Елімізде мемлекеттік балабақшалар толығымен қазақ тіліне көшірілуі мүмкін

Елімізде барлық мемлекеттік балабақшада оқу-тәрбие тек қазақ тілінде берілуі мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің мәліметінше, бүгінде елімізде 11 мыңнан астам балабақша бар. Оның жартысы – мемлекеттік мектепке дейінгі білім беретін мекемелер. «Біз қазақ тілді балабақшаға сұраныстың артып жатқанын байқап отырмыз.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім департаменті барлық мемлекеттік балабақшаны қазақ тілінде тәрбие беруге көшіру жағын қарастырып жатыр. Бүгінде департамент қанша балабақша барын, оның қаншасы қазақ тілінде екендігін нақтылап жатыр», – деді Ғани Бейсембаев үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.