“Домбыраны қорлады”. Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Flyarystan қызметкерлеріне ренішін білдірді

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай әуежайда Flyarystan қызметкерлері домбыраны ұшаққа кіргізбей, өзін жұлқылағанын айтып, көз жасына ерік берді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Flyarystan компаниясының қызметкерлері “домбыраны ұшаққа кіргізбейсің” деп елдің көзінше мені, сосын домбырамды жұлқылады. Мені жұлқылаған екі қыз маған әлі келмеген соң, күзетті шақырды. Ол қыздардың жағама жабысқанына қарамай домбырамды Астанаға өзіммен бірге ұшақпен алып келдім!

Маған “бұл компания кімдікі екенін білесің бе?” деді. Маған кімдікі болса да бәрібір. Халыққа қызмет ету керек.

Әбден есіріп,елдің құқығын таптап ақшасын жеп жатқан осы компанияға тоқтау салатын біреу бар ма?!”, — деді ақын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aisholpan.Tleytai (@tleutai.aisholpan)