Дипломдық жұмыс: Мұнай — газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері

 

 

Мұнай — газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері

 

 

Мазмұны

 

Қысқартулар  тізімі….…………………………………………………………….

Кіріспе………………………………………………………………………………

 

  1. Техникалық мәтіндердің ерекшеліктері
    • Мәтін туралы түсінік және оның түрлері……………………..…………
    • Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды стилдік ерекшеліктері…………………….……………
    • Техникалық аудармаға қойылатын талаптар…………………………..
    • Техникалық мәтіндердің жіктелуі………………………………………

Түйін………………………………………………….……………………………

 

  1. Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндердің аудару ерекшеліктері…………………………………………………………..
    • Техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын лексикалық трансформациялар……………………………………………………….
    • Техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын грамматикалық трансформациялар……………………………………………………….
    • Техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын лексико-грамматикалық трансформациялар……………………………………..
    • Мұнай-газ саласындағы мәтіндердің аудармасына талдау……………

Түйін………………………………………………………………….……………

 

Қорытынды……………………………………………………………….……….

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қысқартулар тізімі

 

ТМ  — түпнұсқа мәтіні

АМ – аударма мәтіні

ТС – түпнұсқа сөйлем

АС – аударма сөйлем

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жалпы өнеркәсіп өнімдер көлемінің 40 пайызға жуығын мұнай-газ саласы құрап отыр. Мұнай-газ саласы еліміздің экономикасын дамытуда, оның тұрақты қалыптасуына өз зор ықпалын тигізіп отыр. Осыған орай бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан саяси әлеуметтік және экономикалық өзгерістер мұнай-газ саласына жаңаша қарауды, оның бағыттарында қол жеткен жаңа табыстарымызды сын көзбен саралай отырып бағалауды, білім беру жүйесінде ғылым мен тәжірибеде жинақталған бай психологиялық, әдістемелік мұраны зерттеп, талдауды және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен енгізуді талап етеді.

          Сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынаста технологияның дамуы, тілдегі лексикалық қордың өзгеруіне себеп болуы, жаңа терминдердің пайда болуы және олардың басқа шетел тілдерінен мемлекеттік тілімізге аудару мәселесі лингвистер мен аудармашылардың назарын аудармай қоймайды. Осылайша өзім секілді болашақ аудармашыларға маңызды болған арнайы мәтіндер тек ақпарат беру көзі ғана емес, тілдегі сөздік қорын жаңа сөздермен кеңейту болып табылады.

          Сол себепті дипломдық жұмысымның өзектілігі: қазіргі таңда, ғылыми-техниканың дамыған шағында, тәуелсіз мемлекетімізде дамушы салалардың бірі техникалық сала, оның ішінде біздің еліміздің экономикасының дамуына көп үлес қосып отырған мұнай және газ саласы. Сол саланың тілдік ерекшеліктерін терең де жан-жақты зерттеу, және де осы салаға қатысты арнайы ақпараттарды түсіну, техника саласының дамып жетілуіне тікелей әсер етеді. Осыған байланысты елімізде техникалық саланың тек теориялық білімі бар ғана емес, осы салада тәжірибесі бар мамандар қажет. Оның үстіне мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін зерттеу, және аудару барысында аудармалық шеберлікке, білімге ие болу және оларды қолдана білу өте маңызды. Ал біздің бұл дипломдық жұмыста қарастыратынымыз мұнай және газ саласындағы техникалық мәтіндердің аудару ерекшеліктерін анықтап осы өндірістік саланың дамуына үлесімізді қосу болып отыр.

Зерттеу жаңалығы: Бұл жұмыста біз ең алдымен техникалық мәтіндердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында қарастырылатын келелі мәселелерді қолға алып, олардың ерекшеліктерін және нақты мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндердің аз зерттелгендігін көрсету болды. Аударманың нәтижелілігін кітап, интернет және бұқаралық ақпарат құралдардағы аудармаға қатысты оқу-әдістемелік мағлұмат мен деректер арқылы көрсетуге тырыстық.

Зерттеу мақсаты: Мемлекеттік тілдегі өндірістік салада, нақты мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару барысындағы ерекшеліктерін анықтау.

Міндеті: Мұнай-газ саласындағы мәтіндерді аудару барысында түрлі трансформацияларды қолдана отырып мысалдарға талдау жасау; мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару кезінде кездесетін мазмұндық құрылымдардың ерекшеліктерін айқындау; техникалық мәтіндерді аудару кезінде кездесетін қиыншылықтарды көрсету және болашақ аудармашылардың біліктілік дағдыларының дамуына көмектесетін жұмысты ұсыну.

Зерттеу құралдары: Дипломдық жұмыстың қарастыратын мәселесіне байланысты шетелдік және отандық ғалым зерттеушілердің еңбектері, әртүрлі электронды сөздіктер мен әдебиеттер енді.

Зерттеу нысаны: Зерттеу барысында жалпы мәтін түсінігінің сипаттамасы мен түрлері, одан келе техникалық мәтіндердің сипаттамасы, түрлері және оларды аударудағы қойылатын талаптары мен ондағы қолданылатын трансформациялар қарастырылды. Жұмыстың қайнар көзі ретінде техникалық мәтіндер түпнұсқалары қарастырылды. Өкініштісі қазыргі отандық баспада нақты зерттеліп бекітілген техникалық терминдердің қазақ тіліндегі сөздіктер мен әдебиеттердің сирек кездесуі айқын. Осыған орай біз зерттеу жұмыс барысында техникалық мәтіндердің аудару барысының құрамдас бөлігі болып табылатын термин мәселесін назардан тыс қалдырмауға тырыстық, техникалық мәтін, термин және олардың мемлекеттік тілге адекватты түрде берілу мәселесін дипломдық жұмыста сөз қылғанды жөн көрдік.

Теориялық мәні: Қазақ терминологиясымен техникалық аударманың қалыптасуы үздіксіз үрдіс және терминдердің мемлекеттік тілдегі баламасының жасалуы жан-жақты дамытуды қажет ететін бүгіннің талабы екендігін рас. Сол себепті, біз дипломдық жұмыста мұнай-газ, кен өндірісіне қатысты әр түрлі мәтіндердің аудару барысын сатылап мысалдар арқылы ерекшеліктерін көрсетуге және нақтылауға тырыстық.

Практикалық мәні: Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары техникалық аударма ісі саласын тану бағытындағы зерттеулерге, жоғары оқу орны нақты аударма мамандығының студенттеріне және басқа да ізденушілерге айқын бағдар болмақ. Зерттеу нәтижелері мен жасалған тұжырымдар аударма саласын жаңа мәліметтермен толықтырады. Оның ішінде нақты мұнай-газ саласына тиесілі мәтіндер мен терминдердің аударма ерекшеліктерінің табиғатын анықтау шеңберін кеңейтіп, айқындай түсуге септігін тигізеді. Сондай-ақ, аударма табиғаты, оның тілдегі, ғылымдағы, ұлт өміріндегі орны мен маңызы, оған тіл, таным тұрғыларынан қойылар талаптар туралы түсініктерді нақтылауға, тілді орыстану саясаты ықпалымен қалыптасып, бүгінде санаға сіңіп қалған бірқатар келелі мәселелерді қайта қарауға түрткі және шетел сөздерінің мүмкіндігінше қазақша баламасын тауып, сөздік қорымызды байытуға негіз болмақ.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс қысқартулар тізімінен, кіріспе, негізгі бөлім, екі тараудан, ал олар бірнеше тараушалардан, түйіннен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен құралған. Негізгі бөлімде жалпы мәтін түсінігі мен түрлері, оның ішінде техникалық мәтіндер, олардың классификациясы, қолданылатын трансформациялар және нақты мұнай-газ саласындағы мәтіндердің аудару барысы қарастырылды.

 

  1. Техникалық мәтіндердің ерекшеліктері

1.1 Мәтін туралы түсінік және оның түрлері

 

Мәтін дегеніміз – құрылымдық-семантикалық бірлік ретінде қызмет атқаратын күрделі біртұтастық. И.Р.Гальпериннен кейін мәтін – ауызша сөйлеу әрекеті деген түсінікті жоққа шығарып, аяқталған ойды білдіретін, жазбаша құжат ретінде байланысқан, әдеби жағынан сәйкестендірілген, өзіне тиесілі тақырыптан және әртүрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстар түрімен біріккен ерекше бірліктер қатарынан тұратын шығарма ретінде қарастырылды [1,126].

Мәтін дегеніміз латын тілінен «Texus» – қосылу, құрылым, байланыс. Семантикада кез келген таңбаның байыпты реттілігі, қарым-қатынастың кез келген түрі соның ішінде салт, би және сол сияқты. Тіл білімінде мәтін ретінде төмендегілер ұсынылады. Мәтін сипаттамасы:

  • «тілдің өмір сүруінің феноменологиялық алғашқы тәсілі»;
  • жүйелі, байланысты, тұтас, тиянақты, қалыптасқан мағыналық жағынан өзара байланысқан сөйлемдердің бірізділігі;
  • коммуникацияға қатысушыға тән сөйлемелік бірізділігі;
  • жазу үлгісіндегі ауызекі сөйлеу шығармалары;
  • ауызша немесе жазбаша ауызекі сөйлеу шығармалары [ 2,453].

Лингвистика тұрғысынан, мәтін – аяқталған тілдік шығарма ретінде қарастырылады. Ал, кейбір жаңа зерттеу бағыттарының сипаты мәтінді шығарма тұрғысынан қарастыруды жөн санайды. Мәтінді тілдік шығарма ретінде жалпылыққа тән құбылыс [3, 608]. Осы анықтамаға сүйене отырып, мәтінді сөйлемдер жиынтығы немесе бір сөйлем, сөз тіркесі немесе бір сөз деп алу тиімді.

          Мәтін – жазбаша немесе ауызша тілдік шығарма, кейбір құрылымдары қарым-қатынас кезінде қалыптасқан, өз алдына аяқталған дербес құрылым. Лингвистер «мәтін» атауын элементтер арасындағы байланыспен немесе фразааралық байланыспен түсіндіреді. Олардың ойынша, мәтін дегеніміз — әртүрлі байланыстар түрімен біріккен, жеке  дара сөйлем ғана емес, сөйлемнен де ірі абзац, параграф сияқты бірліктер құрылымын айтады [4,8]. Кейде мәтінді «тұйықталған құрылым» деп түсінеді.

Мәтін мәнін осылайша түсіндіретін бұл топтың бір ерекшелігі «байланыстылық» категориясын енгізгендігінде болып отыр. Бұл топ өкілдерінің бірі Харвегтің анықтамасы бойынша, мәтін – парадигматикалық және синтагматикалық екі өлшемді үздіксіз алмастырушылар (субституттар) тізбегін құраған тілдік бөлшектердің (бірліктердің) жалғаспалылығын айтады. Алайда, Харвегтің берген анықтамасы мәтінді мағыналық, мәндік аясынан тарылтады [5,13].

Мәтін – белгілі мақсаттылыққа және прагматикалық бағдарға ие шығарма. Егер сөйлесімді дыбыстық қасиетке ие дейтін болсақ, мәтін графикалық қасиетке ие. Егер сөйлесімді оның бірілділігі оқшаулап тұрса, мәтінді оның көпөлшемділігі оқшаулайды. Сөйлесімді бірізді дейтініміз, ол дыбыстық қасиетке ие баспа (графикалық не магнитті лента) оның саласын өзгертеді. Осылайша ауызекі тіл қайтымсыз – дыбысталды және қандай да бір бөлшегіне оралу мүмкін емес. Мәтін көпөлшемді, себебі оның кез келген бөлшегіне көптеген оралу жолдары бар. Егер ауызекі сөйлеу қозғалыс, әрекетте болса, мәтін екіжақты қасиетке ие, яғни тыныштық қалпында болу және қозғалыста болу. Егер ауызекі сөйлеу тек сөйлеу процесі кезінде дыбысталу уақытымен шектелсе, мәтін ештеңемен шектелмейді. Мәтін шындықты бейнелеп қоймай, ол жайында хабардар етеді [6,12].

Мәтіннің семантикасы номинативтік және коммуникативтік компоненттерден тұрады. Мәтінде коммуникативтік, когнитивтік және эмотивтік қызметтері қиылысады. Коммуникативтік біртұтастықтың жоғарғы деңгейі ретінде мәтін – ашық және тұйық жүйе болып табылады. Мәтіннің тұйықтылығы оның аяқтылығы мен шетілігіне байланысты. Ал, мәтіннің ашық жүйесі оның қабылдану ерекшеліктеріне байланысты.

Мәтін дегеніміз – жүйелік пен жекеліктің бірлігі. Мәтіннің жүйелілігі тілдік кодтармен берілген мәтінді моделдеп, алушының жіберушіге деген талабымен сипатталады. Мәтіннің жекелігі әдеби бейнені өзімен алып жүрген заттық форманың шексіз вариациялық нәтижесімен сипатталады.

Р. Барттың мәтін жайында берген анықтамасында былай делінген: «байланысқан мәтін мазмұны жағынан біртұтастықты білдіретін, ішінара ұйымдасқан және коммуникативтік мақсатқа арналған аяқталған тілдік ілеспелілік» [7,18].

          Сонымен, мәтін дегеніміз – жоғарғы тәртіптелген бірлік, ақпараттық, құрылымдық және коммуникативтік мағынасында байланыстылық, біртұтастық қызметке ие жазба түрінде берілген шығарма. Сондай-ақ, мәтін – өз алдына негізгі қасиеттері байланыстылық пен біртұтастық болып табылатын, мағыналық жағынан біріккен таңба бірліктерінің бірізділігі. Ол функционалдық, семантикалық, құрылымдық бірлік ретінде бір құралу ережесіне ие, өзін құрайтын бірліктердің формальды және мағыналық заңдылықтарын айқындайды деген тұжырымдамаға тоқталдық.

