Дмитрий Малахов Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігін басқаратын болды

Дмитрий Малахов Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда таратқан ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

“Мемлекет басшысының жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген сейсенбіде тараған ақпаратта.


Малахов 2023 жылдың қазан айынан бері қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары, оған дейін, 2022 жылдың наурыз айынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары болған. Ал одан бұрын 2020 жылдың қыркүйегінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – президенттің күзет қызметі бастығын тағайындаған еді.