«Дұрыс — үйрену керек»: Бектенов вице-министрдің қазақ тіліндегі баяндамасына оң баға берді

Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысы кезінде вице-премьер-министрліктің жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкиннің қазақ тілінде жасаған баяндамасын оң бағалады, деп хабарлайды altyn-orda.kz.
Коняшкин көлік-транзит саласына цифрлық шешімдерді енгізу туралы есеп берді. Мінберге көтерілген ол баяндаманы толықтай мемлекеттік тілде жасап, Үкімет басшысының оң пікірін алды.
«Жақсы. Қазақша баяндадыңыз. Дұрыс — үйрену керек», — деді Бектенов.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде көлік және транзит саласындағы 38 мемлекеттік қызметтің барлығы онлайн қолжетімді. 2024 жылы олардың 94%-ы электронды форматта көрсетілген. Бұл, Коняшкин атап өткендей, цифрлық сервистердің азаматтар мен бизнес үшін ыңғайлылығын дәлелдейді.
Бұл — ИИ министрлігі өкілдерінің қазақ тілін қолданғаны үшін премьер тарапынан алғаш мақтау естіуі емес. Ақпанда Бектенов сол кезде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болған (қазіргі — жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі) Дмитрий Мунды мемлекеттік тілде баяндама әзірлеу жөніндегі уәдесін орындағаны үшін мақтап, оны «өз сөзінле тұратын адам » деп атаған болатын.