 

Ю.В.Ванников бойынша техникалық мәтіндердің классификациясы

Ғылыми техникалық саланың функциональдық стилі

  1. Техникалық мәтіндер

 

Мәтіндер (Академиялық мәтіндер, оқытуға арналған мәтіндер, энциклопедиялық мәтіндер):

 

  1. Техникалық мәтіндер
  • Өндірістік техникалық мәтіндер (техникалық құралдардың сипаттамасы, технология және өндіріс тәсілдері, өндірісті ұйымдастыру және эксплуатация тәжірибесі);
  • Инструктивті мәтіндер (эксплуатация бойынша басқарма); анықтама әдебиеті (анықтама, техникалық каталог);

 

 

  1. Информациялық мәтіндер

(реферат, аннотация, қайталау, библиографиялық сипаттамалар, библиографиялық көрсеткіш)

 

  • Ресми-іскерлік мәтіндер
  • Заң саласындағы мәтіндер (акт, келісім шарт, рекламация)
  • Басқару мәтіндер (шешім);
  • Іскерлік корреспонденция (арыз, ұсыныс хат, хат, жоба).

 

  1. Аралық мәтіндер
  • Іскерлік мәтіндер (техникалық құжаттардың стандарттық ерекшеліктері (стандарт, спецификация, технодокументация, нормаль, норматив, фирмалық каталог); сипаттау (патент, авторлық құқық);)
  • Публицистикалық мәтіндер (ғылыми танымал мәтіндер, өзіндік ғылыми публицистикалық мәтіндер)

 

1.2 Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды-стильдік ерекшеліктері

 

Бөлек функционалды стильдер әдеби тілдің тарихи даму процесінде пайда болады; олар бір-бірінен тілдік қатынастың мақсаты мен міндеттерін анықтайтын тілдік құрал жүйесімен ажыратылады. Әдеби тіл мен функционалды стильдің арасында жалпы және жалқы қатынас бар; әрбір функционалды стильде әдеби тіл нормасының дамуының жалпы бағыттарын көруге болады; әдеби тілдің функционалды стилі әдеби тілдің дамуының әрбір сатысындағы бірлікті қамтамасыз ететін өзара әрекеттестік процесінде болады.

20 ғ. бағытталған ғылыми техникалық прогресс өмірде қарқынды ақпараттың алмасуы мен басты қызметі когнитивті ақпарат болып табылатын ғылыми техникалық стильдің қалыптасуына түрткі болды. Лингвистикалық зерттеулердің нысаны болып табылатын көркем әдебиет тілінен өзгеше, 20 ғ. Лингвистердің назарларын аударатын ғылыми техникалық басылымдардың қарқынды дамуы байқалды.

Техникалық әдебиет тілін лингвистика жағынан зерттеулер, техникалық әдебиеттің барлық түрлерінің тілдік қарым-қатынас құралы ретінде маңызды дәрежеге ие екенін, өзіне қатысты ерекшеліктері мен белгілі тілдік құрылымдық стилі бар екенін көрсетеді.

Техникалық әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктері оның лексикасына, грамматикасына және стилистикалық белгілеріне де қатысты. Бұл жерде ең маңызды мәселе, техникалық әдебиет барлық тілдерге тән болғанымен де, оның ерекшеліктері, тілден тілге сол күйінде берілмейді, әр тілде өзінше аударылады. Бұл өзіндік сандық және сапалық сипатқа ие. Сапалық өзіндік әр тілдегі белгілі қатынас немесе ерекшеліктері ұқсас тілдік құрал арқылы емес, лексикалық құрал грамматикалыққа ауыстырылып берілуіне, ал сандық ерекшелік лексикалық, грамматикалық немесе стилистикалық құралдардың әртүрлі жиілікте қолдануында көрінеді.

Сонымен қатар, техникалық әдебиет аудармасымен жұмыс істей отырып, жүйелі-адекватты аударма алу үшін берілген тілдің ғылыми техникалық әдебиетін жалпы және арнайы ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. Жалпы әр функционалды стильде аударма барысы мен нәтижесіне маңызды әсер беретін кейбір тілдік ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады. Мысалыға Комиссаров В.Н. [8,56] бойынша ғылыми техникалық стильде ғылыми техникалық материалдардың лексико-грамматикалық ерекшеліктері, бірінші орында терминология және арнайы лексика болып табылады. Техникалық стильге қатысты ерекшелік – оның ақпараттылығы (мазмұндылығы), қисындылығы (қатаң жүйелік, басқы ой мен бөліктерінің арасындағы байланыс), дәлдік және дұрыстық және осы ерекшеліктерден шығатын айқындық пен түсініктілік.

Осы стильге қатысты мәтіндер аз немесе көп дәрежеде ережеге сәйкес ерекшеліктерге ие болуы мүмкін. Бірақ та осы сияқты мәтіндерде, осы сала қарым-қатынасына түрткі болатын, басымырақ қолданысқа ие құралдар бар. Лексика саласында барлығынан бұрын техникалық терминология және арнайы лексиканың қолданылу аясы бірінші орында тұратыны анық.

Қандай да болсын ғылым саласымен байланысты ұғымдар жүйесі – термин проблемасына тоқталатын болсақ: «Тілдің ілгері басып өсуі үшін оның емлесі мен термин мәселесі дұрыс шешімді болмайды. Болмайтын себебі: өркендеп алға барған тілдің тарауының бәрі де сол емле, терминологиямен сабақтаса да отырады» — дейді қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін қалаушылардың бірі, профессор Қ.Жұбанов. Оның терминге берген анықтамасы: «Белгілі бір  ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, ол сөздерді әлгіндей ұғымдарға – ғылым жолы қандай сатыда тұрса, міне осыны теліп отырады, сонымен қатар термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделік тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы мүмкін».

Жалпы «термин» сөзін латыннан аударғанда «шек», «шекара» деген мағынаны білдіреді. «Термин» атауының өзі жайлы С.Әсілжанов былай дейді: «Соңғы кезде қазақ тілінде термин сөзін «атау», «аталым», «атауыш» деген қазақша балама сөзбен ауыстырып қолдану кездеседі» [9,357].

«Терминді тұрақтандыру, жаңа терминдерді қабылдау ісіндегі кемшіліктің басы – термин деген ұғымды ғылыми негізде түсінбей, оған жалаң, схоластикалық тұрғыдан келуде жатыр. Сол үшін ең алдымен термин деген сөздің мәнің ұғынуымыз қажет. Онсыз жерде, қазыргі аудармада кездесіп жүрген былықтан құтылу мүмкін емес» — деп 1956 жылы Қазақ әдебиеті газетінің қарашадағы санында жарық көрген филология ғылымдарының кандидаты Ғ. Мұсабаев жазған пікірі болатын [10,178]. Содан бері жарты ғасыр өтсе де, қазақ тілінің өндіріс саласындағы техникалық терминологиясы әлі де ақсап келеді.

Мәтіннің терминдік деңгейде қолданарлықтай, түсініктемесі негізі толығымен қалыптаспаған. Мәтіннің әртүрлі түсініктемесі И.Р.Гальпериннің «Текст как объект лингвистического исследования» атты кітабында және басқа да авторлардың еңбектерінде кездеседі [11,139].

Ендігі, термин дегеніміз – ғылым немесе техникалық белгілі саласында мамандар пайдаланатын арнайы объекті мен мағынаны білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін айтады. Термин ретінде тек осы стильде қолданылатын сөздерге қоса арнайы мағынаға ие жалпы халықтық сөздер де қолданылуы мүмкін [12,143]. Мысалыға: smelter, recycling, galvanizing, die-casting, mining, non-ferrous секілді металлургия саласына қатысты лексикалық бірліктерді техникалық материалдан тыс кездестіру өте қиын. Сонымен қатар, осы мәтіндерде термин ретінде барлығына таныс, жалпы қолданыста болатын industry, market, metal, design engineers, production сөздері де қолданылады.

Терминдер арқылы нақты объектілер мен құбылыстарға нақты және дәл нұсқау көрсетуді қамтамасыз ету, мамандардың берген ақпаратына бір мағыналы түсініктеме орнатуы керек. Сондықтан да осы типке қатысты сөздерге ерекше талап қойылады. Барлығынан бұрын термин дәл болуы керек, яғни берілген ғылым және техника саласындағы терминнің орнын табатын, қисынды анықтау арқылы мағынасын ашатын қатаң белгілі бір мағынаға ие болуы тиіс.

Ағылшын тіліндегі ғылыми техникалық материалдарда грамматикалық ерекшеліктер кездеседі. Әрине «техникалық грамматика» жоқ. Басқа функционалды стильдерге қолданылатын синтаксистік құрылымдар және морфологиялық формалар техникалық мәтіндерде де қолданылады. Дегенмен бұл стильде басқаларға қарағанда грамматикалық өзгерістер көп қолданысқа ие.

Басқа авторларға қарағанда Комиссаров В.Н. ғылыми техникалық стильдің грамматикалық ерекшеліктерін толығырақ жазады: «… бұл сияқты материалдарға нақты объектінің қасиетін көрсете отырып суреттеу және мағынасын анықтайтын сипатқа ие» [13,38]. Бұл мынадай тұжырымдамалар жасайды:

1) «А дегеніміз Б» құрылымының кең қолданылуы, яғни байланыстырушы етістік пен предикативтен құралатын бағыныңқылы етістігі бар құрмалас сөйлем. Мысалы:

Control is by a foot switch – Басқару аяқ педалімен іске асырылады.

The refrigerants are nontoxic and nonirritating – Тоңазытқыштардың еш зияны жоқ.

2) жасырынулы анықтауыштар болып табылатын көптеген атрибутивті топтар зат пен құбылыстың әртүрлі белгілерін көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы:

A differential pressure type specific gravity measuring instrument   Қысым төмендету тәсілін қолданатын салмақ өлшейтін құрал.

3) техникалық стильдегі дәйектілік және зат есімдік құрылымының басым болуы нақты заттарға негізделуден туады.

Зерттеулер көрсеткендей бұндай мәтіндерде үрдістің сипатталуы да іс әрекет те қалыптасады.

Мысалы:

 «to dean after the welding» деудің орнына маман «to do post welding cleaning» деп айтуды жөн көреді – желімдуден кейін тазарту жүргізу.

4) техникалық мәтіндерде оператор етістіктердің кең қолдануы байқалады. Бұл іс қимылдың шындық бейнелеуінің функциясы заттық ұғымға берілумен байланысты. Ал баяндауыш сөйлемде тек іс әрекетті білдіруші, заттың операторы болып табылады. Төмендегі етістіктер оператор қызметін атқарады: to effect, to assure, to perform, to obtain, to provide, to give, to involve, to entail, to imply, to result in, to lead to, etc., олардың мағынасы мен аудармасы толығымен сөйлемдегі негізгі мағынаға ие зат есімге тәуелді.

5) үстеуді сөйлемнің заттық сөз тіркестерімен алмастыру дәйектілеу салдары болып табылады.

Мысалыға:

accurately сөзін with accuracy very easy – with greatest ease немесе easy way түрінде беруге болады. Бірақ бұның күшейткіш үстеулерге қатысы жоқ, олар техникалық мәтіндерде негізгі модальды экспрессивті әдісс ретінде қолданылады. Атап айтатын болсақ мына үстеулер: clearly, completely, perfectly, positively, markedly, essentially, etc.

Мысалы:

the energy loss is markedly reduced – қуаттың жойылуы айтарлықтай қысқаруда.

6)етістіктердің орнына демеулігі бар етістіктен туған сын есімдердің кең қолданылуы техникалық стильдің етістікке қарсы үрдісінің бірден бір көрінісі болып табылады.

Мысалы:

to attendant onқызмет көрсетуші, to be conductive toбір нәрсе әкеп соғушы, to be destructive ofбір нәрседен жойылу, to be incidental to – әсер етуші, to be responsive to – бір нәрсеге сезімтал болу.

This system is conductive to high volumetric efficiency – Бұл жүйе көлемді нәтиже береді.

7) етістікті қолданудың ерекшелігі техникалық мәтіндердегі етістіктен туатын баяндауыш саны көркем әдебиет туындыларына қарағанда екі есе аз. Ырықсыз форма мен нақ осы шақ формасының басымдылығы байқалады. Аудармашы арнайы мәтіндерде ырықсыз етістік мағыналы ауыспалы емес формасында ауыспалы етістіктің қолдануына ерекше көңіл бөлуі керек.

Мысалы:

The steel forges well – Болат жақсы балқытылады.

8) ағылшын тіліндегі техникалық стильдің маңызды белгісі мазмұнды қысқа түрде берілуі болып табылады, ал эллиптикалық құрылымның айтарлықтай кең қолданылуында көрініс табады.

Мысалы:

A remote crane немесе a liquid rocket сөз тіркесін аудару барысында аудармашы сөз тіркестердің эллиптикалық формасын тани білуі тиіс.

A remote operated craneқашықтықтан басқарылатын кран,

A liquid fuelled rocket – сұйық жанармаймен ұшатын ракета.

Мазмұнды қысқа түрде беру үрдісі айқындауышты бағыныңқылы сөйлемді жанама сын есіммен ауыстыруға (әсіресе –able, -ive және т.б. суффикстері) және сол мақсатпен инфинитивті форманың анықтауыш функциясында қолануына себеп болады.

Мысалы:

The materials available – қол жетерлік матермалдар, problems difficult with ordinary equipment – арнайы құрал жабдықты қажет ететін күрделі жағдай, the properties to be expected – күтілетін қасиеттер, the product to be cooled – салқындатуды қажет ететін өнім.

