Ел болашағы ушін жауапкершілік – Негізгі ұстаным

Жалпыхалықтық референдум кезінде қазақстандықтар қолдаған өзгерістер партия, сайлау, сот-құқықтық жүйелеріндегі түбегейлі жаңғыртуларға бастады. Осы мәселелер туралы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында «Светланд ойл» ЖШС ұжымымен өткен кездесуде атап өткен AMANAT партиясының облыстық сайлауалды штабының бір топ мүшелері сайлауға қатысты жаңашылдықтарды кеңінен таныстырды.

Бірмандаттық жүйе, партиялық тізім бойынша сайлауға түсу тәртіптерін атап өткен депутаттыққа кандидаттар партияның «Халықпен бірге!» бағдарламасының негізгі тарауларына тоқталды.

Атырау облысы үшін маңызды саналатын экология тақырыбы, соның ішінде Жайық өзенінің су қорын молайту, аймақтағы өзге де су көздерінің түп тереңдету жұмыстары партияның алдағы 5 жыл ішінде атқаратын іс-шаралары қатарына енгізілген.

Сонымен қатар, жұмыссыздықпен күрес, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатындағы шаралар, білім, денсаулық саласына қатысты оңды өзгерістер де үміткерлер назарынан тыс қалмай, еңбек ұжымына кеңінен жария етілді.

«AMANAT партиясы сайлауға үлкен сеніммен, ел болашағы үшін жауапкершілікпен барады. Бізде аймақтың проблемаларына нақты көзқарас, мұқият ойластырылған іс-қимыл жоспары және облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға деген ұмтылыс бар» деген партия атынан сайлауға қатысатын кандидаттар еңбек ұжымының ұсыныс, сауалдарын да қаперге алды.

 

 

AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді