерді ғылыми зерттеуге қызықтыру үшін құрылған. Студенттердің көпшілігі бітіру дипломдары мен магистрлік диссертацияларын ғылымның басым даму бағдарламаларына сәйкес тақырыптарда орындайды. ҒЗИ директорлары мен Ғылыми жобалардың жетекшіілерінің алдында тұрған міндет — әрбір ғылыми жобаға ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу үшін жас ізденүшілерді тарту. Өткен жылы ақылы түрде Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға 400-ден аса студент пен магистрант қатысты. Студенттердің жоба бойынша ғылыми зерттеуге қатысу мәселесі олардың мамандығымен сәйкес келеді және ҚазҰУ-дың оқыту мамандықтары мен бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді. Зерттеу жүргізу барысында оның нәтижелерін оқу үрдісіне, нақты айтсақ таңдау пәніне (элективті курс), курстың, дипломдық бітіру жұмыстарына және магистрлік, докторлық диссертацияларға енгізу қамтылады. Білім мен Ғылымның ұзақ жылдар бойына өзара байланысы үзілгендіктен, біріншіден ҒЗИ-дың Ғылыми мамандарының орта жасы айтарлықтай ұлғайып, жастардың келуі азайып көтті. Екіншіден, мамандарды дайындау сапасы да төмендеді. Бүгінде заман талабына лайық мамандарды, әсіресе, жаңа білімді қабылдай білетін мемлекет элитасын университет қабырғасындағы білім мен Ғылымның тығыз байланысы неғізінде ғана дайындауға болатынын дүниежүзі мойындап отыр. Қазақстан Республикасындағы Ғылымды басқарудың жаңа жүйесі кадрлар әлеуетінен арнайы Ғылыми білімді, кадрлардың жас буынын Ғылым саласына тартуды қажет етеді.
Әлемдік тәжірибеден көретініміз — университеттер, институттар және мемлекеттер Ғылыми жетістіктерге басты үш фактор арқылы қол жеткізеді: дарынды адамдардың шоғырлануы, икемді басқару жүйесі, оқу және зерттеудің жан-жақты камтамасыз етілуі. Бүгінгі күнде Қазакстанда осы үш бағыт бойынша ұлттық дәрежедегі жоғары оқу орындары басымдың танытуда. Еліміздің негізгі зиялы әлеуеті жоғары оқу орындарында шоғырланған. Осыған байланысты таңдалған жоғары оқу орнында кадрлар дайындау Ғылымның басым бағытында жүргізілуі тиіс. Мысалы, гуманитарлық және нақты Ғылымдар саласында — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, техникалың Ғылым бойынша — Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ және тагы баскалар дайындауы қажет. Бұл университеттер магистрлер мен РhD докторларын аймактық университеттер, ҒЗИ және Ғылыми орталыктар үшін дайындауы тиіс. ҒЗИ өз бетімен жаңа бағдарлама бойынша магистрлер мен РhD докторларын дайындай алмайды, өйткені магистратура мен РhD докторантура — білім беру бағдарламалары, ал Ғылыми-зерттеу институттары оқу үрдісін ұйымдастыра алмайды.
Қазакстандық жоғары оқу орындары арасынан РейтОР тәуелсіз агенттігі жасаған әлемнің 500 танымал жоғары оқу орындарының тізіміне ҚазҰУ ғана енді. Агенттің Ғылыми-зерттеу қызметіне берген бағасы алынған патенттер мен ашқан жаңалықтар куәліктерінің санына, жоғары импакт-факторы бар журналдарда университет қызметкерлерінің Ғылыми жарияланымының сілтемелік индексіне, сондай-ак есептеу орталығының (суперкомпьютерлердіц) өндіргіш қуатының көрсеткішіне негізделген.
Елбасының Қазакстан халкына Жолдауына сәйкес, ЖОО-лар әлемнің жетекшіі университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылу қажет. Ол үшін алдымен бағалаудың тәуелсіз жүйесінің негізін қалыптастыру және Қазакстан ЖОО-ның рейтингін калыптастыру қажет. Бұл модель оқу орнының білім беру, Ғылыми-зерттеу, халықаралың қатынас көрсеткіштерін қамтуы, сонымен қатар ЖОО-ның бренді және оның қоғамдағы орны ескерілуі тиіс. Көрсеткіштерді жақсарту үшін өнертапқышқыт әрекетін күшейту керек Университет ғалымдары жыл сайын шамамен 35-40 өнертабыс жұмыстарына патенттер және 1-2 жаңалық ашу дипломын алады. Бізде танымал Ғылыми мектептер мен аса зор Ғылыми әлеует бар. Ал Ғылыми туындылар мен бағдарламалық өнімдер тіркелмейді деуге болады. Университөттің ғалымдары белсенді түрде Ғылыми зерттеулер жүргізіп, бәсекеге төтеп бере алатын жаңа технологиялар, өнімдер мен материалдар жасауды Патент өнертабысты қолданудағы монополияны білдіреді. Қорғалған тауарды шығаратын фирма, оған тапсырыс алу кезінде басымдық танытады. Приорит өтті технологиялардың негізін зияткерлік меншік нысандарды құрайды, өйткені олар ғана дүниежүзілік нарықта бәсекеге түсе алатын, көрсеткіштері ең жаксы жетілдірілген техникалық және тұтынүшы технологиялармен қамтамасыз өте алады. Патенті бар кәсіпорын жоғары сапалы жарнама алады. Батыста патенттің — қымбат тауар, ал инновациялардың — тиімді бизнес екенін әлдеқашан түсінген. Біздің де көптеген ғалымдар осыны түсіне бастап, өнертапқыш әрекетіне белсенді араласып, бәсекеге қабілетті зерттеулер жүргізе бастады. Университет ғалымдарының зиялық қызметінің нәтижелеріне әрқашан сұраныс бар. Қазақстанның жоғары оқу орындарының ішіннде ҚазҰУ бірінші болып Швеция, АҚШ фирмаларымен лицензиялық және опциялық келісімшарт жасасып, университетке нақты пайда әкелді.
Олардың ішінен органикалық химия және табиғи қоспалар химиясы кафедрасы мен зертхана ғалымдарын атап өтуге болады. Ол жерден басым бағыт — медицина мен ауыл шаруашылығында қолданылатын Қазақстанның өсімдік заттары негізіндегі дәрі-дәрмектер жасау және жаңа биологиялық белсенді қоспалардың синтезі. Мысалы, химия факультетінде өсімдік шикізатынан жасалған «Алхидин» дәрі-дәрмегі — тұнбалар, майлар, түйе тікенек шөбінен дайындалған шәрбәт кең ауқымды биологиялық белсенді және импорттық дәрі-дәрмектерден фармацевтикалық тәуелділікті төмендетуге арналған. Жоғарыда атап өтілген дәрі-дәрмектердің тәжірибелік партиялары Шымкент қаласындагы «Химфарм» акционерлік қоғамында дайындалып, қалалық ауруханаларға берілді. «Рихлокаин» дәрі-дәрмегі Қазақстан және Ресей стратегиялық маңызды дәрі-дәрмектер қатарына қосылған.
Этиленглинколь винил эфирініц тігілген сополимері негізіндегі имплантациялық материалдық(«Гликогель») жаңа инъекциялың формасы жасалды. Ол пластикалық хирургияда контурлы пластика және анатомиялық мүшелерді коррекция жасау, сонымен қатар балалар урологиясында эндоскопиялық емдеу үшін қолданылады.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жаңа Жолдауында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз өтудің тиімді жүйесі кұрылатынын және дәрілердің 50 пайызы елімізде шығарылатынын атап өтті. Сондықтан бұл Ғылыми бағыттың болашағынан көп үміт күтеміз. Жану мәселелері ҒЗИ-да оттан қорғайтын қабат жасалып, оның шикізат нарығына талдау жасалған. Мүмкін болатын тұтынүшылар анықталған және Қазакстан территориясында өнімді шығару реттелген. Тұкымның дақылдардың өнімділігін арттыруға және егіннің ерте пісуіне мүмкіндік беретін биологиялық белсенді заттар жасау үшін өсімдік калдықтарынан (күріш кебегі, өрік сүйегі және т.е.с) жаңа сорбенттер алынады және шығарылады. Бұл сорбент қан мен плазманы тазалау үшін де
қолданылады. Өнімнің сертификаты бар. Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ҒЗИ-да көмірсутек шикізаттарын жоғары температурада кайта өңдеу кезінде шығатын газдарды қосымша кұны жоғары тауарлар — дәрі-дәрмектер, экстрагенттер, еріткіштер алу үдерісіне тарту технологиясы жасалған. Биология-факультетінде жоғары белсенділік байқатқан мұнайтотығы бактерияларының 7 штамы аныкталған. Мұнайда тұрактылыгғын саұтайтын штамдар зерттелді. п22 АС және 109 КС штамдары бензин, мотор майы, дизельдік жанармайдың белсенді деструкторлары болып табылады. Барлық аталған зерттемелерде меншік нысаны болатын және патентпен қорғалған жаңа технологиялар, материалдар, қондырғылар бар. Біздің ғалымдарға ашкан жаңалыктары үшін Ресейдің жаратылыстану Ғылымдары академиясы, Ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстар авторларының халықаралық академиясы, Ғылыми жаңалықтар авторларының халықаралық қауымдастығы өз дипломдарын берді [42]ұ)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да үлкен көлемді инновациялық зерттеулер жүргізуге барлық жағдай бар. Математика және механика ҒЗИ есептеу орталығы URSA суперкомпьютері 28 төртядерлі процессор негізінде жабдықталған. Қазакстан территориясында ең мықты есептеуіш кешені және де ТМД-да жүз мықты компьютерлердің біреуі. Суперкомпьютердің өндіргіш күші 600 Гфлопс құрайды. Физика факультетінде де серверлік кластер негізінде құрылған күрделі есептерді сандық моделдеп шешуге арналған суперкомпьютер бар. Болашақта университет бұдан да өнімді Intel (АКШ) суперкомпьютерін алуды көздеуде. Н.Ә.Назарбаев 2009 жылдың 13 казанындағы актілік дәрісінде бүгін Қазакстанда инновациялық қызметте «серпіліс» қажет деп атап өтті. Инновация — меншік тұрпаты тіркелген және интеллектуалды объектінің негізінде шығарылған тауар өнімі. Сонымен қатар ол нарықта бұрын болмаған жаңа өнім болуы керек Халықаралық тәжірибеден көретініміз, Ғылыми-зерттеу жұмыстарын инвестициялау талантты адамдар еңбектерінің нәтижелерінің деңгейін көтереді. Яғни адами капитал кез келген инновациялық стратегияның басты элементі болып табылады. Осы бағыттағы көкейтесті сұрактың бірі — зияткерлік меншік. Физика факультетінң криофизика мен криотехнология лабораториясында шикізатты өңдеу үшін жасап шығарылған криогенді технологияның көмегімен суйық азот, кұрғақ мұз, автономды мобильді термостабилизаторлар жасалады. Осы технологиямен алынған суйықазот оқу және ғылыми үрдістерінде, сонымен қатар каланың медициналық мекемелерінде, қан кұю станциясында кеңінен қолданылады [42].