9) техникалық мәтіндерде артикльді, әсіресе белгілі артикльді, түсіру жағдайының жиі кездесуін атап көрсетуге болады, басқа типті мәтіндерде де. Мысалы, реттік сан есім және нақты бөлшек атауының алдында: First uranium mine in the region was — … Осы аймақтағы тұңғыш уран шахтасы…

10) ағылшын тіліндегі ғылыми мәтіннің жиі кездесетін грамматикалық ерекшеліктеріне өлшенбейтін зат есімдердің көпше түрінің кең қолданылуы жатады: (fat – май, oil — мұнай, greases — май, steel — болат, rare earth – сирек кездесетін жер үсті элементтері, sand — құм, wool — жүн, gasoline – жанармай) бұл құрал-сайман атауларының көпше түрі (clippers — тістеуіш, jointers — жақша, dwiders — циркуль, өлшеуіш); атрибутивті сөз тіркестерін type, design, pattern, grade сөздерімен қолдану:

dry chemical type fire extinguisherұнтақты от сөндіруші;

туыстық қатынасты беру үшін of демеулігін қолдану: the fuel of kerosene – жанармайлы керосин.

11) техникалық мазмұнның жүйелілігі мен дәлелденуіне байланысты қарқынды түрде қолданылуы байқалады.

Мысалы:

 since – содан бері, therefore — сондықтан, thus — осылайша, it involves – бұған қатысты, it results in – бұл әкеп соғады.

«Кез келген техникалық мәтін басқаларын көмекші белгілік жүйенің көптігімен өзгешеленеді (мәтіндердегі схема мен сызбаларды қоса санағанда). Көптеген төл тілде сөйлеушілерге бұл белгілер белгісіз, себебі мәтін, осы білім саласындағы мамандарға арналған. Құлмұхаммед М. өз атынан емес осы саладағы барлық мамандардың өкілі ретінде шығады» [14,76].

Техникалық мәтін когнитивті ақпарат тарату үшін қолданылады. Техникалық мәтіннің жетекші тілдік әдістеріне мыналарды жатқызуға болады:

1) бастауыштың дәйекті семантикасы. Бастауыш ретінде осы білім саласының тақырыбы аясында зат есімнің қолданылуы. Бірінші шақтағы жіктеу есімдігі сирек қолданылады;

2) бастауыш формасына қатысты ырықсыздықты білдіру тәсілі, жақсыз және атаулы сөйлемдер;

3) осы шақтың жиі қолданылуы әсіресе нақ осы шақты білдіруі, ол жеткізіп отырған ақпаратты нағыз дәйекті уақытқа тәуелді ретінде көрсетуге мүмкіндік береді;

4) күрделі сөздер мен абстрактілі мағынаның басымдылығы. Бұл тілдегі мағлұматтардың жалпылылығының, олардың дәйектілігінің жоғары деңгейін көрсетеді;

5) мәтіннің нақты дәйектілігі зат есімнің басымдылығы іс-әрекеттің етістік арқылы емес, етістіктен туған зат есім арқылы білдіру, бұл мазмұнның объективтілігін және абстрактілік деңгейін жоғарылатады.

Аталып кеткен ерекшеліктерден басқа техникалық мәтінге тән белгілерді атап көрсетуге болады. Мысалы: «термин және жалпы ғылыми лексика, қысқартулар, сандар, формулалар. Сызба нұсқалардың көптігі, логикалық құрылымның графикалық әдісі» [15,87].

Техникалық мәтіннің комуникативті мақсаты – осы білім саласындағы жаңа мағлұматты хабарлау. Ол тек түпнұсқа мен аудармаға жалпы болып табылатын базалық биіктіліктің жоғары деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Сол себепті техникалық мәтін бұл саладан хабарсыз адамдарға түсініксіз.

 

 

 

  • Техникалық аудармаға қойылатын талаптар

 

Техникалық мәтінге қойылатын басты талап адекваттылық, яғни түпнұсқа мәтінге аударма тура келуі. Адекватты аударма деп түпнұсқа мәтіннің орнына жүретін, түпнұсқа ақпаратты-коммуникативті қызметін атқара алатын аударманы айтамыз.

Ақпаратты аударманың түрлері секілді техникалық аударманың адекватты мәселесінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Көркемәдеби аудармада образдық ұқсастық болу керек болса, яғни семантика-стилистикалық адекваттық, техникалық аудармада басқа тілдегі техникалық ақпаратты дәлме-дәл берілуін қамтамасыз етуі керек. Стильдік ерекшеліктерді аудару қосымша мағынаға ие. Аудармада стандартты немесе нормалық қолданбалы терминология болуы тиіс, ал оның стилі аударылып жатқан тілдегі техникалық әдебиеттің нормасы және түпнұсқаның стильдік ерекшеліктеріне сай болуы керек. Техникалық аударманың адекваттылығы негізгі 3 критерийлер бойынша бағаланады: 1) лексика, 2) грамматика, 3) баяндау тәсілі.

И.П. Смирнов [16,102] бойынша аударманың эквиваленттілігі және түпнұсқа мәтінге әртүрлі дәрежеде ұқсастығы көп мөлшерде аутентивті аудармада кездеседі. Аутентивті адуармаға қойылатын талаптар құқық техникасына қатысты бәрінен бұрын ресми және потентті документтерде көрінеді. Аутентивті (өмірден алынған) дегеніміз тек қана тлық адекватты аударма емес, сонымен қатар ресми документ ретінде қолдануға болатын дұрыс аударма. Техникалық жоба мәтіндерінің аутентивті аудармасы, аудару көлемі мен уақытына байланысты қол жеткіліксіз. Техникалық аударманы дұрыс аудару үшін аудармашыда терең лингвистикалық негіз болуы, TM мен AM жетік білу, ғылыми білімі болу, алдын ала аударылған мәтін жайлы хабардар болуы, сондай-ақ аударма процесін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.

Жазбаша аударма процесіне дайындалу кезеңі, аударманың өзі және аударманы қайта қарап шығу кіреді. Дайындалу кезеңіне қосымша материалдармен бірге аударатын мәтінді басынан аяғына дейін алдын-ала оқу кіреді. Осы кезде түсініксіз мәселелермен қысқартылған сөздер белгіленеді. Бұл аудармашыға маманмен консультация өткізуге және анықтама әдебиет тізімін белгілеуге мүмкіндік береді.

Жалпы аударма аударылып жатқан бірліктің (сөйлем) және аударылып жатқан тілдік құрал арқылы ондағы ақпаратты қайта қарап шығу және қайта қарап шығу нәтижесінде инвариантын жазудан құралады. Аудармашының болжамы мен интуициясы (сезімі) техникалық аударманың мағынасын айқындаудың негізі бола алмайды, өйткені аударма барысында ақпарат мазмұны өзгертілмей, мағынасы толық көлемде сақталып берілуі тиіс.

Қандай да болмасын жазбаша не ауызша аударма ісімен айналысатын аудармашының өз жұмысына деген көзқарасы, жауапкершілігі қызметін дұрыс жүргізуде өте маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ аудармашының өз ісін қаншалықты білуі, аударма саласында қолданатын әдістері мен тәжірибесі айтарлықтай жоғары дәрежеде болуы тиіс. Дегенмен, жалпы аударма ісі шетел тілін білетін әрбір адамның қолынан келе бермейтін жұмыс. Ал, жоғарыда айтылған біліктіліктердің аудармашылар үшін барлығын бірдей дамыту оңайға соқпауы мүмкін.  Сол себепті біздің қарастырып отырған мәселеміз техникалық аударма. Және біз, нақты осы аударма жолында болашақ аудармашыларға кажетті қабілеттер, дағдылар мен мағлұматтарды зерттеу жұмысымыздың барысында көрсетуді және техникалық аударманың талаптарына сәйкес аударма үлгілерін беруді жөн көрдік.

 

1.4 Техникалық мәтіндердің жіктелуі

 

Аударманың дұрыс процесін ұйымдастыру үшін бәрінен бұрын аударылатын мәтіннің жанрын анықтау керек. Сондықтан техникалық мәтіндердің жіктелуі оның аудармасын зерттеудегі алғашқы нысан болып табылады.

Утробина А.А. бойынша техникалық мәтіндер мынадай түрлерге жіктеледі:

  • философиялық ғылымдар (логика, диалектика);
  • табиғи, техникалық ғылымдар (физика, химия, биология, геология, медицина); Мысалға медициналық мәтін:

Cancer: Generally cancer is a disease in which cells change and produce more cells without control or order. All tissues and organs of the body are made of cells. Normally cells divide to produce more cells only when the body needs them. This process makes us feel healthy. Cancer appears when the body’s complex chemical system becomes damaged and cells begin reproducing or dividing without control. About one half of all cancer patients now survive for at least five years after medical treatment.

  • қоғамдық ғылым (тарих, археология, этнография, география);
  • қондырма және базалық ғылымдар (политикалық экономия, мемлекет және құқық, өнертану, тіл біліміне кіріспе, психология, педагогика).

 

Мәселен, құқыққа қатысты мәтін:

Crime: Indictable, Summary and Hybrid Offences. From the point of view of procedure, criminal offences may be divided into indictable, summary and hybrid offences. Indictable offences are those which may be tried on indictment, i.e. by jury; this is the only category known to the common law, and it includes all the most serious offences.

 

Смирнов И.П. техникалық әдебиетті былай жіктейді:

  • ғылыми әдебиет, бәрінен бұрын ғылым мен техниканың фундаментальды әдебиеті;
  • ғылыми техникалық әдебиет (ғылыми-техникалық журналдар мен конференция материалдары);
  • өнімді техникалық әдебиет;
  • белгілі ғылыми әдебиет (ғылыми және техникалық әдебиет қалыптасқан күйінде) [17,97].

Мұны зерттеу жұмысымда техникалық мәтіндердің функционалды классификациясын Ю.В. Ванниковтың зерттеуі бойынша схема түрінде келтіреміз. Ол техникалық әдебиетті – ақпараттық және публицистикалыққа бөлінеді. Техникалық мәтінің классификацияснының ерекшелігі оған тек және техникалық мәтіндер ғана емес осы саладағы ресми-іскерлік және аралас стильді мәтіндер сияқты басқа да мәтіндердің жатуы болып табылады [18,46].

Техникалық мәтіндер – техникалық және ақпаратты болып бөлінеді. Техникалық мәтіндерге өндірістік – техникалық (техникалық құралдардың, өндіріс және технологияның тәсілдері, өндірісті ұйымдастыру мен эксплуатация тәжірибесін сипаттау) мәтіндері жатады.

Ресми іскерлік мәтіндер заңдық, басқару және іскерлік корреспонденция мәтіндерінен тұрады. Аралас стильді мәтіндер дегеніміз – іскерлік құжат пен публицистикалық әдебиет. Іскерлік құжат техникалық пен ресми іскерлік функциональды стильдердің белгілерін қамтиды. Ал публицистикалық әдебиет болса публицистикалық стильдердің белгілерін қамтиды.

Бұл классификацияның кемшілігі – техникалық әдебиеттен хабарсыз болу және техникалық құжаттың айқын мысалы болып табылатын жобалық құжаттарды іскерлік құжаттардың қатарына жатқызу болып табылады.

Ю.В. Ваниковтың классификациясының артықшылығы  — техникалық саланың түрлі бағыттағы мәтіндермен таныс болу болып табылады, бұл осы құжаттарды аудару кезінде аудармашыға көмек көрсетеді [19,67].

 

 

 

 

Түйін

 

Жоғарыда зерттеу жұмысымыздың I-ші тарауында айтылған мағлұматтарды түйіндей келе, техникалық әдебиет аудармасымен жұмыс істей отырып, жүйелі-адекватты аударма алу үшін,  алдымен жалпы жазбаша аударманың құрамдас бөлігі болып табылатын мәтін түсінігін – жоғарғы тәртіптелген бірлік, ақпараттық, құрылымдық және коммуникативтік мағынасында байланыстылық, біртұтастық қызметке ие жазба түрінде берілген шығарма деп алдық. Берілген тілдің техникалық әдебиетінің жалпы және арнайы ерекшеліктеріне, кез келген техникалық мәтін басқаларын көмекші белгілік жүйенің көптігімен өзгешеленетіндігіне, техникалық материалдардың лексико-грамматикалық ерекшеліктеріне, оның ішінде терминдер мен арнайы лексикаға, берілген мәліметтің ақпараттылығы (мазмұндылығы), қисындылығы (қатаң жүйелілік, басқы ой мен бөліктерінің арасындағы байланыс), дәлдік және дұрыстық және осы ерекшеліктерден шығатын айқындық пен түсініктілігіне көңіл бөлдік. Оның ішінде терминді – ғылым немесе техникалық белгілі саласында мамандар пайдаланатын арнайы объекті мен мағынаны білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін екенін айқындадық.  Және терминдер арқылы нақты объектілер мен құбылыстарға нақты және дәл нұсқау көрсетуді қамтамасыз ету, мамандардың берген ақпаратына бір мағыналы түсініктеме орнатуға болатындығына мысалдар арқылы көз жеткіздік. Сондықтан да осы техникалық мәтіндерге қатысты сөздерге ерекше талап қойылатындығын, барлығынан бұрын термин дәл болуы керектігін, яғни берілген ғылым және техника саласындағы терминнің орнын табатын, қисынды анықтау арқылы мағынасын ашатын қатаң белгілі бір мағынаға ие болатынын ашып көрсеттік. Техникалық мәтіндер жайында сараптай келе біз техникалық мәтіннің комуникативті мақсаты – осы білім саласындағы жаңа мағлұматты хабарлау және ол тек түпнұсқа мен аудармаға жалпы болып табылатын базалық биіктіліктің жоғары деңгейінде ғана жүзеге асырыладындығы анықталды. Сол себепті техникалық мәтін бұл саладан хабарсыз адамдарға түсініксіз болуы айқын талданып көрсетілді.

