Елімізде түріктің дрондары сынақтан өткізілуде

Қазақстанда әскерилер Anka түрік дрондарын сынақтан өткізуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды
Сынақ сәтті өткен жағдайда Anka ұшқышсыз кешені әскер қатарына қабылданады.
«Тесттік ұшулар – қабылдау кезеңдерінің бірі. Кешенді тәжірибелік әскери пайдалану 2023 жылдың тамыз айында жоспарланып, 2024 жылдың наурыз айының ортасына дейін жалғасады», – деді ҰҰА жауынгерлік дайындық және жауынгерлік қолдану оқу орталығының басшысы Шохан Мұсабеков.
