Елдің мал жаятын 40 мың гектар жері Құлыбаевтың қол астында (ВИДЕО)

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсенбинов Тимур Құлыбаевқа тиесілі жерлер елге қайтарылсын деп талап қойды, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы. 

«Целиноград ауданында «Золотой Фазан» деген жер бар. Қоянды ауылының мал бағатын жері Құлыбаевтың жері. Бәленбай мың гектар жер. Не істейсіңдер? Баяндамаға жасаған Министр неге сол жерді елге алып бермейді. Елдің мал жаятын 40 мың гектар жері Құлыбаевтың қол астында», — деді Мәжіліс депутаты журналистерге.