Техникалық мәтінге қойылатын басты талап адекваттылық. Адекватты аударма — түпнұсқа мәтіннің орнына жүретін, түпнұсқа ақпаратты-коммуникативті қызметін атқара алатын аударма деген тұжырымдамаға тоқталған болатынбыз. Ақпаратты аударманың түрлері секілді техникалық аударманың адекватты мәселесінің де өзіндік ерекшеліктері анықталды. Көркемәдеби аудармада образдық ұқсастық болу керек болса, яғни семантика-стилистикалық адекваттық, техникалық аудармада басқа тілдегі техникалық ақпаратты дәлме-дәл берілуін қамтамасыз ету керектігі, ондағы стильдік ерекшеліктерді аудару қосымша мағынаға иелендіретіні айқын көрінді. Және аударма процесіне сәйкес, техникалық аудармада стандартты немесе нормалық қолданбалы терминология болуы тиіс, ал оның стилі аударылып жатқан тілдегі техникалық әдебиеттің нормасы және түпнұсқаның стильдік ерекшеліктеріне сай болуы керектігі анықталды. Ақпаратты аударманың түрлері секілді техникалық аударманың адекватты мәселесінің де өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ адекваттылығы негізгі 3 критерийлер бойынша бағаланатындығын ашып көрсеттік: 1) лексика, 2) грамматика, 3) баяндау тәсілдері. Ал, аударманың дұрыс процесін ұйымдастыру үшін аударылатын мәтіннің жанрын анықтау керек. Сол себепті, техникалық мәтіндердің жіктелуі оның аудармасын зерттеудегі алғашқы нысан болып табылады. Техникалық мәтінің классификациясына келетін болсақ, олардың ерекшелігі оған тек және техникалық мәтіндер ғана емес, осы саладағы ресми-іскерлік және аралас стильді мәтіндер сияқты басқа да мәтіндердің жататындығы көрсетілді. Нәтижесінде мыналар анықталды, техникалық мәтіндер – техникалық және ақпаратты болып бөлінеді. Оның ішінде нақты техникалық мәтіндерге өндірістік – техникалық (техникалық құралдардың, өндіріс және технологияның тәсілдері, өндірісті ұйымдастыру мен эксплуатация тәжірибесін сипаттау) мәтіндері жатады.

 

  1. Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндердің

аудару ерекшеліктері

 

          Аудармалық трансформация дегеніміз — түпнұсқадағы бірліктердің аударма бірліктеріне көрсетілген мағына көмегімен өзгертуі. Аудармалық трансформация мазмұндық және мәнерлік жоспары бар тілдік бірліктер арқылы жүзеге асатындықтан, олар түпнұсқа бірліктің мағынасы мен құрылымын өзгерте отырып формальды – семантикалық сипатқа ие болады.

          Аударма барысында аудармалық трансформация ТМ бірліктері мен сөздік сәйкестілік арасындағы талдау жасау құралы ретіндегі статикалық жоспарда емес, аударма тәсілі ретіндегі динамикалық жоспарда, аудармашы аудару барысында әртүрлі түпнұсқаларды сөздік сәйкестілік жоқ болғанда немесе контекст шарттары бойынша тура келмегенде қолданады. Өзгерту барысындағы түпнұсқа ретінде қаралатын, ТМ бірліктерінің сипатына байланысты аудармалық трансформация: лексикалық және грамматикалық болып бөлінеді. Сонымен қатар, бір деңгейде түпнұсқа бірліктерінің лексикалық және грамматикалық жағынан өзгертетін немесе лексикалық бірліктерін грамматикалық бірліктеріне және керісінше өзгертетін кешенді лексико-грамматикалық трансформация бар.

Комиссаров В.Н. бойынша жалпы трансформациялар 3 топқа бөлінеді [20,77]:

  1. лексикалық (lexical);
  2. грамматикалық (grammatical);
  • лексико-грамматикалық (lexica-grammatical);

          Аударма барысында әртүрлі ТМ және АМ көмегімен қолданылатын басты лексикалық трансформацияларға мынадай аудармалық тәсілдер жатады:

  1. транскрибтеу (translational transcription);
  2. транслитерациялау (transliteration) ;
  3. нақтылау (specification);
  4. жалпылау (generalization);
  5. модуляция (modulation);

Кең таралған грамматикалық трансформацияларға мына тәсілдер жатады:

  1. сөзбе-сөз аудару (word-for-word translation);
  2. сөйлемдерді бөлу (partitioning of sentences);
  3. сөйлемдерді біріктіру (integration of sentences);
  4. грамматикалық ауыстыру (grammatical substitution), (сөз құрылымы, сөз таптары, сөйлем мүшесі).

Лексико-грамматикалық трансформацияларға мынадай тәсілдер жатады:

  1. антонимдік аударма (antonymous translation);
  2. экспликация (суреттік аударма);
  3. компенсация (compensation).

Бұған қоса аударманың басты принциптерінің стратегиясын толықтыратын түпнұсқа аударманың формальды ұқсастықтарын бұзатын, бірақ баламаны ең жоғарғы деңгейіне жетуді қамтамасыз ететін техникалық тәсілдер бар. Жалпы және кең таралған мұндай тәсілдер қатарына мыналар жатады:

  1. Лексикалық бірліктердің орнын ауыстыру (Transposition);
  2. Қосу (Addition);
  3. Алып тастау (Omission).

 

Аудармалы трансформациялар

Translation transformations

Лексикалық (Lexical transformation)

 

  • формальды өзгерту (транскриптеу (translational transcription);
  • транслитерациялау (transliteration), калькілеу (loan translation);
  • Мағыналық өзгерту (нақтылау (specification), жалпылау (generalization);
  • модуляция-мағыналық даму (modulation).

 

 

Грамматикалық (Grammatical transformations)

  • Сөзбе-сөз аудару (word-for-word translation);
  • Сөйлемдерді біріктіру (Integrating of sentences);
  • Сөйлемдердің бөлінуі (Partitioning of sentences);
  • Грамматикалық орын ауыстыру (Grammatical substitutions).

 

Лексико-грамматикалық (Lexica-grammatical transformations)

  • Антонимдік аударма (antonymous transformation);
  • Экспликация-сипаттау әдісі (explicatory translation);
  • Компенсациялау (compensational technique).

 

2.1. Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын лексикалық трансформациялар

 

          Лексикалық трансформациялар – аударма тәжірибесіндегі ағылшын немесе қазақ тіліндегі сөйлемдер құрылымдарының әртүрлілігі немесе сөздердің баламасын немесе сәйкестікті табудағы мүмкінсіздікті шешудің бір бөлігі болып табылады.

          Транскриптеу және транслитерациялау (transliteration and transcription) дегеніміз – түпнұсқаның лексикалық бірліктерінің АТ әріптері көмегімен оның құрылымын жаңадан жасау тәсілі болып табылады [21,250].

Транскриптеуде шетел сөзінің дыбыстық құрылымы берілсе, транслитерациялауда графикалық (әріптік) құрылымы беріледі.

          Жалпы бұл лексикалық трансформация аудармада көбінесе түпнұсқадағы номинативті сөздер (адам есімдері), топонимдер (географиялық атаулар), компания аттарын аударуда қолданылады, өйткені ағылшын тілі латын әрпіне жатқызылса, қазақ тілі кириллицаға жатқызылады, және де қазақ тілінде ағылшын тіліндегі кейбір дыбыстардың [Ө], [W] жоқ болуы себебінен аудармада транслитерациялау мен транскрибтеу тәсілін қолдануға мәжбүр боламыз.

Мысал 1:

Two historic tests frame the development of nuclear power and the possibility of its revitalization, events separated by forty-four years. One test, the earlier, conducted in Chicago in 1942, marked the beginning of a new age – a “new world”, a participant called it, and it was.

Екі тарихи зерттеу ядролық күштің дамуын құрайды, және оның тірілу мүмкіндіктерін 44 жылға бөлген жағдайларын жасайды. 1942 жылы Чикагода алғашқы зерттеу өткізілді, жаңа кезеңнің басталуын атап өткен қатысушылар оны «жаңа әлем» деп атады.

Берілген сөйлемде Chicago сөзі географиялық атауларға жататын болғандықтан мұнда транслитерация тәсілі қолданылып отыр.

Мысал 2:

On the October 1990 International Lead and Zink Study Group meeting in Geneva, a representative of Mercedes Benz made the point that car companies must not design cars using the materials which are easy to recycle.

1990 жылы қазан айында Женевада өткен  Халықаралық Қорғасын және Мырыш Зерттеу тобының кездесуінде Мерседес Бенс компаниясының уәкілі, машина шығаратын компаниялар машина үлгісін жасауда қайта шығаруға оңай болатын материалдарды қолданбаулары тиістігін тілге тиек етті.

Жоғарыда берілген ТС Geneva және Mercedes Benz сөздері АС транскриптеу тәсілін қолдану арқылы беріліп отыр.

Мысал 3:

It may be cheaper for Russia’s Gazprom to supply incremental domestic needs with imported gas and incremental exports with gas produced in its own Nadym-Pur-Taz area than to further develop the Yamal peninsula.

Бұл Ресей Газпромы үшін Ямал түбегін ары қарай дамытқаннан гөрі, өспелі ішкі қажеттіліктері сырттан келген газбен, ал өспелі экспортты өзінің Надым-Пур-Таз өңірінде шығарылған газбен қамтамасыз ету арзаныраққа түседі.

Берілген ТС Gazprom және Nadym-Pur-Taz сөздері АС транслитерациялау тәсілін қолдану арқылы беріліп отыр.

Мысал 4:   

The strategy’s showcase is the Azerbaijan International Operating Company (AIOC). Unlike many joint ventures in the developing world, SOCAR holds a modest 10 percent of IOC’s shares.

          Бұл стратегияның көрінектісі АМУК атты Халықаралық Азейбайжандық басқарушы компания болып отыр. Дамушы замандағы көптеген бірлестік мекемелерге қарағанда, СОКАР АМУК-тың не бары 10 пайыздық үлесі ғана бар.

Мысал 5:

          Munaigas, the state-owned holding company for Kazakhstan’s oil and gas enterprises, was disbanded. Most shares in its subsidiaries were transferred to the new state oil company, Kazakhoil.

          «Мұнайгаз»  мемлекет иелігіндегі Қазақстандық мұнай және газ компаниясы таратылды. Оның бөлімшелеріндегі көптеген үлес көлемі жаңа ұлттық мұнай компаниясы «Қазақойл»-ға көшірілді.

Нақтылау дегеніміз (concretization) – аударма барысында түпнұсқаға қарағанда сөздің ең тар мағынасын беру [21,247].

Мысал 1:

Existing oil and gas pipeline systems were designed for the USSR as a whole.

Қазыргі мұнай және газ құбырлар жүйесі бүкіл КСРОға арналып жасалған.

          Мұндағы ТМ берілген existing сөзі бар болу, өмірде болу деген мағынада аударылады, бірақ нақты қазыргі болып табылады.

Жалпылау (generalization) – аударма барысында түпнұсқаға қарағанда сөздің кең мағынасын беру.[21,246]

Мысал 1:

As an example, in the late 1980’s mines in Australia cut the workforce in half and produced more ore.

Мысалыға 1980 жылдың соңында Австралиядағы шахта орындары жұмыс күшінің жартысын тоқтатып, көп кен өндіре бастады.

Жалпылау ТМ сөздің АМ кең мағынасын беретіндіктен ore – кен деп аударылады.

Мысал 2:

          The next century’s energy lifeline, say many experts, flows with the largest fossil and an expanded Russian fuel strike in history after the Persian Gulf. The purest in quality. The most lucrative.

          Көптеген сарапшыларға сәйкес, келер ғасырдың энергетикалық ағымы Балтық бұғазынан кейінгі тарихтағы ең көлемді, таза және өнімді қазба жанармай болмақшы.

Модуляция немесе мағыналық даму дегеніміз (modulation) – ТМ өз немесе сөз тіркестердің АM ауыстырылуы, яғни ТM бірліктердің мағынасы АM логикалық тұрғыдан мағынасының берілуі [21,248].

Мысал 1:

Westinghouse are General Electric were eager to compete in a world market particularly in Western Europe and Japan where nuclear power already appeared to be competitive with coal and oil. But the Atomic Energy Act barred private nuclear power.

Вестенхаустағы «Негізгі электр» жарым жарты әлем нарығында бәсекеге түспек болды, әсіресе Батыс Еуропа мен Жапония ядролық күшінің бәсекеге қабілеттілік болды. Бірақ Атом Электр Акті ядролық күштің жиі қолданысына тыйым салды.

General Electric сөз тіркесі модуляцияға сәйкес тыңдаушыға түсінікті болу үшін аудармада осындай нұсқасы беріледі. Ал Atomic Energy Act болса түпнұсқа сөйлемдегідей еш өзгеріссіз аударылды.

Мысал 2:

After three years of healthy prices the world zinc industry in 1991 is again facing low prices, particularly in Europe.  

Әлемдік мырыш өнеркәсібі үш жыл бойындағы жоғары бағалардың кейін, 1991жылы әсіресе Еуропа қайтадан төменгі бағаға бетпе-бет келді.

Жоғарыда берілген ТС healthy сөзі АM сау, таза болып аударылады, бірақ берілген сөйлемнің контексті, мағынасы бойынша жоғары болып аударылады.

Калькілеу дегеніміз (loan translation) – түпнұсқаның лексикалық бірліктерінің құрамды бөліктерінің ауыстыру, яғни тұрақты сөз тіркесі жағдайында АМ лексикалық сәйкестігіне ауыстыру тәсілі [21,247].

Калькілеудің маңыздылығы АМда ТМ лексикалық бірліктің құрылымын көшіре отырып жаңа сөз немесе тұрақты тіркес жасау болып табылады.

Мысал 1:

0nly at the end of the decade, when the Federal government offered bonuses to uranium prospectors for high-quality finds, did the extensive resources of the Colorado Plateau come to light.

Тек қана онжылдықтың соңында, Федералды Үкімет уран зерттеушілеріне жоғары сапалы уранды табу үшін қосымша ақша ұсынған. Осылай Колорадодағы Плато ресурсы әйгілі бола бастады.