«Жылу электр станцияларының (ЖӘС) қазандықтарындағы қатты отынды плазмалық жағу» инновациялық жобасы енгізуге дайын. Құрастырылған отынды плазмалық жағу жүйесі отынның термохимиялық дайындығына негізделген. Отынды плазмалық жағу жүйесінің маңызды элементі плазматрон болып табылады. Бұл жүйе Ресей, Қытай, Украина, Словакия, КХДР, Монғолия, Қазакстан ЖЭС-да өндірістік сынақтан өтті. Қазіргі уақытта университет ғалымдары кырықтан астам инновациялық жобалар жасады. Барлық жобалар жоғары технологиялы өндіріс және Ғылыми аукымы кең өнім шығаруға бағытталған.
Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін коммерциялық бағытта қолдану ішкі ғана емес, сонымен қатар сырткы нарыққа шығару үлкен каржылық шығынды қажет етеді. Шектелген каржылық бюджеттің салдарынан тиімді бағыттар мен инновациялық технологияларды максатты түрде таңдау қажет болады. Олар экономикалық, сонымен қатар әлеуметік мәселелерді шешуде және дайын технологияларды жүзеге асыруда тиімді нәтижелер береді. Университет ғылымының өзіндік ерекшелігін оның іргелі болуы анықтайды.Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 300-ден астам Ғылыми-зерттеу жобалары орындалуда, оның ішінде 147-сі іргелі, 110-нан астамы Ғылым мен техниканың әртүрлі саласын қамтығган. Осы жобалардың жалпы қаржы колемі 2009 жылы 1 миллиардтан астам теңгені құрады. Университет ғалымдарының Ғылыми жобаларының барлығы мемлекеттік бағдарламалар аясында орындалады. Университеттің республикада бірінші орында болуының дәлелі ретінде, Білім және Ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің іргелі зерттеулер бағдарламасының 260 жобасы республиканың барлық ЖОО-сына тиесілі болса, соның 147 жобасы, яғни 50 пайыздан астамы ҚазҰУ ғалымдарының еншісінде екенін атап өту орынды болмақ Ғылыми зерттеулерді тиімді камтамасыз өту үшін университет ректорының бұйрығымен 2009 жылдың сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де іргелі және қолданбалы бағдарламалар бойынша Ғылыми кеңес кұрылды. Жобалардың сапалы орындалу барысын бақылау сәтті орындалуда. Кеңес 4 секциядан турады: физика-математика ғылымдар секциясы, химия ғылымдар секциясы, биология және гуманитарлың Ғылымдар секциялары. Құрамына 28 ЖОО, ҒЗИ, Ғылыми орталықтар кіретін инновациялық және Ғылыми әріптестер Кеңесі құрылған. «Қазакстан Республикасында нано ғылым және нанотехнологияларды 2010-2012 жылдары дамыту» атты Ғылыми-техникалық бағдарламаның жобасын жасау үшін кұрамында ҚИ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, «Парасат» Ұлттық Ғылыми-технология холдингі, Қазакстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу Ұлттык орталығы, Алматы энергетика және байланыс институты, химия институттары, физика-техникалық институт ғалымдары бар жұмыс тобы кұрылды. нәтижесінде Ғылыми-техникалық бағдарлама жобасы 2009 жылдың 8 мамырында Үкімет жанындағы Жоғары Ғылыми-техникалық комиссияның отырысында талқыланып, орындауға және қаржыландыруға ұсыныс жасалды. Басшы университеттердің негізгі даму көрсеткіші дүниежүзілік Ғылым-білім кецістігіне және халықаралық Ғылым мен білім беру қызметі нарығына интеграциялануы болып табылады.
Ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберіндегі халықаралық катынас университеттің профессор-окытушы кұрамының әлемдік Ғылым-білім кеңістігінде жылдам қозғалуы және өзін еркін сезінуі, кәсіби шеберлігін шыңдауы үшін өте қажет. Университет әлемніц 200-ден астам университеті кафедраларының, зерттеу институттарының, лабораторияларының жетекші ғалымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Әріптес оқытушылардың Ғылыми деңгейін жетілдіру, біріккен Ғылыми зерттеулер өткізу, конференциялар, докторлыққа жетекшілік сияқты әртүрлі сипатта жүргізуде.
Ғылыми зерттеулер елімізде белгіленген Ғылымның басым бағыттары бойынша өткізіледі және сонымен қатар өндірісте, бәсекеге кабілетті, білікті мамандар дайындауда тиімді қолданылады. 1 жыл сайын ҚазҰУ-дың ғалымдары 60-тан астам ИНТАС, ТЕМПУС, НАТО және тағы басқа халықаралық мекемелер мен қорлардың халықаралық зерттеу жобаларын іске асырады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кұрылымы жан-жақты, ол әлемдегі жетекші университеттерге тән компоненттерден кұралған. Біріншіден, бұл классикалық университет; екіншіден, мұнда 22 ҒЗИ мен Ғылыми орталық бар, олардың ішінде тоғызы дербес шаруашылық жүргізетін еншілес мемлекеттік кәсіпорын түріндегі заңды тұлгалар [42]. I
Университетте жұмысын өз бетінше ұйымдастыратын ҒЗИ-лар 1993 жылдан бастап құрылған. Бұған Қазакстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-га берілген ерекше мәртебенің септігі тиді.
Ең алғашқы болып құрылган экспериментальды және теориялың физика Ғылыми-зерттеу институты. Одан соң 1993-1998 жылдар аралығында мынадай институттар құрылды: Жану проблемалары институты, Жаңа химиялық технология мен материалдар Ғылыми-зерттеу институты, Математика мен механика Ғылыми-зерттеу институты, Физика-химиялық әдістер және талдау орталығы, Биология және биотехнология мәселелері Ғылыми-зерттеу институты, Экология мәселелерінің Ғылыми-зерттеу институты, Ғылыми-технологиялық парқ 2002-2003 жылдары барлық аталған Ғылыми-зерттеу кұрылымдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің еншілес мемлекеттік кәсіпорындарына айналды. Қазакстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2008 жылы біздің университетте еншілес мемлекетак кәсіпорын «Ашық типті Ұлттық нанотехнологиялық лаборатория» кұрылды. Ұлттық нанотехнология лабораториясының Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де кұрылу себебі, біздің университет наноғылым және нанотехнологиялар саласында жаңалықтар жасап, бәсекеге кабілетті өнімдер және коммерциялық технологиялар шығарып, осы бағытта мамандар даярлау үшін үзіліссіз көп деңгейлі білім үдерісін ұйымдастыра алды.
Университеттің Ғылыми-зерттеу институттары өркениетті елдердіц Ғылыми мекемелерінен бірде-бір кем емес. ҚазҰУ-дың бірінші алда тұрған қазіргі мақсаты — Ғылымды басқарудың жаңа жүйесіне сәйкес институттар, инженерлік бағыттағы ЖОО лабораториясы және Ұлттық нанотехнологиялық лабораторияның дамуы үшін базалық қаржыландыруға қол жеткізу. Барлық аталған Ғылыми кұрылымдар көптеген Ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне ие, әртүрлі жобаларға қатысады және біліктілігі жоғары мамандар дайындайды. Мемлекеттік саясаттың бағыттарын интелектуалдық жағынан қамтамасыз етеді. ҒЗИ-дің мүмкіндіктері мен жетістіктерін ескерсек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазакстан ЖОО-ның ішіндегі Ғылым саласындағы күмәнсіз көшбасшысы екені көрініп тұр.
2.2. Зияткерлік меншік институтын жетілдірудің экономикалық-құқықтық механизмі
Экономикалық механизм өзара байланысты элементтерді қамтитындықтан көп кұрамды және жүйелі категория болып табылады. Бұл механизмнің жұмысы зияткерлік қызмет саласындағы субъектілердің дамуынның, мемлекеттік басқару құрылымдарының, қаржылық кұрастырүшының және инфракұрылым институттарының ұйымдастырүшылык нысандарының өзара әрекеттөсуін камтамасыз етеді. Сондыктан, интеллектуалдык өңдеулерді мемлекеттік және ведомстволық деңгейде де, кәсіпорындар мен экономикалық кауымдастықтар деңгейінде де жасау, тарату және қолдану бойынша нарықтык қатынастарды ынталандыру механизмін кұру өте маңызды.
Ол үшін, ең алдымен, Қазакстанның дүниежүзілік инновациялық үдерістегі орнын айқын ашу қажет. Стратегиялық жоспарлаудың базасы болып Ғылыми сыйымды өнімнің дүниежүзілік нарық кұрылымының талдауы және республикамыздың нақты бәсекелөсуге қабілетті куыстары бола алады. Бұл үрдісте басты рөлді Ғылыми және өнеркәсіптік шеңберлер ойнауы тиіс.
Қазіргі заманға сай интеллектуалдык меншік институтын құру оңай іс емес. Осы кезеңде интеллектуалдык меншік катынастарының даму дәрежесі экономиканың инновациялық даму жолына өту үшін нақты негіз болу қабілеттілігімен анықталады. Бұл мақсат заң шығару базасын және зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы ұйымдастырушылық-экономикалық механизмі әрі қарай толық жетілдіруді қажет етеді. Бұл жағдайда дамыған елдерде мол тәжірибе жиналған. Демек Қазакстан жас мемлекет сияқты бұл елдердің тәжірибесіне елігуі мүмкін. Әрине, зияткерлік қызмет саласын мемлекеттік басқарудың үлгілерінің жалпы цивилизаңиялық эволюциясының жолымен жүре отырып, Қазакстан өнеркәсіптік дамыған елдердіц инновациялық экономикаға өтуін көрсететін дүниежүзілік экономикадағы кұрылымдық қозгалыстардың әсеріне елемей алмайды. Дәстүрлі салалардың үлестерінің қыскаруы және дамуы материалдык немесе ресурстық факторлар мен шектеулеріне ғана емес, адам капиталының «сапасына» байланысты салалардың қарқынды өсуі бұл жағдайдың себебі болып отыр. Көрсетілген өзгерістер мемлекеттік саясаттың мазмұнында және кұралдарында инновациялық кызметті ынталандырудың шаруашылық механизмін өңдеу сипатында бейнеленуі тиіс.
