“Екі миллионға алданған апам-ай“. Ләйлә Сұлтанқызы алдаудың жаңа түрі туралы хабарлады

Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы алаяқтарға алданып қалған танысы туралы айтып берді, — деп хабарлайды Altyn-orda.kz       Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып .

«2 миллионға алданған апам-ай. Бұл — алдаудың жаңарған ескі түрі. Таныс апам бала-шағасына айтпай, 1 жыл көлемінде бір компанияға арасында 70 000-150 000-200 000-дап ақша салып жүріпті. «Үй ұтып алу мүмкіндігі бар» деп арбаған. Взамен нешетүрлі кішкентай (үтік, ыдыс-аяқ) тауарлар алыпты. Осыдан шамамен 2 апта бұрын әлгі компанияның өкілі хабарласып, «сіз үй ұтып алдыңыз» деп, ремонты мықты 4 бөлмелі үйдің видеосын жіберген ғой. «Әй, осыған дейін қайда болдыңдар?» десе, «Компанияның бастығы өліп қалып, банкрот болды. Соны жаңа бастық сатып алып, розыгрышты қайта жасап жатыр» депті. Ой, бұл бергі жағы. Бір кезде не аты, не заты жоқ ауызекі тілде жазылған «договор» жіберген. Ол жерде әлгі квартира 70 000 000 тұратыны, 10% налог төлеу керектігі, ол налогты компания өзі төлейді, тек 232450 тг жетпей тұрғаны жазылған. Оны ұтып алған адам төлеу керек екен», — деп әлеуметтік желідегі парақшасында оқиғаны бастан-аяқ баяндап берді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

 

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, апа балаларының айтқан сөзін тыңдамай, барлығы 2 миллион теңгеден асатын қаражатын алаяқтарға аударыпты.   

«Апа балаларының «өтірік» деген сөзін тыңдамай, тағы ақша аударды. Бір жағынан ол кісіні де түсінуге болады. Жасы 76 да, біреу хабарласып, «апа, үй ұттыңыз. Астанаға келесіз, билетін өзіміз алып береміз» деп әбден іші-бауырына кірген. Оның үстіне менеджердің аты Ислам болса… Енді не үй, не ақша жоқ. Бірақ, апа әлі сенеді. Ауылда бәріміздің аға-жеңге, апа-жезде, ата-әжеміз бар ғой. Бір хабарласып, қал сұрап қойсаңыздар екен. Бұл оқиғамен де бөлісейік. Біреудің ақшасы қалтасында қалар бәлкім…», — деп ескерту жасады журналист. 

Еске салайық, соңғы уақытта алаяқтар түрлі тәсілмен ақша табатын болған. Бұған дейін музыкант Бағжан Октябрь де алаяқтарға алданып қалғанын айтқан болатын.