Жоғарыдағы мысалда Federal government лексикалық бірлігінің аудармасы барысында оның морфемасын не сөзін ауыстыру арқылы аударма жүзеге асып отыр. Ал Plateau сөзі болса транскрипция тәсілі арқылы беріліп отыр.

mass cultureбұқаралық мәдениет. Кейде аудару барысында калькіленген сөздің элементтерінің орны ауысуы мүмкін.

Сонымен қатар калькілеу кезінде транскриптеу бірге келуі мүмкін, petrodollarмұнайдоллары.

Мысал 2:

By 1949 nuclear scientists and engineers had studied a number of different reactor configurations: cores of natural uranium, of enriched uranium, and of plutonium, in the form of metal and oxides as well as in solution.

1949 жылы ядролық ғалымдар мен инженерлер әр түрлі реакторлардың кескінін зерттеді: табиғи уран ядросын, плутонийдің металл формасы мен толық ерітіндісі тәріздісін.

Мысал 3:

          Global oil demand is projected to increase by around 2.2% annually to reach about 97.1 Mb/d by 2010.

Әлемдік мұнай сұранысы 2010 жылына қарай жыл сайын 2.2% өсіп шамамен 97.1Мб/долларды құрайды деп күтілуде.

Мұндағы сөйлемде калькілеу тәсілі қолданылып, берілген сөздік бірліктер еш өзгеріссіз аударма мәтініне көшірілді.

 

2.2. Техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын грамматикалық трансформациялар

 

          Аудармашы ағылшынша мәтіннің адекватты аудармасын алу үшін ағылшынша сөйлем құрылымының грамматикалық мағынасын есепке алуы тиіс. Ағылшын тілі грамматикасының формасы мәтіннің мағынасының бұрмалануына әкеліп соғады. Аударма тәжірибесінде бір уақытта грамматика ерекшеліктері мен лексика мағыналарын есепке алып отыру керек.

          Барлық уақытта ағылшын тіліндегі сөйлемдер аударманың сөзбе-сөз тәсілімен берілмейді. Мәтінді ағылшын тілінен аудару барысында көбінесе сөйлем құрылымын өзгертуге (сөз тәртібін, екі жай сөйлемді біріктіру немесе күрделі сөйлемнен жай сөйлем жасау) тура келеді. Мұндай өзгертулердің себебі қазақ тіліндегі ұқсас грамматикалық құрылымның жоқтығы, сонымен қатар қазақ және ағылшын тілдеріндегі сөз тіркестердің грамматикалық және мағыналық құрылымдарының стилистикалық ерекшеліктерінің ұқсас болмауы. Мұндай жағдайда, аударма барысында мынадай грамматикалық трансформацияларды қолданамыз.

          Сөзбе-сөз аударма (нөлдік трансформация) word-for-word transformation – ТМ синтаксистік құрылымның аударма трансформациясы АM ұқсас синтаксистік құрылымына аудару тәсілі [21,248].

          Жалпы техникалық мәтіндерді зерттей келе, сөйлемді ағылшын тілінен қазақ тіліне сөзбе-сөз аудару тәсілі аз қолданылатынына көз жеткіздік. Өйткені екі тілдің стилистикалық құрылымы екі түрлі, қазақ тіліне аударғанда, сөйлем әрқашан соңынан басына аударылады немесе сөйлемдегі сөз реті өзгеріп отырады.

Мысал 1:

Burning or combustion is a process of uniting a fuel or combustible with the oxygen in the air.

          Жағу немесе жандыру дегеніміз жанармай не жанатын заттың ауаның құрамындағы оттегімен біріктіру процесі.

          Сөйлемдердің бөлінуі (reshuffle of sentence) – ішкі және сыртқы бөліну деп екіге бөлінеді. Ішкі бөліну – ағылшын тіліндегі жай сөйлемнің қазақ тіліне аудару барысында сабақтас құрмалас сөйлемге айналуы. Сыртқы бөліну – бір сөйлемнің аудармада екі сөйлемге айналуы болып табылады. Мысал 1:

A new source of energy comparable in its potential to oil or gas or coal, a deployment measured not in centuries but in decades, a deployment with fateful consequences for national security as well as commercial growth.

Мұнай, газ және көмір өндірістеріне мүмкіндік беретін өлшем сәйкестіктері орам ғасырлар бойына емес, он жыл сайын өлшеніп тұрады, коммерциялық даму сияқты ұлттық қауіпсіздік үшін қауіпті нәтижелерден орамданады.

Мысал 2:

In addition considerable amounts of secondary zinc are recycled directly into products such as zinc dust and zinc oxide and accordingly do not pass through the refined stage.

Оған қоса екінші дәрежелі мырыштың көп мөлшерінен тікелей мырыш ұнтағы және мырыш тотығы секілді өнімдер шығарылады, яғни өңдеу сатысынан өтпейді.

Мысал 3:

Fermi 1 was an utter ruin and the disaster effectively forceleced the development of a commercial breeder reactor in the United States for the next thirty years.

Келесі отыз жыл бойына Ферми 1 мүлде жойылды, және де бұл апат Құрама штаттарында ядролық жанармай өндіретін аппаратының дамуына әсерін тигізді.

Мысалға сәйкес сөйлемдегі сөздер тәртібі аударма барысында орын ауыстырды. ТМ сөйлемді АМ аудару барысында ішкі бөлінуді қолдандық. Қазақ тілінің грамматикасына сәйкес жалғаулық шылаусыз бөліну қолданылады.

Сөйлемдерді біріктіру (integrating of sentence) –АМ грамматикалық талаптарына сәйкес жүргізіледі:

а) ағылшын тіліндегі мәтіндерде бастапқы сөйлеммен тығыз байланысты, грамматика жағынан толымсыз сөйлемдер кездесуі мүмкін;

б) грамматика жағынан толымды екі сөйлем мағынасы жағынан бір-бірімен тығыз байланыста болуы мүмкін.

Мысал 1:

At today’s prices about one third of Western World Zinc production is in a less position. Consumers of zinc above all want a long term stable supply of zinc metal at fair prices.

Қазір Батыс Әлемінің мырыш өндірісінің шамамен үштен бір бөлігі төмен бағаларды ұстануда және мырыш тұтынушылар мырыш металының тұрақты төмен бағамен қамсыздандырылғанын қалайды.

Грамматикалық орын ауыстыру (grammatical substitution) – аударма барысында бірдей грамматикалық форманы қолданудан бас тарту [21,246].

Аударма барысында грамматикалық категория, яғни сөз таптары, сөйлем мүшелері, немесе белгілі типтегі сөйлемдердің орны ауыстырылуы мүмкін. «Сөз таптарының орнының ауысуы әдетте АМ қандай да бір конструкцияның жоқ болуынан немесе ұқсас форманың қолданыста тура келмеуінен болады». Мысал 1:

Estimates of natural gas reserves are around 4 trillion cubic meters, of which 1.5-2.4 trillion are considered proven.

 Есеп бойынша табиғи газ қоры 4 триллион текше метр шамасында, ал оның 1.5-2.4 триллионы анықталған.

ТМ estimates көпше түрде беріліп тұр, қазақ тілінің грамматикасына сәйкес, қазіргі жағдайда есеп деп жекеше түрде аударылады.

 

2.3. Техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын лексико-грамматикалық трансформациялар

 

          Қосу (addition) – ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында қосымша сөздің қосылуы, яғни тар мағынада берілген ағылшынша сөйлем, қазақ тіліне аудару барысында ойдың кең мағынада берілуін талап етуі мүмкін.

Мысал 1:

          Privatization of the Atyrau refinery was halted during the energy sector reorganization in early 1997, and the plant was given to the new national oil company, Kazakhoil.

          1997 жылдың басында энергия секторының қайта құрылуы кезінде, Атырау мұнай өңдеу зауытын жекешелендіру тоқтатылып, зауыт жаңа мемлекеттік мұнай компаниясы — Қазақойлға берілді.

          Лексикалық бірліктердің орнын ауыстыру (transposition of words) – ТС лексикалық бірліктерінің аудару барысында орындарының ауысуы [21,247].

Бұл трансформация басқаларға қарағанда жиі қолданысқа ие. Өйткені қазақ тілінің грамматикасына сәйкес, ағылшын тілінен сөйлемді қазақ тіліне аудару барысында лексикалық бірліктердің орны міндетті түрде ауысады. Мысал 1:

          The interflow sodium came into the bottom of the reactor vessel, below the core, and flowed up and through and around the fuel assembly.

Натрий, реактор кемесінің түбіне ағып келіп құйылды, ортасынан төмен, жанармайдың үстінен, айналасынан өтіп барып құйылған.

Мұндағы түпнұсқа тіліндегі сөйлемнің аудармасы адекватты түрде болуы үшін сөйлемдегі лексикалық бірліктердің тәртібін өзгерту тәсілі қолданылды.

Мысал 2:

Overall lead and zinc metal demand will depend very much on the development of industrial production.

Жалпы мырыш пен қорғасын металдардың сұранысы өнеркәсіптік өндірістің дамуына түгелдей тәуелді.

Алу (omission) – мәтінде бір сөздің немесе сөз тіркестің, кейде сөйлемнің мазмұндық мағынасы жағынан сәйкес келмеуі себебінен алынып тасталуы.

Мысалы:

          Rising abruptly from the 140-degree² sands of Turkmenistan’s Kara Kum Desert, on the desolate frontiers of Iran and Afghanistan, a slender pipe twists through a coil of valves and arrows off toward the setting sun.

          Жіңішке құбыр — Түркменистанның Қарақұм шөлді өңірінен көтеріліп, Иран мен Ауғаныстанның жерімен, бағдаршалар мен бұрандалар арасымен атып келе жатқан таңға қарай созыла орналасқан.

Мұндағы АМге 140-degree мәліметінің берілмеуі, оның  ТМ сөйлемдегі ойдың дұрыс берілуіне еш әсер етпейтіндіктен алынып тасталды

Антонимдік трансформация – ТМ болымды сөйлемнің АМ болымсыз формаға немесе керісінше аударылуы [21,246].

Экспликация немесе сипаттау тәсілі (explicatory transformation) – аударма барысында ТМ лексикалық бірлігі АМ мағынасын сипаттайтын сөз  тіркес арқылы берілуі [21,251].

Мысал:

The first of hundreds of new offshore fields to begin pumping, a joint venture between Azerbaijan and 11 foreign energy firms, “is already yielding a spectacular 60000 barrels of crude per day from just five wells”, marveled geologist John Connor, project manager in Baku for San Francisco-based² Chevron Overseas Petroleum, Inc. “Seven years from now, their production level could be a million barrels per day.

Әлден, Азербайжан және 11 шетел энергетика фирмаларының бірлескен ұйымдары тарапынан ашылған жүздеген мұнай табылған жерлерден алғаш мұнай өнімі алынып жатыр. Штаб-пәтері Сан-Францискода² орналасқан «Шеврон Оверсиз Петролеум» компаниясының Бакудағы жобаның басшысы геолог Джон Коннор аң-таң: «Біз тек бастапқы бес қана скважинаның өзінен күніне 60000 баррель өңделмеген мұнай алып отырмыз!»

Мұндағы ТМдегі сөзді біз АМде түсінікті қылу мақсатымен сипаттама тәсілі арқылы беріп отырмыз.

Компенсация (compensation) – ТМ мағыналық элементтердің АМ жоғалып немесе басқа жолмен берілуі [21,247].

Сонымен қатар аударылатын сөз мәтінде ТМ қай жерде орналасса АМ сол құрылымда тұруы міндетті емес.

Мысал:

With many of the world’s current principal oil sources drying up, the Caspian reserves are vital to the continuing prosperity of the West, and the advancement of the developing world.

Қазыргі таңда әлі де жұмыс істеп жатқан әлемдік мұнай қорлары таусыла бастағандықтан,  Каспий қорлары Батыстың өркендеуі үшін, сондай-ақ дамушы әлемнің алға басуы үшін ауадай қажет болып отыр.

  • Мұнай-газ саласындағы мәтіндердің

аудармасына талдау

 

 

Түпнұсқа мәтін

 

Аударма мәтін

 

Талдау

 

Vast oil reserves rivaling the Persian Gulf ring Central Asia’s Caspian Sea, a turbulent region bristling with warfare, superpower maneuvering and sudden riches¹.

 

Парсы бұғазының қорымен бақталасып отырған алып мұнай қорлары Каспий теңізін жағалауында жайылған. Бұл жер² алып үстемдер мен кенеттен бақ ашылатын толқынды аймақ болып отыр¹.

 

Partitioning of sentences¹ – қабылдаушының ТМнің мағынасын дұрыс түсінуі үшін қолданылып отыр.

 

addition²– ерілген ойды жалғастыра отырып оны нақтылау үшін қолданылған.

 

 

In a month-long journey of 3000 miles, 100 interviews and 4000 photographs, a Chronicle team documented the bonanza³ – and the perilous conditions on which America’s energy future rests².

 

 

Бір ай үш мың миль қашықтыққа созылатын саяхат нәтижесінде 100 интервью мен 4000 бейне түсірілген болатын. Осылайша «Сан-Франциско Кроникл»¹  журналының тобы бұл «алтын жер»³ мен қойнауында тұнып жатқан Американың энергетикалық болашағының қиыншылықтарын бейнеледі².

 

transcription¹-шетел атауы болғандықтан олар аударылмай дыбыстық құрылымы арқылы беріліп отыр.

 

reshuffle of sentences² — сөйлемдердің сыртқы тәсілі қолданылған.

 

concretization³ — мұндағы bonanza сөзі қазақша аудармада «алтын жер» түсіндірме түрде беріліп нақтылау тәсілі қолданылып отыр.

 

 

Rising abruptly from the 140-degree² sands of Turkmenistan’s Kara Kum Desert, on the desolate frontiers of Iran and Afghanistan, a slender pipe¹ twists through a coil of valves and arrows off toward the setting sun.

 

 

 

 

Жіңішке құбыр¹ — Түркменистанның Қарақұм шөлді өңірінен көтеріліп, Иран мен Ауғаныстанның жерімен, бағдаршалар мен бұрандалар арасымен атып келе жатқан таңға қарай созыла орналасқан.