Сонымен қатар, шет елдердің тәжірибесін отандық зияткерлік қызмет саласында қалыптасқан ерекшеліктер мен жағдайларда қолдану қиын.
Ең алдымен, айтылған Ғылым саласына байланысты, себебі, оның моделі кеңес өкіметі кезінде кұрылып, бүгінгі күнде де сақталған. Бұл модель қазіргі экономикалық пайдалылықтың қатаң талаптарын бағындыруға бағытталмаған. Бұндай жағдайда, зияткерлік, негізінен, Ғылыми қызмет салаларын баскарудың барлық ұйымдастырушылық құрылымдарын бірте-бірте өзгерту керек.
Әрине, мұнда зияткерлік меншік катынастарының дамуын және инновациялық тізімді (мамандарды дайындау (белгілі бір максатка сай), фундаментальді зерттеулер, мемлекеттік Ғылыми орталықтар, өнеркәсіптік бірлестіктер, шағын кәсіпорындар және технопарктер, нарыққа шығу) камтамасыз ететін жаңа ұйымдастырушылық-құкыктық нысандарын әлемдік тәжірибеден алуымызға болады.
Бұл тұрғыдан бізді ғылым саласындағы жеке секторлы кооперациялардың шетелдік тәжірибесі қызықтыру керек. Әсіресе, ол инновациялық қызметтің бастапқы кезеңдерінен бастап, жаңа технологиялардың, қызметтер мен өнімдердің нарықтың перспективалары аяқталған инвестициялық-тартымды кейіпін иемденгенге дейін қажет. Ғылыми ұйымдардың зияткерлік меншік қатынастары ЖОО-дарымен қарым-қатынастарын жүргізу аркасында толыққанды және аякталған сипатқа ие болады. Себебі, мұнда меншіктің бұл түрінің барлық қызметтері, сонымен қатар, дамудың нақ осы кезеңінде аса маңызды — инновациялық қызметтері де жүзеге асады.
Қазақстанда Ғылым мен кәсіпкерліктің арасында түрлі ұйымдастырүшылық нысандарды қолдануға болады. Бірақ, оларды әрбір аймақтарға сай таңдау үшін, сол аймақтың экономикалық және зияткерлік әлеуетінінің даму ерешелігін анықтау керек
Қазіргі жағдайларда республикадағы инновациялық кәсіпорындар негізінде қоғамның жауапкершіліктері шектеулі нысандарын қолдануда, ал шаруашылық бірлестіктер акционерлік қоғамдарға қайта құрылуда. Инновациялық кәсіпорындарда еңбек құралдары жеке кәсіпкерге немесе пайлар негізінде жауапкершілігі шектеулі қоғам мүшелеріне, не шаруашылық бірлестіктердің мүшелеріне немесе жарғылық қорға салған үлестеріне сәйкес акционерлерге жатады. Бірақ, негізгі қызметі инновациялық қызмет болып келетін ұйымның негізгі дәулеті материалдық емес активтер болып табылады гой. Сондықтан, жеке кәсшкерлік өндіріс құралдарының иесінің меншігі ғана емес, сонымен қатар, сол кәсіпкерлікке өз еңбегімен нәтижеге жетуге жеке үлесін қосқан тұлғаның да меншігі болуы тиіс. Мемлекеттік немесе жеке ұйымдарда алынған зияткерлікңшығармашылық қызмет нәтижелерінің басымы өздеріне ғана тиісті болуы керек. Шектеулер, ең алдымен, орындалатын жұмыстарға жасалынатын келісім-шарттағы шарттарға қойылады. Тапсырыс беруші зияткерлік меншіктің белгілі бір үлесін талап ете алады, сәйкес патенттің иесі бола алады немесе айрықша лицензияны алуға құқығы бар.
Зияткерлік және инновациялық белсенділікті арттыру мемлекеттің тұрақты экономикалық өсудің, оның бәсеке қабілеттілігінің негізгі факторларының бірі болып табылатын кластерлі дамуымен байланысын қарастырайық. Инновациялық және кластерлі дамудың өзара байланысы тығыз сипатта болып келеді.
Инновация ретінде қолданылатын өнеркәсіптік меншік объектілері жеке нарықтық субъектілердің ғана емес, сонымен қатар, кластерлі бірлестіктердің дамуына да жаңа күш беруге қабілетті. Инновациялар кәсіпкерліктің, жалпы
экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне едәуір әсер етеді. Сол уақытта, инновациялық балама болып қызмет ете алатын және бәсекеге қабілеттілікті арттыратын рөсурстың базасы дәстүрлі салалардағы тиімділіктің төмендеуіне әкеледі. Бұл ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін әлемдік бағалардың тербелуіне, табиғи қорлардың қорынының кемуіне, т.б. байланысты болып отыр.
Зияткерлік өнімдердің өндіріс саласын (Ғылыми мекемелер) және оларды тұтыну саласын (өнеркәсіптік кәсіпорындар) біріктіретін кластерлі білім идеяның пайда болуынан бастап, оны өндіріске енгізуге дейін қамтитын технологиялық тізбекті ұсынады. Бұндай жағдайда, синергетикалық әсер күшейеді. Яғни, білім мен қызметкерлердің мамандану дәрежелерін, жаңа жабдықтарды бір орында қолдану және зияткерлік өнімдерді өндірүшіден тұтынүшыга жылжыту бойынша қызметтерді пайдалану мүмкіншілігі арта түседі. Сондықтан, кластерлі бірлестіктер — Ғылым мен өндіріс интеграциясының тиімді нысаны ретінде қарастыруға болады.
Тәуір ғылыми және өндірістік әлеуеті бар территориялық жерлерде кластерлер құру және дамыту тиімдірек болып келеді. Әзірше, мұндай жерлерге келесдей аймақтарды жатқызуға болады: Алматы қ., Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары. (Бұл аймактар) экономикалық және өнертапқыш белсенділік көрсеткіштерінің қарқынының жоғарылығымен ерекшеленеді. Бұл, өз кезегінде, инновациялық белсенділіктің орталықтары бола алатын зияткерлік белсенділіктің ошақтары болып табылады (Қосымша Б.)
Кластерлердің алдында тұрған мақсаттарды тиімді шешу үшін мемлекет тарапынан сәйкес қолдау көрсетілу керек. Осыған орай, біз келесідей шараларды ұсынып отырмыз:
1) Бұл саладағы басты ғалым-эксперттерді тарту негізінде
зияткерлік қызмет саласын реттеумен айналысатын мемлекеттік
органдар өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған
зияткерлік белсенділік өсімінің ғылыми негізделген индикаторларын
өңдеу қажет.
2) Мемлекеттің белгілі бір аймағында кластерлерді құруда сол аймақтың
ғылыми секторынын, даму деңгейін ескерген жөн. Кластерлік бірлестіктер бұл
аймақтың әлеуметтік — экономикалық өмірінде маңызды роль атқаратын ЖОО-
дардың немесе академиялық мекемелердің зияткерлік әлеуетіне сүйенуі
тиіс. Бұл жағдай маңызды екі әлеуметтік мақсаттарды шешуге көмектеседі:
а) кластерлік білімнің инновациялық функциясын аса тиімді жүзеге
асырады және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырады;
б) кластерге кіретін Ғылыми ұйымдардың зияткерлік әлеуетінің
маңыздылығын күшейту және олардың статусын арттыру.
- «Кластерлік бірлестіктер туралы» заң қабылдау қажет. Бұл заңда ЖОО-дардың және Ғылыми институттардың зияткерлік нәтижелеріне зияткерлік меншік құқықтарын беру бойынша қарым-қатынастары бекітіліп, кластерлік білім беру шегінде оларды қолдану механизмі көрсетілуі керек
- Пайдаланылмай жатқан өндірістік аудандар мен қорларды кластерлік
бірлестіктерді құру мақсатына тапсыру. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік меншікті
неғұрлым тиімді пайдалануына жағдай жасайды. - Мемлекеттік баскару органы базасының негізінде үйлестік орталық құру
қажет. Бұл орталық кластерлік бірлестіктерде жасалған зияткерлік
меншік объектілерінің қозғалысын (оларға құқық бергеннен, оларды қолдану
кезеңіне дейін) бақылау керек. Сонымен қатар, бұндай орталық
зияткерлік әлеуетті жасаумен және қолдануымен байланысты
сұрақтарды оқу-ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету арқылы шеше алатындай
болу керек.
6) Зияткерлік жаңалықтарды өндіріске тезірек жылжыту үшін
кластерлік білім беруге кіретін ЖОО-дар мен мемлекеттік ҒЗИ-дің (Ғылыми
зерттеу институты) өнеркәсіптік меншік объектілерін лицензиялау үдерісіне
қаражаттық қолдау көрсетілуі тиіс.
Шетелдік тәжірибені назарға ала отырып, отандық зияткерлік қызмет саласындағы кемшіліктерді ескеру үшін, зияткерлік меншік институтын жетілдірудің экономикалық механизмін және инновациялық қызметті ынталандыруды жүзеге асыру үшін келесідей шараларды ұсынып отырмыз:
- өнеркәсіптік меншік объектілерін шаруашылық айналымға жеделдетіп енгізу мақсатында ғылыми және өнеркәсіптік секторларының өзара тиімді қарым-қатынастарын ынталандыру;
- инновациялық жобаларды және оларды орындаушыларды сұрыптаудың конкурстық жүйесін толың жетілдіру;
- бір жағынан, зияткерлік қызмет саласындағы субъектілердің мемлекеттік уәкілетті органдармен үйлесімін күшейту, екінші жағынан, зияткерлік меншік саласындағы экономикалық саясатты жүзеге асыру мақсатында жергілікті және атқарүшы өкіметтің мемлекеттік органдарының әрекеттерімен үйлестіру.
