Ердоған Тоқаевты Анкара әуежайында қарсы алды

28 шілде, дүйсенбі күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Түркия астанасы Анкара қаласына келді. Мемлекет басшысын Анкарадағы Эсенбоға халықаралық әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның өзі қарсы алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент құрметіне ұшақ трапында құрметті қарауыл сап түзеді.
Сапар барысында Қазақстан мен Түркия президенттері екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.
Айта кетейік, Қазақстан Түркиямен визасыз режимді кеңейтіп жатыр. Енді Түркия азаматтары Қазақстанда визасыз 90 күнге дейін бола алады. Бұл өзгерістер Қазақстан Ішкі істер министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысына енгізілген тиісті түзетулермен бекіті