 

transposition of words¹- ТМдегі сөйлемдегі сөз тәртібін өзгертпей, орын ауыстыру тәсілі арқылы берілген.

 

omission²- АМге берілмеуі оның  ТМ сөйлемдегі ойдың жоғалуына еш әсер етпейтіндіктен алынып тасталды.

 

This is the lifeline of the 21st century¹ – the conduit that will deliver an immense trove of natural gas and oil to the homes, factories and transportation systems of America and Europe².

 

Бұл 21 ғасырдың құбыржолы¹Американың және Еуропаның көлік жүйелері мен зауыттары² және үйлеріне табиғи мұнай мен газды тасымалдайтын құбыр болмақ.

 

word-for-word translation¹— ТМ сөйлемі АМге дым өзгеріссіз беріліп отыр.

 

transposition of words²аударма барысында грамматикалық орын ауыстыру қолданылды.

 

 

 

The future of the Industrialized world will depend on it, and on a group of small, fledgling² nations that most Americans have never heard of.

 

Өндірістік әлемнің болашағы алдағы уақытта¹ осыларға және көптеген Американдықтар ешқашан естіп көрмеген жас² ұлттардан құралған топқа байланысты болады.

 

 

 

 

concretization¹— ойды нақтылау үшін қосу тәсілі қолданып отыр.

 

modulation²- берілген сөздердің сөйлемнің мағынасын жоғалтпас үшін логикалық тұрғыдан fledgling² сөзін жас² сөзіне ауыстырып отырмыз.

 

Veering through Uzbekistan and Kazakhstan, the lifeline exits Central Asia at the Caspian Sea. Swollen with the pulse of offshore oil rigs¹, it drives westward across a fragmented map – Azerbaijan and Georgia, Dagestan, Chechnya and Abkhazia, the shattered remains of the Caucasus².

 

 

Бұл құбыржол¹ Өзбекстан мен Қазақстаннан өтіп барып, Каспий теңізінде Орталық Азиядан тыс шығады. Ол жағалаудағы мұнай скважиналарынан ісініп батысқа — Советтік³ Кавказдың Азербайжан, Грузия, Дагестан, Чечня мен Абхазияға елдеріне қарай бет алады.

 

transposition of words¹- ТСді аудару барысында АСде орын ауыстыру тәсілі қолданылды.

 

addition³— мұндағы кезінде құлдыраған Кавказ деген ойды біз сөз тіркес ретінде беріп отырмыз.

 

There are two branches of the lifeline now, coursing along two narrow valleys² separated by the 16000-foot peaks of the Caucasus Mountains a pipe that curves northwest across Russia toward the port of Novorossiysk, and a railroad from Baku to the coast of Georgia.

 

Қазыргі таңда аталмыш құбырдың екі бұтағы бар, құбырлар биіктігі 16000 фут¹ Кавказ тауларымен бөлініп отыр: солтүстік-батыстан Ресей арқылы Новороссийск портына дейін және Бакудан бергі темір жол арқылы Грузияның батыс жағалауына дейін.

 

transliteration¹— шетел өлшем бірлігін қазақ тіліндегі өлшем бірлікпен берілмей, транслитерация тәсілі арқылы беріліп отыр.

 

omission²— мұндағы сөз тіркес АСде өте маңызды болмағандықтан, алып тасталды.

 

 

By the next year, there will be a third branch, the 500-mile-long¹ Western Pipeline through Azerbaijan and Georgia, transporting nearly a million barrels of oil per day to a fleet of²tankers on the Black Sea.

 

 

 

 

Келер жылы, Азербайжан мен Грузия арқылы өтіп, Қара теңіздегі танкерлерге күніне шамамен миллион баррель мұнай тасымалдайтын үшінші құбыржол – 500-мильдік¹ Батыс құбыржолы дайын болады.

 

word-for-word translation¹— ТСдегі сөз тіркесі АС нольдік транформация арқылы беріліп отыр.

 

omission²— мұндағы сөз тіркес АСде танкерлер деп жай ғана көпше түрі қолданылды.

 

The $600-million conduit will already be obsolete the day it opens, overwhelmed by an output expected to grow by a dozen times in the next seven years¹.

 

 

 

Аталмыш 600 миллион долларлық құбыржол өзінің ашылу уақытына қарай тозып кететін секілді, себебі алдағы жеті жыл ішінде өндіріс он есе өседі деп күтілуде¹.

 

word-for-word translation¹- аударма барысында сөз тәртібі өзгеріссіз берілгендіктен қолданылып отыр.

 

Estimates of the Caspian basin’s untapped energy resources¹ range up to 300 billion barrels of oil or its equivalent² in natural gas – 50 percent more than the combined total of all proven reserves in Western Europe, the Americans, Africa and Asia.

 

 

Каспий бассейнінің қолданылмаған энергетикалық ресурстары¹ шамамен 300 миллиард баррель мұнай немесе табиғи газға тең², ал ол болса Батыс Еуропа, екі Америка құрлығы, Африка мен Азияның қазыргі таңдағы барлық анықталған қорларынан 50 пайызға артық.

 

 

loan translation¹- мұндағы сөз тіркесте калькілеу тәсілі қолданылды.

 

modulation²- equivalent² сөзі қазақ тіліндегі тең² сөзімен ауыстырылды.

 

The region’s wells will shower unimaginable wealth on people whose annual per capita GDP today hovers between $400 and $600, building a new El Dorado² in nations where camels still out number automobiles in 1998¹.

 

 

Аймақтың скважиналары жергілікті адамдарды елестетпес байлыққа кенелтіп отыр, осылайша бүгінгі таңда адам басына шаққандағы жылдық ЖІӨнен 400 және 600 долларды құрап отыр.

Осыдан келе, 1998  жылы ел ішінде автокөлікке қарағанда түйелердің саны артық болған мемлекеттерде жаңа Эльдорадо² ашылуда¹.

 

 

partitioning of sentences¹- АСде барлық ой түсінікті болу үшін күрделі сөйлемдер бөлініп аударылды.

 

transcription²- берілген сөз реалия болғандықтан, осы тәсіл қолданылды.

 

Veteran oil executives, a terse breed, who are wary of superlatives, can barely contain themselves when discussing the Caspian strike. The first of hundreds of new offshore fields¹ to begin pumping, a joint venture between Azerbaijan and 11 foreign energy firms, “is already yielding a spectacular 60000 barrels of crude per day from just five wells”, marveled geologist John Connor, project manager in Baku for San Francisco-based² Chevron Overseas Petroleum, Inc.³ “Seven years from now, their production level could be a million barrels per day. That’s truly exceptional – the highest level of production ever achieved from one field”.

 

 

Мұнайшы ардагерлер өте салмақты адамдар, алайда Каспийдегі шеру жайында сөз қылса өз-өздерін әрең ұстайды. Әлден, Азербайжан және 11 шетел энергетика фирмаларының бірлескен ұйымдары тарапынан ашылған жүздеген мұнай табылған жерлерден¹ алғаш мұнай өнімі алынып жатыр. Штаб-пәтері Сан-Францискода² орналасқан «Шеврон Оверсиз Петролеум»³ компаниясының Бакудағы жобаның басшысы геолог Джон Коннор аң-таң: «Біз тек бастапқы бес қана скважинаның өзінен күніне 60000 баррель өңделмеген мұнай алып отырмыз! Жеті жылдан кейін бұл скважиналардың өндірістік деңгейі күніне миллиондаған баррельге жетуі ықтимал. Бір ғана жерден алынып отырған өндірістің ең жоғарғы деңгейі — расында сирек кездесетін жайт.»

 

 

explicatory translation¹- ТМдегі сөз АМде беру үшін түсіндірме тәсілі қолданылды.

 

 

 

 

 

transcription²- географиялық атаулар АМде транскрипция арқылы беріледі.

 

 

 

 

 

 

transcription³- мысалдағы секілді кейбір атаулар аударылмай транскрипция тәсілімен беріледі.

 

With many of the world’s current principal¹ oil sources drying up, the Caspian reserves are vital² to the continuing prosperity of the West, and the advancement of the developing world.

 

 

Қазыргі таңда әлі де жұмыс істеп жатқан әлемдік мұнай қорлары таусыла бастағандықтан,  Каспий қорлары Батыстың өркендеуі үшін, сондай-ақ дамушы әлемнің алға басуы үшін ауадай қажет² болып отыр.

 

 

omission¹- аударма барысында түпнұсқа ойдың берілуіне еш кедергі болмайтындықтан алып тасталды.

 

compensational technique²- ТСдегі сөз АСге көшкенде ол қазақ тіліндегі эквивалентіне ауысады.

 

 

Virtually every major international oil and construction firm has sought a foothold in the new El Dorado¹, led by California giants such as Chevron, Unocal and Bechtel². In investment frenzy that now exceeds $120 billion in Kazakhstan and Azerbaijan alone, they have constructed forests of offshore cigs and derricks at breakneck speed³.

 

 

Айтарлықтай әрбір үлкен халықаралық мұнай және құрылыс фирмалары жаңа Эльдорадодан¹ өз тіректерін іздеуде, ал Калифорнияның алда келе жатқан алыптар қатарына «Шеврон», «Юнокал» және «Бехтел»² компаниялары кіреді. Қазыргі таңда, инвестиция ағымының өсуі жалғыз Азербайжан мен Қазақстанның өзіне ғана 120 миллиард долларға жетіп отыр. Оның нәтижесінде олар бұрғылау құрылғылары мен крандарды көзді ашып-жұмғанша³ ормандай өсірді.

 

 

transcription²- берілген сөз реалия болғандықтан, осы тәсіл қолданылды.

 

transcription²- атаулар дыбыстық транскрипция арқылы беріледі.

 

 

modulation³ — ТМдегі сөз тіркес АМге аударма тілдегі эквивалентін беру арқылы жасалды.

 

“The combined annual capacity of the Western Route pipeline is 550 million barrels of oil”, said Ali Jafarli, a top executive at SOCAR, the State Oil Company of Azerbaijan¹. “By 2005, we could be looking at an annual production of up to 7 billion barrels”.

 

 

Азербайжанның «СОКАР» атты Ұлттық Мұнай компаниясының ең жоғарғы уәкілі Али Джафарли¹ былай деді: «Батыстық маршруттың жылдық өткізу көрсеткіші 550 миллион баррельге жетті. Ал 2005 жылға қарай біз 7 миллиард баррельге қол жеткізуіміз әбден мүмкін».

 

 

transposition of words¹- аударма барысында грамматикалық орын ауыстыру қолданылды.

 

The next century’s energy lifeline, say many experts, flows with the largest fossil and an expanded Russian fuel strike in history after the Persian Gulf. The purest in quality. The most lucrative².

 

 

«Бұл келесі ғасырдың энергетикалық құбыржолы — Парсы шығанағынан кейінгі тарихтағы жанармайды ең көп шығарады деп күтілуде¹», — дейді сарапшылардың көбісі. «Сапасы жағынан ең тазасы, ең пайдалысы»².

 

 

addition¹ — мұндағы қосылған сөз тіркестер АСде қажет деп санағандықтан қосылды.

 

integration of sentences² – екі сөйлемнің бірігуі ойдың дұрыс түрде берілуін қамтамасыз етіп отыр.

 

 

A major internal oil pipeline in the planning stages would connect the Kenkiyak, Zhanazhol and Kumkol oil fields in the west with the Pavlodar and Shimkent oil refineries¹ in the northeastern and southeastern parts of the country. This project has been described as uneconomic by a number of observers².

 

 

Жоспарланып отырған негізгі ішкі мұнай құбыржолы Павлодар қаласының батыс бөлігін Кенкияк, Жаңажол мен Құмкөл мұнайлы өңірлерімен, сондай-ақ Шымкент қаласындағы мұнай тазартатын зауыттарды¹ еліміздің солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерімен біріктірмек. Бірнеше сарапшылар аталмыш жобаны бірлескен экономикалық  жоба деп түсіндірді².

 

 

explicatory translation¹- АСде нақты бір сөзбен берілмейтіндіктен, оны біз түсіндірме аударма арқылы беріп отырмыз.

 

word-for-word translation² — барлық сөйлемдер нөлдік трансформация, яғни еш өзгеріссіз берілді.

 

However, its goal of providing a connection between the western and eastern parts of the country may be met by the export pipeline being planned by China National Petroleum Company (CNPC²) to connect Chinese¹ projects in western Kazakhstan with markets in China.

 

 

Дегенмен, олардың елдің батыс және шығыс өңірлерін қосу мақсаты «Қытай Ұлттық Мұнай Компаниясының» («СНПС»²) экспорттық құбыржол жобаларын батыс Қазақстанда жасалып, Қытай нарығымен байланыстыру арқылы жүзеге асуы мүмкін.

 

omission¹ — мұндағы сөз АСде алынып тасталды, себебі ол мәтінде бірнеше рет қайталанып келеді.

 

transcription² — мұндағы абревиатура АСге транскрипция арқылы берілді, себебі ол компания қазақшадағы үлгісімен емес, шетел тіліндегі үлгісінде көпшілікке танымал.

 

 

The government of Kazakhstan is considering the adoption of a new cost-of-service based pipeline tariff methodology. Developed methodology is based on international standards and is intended to meet the needs of customers, international funding institutions and investors³.

 

 

Қазақстан Республикасының¹ Басшылығы жаңа сервис бағасына² сүйеніп құбыржолдың тарифтік жүйесінінің қабылдануын қарастыруда. Шығарылған жүйе — халықаралық стандарттар негізінде жасалған және де ол тұтынушылардың, халықаралық қаржыландырушы мекемелер мен инвесторлардың³ сұраныстарына сәйкес болуына көзделген.

 

 

addition¹ — мұндағы мысалда мемлекет атауы Республикасының¹ сөзімен толықтырылған.

loan translation² — ТМгі сөз тіркес АМге лексикалық трансфор мация арқылы берілді.

transliteration³ — ТМгі сөз АМге әріптік құрамына сәйкес ауыстырылып отыр.