Жоғарыдағыларды жүзеге асыру негізінде келесідей екі тиімді нәтижеге кол жеткізу мүмкіншшіктері туады:
1) Зияткерлікщ қызмет саласын басқаруда үлкен үйлесімділікке қол жеткізу;
2) Ғылым мен өнеркәсіптік сала арасындагы кооперацияны күшейту. Жақын арада, ғылым жөнінде республикалық қаражат құрылымын жетілдіріп, ведомтствоны, ұйымды базалық қаржыландырудан бағдарламаны және жобаны қаржыландыру жүйесіне өту қажет. Ғылыми саланы қаржыландыру тәжірибесінде конкурстық жүйе басым болуы керек
Стратегиялық жоспарда Қазақстан үшін мемлекет тарапынан жеке кәсіпкерлік құрүшыларды тікеле(й ынталандыру ғана емес, экономиканың жеке секторы тарапынан зияткерлік қызмет саласына инвестициялық салымдарды ынталандыруы неғұрлым тиімдірек болып табылады. Бұл өз, өзара байланысты екі мақсатты бір уақытта шешуге жағдай жасайды. Олар: зияткерлік меншік объектілерін құру және қолданумен байланысты инвестициялық және инновациялық белсенділікті арттыру. Бірақ, бұл тура мемлекеттік қаржыландырудың қажеттілігін төмендету деген сөз емес. Мемлекеттің индустриалдық-инновациялық стратегиясын жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде басты инвестициялық рол ь, әрине, мемлекетке жатады. Содан соң, мемлекет жағынан ынталандырүшы шаралардың негізінде инновациялық белсенді шаруашылық етүші субъектілердің шеңберінің кеңеюіне қарай қызметтері зияткерлік өнімдерді қолдануымен байланысты ұйымдарды қаржыландыруда жеке инвесторлардың ролі арта түседі.
Зияткерлік қызмет саласына жеке инвесторларды ынталандырудың әлемдік тәжірибеде бар барлық негізгі әдістерді отандық жағдайларда қолдану мүмкіншіліг және қажеттілігі бар. Оларды үш негізгі топтарға жүйелеуге болады:
- салыктық жеңілдіктер;
- жеңлдік арқылы несие беру (несиелер бойынша пайыздың
қойылымдарды жасанды төмендету); - мемлекеттік Ғылыми мекемелерді және ЖОО-дарды лицензиялауда
қаражаттық көмек көрсету.
Жаңа материалдарды және прогресшіл технологияларды қолданатын, Ғылыми өңдеулерді жүзеге асыратын және жоғары технологиялық тауарлардың экспортын кеңейтетін ұйымдарға сәйкес преференцияларды беру отандық фирмалардың зияткерлік меншік объектілерін игеруде маңызды стимул болатын еді.
Ол үшін ҒЗТҚЖ-мен (Ғылыми -зерттеүшілік және тәжірибел1к-конструкторлық жұмыстар) және нәтижелерін шаруашылық қызметке енгізумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар үшін қолданылатын дифференцияциаланған несиелік және салықтық саясатты пайдалануға болады. Бұндай жағдайда, келесідей несиелік-салыктық жеңілдіктерді қолдануды ұсынамыз:
- құнды қағаздар нарығы арқылы инвестициялардың қосымша қайнар көздерін құру мақсатында Ұлттық банк жағынан икемді пайыздың саясат жүргізу;
- жеке кәсіпкерлікті құрушыларға жеңілдікті несие беру;
- өнеркәсіптік меншік объектілерімен байланысты патенттік-лицензиялық операцияларды косымша құн салығын төлеуден босату;
- материалды емес активтерді басқа ұйымдарға инвестициялық сипаты бар тапсыру кезінде салықтан босату мүмкіншілігі;
- тәуелділігі жоғары инновациялық жобаларды жүзеге асыратын шағын бизнес саласындағы венчурлық кәсіпорындарды алғашқы екі жылда салық төлеуден босату;
- маңызды инновациялық жобаларды жүзеге асырумен айналысатын шағын кәсіпорындарға несиелер беретін банктердің өзіндік пайдасына салынатын салықтық қойылымды азайту.
Енді, инновациялық үдерістің қатысушыларын ынталандыру, нақтырақ айтсақ, ғалымдар мен инженерлердің ғылыми-өнертапқыштық қызметтерін материалды ынталандыру мәселесін қарастырайық. Бүгінгі күні, бұл өзекті
Мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан ол дербес зерттеу объектісіне айналуы мүмкін. Қазакстандық қоғамда бұл сала бойынша келесідей парадоксальды жағдай қалыптасқан: бұл мәселе туралы көп сөз қозғалып жатқанымен де, мемлекеттік өкімет органдарының көру аясында негізгі субъект шыгармашылық ойларды сақтаушы, өнертапқыш ғалым емес, мемлекетте инновациялық белсенділіктің өсуін камтамасыз ететін өнеркәсіптік кәсіпорындар болып отыр. Нәтижесінде, ғалымдар мен ғылыми ұжымдар мемлекеттік саясаттың артқы орынға жылжиды.
Осыған орай, зияткерлікқ қызмет саласын жетілдірудің экономикалық механизмін қаржылық кұрастырушысы ғалымдардың, өнертапқыштардың қоғамдағы әлеуметтік статусын жоғарылату бағытында сәйкес түзетулерді енгізуді талап етеді. Әрине, барлық өзгертулер заңды түрде бекітілуі тиіс.
ЖОО-дардың ғалымдарының зерттеу қызметтерін материалдық қолдауы барынша қолдап дем беруге бағытталуы керек. Осылай, ғалымдарга арнайы үстемелер енгізу керек:
а) ғылыми-зерттеу жұмыстарын өнеркәсіптік кәсіпорындармен және басқа
ұйымдармен бірге орындауы үшін;
ә) шетелдік басылымдарда жұмыстардың жариялануы үшін;
б) авторлық куәліктердің және патенттердің бар болуына.
ЖОО-дарында және ғылыми мекемелерде қызметтен алынатын қаражаттардың есебінен құрыла алатын арнайы қорларды құратын ынталы ғалымдарды да қатар қолдауға болады.
Ғалымдарды қолдаудың материалдық нысандары еңбектік келісім-шарттарда көрініс табуы және бекітілуі керек.
Мемлекет зияткерлік қызмет нәтижелеріне өз құқықтарын бекітудің құқықтық механизмдерін өңдеу қажет. Оларға қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздікті камтамасыз ету, сонымен қатар, Конституция және сәйкес заңдар бойынша мемлекетте бекітілген әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу кіреді.
Баска жағынан, мемлекеттің өзінің тура міндеттері көрсетілмеген және көрсетілуі мүмкін жағдайларда зияткерлік меншік нәтижелеріне құқықтар (соның ішінде, мемлекеттің катысуымен жасалғандар) пайда болған сәттерден бастап нарықта «жұмыс істеуі» тиіс. Тиімді құқықтық қорғау кезінде жаңа техниканың өңдеуші-ұйымдары зияткерлік меншік объектілерінің құқықтың иелері ретінде Өндірісті жаңарту мен сауда айналымына сол объектіні енгізу үшін берілетін жүйелік жеңілдіктерін пайдаланатын инвесторлармен қарым-қатынастырға түсулері қажет.
Зияткерлік меншік субъектілерінің құқықтарын құқықтық бекіту барлық тараптардың да (мемлекеттің, жеке кәсшкерлікті колданушылардың және меншік иелерінің өздерінің) экономикалық мүдделерін жүзеге асуына тиісті жағдай жасауы керек. Отандық заңнаманың кемшіліктері, қабылданған құқықтық актілерін орындаудағы нақты механизмінің болмауы және олардың жүзеге асырылуындағы бақылаудың әлсіздігін зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтарға, зияткерлік өнімдердің заңсыз нарығының дамуына әкеліп отыр.
Зияткерлік меншікті құқықтың қорғау бойынша жұмысты одан әрі жетілдіру және инновациялық қызметке қолайлы жағдай жасау үшін келесідей кадамдарды жүзеге асыруды ұсынып отырмыз:
- ҚР Азаматтық кодексінде және ҚР «Ғылым туралы» Заңында «зияткерлік меншік» терминіне түзету енгізу керек ол бірыңгай аныңтама болу керек.
- ҚР Патенттікк кодексін өңдеп, қабылдау керек. Бұл Кодексте «өнеркәсіптік меншік» ұғымына нақты құқықтық түсінік бектілуі тиіс.
- Зияткерлік меншік мәселесі бойынша заң шығаратын актілерді дайындау мен қабылдау, кейін бұл сала бойынша істердің күй-жайларын бақылау мақсатында Парламенттің екі палатасында зияткерлік меншік сұрақтарымен айналысатын комитеттерді құру.
- Ішкі істер, білім және Ғылым, енеркәсіп және сауда Министірліктерінің орталық аппараттарында және территориялық бөлімшелерінде зияткерлік меншік қорғау мәселесімен айналысатын мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерді немесе топтарды құру.
- Лицензиясыз өнімдерді анықтаумен айналысатын территориялық әділет басқармасының жанында арнайы экспорттық топтарды құру.
Зияткерлік меншікті қорғау бойынша жұмыстың нәтижелілігі барлық мүдделес ұйымдардың және ведомтстволардың тәртіпке салынған жұмыстарына, олардың зияткерлік меншікті қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен үйлесіміне, жеке кәсіпкерлік өкілдерінің және тұтынушылардың құқықтық мәдениеттеріне байланысты болып келеді.
Зияткерлік меншік институтын жетілдірудің экономикалық және құқықтың механизмін нәтижелі жүзеге асыру инновациялық қайта құрулардың жалпы мемлекеттік мақсаттарын шешуге, ЖИЕ-дің (Жаңа индустриалды ел) кұрылуына жағдай жасауы керек Сонымен қатар, келесі мәселелерді де қарастырып, қамтамасыз ету қажет:
— маңызды, технологиялық олқылық бағыттарға қаржылық және басқа қорлардың концентрациясын;
— ҒЗТКЖ (Ғылыми -зерттеушілік және Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар) саласында да, өндіріс саласында да жұмыстардың қайталануын болдырмауды;
— өндірісті халықаралық стандарттар жүйесіне — ІSO 9000 ауыстыру. Қорыта келгенде, республикадағы зияткерлік меншік институтын жетілдіру арқылы мемлекет инновациялық экономикаға маңызды қадам жасау мүмкіншілігіне ие болады.
