Екібастұзда балалар үйінің тәрбиенушілері мен перзентханадағылар эвакуацияланады

Екібастұзда жылу электр орталығындағы апат салдарынан әлеуметтік нысандарда ауа температурасы төмендеген. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Instagram парақшасында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен перзентханадағылар эвакуацияланатынын айтты

Sputnik Қазақстан мәліметінше, өңір басшысы әлеуметтік нысандарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты балалар үйінің тәрбиеленушілері мен перзентханадағыларды эвакуциялау туралы шешім қабылдаған. «Қазір апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда оның салдарын жою уақыт алады. Сондықтан сақтық шараларын жасап, балаларды Павлодарға эвакуациялаймыз. Ол үшін жылы автобус бөлінді, екі сағаттан кейін осында болады», — деді Әбілқайыр Сқақов.

Сонымен қатар өмірлік қиын жағдайда қалған тұрғындарға арналған орталықтағылар да эвакуацияланатын болады. Облыстың бас дәрігері Айдар Сейтказиновтың айтуынша, перзентханада қазір 28 босанушы бар.

Бір әйел босану үшін Павлодарға жөнелтілді. Қалған босанушыларды эвакуациялау үшін де көлік даярланып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Екібастұз тұрғындарының жылусыз қалғанын хабарлаған болатынбыз. 

\

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Әбілқайыр Сқақов (@skakov_abylkair)