 

Application of the proposed methodology (using 15% rate of return for illustrative purposes¹) yields an average tariff of about US$ 6.75 per tone, compared to an average of about US$ 4.50 under the existing tariff system.

 

 

Ұсынылып отырған аталмыш жүйенің орташа тариф қолданысына сәйкес (қалыпты қажеттіліктер¹ үшін  15 пайыздық көрсеткішті алғанда) мың км.ге шаққанда 6.75 АҚШ долларды құраса, қолданыста жүріп отырған орташа тарифтік жүйе бойынша ол 4.50 АҚШ долларды құрап отыр.

 

 

modulation¹ — ТМгі сөз АМге көшкенде мағынасымен ұқсас, бір тематикаға жататы сөзбен ауыстырылды.

 

A major issue for the most oil and gas development projects is access¹ to export pipelines. Currently, all oil exported by pipeline must pass through Russia’s Transneft² system. As of mid-1997 the export capacity³ of the Kazakh pipeline system via Russia was via the Atyrau-to-Samara (Russia) pipeline, and the other via the Aktyubinsk-to-Orsk (Russia) pipeline.

 

 

Экспорттық құбыржолдарын шығару¹ — көпшілік мұнай және газды дамыту жобаларының басты мәселесі айналды. Ендігі жолы, барлық экспортқа құбыржолдар арқылы шыққан мұнай Ресейдің «Транснефть»² жүйесінен өтуі тиіс. 1997 жылдың орта кезіндегідей Қазақ құбыржол жүйесінің экспорттық сыйымдылығы³, Ресейге Атыраудан Самара (Ресей) арқылы, ал басқалары Актобеден Орск (Ресей) құбыржолдары арқылы тасымалданған болатын.

 

 

concretization¹ — ТМде берілген сөз АМге мағынасы контекстке сәйкес берілді.

 

transliteration² — мұндағы шетел компаниясы атауы аударылмай, әріптік бірлік арқылы берілді.

 

loan translation³ — берілген сөзтіркес калькілеу тәсілі арқылы АМге көшіп отыр.

 

transposition of words – жалпы екі сөйлемнің барлығы ТМнен АМге көшу барысында орын ауыстырды.

 

Kazakhstan’s import capacity¹ is 24% per year of Russian oil via the East Siberia to Central Asia trunk² pipeline. However, Transneft has limited Kazakh net exports, allegedly³ due to capacity constraints caused by the export demands of Russia’s own companies and joint ventures.

 

 

Ресейдің мұнайы шығыс Сибирьден Орталық Азияға басты² құбыржол арқылы тасымалданғандағы Қазақстан импортының сыйымдылығы¹ жылына 24 пайызға жетіп отыр. Дегенмен, «Транснефть» компаниясы қазақ экспорт жүйесін шектеуде, себебі Ресейдің өз компаниялары мен бірлестік мекемелердің экспорт сұранысына сәйкес қызмет ете бастады.

 

 

loan translation¹ — ТМ бірліктері АМгі бірліктерге көшті.

 

modulation² — мұндағы ТМдегі trunk² сөзі мағынасы жоғалтылмас үшін АМге басты² сөзі арқылы берілді.

 

omission³ — мұндағы сөз АМде сөйлем мағынасына сәйкестендіре алмаған сон, алып тасталды.

 

The export quota¹ for the year is determined by an annual protocol between the Russian and Kazakh ministers of energy, while Russia’s Transneft² decides actual monthly amounts according to fixing crude³ export quotas from Kazakhoil to Kaztransoil.

 

 

Осы жылғы экспорттық квота¹, жылдағыдай Ресей мен Қазақстанның энергетика министрлерімен бекітілді. Ал бұл уақытта Ресейдің «Транснефть»² компаниясы «Қазақойлдан» «Қазтрансойлға» көшкен өңделмеген мұнайдың³ экспорттық квоталарына сәйкес ай сайынғы соммасын шығарумен айналысуда.

 

 

loan translation¹ — ТМ бірліктері АМгі бірліктерге көшті.

 

transliteration² — мұндағы шетел компаниясы атауы аударылмай, әріптік бірлік арқылы берілді.

 

concretization³ — берілген ТМгі сөздің нақты бір сөзбен берілетін аудармасы болмағандықтан, АМде түсіндірме тәсілі арқылы беріліп тұр.

 

The creation of an independent export route¹ is a priority. Current² plans call for construction of a dedicated line³ to a point near the Russian Black Sea port of Novorossiysk. Although this pipeline will pass through Russian territory, it will not be under the control of Russia’s Transneft.

 

 

Жеке экспорттық маршрутты¹ ашу артықшылық болып табылады. Ағымдық² жоспарлардың мақсаты Ресейдің Новороссийск қаласындағы Қара теңіз порты жанынан арнайы құбыр³ өткізу болып отыр. Аталмыш құбыржол Ресей территориясынан өтсе де, ол Ресейдің «Транснефть» компаниясының қарамағында болмайды.

 

 

loan translation¹ — ТМдегі сөз тіркес аса өзгеріссіз қазақ тіліндегі эквивалентіне көшіп отыр.

 

modulation² — мұндағы сөз тіркестің мағынасы контекстке сәйкес келу үшін Ағымдық² үлгісінде берілді.

 

compensational technique³ — берілген сөз тіркестің тікелей берілуі сәйкес келмейтіндіктен, ол ТМгі мағынасына сәйкес ауыстырылды.

 

 

Total Kazakhoil exports historically have been significantly higher than net exports. This is due to the legacy of the Soviet pipeline system, which connects a number of important Kazakh fields² to Russian refineries³, and vice versa.

 

 

Тарихта, «Қазақойл» компаниясының¹ жалпы экспорты жүйелік экспортқа қарағанда айтарлықтай жоғары. Бұл, Қазақтың бірқатар ең басты мұнайлы жерлерін² Ресейдің мұнай тазартушы зауыттармен³ байланыстырып отырған, Кеңес Одағынан қалған құбырлар жүйесінің арқасында болып отыр.

 

 

addition¹ — мұндағы компаниясының¹ сөзі АМде қажетті болғандықтан, қосылып отыр.

 

explicatory translation² — аталмыш сөз АМге көшу үшін түсіндірме тәсілі қолданылды.

  

explicatory translation³ — берілген сөз қазақ тіліндегі аудармасында бір сөзбен берілмейтіндіктен, ол контекстке сәйкес  АМге түсіндірме тәсілі арқылы көшті.

 

 

China National Petroleum Corporation (CNPC), which plans to build a pipeline to China from its Aktobemunai² (Aktyubinsk) and Uzen fields in Kazakhstan, has also sent some of its Aktobemunai crude to China by rail¹.

 

 

«Қытай Ұлттық Мұнай Компаниясының» («СНПС») жоспарларында — Қазақстан жеріндегі «Ақтөбемұнай»² (Ақтөбе) және Өзен мұнайлы жерлерінен Қытайға өзінің құбыржолын тарттырту болып отыр. Сонымен қатар, ол «Ақтөбемұнайдың» шикі мұнайын темір жол арқылы Қытайға жіберген болатын¹.

 

 

partitioning of sentences¹ – мұндағы ТМ АМге адекватты түрде көшуі үшін, сөйлемдерге бөлінді.

 

transliteration & transcription² — мұндағы компания атауы аударма тілінде болғандықтан, еш өзгеріссіз АМге көшіп отыр.

 

Led by Tengizchevroil, a number of producers have exported oil by rail as a way to get round Transneft quotas.

 

 

«Тенгизшевройл» компаниясының¹ басшылығымен, бірнеше өндірушілер «Транснефть» компаниясының² квоталарынан кету ретінде мұнайды теміржол арқылы тасымалдаған болатын.

 

 

addition¹²  — мұндағы сөздер сөйлемдегі атауларды толықтыру үшін қолданылды.

 

Hurricane Hydrocarbons (Canada), which operates the Kumkol field, also plans to ship oil to China by rail. It has set up a joint venture called Hurricane-Dostyk to build a rail transshipment terminal² in Druzhba on the Kazakh-Chinese border.

 

 

Сондай-ақ, Құмкөл мұнайлы жерінде жұмыс атқарып жатқан «Ураган Гидрокарбон» (Канада) компаниясы да Қытайға мұнайды теміржол арқылы тасымалдамақшы. Ол қазақ-қытай шекарасындағы «Дружбадан» жүкті теміржол арқылы тасымалдаушы терминал² ашу үшін «Ураган-Достық» атты бірлескен мекеме құрды.

 

 

 loan translation¹ — аталмыш компания атауы калька тәсілі арқылы АМге көшті.

 

word-for-word transformation² — берілген сөз тіркес нөлдік трансформация арқылы беріліп отыр.

 

Despite its call on neighboring countries not to develop the Caspian Sea’s hydrocarbon reserves¹ until the sea’s legal status is defined, Russia is holding its own tender for deposits off² its shore, and plans to announce the result of the bidding³, which closed on November 1.

 

 

Көрші елдердің Каспий теңізінің гидрокарбон қорларын¹, оның заңды статусы айқындалмағанша, дамытуын тоқтатуға шақырғанына қарамастан, Ресей жағалауға салған ақшасын кері қайтару² тендрін жүргізіп отыр. Және де оның нәтижелерін Қарашаның бірінші жұлдызында жабылатын бағаны анықтауда³ мәлімдеуді көздеп отыр.

 

 

loan translation¹ — мұндағы сөз тіркес ТМнен АМге калька тәсілі арқылы көшірілді.

 

explicatory translation²³ — берілген ТМ мысалдарындағы сөздер АМге көшу барысында түсіндірме тәсілі арқылы беріліп отыр, себебі ондағы сөздердің қазақ тілінде бір сөзбен берілген аудармасы болмағандығы.

 

Russia’s LUKOIL and YUKOS, together with Amoco and other US companies, as well as France’s Elf Aquitaine¹ and Germany’s Deminex², are interested in the block³.

 

 

Ресейдің «Лукойл», «Юкос» компаниялары «Амоко» және басқа да АҚШ компанияларымен бірге Францияның «Эльф Аквитайн»¹ және Германияның «Дэминекс»² компанияларымен қатар блокқа³ қызығушылық білдіріп отыр.

 

 

transcription¹ — мұндағы компания атауы шетел тілінде болғандықтан аударылмай, дыбыстық белгілері арқылы ғана көшіп отыр.

 

transliteration²³ —  берілген сөздер еш өзгеріссіз, әріптік белгілері арқылы көшіріліп отыр.

 

 

LUKOIL’s discoveries occurred at roughly the same time that the allure of areas¹ available offshore Azerbaijan and Kazakhstan had begun to fade.

 

 

«Лукойлдың» ашқан жаңалықтары шамамен Азербайжан мен Қазақстанның қызықтырып жүрген жағалауларының құлдырай бастағандағы кезбен қатар келді.

 

 

omission¹ — мұндағы areas¹ сөзі артық болғандықтан, алынып тасталды.

 

During nine months of 1997, Azerbaijan signed six new offshore contracts, thereby significantly reducing the number of prospective offshore blocks² available for tender¹.

 

 

1997 жылдың тоғыз ай ішінде Азербайжан жаңа алты жағалаулық келісімге қол қойды, осылайша терндрға қатыса алатын келешек жағалаулық блоктардың² қатарын айтарлықтай азайтты¹.

 

 

transposition of words¹ — аударма барысында сөздер орын ауысты.

 

word-for-word translation² — берілген сөз тіркестер нөлдік трансформация арқылы берілді.

 

 

All of these factors have altered the northern Caspian’s image to the point where Moscow’s projects appear no less¹ attractive than those still available from Baku and Almaty.

 

 

Осы факторлардың барлығы дерлік солтүстік Каспийдің көзқарасын өзгертіп, Мәскеудің жобалары Баку мен Алматының қазыргі жобаларынан аз да копті болса да¹ қызықты екендігін көрсетті.

 

 

modulation¹ — мұндағы ТМгі сөздер АМге қазақ тіліндегі эквивалентіне сәйкестендіріліп беріліп отыр.

                 

Жасалған аудармаға қатысты шығарылған статистикалық көрсеткіш

Ал, қалған 1%-дың ішіне берілген аудармада ең аз қолданылған трансформациялар кіреді. Осылайша, зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде көрсетілген статистикалық көрсеткіш анықталды.

Түйін

 

          Зерттеу жұмысымыздың II тарауын түйіндей келе, біз мынадай нәтижелерге келдік. Аудармалық трансформация дегеніміз — түпнұсқадағы бірліктердің аударма бірліктеріне көрсетілген мағына көмегімен өзгертуі. Аудармалық трансформация мазмұндық және мәнерлік жоспары бар тілдік бірліктер арқылы жүзеге асатындықтан, олар түпнұсқа бірліктің мағынасы мен құрылымын өзгерте отырып формальды – семантикалық сипатқа ие болады. Аударма барысында аудармалық трансформация ТМ бірліктері мен сөздік сәйкестілік арасындағы талдау жасау құралы ретіндегі статикалық жоспарда емес, аударма тәсілі ретіндегі динамикалық жоспарда, аудармашы аудару барысында әртүрлі түпнұсқаларды сөздік сәйкестілік жоқ болғанда немесе контекст шарттары бойынша тура келмегенде қолданылады. Өзгерту барысындағы түпнұсқа ретінде қолданылатын, ТМ бірліктерінің сипатына байланысты аудармалық трансформация: лексикалық және грамматикалық болып бөлінеді. Сонымен қатар бір деңгейде түпнұсқа бірліктерінің лексикалық және грамматикалық жағынан өзгертетін немесе лексикалық бірліктерін грамматикалық бірліктеріне және керісінше өзгертетін кешенді лексико-грамматикалық трансформация бар.