Қазақстан Республикасының патенттік жүйесі және оны жетілдіру мәселелері
Әйгілі британдық экономист Адам Смит өзінің «Ұлт байлығы» атты еңбегінде патенттік жүйені мемлекеттегі прогрестік дамудың ең үздік, әрі тиімді әдісі деп көрсеткен еді. Қазіргі сарапшылар мемлекеттегі адам басына шақдандағы жалпы ұлттық өнім мөлшері мен өнертабыстарға берілген патенттер саны арасындағы нақты, тура пропорционалды байланысты белгілейді. Ең жоғары патентік белсенділік неғұрлым экономикалық дамыған елдерде байқалады. Өндірісте қолданылатын өнертабыстардың саны экономикалық керсеткіштерге тікелей тәуелді. Миллион тұрғынға шақдандағы өнертабыстарға берілген патенттер саны экономикадағы инновациялық белсенділіктің индикаторы болып табылады. Жапония, АҚШ, Евроодақ осы саладағы дуниежүзілік көшбасшылар болып табылады. Біздің мемлекетімңз осы керсеткіштер бойынша дүниежүзілік көшбасшылардан артта қалып келеді. Алайда, Қазакстан ТМД елдері арасында өнертапқыштық белсенділік бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орынға ие. Осыдан он жылдан астам бұрын ғана патенттік жүйе, жалпы зияткерлік меншік саласы кәсіпкерліктен, шын мәніндегі өмірімізден алыс бір дүние секілді болып көрінуші еді. Өнертабысты, пайдалы модельдер мен технологияларды қорғау қандай да бір оқшауланған кұпия топтағы мамандардың ғана ісі болып көрінетін. Ал бұл саладағы білім көпшілік түгілі, заңгерлерге де қол жеткізбес шаруашылық іспетті болған. Ал енді бүгінгі таңда патенттік жүйе (патенттеу, өнертабысты қорғау, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер және тағы да басқа жаңартпа технологиялар үлгілерін қорғау) тұрақты, болашағы бар және өміріміздегі аса өте бір ерекше қызық сала деп тұжырымдауға болады. Талап-жігер бар болса бұл саланың барлық кәсібін игеру күрделі зат емес, өйткені патенттік жүйе саласы бүгінгі таңда тұрақтандырылып, қалыптасып, қай жағынан алып карасаңызда бір жүйеге түсіп қалған өз алдына бір сала.
Қазақстан Республикасының патент заңы» 1999 жылғы 16 шілдеде қабылданып, оған соңгы өзгерістер 2007 жылдың 2 наурызында енгізілген болатын. Қазіргі кезде Қазақстанда өнертабыстарды патенттеудің үстірт қарау және тексеру жүйесі, ал пайдалы модельдер үшін — үстірт қарау жүйесі қолданылады. Қазакстан Республикасының өнертабыстарға берілетін патенті алдын ала патент берілгеннен кейін ғана берілетін. 2007 жылдың 2 наурызында мемлекет Басшысы «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңның қабылдануымен қорғау кұжатының жаңа түрі — инновацилық патент енгізілді. Яғни, Қазақстан Республикасының патентін байқау жүйесі бойынша берілетін кұжатты алу бір сатылық және жолығу жүйесі арқылы ешқандай алдын ала қорғау құжатын алуды талап етпейтін болды.
Бүкіл дуниежүзіндегі барлық патентік жүйе өнертабысты, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау мәселелерімен айланысады. өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер патенттік заңнама бойынша «өнеркәсіптік меншік объектілері» деген жалпы ұғыммен түсіндіріледі.
Патенттік жүйенің негізін патенттік ұйымның (мекеменің) патент иеленушіге қорғау кұжаты ретінде патенттелген өнеркәсіптік меншік
объектілерін өз елінде, болмаса бірнеше елдің территориясында өзінің шама-шарқысына байланысты кандай да бір мерзім кезеңінде (көп елдерде, өнертабыска берілген патент 20 жылға беріледі) пайдалануға берілген ерекше құқықты кұрайды.
Патенттеу үдерісін тізбектеп көрсетіп түсіндірер болсақ былай болады: патенттік мекемеге өтініш беру — үстірт және патенттік ұйымның басқа бөлімдерінде жасалған сараптама — патентті беру жөнінде шешім — патент берілгендігі жөнінде мағлұматты жария ету — патент иеленушінің қолына патентті тапсыру.
Ең алдымен (өнертабыстыққа өтінім, көбінде жұмыс беруші: мекеме, кәсіпорын) авторлыққа, болмаса өнеркәсіптік меншік объектісіне куәландырылған патенттік ұйымдарға өтінім береді. Қазақстанда мұндай ұйым Әділет министрлігінің интеллектуалдылық (зияткерлік) меншік құқығы жөніндегі Комитет болса, Ресейде «Роспатент», ал Еуразия кеңістігінде «Еуразиялық патенттік ұйым». Қазіргі уақытта патенттік ұйымдар әр елде, сонымен бірге аймақаралық, халықаралық деңгейдегі ұйымдар болып құрылған.
Өнертабыстыққа берілген өтінімде білімнің тиісті саласындағы маманның өнертабысты жүзеге асыруы үшін толық, жеткілікті ашылған сипаттамасы, өнертабыстың мәнін білдіретін және сипаттамаға толық негізделген формулалары, сызбалары, оның жаңа екендігі, өнеркәсіпке жарамдылығы тексеріледі.
Қазақстан мен Ресейдің патенттік заңнамаларында өнертабыстың, пайдалы модельдер және өнімдері үлгілерінің объектілер жөнінде жеткілікті түрде анықтама берілген. Осы өтінімді тапсыру сатысында өтінімді қабылдап, өнертабысты болмаса басқа да өнеркәсіптік меншік объектілерін сипаттап (формулалармен, рефераттармен) патент беру жөніндегі мамандар өте көп сұраныста болады. Әсіресе биотехнология, медицина, электротехника, физика, механика және т.б. салаларында өнертабыстық өте көп. Сондыктан біздің осы аталған салалардағы мамандарымыз косымша табыс көзіне ие болары сөзсіз. Қазаргі уақытта Европаның көптеген дамыған елдерінде, АҚШ-та, Жапонияда патент мәселесімен бүтіндей бөлімдер мен басқармалар айланысуда. Осы беталыс Ресей мен Казақстанда да қарқындап дамып келеді.
Мысалга, мынадай жағдайды қарастырайық.Сіз механика саласындағы жоғары маманды, қандай да бір кәсіпорын қызметкерісіз. Компанияцызда, мекемеңізде Өндіріс үдерісін жеделдету мақсатында қандай да бір Өндіріс жабдығына тағы бір қосымша деталь ойлап тауып, ол деталь жабдықтың экономикалық тиімділігін бірнеше мәрте жоғарылатып жіберді делік. Егер бұл жаңа деталь патенттелінсе қыруар кіріс табуға болады. Патент қолға тигеннен кейін кәсіпорын бұл детальды өз алдына өнім ретінде шығаруына, болмаса лицензияга сатуға болады. Өйткені Сіздің өнертабысыңызды патент иеленушінің рұхсатынсыз ешкімнің пайдалануына, қолдануына құқығы жоқ. Яғни, кез-келген компания өнертабысты ертерек патенттеуге ынтызар болады. Көптеген кәсіпорындарда өнертабыстар бар, ал оны патенттік ұйымга барып заң жүзінде құжаттарды дұрыс даярлап патент алуға дайын мамандар жетісе
бермейді. Ал осындай жағдайда сізде патенттік білім-тәжірибеңіз бар болса (патент алуға өтініш даярлайтын біліміңіз бар болса) онда өз кәсіпорныңызға бағасы жоқ үлес қосқан болар едіңіз. Бұл дегеніңіз жәй ғана патент алуға өтінім құжатын даярлай білетін, біздің мысаламыздағы бұл қарапайым «механик», патентовед штаты бойынша тағы бір жұмыс иегері болып жұмыс істеп, болмаса өз алдына патенттік бөлім ашуға ықылас білдіріп, өзінің негізгі жалақысына қосымша тағы да бір табыс көзіне ие болар еді.Қазіргі таңда патент саласы бойынша білім алуға барлық жағдай бар деп айтуға болады. Алматы каласында Ұлттық зияткерлік меншік институтының Оқу орталығы және «Патенттік іс» курстары жұмыс істейдіү. Осындай оқу орталығы мен «Патенттік іс» курсы Мәскеуде арнайы Ресей зияткерлік меншік мемлекеттік институтында да ашылып, онда кайта даярлау бөлімі ашылған. Ірі, озық кәсіпорындар мен мекемелер өздерінің қызметкерлерін осы курстарға окытып жатыр.
Егер кімде кім өзінің жұмыс орнында, болмаса кандай да бір Ғылыми-зерттеу орындарында жұмыс істер болса, мекеме басшыларын Патентік іске қызықтырып, жоғары аталған оқу орындарында білім алуға болады. Интернет жүйесі бұл салада көп мүмкіндік береді. Әрбір патенттік мекеменің өз интернет сайты болады, онда заңдар мен іздеу жүйелері қондырылған. Евразия патенттік ұйымның да өзінің www.intellkaz.kz деп аталатын интернет сайты бар. Егер де кім де кім өнертабысқа өтініш жасағысы келсе, әрине, акпараттың ізденіске түсер болса, көптеген акысыз сайттардағы өнертабыстардың базасына (корына) шығуына болады. Сонымен бірге қазіргі кезде көптеген арнайы әдебиеттер мен кезеңдік ақпараттық кұралдарда зияткерлік меншік саласында материалдар көп, мысалы, Қазақстанда 2004 жылдан бастап «Қазақстан зияткерлік меншігі» атты журналы шыға бастады, ал Ресейде «Патенты мен лицензий», «Интеллектуальная собственность», «Патентный поверенный» сияқты тағы да басқа да баспасөз құралдары толып жатыр.
Патенттеудің екінші сатысы өтінімді экспертизалау (саралау) болып табылады. Бұл көзеңде өтінімдерді даярлау жұмысындағы мамандарға көп сұраныс болады және патенттік ұйымның эксперттері бұл өнертабыстың жаңа децгейінің жоғары екендігін және Өндірісте қолдануға болатынын дәлелдеуі тиіс. Бұл жерде баспасөз бетінде тұрақты түрде жарияланып жүйеленген патенттік заңнамалар, әртүрлі нормативтік құжаттар жөнінде білімділік қажет.
Үшінші көзең патентті алу мен оны қорғау. Алғашкы кезеңдегідей, казіргі кезеңде де де патенттік сенімді өкілдер мамандықтарына көп сұраныс бар. Халықаралық патенттік заңнамалармен коса Қазақстан және Ресей заңнамалары да зияткерлік меншік саласында өнертапқыштар мен олардың сенімді өілдеріне, патенттік қарым-қатынаста, басқа да көптеген жеке және заңды тұлғалардың жәрдемін пайдалануына құқығы бар. Соның ішінде өтінім иелері патенттік сенім өкілдерінің жоғары дәрежедегі дәрежелік патенттік жәрдемін пайдалануына әбден болады. Кеңес үкіметі кезінде батыс елдерінде қалыптасып қалған патенттік жүйедегі «патенттік сенімді өкіл» — деген термин Қазакстанда қолданылмаған түсінік еді. Бүгінгі таңда, патенттік сенім өкілдерінің жәрдемісіз іс алға жүрмейді деп айтуга болады, өйткені патенттік заңнамалар шет ел азаматтарына патентпен байланысты істерді жүргізуге өздерінің ұлттық патенттік сенімді өкілдеріне шығып, патенттік ведомстваларымен байланысады. Бұндай жүйені барлық ел мойындаған.
Қазақстан азаматтары өз мемлекеттерінің ғана емес, басқа да еуразия елдерінің патенттік сенім өкілі бола алады. Қазақстанда патенттік сенім өкілдерін аттестациялау мен тіркеудің өз ережелері бар.
Жеке және заңды тұлғаларға берілетін өкілеттілікке құқығы бар азамат, патенттік ұйым мен оған бағынышты мекемелердің алдындағы Патенттік сенімді өкілі болып есептелінеді.
Бұл институт әсіресе заңгерлерді кызықтырады, өйткені патенттік сенімді өкілдер, патенттік заңнамалар сұрактары бойынша өнеркәсіптік меншік объектілерін құжаттық қорғау, оның құқықка негізделген күшінде сақтау, қандай да бір үшінші тұлға арқылы берілген құжаттар үшін соттасу және т.б. жөнінде кеңес береді.
Ресейде патенттік сенім өкіл болғысы келген Ресей азаматы жоғары білімді, 4 жылдан кем емес өндірістік меншік саласында, болмаса кәсіби заңды өкіл (адвокат, болмаса қолданбалы заңнама жұмыстарға арнайы рұқсаты бар тұлғалар) болып, іс-тәжірибесі аттестацияланып тіркелуден өтуі тиіс. өндірістік меншік саласындағы іс-тәжірибеге патент пен лицензиялау саласындағы бар жұмыстар жатады. Қазақстанда Өндірістік меншік саласындағы, патенттік сенімді өкіл болуға мүмкіншілік көп, өйткені онда іс-тәжірибеге қойылған талаптар аса қатаң емес. Патенттік сенімді өкіл болып дәрежелік деңгейі Патенттік сенімді өкіл болуға лайыкты талаптарға сәйкес болу керек.
Қазақстанда Патенттік сенімді өкілдердің барлығы өндірістік меншік саласындағы заңнамалар мен оны тәжірибе жүзінде қолдануындағы білімі мен тәжірибесі жөнінен емтихандар тапсырады. Казақстанның Патенттік сенімді өкілі Евразиялың патенттік ведомствода дәрежелік емтиханды тапсырар болса, еуразиялың патенттік ведомствоның Патенттік сенімді өкілі бола алады. Евразияның Патенттік сенімді өкілі Евразиялық патенттік ведомство алдында патент иеленушінің өкілі бола алады.
Патенттік сенім өкілі, өзінің кәсіби жұмысын жеке кәсіпкер ретінде де, болмаса, жалданып өз ісін жалғастыра алады. Сонымен бірге Патентік сенім екілдері патенттік сенім өкілдерінің агенттігін кұрып, болмаса қоғамдық ұйым құруына болады. Патенттік сенім өкілдерінің қосымша жұмыстарын орындап жүрген заң саласындағы фирмалардың басқаларына қарағанда әлде қайда көп мумкіншіліктері бар. Өйткені олар шет ел клиенттерімен жұмыс жасап, ол жақтың заңнамаларымен айланысады, өздері айланысатын саланың аукымын кеңейтеді.
Ұлттық патенттік ведомстволардың сайттарында Патенттік сенімді өкілдерінің тізімі жарияланады, Казақстан мен Ресейдің бүкіл үлкен аймақтарында Патенттік сенімді өкілдері түбегейлі жоқ. Патенттік жүйенің осы беталыспен ары қарай дамуы мен оның барлық элементтерінің жетілуі Патенттік сенім өкілдері институтының дамуына септігінтиетінін керсетеді. Соңғы кездері көкейтесті болып келе жаткан экономикалық байланыстардың
жаһандануы мен халықаралық сауданы либерализаңиялау мәселелері бүкшәлемдік патенттік жүйенің дамуына септігін тигізері сөзсіз.
Қазақстандың ғылым және оның өнертапқыштарының көмегімен қорғау құжаттарымен қорғалатын маңызды зияткерлік әлеует құрылды. Тәуелсіз Қазакстанның патенттік ведомствоның бар болу көзінен бастап өнеркәсіптік меншік объектілеріне 42 мыңнан астам қорғау құқықтары берілді Берілген қорғау құқықтарының массившщ кздәылымы Өнертабыстарга (19 мың) және тауарлық белгілерге (23 мың) берілген қорғау құқықтарының саны шамамен тең баланспен сипатталады. Бұл жағдай инновациялық экономика үшін үйлесімді болып келеді, бірақ өнеркәсіптік меншік объектілерінің шыққан тепінің аймағына қатысты гетерогенді болып келеді. Алматы каласы Қазақстанның Патенттік Ведомствосында тіркелген өнеркәсіптік меншік объектілерінің шамамен 10%-ы өңдейді. Сондықтан, Алматы қаласы инновациялық өсудің және коммерциялау үдерісі негізгі кайнар көзі болып табылады. Индустриалды-инновациялық Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін 2007 жылдың 2 наурызында мемлекет Басшысы «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл Заңға сәйкес өнертабыстар үшін жаңа қорғау құжаты -инновациялық патент алдын ала патенттің орнына келді. Заңда инновациялық патентті бір жыл ішінде беру, өнертабыстық локальды жаңашылдығын және өнеркәсіптік қолданунышылығын тексеру ескерілген. Көрсетілген өзгерістер қорғау кұжатының сенімділігін арттырады және инновациялық кәсіпкерліктің тәуекелділігін төмендетуге мүмкіншілік береді.
Индустриалды-инновациялық стратегияның табысты жүзеге асырылуы үшін коммерциялау үдерісін каржылық қолдау ғана емес, сонымен қатар коммерциялаудың негізгі объектісі ретінде патенттерді кең ұсыну, олардың Қиын және маңыздылығын объективті бағалау, құқықтық қорғау сенімділігін арттыру қажет. Жаңа техникалың шешімдерді патенттеу үдерісін интенсификациялау үшін, өнертабыстардың «Қмга» кету үдерісін болдырмау үшін Ғылыми ұйымдарда, ЖОО-дарда, өндірісте теракты патенттік жұмыс және патенттік бөлімшелер қажет.
Патентті қабілеттілігі техникалық шешімдерді табу, оларға патенттік құқықтарды дайындау үшін ғылыми, инженерлік қызметкерлердің жалпы патенттік сауаттылығын талап етеді. Дүниежүзілік приоритөтті, инновациялық технологиялардың құқықтық, патенттік ашықтығын камтамасыз ету, патенттік кадрлармен қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік бюджет каражатына жасалған ғылыми — зерттеушілік жұмыстардың (ГЗЖ) нәтижелерін патенттеу процедурасын қаржылық қолдау механизмінжетілдіру керек Перспективалы инновациялық өңдеулерді терең акпараттық — патенттік зерттеулердің негізінде және жасалынатын зияткерлік меншік құнын объективті бағалау арқылы жүзеге асыру керек
Әділет Министрлігі білім және ғылым, индустрия және сауда, энергетика және минералды қорлар Министірліктерімен бірге Инструкция қабылданды.
Инструкцияда Ғылыми зерттеулерді енгізу, заңды тұлгалардың жарғылық
капиталдарына зияткерлік меншікті енгізу және венчурлық ендфютерді ұйымдастыру кезінде зияткерлік меншікті бағалау әдістерін қолдану бойынша құсқаулықтар береді. Инновациялық (венчурлың) өндірістерді кздәуда техникалар мен технологияларды патенттік тазалығына экспертиза өткізууережелері де қабылданған.
Зияткерлік меншіктің Ұлттық институты негізінде Қазакстандағы патенттер туралы мәліметтер банкісі құрылды. Қазіргіп уақытта мәліметтер банкісіне 1993 жылдан бері берілген алдын ала патенттеріне және патенттерге өнертабыстардың толық мазмұны және пайдалы модельдерге берілген патенттердің толық мазмұны кірнді. Сонымен қатар, патенттердің мәліметтер банкісі «Қазақсан патенттері» атты ізденіс библиографиялық жүйесінен және электрондық түрде шығатын «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншігі» атты ресми бюллетеньдердің жинағынан тұрады. Мәліметтер тоқсан сайын толыктырылады. Патенттердің мәліметтер банкісі СD-RОМ жинағында электрондық түрде таралады.
Сонымен қатар, коммерциялау барысында кез келген мүдделі тұлгалар Интернет желсі арқылы мәліметтер банкісінің библиографиялық және реферативтік бөлімдерін қарау мүмкіншілігі бар. Бүгінгі қүнде, www.intellkaz.kz атты веб — сайттарында ізденіс жүйесі өңделген.
Әділет Министірлігінің, Зияткерлік меншік құқығы бойынша Комитеттің, Ұлттық зияткерлік меншік институтының қабылдаған көерсетілген шаралары коммерциялау үдерісіне көмектесуге бағытталған.
Өнертабыстық қызметті активизациялау үшін Зияткерлік меншік құқығы бойынша Комитет қосымша баска да шаралар қолданды. Алматы каласында мемлекеттің Ғылыми және инновациялық орталығы болып табылатын Ұлттық зияткерлік меншік институтының филиалы -«Патенттік-құқыктық консалтингтік Орталығы» құрылды.
Қазақстан Республикасының Әділет Министірлігінің Зияткерлік меншік құқығы бойынша комитетінің коллегияларының 2007 жылгы 23 қазандағы №3-1қаулысымен филиал жанында Оқу Орталығы және патенттік қызмет Орталығы ашылды. Осы Орталыктар зияткерлік меншік объектілерін коммерциялауды жүзеге асыратын инновациялық үдерістің барлық субъектілеріне, соның ішінде зияткерлік өнімдерді жасаушыларға нақты көмек көрсетеді.