Комиссаров В.Н. бойынша жалпы трансформациялар 3 топқа бөлінетіндігі көрсетілді: лексикалық (lexical); грамматикалық (grammatical); лексико-грамматикалық (lexica-grammatical); Және де аударма барысында әртүрлі ТМ және АМ көмегімен қолданылатын басты лексикалық трансформацияларға мынадай аудармалық тәсілдер: транскрибтеу (translational transcription); транслитерациялау (transliteration) ; нақтылау (specification); жалпылау (generalization); модуляция (modulation);

Ал кең таралған грамматикалық трансформацияларға мына тәсілдерге: сөзбе-сөз аудару (word-for-word translation); сөйлемдерді бөлу (partitioning of sentences); сөйлемдерді біріктіру (integration of sentences); грамматикалық ауыстыру (grammatical substitution), (сөз құрылымы, сөз таптары, сөйлем мүшесі) кіретіндігі, сондай-ақ  лексико-грамматикалық трансформацияларға: антонимдік аударма (antonymous translation); экспликация (суреттік аударма); компенсация (compensation) тәсілдері кіретіндігі көрсетілді.

Аудармашы ағылшынша мәтіннің адекватты аудармасын алу үшін ағылшынша сөйлем құрылымының грамматикалық мағынасын есепке алуы тиіс. Ағылшын тілі грамматикасының формасы мен құрылымының мағынасы дұрыс аударылмаса, түпнұсқа мәтіннің мағынасының бұрмалануына әкеліп соғады. Аударма тәжірибесінде бір уақытта грамматика ерекшеліктері мен лексика мағыналарын есепке алып отыру керек.

          Барлық уақытта ағылшын тіліндегі сөйлемдер аударманың сөзбе-сөз тәсілімен берілмейді. Мәтінді ағылшын тілінен аудару барысында көбінесе сөйлем құрылымын өзгертуге (сөз тәртібін, екі жай сөйлемді біріктіру немесе күрделі сөйлемнен жай сөйлем жасау) тура келеді.

          Сонымен қатар техникалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында лексикалық және грамматикалық трансформациялардың жиі қолданылатынына көз жеткіздік. Соның ішінде транскрибтеу, транслитерациялау, нақтылау, жалпылау, модуляция, сөзбе-сөз аудару, сөйлемдерді бөлу, сөйлемдерді біріктіру, грамматикалық ауыстыру (сөз құрылымы, сөз таптары, сөйлем мүшесі).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

          Елімізде тәуелсіздігін алғалы бері, ғалымдарымыз, лингвистер мен аудармашыларымыздың әрбір салаға қатысты аударманың адекватты жүргізілуін тырысып бағуда. Алайда, қазіргі таңда елімізде бұл мәселе бүгін-ертең аяқтала қоятын, аз уақыттың еншісіндегі процесс емес екендігі анық. Сондықтан Қазақстан Республикасының экономикасының алға бастырып келе жатқан өндірістік саласының дамуы, ондағы көрсетілетін қызметтер мен атқарылатын жұмыстардың, жазба не ауызша болсын аударманың барлығы дерлік мемлекеттік тілге көшуі тиіс. Қазірде, экономика, техника, автоматтандыру салалары секілді аударма ісі де аздап қазақшаланып келеді. Жалпы аударма араласпайтын, аударма қатыспайтын мәдени өмірдің бірде-бір саласы жоқ. Аударма деген сөздің ауқымы кең. Аударма осы заманның өз мұқтаждығына сай туған өнер болып табылады. Сол себепті мен осы тақырыпты таңдадым.

          Зерттеу жұмысымызда, біз алдымен мәтін дегеніміз не, оның түрлері, классификациясы, оның ішінде нақты алып отырғанымыз техникалық мәтін жайында және олардың аудару ерекшеліктері, мұнай және газ саласындағы ағылшын тіліндегі мәтіндердің мемлекеттік тілге аудару ерекшеліктері жайында толық және сатыланған мағлұмат бердік. Оның ішінде, техникалық әдебиет аудармасымен жұмыс істей отырып, жүйелі-адекватты аударма алу үшін,  алдымен жалпы жазбаша аударманың құрамдас бөлігі болып табылатын мәтін түсінігін – жоғарғы тәртіптелген бірлік, ақпараттық, құрылымдық және коммуникативтік мағынасында байланыстылық, біртұтастық қызметке ие жазба түрінде берілген шығарма деп алдық. Берілген тілдің техникалық әдебиетінің жалпы және арнайы ерекшеліктеріне, кез келген техникалық мәтін басқаларын көмекші белгілік жүйенің көптігімен өзгешеленетіндігіне, техникалық материалдардың лексико-грамматикалық ерекшеліктеріне, оның ішінде терминдер мен арнайы лексикаға, берілген мәліметтің ақпараттылығы (мазмұндылығы), қисындылығы (қатаң жүйелілік, басқы ой мен бөліктерінің арасындағы байланыс), дәлдік және дұрыстық және осы ерекшеліктерден шығатын айқындық пен түсініктілігіне көңіл бөлдік. Оның ішінде терминді – ғылым немесе техникалық белгілі саласында мамандар пайдаланатын арнайы объекті мен мағынаны білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін екенін айқындадық.  Және терминдер арқылы нақты объектілер мен құбылыстарға нақты және дәл нұсқау көрсетуді қамтамасыз ету, мамандардың берген ақпаратына бір мағыналы түсініктеме орнатуға болатындығына мысалдар арқылы көз жеткіздік. Сондықтан да осы техникалық мәтіндерге қатысты сөздерге ерекше талап қойылатындығын, барлығынан бұрын термин дәл болуы керектігін, яғни берілген ғылым және техника саласындағы терминнің орнын табатын, қисынды анықтау арқылы мағынасын ашатын қатаң белгілі бір мағынаға ие болатынын ашып көрсеттік. Техникалық мәтіндер жайында сараптай келе, біз техникалық мәтіннің комуникативті мақсаты – осы білім саласындағы жаңа мағлұматты хабарлау және ол тек түпнұсқа мен аудармаға жалпы болып табылатын базалық биіктіліктің жоғары деңгейінде ғана жүзеге асырыладындығын анықтадық. Сол себепті техникалық мәтін бұл саладан хабарсыз адамдарға түсініксіз болуы айқын талданып көрсетілді. Техникалық аудармада басқа тілдегі техникалық ақпаратты дәлме-дәл берілуін қамтамасыз ету керектігі, ондағы стильдік ерекшеліктерді аудару қосымша мағынаға иелендіретіні айқын көрінді. Және аударма процесіне сәйкес, техникалық аудармада стандартты немесе нормалық қолданбалы терминология болуы тиіс, ал оның стилі аударылып жатқан тілдегі техникалық әдебиеттің нормасы және түпнұсқаның стильдік ерекшеліктеріне сай болуы керектігі берілді. Аударманың дұрыс процесін ұйымдастыру үшін ең алдымен аударылатын мәтіннің жанрын анықтау, техникалық мәтіндердің жіктелуі мен аудармасын зерттеу оның алғашқы нысаны. Техникалық мәтінің классификациясы, олардың ерекшелігі оған тек техникалық мәтіндер ғана емес, осы саладағы ресми-іскерлік және аралас стильді мәтіндер сияқты басқа да мәтіндердің жататындығы көрсетілді. Нәтижесінде: техникалық мәтіндер – техникалық және ақпаратты болып бөлінеді. Техникалық мәтіндерге өндірістік – техникалық (техникалық құралдардың, өндіріс және технологияның тәсілдері, өндірісті ұйымдастыру мен эксплуатация тәжірибесін сипаттау) мәтіндері кіретіндігі анықталды. Ал аудармалық трансформацияларға келетін болсақ, аударма барысында аудармалық трансформация ТМ бірліктері мен сөздік сәйкестілік арасындағы талдау жасау құралы ретіндегі статикалық жоспарда емес, аударма тәсілі ретіндегі динамикалық жоспарда, аудармашы аудару барысында әртүрлі түпнұсқаларды сөздік сәйкестілік жоқ болғанда немесе контекст шарттары бойынша тура келмегенде қолданылатындығын мысалдарымызда көрсеттік. Осылайша, мен техникалық мәтіндердің аудару ерекшеліктерін зерттей келе, оны практикалық мысалдарда дәлелдеп, талдау жасадым.

Жалпы қай сала болмасын, оның ішінде мұнай-газ саласы еліміздің экономикасын дамытуда, оның тұрақты қалыптасуына өз зор ықпалын тигізуде. Осыған орай, бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан саяси әлеуметтік және экономикалық өзгерістер мұнай-газ саласына жаңаша қарауды, оның бағыттарында қол жеткен жаңа табыстарымызды сын көзбен саралай отырып бағалауды, білім беру жүйесінде ғылым мен тәжірибеде жинақталған бай психологиялық, әдістемелік мұраны зерттеп, талдауды және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен енгізуді талап етеді, Сондай-ақ мәдениетаралық қарым-қатынаста технологияның дамуы, тілдегі лексикалық қордың өзгеруіне себеп болуы, жаңа терминдердің пайда болуы және олардың басқа шетел тілдерінен мемлекеттік тілімізге аудару мәселесі лингвистер мен аудармашылардың назарын аударуда. Зерттеу жұмысымызды қорыта келе, мен өзім секілді болашақ аудармашыларға маңызды болған арнайы мәтіндер тек ақпарат беру көзі ғана емес, тілдегі сөздік қорын жаңа сөздермен кеңейту, аударма жұмыстарында біліктілігімізді жоғарылату, ары қарай бұл салада тәжірибе жинау секілді жоспарларымызды жүзеге асыруға көмектеседі деп нық сенемін.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Гальперин И.Р. «Текст как объект лингвистического исследования», М:1981
  2. Тураева З.Я. «Лингвистика текста», учебное пособие для пед.инс., М., «Просвещение», 1986
  3. Гак.В.Г./Проблемы лексико-грамматической организации предложения/(Док.дис.) – М., 1968
  4. Ахманова О.С. «Словарь лингвистических терминов», М., Советская энциклопедия, 1966
  5. Танабаева З.К. «Языковые средства выражения смысловой структуры текста», дис.на соиск.учеб.степ. д.ф.н., М., 1979
  6. Петрова О. В./ Введение в теорию и практику перевода – М., 2006.
  7. И.С.Алексеева/Профессиональный тренинг переводчика/Уч.пособие – Санкт-Петербург, Союз, 2003
  8. В.Н.Комиссаров/Теория перевода/Москва: Высшая школа,1990
  9. Әсілжанов С. Қазақ терминологиясы: теория және тәжірибе (оқу құралы) – Астана, 2005.
  10. Сулейменова Э.Д. «Тіл білімі сөздігі», А. «Ғылым», 1998
  11. Мұсабаев Ғ. Тағы да термин туралы// Қазақ әдебиеті, 1956.
  12. Гальперин И.Р. «Текст как объект лингвистического исследования», М:1981
  13. Қалиұлы Б. Қазақтың төл терминологиясы қашан жасалады?// Ана тілі, 17.09.92
  14. Құлмұхаммед М. Термин жайында // Егемен Қазақстан. 2006.№10
  15. Комиссаров В.Н., Коралова А.Л./ Практикум по переводу с английского на русский., М., 1990
  16. Ю.В.Ванников, Кудряшов М.М, Марчук Ю.Н/Научно-технический перевод/Москва: Всесоюзный Центр Переводов,1987
  17. И.П.Смирнов/Основы научно-технического перевода/ — Москва, ВЦП,
  18. В.Н.Комиссаров/Слово о переводе/М., 1973
  19. Р.К.Миньяр-Белоручев/Как стать переводчиком/ — Москва, «Готика», 1999
  20. «Аль-Пари» журналы, №2 басылым «Нефтяной сектор Казахстана», 1998 жыл.
  21. Н.Комиссаров/Теория перевода/Москва: Высшая школа,1990
  22. Л.Н.Ерохина, Р.З.Загидуллин, Р.Ш.Амраев, А.А.Байсекеева/Практикум п информативному переводу/Алматы,
  23. “Russian Petroleum Investor” журналы, 1997-1998.
  24. “Oil Watch” журналы, 1999 жыл, №23  басылымы.
  25. Аударма ойшықтары/Ақ жол – 2007, 15.09, 4 бет
  26. Абенова Л./«Аударма және көркемдік ізденіс»/Шығыстану сериясы, 2003
  27. Ахметжанова Ф.Р., Қасенов Р.Е./«Термин және аударма іс-әрекеті өзімпаздылығы», 2001
  28. Алшымбаев/«Мұнайлы өлкенің болашағы зор»/Президент және Халық, 2005, 3 бет
  29. Ахметжанқызы Л./«Экономиканы өркендететін мұнай мен газ қоры»/2003, 16бет
  30. Жас қазақ үні/«Мұнай саласының дамуы мен өндірісі»,2005, 15-21 шілде, 9бет
  31. Байғабылұлы/«Мұнай мұнары: Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы жетістіктер мен келеңсіздіктер», 2007
  32. Құрманов С./«Қазақ мұнайының шежіресі», энциклопедия, 4бет
  33. <http: // www.librarytranslation.com>
  34. <http:// www.Multitran.com
  35. Кеңесбаев І./ Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі – А., 2007.
  36. Ахметова С.Г., Тұрсынбаева Ж.Б., Ысқақова Ж.Ы., Ярова Е.Ф./ Ағылшынша — қазақша сөздік: 20000 сөз – Алматы, 2006.
  37. Ахметов С.Г. / Ағылшынша-қазақша сөздік, Алматы, 2004.
  38. Қазақша-орысша, орысша-қазақша оқушыларға, студенттерге арналған сөздік, Алматы, Аруна, 2002.
  39. Қазақ ССР ҒА-ң Тіл білімі институты «Орысша-қазақша сөздік: 2 том» 65000 сөз – Алматы, 1978.
  40. Қалдыбай Бектайұлы «Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік», Алтын қазына, 2006.
  41. sozdik.kz қазақша-орысша, орысша-қазақша онлайн сөздік.
  42. tilmash.kz қазақша-орысша, орысша-қазақша онлайн сөздік.