Дүниежүзілік индустриалды мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отыргандай, 21 ғасырдың экономикасы — бұл, ең алдымен, жоғарғы технологиялар болып табылады. Қазақстанның әрі қарай экономикалық жаңаруы тек жаңа Ғылыми — техникалық өңдеулерді қолдану кезінде ғана жүзеге асырылады. Президентіміздің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында ел Басы зияткерлік ресурска негізделген қазіргі заманға сай экономика құруды ерекше белгілейді. Жолдауда «зияткерлік» экономиканың инфрақұрылымына үлкен мән беріледі. Яғни, бұл жаңа экономикалық модельді құруды каржыландыру мен ұйымдастыру ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік сәйкес кадрлық ғылыми-техникалық әлеуетін
дайындау бойынша жоспарларды жүзеге асыру, инновациялық және өнертабыстың белсенділігін ынталандыру, зияткерлік меншікті қорғаудың тиімді құқықтық жүйесін құру болып табылады. Бұл мәселелердің көбісі «2007-2011 жылдарга арналған Қазакстан Республикасының патенттік жүйесін дамыту бағдарламасында» көрсетілген.
Бұл бағдарлама 2006 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілді. Бағдарлама құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық-әкімшілік және т.б. сипаттағы ережелер жиынтығының кең шеңберін кұрады. Олар негізінен ұлттық патенттік жүйенің тиімділігін арттыру арқылы Қазақстандағгы өнертапқыштың және инновациялық қызметтердің тиімді дамуы үшін алғы шарттарды құруға бағытталған. Бағдарламаға сәйкес алға койған мақсаттар шеңберінде келесідей міндеттердішешуге бағытталады: өнеркәсіптік меншік объектғлерғн патенттеу процедурасын жаңарту, соның ішінде, патенттік ет өнімдердің саралауын уакытында өткізуді қамтамасыз ету, қорғау құжаттарын беру мерзімін қысқарту және сенімділігін арттыру; зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласын кеңейту және жетілдіру; патенттік-ақпараттық ресурстардың толық құнды жүйесін құру; патенттік қызметтің инфракұрылымының институционалды негізін құру; өнертапқыштық және патенттік — лицензиялық қызметті активизациялау және қолдау; ішкі нарықты жалған тауарлардан қорғау және өнеркәсіптік меншік объектілерін заңсыз қолдануға қарсы шараларды жетілдіру, контрафактілі өнімдердің деңгейін қысқарту.
Жоғарыда айтылып кеткендей, Қазақстан Республикасының Патент заңына сәйкес өзгерістер мен түзетулерді енгізу арқылы жүзеге асырылған осы бағдарламаның негізгі жаңашылдыгы — инновациялық патент болып табылады. Инновациялық патент — нарыққа инновацияларды тездетіп енгізетін құралдардың бірі болып табылатын өнеркәсіптік меншіктің ерекше құқығының оперативті кұжаты. Инновациялық патент патенттік қабілеттілікке толық құқықтық кепілдік береді.
Тауарлық белгімен қорғалатын өнімді шығаратын отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған шаралардың бірі — мемлекетіміздің 1989 жылғы Мадридтік протоколға қосылуы болып табылады. 2010 жылдың 21 сәуірінде Парламент Мәжілісінің депутаттары «Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне пПротоколды бекіту туралы» заң жобасын мақулдады. Бұл Заң жобасының қабылдануы ұлттық мәлімдемелер негізінде отандық мәлімдеменің халықаралық мәлімдемелерді (олардың мәлімдеме берілетін мемлекетте тіркелуін күту қажет емес) беру перспективаларын жақсартады. Протоколда халықаралық тіркеуді ұлттық немесе аймактық мәлімдемелерге (егер базалық мәлімдеменің қызметі токтатылса) өзгерту мүмкіншілгі қарастырылған.
Бағдарламада өнеркәсіптік менік объектілеріне қорғау кұжаттарын беру мерзімдері1 қысқартылды. Осыған орай, қазір патенттік-ақпараттық ізденісті жеделдету, патенттік ведомтствоның эксперттерінің санын арттыру, эксперттік жұмыстардың техникалық жабдықталуын жаксарту, мәлімдемелерді электрондық әдіс арқылы беруді енгізу үшін жағдайлар жасалуда.
Бағдарламаның баска да маңызды сұрақтары инновациялық және өнертабыстық кызметі ынталандыру және қолдау, зияткерлік меншік нарығын және зияткерлік меншікті бағалау институтын дамыту, патенттік сақтандыруды енгізу т.б. болып табылады. Зияткерлік меншікті заңсыз қолдануға карсы куресу мәселесіне ерекше мән берілееді. Зияткерлік «қарақшылықты» жаңа сапалы деңгейде табу және болдырмау фактілері бойынша шараларды өткізу қарастырылған.
Жинақтай қорытындыласақ, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық патенттік жүйесі маңызды стратегиялық ресурс болып табылады, оның әлеуетті мүмкінд1ктері шексіз. Әдетте, біздің мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігінің факторы ретінде бағаланатын патенттік жүйе ғылыми-техникалың және әлеуметтік -экономикалық реформаларда маңызды роль атқаруға тиіс және нарықтық қатынастарды кеңейтіп, елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың елеулі факторына айналуы қажет.
Жүз жылға жуық тарихы бар әлемдік патенттк жүйені құру адамзаттың ең елеулі жетістіктерінің бірі деп айтуға әбден болады.
КОРЫТЫНДЫ
Қазакстан Республикасы халықаралық мәдени және Ғылыми г техникалық айырбастың қатысушы ретінде және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының мүшесі ретінде халықаралық стандарттарға жауап беретін деңгейде құқық иеленушілердің (Қазақстандық және шетелдік) зияткерлік меншік құқығынн сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстанда зияткерлік меншік жүйесі посткеңестік ккеңістікке секілді тәуелсіздікке ие болғаннан кейін, халықаралық зияткерлік меншікті қорғау жүйесіне қатыса бастауымен, авторлық және сабақтас құқықтардың және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтардын, қаматамасыз ету деңгейінің әсер етуінің жоғарлауымен, ғылым, сауда және басқа салаларда мемлекетаралық қатынастарды дамыту негізінде қалыптаса бастады.
Заң жобаларын жетілдірудің, күші бар заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің, зияткерлік меншік объектілерін қорғаудың түрлі шаралары заңнамалық және нормативтік актілерде бекітіліп, зияткерлік меншік құқығынн тиімді қамтамасыз етуге бағытталған.
Зияткерлік меншік қорғаудың жалпы қоңам алдында тұрған негізгі мақсаты — айрықша құқықтардың дербес құқылығына жеу, оларды рұқсатсыз қолдануға жол бермеу.
Қазақстандық кәсіпкерлік өзінің қалыптасу жылдары кезінде «нарық арифметикасын» игерді (Яғни, еркін нарықтық катынастар жағдайында пайда таба алу кабілеттілігін). Жеке нарықтық ортаны қалыптастыру кезеңінен өткен соң, нарықтық қатынастардың неғұрлым күрделі кұралдарын, яғни, «жоғары
математиканы» меңгеру қажет. Зияткерлік меншікті тиімді басқару айтылған құралдардың бірі болып табылады. Индустриалды-инновациялық даму жағдайында Қазақстанның алған бағытында зияткерлік меншік кәсіпкерліктің барлық деңгейіндегі бәсеке қабілеттілігін дамыту мен арттырудың шешуші факторларына айналуда.
Алайда, жоғарыда айтылған мақксаттар мен міндеттерді шешу жолында бірқатар кедергілер бар. Мәселе отандық заңнаманың жетілмеуінде ғана емес. Жалпы қоғамның ойлау жүйесінің өзгеруіне байланысты жағдай қиындай түсті. Қоғам зияткерлік меншік саласындағы құқықтарын және мүддесін қорғау мәселесіне тиісті назар аудармайды.
Біз дүниежүзілік технологиялар арқылы жасалған интеллектуалды еңбек нәтижелерін белсенді менгеруіміз қажет, сонымен қатар жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келетін іміздің зияткерлік нәтижелерімізді жасауымыз керек Мемлекетіміздің болашағы нақ осы салада аса дамыған, динамикалық, әлеуметтік хабарланған қоғамдар қатарына шығара алатын заманауи экономиканы дамытуда және бәсекеге қабілетті керсеткіштерге жетуде жатыр десек болады.
Зияткерлі меншік тек жаңа технологи болып табылмайды. Зияткерлік меншік – мемлекеттің ең негізгі экономикалық қуатының бірі. Акпараттық технологиялардың дамуы — заманауи қоғамды дамытуға қажетті шарт. Бағдарламаларды өңдеу — заманауи технологиялық өндіріс.
Өз зияткерлі меншігімзді қалай қорғау, оны қолда бар ақпараттан қалай жасап шығару, жалпы акпараттық қорды қалай басқару — деген сұрақтар талқылауды және нақтыраұ ұғынуды талап етеді. Қазакстандық кәсіпкерлерге акпараттық менеджмент меңгеру қажет. Акпараттық менеджмент тек акпараттық қорды жоспарлау мен ұйымдастыруды, оларды ұолдануда бақылауды ғана емес, сонымен қатар, құқық иеленуші ұғымын дұрыс қолдануды да қамтамасыз етеді.
Зияткерлік меншіктің өзінің жеке құндылығы жоқ оның құдылығы оны қолдану кезінде байқалады. Мұнда меншік құқығын қорғауды қажет ететін объектіге айналудың концептуалды бастамасы жасырылуда.
Тек бір-ақ рет қолданылатын акпараттың (нәтижесінде табыс әкелмейді) құдылығы жоқ, себебі ол авторлықты және құқықты иеленуді бекітуді қажет етпейді. Оның құндылығы көрсетілетін тауарлар мен қызметтердің сапасы арқылы немесе интеллектуалдык меншікті қолдану арқасында енгізуге болатын өзгертулер аркылы аныкталады.
Ғылыми кешеннің толыққанды жұмысы үшін ғылыми өңдеулерді жасау бойынша жеткілікті түрде қаржыландыру үдерісімен қаматамасыз ету ғана емес, сонымен қатар, Ғылыми өндеулерді жасауға ынталандыратын шараларды және отандық өңдеулердің нарықтағы сұранысқа ие болу мүмкіншілігі арттыратын шараларын ескеру қажет. Нәтижесінде, бұл үдеріс ғылыми субъектілердің де, ғылыми өнімді жасау үдерісін инвестизациялау қабілеті бар кәсіпкерлік субъектілерінің де белсенді қатысуына әкелер еді.
Зияткерлік меншік объектілерін жасау бойынша,ғылыми — техникалық өңдеулер мен ноу-хау үшін жағымды ортаны құра алатын үдерістерді жаңарту бойынша, сондай-ак отандық өндеулерді мемлекет ішінде және шетелде толыққанды қорғауды камтамсыз ету бойынша қызметтердің талдауын зияткерлік меншік құқығы бойынша Комитеті жүргізеді. Мемлекетіміздің ғылыми — технологиялық және инновациялық әлеуетінің дамуына сәйкес келетін зияткерлі меншік жүйесінің дамуының негізгі салалық құжаты «2007-2011 жылдарға арналған КР патентік жүйесін дамыту Бағдарламасы» болып табылады. Бұл Бағдарлама инновациялық өндірістің өсуін қамтамасыз етуімен байланысты және өнеркәсіпке жаңа Ғылыми өндеулерді енгізу бойынша, жоғары технологиялық өңдеулердіц трансферті бойынша, халықаралық тәжірибені енгізу бойынша жұмыстарды күшейтуді, сонымен қатар, интеллектуалдык меншік объектілерін коммерциялауды камтамасыз өтуге байланысты мәселелерді шешеді.
2007 жылдың 2 наурызында «Интеллектуалдык меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануымен енеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу жүйесі жаңартылды. Яғни, алдын ала патенттің орнына, инновациялық патент енгізілді. Интеллектуалдык меншік құқығының сауда мәселелері бойынша келісіміне сәйкес бұл патенттеу жүйесі «өнертабыс объектісі»ұғымын
жеткілікті түрде либералдауға мүмкіншілік береді. Өнертабысты құқықтық қорғау инновациялық патенттікке немесе өзара өзгерту мүмкіншілігі бар балама негіздегі патентке өтінмдерді беру жолымен жүзеге асырылады.
Бұл шаралар отандық өнімдердің үлкен нарыққа шығуына дайындығының, халықаралық масштабтағы инновациялардың экспортын қорғаудың және тәуекелдерін сақтандырудың, сонымен қатар, ұлттық зияткерлік меншікті қорғаудың негізгі құралы болып түр. Енді ұлттық инновациялық жүйені дамыту мәселесін шешу керек Ол үшін жаһандық индустриалды-инновациялык жүйесінің дамуына терең талдау жүргізу керек. Бұл үдеріс Ғылыми ойдың басты салаларын анықтауға және өнеркәсіптік саланы одан әрі экономикалық дамытуға мүмкіншілік береді.
Бұндай перспективті бағыттардың бірі ғылыми қызметтің нәтижелерін коммерциализациялау болып табылады. Осының арқасында, инновациялық қызметтің нәтижелерін кең қолдану үшін жағдайлар жасалады, жоғары технологиялы тауарлар нарығын күшейтеді және нарық субъектілерінің қызметін ынталандырады.
Қазіргі уақытта «Самруқ-Қазьша» ұлттық-әл ауқаттылық қорының, Ұлттық инновациялық қорының жұмысының арқасында республикада зияткерлік меншіктің, материалды емес активтерінің нәтижелерін венчурлық қаржыландыру жүйесі енгізілуде. Алайда, инновация саласындағы қызметтің тікелей қатысушыларының арасындағы қатынастарды реттейтін кешенді шаралар қажет.
Қатаң бәсеке жағдайында зияткерлік меншіктің бірегей сипаты нарықта ұзақ мерзімді тұрақты табыс алуға мүмкіндік беретін берік әрі жоғары
монопольдың тосқауылдарды қамтамасыз етеді. Зияткерлік меншік объектілерін бағалау технологиясы меншік иесіне бұл қордың құнын анықтап қана қоймайды, сонымен қатар, оның нарықтық кұнын, нарықтағы меншіктің талап ету деңгейін де анықтайды. Демек, кейін зияткерлік меншікті жүзеге асыру мен енгізу бойынша меншік иесінің стратегиясын да анықтай алатын болады.
Қорыта айтқанда, қазіргі жағдайларда зияткерлік меншік институтын жетілдірудің тиімді әдістерін қолдану болашағы зор Ғылыми бағыт болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІ3ІМІ
- Конвенция, учреждающая ВОИС //Патентное право: Сборник
нормативно-правовых актов. — Алматы: 1996. — С.7-21. - Бромберг Г.В. Интеллектуальная собственность: от создания до
использования. — М.: ИНИЦ Роспатента, 2002. — 254 с. - Купешова С.Т. Теория и практика инновационного процесса в
переходной экономике РК //Вестник КазНУ. Серия экономическая.- 2001. -№6.-
С.176-177. - Шевякова А.Л. Организаңионно-экономические механизмы развития
инновационного предпринимательства в РҚ — Алматы: Дайк-Пресс,2004. — 274
с. - Фейгельсон В.М. Интеллектуальная собственность, недобросовестная
конкуренция и ноу-хау. — М.: ВНИИПИ, 1997. — 109 с. - Корчагин А.Д. Как защитить интеллектуальную собственность а России.
— М.: Инфар-М, 1995. — 336 с. - Козырев А.Н. Экономические проблемы ИС //ӘКО. — 1992. — №7. —
С.25-27. - Урузбаева Н. Человеческий капитал как ключевой фактор
индустриально-инновационного развития общества //Труд в Казахстане:
проблемы, факты, комментарии. — 2006.- №6. — С.2-5. - Леонтьев А.П., Корчагина З.А. Проблемы генезиса постиндустриального
общества //Вестник Московского университета. Серия 6. Әкономика. — 2001. —
№5.- С. 93-120. - Наука Казахстана: Статистический сборниқ- Алматы: 2007.- 60с.
- Юрьева Т.В. Интеллектуальная сфера а предпринимательстве. — М.:
Анжил, 1994.-56с. - Коляда Н.И. ИС: сущность и механизмы реализаңии. — М.: Экономика,
-123с. - Рамазанова А.А. Диалектика отношений собственности: теория,
методология и стратегические направления развития (на примере РК):
//Вестник КазНУ. Серия әкономическая.- 2004. -№7.- С.21-23. - Орехов А.Н. Интеллектуальная собственность как объект
философскогоисследования ////Вестник Московского университета. Серия
«Философия». — 1997. -№і.- С. 31-48. - Урузбаева Н.А. Интеллектуальная собственность: системный подход к
исследованию //Вестник Турана. — 2007. №1. — С.254-261. - Манаенкова Е.В. Формирование интеллектуальной собственности в
российской экономике: //Вестник Московского университета. Серия
Экономика. — 1997. -№7.- С. 197-201. - Моль А. Соңиодинамикакультүры. — М.: Прогресс, 1973. — 406 с.
- Щетинин В. Человеческий капитал и неоднөзначность его трактовки
//МӘиМО. — 2001. — №12. — С.42-49. - Пащонина Т.В. Влияние интеллектуальной собственности на
экономическую безопасность. — М.: Экономика, 2000. — 165 с. - Machlup Fritz. The Production and Distribution of Knowledge in the United States. – Princeton. NJ: Princeton University Press, 1962. — 464р.
- Сергеев А.П. Право интеллектуальной собственности в Российской Федерации: Учебниқ М.: 2001.-С.И0-115.
- Дозорцев В.А. О мерах по развитию рынка интеллектуальных продуктов //Юридический мир. — 1998. — №6.- 25 с.
- Амангельды А. Классификация объектов интеллектуальной собственности //Предприниматель и право. — 2007. — №7.- С.8-10.
- Козырев А.Н., Макаров В.Л. Оценка стоимости нематериальных активов и интеллектуальной собственности. М.: Интерреклама. — 2003. — С.45-
- Оркина Е.Интеллектуальная собственность как экономическая категория //Интеллектуальная собственность. Авторское право и смежные права. — 2006. — №7. — С.29-36.
- Stiglits J Economics of public sector. – Norton, 2002.-102 р.
- Мэггс П.Б., Сергеев А.П. Интеллектуальная собственность. — М.: Юрист, 2000.
- Қазақстан Республикасы. 1991 жылгы 11 маусымдағы «Бәсекелестікті дамыту және монополист қызметті шектеу туралы» Заңы //1991 жылдың 15 маусымынан Егемен Қазақстан.
- Қазақстан Республикасы. 1993 жылдың 5 акпанынан «Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық келісіңм-шарттар туралы» Қазақстан Республикасының Декларациясы //1993 жылдың 6 акданынан Егемен Қазақстан
- Қазақстан Республикасы. 1996 жылдың 10 маусымынан, №6-«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы //1996 жылдың 13маусымынан Егемен Қазақстан.
- Қазақстан Республикасы. 1997 жылы 16 шілдесінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.- Алматы: Юрист, 1997. — 252 б.
- Қазақстан Республикасы. 1998 жылдың 10 карашасынан «Қазақстан Республикасының әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Берн конвенциясына (1886 жылдың 9 кыркүйегінен) қосылу туралы» Заңы //1998 жылдың 20 қарашасынан Егемен Қазақстан.
- Қазақстан Республикасы. 1999 жылы 1 шілдесінен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ерекше бөлімі. — Алматы: Юрист, 1999.-2926.
- Қазақстан Республикасы. 1999 жылдың 13 шілдесінен, №422-1 «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңы //1999 жылдың 25шілдесінен Егемен Қазақстан.
- Қазақстан Республикасы. 1999 жылы 16 шілдесінен, №427-1 «Қазақстан Республикасының Патент заңы» //1999 жылы 27 шілдесінен Егемен Қазақстан.
- Қазақстан Республикасы. 1999 жылдың 23 шілдесінен, №451-1«Бұқаралық ақпарат құалдары туралы» Заңы //1999 жылы 27 шілдесінен Егемен Қазақстан.
- Қазақстан Республикасы. 1999 жылы 26 шілдесінен, №456-1 «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің ахаулары туралы» Заңы //1999 жылы 2 тамызынан Егемен Қазакстан.
- Қазақстан Республикасы. 2001 жылы 30 кантарнан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылығы туралы кодексі. — Алматы: Юрист, 2001.- 2326.
- Қазақстан Республикасы. 2006 жылдың 23 наурызынынан «Инновациялық кызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы //2006 жылдың 30 наурызынан Егемен Қазақстан.
- Казақстан Республикасы. 2006 жылдың 23 желтоксанынан Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен «2007-2011 жылдарға Казақстан Республикасының патенттік жүйесін дамыту Бағдарламасы» //2006 жылдың 29 желтоксанынан Егемен Қазақстан.
- Қазақстан Республикасы. 2007 жылдың 2 наурызынан «Интеллектуалдық меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы //2007 жылдың 10 наурызынан Егемен Қазақстан.
42.Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ресми: 2 сайты